Құранды етістіктердің ерекшеліктері



І Кіріспе бөлім:
А) Құранды етістік деген не?
ІІ Негізгі бөлім:
А) Құранды етістіктің жасалуы
Ә) Құранды етістіктің түрленуі
Б) Құранды етістіктің түрлері:
1) есім сөз бен етістіктің түіркесі
2) идиоиаланған құранды етісіктер
ІІІ Қорытынды бөлім
Қазақ тіліндегі етістіктер екі үлкен топқа бөлінеді. Олар дербес етістіктер және көмекші етістіктер.
Дербес етістіктер лексикалық мағынасы бар және сөйлем мүшесі қызметін атқара алатын етістіктер тобы. Бұл етістіктер заттың, не құбылыстың қимыл-әрекетін білдіріп, етістіктің қосымшалары арқылы түрленіп, белгілі бір сұрақтарға жауап беріп, сөйлем ішінде басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсіп, сөз тіркесін құрайды.
Ал көмекші етісіктер деп лексикалық мағынасынан айтылып, грамматикалық мағынаны білдіретін етістіктер тобын айтамыз.
Профессор А. Ысқаков морфологиялық құрамы жағынан етістіктерді жалаң етістіктер және күрделі етістіктер деп үлкен екі топқа бөледі.
Жалаң етістік өз ішінен түбір етістік және туынды етістік болып екі топқа жіктеледі. (Жақ, күл, аш, бер, ая, обл, жар сөздері түбір етістік болса, ойлан, ашулан, жақсыла, жаманда сөздері туынды етістік болады).
Күрделі етістіктер есімді тіркестерден және етістікті тіркестерден құралады. Күрделі етістіктер өз ішінде бірнеше түрлерге бөлінеді. Олар:
1. Құранды етістіктер.
2. Құрама күрделі етістік немесе жай құрама етістік
3. Тұрақты тіркестер, яіни идиомаланған етістіктер.
Құранды етістіктің лексикалық мағынасына бірінші компонент (есім) негіз болса, екінші компонент (көмекші етістік) сол есім сөзді етістікке айналдыратын дәнекер есебінде қызмет етеді (жәрдем ет-жәрдемдес, ән сал-әндет, бірақ көмекті етістік қызмет жағынан жұрнаққа ұқсас болғанымен, формасы мен мағынаны жағынан ешуақытта да онымен яғни жұрнақпен тең түсе алмайды. Сөйтіп күрделі етістіктің бұл формасы, яғни үлгісі сыртқы тұрпаты, құралы жағынан да, ішкі мазмұны, яғни семантикасы жағынан да, құранды болып келеді.
1. А. Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» Алматы «Ана тілі» 1991ж.
2. Н.Оралбай «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» Алматы, 2007ж.
3. Н.Оралбай «Қазақ тілінің сөзжасамы» Алматы-2002ж.
4. Ә. Нұршайықов «Махаббат, қызық мол жылдар» Алматы-1992ж.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

Қазақ филологиясы

Қазіргі қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасы

ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Құранды етістіктердің ерекшеліктері

Орындаған: 050117-қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша
Күндізгі оқу бөлімі 3-курс, 2-топтың студенті
Белхожаева Динара

Ғылыми жетекші: филология ғылымдарының кандидаты, доцент міндетін
атқарушы Балтабаева Жаңалық

Алматы, 2007
Жоспар:
І Кіріспе бөлім:
А) Құранды етістік деген не?
ІІ Негізгі бөлім:
А) Құранды етістіктің жасалуы
Ә) Құранды етістіктің түрленуі
Б) Құранды етістіктің түрлері:
1) есім сөз бен етістіктің түіркесі
2) идиоиаланған құранды етісіктер
ІІІ Қорытынды бөлім
Құранды етістіктер.
Қазақ тіліндегі етістіктер екі үлкен топқа бөлінеді. Олар
дербес етістіктер және көмекші етістіктер.
Дербес етістіктер лексикалық мағынасы бар және сөйлем
мүшесі қызметін атқара алатын етістіктер тобы. Бұл етістіктер
заттың, не құбылыстың қимыл-әрекетін білдіріп, етістіктің
қосымшалары арқылы түрленіп, белгілі бір сұрақтарға жауап беріп,
сөйлем ішінде басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсіп, сөз
тіркесін құрайды.
Ал көмекші етісіктер деп лексикалық мағынасынан айтылып,
грамматикалық мағынаны білдіретін етістіктер тобын айтамыз.
Профессор А. Ысқаков морфологиялық құрамы жағынан етістіктерді
жалаң етістіктер және күрделі етістіктер деп үлкен екі
топқа бөледі.
Жалаң етістік өз ішінен түбір етістік және туынды етістік
болып екі топқа жіктеледі. (Жақ, күл, аш, бер, ая, обл, жар
сөздері түбір етістік болса, ойлан, ашулан, жақсыла, жаманда
сөздері туынды етістік болады).
Күрделі етістіктер есімді тіркестерден және етістікті
тіркестерден құралады. Күрделі етістіктер өз ішінде бірнеше
түрлерге бөлінеді. Олар:
1. Құранды етістіктер.
2. Құрама күрделі етістік немесе жай құрама етістік
3. Тұрақты тіркестер, яіни идиомаланған етістіктер.
Құранды етістіктің лексикалық мағынасына бірінші компонент (есім)
негіз болса, екінші компонент (көмекші етістік) сол есім сөзді
етістікке айналдыратын дәнекер есебінде қызмет етеді (жәрдем ет-
жәрдемдес, ән сал-әндет, бірақ көмекті етістік қызмет жағынан
жұрнаққа ұқсас болғанымен, формасы мен мағынаны жағынан
ешуақытта да онымен яғни жұрнақпен тең түсе алмайды. Сөйтіп
күрделі етістіктің бұл формасы, яғни үлгісі сыртқы тұрпаты, құралы
жағынан да, ішкі мазмұны, яғни семантикасы жағынан да, құранды
болып келеді. Осы себептен бұл үлгі бойынша жасалатын етістіктер
күрделі құранды етістік деп талады. Мысалы, ағалық, ет, үлгі
қыл, қабыл ал, ғалым бол, айғай сал, дем ал, ба и, жанжал
шығар, бет қой, серуен сал, естен тан, бас қатыр, зар қақ,
жақсы көр, еңбек сіңіп т.б.
Професоор А. Исқақовтың Қазіргі қазақ тілі атты еңбегінд
аталып өткен бас и, бет қой, дем ал деген күрделі құранды
етістіктері Ә. Нұршайықовтың Махаббат, қызық мол жылдар атты
романындав кездседі. Мысалы, Жомартбек танақты сарт еткізе соғып,
орнынан тұрып тағы да жан-жағына қарап бас иді.
Мен аузымдағымды әрең жұтып, жанағы Шалғынбаевта оң қолымен
кеудемді басып, жұқа құлақ кісіге қарап бас идім. Мұндағы
бірінші компонент есім сөзі ешбір жұрнақсыз, ешбір жалғаусыз
тұр. Енді оның қосымша арқылы жасалғандарына мысал келтірейік.
Меңтай дәптерінің бетін жауып, көкірегіне барып табыс септігі
жалғауы арқылы жасалып тұр.
Кешке жолаушы поезына ілігіп, Алматыға қарай бет қойдым.
Разъезд басында танитын ешкімім жоқ болғандықтан мен бірден щапшаң
адымдап, ауылға қарай бет қойдым. Жеті жасар бола күнімде
әкем шалғымен шөп шапқан жерде жатып, ойға да, мұңға да
баттым. Содан соң орнымнан тұрып, ауылға қарай қайтадан бет
қойдым. Сөйтіп, менің хатым елге, Алматыға қарай бет қойды.
Алматының қою түні бүркеген поезд ішінде, вагон доңғалқтарының
рельс қоспасына сарт-сұрт соғылдан ырғағымен теңселіп, белгісізге
бет қойып, Тапа кетті алысқа.
Соның қорылы ойымды бөлгеннен кейін оңаша жер іздеп, екі
жатақұхана аралығындағы ашық алаңға бет қойылған. Бұл
сөйлемдердің алғашқы үшеуінің екінші сыңары құранды етістігінің
екінші сыңарлары, яғни көмекші етістіктері жедел өткен тақ жұрнағы
арқылы І жвқтв жіктелген. Ал одан кейінгі сөйлемде жедел
өткен шақ формасы арқылы ІІІ жақта жіктелген, яғни нөлдік
форма арқылы жіктеліп, тұр. Кейінгі сөйлемдегі бет қойып
деген құранды етістігі көсемгеніі өткен шақ формасында келіп
тұр. Соңғы сөйлемдегі күрделі құранды етістікті тіркес
есімшенің жұрнағы арқылы І жақта жіктеліп тұр.
Меңтай терең бір дем алып, сөзін аяқтауға кірісті. Мен
бір жігітпен танысып едім соны сынап берші-деді екі иығынан
дем алып немесе Ағай, шаршап кеттік қой дем алайықшы.
Профессор Н.Оралбаева дербес етістіктердің құрамын жөніндегі
төмендегідей жіктейді:
1. негізгі түбір етістіктер
2. туынды түбір етістіктер.
3. біріккен түбір етістіктер
4. тіркесті күрделі етістіктер мен құранды етістіктер
5. тұрақты тіркесті (идиомаланған) етістіктер.
Құранды етістіктер есім сөзге ет, қыл, бол, қақ, ал, сол
көмекші етістіктері тіркуесіп, есім сөзге қимыл мәнін қосып,
етістік жасайды. Мысалы, жәрдем ет (іңіз), адам бол (са), мәз қыл
(ды), қорған бол(ды), көмек ет(сін), алаң ет(пе), алаң бол(ма), сақ
бол, телефон соқ, айғай сал, зар қақ, серуен сал, қабыл ал.
Бұл көмекші етістіктердің есім сөзден етістік жасайтынын
етістіктің сөз жасамдық жұрнағы арқылы жасалған туынды түбір
етістікпен салыстыру арқылы байқауға болдады. Мысчалы, жәрдем ет-
жәрдемдес, көмек ет-көмектес, алаң етпе-алаңдама, сақ бол-сақтан,
телефон соқ-телефонда (званда), айғай сал-айғайла, қабыл ал-
қабылда, серуен сал-серуенде, зар қақ-зарла. Осы құрамдағы құранды
етістіктердің бәрінің сөйлемде қандай тұлғаға түрленсе де,
морфемдік құрамы сақталады, өйткені олардың лексикалық мағынасы
сол құралды ғана беріледі, сөйлем дербес етістіктің морфемдік
құрамын өзгерте алмайды.
Бол, қыл, ет көмекші етістіктері тілде әртүрлі қызмет
атқарады. Бұл етістіктер тілде әрі жетекшілік те қызмет атқарады.
Үшеуінің мағыналарында да, түрлену жүйелернде де, функцияларында да
ортақ сипаттар мен бір-бірінен ерекшеліктері де бар. Бол етістігі бір
басқа да ет, қыл бір басқа. Сонда да үшеуінің есімдермен
тіркесіп, құралды етістік жасауға аса бейім.
Ет көмекші етістігі сөйлемде етістік түрленеді. Мысалы,
Өрістеген экономика мен берік моральдық негіз бар мемлекет
ешқашанда, ешкімнен де жеңілмейді деп білгендіктен соны да, ешкімнен
де жеңілмейді деп білгендіктен соны нығайта беруге үлес қосуды
арман етмін. (Ә. Нұршайықов Махаббат, қызық мол жылдар Алматы
Жазушы 1992, 154 бет).
-Онда, буынның жерге пышақ ұрып, орынсыз (жерге)
қинағаныма ғапу ет. (201бет). Білсеңіз, менің ағайым Жүніс Ербосынов
соғыста сол кісінің қарамағына қызмет етті. (200 бет).
Неге екенін білмеймін, бұл қыздың дауысын құбылтпай,
бірқалыпты табиғи биязылықпен өтіне айтқан сөзі маған бұйрықтан
бетер әсер етті. (29бет). Төрт жыл соғыста болып, жаман, жақсыны
көп көргендіктен бе, кім білсін, енді қыздардың желкесіне қызыға
қарауға жарап қалған сияқтымын. Ішімнен бұл күйіне де
шүкіршілік еткендіктен бе, кім білсін, енді қыздардың желкесіне
қызыға қарауға жарап қалған сияқтымын. Зақаз алған даяшы кухняның
тесігіне қарай кетіп бара жатыр еді, Шалғынбаев қайтадан баж
ете түсті (182бет). Көпшілік қыздар ауызбен айтар, сөзді іштей
айтып, үнсіз баян етеді. (199бет). Екеуміздің бір-бірімізге
заманнан алған соңғы хатымызды баян етістік. (155бет).
Б деген немене, витамин бе?-деді Тана да мырс етіп
(190бет).
Мұндағы ет көмекші етістігі етемін, етті, ете, етеді, етістік
деп етістіктердің етістік парадигмаларымен толық түрленетінін
дәлелдейді. Олай болса, ет көмекші етістігі есім сөзден етістік
жасайды.
Бол етістігі қос сөзбен де тіркесіп келеді. Мысалы, бір
әлжуақ әңгім жаздым деп көкірегін гимнастеркамды жырта керіп,
көктемде тасыған шолақ сондай күркіреп, көктемде тасыған шолақ
сайдай күркіреп, шолтаңдап менің өзім қаншама әлек-шәлек болдым.
(91бет). Вагонның екі жақ есігінен бірдей солдаттар үйме-жүйме
болып, сыртқа көз салып тұр. (86 бет).
Шалдардың көздерінен аққан жас тарам-тарам болып, сақаолдарын
жуды. (118бет). Ақ көбікті аузын ашып толқын-толқын болып,
суылдаған дыбысы бөлініп, кемерден аса лықып келе жатқан сол
күні қазір мені жаңқарай жұлып әкетіп, құздан төмен, қарай
құлатып қоя беретін сияқтанды. (123 бет). Жақсы қыз мені жақсы
көре ме, айтқанымды қабылдай ма деп және дел-сал болып қалыппын
(203бет). Қоңырау күңгірі алыстап, талурап барып үзіліп кетті
де, дүние тым-тырыс бола қалды. (202 бет).
Ағаруға айналды сақал мен мұрт,
Көздің жасы көл болып, сауалды үрт.
Жалғызға қандай уақыт кез болды деп,
Кеудені жеп жатыр ғой қарабас құрт.
(Ә.Нұршайықов Махаббат, қызық мас жылдар Алматы, Жазушы, 1992 бет,
139 бет).
Бағбанның өз қолынан өсірген гүлге мақтанышпен құмарта
қарағаны сияқты, өзім солат болып қоса қорғасқан өміріміздің жанды
гүлі, жақсы қыздарға сүйсіне көз салып, осындай жандарды өлімге
бермеу үшін күрескеніме, риза болып, іштей мақтануым еді. (139
бет). Мен бұл сөзді шегір сарының әкіреңдегініне ыза болып
айттым. (207бет). Оған өзгеше құрал керек ақтыққа көз жетіп,
адалдыққа көңіл сенгенде ғана ол құл болып көкке ұшады. (151
бет). Қойшы, не керек, аттап басқанымыз әзіл, қит еткен
қимылымыз күкі болып, (хат) жатақхана жанынан өтетін трамвай жолына
жеттік. (160 бет).
Қыздар бұған да мәз боп қалды (139 бет).
Дегенмен, аузымды судан шыққан балықтай, бостан-бас ашқаныма мәз
боп, бірсыпыра асыл ойларымды ақтардым-ау деп жорамалдадым ішімнен.
(198 бет). Оған апай мәз боп қалады. (179 бет). Зайкүл сүйісуге
ыңғайлап шошайқтан ернін не істерін білмей, түсі бұзылып нәумек боп
қалды. (144 бет).
Біріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚҰРАНДЫ ЕТІСТІКТЕР
Құранды етістік. Күрделі етістіктің құрылымы: сыңарлары, мағынасы
Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған етістіктер
Етістіктің қазақ тілінде зерттелуі
Екі етістіктен біріккен күрделі етістіктер
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ Ы.МАМАНОВТЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МҰРАСЫ
Етістік категориялары
ЕТІСТІК. ЕТІСТІКТІҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ
Етіс категориясы - түбір етістіктен туатын грамматикалық форма
Пәндер