Рухани- адамгершілікке тәрбиелеу


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Философия және Саясаттану факультеті

Жалпы университтік жалпы және этникалық педагогика кафедрасы

Өзіндік жеке жұмыс

Тақырыбы : рухани адамгершілікке тәрбиелеу

Тексерген : Жумабекова Қ

Орындаған : Мұқанқызы Нұрзат

Алматы 2007

Рухани- адамгершілікке тәрбиелеу

Қай заман иесі болсын әлеуметтік- экономикалық жағдайына қарамастан педагогикалық қызыметті қаласа да, қаламаса да араласатыны анық. Тіпті бірге жұмыс істеген адамдарға ықпал ете алса, соның өзі де тәрбиелік мәнге ие. Сондықтан кімде кім болсын тәрбиелік қателіктер жібермеуге алдын ала дайын болуға саналы бойсынғаны жөн. Балалардың қателіктері ата- аналардың, ұстаздың және ересектердің жіберген кемшіліктері. Егер бала көңілдегідей болмай шықса, бұған оны қоршаған тәрбтешілер кінәлі екенін саналы мойындамағанынша, адами құндылық тәрбиелері межелі нәтиже бермейді. Қазіргі кезде рухани адамгершілік тәрбиесіне қатысты ғылыми- теориялық әдебиеттерді талдай, ата- аналар мен ұстаздар арасында хүргізілген нақты тәжірибелік мәтериалдарды зерделей келе, жасөспірімдерді рухани адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуде ұстаз тәрбиешілердің ықпалы басым екенін баса айтуға болады. Ендеше тәрбиені мақсатты да мазмұнды ету үшін біз ең алдымен мекткпке педагогикалық жағдай жасап алуымыз керек сиақты. Бұған тәжірибелік барыста көз жеткізіп отырған. Ал бұл жердегі айтылып отырған педагогикалық жағдай дегеніміз- бұл оқушіні жақсы ой. Жағамды мінез, пакйдалы әрекеттерге жетелеп, ұмтылыс жасайтындылық шарттары оқушылардың рухани байлығы мен әлеуметтік ахуалын қамтиды. Мұны мектепте, отбасында оқушының ақыл- ойы, жұрыс тұрысы мен мінез құлқына әсер етіп, оның бойындағы қабылеттерін дамытуға мүмкіндік туғызатын шынайы жағдайлар деуге болады. Яғни, туындаған жағдай жағымды болса, оның әсері де пайдалы әрі тиімді, ал жағымсыз болса, ол қауып қатер тудыруы мүмкін. Сондықтан оқу орындары руөани адамгершілікті қасиет- құндылықты тәрбие беру барысында ұстаздар мен ата- аналардың ықпалын арттыратын мынадай шарттарды белгілеп алғаны тиіс: мотивациялық- мақсаттылық, ғылыми әдістемелік, әлеуметтік, тұлғалық, интелектуалды- эмоциялық, танымдық шығармашылық, ақпараттық.

Бұл үшін, біріншіден, оқытуші рухани- адамгершілік тәрбиесіндегі алдына қоятын мақсатты анықтап алғаны ләзім. Педагогика ғылымының жүздеген жылдан бергі тәжірибесіне сүйенсек, баланы руөани адамгершілікті болуға тәрбиелеу өте қиын үрдіс. Себебі, қазіргі таңда рухани адамгершілік құндылығы өте қиын үрдіс. Себебі, қазіргі таңда рухани- адамгершілік қасиеттердің құндылығы төмендеп, озбырлық, арсыздық, ұятсыздық, көргенсіздік, мейірімсіздік, қатігездік, т. б. белең алып, осындай мінезі бар адамдардың жағдайы керіусінше ұяты, ары бар адамдарға қарағанда тәуір секілді болып көрінеді. Бірақ, сырттан қарағанда олардың жағдайы жақсы болғанымен, әлемді ұстап тұрған жақсылық пен жақсы адамдардың арқасына екенін олар іштей мойындамайды.

Адамның адамгершілік түйсігі- оның эмоциялық танымы мен мінезіне де байланысты болатын күрделі құбылыс. Адамгершілік қасиеттер басқа да қоғамдық таным түрлеріәмен байланысты болады. Ол, әсіресе, құқықпен тығыз байланысты. Адамгершілік тәрбиесві оқушылардың өзін- өзі дұрыс ұстауын қамтамсыз етеді. Яғни, қазіргі уақытта рухани адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру мақсатында түрлі педагогикалық теориялар мен шарттар қалыптасып отыр.

Рухани адамгершілікке тәрбиелеудің екінші шарті біртұтас педагогикалық үрдіс ретінде танымдық, жастық қарым- қатынасқа қарай, нормаларға сай жүзеге асырылуы керек. Өйткені, адамнгың танымындағы тұлғаның ар- ожданы, сезімі, жігері, дағдысы, әдеті, қоғамдық бағалы мінезінің қалыптасуы бір тұтас педагогикалық үрдіустің нәтижесві болып табылады.

Рухани адамгершілік тәрбиесінің үшінші шарті: эмоциялық сезімдер, уайым, шынайы адамгершілік қатынастар мен олардың бір- бірімен байланысы және барлық адамгершілік сезімдердің тұтас тұсінігі. Рухани- адмгершілік нормалары баланың сезімдік қабылдауының субьиективтік ынтасына байланысты қалыптасады. Ал адамдық сезім рухани- адамгершіліктің қалыптасуына әсер ететін жүйелік бастау болып саналады. Демек, рухани- адамгершілікқасиеттер адамгершілік мағынаға, мәнге ие және бұл ұғым адамгершілі шарттарына бағынышты боладыф.

Педагогтің балалардың субиективті адамгершілік ауанын көрсететін адамдық әлемін білуі- төртінші шарт. Осының барлығы рухани- адамгершілік тәрбиені терең түсінуге көмектеседі. Сыртқы және ішкі қарам- қайшылықты игеру адавмгершілік тәрбиесівнің бала өміріндегі қарама- қайшылықтарды, сұрақтарды, мәселелерді шешуге маңізі зор.

Рухани- адамгершілік тәрбиенің нәтижесі- бесінші шарт. Ол тұлғаны қоғамдық бғалы қасиетері мен сапалары, қарым- қатынасында қалаптасады. Рухани- адамгершілік тәрбие- дұрыс дағдылар мен өзін- өзі ұстау дағдыларының нормалары. Бұл ұжымдағы қарпым- қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады.

Алтыншыдан, рухани- адамгершілік тәрбие жөнінде сөз еткенде баланың ерік жігеріне, өзін- өзі бақылауші жүйенің болуына да мән береді. Ол оның белсенді өмірінде, сөзбен іс бірлігінде, өмірдің қиын тұстарында өз тұжырымына адал қалуына әсер етеді.

Жетінші, рухани- адамгершілік тәрбиесінде баланың өзін- өзі тәрбиелеуі мен өзіндік іс- әрекеті болса, онда ол жақсы көмек.

Мектептегі, ұжымдағы, отбасындағы рухани- адамгершілік тәрбие баланың Отанға деген махаббатын, еңбекке деген қызығуын, т. б. нәрселерге қатынасын қалыптастырады. Оның нәтижесі жеке тұлғалылық, адамға деген көңіл бөлушіулік, өзіне деген талаптылықтан көрінеді.

Рухани- адамгершілік тәрбиедегі педагогикалық шарттардың және бірі- кешенділік. Бұл педагогикалық урдісте оқушының дүниетанымымен, мінез- құлқының бағалы негіздемен, оқуға, еңбекке, табиғатқа, өз- өзіне, басқа адмдарағап қатынасымен байланысты жүргізілетін рухани тәрбиелік шарт.

Оқу- тәрбеие жұмыстарының өмірмен тығыз байланыста жүргізілуі рухани- адамгершіәлік тәрбиенің негізгішарттарының бірі. Педагогика балаларды тек өмірге ғана дайындамайды, сонымен қатар жәңа нәрселерді дұрыс қабылдап, ескірген нәрселерме нкүресувге, өз- өзін жетілдіруге де дайындайды.

Ал біртұтастық және интелектуалдық- эмоциялық шарттар баланың рухани және физикалық мүмкіндіктереін дамыту ақсатында жүзеге асырылады. өйткекні, балалардың ұжымдық ортада өзін- өзі ұстауына қатысты педагогикалық үрдісті адамгершілік тәрбиесінің орны ерекше. Бұл баланы қоғамдық ортада өзін- өзі қалай ұстау керектігіне үйретеді. Ұжымдық қарым қатынас дағдларын: ұстамдылық, бақылыау, талаптылық т. б. осы шарттың ішінде қарастырылады.

Балаларндың шығармашылық қабылетын дамытуда рухани- адамгершілік тәрбиенің басті шарттарының бірі: олоқушылардың бар ықыластарнымен жасаған жұмыстарының нәтижесін бағалап, ішкі түрнткілерін оятып, талпындыруға көмектеседі. Сондай- ақ рухани- адамгершілік тәрнбиедегі макңізді педагогикалық шарттардың бірі- танымдық қабылетты қалыптастыру.

Рухани- адамгершілік тәрбиеде алдымен баланы тек жақсылыққа, қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұста ғана ұстаз бен ата- ананың еңбегі жемыс бермек. «Жақсы тәрбие көрген адамға өмір сүру қиын, сондықтан баланы аздап жаман нәрселерге де үйреткени жөн » деген ұғымнан үзілді кесілді басм тарту керек. Себебі, өмірде жамандық сабақтары онсыз да көп. Бұл да педагогикалық шарттардың біріне кіреді.

Тәрбиенің мақсатын айқындап алған соң мұғалымның, ата- ананың жағымды ыпал етуінің өзі де бір педагогикалық шартқа жатады. Қоғамдағы ереже тәртіпті жүзеге асырудан бұрын тәртіптің не екенін және тәртіпті адам қандай болатынын мың ауыз қарапайым сөзден гөрі іс- әрекет пен нәтижелі шығармашылық жұмыспен көрсеткен дұрыс. Содан соң ғана оқушылардан және басқалардан тәртіпті талап еткге болады. Рухани- адамгершілік тәрбиені тек мұғалімдер ғана бермейді, сонымен бірге тәрбиенің нәтижелі болуына ата- аналар да үлкен үлес қосады.

Арнайы педагогикалық білімі жоқ адамдар, ата- аналар аздап болса да осы ілімнен хабардар болуға ұмтылуы да- педагогикалық шарттың бірі. Осы шарттар рухани- адамгершілік тәрбиені тек мұғалымдер ғана бермейді, сонымен бірге тәрбиенің нәтижелі болуына ата- аналар да үлкен үлес қосады.

Арнайы педагогикалық білімі жоқ адамдар, ата- аналар аздап болса да осы ілімнен хабардар болуға ұмтылуы да- педдагогикалық шарттардың бірі. Осы шарттар рухани- адамгершілік тәрбиесінде баланың мінез құлық ерекшеліктері, ішкі жан дүниесінің қалауымен сұраныстарын талаптарын дұрыс пайымдап, оларды қанағаттандырудың мөлшері жолдарын тура таңдап алуға көмектеседі. Бұл ретте пелагог ғалымлар оқушының сұрау- талаптапын қанағаттандырудың мөлшерден аспауын талап етелі.

Сонымен, біз оқушыларды рухани- адамгершілікке тәрбиелеуге негіз болатын пелагогикалық шарттарын белгілеп алдық. Дегенмен, бібізлің ойымызша, тәрбиенің заңдылықтары мен ұстанымдары тәжірибеде іске асыруға бағытталған арнайы шарттарадың орындалуынсыз теориялық ұсыныс ретінде қалып, қолданылмалы міундеттерді атқара алмайды. Жасөспірімдерді рухани адамгершілік қасйеттерге тәрбиелеу адамдармен достық, мейірімділік, басмқаны тұсыну, біреулердің қайғысымен қуанышына ортақтасу, өзгелердің мінез құлқы мен пікіріне төзімділік таныту кезінде аңғарылып жетіле тұседы. Оларды рухани- адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу үшін екі тұрғыдан қарастырып мән бергеніміз жөн. Олар- оқушының сыртқы бейнесі, баланың ішкі жан дүниесі.

Бірақ, сыртқы және ішкі көріністердің арасында мынандай негізгі тәуелділіктер бар, кез келген баланың ішкі келбеті оның сыртқы іс- әрекеті арқылы ғана белгілі болады. Біз бағыны, көбіунесе, сыртқы көрінісіне қарап береміз, сондықтан кей жағдайда жасөспірім оның ішкі ерекшелегіне сай берілмеген бағаға наразы болуы мүмкін. Сондықтан біз, ең алдымен, олардың ішкі жани дүниесіне үңіліп, түсінуге тірісіп, құнды қасиеттереін өз іс- әрекетінде қолдаануға көмектесуіміз керек. Жасөспірімнің сыртқы бейнесі ішкі бейненің мазмұны оның өмірінің мәнін анықтайды. Оларды рухани- адамгершілік қасиеттермен өмір сүруге құштар ететін күш- бостандық пен еркіндік. Осы бостандық пен еркіндікті сезінуде сенімнің алатын орны ерекше. Бұл жерде ескеретін іс- әрекеттер мен қарым- қатынастар мыналар:

- үнемі сынап отырса, оның оқуға құлқы болмайды;

- іс- әрекетіне мақтау айтып, енім артып отыпрса, ол өз беделі үшін оқуға, іс- әрекет жасауға тырысады;

- идеясын қолдап, бағыт- бағдар берсеңіз, өз бағасын көтеру үшін де өз бетінше ізденеді;

- қоршаған ортамен адалдықта өссе, басқаларға адал болады, түсінуге талпынады;

- барлық уақытта қауыпсыз жағдайда болса, ол басқаларға сеніммен қарайды;

- үлкендердің сүйіспеншілігі мен мейірімділігінде болса, қоршаған ортамен болашақтан махаббат табуды үйреніп, жақсылық жасауғак дағдылынады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рухани адамгершілік білім беру және тәрбие негіздері
Мектептегі оқу тәрбие үрдісінде оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу
Бастауыш оқушыларының адамгершілік тәрбиесі
Адамгершілік тәрбиесінің негізі
Ауыл мектебі оқушыларының адамгершілік қасиетерін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру үлгісі
Мектеп жасына дейінгі балаларды рухани адамгершілікке үйрету
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнері арқылы адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру
Мектепке дейінгі балаларды қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалану арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі бағыттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz