Құқықтар мен бостандықтарды қорғау механизмдері


Құқықтар мен бостандықтарды қорғау механизмдері
Қазіргі заманның басты проблемасы - жеке тұлғаға берілген құқықтық статустың жүзеге асырылуын қамтамассыз ету. Бұдан Қазақстандағы адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қорғау сияқты аспектілер келіп шығады. Осыған байланысты адам мүддесін қорғау, оның құқықтары мен бостандықтарының сақтау мемлекеттің басты қызметі болып саналады. Өркениетті қоғамда өмір сүруші мемлекеттің бүкіл іс-әрекеті мен оның саяси құрлымы адам құқықтарының бостандықтарына кепілдік беру мақсатына оны жүзеге асыруды қамтамассыз етуге, сондай ақ қорғау миханизмдерінің қалыптасуға тәуелді. Мемлекет азамат пен өзара тығыз байланысты бола отырып, осы құқықтарды тек құқықтық жағынан ғана емес, сонымен бірге экономикалық, саяси, идеологиялық, әлеуметті-мәдени құралдар жағынан кепілдік беретін заңдық және моральдық міндеттемелерді өз мойнына алады. Сондықтан мемлекет пен жеке тұлға арасындағы өзара жауапкершілік проблемалардың бәрінен адамның құқықтары мен бостандықтарына деген кепілдік проблемасын еркешке бөліп алып қараған жөн, себебі ол құқықтық мемлекеттің бір белісі болып табылады. Құқықтық мемлекет адам құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге және құқықтық тұрақтылық ахуалын қалыптастыруға әрі мемлекетпен жеке тұлғаның өзара жауапкершілік принципін біртіндеп жүргізу негізінде олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға мүдделі болуға тиіс. Мемлекеттің конституциялық қатынастарда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда өз міндетіне салғырт қарауы немесе тиісті емес міндеттерді атқарғанда, келеңсіз жағдайлар туындап, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары бұзылады. Мұндай тәртіп бұзушылықты мынандай топтарға бөлуге болады:
1. Азаматтардың Конституцияны қоғауға кепілдік берген құқықтар мен бостандықтарының тікелей мемлекет оның органдары, лауазымды тұлғалары арқылы бұзылуы.
2. Құқықтың қорғауды жүзеге асыру және қорғау механизмдерін жоқтығынан мемлекеттің 1Конституциялық құқықты қорғау амалдарына ырық бермеуі.
3. Ағымдағы заңнаманы Конституциялық немесе халықарал2ық - құқықтық ережелер мен салыстырып нақтылауда құқық аясының таралуы.
4. Бұзылған Конституциялық құқықты толығымен қалпына келтіруге ырық бермеушілік, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау амалы бойынша қабылданатын іс шаралардың жеткіліксіздігі мен тиімсіздіні, мемлекет ішіндегі ретсіздік.
Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалардың жеке тұлғалар мен өзара қарым қатынасындағы амалдар мен шешімдердің орындалуына мемлекет жауапкершілікті міндетті түрде өз мойына алады. Құқықтық қатынастардағы «мемлекет адам» деп аталатын келіспеушілік жағдайы туындаған кезде мемлекетпен қамтамассыз етілетін кепілдік мәні арта түседі. «Яғни мемлекет жеке тұлға алдында үлкен жауапкершілікке ие». Осы арқылы адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары жүйесінде кепілдік мәні арта түседі және соған деген ғалым құқықтанушылар тарапынан үлкен ықыласқа ие.
«Кепілдік» ұғымының аясы кең, әлеуметтік - саяси және заңдық құбылыс болып сипатталады, ол 3 сәтті бейнеленеді: 1. Обьектіге әсер етуші заттық теорялық білімді ашуға, мемлекеттің әлеуметтік және құқықтық саясаты жөнінде мәліметтер алуға мүмкіндік беретін танымдық; 2. Мемлекет демократиляқ идеяларды насихаттау құралы ретінде пайдаланатын идеалогиялық; 3. Жеке тұлғаның әлеуметтік жағдайын жақсарту ретінде танылған практикалық.
Жоғарыда айтылғандар бізге кепілдік туралы ықыласпен танысуда негіз бола алады.
Кепілдік сөзі кең мағынасында алып қарағанда адам мен адамзаттың құқықтарымен бостандықтары жүзеге асыруға, олардың іске асырылуына кері әсер тигізетін себептер мен кедергілерден арылуға бағытталған обьективті және субьективті факторлардың бүкіл жиынтығын құрайды. Теорияда кепілдік ұғымы әртүрлі анықталады. Мәселен, Н. В Витрук кепілдікті оның нақты жүзеге асырылуы мен сенімді қорғалуын қамтамассыз етуші шарттар мен құралдар ретінде анықталады. А. С Мордовец кепілдікке өз құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету үшін жеке жеке тұлғаның кең мүмкіндіктерін құрушы әлеуметтік экономикалық саяси, адамгершілік заңдық ұйымдастырушы шарттар, амалдар мен тәсілдер жүйесі деген анықтама береді. Бұлардан басқа да көптег3ен анықтамаларды жинақтап, талдай отырып, кепілдік ұғымына субьективті құқықтар мен бостандықтарды қорғауды және сақтауды жүзеге асыруды қамтамассыз етуші шарттар, амалдар мен тәсілдердің жиынтығы деген қорытынды жасауға болады.
Көптеген анықтамаларда «шарттар, » «амалдар, » «тәсілдер, » «қорғау, » «сақтау» қамтамасыз ету терминдері берілген.
Конституциялық құқықтар мен бостандықтарыға терең талдау жасау осы ұғымдар арасында айырмашылықтарды білуді талап етеді бұлардың арасындағы жалпы ортақтық - олардың қоршаған қолайлы ортаға деген құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру үшін қолайлы ортаны қамтамасыз етуге тиістігі. Жүзеге асыру шарттарына негізгі құқықтар мен бостандықтарды пайдалану үшін қолайлы жағдайдың болуы жатады. Амалдарына құқықтары мен бостандықтарды қорғау мен қамтамасыз етудің әдіс - тәсілдері кіреді.
А. Д. Вьеводиннің атап көрсетуінше, «әрбір» жақты жағдайдағы көрсетілген айырмашылықты абсолюттендіруге болмайды. Бір фактор бір жағдайда құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асырудың шартты бір екінші жағдайда сымның амалы ретінде көрінуі мүмкін. Бұлай жіктеу жекелеген жағдайларда емес құқықтар мен бостандықтарға деген кепілдікті тұтастай алып қараған кезде ғана белгілі бір мәнге ие болады.
Конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қамтамасыз ету дегеніміз оларды жұзеге асырылуын қамтамасыз етуші жалпы шарттар мен заң аясындағы амалдар жүйесі. Менің көзқарасым бойынша мұндай позиция дұрыс деп санаймын, себебі құқықтар мен бостандықтарға деген кепілдік олардың жүзеге асырылу процесінде қамтамасыз етіледі.
Сондай - ақ «қорғау» «сақтау» ұғымдарын бір - бірінен ажырата білген жөн.
Құқықтар мен бостандықтарды қорғау дегеніміз - оның бұзылуының алдын алуға, себептер мен кедергілерді жоюға бағытталған іс - шаралар.
Құқықтар мен бостандықтарды сақтау дегеніміз - бұзылған құқықтық қалпына келтіру әрекетіндегі құқықтық амалдары пайдалануы.
Алайда, тұтастай алып қарағанда, корғау және сақтау амалдарын 4азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге арналған және әлеуметтік мәнге ие. Құқықтар мен бостандықтардың сақталуы жаңа құқықты жүзеге асыру жолында кедергі келтіруші, заңға қайшы іс - әрекеттерге тосқауыл қою мақсатында белсенді әрекеттерді қарастырады.
Әрбір жан өзін Қазақстан Республикасының Конституциясымен қорғаламын деген сенімге ие болуы тиіс, себебі ол жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын приоритетін, сондай - ақ оның мемлекет арқылы қорғалуын бекітеді (2-бап, 1-бөлім, 45-бет) .
Кепілдік саяси, экономикалық әлеуметтік және т. б. салаларда қамтылуына байланысты көптік мәнге ие, сондықтан оған классификация жасау қажеттігі туындайды.
Кепілдікті жалпы алғанда жалпы және арнайы деп бөлінеді.
Жалпы кепілдік деп құқықтық нормаларды жүзеге асыру үшін нақты жағдай жасаушы әлеуметтік экономикалық саяси, рухани және өзге де шарттар мен алғышарттар деп түсінеміз! Арнайы кепілдік құқықтық нормалады қорғау мен сақтауды жүзеге асыруды нақты шарттар мен мен тәртібін қамтамасыз етуші әлеуметтік экономикалық саяси және заңдық амалдар мен тәсілдер жүйесі ретінде анықталады. Өз кезегінде аталған кепілдік түрлерінің өзіне тән мазмұны мен сыртқы түрі болады.
Жалпы заңдық
Материалдық Жүзеге асыруға деген кепілдік
Саяси Қорғауға деген кепілдік
Рухани
Өзге
5
Заңдық әдебиеттерде кепілдіктің өзгеде, бұданда нақты классификациясы қарастырылған.
Кепілдіктің өзгеде түрлері сияқты олар жан-жақты және тек жалпылама форма түрінде анықталуы мүмкін заңнаманың барлық жүйесі адам мен адамзаттың құқықтары мен бостандықтарын қанағаттандыру, қамтамасыз ету және қорғау мақсатарына бағытталған, яғни бүкіл Қазақстандық құқықтық жүйе, ҚР Конституциясында бекітілгендей заңды нақты іс-әрекетке айналуы үшін қолайлы жағдай жасауы және амалдар мен тәсілдердің ауқымды кешенді ұсынуы тиіс. Қоршаған қолайлы ортаға деген құқықтық дикларациясы оның жүзеге асырылуын білдірмейді. Ол үшін қоршаған қолайлы ортаға деген құқықтың нақтылығы мен кепілдігін қамтамасыз ететін сенімді механизм болуға тиіс.
Басқаша айтқанда, егер кез келген заңдық фено мен құқықтар мен бостандықтардың өмірге енгізуге ықпал ете алатындай, болса онда оны Конституциялық құқықтар мен бостандықтарға деген заңды кепілдік сипатына қарастыруға болады.
Заңдық кепілдіктер механизм сипатында кездейсоқ алынып отырған жоқ.
Оның себебі олар кепілдікке нақты, реттелген сипат беруші нақты ережелердің шегінде ғана өмір сүре алады. Мұндай ережелерден тыс олар нақтылығын жоғалтады және келеңсіз жағдайларға әкеп соқтыратын құқықтық формадан тыс сипатқа ие болады.
Ғылыми әдебиеттерде заңдық кепілдіктерге әр түрлі анықтамалар берілген. Н. В. Витрук «заңдық кепілдік дегеніміз-жеке тұлғаның құқықтарын, міндеттері мен заңды мүдделерін заң аясында жүзеге асыруды және қорғауды тікелей қамтамасыз ететін заңамада бекітілген амалдар», -дейді.
В. М. Чхиквадзе оны материалдық нормалармен процесуалдық құқықта мен институттардың кеңейтілген жүйесі деп түсінеді, бұл анықтама ауқымды әрі мазмұнды. Осыған ұқсас, бірақ анығырақ анықаманы И. А. Алжеев береді: «Заңдық кепілдіктер -бұл аталған құқықтардың өмірде көрініс табуы мен сипатталатын сондай-ақ оны бұзылудан сақтайтын РФ Конституциясында және ба6сқада нормативтік актілерге бекітілген амалдар мен тәсілдер». Менің ойымша бұл анықтаманың кейбір жеткіліксіз тұстары бар оны өңдей отырып, мынадай редакцияда беруге болады. 7
Заңдық кепілдітер-жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын өмірнде көрініс табуын, сондай-ақ бұны бұзылған жағдайда қорғау мен сақтауды қамтамасыз етуші РҚ Конституциясында бекітілген және салалық заңнамаларда нақтыланған мәндер мен тәсілдер. 8
Конституциялық құқықтар мен бостандықтарға деген заңдық кепілдіктің мұндай кең түсінігі нақты құқықтық іс-әрекетті бейнелейді. Бұл құқық салаларының барлығы емес, тек кейбіреулерін ғана қамтитын амалдар мен тәсілдердің тар шеңбердігі заңдық құқыққа деген әдебиеттердегі көзқарасты жоққа шығарады. Заңдық кепілдіктер басқада құқықтық құбылыстар сияқты белгілі бір қызметтерді атқарады. Олардың негізгі қызметі жеке тұлғаның құқықтық статусын жүзеге асыруды қамтамасыз ету, жүзеге асыру нәтижесінде: 1) субьектінің субьективтік құқықтық пайдалану және заңдық кепілдіктерді орындаудың практикалық мүмкіндігі құрылады. 2) Субьективтік құқықты пайдалану процесінде құқықтық нормалар мақсатына тайып кету мүмкін болмайды. 3) Азаматтардың құқықтық белсенділігі артады. 4) Субьективтік құқықтардың бұзылуының, міндеттердің орындалмауының жалпы және жекелеген провинциясы жүзеге асырылады. 5) Субьективтік құқықты қалыпты түрде жүзеге асыруға кедергің жасаушылардан қорғау жүзеге асырылады. 6) Бұзылған субьективтік құқықты қалпына келтіру қамтамассыз етіледі.
Яғни, көріп отырғанымыздай, заңдық кепілдіктің мынадай қызметтері жөнінде сөз болуда: практикалық, реттеуші, арттырушы, перевентивті, қорғаушы, қалпына келтіруші.
Азаматтардың конституциялық құқықтарына деген зыңдық кепілдіктер сипатына қарай, барлық құқықтар мен бостандықтардың жүзеге асырылу тиімділігіне әсер ету дәрежесіне қарай, әштей ерекшеленеді. Көп жағдайда олар Конституциялық құқықтар мен бостандықтардың жүзеге асырылу процесіне жанама түрде әсер етеді және кепілдік әсері ең соңында көрінеді. Жиынтығында олар сол процесс қалыпты жағдайда өтетіндей қолайлы шарттар түзеді.
Енді бір амалдар тікелей әсер етеді. Олардың мақсаты-Конституциялық құқықтар мен бостандықтардың өмірде көрініс табуын қамтамасыз ету мүмкін болатын бұзылыстардын қорғау, бұзылған жағдайда оларды қалпына келтіру мақсатында сақтау жағын жүзеге асыру. Бұл кепілдік тобы ағымдағы заңнамада Конституциялық құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асырудағы процедуралық-процесуалдық ережелер түрінде көрсетіледі. Осы позиция «адам мен адамзаттың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудағы маңызды кепілдіктің бірі оның процесуалдық жағынан бекітілуіне» сәйкес ары қарай қолдауға ие болады.
Конституциялық құқықтар мен бостандықтарға деген заңдық кепілдік дан жақты. Бірақ олардың басын бірітіретін бір нәрсе-олардың бәрінің заңнамада көрініс тауып бекітілуі. Кепілдіктер Қазақстан Республикасының Конституциясы және салалық заңнама нормалары қоғамдық қатынастағылардың міңез-құлқын үйлестіре отырып сонымен қатар жеке тұлғаның нақты құқықтарын қамтамасыз етудегі заңдық кепілдіктерін реттейді де деген тұжарым жасауға болады.
Алайда құқықтық нормалардың барлығы зңдық кепілдік болып санала бермейді, тек мазмұнында белгілі амалдар мен тәсілдер қамтылған, солардың көмегімен құқықтық кедергісіз пайдалану және мәндеттерді орындау, құқықтар мен бостандықтарды сақтау, бұзылған жағдайда қалпына келтіру сияқтылар ғана саналады.
А. П. Таракованың піркірі бойынша, жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтары сақтаудың заңдық кепілдіктеріне нормалары мен бекітілген мынадай құқық түрлері кіреді мемлекеттік және Конституциялық қадағалау мен бақылау шаралары; заңдық жауапкершілік шаралары; құқықтар мен бостандықтарды қорғаудың процесуалдық формалары құқықтық бұзылыстардың алдын алу және болдырмау шаралары.
Құқықтың барлық салаларының қорғаудың бекітілген амалдары мен тәсілдері, құқықтар мен бостандықтардың қамтамасыз етілу мен қорғалуы сияқты нормалары қаншалықты болса, конституциялық құқықтық, экологиялық құқықтық және процесуалдық кепілдіктер туралы сыншылықты айта беруге болады.
Конституциялық кепілдіктің негізгі мақсаты адамзаттардың негізгі құқықтары мен бостандықтарының өмірде көрініс табуы оларды мүмкін болатын бұзылулардан қорғау, құқық бұзылған жағдайда қалпына келтіру тәртібін анықтау.
«Конституциялық кепілдіктер деп жазады Б. С. Әбзеев, - бұл кімнен шыққан тосқауыл болса да, солардың кез келгенінен Конституцияның қорғау және сақтау амалдары мен тәсілдері». Бұл жерде Конституцияның кепілдігі және Крнституциялық кепілдік деген ұғымдар9ды ажырата білген жөн, олар бір-бірімен сәйкеспейді деген Б. С. Әбзеевтің ұстанымын дұрыс деп санаймыз. Конституцияның кепілдігі-негізгі заңның тұрақтылығын қамтамасыз етуші амалдар мен тәсілдер. Конституциялық кепілдіктер жеке және ұғымдық құқықтарды мемлекеттік органдармен лауазымдық тұлғалардың Конституцияға қарсы немесе формасына қарай Конституцияға сәйкес келмейтін шешімдері мен әрекеттерді сақтандыру. Оның үстіне Конституциялық кепілдіктердің әрекет ету, аясы кең олар, Конституцияны әр түрлі тосқауылдардан қорғау мен сақтауға бағытталмаса да (Бұл үшін Конституциясы кепілдігі бар. ) жеке тұлға мен азаматтық қоғамға экономикалық саяси және құқықтық қорғауға кепілдік береді. Бірақ мұндай кепілдіктердің сипаты құқықтар мен бостандықтарының түрлерінен ерекшеленеді: Әлеуметтік экономикалық құқықтар оларды жүзеге асырудың кеңейтілген әлеуметтік бағдарламасынан тұрады, ол тиісті ортада мемлекеттің оң қабақ танытуын талап етеді, ол адамның жеке құқығын жүзеге асыру сол құқыққа ие болушының көзқарасқа байланысты.
Жоғарыда келтірілгендер келесі себептер бойынша толық негізделеді: егер кепілдік деген ұғым қоғамның барлық азаматтары үшін Конституциялық құқықта мен бостандықтарды пайдаланудың нақты және данқтық мүмкіндіктерін қамтамассыз етудің мемлекет құрған амалдары деп ұғынылса онда олардың жүйесі кепілдік берудің материялдық саяси және заңдық шарттарын қамтуы тиіс.
«Басқаша айтқанда, -деп жазады Б. С. Әбзеев, - Конституцияда бекітілген негізгі құқықтар мен бостандықтар заңнамалық басқару және соттық «іс-әрекеттерде көрсетілген міндеттерді мемлекетке артады».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz