Кедейшілік қазіргі қоғамның өзекті проблемасы


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім.

  1. Кедейшілік пен жастар арасындағы жұмыссыздық, оларды шешу жолдары.
  2. Кедейлердің құрылымы.
  3. Мемлекеттің кедейшілікпен күрес шаралары.

III. Қорытынды.

Кіріспе.

Қазақстандағы кедейлік табиғи, экономикалық, әлеуметтік- саяси себептерге негізделген. Кедейлікті зерттеудің негізгі көрсеткіштері ретінде табыс, шығын тұрғындардың өмір сүру деңгейі анықталған. Бұл тұрғыдан алғанда, кедейлік негізінен әлеуметтік-экономикалық категория ретінде қарастырылады, яғни кедейлікті анықтаудың объективтік параметрлеріне көп көңіл бөлінеді.

Кедейлік дегеніміз- салауатты өмір сүруді қолдауға қажетті материалдық және мәдени ресурстардың жеткілікті болмауы.

Кедейшілік- тұрғындардың немесе отбасылардың белгілі бір бөлігінің ең төменгі деңгейдегі ақшалай, мүліктік және басқа да ресурстармен қамтамасыз етілуінің, дәлірек айтқанда өзінің жаратылыстану- физиологиялық, материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруының ең төменгі деңгейдегі әлеуметтік- экономикалық жағдайы. Кедей адамдар тек қана табысы төмен жандар емес, ол қоғамның нақты бір мүшелері болып табылады.

Кедейлік- адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс. Бұл тұрғыдан алғанда кедейлік адамның, не әлеуметтік топтың қоғамдағы белгілі бір құндылықтарға қол жеткізе алмауынан, ресми және бейресми сипаттағы шектеулерден көрінеді. Кедейлік, сонымен қатар, адамның интеллектуалдық, мәдени дамуымен, оның кедейлік туралы субъективтік түсініктерімен анықталады. Бұл факторлар адамның мәдени келбетінің, өмір салтының өзгеруіне алып келеді. Яғни кедейлік тек объективтік факторлармен ғана емес, субъективтік факторлармен де анықталады.

Кедейлер экономикалық тәуелсіз азаматтар қатарына жатпайды. Олар мемлекеттің көмегінсіз өзінің отбасының материалдық жағдайын қамтамасыз етуге қабілетсіз.

Кедейлік тек экономикалық құбылыс емес, кең тұрғыдан алғанда, ол әлеуметтік құбылыс. Кедей тап- әлеуметтік баспалдақтың ең төменгі баспасында тұрған төменгі тап. Ол ең төменгі әлеуметтік статусқа ие, мәртебесі өте төмен жұмыстың түрімен айналысады, мамандығының деңгейі төмен не мамандығы жоқ.

Кедейлік бірінші кезекте экономикалық құбылыс ретінде сипатталады. Кедейлік - тамақтың, киімнің, тұрғын үйдің жетіспеуі не жоқтығы. Кедейлік- жоғары емес, не өте төмен материалдық табыс. Кез келген елдің кедей бөлігі негізінен жұмыссыздар, не төменгі деңгейдегі табыс табушылар.

Кедейшілік пен жастар арасындағы жұмыссыздық, оларды шешу жолдары.

Тұрғындардың, оның ішінде жас тұрғындардың ең төменгі күнкөріс табысымен тұрмыс кешіп жатқандары көбінесе елдің Атырау, Қызылорда, Алматы және Жамбыл облыстарында байқалады.

Ауыл жастарының тұрмыс деңгейі мен сапасының төмендеуі ауылшаруашылығы өнімдерінің түсімімен, жалпы өнімнің қысқаруымен, азық- түлік пен жеңіл өнеркәсіп дамуының тежелуімен тығыз байланысты.

2002 жылдың маусым айында жастар саясаты жүргізген «Қазақстан жастары- 2002: жай- күйі, үрдістері, болашағы» атты әлеуметтік зерттеу қорытындысы бойынша ауыл жастарының алдында тұрған өзекті мәселелердің қатарына ауылдағы тұрмыс деңгейінің төмендігі- 50, 7 %, жұмысқа орналасу проблемасы- 35, 0 % жататындығы анықталды. Аталмыш проблемаларды шешудің нәтижесі жастардың ауылдан қалаға ағылу санының ұлғаюына немесе азаюына және ауыл тұрғындарының жағдайына ықпал етеді. Осы ахуал бойынша 29 % ауыл бозбалалары мен бойжеткендері, ресми және жасырын жұмыссыздықтың кең етек алуына қарамастан, қалаға қоныс аудару ниеттерін білдірген.

2002 жылғы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Республика бойынша 16-24 жас аралығындағы жастардың 77 678- і жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті органдарға ықылас білдірсе, осы жылы олардың 31 718- і жұмысқа орналастырылған.

Жұмыссыздық мәселесін шешудің және оның салдары ретінде қаржылық әл-ауқатты көтерудің бір жолы- жеке іс ұйымдастыру. Жастар кәсіпкерлігін дамытудың негізгі шаралары ішінде жас адамдармен айрықшаланғандары: жастар кәсіпкерлігіне несие жеңілдігін беру- 33, 1 %, жастар кәсіпкерлігін дамыту және қолдау үшін арнайы органның құрылуы- 11, 4 %, кедендік және салықтық салмақтың төмендігі- 10 %.

Кедейшілік пен жастар арасындағы жұмыссыздық мәселелерін қарастыра келе, төмендегідей қорытындылар шығаруға болады :

  • Республикадағы кедейшілік деңгейін, тұрғын халықтың ең төменгі күнкөріс табысын, тұрмыс жағдайы нашар жас отбасыларының деңгейін анықтау мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмектермен қамтамасыз етуге елеулі ықпалын тигізеді;
  • Кедейшіліктің алдын алу шараларының нәтижесінде ғана тұрғын халықтың тұрмысын түзеуге бағытталған іс- шараларды жүргізуге, әсіресе жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту жылдарын іздестіруге күрделі әлеуметтік- экономикалық жағдайдан шығу жолдарын анықтау.

Жас ауылдықтардың пікірлерінше, олар қалаға тұрақты жұмысқа орналасу ( 13, 3 %), жайлы тұрмыс кешу ( 10, 5 %), қосымша табыстар табу (6, 9 %) мүмкіншілігіне ие болу үшін қоныс аударады.

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, өздерін бай отбасылар қатарына жатқызатындардың жан басына шаққандағы орташа айлық шамамен 20 000 теңгені, қамтамасыз етілгендер қатарындағыларда 15 000 теңгені, табысы аз отбасыларында 1 000 теңге көлемін, кедейшілік деңгейінде тұратындарда 600 теңгені құраған.

Кедейшілік проблемасын сәтті шешуде келесі басымдылықтарды көрсетуге болады:

  • Ұсақтауарлы ауылшаруашылық өнімдерінің жоғарылығын арттыру тек қана фермерлерге жоғары табыс әкеліп қоймай, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, сондай- ақ тамақ өнімдеріне деген бағаның азаюына мүмкіндік туғызады;
  • Жұмыссыз жастарды әлеуметтік қорғаудың бірден- бір көзі жастарға жәрдемақы төлеу, жергілікті бюджеттен материалдық көмек көрсету;
  • Жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету.

Аймақтық деңгейде жұмыссыздардың ең көп пайызы Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Ақмола, Қостанай облыстарында байқалған, яғни аталмыш облыстардағы жұмыссыздық дәрежесі республикалық деңгейден жоғары.

Кедейліктің құрылымы.

Кедейлердің әлеуметтік құрылымында өзгерістер пайда болды. Кедейлер табы қазіргі кезде жеке басты аналармен, көп балалы аналармен, зейнеткерлермен, мүгедектермен ғана емес, еңбекке жарамды адамдармен де толығуда. Қазіргі кезеңдегі кедейлер қатарында келесі топтар бар:

  • еңбекке жарамсыз кедейлер;
  • еңбекке жарамды кедейлер;
  • әрекет етуші кедейлер;
  • әрекет етпейтін кедейлер;
  • дәстүрлі кедейлер;
  • жаңа кедейлер.

Дәстүрлі кедейлер тобына дүние жүзінде мына топтарды жатқызады:

  • зейнеткерлер;
  • мүгедектер;
  • көп балалы отбасы;
  • солдаттардың жесірлері,
  • кішкентай балалары бар жас отбасылары;
  • жетім балалар және ата-анасының қарауынсыз қалған балалар;
  • қашқындардың отбасы.

Жаңа кедейлер тобына ресми жұмыссыздар, жалақысы өте төмен бюджеттік саланың өкілдері, ауыл тұрғындарының басым көпшілігі, еріксіз демалыстағы жұмыскерлер, тұрғындардың жаңа нарықтық жағдайға бейімделе алмаған бөлігі артта қалған қалалардың және экологиялық қолайсыз аймақтардың тұрғындары, оралмандардың экономикалық тәуелсіздік пен жағдайға жете алмаған бір бөлігі, таяу шет елдерден келген босқындар мен қайыр сұраушылар және т. б. жатады.

Қ. Мұхтарова Қазақстандағы кедейлердің кейбір ерекшеліктерін атап көрсетеді:

Біріншіден, көптеген адамдардың кедейленуінің себебі жалақының және де басқа да төлемдердің уақытында берілмеуі, қосымша жинақтың болмауы.

Екіншіден, Қазақстандағы кедейлер өзінің сапалық құрамымен ерекшеленеді, олардың қатары маманданған жұмысшылармен, білімді мамандармен, интеллигенция өкілдерімен, яғни сапалы жұмыскерлермен толығуда. Олардың көбі тұрғындардың негізінен дені сау және еңбекке жарамды бөлігі.

Қазақстанның қазіргі әлеуметтік құрылымында бірнеше топтарды көрсетуге болады:

  1. Табыс деңгейі төмен және материалдық жағдайы нашар адамдар;
  2. Кәсіби дайындығының ескеруіне не жеткіліксіздігіне сауаттылық деңгейінің төмендігіне, тұрған елдің мекеніне байланысты;
  3. Табыстың кемуі мен шығынның үнемі өсуіне алып келетін күтімді қажет ететін кәрі адамдарды не ауру адамдары бар отбасылары және балаларын өзі тәрбиелеуші жалғыз басты аналар.

Мемлекеттің кедейлікпен күрес шаралары.

Кедейлік жою саясатына байланысты мынадай тұжырымдарды ескеру қажет:

  1. кедейлікті азайтудың анықтаушы факторы ретінде экономиканың тұрақтануы мен дамуы есептеледі.
  2. әлеуметтік саясат адрестік көмек беру жүйесін жетілдіруі және мемлекеттің қолдауына мұқтаж топтарды анықтауы қажет.
  3. жұмыссыздық мәселесі, әсіресе әйелдер арасындағы кедейлік шегінен төмендеңгейде өмір сүрушілер.

Кедейлікті жеңу, халықтың өмір сүру деңгейін көтеру- Қазақстан алдындағы стратегиялық мақсаттардың бірі. Кедейлік мемлекеттің экономикалық әлсіздігін көрсетеді және саяси тұрақсыздықтың басты себебі болып табылады. Кедейлікпен күресуде келесі принциптерді атап көрсетуге болады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бірінші кедейлік мәселесі
Қазақстан Республикасындағы ұлттық қауіпсіздік саясаты
Қазақстандағы кедейліктің осы заманғы жағдайы
Кедейшілік - макроэкономикалық маңызды мәселесі
Жергілікті өзін өзі басқарудың шетелдік тәжірибесі. Кедейшілік туралы
Қазақстан әлеуметтік жүйесінде терең және түбегейлі өзгерістер
Қазіргі Қазақстандағы байлық пен кедейшілі
Әлеуметтік саясаттың мәні, мақсаты және міндеті
Экономикалық өсудің кедейліктің деңгейіне ықпалы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕЙШІЛІКТІ РЕФОРМАЛАУДЫҢ ТУРАЛЫ СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz