Мемлекеттік тілде іс-қағаздар жүргізу


Мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізудің маңызды рөлі
Тіл - адам баласының ғана емес, ұлттық, халақтың, қоғамның болмасын көрсететін құбылыс. Адамзаттық құндылықтар қатарында тіл ғылымнанды да, мәдениет пен өнерден де бұрын аталады. Ғылым да, мәдениет те, өнер де, материалдық игіліктер де, саясат та, тілдің қатысуымен жасалады. Тілдің адамның жан-дүниесіне өлшеусіз әсер ете алатын құдіреті саяси тетік ретінде ертеден-ақ пайдалынған.
XIX ғасырдың аяғында жүргізілген санақ бойынша Қазақстанда жергілікті ұлт үлесі - 81, 1% болған. Яғни Қазақстанда ол кезде біртекті тілдік орта болған. Бұл тілдік ахуалмен Ресей билеушілері де санасуға мәжбүр болған. Қазақ даласында қызмет атқарған губернаторлар мен оның төңірегіндегілер тілмәш ұстаған. Қазақша білу қазақ даласында қызмет атқаратын патша чиновниктеріне қойылатын қатаң талаптар қатарына жатқызылған. XIX ғасырдың II жартысындағы тілдік ахуал, яғни жергілікті ұлт өкілдерінің 81, 1% болуы және біртекті тілдік ортаның болуы патша әкімшілігі үшін екі тілде газет шығару және сол газеттерді қаржыландырып тұру қажеттілігін туғызды. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қазақ тілі өзінің қоғамдық - әлеуметтік қызметін толық атқарған. Сол жылдары қазақ даласында болған орыс ғалымы Г. Н. Потанин былай деп жазады: «Бар жерде қырғыз тілін ғана естисіз-жол шетінде жантайып, әңгіме соғып жатқан қазақтар да, стансияда өткінші шенеуніктің ат-арбасының маңында әбігерге түскен ат айдаушылар да сол тілде сөйлейді. Кейде, тіпті сотта да солай. Мұндағы қазақтар арасында қырғыздармен орысша емес, қазақша сөйлесіп, тез тіл табысатын адамдар жеткілікті».
Граф Толстой өзінің 1876ж. 4 желтоқсанда патшаның атына жазған мәліметтемесінде патшадан біріншіден, әкімшілік орындарының қазақтарға қатысты іс қағаздарының баршасын орыс графикасымен қазақ тілінде жазуға, екіншіден, осымен байланысты қазақ даласындағы татар тілмаштарын бара-бара қазатармен ауыстыруға жарлық етуін сұрайды.
Ал әскери министр А. Ф. Редигерге жазылған хатта отарлау әкімшілігінің басшысы байырғы тұрғандар тілін оқып-үйренуге мүмкіндік беретін нақты шаралар ұсынады: «әкімшіліктің барлық лауазымды қызметкерлері, уезд басшыларына дейін жергілікті тілде білуі керек; өз аймағының тілін бастапқы деңгейде игеруге бір жыл бөлінеді; тіл білу деңгейі одан әрі көтеріп, жетік үйрену үшін әкімшіліктің лауазымды қызметкерлеріне тағы бір жыл қосып беріледі; бұл талап орындалмаған жағдайда лауазым иелерін далалық аймақта қызмет бабында көтеру тоқтатылсын, тіпті оларды іске жарамсыз деп «қызметінен босатуға дейін бару керек» делінген.
Бірақ 1920 жылдардан кейін қазақ тіліне деген көз карас әр кезенде әр түрлі болды. Қазақ тіліне мемлекеттік дәреже беру туралы мәселе кеңес өкіметі жылдарында бірнеше рет көтерілді. 1920 жылы Қазақ АССР-і кеңестерінің бірінші құрлытай съезінде республикадағы әр ұлт барлық мекемелер мен мектептерде ана тілін қолдануда тең құқылы деген шешім қабылданды. 1924 жылы қабылданған Қазақстанның бірінші Конституциясы бойынша қазақ және орыс тілдері республикада мемлекеттік тіл болып танылды. 1938 және 1978 қабылданған Қазақстан Конституцияларында мемлекеттік тіл жайында ашып еш нәрсе айтылмаған. 1989 жылы қабылданған Қазақ ССР-інің Тіл туралы заңына, одан кейін Қазақстан Республикасының мемлекеттің тілі болып бекітілді. Тіл заңында қазақ тілі мемлекеттік қамқорлыққа алынатыны атап көрсетілді.
1920 және одан кейінгі кезенде қазақ тіліне деген көзқарас тәменде екі топқа топталып беріліп отырған әр кезеңде қабылданған құжаттардан да анық байқалады. Құжаттардың бірінші тобы: 1919 жылы 26 желтоқсанда В. И. Лениннің қолымен Халық коммисарлар советі еңбекші бұқараның сауатсыздығын жою туралы шаралар белгіледі. Бұл қаулыда бұрынғы бұратана, езілген ұлттар үшін олардың өз ана тілінде мектептер ашу, кеңсе жұмыстарын өз ана тілінде жүргізу, газет-журнал, кітаптарды өз ана тілінде шығару шараларында көңіл бөлінген.
Қазақ АССР Халық коммисарлар комитетінің 1921 жылы 2 ақпанында жарлық көрген «Республиканың мемдекеттік мекемелерінде қазақ және орыс тілдерін қолдану туралы» декреті.
Қазақ АССР ОАК-нің 1923 жылғы қарашадағы «Қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізуді енгізу туралы» декреті.
Қазақ АССР ОАК Президиумның «Қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізудіенгізу жөніндегі орталық комиссия туралы» қаулысы.
Қазақ АССР Юстиция Халық коммиссариятының 1923 жылғы 11 июльдегі «Сот-тергеу органдарының халық соттары мен халық тергеушілерінің қазақ тілінде іс жүргізуді ендіруге байланысты» нұсқау хаты.
Қазақ АССР ОАК-нің қазақ тілін Қазақ АССР ХКК-нің іс қағаздарына ендіру жөніндегі Орталық Коммисиясының аппаратын қазақ тілін білетін қызметкерлермен жасақтау жөніндегі ұсынысы.
Қазақ АССР ХКК-нің 1924 жылғы 23 сәуірдегі өлкелік мекемелерді қазақ тіліндегі жазу машинкасымен қамптамасыз ету жөніндегі өкімі.
Қазақ АССР Еңбек Халық коммисариятының 1924 жылғы 21 июльдегі «Қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізуді енгізу байланысты қызметкерлерді жұмыстан босату және оларды қазақ тілінде сөйлеп жаз алатын қызметкерлермен алмастырудың тәртібі жөніндегі» қаулысы.
Қазақ АССР Халық ағарту коммисариятының 1930 жылғы 3 қаңтардағы Барлық өлкелік халыққа білім беру бөлімдеріндегі орыс мектептерінде қазақ тілін міндетті түрде оқыту жөніндегі нұсқау хаты сияқты көптеген ресми құжаттар қабылданды. Бірақ көп ұзамай-ақ қазақ тілін мемлекеттің негізгі қарымөқатынас құралына айналдыру мүмкіншілігіне бұғалық салына бастады.
Енді төмендегі құжаттар тобына көз жүгіртейік.
Қазақ АССР Халық коммисарлар кеңесінің 1921 жылғы 2 ақпандағы «Республика мемлекеттік органдарында қазақ және орыс тілдерін қолдану туралы» декретінде «республиканың бүкіл орталық және губерниялық мекемелері іс жүргізеді» деп жазылған.
1938 жылы 5 көкекте «Қазақ мектептерінде орыс тілін мәжбүрлі оқыту туралы» арнайы қаулы шықты. Оны жүзеге асыруды жеделдетуге бағатталған шаралар жүргізілді. Сол кездегі оқу-ағарту министірінің орынбасары А. Аюповтың «Республикадығы қазақ және басқа орысша емес мектептерде орыс тілін оқыту жайы туралы» баяндамасында қосымша оқулықтар шығару, орыс тілі сабақтарының санын көбейту, жалақы төлеу тәртібін қайта қарау, қазақ мектептерінде орыс тілі бойынша арнаулы нұсқаушы қызметін енгізу сияқты орыс тілін оқытуды жолға қою, орта білім беретін мектептер және жоғарғы оқу орындарында орыс тілін оқытуды күшейту шаралары белгіленді.
Еліміздегі тілдік ахуалға қатысты белсенді қозғалыс 1980 жылдардың аяғы мен 1990-жылдардың басында етек алды. 1989 жылы Қазақ ССР-нің Тіл туралы Заңы қабылданды. 1990 жылы Қазақ тілі және Қазақ ССР-індегі басқа да ұлт тілдерін дамытудың 2000 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламасы жасалды. 1993 және 1995 жылдары қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Тіл заңын жүзеге асыру үшін 1989 жылы Қазақ тілі қоғамы, 1993 жылы Қазақстан үкіметі жанынан Тіл комитеті құрылды.
Тіл туралы Заңның, әсіресе қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесінің іс жүзінде көтерілуіне кедергі келтіретін қиындықтар аз емес. Сол себепті Тіл туралы Занды күшіне ендіру туралы Қазақстан үкіметінің Мемлекеттік бағдарламасы толық орындалмай келеді. Республикадағы қалыптасқан қазіргі тілдік ахуал өзінің перспективалық моделінен әлі де алшақ тұр. Оның себебі біріншіден, қазақ тілі мемлекеттік өмірдің барлық қоғамдық маңызды саларында талап етілмей келеді, екіншіден, ұлтаралық қарым-қатынас саларында талап етілмей келеді, екіншіден, ұлтаралық қарым-қатынас тіліне де айнала алмай келеді, үшіншіден, мемлекеттік қызметкерлердің басым көпшілігі қазақ тілінде еркін сөйлеп, еркін жаза білмейді.
Қазақ тілі сыртқы қатынас, табиғи және техникалық ғылымдар, өнеркәсіп, өндіріс орындары, қарулы күштер, ғарышкерлік, медицина, фармацевтика т. б. осы сияқты саларда қолданыс таппай келеді.
Тіл зерттеушісі Н. Уәлияұлы қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің мынадай алғы шарттарын атап көрсетеді: « . . . сол тілде қолданушылар санының жеткілікті болуы, табиғи және табиғи емес тілдік ортаның болуы. Республиканың барлық аймақтарында таралуы, қоғамдық қызметінің болуы, сондай-ақ қазақ тілінің құрылым жүйесі жетілген, лексика фразеолгиялық қоры аса бай, ежелден келе жатқан жазба және ауызша дәстүрі бар ұлттық тілдердің бірі ретіндегі ішкі тілдік факторлардың болуы қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде ішкі тілдік фаторлардың болуы қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді. Қазақ тілі, өзге де тілдер тәрізді, жалпы адамзаттық құндылық»
Әлеуметтік тіл білімінің маманы Б. Хасанов Қазақ тілінің мемлекеттік дәрежеге ие болуына орай оны білудің қажеттілгін туғызып отырған себептер мынандай деп атап көрсетеді: 1. қазақтардың республикада үлес салмағынан басым болуы және оның соңғы жылдарда үздіксіз өсіп отыруы. Мысалы, 1959ж. қазақ халқы республика тұрғындарының 30 проценті болса, 1992 жылы 42 процентін құрапр отыр; 2. республиканың барлық жерінде азды-көпті қазақ тілді ортаның қалыптасуы; 3. көп ұлтты ауыл-село тұрғындарының тең жартысынан астамы қазақтар болғандықтан, қазақ тілінің ұларалық қатынаста жұмсалуы; 4. қазақтардың ТМД республикаларында көп екені, ондағы жүзден астам ұлт пен ұлыс ішінде бесінші орын алатыны ; 5. қазақ тілі ғылыми тұрғыда зерттелген, сөйлеушісі көп тілдердің бірі екендігі. Қазіргі дүние жүзінде 5651 тіл болса, қазақ тілі соның ішінде сөйлеушісінің саны жағынан алғашқы 70 тілдің санатында екені; 6. қазақ тілін білу қазақтар саны жағынан басым көп ұлтты аймақтарда өзге ұлт өкілдері үшін аса қажет екендігі; 7. қазақ тілінің қоғамдық қызметінің ауқымы уақыт талабына сай кеңейіп бара жатқандығы.
Қорыта келгенде, қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болғанымен, қоғамдық өмірдің барлық саласында толыққанды қызмет өте алмай отыр. Оған әр түрлі жағдайлардың себепкер болып отырғаны мәлім.
Тіліміздің қолданыс аясын кеңейту бағытында жүргізіліп жатқан әр түрлі деңгейдегі шаралар сөз жоқ көп ұзамай өз нәтижесін берері даусыз. Бұл бәріміз үшін сын. Оған баршамыз атсалысуымыз керек-ақ. Бұл бәріміз үшін сын. Оған баршамыз атсалысуымыз керек-ақ.
ІС ҚАҒАЗДАРЫ
Іс қағаздары және олардың түрлері
Іс қағаздарының түрлері өте көп, олардың негізгі түрлерін мақсаты мен мазмұнына, жасалған орнына, жасалу сатысына, қызметіне, формасына т. б. ерекшеліктеріне қарап топтастыруға болады. Ұйымдар мен мекемелердің іс жүргізу барысында негізгі орын алатын құжаттарды жалпы мақсатына қарай ұйымдық-өкілеттік құжаттар деп алып, оларды іштей бірнеше топқа топтауға болады. Сондай-ақ іс қағаздары мазмұны мен қызметіне қарай жеке адамға қатысты және қызметтік іс қағаздары деп екіге бөлінеід. Формасына қарай типтік және трафареттік болып бөлінеді. Ал жасалу орнына қарай мекеменің ішкі іс қағаздары және сырттан келіп түсетін іс қағаздары болып бөлінеді. Шығу, жасалу сатысына қарай түпнұсқалық және көшірмелік болып бөлінеді. Алқалық ұйымдардың құжаттары іс қағаздарының бір түүрі ретінде қаралады.
Енді осы топтардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық.
Ұйымдық-өкілеттік құжаттар іштей ұйымдық, өкілеттік және анықтама-ақпараттық болып үшке бөлінеді.
Ұйымдық құжаттар мекеменің ұйымдастырылуына, құрылуына қатысты құжаттар, басқару аппараттық құрылымы, құрамы, штат кестесі, ішкі жүйе тәртібі құрылымдық бөлімшелер жағдайы, міндеттер, жарғы, ереже, нұсқау т. б. құжаттар жатады.
Мекеме мемлекеттік тіркеуге алынған сәттен бастап заңды тұлға болып саналады. Тіркеуге алынған мағлұматтар заңды тұлғаларды тіркейтін мемлекеттік реестрге алынады. Ұйымдық-құқықтық әрекетіне қарай мекеменің ұйымдық құжаттарына - мекеме жарғысы; құрлытайшылар келісімі және жарғы; коммерциялық емес ұйымдарда жалпы ережелер жатады.
Мекеме жарғысы белгіленген тәртіп бойынша бекітіледі.
Жарғыда мекеменің іс-әрекеті, негізгі бағыты, басқа бірлестіктер, жеке, занды, тұлғалармен қарым-қатынасы, құқықтары мен міндеттері жазылады. Жарғы мекеменің ұйымдық-құқықтығын, оның атын, мекен-жайын, бас-қару органын, бақылаушыларын, мекеменің қайта құрылуын, ісін тоқтатуын реттейді, растайды.
Жарғы негізінде мекеменің құрылымдық жүйесі мен жұмысшылар саны анықталады. Штат кестесінде қызметтік атаулар мен еңбекақылар көрсетіледі.
Мекеменің бірнеше құрылымдық бөлімдері болған жағдайда құрылымдық бөлімшелердің құқықтық жағадйын айқындайтын, жауапкершілік міндеттерін, қызметтерін белгілейтін бағыттағы ереже жасалды. Жұмысшылардың еңбегін ұйымдастыру мекеме әкімшілігінің міндеттеріне жатады және ол ішкі тәртіп ережелерінің міндеттерінен міндеттеріне жатады және ол ішкі тәртіп ережелерінен көрініс табады. Мекеменің өзіндік әрекеті мен қызметтік бағыты негізінде бұл құжат ішкі тәртіп ережелерінің типтік үлгісін басшылыққа ала отыра жасалды.
Бұйрықтар жобасын дайындауда реквизиттер құрамы толық болуы тиіс және оның безендірілуі мен оған қол қойылуы белгіленген тәртіп бойынша жүргізіледі.
Бұйрыққа рәсімдеудің ең маңызды бөлігі-оның мәтіні. Бұйрық мәтіні өкілеттік бқлімдерден құралып «БҰЙЫРАМЫН» деген сөзбен беріледі және жеке жолға жазылады.
Орындалуы міндетті бұл өкілеттік құжат мәтіні нақты, түсінікті, қысқа жазылады. Онда іс іс-әрекеттің орындалу мерзімі, орындаушының аты-жөні көрсетіледі. Бұйрықта түсініксіз сөз орамдары мен сөйлемдер болмауы керек.
Егер бұйрық бірнеше іс-әрекеттің орындалуына негізделген болса, мәтіннің өкілеттік бөлігі пункттерге бөлінеді және олар араб цифрларымен, белгіленіп, азат жолдан басталып жазылады.
Алқалық ұйым қағаздары. Алқалық ресми түрде құрылған, лауазымды адамдар тобынан тұратын әкімшіліктік, кеңестік немесе өкілеттік ұйым.
Алқалық ұйымның барлық отырысы күн тәртібі мен өткізу мерзімі қарастырылған жұмыс жоспарына сәйкес өткіледі. Өндірістік қажеттілік болған жағадйда алқалық ұйым төрағасы күн тәртібіне өзгерістер мен толықтулар енгізе алады. Күн тәртібі арқалық ұйым мүшелеріне ең күрделі деген мәселелер жөнінде ақпарат жазылған анықтамамен және шешім жобасымен бірге жіберіледі. Кей жағадйда алқалық ұйым мүшелеріне жазбаша баяндамалар мен сөйлеушілер сөзінің тезисі де жіберіледі. Бұл материалдармен алдын ала таныс - өткізілетін отырысқа кететін ауқытты үнемдеуге септігін тигізеді. Отырыстың күн тәртібіндегі мәселлердегі талқылаудың қорытындысы бойынша хаттама жүргізіледі. Хаттаманың дұрыс жазылуы мен рәсімделуіне алқалық ұйымның хатшысы жауапты болады.
Іс қағаздарының стилі
Қатынас құралының бұл түрлері де күнделікті өмір қажетінен туып, өз алдына орныққан бөлек жүйе болып саналады. Іс қағаздарының әрқайсысының бұрыннан белгілі бір ыңғай сөздері, қалыптасқан сөз тіркестері мен сөйлем үлгілері болады. Іс қағаздарын жазу - жаттығу, дағдылану арқылы менгеріледі.
1. Қызметтік құжаттар бейтарап қалыппен, ресми түрде жазылуы керек. Қызметтік хат жазу барысында адресатты марапаттап, мадақтайтын, немесе намысына тиетін, дөрекі сөздерді қолданудан аулақ болған жөн.
2. Адресаттың сізден қызмет дәрежесінен төмен я жоғарылығына қарамастан «тез арада орындаңыз», «Кідіртпей жауабын я қорытындысын хабарлаңыз» деген сөйлемдерді қолданбағаныз жөн. Оның орнына хаттың жауабын я мәселенің шешімін білгіңіз келетінін «Осы күнге дейін жауап беруіңізді сұраймын» деп белгелі бір күнде көрсетіңіз немесе «Өз шешіміңізді хабарлауыңызды сұраймын» деген сөйлемдерді қолдану арқылы білдіріңіз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz