Дүниеге көэқарас, оның құрылымы және негізгі үлгілері (типтері)



Дүниеге көзқарас
Мифологиялық көзқарас
Мифологиялық көзқарастың негізгі сипаттары
Күнделікті, эмпирикалық көзқарас
Дүниеге көзқарас - бұл, адамның Әлемге деген тұтас көзқарасы және оның осы Әлемге қатынасы және сол көзқарастарға негізделген сенім, сезімдер және адам өмірінің бағыт-бағдарын айқындайтын идеалдар, жүріс-тұрыстардың қағидалары және құндылықтары.
Көзқарастар дегеніміз түсініктер мен ұғымдарда көрсетілген белгілі бір білімдер жиынтығының жүйесі, олар дүниетанымның негізін құрайды. Бұл, адам бойындағы толық білім емес, солардың ішіндегі ең жалпықтары мен принциптері ғана, Олар нағыз сенімділікке айналғанда ғана дүниеге көзқарастың құрамдас бөліктері болып саналады. Ал, адамдардың дүниеге көзқарастарының түрлері - сол адам өмірінің ойы мен қылықтарына органикалық түрде қосылатын белгілі бір нормалардың, өлшемдердің жүйесі.
Дүниеге көзқарас өзінің барлық құрамдас бөліктерінің бүтіндігімен, бірлігімен сипатталатын күрделі рухани құбылыс. Оның құрылысындағы мына бөліктер маңызды роль атқарады.
Жинақталған білім. Олар дүниеге көзқарастың ең басты ақпараттық негізі болып келеді. Белгілі бір халықтағы немесе белгілі бір адамдағы жинақталған білімдер неғұрлым көбірек болса, дүниеге лайықталған көзқарас соншалықты өзінің дәлелдерін негіздей алады. Әрине дүниеге деген көзқарасқа білімнің барлығы бірдей жатпайды олардың ішінде тек қана әрбір тарихи заманға сай туындайтын адам мен әлемнің өзара қатынастарының практикалық және теориялық мәнін ашатын адам тіршілігіне ең қажетті білімдер жатады.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Дүниеге көэқарас, оның құрылымы және негізгі үлгілері (типтері).

Дүниеге көзқарас - бұл, адамның Әлемге деген тұтас көзқарасы және оның
осы Әлемге қатынасы және сол көзқарастарға негізделген сенім, сезімдер және
адам өмірінің бағыт-бағдарын айқындайтын идеалдар, жүріс-тұрыстардың
қағидалары және құндылықтары.
Көзқарастар дегеніміз түсініктер мен ұғымдарда көрсетілген белгілі бір
білімдер жиынтығының жүйесі, олар дүниетанымның негізін құрайды. Бұл, адам
бойындағы толық білім емес, солардың ішіндегі ең жалпықтары мен принциптері
ғана, Олар нағыз сенімділікке айналғанда ғана дүниеге көзқарастың құрамдас
бөліктері болып саналады. Ал, адамдардың дүниеге көзқарастарының түрлері -
сол адам өмірінің ойы мен қылықтарына органикалық түрде қосылатын белгілі
бір нормалардың, өлшемдердің жүйесі.
Дүниеге көзқарас өзінің барлық құрамдас бөліктерінің бүтіндігімен,
бірлігімен сипатталатын күрделі рухани құбылыс. Оның құрылысындағы мына
бөліктер маңызды роль атқарады.
Жинақталған білім. Олар дүниеге көзқарастың ең басты ақпараттық негізі
болып келеді. Белгілі бір халықтағы немесе белгілі бір адамдағы жинақталған
білімдер неғұрлым көбірек болса, дүниеге лайықталған көзқарас соншалықты
өзінің дәлелдерін негіздей алады. Әрине дүниеге деген көзқарасқа білімнің
барлығы бірдей жатпайды олардың ішінде тек қана әрбір тарихи заманға сай
туындайтын адам мен әлемнің өзара қатынастарының практикалық және теориялық
мәнін ашатын адам тіршілігіне ең қажетті білімдер жатады.
Сенімділік. Бұл руханилықтың ілікі әлеуметтік - психологиялық
бөліктері, ол арқылы дүниеге көзқарастық білімдер қабылданады немесе
керісінше алынып тасталынады. Сенімділік - тек қана зерделіліктің тұрғысы
емес, сонымен қатар ол әсершең күй-жағдай, берік психологиялық
бағыталғандық, өзінің принциптерінің, идеяларының, көзқарастарының
әділеттілігіне деген көзі жеткендік. Сондықтан сенімділік дүниеге
көзқарастың құрылымындағы ең қажетті бөліктерінің бірі болып табылады.
Құндыдықтар. Бұл белгілі бір социумның, адамдардың қажеттідіктеріне,
қызығушылығына негізделген айналамыздағы қоршаған әлемге деген болымды не
жағымсыз қатынастар. Оларды адамдар өмір барысында ұғып алады. Өзінің мән
мағанасымен құндылықтар білімдерден өзгеше. Білімдерге нақты шындыққа
тырысу тән - олар объективті танымға ұмтылады, ал құндылықтар өздерінің
қажеттіліктеріне, қызығушылығына сәйкес айналамыздағы қоршаған әлемге деген
адамдардың ерекше қатынасы.
Идеалдар. Бұл ең ақырғы мақсатқа ұмтылдыратын ойдағы жетілгендік
мөлшерлер үлгісі. Идеалдардың маңызды ерекшелігіне оның ақиқатты
бейнелеудегі озықтылығы және ол өзімен өзіне де аксиологиялық қызметтерін
атқаратындығы жатады. Дүниеге көзқарастық құндылықтар - бұл субъектінің
барлық қарекеттерінің өрістеріндегі өмірлік бағдарын айқындайтын
мәдениеттің және өмірдің ең жоғары құндылықтары.
Нанымдар. Бұл әлеуметтік ақпараттарды, өлшемдерді, құндылықтарды және
қоғамдық өмірдің идеалдарын қабылдаудың тәсілі және түрі. Олар өзіндік
тәжірибенің немесе өзінің танымдық тәжірибесінің нәтижесіне байланыссыз
көптеген фактілерді немесе шындықтың объективті сипаттарын қабылдай береді;
өткен ұрпақтардың тәжірибесін игеру құралы; келешекке деген үміттері.
Тіршілік нормалары. Бұл тарихи қалыптасқан жүріс-тұрыстағы құлықтардың
қажетті шарттарының үлгілері, қызмет стандарттары, оларды орындау жеке
адамдардың немесе адамдар тобының қарекеттерін қоғамдық талаптарға
бағындырудың қажетті жағдайы болып табылады.
Сонымен қатар дүниеге көзқарастың бұл құрылымдық бөліктерінің астары
екі деңгейге бөлінетіндігін ескеруіміз керек: біріншісі, Әлемді сезім
арқылы білу (Әлемді сезіну, Әлемді қабылдау, Әлемді елестету, Әлеммен
әсерлену); екінші деңгей, Әлемді мифтік, діни, ғылыми ұғымдар арқылы
түсіну. Нақ осындай, дүниені ұғымдар арқылы түсінудің ерекше түрін
философия ұсынады. Философия - дүниеге көзқарастың еңжоғарғы деңгейі және
теориялық тұрғыда реттендіріліп, ұтымды - жүйеленген көзқарастың түрі.
Дәл осы секілді адамдардың дүниетануы да екі түрлі жолдар (немесе
деңгейде) арқылы қалыптасады. Ол жеке стихиялы түрде құрылуы мүмкін. Әркім
жеке өзінің өмір тәжірибелерінің негізінде, сонымен қатар аңыздар мен ауыз-
екі түсініктер және діни, немесе философиялық түсініктердің үзінділерінің
негізінде өзі үшін белгілі бір көзқарасты қалыптастыра алады. Келесі
жағынан кәсіпқой - идеологтар (шамандар, теологтар, философтар) осындай
көзқарастарды жүйеге келтіріп адамдар арасына ендіруге тырысады.
Дүниеге көзқарастың негізгі түрлеріне: мифологиялық, күнделікті (немесе
үйреншікті). діни, көркемділік, табиғи жаратылыстың (патуралистік),
философиялық көзқарастар жатады. Бұлардың бәрі дерлік адамзаттың рухани
дамуында маңызды роль атқарды. Тарихи тұрғыда олардың негізгі үш түрін
ерекше көрсетуге болады: мифологиялық, діни және философиялық.
Мифологиялық көзқарас - ертедегі қоғамның даму сатыларының алғашқы
кезеңдерінде қалыптасты Ол дүниенің, жануарлардың, адамдар тегінің пайда
болуы, әлемнің жаратылысы, табиғат құбылыстарындағы апаттардың себептері
туралы, қоршаған әлемде өз орнын айқындау жәйлі алғашқы түсініктердің, аңыз-
әңгімелердің ең бірінші тарихи үлгісі.
Адамзаттың қарапайым тайпалары үшін айналасындағы аспан жұлдыздары,
күн, тау мен өзендер, өсімдіктер және т.б. - жанды болып көрінді, олар да
адам, не жануарлар сияқты өздеріне тән қызметін орындайды. Осылайша адамдар
өзін қоршаған ортаны өзіне ыңғайластырып жаңа болмыс - мифтік болмысты
орнатты. Бұл олардың алғашқы табиғат философиясы, әрине дөрекі, бірақ
шындап оймен толықтырылған және анық түсінуге болады.
Ежелгі мифтер әртүрлі жағдайларды басқаратын рухтың бейнелерін
суреттейді. Ішіндегі ен құдіреттілері мен күштілері кейін адамдар сиынатын
Құдайға айналады. Рух пен құдайлар адамдарға өте ұқсас, бірақ тек қана адам
бейнесінде болу шарт емес.
Уақыт өткен сайын мифтердің саны өсе түсті, олар азды-көпті біртұтас
көзқарастарды құрайтын үлкен мифологиялық жүйеге және алғашқы пұтқа
табынатын діндерге қосыла бастады. Кейінгі монотеистік діндер сол мифтердің
ауқымынан өсіп шығып және олардың көп жақтарын өздерінің бойына ендірді.
Мифологиялық көзқарастың негізгі сипаттары: 1. Антро-поморфтылық, яғни
табиғат құбылыстарын (мысалы, бұлттардың қозғалысын, жер сілкінулерді және
т.б.) адаммен ұқсастырып қарастыру; оларға адамға тән қасиеттердің
барлығын: түнсіктерді, келеңсіз факторларға деген реакцияны, тілектерді,
жеккөрушілікті, қайғы-қасіретті және т.б., тану. 2. Дескриптитивтілік
(ағылшын -суреттеме) - оқиғаларды, құбылыстарды түсіндіру, әңгіме, аңыздар
арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философияға кіріспе. философияның дамутарихы. философия пәні мен функциясы
Бименгиева Экономикалық теория
Отбасы түрлері және құрылымы
Қазақстан Республикасының экономикасының өсуінің глобалдық мәселелері
Экономикалық өсу: түсінігі, тиімділігі, сапасы
Адам және қоғам өміріндегі философиялық мәселелердің өзектілігі
Қоғам және оның жүйесі
Тұлға және мәдениет әлеуметтануы
Салалық әлеуметтану
Неке - жұбайлық қатынастардың негізгі принцип қағидалары
Пәндер