Біріккен кәсіпкерлік


1 Бөлім. Біріккен кәсіпкерліктің түрлері
1. 1 Операциялардың бірігіп орындалуы
Бухгалетрлік Есеп Стандартының мақсатындағы біріккен кәсіпкерлік қатысуында азаматтық құқұқтық келісіміндегі мекеменің қатысуын, жай серіктестік келісіміндегі немесе басқа да біріккен кәсіпкерлік туралы келісімдерін түсінуге болады.
Бухгалтерлік Есеп Стандарты экономикалық пайда табудың әдістерінің түріне қарай біріккен кәсіпкерліктің үш түрлерін бөледі:
1) операциялардың бірігіп орындалуы
2) активтердің бірігіп қолданылуы
- қызметтің бірігіп орындалуы (жай серіктестік келісімшарты бойынша)
Біріккен кәсіпкерліктің барлық формаларына бухгалтерлік есеп жүргізудің өз тәртібі және қаржылай есеп берудегі мәліметтің ашылуы көрсетілген. Олардың бір бірінен айырмашылығы келесі кестеде көрсетілген:
Біріккен кәсіпкерлік келісімшартының бухгалтерлік есебіндегі үш типтердің бір бірінен өзара айырмашылығы
Кесте №1
№
№
Негізгі мінездемелер
Операциялардың бірігіп орындалуы
Активтердің бірігіп қолданылуы
Біріккен кәсіпкерлік
1
1
2
2
Салымның жузеге асырылуы
3
3
4
4
6
6
7
7
8
8
Біріккен кәсіпкерліктің барлық формаларына келесі мінездемелер қатысты:
- біріккен кәсіпкерліктің екі немесе одан да көп жақтары сәйкес келетін келісіммен байланысады;
- осы келісім біріккен бақылауды бекітеді;
-заңды тұлға құрылмай-ақ орындала алады.
Айтқанды ескере отырып, осындай келісімді құрастырар алдында негізгі критерийлер тек келісімнің заң жағынан тазалығы ғана емес, сонымен қатар салық нәтижелері, мекеменің кәсіпкерлік қаупі де болуы керек.
Бухгалтерлік Есеп Стандартында нақты бухгалтерлік жазбалар келтірілмегендіктен және операциялардың бірігіп орындалуында және активтердің бірігіп қолданылуындағы бухгалтерлік есеп жалпы түрде жазылғандықтан, біріккен кәсіпкерліктің үш түріне мүмкін болатын есеп нұсқаларын көрсетейік.
1. 2. Операциялардың бірігіп орындалуының бухгалтерлік есебі
Операциялардың бірігіп орындалуында:
1) жеке баланс құрылмайды;
2) қатысушының салымы бухгалтерлік есепте сәйкес шоттарында ескеріледі және қаржылық енгізудің құрамына аударылмайды;
3) операциялардың бірігіп орындалуына қатысты активтер мен міндеттемелердің, табыстар мен шығыстардың есебі қатысушымен жүргізіледі;
4) операциялардың бірігіп орындалуы бойынша міндеттемелер мен активтер, табыстар мен шығыстар келісімшарттың әр қатысушысына қатысты жеке үлес түрінде ескеріледі. Ол үшін табыстар, шығыстар, міндеттемелер мен активтердің синтетикалық шоттарына қатысты аналитикалық шоттар құрылады;
5) біріккен өндірістік процестің соңғы этапын орындайтын қатысушы келісімшарттың басқа қатысушыларына арналған өнімнің үлесін баланстан шығарып ескереді.
Операциялардың бірігіп орындалуының өндірістің соңғы этапынан кейін қатысушылар:
- өндірістің барлық стадиясынан өткен өндірілген өнімнің барлығын өздерінің араларында натуралды түрде тарата алады;
- өндірістің соңғы этапын орындаған қатысушыға өндірілген өнімнің реализациясын жасауға тапсыра алады.
Қорытынды кезеңді орындамайтын қатысушының есебі
Аналитикалық есептің ұйымдастырылуы
Әр қатысушының бірлескен процесіне қатысты міндеттемелердің, активтердің аналитикалық жекелеген есебінің қалай ұйымдастырылуын анықтау қажет.
Бухгалтерлік Есеп Стандартында көрсетілгендей, осы келісімшарттың қатысушысының салымы бухгалтерлік есепте сәйкесті шоттарды ескеріле береді және қаржылық салымының құрамына аударылмайды. Сонымен қатар, бірлесіп орындалатын операциялар бойынша табыстар, шығыстар, міндеттемелер мен активтер әр келісімшарттың қатысушысына қатысты жекелеген үлесте ескерілетіні, аналитикалық есепте табыстар, шығыстар, міндеттемелер мен активтердің синтетикалық шоттар есебіне сәйкесті ескерілетіні осы пункте талап етіледі.
Бухгалтерлік Есеп Стандартында активтер мен міндеттемелердің жекелеп ескерілуі және аналитикалық есепті қалай ұйымдастырылуы туралы толық көрсетілмеген.
Жекелеген есеп үшін қатысушының жұмыс жоспар шоттарында синтетикалық шоттарға сәйкес аналитикалық субшоттарды қарастыруға болады. Мысалы, «Негізгі құралдар» 2410 шоттарына келесі шоттар ашылуы мүмкін:
- «Дербес қызметте қатысатын Негізгі құралдар» субшот 1
- «Бірлескен операцияға қатысатын Негізгі құралдар» субшот 2
Негізгі құралдардың бір жағдайдан басқасына аударылуы бухгалтерлік жазбаларда келесідей көрсетіледі:
Шаруашылық операция атауы
Шот корреспонденциясы
Дт
Кт
Біріккен операцияларда қатысатын негізгі құралдардың объектілерінің құны көрсетілді
2410 субшот 1 «Біріккен операцияларға қатысатын негізгі құралдар»
Сонымен қатар, бөлек субшоттарда басқа да активтер де ескеріле алады: материалдар, материалды емес активтер, кредиторлық қарыздар және т. б.
Аналитикалық есеп карточкасы, кесте, аналитикалық мәлімет бар кез келген регистр аналитикалық есептің регистрі бола алады.
Аналитикалық есептің тәртібі мекеменің аналитикалық саясатында бекітіледі. Мекеменің жұмыс жоспары шоттарындағы субшоттардан бас тартқанда аналитикалық есеп регистрларының формаларын құру керек және оларды есеп саясатына қосымша түрде бекіту керек.
Соңғы өнімді таратудағы есебі
Бухгалтерлік Есеп Стандартының қорытындысы бойынша әр қатысушыға келесі бухгалтерлік жазбалар ұсынылады:
Дт
Қорытынды кезеңді орындамайтын серіктестіктің есебіндегі біріккен процестің барлық кезеңі аяқталғаннан соң дайын өнімді бөлуге дейін шығындар аяқталмаған өндірісте ескеріледі. Өнімді бөлгеннен кейін оның қатысушыға тиесілі бөлігі келесі балансқа кірістелу керек:
Дт
... жалғасыКезеңді өзі орындаған қатысушыға өндірістің өзіндік құнына дайын өнім кірістеле алады. Яғни, әр қатысушыға қатысты өнімнің тиесілі үлесінің баланстық құны 8010 шоттағы кезеңде көрсетілген өндіріске серіктестіктің кеткен шығынына тең болады.
Содан кейін сатудың есеп шоттарындағы шығуы көрсетіледі.
Есептің ерекшелігі тек жалпы процесс аяқталғаннан соң қатысушының алатын дайын өнімнің факті түрдегі өзіндік құнының анықтамасында болады.
Тиесілі табыстың есебі
Өндірістің қорытынды кезеңін орындамайтын қатысушыда операциялар көрініс тапқанда, екі күрделі кезеңге көңіл аудару керек.
Біріншіден, өндірістің қорытынды кезеңіндегі дайын өнімнің шығарылуына дейін бір процесске қатысушыдан екіншісіне ары қарай өндеу үшін материалдық активтерді (шалафабрикаттар және т. б. ) тапсыруы болу керек, және осы тапсыруды қалайда болса топтастыру керек.
Бұдан шығатыны, шалафабрикаттар мен содан кейінгі шығарылған өнімдер жай серіктестік келісімшартындағы қатысушылардың бірлескен мүлігі және де ортақ үлестік меншігі болып табылады. Демек, келісімшарттың бір қатысушысынан шалафабрикаттың басқасына тапсыруы олардың таратылуы (сатудың) болып табылмайды.
Шалафабрикаттар, құрастырмалы бөлшектер, басқа да жиынтықтардың өндірісінің есебі үшін және оларды ары қарай келесі қатысушыға тапсыру үшін мекеме өзінің есеп саясатында қолданылатын сәйкесті субшоттармен 8020 шотын «Өзінің өндірісіндегі шалафабрикаттар» қарастыра алады. Немесе, өзінің қорытынды кезеңін аяқтап, келесі қатысушыға олардың тапсырылуын 8010 шотындағы «Негізгі өндіріс» субшотында ескеріле алады. Соңғы жағдайда шалафабрикаттардың тапсырылуын бухгалтерлік жазбада келесідей көрініс табады:
Дт - 1311 субшот «Жай серіктестіктің басқа қатысушыларына тапсырылған шалафабрикаттар»
Кт - 1311 субшот «Жай серіктестіктің келісімшарты бойынша орындалған шалафабрикаттар»
Мұндай тапсырысты серіктестіктің біріккен басқарылу есебін құрып, тек оперативті есепте ескеруге болады. Өзініздің тандауынызды мекеменің есепті саясатында белгілеп қойған жөн.
Кейбір авторлар осы жазбаны қодануға болады деп ойлайды:
Дт - 3310
Кт - 1320
Бірақ автордың ойынша, мұндай жазбада аяқталмаған өндірістің қалдықтарының мағынасы жоғалады, және бухгалтерлік есепте ол келесі қатысушының дебиторлық берешегіне айналады. Бұл жазба келесі қатысушының жауапкершілігінде қалған шалафабрикаттар бөліміндегі қарыз сомасын көрсете алады, сонымен қатар оның сомасымен сәйкес келмеуі де мүмкін.
Бірақ қатысушылардың балансы тепе-тең болуы керек, ал алдыңғы қатысушының алдында бухгалтерлік баланста осы шығындарды өшіруіндегі келесі қатысушының кредиторлық қарызы көрсетілмейді. Осыған байланысты, шығындарды аяқталмаған өндірісте ескеру керек.
Кейбір мамандар шығындардың көлемінің атауын бір 45 шотқа тиелген тауарлар ретінде тапсырысын қайтарып, шығарылған дайын өнім ретінде көрсетуге болады деп есептемейді.
Өндірістің қорытынды кезеңінде орындайтын қатысушы барлық соңғы өнімді таратумен айналысқан жағдайда біріккен процесс қатысушына тиесілі табысты қалай көрсету керек деген сұрақ пайда болады.
Операциялар бірігіп орындалғанда жекеленген баланс құрылмайды. Біріккен процестің басқа да қатысушыларының табыстарын сатушы олардың алдында міндеттеме ретінде көрсету керек.
Өндірістік процестің соңғы кезеңін орындайтын қатысушының есебі
Өндірістің қорытынды кезеңін орындайтын қатысушыға бухгалтерлік есепте өте үлкен жауапкершілік жатады. Ол әр қатысушының үлесін қорытынды өнімінің натуралды және құндылық көрсеткіштерімен ескеруімен байланысты болады. Бір уақытта ол осы өнімнің сатып алушыларға таратылуын жасай алады, сондықтан, осындай өнімді сатудан әр қатысушының табысының үлесінің есебін орындау қажет.
. . . соңғы өнімді бөлеміз
Қорытынды кезеңде қатысушы орындайтын біріккен процестің қатысуышыларынан тапсырылатын құрал саймандар, шала фабрикаттардың есебінің тәртібі Бухгалтерлік Есеп Стандартында көрсетілмеген.
Осы уақытта келісімшарт қатысушыларына қорытынды кезеңде орындайтын қатысушы баланстан тыс шотында шала фабрикаттар, құрылғылар мен бөлшектер қандай бағамен бағаланатынын анықтауы керек. Беріп жіберетін серіктестіктің авизосында, жазбаша жариялауында немесе накладнойында көрсетілетін құндылықтарды беріп жібергендегі дайындауға фактіленген шығындар бойынша есеп болуы мүмкін. Бірақ мұндай есеп өте қиын болғандықтан, келісімшартта келісілген баға бойынша есеп ұсынылады.
Қатысушы өзінің қорытынды кезеңде орындайтын кезең шығындарын жай тәртіпппен 8010 «Негізгі өндіріс» шотындағы бөлек субшотта есептейді.
Өндірістік процесстің қорытынды кезеңде қатысушы жүзеге асыратын келісімшарттағы басқа қатысушылардың өнімге үлесін баланстан кейін есептейтіні туралы Бухгалетрлік Есеп Стандартымен бекітілген.
Серіктеске берілетін дайын өнім қоймаға жіберілгенде, дайын өнім есептелетін баланстан тыс шот дебеттеледі де, өнім серіктеске жіберілгеннен кейін кредит бойынша осы өнім жойылады.
Қорытынды кезеңде қатысушы орындайтын өз үлесін 1310 «Дайын өнім» шотындағы «Бірлескен кәсіпкерлік» субшотының дебитінде, 8010 «Негізгі өндіріс» шотындағы «Бірлескен кәсіпкерлік» субшотының кредитінде есепке алады.
Жұмысты бірігіп орындағанда немесе қызметті бірігіп көрсеткенде баланстан тыс есеп болмайды, себебі есеп объектісі материалды емес.
. . . кірісті бөлеміз
Егер келісім бойынша қорытынды кезеңді орындайтын қатысушы ортақ өнімді, жұмысты немесе қызметті сатса, онда келісім бойынша басқа қатысушылардың кірісін ол серіктестіктердің олардың кірісінің бөлігін аудару бойынша міндеттемелер ретінде есепке алады. Ол үшін 3310 «Басқа да кредиторлар мен дебиторлармен есеп айрысу» шоты қолданылады.
Басқа қатысушылардың алдындағы кредиторлық қарыздарын дайын өнімді сатып алушыға тиеген кезде құру керек.
Өнім өткізуді орындайтын қатысушы өз кірісін жалпы тәртіпте орындайды.
Бюджетпен есеп айыруды еcеп беруші тұлға жүргізетін болғандықтан, бухгалтерлік есептегі меншікті табыс бойынша оның жауапкершілігі Салық декларациясындағы ҚҚС-та көрсетілген табыс көлемімен анықталмайды. Себебі, есеп беруші тұлға бюджет алдындағы міндеттемені өзіне тұлғалар үшін орындайды.
Осы жерде назарды өндіріске қатысушылардың бөлімшелерінің көлемі мен өнімнің сатылу ерекшелігіне аударған жөн. Егер өндірістің соңғы этапында шалафабрикат бірлігінен дайын өнім бірлігі алынатын болса, онда шығарылған өнім көлеміне сәйкес, дайын өнім көлеміне байланысты пропорцияға бөлінуі, не бөлінбеуі де мүмкін.
ҚҚС бойынша есеп айырысуда ешқашан ешқандай
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz