Ұлттық тәрбие беру арқылы бастауыш сынып оқушыларыны шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары



Ұлы педагогтардың бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беретін еңбектері
Ұлттық педагогика
Білім беру
Пайдаланған әдебиеттер
ХХ ғасырдың 20 - 30 жылдары Қазақстанда этнопедагогикалық ой - пiкiрдiң дамуына үлкен үлес қосқан қазақтың ағартушы - педагогтары А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Дулатовтың еңбектерiнде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру туралы ой - пікірлері, оларды жүзеге асыру жолдары нақты көрсетiлген.
1. Ахмет Байтұрсыновың бүкіл өмір жолындағы басты идеясы қазақ халқының ұлттық санасын ояту, тұрмыс - жағдайын жақсарту, ол үшін халықты жаппай сауаттандыру, оқыту керек екенін айтып, өзінің ұлттық идеясын насихаттайды.
А. Байтұрсынов қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына ерекше күш жұмсап, оларға арнап “Сауат ашқыш” атты оқу құралын жазып шығарды.

Ахмет Байтұрсыновтың “Әліпбиi” қазақтың алғашқы ұлттық сипаттағы әліппесі. Ол араб графикасымен жазылған нағыз ұлттық “Оқу құрал”. Бұл оқулықты жазудағы оның алға қойған мақсаты - бастауыш сыныпта балалардың сауатын ашу. Кітапта автор әр әріпті жекелеп түсіндіріп, олардың жазылу және айтылу кезіндегі ерекшеліктеріне тоқталады.
Оқу құралының ерекшелігі әріпті тегіс үйретіп біткеннен кейін оқулық соңында сауат ашар оқушы қауым үшін тәрбиелік маңызы ерекше, идеясы құнды өлеңдер, тақпақтар, айтыс, ұсақ әңгімелер берілген. Оларды берудегі мақсат - оқушы әріптерді толық меңгерді ме, жоқ па, екіншіден, жаттығу үшін берілген әдеби нұсқалар оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелер деген ой болды.
1. Ахмет Байтұрсынов «Шығармалары», 1989жыл, Алматы
2.«Бастауыш мектеп» №5 - 6, 2007жыл, Алматы
3. Байтұрсынов А. «Тіл тағлымы» 1992жыл, Алматы

4.«Қазақстан мектебі» №3, 2007жыл, Алматы
5.«Бастауыш класс оқушыларының ой өрісін дамытудың кейбір тиімді
әдістері» 1994жыл, Ақтөбе қаласы
6. Берікұлы Ниетжан «Педагогика» Ақтөбе - 2004 жыл
7.«Тәрбие құралы» №1, 2006, жыл, Алматы

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Ұлттық тәрбие беру арқылы бастауыш сынып оқушыларыны
шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары
ХХ ғасырдың 20 - 30 жылдары Қазақстанда этнопедагогикалық ой - пiкiрдiң дамуына үлкен үлес қосқан қазақтың ағартушы - педагогтары А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Дулатовтың еңбектерiнде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру туралы ой - пікірлері, оларды жүзеге асыру жолдары нақты көрсетiлген.
1. Ахмет Байтұрсыновың бүкіл өмір жолындағы басты идеясы қазақ халқының ұлттық санасын ояту, тұрмыс - жағдайын жақсарту, ол үшін халықты жаппай сауаттандыру, оқыту керек екенін айтып, өзінің ұлттық идеясын насихаттайды.
А. Байтұрсынов қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына ерекше күш жұмсап, оларға арнап "Сауат ашқыш" атты оқу құралын жазып шығарды.

Ахмет Байтұрсыновтың "Әліпбиi" қазақтың алғашқы ұлттық сипаттағы әліппесі. Ол араб графикасымен жазылған нағыз ұлттық "Оқу құрал". Бұл оқулықты жазудағы оның алға қойған мақсаты - бастауыш сыныпта балалардың сауатын ашу. Кітапта автор әр әріпті жекелеп түсіндіріп, олардың жазылу және айтылу кезіндегі ерекшеліктеріне тоқталады.
Оқу құралының ерекшелігі әріпті тегіс үйретіп біткеннен кейін оқулық соңында сауат ашар оқушы қауым үшін тәрбиелік маңызы ерекше, идеясы құнды өлеңдер, тақпақтар, айтыс, ұсақ әңгімелер берілген. Оларды берудегі мақсат - оқушы әріптерді толық меңгерді ме, жоқ па, екіншіден, жаттығу үшін берілген әдеби нұсқалар оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелер деген ой болды.
Оқу құралындағы қазақ халқының даналығын көрсететін ауыз әдебиетінің тәрбиелік мазмұнды түрлі жанрларын пайдалануға ұсынылуы бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудегі әсері мен ықпалы ерекше, оны қазіргі кезде әліппе жазуда басшылыққа алу қажет деп санаймыз.
А. Байтұрсынов өзінің "Бастауыш мектеп" деген мақаласында қазақ бастауыш мектептерінде қандай пәндер оқытылуы қажет деген мәселеге арнайы тоқтап, ол пәндерді "оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, шаруа - кәсіп, қолөнері, жағрафия, жаратылыстану болу керек" екендігін нақтылап көрсетеді. Сол мақаласында бастауыш мектепте оқыту тілі туралы: "... Қазақ балаларын ана тілінде, төте жолмен, қолайлы құралдармен оқыту керек" деп кесіп айтты. Сондай - ақ, мақаласында ол туған халқының ғылым - білімге ұмтылуын, әр қазақтың ең болмаса бастауыш білім алуын аңсады. "Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білім де сондай керек", - деп жазды ол.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық мектептер ашылып, ондағы оқыту, тәрбиелеу бағдарламасына өзгерістер енгені бәрімізге белгілі. Сондықтан да халықтық педагогиканы сабақта, сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында қолданып, оны оқушылардың бойына сіңіру - біздің басты міндетіміз. Ол үшін ұлттық білім беру жүйесінде негізгі мына екі бағытты ұстанғанымыз жөн.
1. Ұлттық педагогиканың негізінде оқушыларға білім мен өнеге берудің тиімділігін көтеру.
2. Халықтық тәрбиенің ықпалы мен пайдасын ұқтырып, ұлттық сана - сезім тұрғысынан жастарды тәрбиелеу.
Ұлттық білім берудің өзі - ұлттық қауіпсіздік пен мәдениеттің құрамдас бөлігі. Ал ұлттық білім берудің құндылығы толығымен әлеуметтік дамумен,
оның түбегейлі өзгеруімен анықталған.
Оны пайдалану жүйелері төмендегідей болуы тиіс.
Ұлттық мектепте ғана ұлттық білім жүйесі жүзеге асырылады. Ұлттық білім деп білім мазмұнындағы ұлттық дүниетанымды, ал ұлттық дүниетаным - ұлттық болмыс көрінісінің жүйесі. Оқушыларға қазақ еліндегі тарихи құндылықтарды, ұлттық әдет - ғұрып пен салт - дәстүрді оқыта отырып, бойларына сіңіріп, ой - өрісінің жан - жақты болуына үлес қосуымыз керек.
Сондықтан шығармашылық ізденіс үстінде жүріп, Ұлттық тәрбие беру арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары атты баяндама жазу үшін мынадай жоспар жасадым.

1. Ұлттық білім беру жүйесінің бағыттарын үйрену.
2. Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру туралы ұсынған педагогтардың ой - пікірлерін оқу, танысу.
3. Ұлттық тәрбиені сабақпен байланыстыру.
4. Ұлттық тәрбие беру арқылы оқушының қызығушылығын арттыру.
Осы мақсатқа жету үшін мұғалім 45минуттық сабағында оқушыларға ұлттық тәрбиені тақырыпқа сәйкес тиімді пайдалана алу керек деп ойлаймын.
Бала қиялы ғажап! Баланы қызықтыра білсең қызыға біледі. Барлығы дерлік өлең шығара алмас, әңгіме жазуға құмартпас. Бірақ әр бала әр нәрсеге қызығады, әр нәрсеге икемді болады. Сондықтан оның қай іске бейім екенін танып алып та жекелеме жұмыстар беру арқылы дамытуға болады. Мысалы, біреу сурет салғанды жаны сүйеді, оған осы сурет салу туралы әңгіме, не өлең жазуға тапсырма беруге болады. Сосын осы сала бойынша жұмбақ, мақал - мәтел жинақта деп тапсырма берсе тіптен жақсы.
Оқушылардың ойлау дәрежесіне қарай, біліміне қарай оларға берілетін тапсырмаларды деңгей бойынша бөліп те беруге болады.
Ұлттық әдет - ғұрыптар туралы мәліметтерді оқушылардың өздеріне жинауға да тапсырма беріп, әр элементін ойын түрінде сабақта қолданып отырса, оқушы үшін де қызғылықты болады.
Білім беру қашанда мәдени дәстүрлердің айрықша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдебиеттік оқу пәнінен отансүйгіштік, елжандылық бағытындағы тапсырмалар
Кіші мектеп оқушыларының сөйлеу процесінің психологиялық ерекшеліктерін анықтау
Абай еңбектерінің негізінде ана тілі оқу сабағында оқушылардың құлықтық тәрбиесін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу құндылықтарын белгілеу
Мектептің 1 жылғы жұмыс жоспарын құрастыруға арналған әдістемелік ұсыныстар
Сынып ұжымымен тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларының гумандық қасиеттерін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу
Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Жалпы баланы еңбекке тәрбиелеудің міндеттері
Пәндер