Қазақстандық археография



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Археография ғылыми пән ретінде
1.1 Археография ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.2 Археография ғылымының пайда болу, даму және
қалыптасу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

2 Қазақстандық археография
2.1 Еліміздегі археографияның қалыптасу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
2.2 Археография және Мәдени мұра бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...51
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...53
Диплом жұмысының өзектілігі. "Құжатсыз тарих жоқ, тарихсыз мемлекет, ұлт жоқ" деген кағида қашанда өзінің ой тұжырымдық ерекшелігін жоғалтқан емес. Өйткені архив кұжаттары және көпшілікке арналған жинақ құжаттары өткен тарихымызды зерттеп, объективті түрде жазуда әр ғалымға, зерттеушіге нақтылы мағлұмат беретіні анық.
Қазақстанның тәуелсіздік алуы тарихқа жаңа көзқарасты қалыптастырып, тарихи құжаттық жинақтар, зерттеулер ұлттық мүдде тұрғысында ғылыми- жазыла бастауы қуантарлық жай. Тарихи зерттеулердің басым көпшілігі мұрағат құжаттарына және деректік құжаттарға сүйене отырып
жазылғандықтан бүгінгі таңда бұл мәселенің де өзектілігі артуда.
Археография ғылымы Қазақстанның мұрағаттану ісінің негізгі бір саласы ретінде құжаттық ескерткіштерді жинау, талдау, зерттеу арқылы оның құндылығын анықтай отырып, жинақты шығару ережелеріне сәйкес, жүйелі Бүгінде тарихи құжаттарды жария ету ісіне Қазақстанда айтарлықтай көңіл бөлініп, оның мән-мағынасына ден қою мақсатында бірқатар шаралар қолға алынған. Ұлттық археография және деректану орталығының ұйымдастырылуы өзі бұл салаға қаншалықты мемлекеттік деңгейде мән берілгені куә. Бірақ болашақта атқарылатын шаралар да, жүзеге асатын ауқымды істер өте көп. Сапалы құжаттық басылымдарды шығару үшін мұрағаттану, археография салаларында жұмыс жасайтын мұрағатшы-археографтар мамандарын даярлау, мұрағаттану, археография, деректану ғылымдарын одан әрі дамыту болып табылады.
Бұған қоса қазіргі таңда археографияның алдында үлкен міндеттер тұр. Мысалға мұрағатта жатқан көптеген бай мұрамызды оқырманға жеткізу, оқу құралдар, жинақтар басып шығару. Демек археографияның дамуы тікелей отандық мұраттардың жағдайымен байланысты. Қазақстанның мұрағат қорларында қазіргі таңда 15 миллионнан астам істі құрайтын құжаттар сақталуда. Бұл құжаттардан: отаршылардың қазақ даласындағы басқыншылық саясатын, отарлауға қарсы хандар мен батырлардың күресін, тіл жеткісіз қиянатқа ұшыраған елдің көз жасын, еш уақытта ақтауға болмайтын қанқұйлы саяси қуғын-сүргінді, қолдан жасалған ашаршылық нәубетті, сатқындықты, тарихтың ашылмаған құпиясын, атажұрттан еріксіз босқандардың мұңзарын, ата-тек шежіресін, рухани байлық-ән мен күйге, тіл мен дінге, шекараға, бір сөзбен, айтқанда халықтың тыныс-тірлігіне қатысты деректердің бәрін де табуға болады. Бұл рухани байлық мұрағатшылардың жанқиярлық еңбегімен жиналды.
1. Валк С.Н. Советская археография. Москва,1948. 243с.
2. Добрушкин Е.М. Основы археографии, Москва, 1992. І раздел. С. 7-26.
3. Козлов В.П. Теоритические основы археографии с позиций современности //Отечественные архивы. №1. 2001. С.10-23.
4. Козлов В.П. Русская археография конца ХVІІІ-первой четверти ХІХ века // Автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора исторических наук. С. 3- 48.
5. Шмидт С.О. Некоторые итоги и перспективы развития отечественной археографии. // Северный археографический сборник. № 4. Сыктыквар,1977. С. 5-22.
6. Эпштейн Д.М. История археографии в дореволюционной России. Москва,1977.
7. ВНИИДАД. Археографическая деятельность архивных учреждений союзных республик (1918-1975гг). // Том Х.
8. Степанский А.Д. Археография: термин,обьект,предмет // Отечественные архивы. №3. 1996. С.16-24.
9. Черных В.А. Еще раз об обьекте и предмете археографии // Отечественные архивы. №3. 2001. С. 24-28.
10. Каштанов С.М. О предмете и обьекте археографии (некоторые замечания по поводу статьи Козлова) // Отечественные архивы. №3. 2002. С. 43-47.
11. Королев Г.И. Археография. Москва., 1996. 256с.
12. Алпысбаева Н.К. Қазақстандағы археографияның қалыптасуы және қазіргі кездегі дамуы // Тарихи дерек: археография және деректанудың қазіргі мәселелері. Алматы,2007. Б. 23-28
13. Хасанаев М.Ж. Архивоведение. Алматы. 2003. 187с.
14. Медеуов Т.Ж. Құжаттық ескерткіштерді шығарудағы археографияның атқаратын қызметі // ҚазМУ хабаршысы тарих сериясы. №7. Алматы, 1997. Б.123-131.
15. Сариева Р.Х. Мұрағат және тарих. Арыс-2004. 435 б.
16. Жанаев Б.Т. Археографическая деятельность государственных архивов РК: перспективы и итоги // Архивы Казахстана. №2. 2001.С. 48-68.
17.М.Әбусейітова Шығыстану институты және “Мәдени мұра” бағдарламасы // Қазақ тарихы журналы. №2. Алматы, 2007. Б. 3-10.
18. “Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы” // Сборник нормативно-правовых актов. Алматы,2007.
19. Қазақстан Республикасы мұрағат ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған тұжырымдамасы // Сборник нормативно-правовых актов.Алматы,2007.
20. ҚР Президентінің 13.01.04 Жарлығымен бекітілген «Мәдени мұра» бағдарламасы.
21.Методическое пособие по археографии. Москва, 1991.
22.Сборник нормативно-правовых актов, научно методических документов в области архивного дела 1998-2001. Алматы, 2007.
23.Политические репрессии в Казахстане 1937-1938 гг.Сборник документов // Архив Президента РК. Алматы, 1998.
24.Насильственная коллективизация и голод в Казахстане 1931-1933гг. Сборник документов // Институт и этнологии им. Ш. Валиханова, ЦГА, Архив Президента РК. Алматы, 1998.
25.История Букеевской орды. Исследования // Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті. Орал,2001.
26.Депортация народов в Казахстане // Архив Президента РК. Алматы, 1998.
27.Шмидт С.О. Археография, архивоведение, памятниковедение. Москва, 1997.
28.Шмидт С.О. Некоторые вопросы развития советской археографии // Археографический ежегодник за 1978 г. Москва, 1979.
29.Селкебаева А.Т. Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты жанындағы Қазақстанды зерртеу қоғамы: құрылуы мен қызметінің тарихы (1920-1936 жж.) // Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясы. Алматы, 2007.
30. ҚР мұрағат мекемелерінің баспа басылымдары (1998-2005). Астана, 2006.
31.Медушевская О.М. Архивный документ, исторический источник в реальности настоящего // Отечественные архивы. №2. 1995.
32.Селезнев М.С. Документальная публикация как историко-археографическое понятие // Отечественные архивы. № 3. 1992.
33.Козлитин И.П. Государственные архивы республик Средней Азии и Казахстана. Москва, 1961.
34.Кондратьева В.А. Хевролина В.М. Некоторые вопросы терминологии советской археографии // Труды МГИАИ, 1972. Т.29.
35.Добрушкин Е.М. История отечественной археографии. Москва,1989.
36.Селезнев М.С. Теория и методика советской археографии. Москва, 1974.
37.Сариева Р., Абдулина А. Очерки по истории организации архивного дела в Казахстане (1918-1945). Арыс, 2006.
38.Правила издания исторических документов в СССР. Москва,1990.
39.Валк С.Н. Избранные труды по археографии. Москва, 1991.
40.Несторович Ю.В. К вопросу о предмете археографии и типологии документальных публикаций // Отечественные архивы. №3. 2002.

Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Археография ғылыми пән ретінде
1.1 Археография
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...8
1.2 Археография ғылымының пайда болу, даму және
қалыптасу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

2 Қазақстандық археография
2.1 Еліміздегі археографияның қалыптасу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...30
2.2 Археография және Мәдени мұра
бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .51
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..53

КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзектілігі. "Құжатсыз тарих жоқ, тарихсыз мемлекет,
ұлт жоқ" деген кағида қашанда өзінің ой тұжырымдық ерекшелігін жоғалтқан
емес. Өйткені архив кұжаттары және көпшілікке арналған жинақ құжаттары
өткен тарихымызды зерттеп, объективті түрде жазуда әр ғалымға, зерттеушіге
нақтылы мағлұмат беретіні анық.
Қазақстанның тәуелсіздік алуы тарихқа жаңа көзқарасты қалыптастырып,
тарихи құжаттық жинақтар, зерттеулер ұлттық мүдде тұрғысында ғылыми-
жазыла бастауы қуантарлық жай. Тарихи зерттеулердің басым көпшілігі
мұрағат құжаттарына және деректік құжаттарға сүйене отырып
жазылғандықтан бүгінгі таңда бұл мәселенің де өзектілігі артуда.
Археография ғылымы Қазақстанның мұрағаттану ісінің негізгі бір саласы
ретінде құжаттық ескерткіштерді жинау, талдау, зерттеу арқылы оның
құндылығын анықтай отырып, жинақты шығару ережелеріне сәйкес, жүйелі түрде
жарыққа шығару мәселелерін зерттейтін ғылым.

Бүгінде тарихи
құжаттарды жария ету ісіне Қазақстанда айтарлықтай көңіл бөлініп, оның мән-
мағынасына ден қою мақсатында бірқатар шаралар қолға алынған. Ұлттық
археография және деректану орталығының ұйымдастырылуы өзі бұл салаға
қаншалықты мемлекеттік деңгейде мән берілгені куә. Бірақ болашақта
атқарылатын шаралар да, жүзеге асатын ауқымды істер өте көп. Сапалы
құжаттық басылымдарды шығару үшін мұрағаттану, археография салаларында
жұмыс жасайтын мұрағатшы-археографтар мамандарын даярлау, мұрағаттану,
археография, деректану ғылымдарын одан әрі дамыту болып табылады.
Бұған қоса қазіргі таңда археографияның алдында үлкен міндеттер тұр.
Мысалға мұрағатта жатқан көптеген бай мұрамызды оқырманға жеткізу, оқу
құралдар, жинақтар басып шығару. Демек археографияның дамуы тікелей отандық
мұраттардың жағдайымен байланысты. Қазақстанның мұрағат қорларында қазіргі
таңда 15 миллионнан астам істі құрайтын құжаттар сақталуда. Бұл
құжаттардан: отаршылардың қазақ даласындағы басқыншылық саясатын, отарлауға
қарсы хандар мен батырлардың күресін, тіл жеткісіз қиянатқа ұшыраған елдің
көз жасын, еш уақытта ақтауға болмайтын қанқұйлы саяси қуғын-сүргінді,
қолдан жасалған ашаршылық нәубетті, сатқындықты, тарихтың ашылмаған
құпиясын, атажұрттан еріксіз босқандардың мұңзарын, ата-тек шежіресін,
рухани байлық-ән мен күйге, тіл мен дінге, шекараға, бір сөзбен, айтқанда
халықтың тыныс-тірлігіне қатысты деректердің бәрін де табуға болады. Бұл
рухани байлық мұрағатшылардың жанқиярлық еңбегімен жиналды.
Зерттеп отырған тақырыпты қорытындылай келе археография ғылымының
зерттелуі, насихатталуы - тарих ғылымында жаңа ұлттық көзқарастағы дерек
көздерін жинақтау зерттеу арқылы республикамыздың саяси, экономикалық және
әлеуметтік мәселелерін құжаттық түрде ерекшеліктерін, әдістерін ескерте
отырып, жарыққа шығару, төл тарихымыздың соқпақ жолдарын бүгінгі жас
ұрпаққа жеткізу болмақ.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттеу алдында осы мәселеге бойынша
жазылған еңбектер іздестіріліп, талдау жасалды. Тұтастай тарихнамалық шолу
жасау осы мәселенің өзектілік деңгейін көрсету үшін де қажет.
Тарихнамалық талдау негізінен кеңестік және ресейлік тариханаманы
қамтитын болып отыр.
Сонымен қойылған мәселе жөнінде тарихнамалық шолу бізді бірқатар ғылыми
мақалаларды саралауға алып келді. Кез келген мәселенің алғаш теориялық
тұстары көрініп тұратыны анық. Осы ретте археографияның кез келген мәселесі
бойынша тілге тиек болатыны С.Н.Валктың Советская археография [1] және
Е.М.Добрушкиннің Основы археографии еңбектері [2]. Археографияның барлық
мәселелері бойынша теориялық ілімдердің жасалуына, жалпы археографиялық
ойдың және қызметтің пайда болуына, дамуына және қазіргі таңда археография
қол жеткізіп отырған жетістіктерге осы авторлардың қосқан үлесін айрықша
деп атауға болады.
Археографияның теориялық мәселелерімен қазіргі таңда айналысып жүрген
әрі оның дамуына айтарлықтай зор үлес қосатын еңбектерімен танымал
В.П.Козловтың жалпы мұрағаттану және археография проблемаларын зерттеудегі
орны ерекше . Оның 2001 жылы Отечественные архивы журналында жарияланған
Теоритические основы археографии с позиций современности [3] атты
мақаласы өзінің әріптестері арасында көптеген пікір-талас тудырған болатын.

Аталған В.П.Козловтың Русская археография конца XVIII-первой четверти
XIXв. [4], С.О. Шмидттің Некоторые итоги и перспективы развития
археографии отечественной истории[5], Д.М. Эпштейннің История археографии
в дореволюциооной России[6], ВНИИДАДтың Археографическая деятельность
архивных учреждений союзных республик[7] атты еңбектерінде археография
ғылымының пайда болу, әсіресе даму тарихына байланысты көптеген зерттеулер
жүргізілген.
Археография ұғымы мәселесіне арналған және Отечественные архивы
журналы беттерінде жарыққа шыққан А.Д Степанскиийдің Археография:
термин,обьект, предмет[8], В.А. Черныхтың Еще раз об обьекте и предмете
археографии[9], Каштановтың О предмете и обьекте археографии[10]
мақалаларын айтуға болады.
Қазіргі археографияның дамуына жаңа бағыт беріп, оның көптеген
практикалық тұстарын соңғы технологиялардың, жаңа ғылыми ілімдердің
дамуымен ұштастыратын және оны жаңа мәртебеге лайықты ету үшін шаралардың
қажеттілігін Г.И.Королев [11] ерекше атап өтеді.
Қазақстан аясында бұл мәселеге отандық тарих ғылымында енді қолға ала
бастаған сыңай бар. Бұл саланы дамытуға әрі көпшіліктің сұранысына ие
болдыратын да Ұлттық археография және деректану орталығы деп санаймыз.
Басылымның көп жақты проблемалары археографияның пән ретінде қалыптасуы
мен дамуын көрсетуде де көтеріліп, сол арқылы археографияның қажеттілігі
мен мақсаты кеңінен қарастыратын ғылыми мақалалар да баршылық.
Осы ретте Н.К. Алпысбаеваның Қазақстандағы археографияның қалыптасуы
мен қазіргі кездегі дамуы[12] атты мақаласындағы археография мәселесінің
барлық жақтарын қарастыруға тырысқанын айта кету жөн. М.Ж. Хасанаевтің
Архивоведение[13] еңбегі, Т.Ж. Медеуовтың Құжаттық ескерткіштерді
шығарудағы археографияның атқаратын тарихи қызметі[14] мақаласы және Р.
Х.Сариеваның Мұрағат және тарих[15] атты жинағында Қазақстан
археографиясы, оның проблемалары жайлы жазылған.
2001 жылы Қарағанды қаласында ҚР мұрағаттарының археографиялық
қызметі атты мұрағат ісі саласында алғаш рет өткізілген конференция
материалдары аса құнды. Солардың ішінде Б.Т. Жанаевтің Археографическая
деятельность государственных архивов РК: перспективы и итоги[16]
мақаласында қазіргі мұрағаттардың археографиялық жұмысына қорытындылар
жасауға тырысқан.
М.Әбусеітованың Қазақ тарихы басылымында жарияланған және Мәдени мұра
бағдарламасы аясында жүргізген жұмыстары жайлы мақаласы археографиялық
мәліметтерге бай[17].
Диплом жұмысының деректік негізі. Диплом жұмысының негізгі дерек
көздерін заң актілері, әдістемелік нұсқаулар, ҚР Орталық мемлекеттік
мұрағатындағы археография саласындағы есептері құрайды.
Осы ретте Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев қолдаумен
1998 жылы 22 желтоқсанда Ұлттық мұрағаттар туралы[18] қазақ тарихында
мұрағат жөнінде тұнғыш Заң қабылданды. Заң 8 баптан тұрады, оның бесінші
бабы археография саласына арналған.
Бұл заң Қазақстан мұрағатының жаңа дәуіріне, оның өркендеуі мен дамуына
айқын жол ашты. Осы Заң негізінде 1999 жылдың мамыр айында, республика
мұрағаттарын басқару органы- Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат
және қоғамдық келісім министрлігінің Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару
жөніндегі комитеті құрылды. Комитет көп кешікпей Маңғыстау, Солтүстік
Қазақстан облыстары мен Алматы қаласынан басқа облыстардың бәрінде бұрын
қысқартылып кеткен Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі басқармалар
мен бөлімдерді қайтадан қалпына келтірді. Комитет республиканың мұрағат
мекемелері басшылыққа алатын бірнеше жарғы, ереже нұсқауларды өмірге
әкелді.Қазақстан Республикасы мұрағатшыларының республиқалық қоғамын
ұйымдастырды.
Деректердің келесі тобы Қазақстан Республикасында мұрағат ісін
дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған тұжырымдамасы[19] және қазақ халқының
мұраларын жаңғырту мақсаттында қабылданған Мәдени мұра бағадарламасы
Заңы[20]. Аталған заңдарда қазақ халқының тарихына қатысты деректерді
іздеу, жинау, оларды өз елімізге қайтару туралы мәліметтерді таба аламыз.
Республикамыздағы оң өзгерістер мұрағат ісін жетілдіруді, оның бағдарлары
мен басылымдақтарын анықтауды біздің алдымызда кезек күттірмейтін мәселе
етіп қойды. Бұл тұжырымдама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26
қаңтардағы №146 қаулысымен бекітілді. Осы қаулы негізінде Қазақстанда
мұрағат ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту
туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі 2001 жылы 11 маусымдағы №797
қаулыны жарыққа шығарды. Тұжырымдамада мен бағдарламада мемлекеттік
мұрағаттың негізгі мақсаттары мен міндеттері, күтілетін түпкі нәтижелер,
оларды қаржыландыру айқындалды.
2003 жылғы 28-қарашада өткен Ұлттық Кеңестің үшінші отырысында
қарастырылған мәдени мұраны жаңғырту ісі. Мәдени мұраның түпкі мақсаты
–халқымыздың асыл мұраларын жаңғырту, өлгенімізді тірілтіп, өшкенімізді
жандыру және мүмкіндігінше мәдени мұраларды рухани айналымға шығару.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бастамасымен қабылданған бағдарлама шын
мәніндегі қазіргі таңдағы өте маңызды мәселелер қамтылған, әсіресе тарихи-
мұраларға ерекше мән берген.
2004-2006 жылдар аралығында атқарылған істердің қатарында Қазақстандағы
тарихи-мәдени ескерткіштердің жинағын шығару ісін жеделдету, Қазақ
мемлекеттік кинофото құжаттар мен дыбыс жазу (ҚР ОМ КФДЖ) мұрағаты, қазақ
радиосы мен телевизиясы қорында сақталған әйгілі әншілеріміз мен белгілі
ғылым қайраткерлерінің дауысын осы күнгі аудио таспалар мен дискілерге
жазып қалдыру ескерілген.
Бағдарламаның тағы бір айрықша тұсы – ТМД елдері мен шет елдік
мұрағаттардағы Қазақстан тарихына қатысты құжаттарды сирек кездесетін
кітаптарды алдыру, көшірмесін жасаттыру, шығару мәселесіне назар
аударылғандығын айтуға болады. Мәдени мұра орта мерзімдік бағдарламасы
қанаттас екі процесстен тұрды.
Біріншіден: жинау, сақтау, жүйелеу, сипаттау, тарату және т.б.
Екіншіден: тарихи мұраны мәдени өмірімізге қайта әкелу, әлеуметтік,
мәдени, көркемдік тұрғыда қайта жаңғырту. Бұл мәдени игіліктердің жаңаша
түрленіп, түлеуіне де оң ықпал етпек.
Бағдарламаның мақсаты- қолда бар мәдени мұра мен рухани игілікті
сақтап, жаңғыртуға, тиімді пайдалануға байланысты жоспарлы іс-шаралар
жасау. Сондай-ақ ұлттың ағартушылық және интеллектуалдық деңгейін көтеруге,
өскелең ұрпақты туған халқымыздың тарихы мен жалпыадамзаттық құңдылықтар,
идеалдар рухында тәрбиелеуге бағытталған.
Дерек көздерінің келесі тобын әдістемелік нұсқаулар құрады. 1975 жылы
Мәскеуде шыққан Методическое пособие по археографии[21], 2002 жылы
Астанадан жарық көрген “Сборник нормативно – правовых актов, научно –
методических документов в области архивного дела (1998-2001)”[22]
құралдарда басылымның түрлері, оларды жариялаудағы әдіс – тәсілдер, сондай
– ақ археографиялық жұмыстардың атқарылатын шаралары ашылып көрсетілген.
Сонымен қатар, ҚР мұрағат мекемелерінің баспа басылымдары да негізгі
дерек көздерінің бірі болып табылады. Бұл жинақта 1998-2005 жылдары мұрағат
мекемелерінің бастамасымен жарық көрген басылымдар тізімі берілген, яғни
қазақ халқының ақтаңдақ беттеріне байланысты құжаттар жарияланған, атап
айтсақ: “Политические репрессии в Казахстане (1937-1938 гг.)”[23], “Голод в
казахской степи”[24], “История Букеевского ханства”[25], “Депортация
народов в Казахстане”[26] және т.б.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазақстан
археографиясының қызметіне, пайда болуы, қалыптасуы және дамуына тоқталып,
қазіргі таңда атқарылған археографиялық жұмыстарға талдау жасау.
Көрсетілген мақсатта жүзеге асыру үшін автор келесі міндеттерді қояды:
- Археографияның ғылыми пән ретінде қалыптасуының барысын көрсету.
- Археография ұғымына талдау жасау.
- Археографияның даму тарихын жан – жақты талдап көрсету.
- Қазақстан археографиясының қалыптасу мен қызметін ашып көрсету.
- Мәдени мұра бағдарламасы аясында еліміздің археографиялық жандануына
тоқталып өту.
Диплом жұмысының құрылымы. Кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Археография ғылыми пән ретінде

1.1 Археография ұғымы

Археография және археограф терминдері көне, жаңа және қазіргі кезеңдегі
түрлі тілдердегі көркем әдебиеттерде кездеседі. Археография өзінің әр-қилы
көпғасырлық өмірінде практикалық қолданысқа икемді болуы соншалық, өзінің
сипаттаған пәнін өзгерткен, осындай тағдырымен қазіргі кезеңде де өзіне
деген қызығушылығын жоғалтқан жоқ. Осыған байланысты, өзінің дамуы
барысында бұл көне жазу термин болып қалыптасқанын, бұл терминнің алыс
болашақ пен көптеген ғасырлардан кейін ғана көне деп атауға ие болатын
құжаттарға қолдануын бақылау қызықсыз емес.
Ірі кеңес археографы С. Н. Валк өзінің Судьбы археографии деген
мақаласын: Археограф және археография терминдері әртүрлі тілдерде
жазылған ежелгі, орта ғасыр, жаңа және қазіргі заман әдебиеттерінде
кездеседі. Археография сөзі қолдануға өте ыңғайлы болғандығы соншалық,
бірнеше рет өзіне белгіленген пәнін өзгерткен [8,16б], - деп бастаған
болатын. Ары қарай ол археограф термині ( ежелгі және жазамын деген
сөздерден шыққан) алғашында ежелгі қолжазбаларды көшіретін адам ұғымын
білдірген дейді. ХҮІІ – ХҮІІІ ғғ. кейбір батыс еуропалық ғалымдар
археография сөзін ежелгіні бейнелеу мағынасында қолданды. ХІХ ғ.
басында батыста бұл сөз қолданыстан жоғалады да, өз өмірін кешікпей Ресейде
жалғастырады. Ресейде бұл сөзді ең алғаш рет Н. А. Полевой өзінің Истории
русского народа еңбегінде қолданды ( 1830 ж).
Бұл терминнің орыс тіліне енуінде шешуші рөлді 1830 жылдары атақты
археографиялық экспедициясын жасаған П. М. Строев ойнады. Ол
археография дегенді қолжазбаларды табу және бейнелеу деп түсінді.
Дегенмен, экспедициядан кейін құрылған Археографиялық комиссияға (1837 ж.)
тек отандық тарихтың деректерін жарыққа шығару жүктелді. Осылайша
археография сөзі алғаш рет тарихи деректерді жариялаумен байланыстырылды.
Іс жүзінде Археографиялық комиссия тек деректердің өзін ғана жариялап
қоймай, сонымен бірге олардың ғылыми сипатын да жариялады. Нәтижесінде
археография дегенді тарихи жазба деректерді жинау, сипаттау және жариялау
деп түсіне бастады.
Бұндай жағдай тарих ғылымында көбіне тарихи деректерді жинаумен де
(сақтаумен де), сипаттаумен де, жариялаумен де, зерттеумен де бір ғана
маман шұғылданумен анықталды.
Кеңес заманында жағдай күрт өзгерді. Мұрағаттық және ғылыми-зерттеу
мекемелерінің жаңа жүйесін құру мен олардың қызметіндегі негізгі күшті ХІХ
– ХХ ғғ. деректерге шоғырландыру тарихи құжаттар жұмысымен байланысты
мамандардың сипатының өзгеруіне алып келді. Деректерді жариялау айтарлықтай
деңгейде оларды жинау (комплекттеу) және сипаттаудан жекеленді. Соңғы
жағдай тиісті ғылыми пәннің қалыптасу тенденциясын туғызды, оны да сол бір
терминмен атай бастады.
1920 жылдары археография тек деректерді жариялауға байланысты
мәселелерді қамтиды деген пікірлер айтыла бастады [8,17б]. Бірақ мәселеге
бұндай тұрғыдан қарау қарсылықты да туғызды. Тарихи-мұрағаттық институтта
оқытылатын курс негізі қаланған уақыттан бастап (1931ж.) Тарихи құжаттарды
жариялау әдісі деп аталатын. Тарихи-археографиялық институттың (КСРО ҒА
тарих Институтының құрамына кірген Археографиялық комиссияның мұрагері)
қысқаруынан кейін ғана археография терминінің дәстүрлі мағынасы
қолданыстан шықты. Тарих Институтында пайда болып жатқан археографиялық
бөлімше тек жариялау қызметімен шұғылданды. Бір жағынан ММАЗИ-де аталған
пән 1930 ж. екінші жартысында археография болып өзгертілді. Шамамен екі
онжылдай (1930 ж. ортасынан 1950 ж. ортасына дейін) археографияны өзіне
тарихи деректерді жариялау әдістері мен оларды баспаға дайындауды
міндеттеген қосалқы тарихи пән деп сипаттау билік құрды.
Жағдай 1956 жылы өзгерді. Бұл кезде ғылым Академиясын жүйесінде
Археографиялық комиссия қайта жанданып, Археографиялық жылдықты шығаруға
даярлана бастаған еді. Комиссия қызметінің аясына тек деректерді жариялау
ғана кіріп қоймай, мұрағаттану, деректану, қосалқы тарихи пәндер және т.б.
мәселелердің шеңбері де кірді. Нәтижесінде археографияны деректерді
сипаттау, жинау, жариялау деп кең мағынада түсіне бастады [34].
Терминді кең мағынада қолдануға оралу Тарихи-мұрағаттық институтқа
тиімсіз болды. Сондықтан институтта терминнің дәстүрлі мағынасы қолданыста
қала берді.
Нәтижесінде қазіргі тарих ғылымында археография екі мағынада
қолданылады: кең және тар. 1970 жылы екі жақ пікір сайыс өткізгенімен,
ол нәтиже бермеді. Компромисстік шешім деп С. О. Шмидттің кең мағынадағы
археографияны далалық, камералдық және эдициондық (латынның басып шығару
сөзі)[27] деп бөлу туралы айтқан пікірін айтуға болады.
Бұнда археография термині эдициондық мағынасында қолданылады.
Өйткені, тарихшылардың еңбегінде сілтемелер көбіне мұрағат қорына емес,
жарияланған деректерге сілтеме жасалады. Осы ретте айта кететін жайт, ғылым
үшін тек белгілі талаптарға сай келетін жарияланымдар ғана пайдалы болмақ.
Деректерді жариялаумен айналысу – ерекше мамандық, ол кейде тарихшы мен
мұрағаттанушының мамандығымен сәйкес келуі де, келмеуі де мүмкін.
Археография негіздерін білу тек оны жариялаушыға ғана емес, оқушыға да
қажет.
Археография” термині грек тілінен аударғанда “көнені жазу”, яғни ескі,
көне құжаттарды жазу деген сөзді білдіреді. Сонымен қатар – археограф С.О.
Шмидт археографияны мағынасына қарай төмендегідей топтарға бөліп
қарастырады:
а) этнографиялық – құжаттық ескерткіштерді күнделікті тұрмыста
іздеу, ғылыми айналымға енгізу, яғни жазба ескерткіштерді, фольклорды, ауыз
екі сөздерді, музыканы, әдет – ғұрып салтты зерттеу;
б) сипаттамалық археография, яғни тасқа, ағашқа, металлға, керамикаға
жазылған жазуларды оқу, зерттеу;
в) жүйелік археография – тарихи құжаттарды басып шығаруда, деректерді
бір жүйеге келтіру [28].
Археография тарихи пәніне текстология деген филологиялық пән өте
жақын. Олардың арасындағы шекара негізінен жариялайтын материалдарының
сипатымен анықталады. Текстологтардың жұмысы әдеби шығармаларға (көркем,
публицистикалық, ғылыми) негізделген болса, археографтар заңдық, іскер және
тұрмыстық сипаттағы істермен шұғылданады.
Археографияның объектісі (тарихи деректерді жариялау ұғымы).
Егер археографияны тарихи деректерді жариялау мәселесімен айналысатын пән
деп қарастырсақ, тарихи деректерді жариялау дегеніміз не деген сұрақ туады.
Бірақ, археографиялық және деректанулық әдебиеттерде осы бір шешуші ұғымның
анықтамасы кездеспейді (жарияланған дерек деген ұғымның түсінігі де
кездеспейді). Егер біз құжаттарды жариялаудың арнайы библиографиялық
көрсеткіштеріне жүгінсек, мұнда әрбір құжат есепке алынатынын көреміз.
Құжаттарды жариялау процесін оларды бір информациялық жүйеден (мұрағаттық
іс жүргізу) екінші бір жүйеге (кітаптық-библиотекалық) өзгерту деп
қарастыру керек. Жарияланған құжат құжат болып қалумен бірге енді баспаның
өнімі де болмақ. Бір жағдайды айта кету керек. Жариялау терминін әдетте
құжатты баспаға дайындау процесін, осы процестің нәтижесін – баспаның
жарияланған құжаттардан тұратын өнімді айту үшін қолданады.
Сонымен қатар, құжаттарды жалпы жариялау мен құжаттарды тарихи
дерек ретіндегі жариялау ұғымдардың ара жігін ашып алу керек [1]. Тарихшы
өз жұмысында жарияланған құжаттардың екі категориясына тап болады. Бір
жағынан ол замандастарын шұғыл түрде хабардар ету мақсатында пайда болған
уақытысына синхронды жарияланған құжаттар. Тарихшылар оларды міндетті түрде
пайдаланады, өйткені олар мұрағаттағы қолжазбаларға қарағанда қол жетімді.
Екінші жағынан бірнеше жүз жылдан бері құжаттарды ретроспективті
жариялаудың тәжірибесі бар, яғни тарихи дерек ретіндегі жарияланым.
Құжаттарды жариялаудың аталған екі категориясының айырмашылығы анық,
дегенмен мынандай сұрақ туындайды: синхронды (шұғыл түрдегі) басылымдар
археографияның аясына кіру керек па? Археографияға кең мағына тұрғысынан
келу керек па деген пікірталаста керек деп пікір айтқан М. С. Селезнев
мынандай аргументтер келтіреді: тарихи деректерді жариялағанда практикалық
мақсатты көздейтін баспалардағы құжаттар кеңінен пайдаланылады;
құжаттарды жариялаудың әдістемесінің пайда болу тарихы мен дамуын зерттей
отырып, практикалық мақсаттағы басылымдарда қолданылатын тәсілдерді
ескермеуге болмайды [32].
Шұғыл және ретроспективті басылымдар арасындағы көптеген ұқсастықтар
оларда құжаттық эдиторикалық біртұтас негіздердің бар екенін дәлелдейді.
Дегенмен де олардың арасындағы айырмашылықтардың үлкендігі де соншалық,
оларды бір пән аясына енгізуге мүмкіндік бермейді.
Шұғыл басылымдарды ретроспективті қайта басу археографияға қатысты,
оның үстіне мұрағаттық және ескі баспалық деректер бірге басылады. Ескі
баспалық деректер мен мұрағаттық деректер арасындағы айырмашылықтар
төмендегідей. Алғашқысы әу бастан қайта жариялауға арналған, екіншісі көп
жағдайда белгілі бір деңгейде құпиялықты түсінді. Жариялауға арналған
және арналмаған құжаттардың формасында, құрылымында және олармен жұмыс
тәсілінде айырмашылықтар болады. Іс жүргізу кешенін көп жағдайда белгілі
дәрежеде қайта өңдемей жариялауға болмайды [8,19б].
Сонымен, біздіңше археографияның объектісі болып тек деректерді
ретроспективті жариялау табылады. Оның шұғыл басылымнан айырмашылығы:
жариялау өткенді тану мақсатында жүргізіледі (басқару емес); жарияланатын
дерек шұғыл басылымдарды (ағымдағы іс жүргізуді емес) сақтайтын мұрағаттан
немесе кітапханадан алынады; жариялаумен арнайы адам (құжатты жасаушы емес)
айналысады. Сәйкесінше археографиялық қызметтің тағдыры мына үш сфераның
жағдайына байланысты болмақ: тарих ғылымы, мұрағат ісі, баспа ісі.
Бұл үштік типке, түрге және формаға жіктелетін ретроспективті
жарияланымдардың өзін сыныптауға негіз болады. Бұндағы тип тарих ғылымы
тұрғысынан, түр мұрағат ісі тұрғысынан, форма баспа ісі тұрғысынан
қаралады. Тарихшының көзқарасы бойынша ретроспективті басылымдар ең алдымен
ғылыми және ғылыми емес болып бөлінуі керек дейді. Ғылымилықтың минималды
критериі болып құжатты адал жасау және сілтеменің түпнұсқаның тұрған жеріне
көрсетілуінің бар болуы табылады. Құжат мәтінін өзгерткен басылым ғылыми
болып табылмайды және қолданылмауы тиіс. Жарияланған құжаттың сапасы оның
түпнұсқасымен салыстырғанда ғана анықталады, сондықтан да құжаттың алынған
жеріне сілтеме жасалуы керек.
Ретроспективті ғылыми басылым өз кезегінде үш типке бөлінеді: ғылыми,
оқу, ғылыми-көпшілік (кейде оны екі типшеге бөледі – ағартушылық және үгіт
– насихаттық)[9].
Бұндай типтердің болуы археография барлық ретроспективті басылымдармен
айналысу керек пе, әлде тек ғылыми басылыммен шұғылдану керек пе деген
сұрақты туғызады. Бұл мәселе де талас тудырады. Біздіңше, археографияның
объектісіне барлық ретроспективті басылымдарды кіргізу керек.
Мұрағат құжаттарын археографиялық жариялаудың басты міндеті – қол
жетерлікті қамтамасыз ету. Бұндай жарияланым зерттеушілерге қиындық
туғызатын, кейде мүлде мүмкін болмай қалатын мұрағатқа тікелей баруын
алмастыра алады.
Яғни, зерттеуші–оқушы басылымнан мұрағатқа барғанда алатын
нәрселерінің бәрін ала алуы тиіс.
Жариялаудың түрі мен формасы ұғымы тип ұғымына қарағанда онша талас
тудыра қоймайды, өйткені мұнда анық қалыптасқан критерий қажет. Түр
жариялау объектісінің сипатымен анықталады. Объект ретінде бір ғана құжат
алынуы мүмкін немесе құжаттар кешені болуы мүмкін. Тарихи құжаттарды
жариялаудың Ережесінде [38,33б] құжаттарды қор бойынша және тақырып
бойынша жариялау мүмкін делінген. Мұнда мұрағат ісі мен тарих ғылымы бір
қайшылыққа тап болады. Өйткені мұрағаттар құжаттарды шығу тегі бойынша
(провениенцпринцип) сақтаса, тарихшылар өткенді тақырып бойынша
(пертиненцпринцип) зерттейді. Мұрағаттық ақпараттық-іздеу жүйесі дәл осы
қайшылықты жеңуге бағытталған [36].
Жариялаудың номиналды түрінде баспаға ұсынылған кешен объективті
негіздер бойынша қалыптасса, тақырыптық түрінде субъективизм басым. Қалай
болғанда да, археография ғылыми және оқу пәні ретінде ең алдымен тарихи
қалыптасқан құжаттар кешеніне бағытталуы керек.
Жариялау формасы ұғымы жоғарыда атап кеткендей эдициондық табиғатқа
ие. Мұнда екі жағдайды ерекшелеп кетуге болады: жарияланым жеке дара баспа
өнімі – кітап немесе олардың сериясы; жарияланым баспа өнімінің жеке бөлігі
– журнал, газет, мақалалар жинағы, т.б. Сондықтан, шартты түрде жариялаудың
кітаптық және журналдық түрлерін атауға болады. Археограф баспа
мүмкіндіктері яғни саяси, экономикалық және техникалық сипаттағы
жағдайлармен санаса отырып, қатал шеңберде әрекет етуге мәжбүр болады.
Соңғысының жариялаудың құрамы мен құрылымына әсері соншалық, археография
оларды жеке фактор ретінде қарастыруға мәжбүр [39,5б].
Барлық археографиялық жарияланымдар дерек ретінде де, баспа өнімі
ретінде де қарастырылуы мүмкін болса, археография үшін өз объектісіне екі
түрлі тұрғыдан қаралуы мүмкін: деректану (мұрағаттану) тұрғысынан және
кітаптану (эдиторика) тұрғысынан. Бұл байланыста біз екі термин ұсынып
отырмыз: тарих ғылымының археографиялық базасы (жарияланған деректердің
бірлігі ретінде) және археографиялық қор (жарияланған деректерден
құралған баспа өнімінің бірлігі ретінде).
Археография пәні (археография ғылыми және оқу пәні ретінде)
Археографияның жеке пән ретінде пайда болуы С. В. Рождественскийдің
Историк-археограф – архивист мақаласымен байланысты. Бұл мақаламен
археографияны деректерді жариялаудың әдістері деп түсіндірген Архивное
дело (1923ж.) журналының бірінші шығарылымы ашылған болатын. Жариялау
әдістері деп алғашында ММАЗИ-де оқылатын курс та аталған. Аталған курстың
алғашқы оқытушыларының еңбектері – А. А. Сергеевтің Методика и техника
публикации документов атты мақаласы мен А. А. Шилованың Руководство по
публикации документов ХІХ и начала ХХ вв. атты оқу құралы (М., 1939)
мазмұны бойынша таза методикалық болды. Пәннің атауы өзгертілгеннен кейін
оның құрамы кеңейді. 1943 ж. бекітілген Археография курсының бағдарламасы
(П. Г. Софинов жасаған) екі бөліктен тұрды: Ресейде тарихи құжаттарды
жариялау әдістерінің дамуының маңызды кезеңдері; кеңестік археографияның
негізгі принциптері.
Археографиялық мәселелердің кеңірек ауқымы С. Н. Валктың Советская
археография (М.; Л., 1948) атты монографиясында қаралды. Археография
пәніне тарих және археографиялық ойлардың қазіргі жағдайы, тарихи
деректерді жариялау әдістері, отандық тарих бойынша археографиялық
жарияланған деректердің құрамы мен мазмұны енгізілді.
Бірақ Валктың көзқарасы ММАЗИ-дегі жағдайға онша әсер ете қоймады.
1951 ж. басылып шыққан Археография курсының бағдарламасы (И. Л.
Маяковскийдің редакциясымен) мынандай бөлімдерден тұрды: кіріспе (курстың
пәні мен мақсаты), революцияға дейінгі Ресейде археографияның дамуының
негізгі кезеңдері, кеңестік археографияның дамуы, кеңестік археографияның
негізгі принциптері мен әдістері. Курстың бұндай құрылымы бағдарламаның
кейінгі редакцияларында да сақталды (1986 ж. шыққан басылымды қоса
есептегенде). Принциптер мен әдістер ұғымдармен қатар синонимдес ұғымдар
– теория және әдістер пайда болды. 1968 ж. Краткий словарь архивной
терминологии деген сөздікте археографияға құжаттарды жариялаудың
теориясын, әдісін және тарихын зерттейтін пән деп анықтама берген.
С. Н. Валктың кітабында басталған отандық тарих бойынша жарияланған
деректер жағдайын жүйелі қарастыру өз жалғасын тапқан жоқ. Оның үстіне
Валктың өзі бір себептерге байланысты өзінің позициясынан айнып, кейінгі
Судьбы археографии деген мақаласында пәнді теориялық-методикалық түсінуге
ауысқанын көреміз. Сондықтан да болар 1970 ж. археография пәні мен міндеті
туралы өткен атақты пікірталаста кейбір қатысушылар шиловтық нұсқаға
оралуды ұсынды, бірақ ешкім 1948 ж. валктық сызбаны еске алмады. Оған оралу
туралы мәселе тек 1990 ж. басында қойылып, өз шешімін Археография
курсының жаңа бағдарламасында тауып, 1992 ж. соңында бекітілді.
Осылайша, ғылыми және оқу пәні ретіндегі археографияның құрамында
бүгінгі таңда үш түрлі проблеманы көреміз: 1) теория және әдістеме; 2)
жарияланған деректердің құрамы мен мазмұны; 3) тарих.
Бірінші проблемада ең алдымен теория мен әдістеменің ара қатынасы
туралы мәселе тұрады. Археография теориясы ұғымы енгенмен, оған анықтама
берілмеді.
Г. И. Королевтің Теория публикации исторических источников в
социалистических странах Центральной и Юго-Восточной Европы (Орталық және
Оңтүстік Шығыс Еуропаның социалистік елдерінде тарихи деректерді
жариялаудың теориясы) атты докторлық диссертациясында (ММАЗИ, 1989 ж.)
археографиялық теорияны жеке қарастыруға алғаш рет талпыныс жасалды. Автор
теорияда жалпы (жариялаудың қоғамдық функциясы) және жеке (эвристика,
жариялау тәсілдері, жариялаудың ақпараттық жүйесі) аспектілерін көрсетті.
Е. М. Добрушкин өзінің Основы археографии еңбегінде теорияның жалпы
(археография туралы жалпы түсінік және т.б.) және арнайы (жариялаудың
құрылымдық мәселесі) проблемаларын анықтап берді. Дегенмен екі еңбекте де
теория мен әдістеме арасындағы шекара мәселесі арнайы қарастырылмайды.
Біздіңше, археография теориясының кіріспесіне тек археографияның
міндеті, объектісі және пәні мәселелері кіруі керек. Бұл жағдайда
әдістеменің кіріспесіне жариялауға дайындық процесі қалады.
Жариялауға дайындық процесі туралы айтқанда археографиялық процедура
мен жалпы ғылыми процедураны айыра білу керек [4,6б] Жариялауға арналған
құжаттарды табу мұрағаттық (немесе деректанулық) эвристиканың жалпы
ережесімен жүзеге асады. Тақырыптары мен легендасын құрастыру мұрағаттық
сипаттау нормаларына өте жақын. Текстология мәселелері деректануға кіреді.
Археографиялық сюжеттерге біз әдетте: жарияланатын құжаттар кешенін
қалыптастыруды, құжаттарды шығаруды, археографиялық алғысөз жасауды
жатқызамыз.
Тарихи деректерді әртүрлі дәуірлер мен түрлерде жариялаудың өзіндік
проблемасын айта кеткен жөн. Бұл жағдай жоғарыда аталған Методическое
пособие по археографии деген еңбекте көрініс тапқан [21].
Археография тарихының құрылымы кезінде М. С. Селезневтің отандық
археографияның тарихы бойынша алғашқы оқу құралына жазған алғы сөзінде
толық көрініс тапқан. Негізгі сюжеттер ретінде мыналар аталды:
археографиялық жұмысты ұйымдастыру, баспаның тақырыбы және ғылыми айналымға
мұрағат материалдарының жаңа кешендерін енізуге кіріспе, деректерді
жариялаудың теориясы мен әдістерінің дамуы.
Археографиялық ой тарихын зерттеу жолдары мен негізгі міндеттерін Е.
М. Добрушкин толық қарастырған. Оның мына ойын айта кету керек: тарихи
деректерді жариялау әдістері бір жағынан жариялау тәжірибесінің өнімі,
екінші жағынан оған негізгі археографиялық идеялар енеді[35]. Сондықтан,
археографиялық ой тарихын тек ереже, құралдар және мақалалар бойынша
зерттеуге болмайды, жарияланымның өзіне де жүгіну қажет.
Отандық археография тарихын кезеңдеу мәселесі де өз маңызын жоғалтқан
жоқ. Бұл мәселені Отечественные архивы журналының беттерінде қарастырған
болатын, бірақ ондағы баяндауды 1980 ж. ортасына ғана алып келген. Бүгінде
ең болмағанда соңғы он жылдың бірнеше сипаттарын айтуға тырысып көрерлік.
Қазіргі археографиялық жағдайды Б. Д. Гальперин тамаша суреттеген
болатын: Қоғамдағы тарихты түбегейлі қайта қарауға деген қажеттілік тарихи
деректерді көптеп жариялаумен қатар жүреді. Бұндай жағдай біздің елде
бірнеше рет байқалған. Ресейлік саяси сөздікте жариялық сөзі алғаш пайда
болған ІІ Александрдың патшалық құрған кезінде, 1905 ж. революциядан
кейінгі алдын-ала цензураның жойылуы кезінде, кеңестік биліктің алғашқы
жылдарында және хрущевтік жылымық кезінде.
20-шы жылдардағы секілді қазір бізде ескі археографиямен (негізінен
ежелгі деректермен айналысатын) қатар, жаңа археография тез қалыптасып
келеді. Бұрын археографияның рұқсатты шекарасы тарихнамаға қарағанда тар
болатын. Мысалы, 70 – 80 жылдары партия тарихы туралы көптеген зерттеулер
жарық көргенімен, сәйкес деректер жарияланбады.
Сонымен қатар археографиялық баспа еркіндігінің кеңеюімен бірге
археографтар ұйымдастырушылық және экономикалық сипаттағы қиыншылықтарға
тап болды. Не жариялаймыз? деген сұрақ Қандай қаражатқа жариялаймыз?
деген сұрақпен алмасты. Сондықтан да баспаның журналдық түрі басым. Тарихи
журналдардың барлығы дерлік деректерді жариялауға орын бөледі. Көп жылдық
үзілістен кейін Тарихи мұрағат және Дерек деген археографиялық арнайы
журналдар шыға бастады.
Бірақ қиыншылықтарға қарамастан отандық археографтарда кең, әр алуан,
құнды тәжірибелер жинақталды. Осы тәжірибелерді ұғыну археографияның ғылыми
пән ретіндегі басты міндеті болуы керек.
Археография және оның тарихи таным процесіндегі орны
Құжаттарды жариялау тәжірибесіне бір ғана жүз жылдың көлемі болған жоқ.
Дегенмен, объектілері құжаттар болып табылатын басқа да ғылыми пәндер
секілді құжаттарды жариялауды қарастыратын арнайы ғылым ретінде біршама
кейінірек пайда болды.
Археография ғылым ретінде шамамен ХІХ ғ. екінші жартысында қалыптасты
деп есептеу қалыптасқан. Ғылыми негіздерін, тұтас теориялық жүйесін жасау –
ұзақ та күрделі процесс болды. Маңызды элемент ретінде оған рефлексия –
ғылымның өзін-өзі тануы енді. Яғни, археографияның теориялық білімінде
археография дегеніміз не, мазмұны мен кіріспесінің шекарасы қандай, мақсаты
мен міндеті не, әдіс-тәсілдері қандай деген сұрақтар маңызды орын алады.
Археографияның теориялық жүйесі қазір қалыптасу үстінде. Л. Н. Пушкарев
археографиялық теория мәселелерінің талқылануы оның жеке пән ретінде
қалыптасқанына жарты ғасыр өткеннен кейін де жалғасуы мамандардың
әлсіздігінен емес, бұл – археографияның ғылым ретіндегі қалыптасу
процесімен түсіндірілетін заңды тарихи құбылыс деп дұрыс атап өтті.
Археографиялық жалпы мәселелерді зерттеуде ең алдымен алдымыздан
шығатын нәрсе – терминология мен археографияның түсініктемелік аппарат,
өйткені ғылыми мәселелерді талқылау мен оларды мазмұндау белгілі бір ғылыми
тілді пайдалануды қажет етеді. Барлық ғылымда оның түсініктемелік
аппаратының болуының, терминологиясының анықтығының деңгейі оның теориялық
ойының даму деңгейін көрсетеді. Археографияда оның ғылыми тілі мәселесі
шешуін күтудегі түйін екендігі жасырын емес. Әрине, археографиялық
түсініктер мен терминдер туралы түрлі таластардың артында барлық жас
ғылымдарға тән секілді ғылым теориясының іргелі мәселелерінің
шешілмегендігі тұр [3].
Соңғы уақытқа дейін археография термині туралы таластар жалғасып
келеді. Бұл термин біздің беделді ғалым-археографымыз С. Н. Валктың
пікірінше сонау басында-ақ ғылыми терминологияға кездейсоқ және орынсыз
енген [39,11б].
Археография терминінің этимологиялық мағынасы – ежелгіні суреттеу.
Бірақ, терминнің бұл екі бөлігі де өткен ғасырдың ортасынан-ақ сол ғылымның
аясына кіретін жұмыстардың мәніне жауап бере алмаған. Археография ұғымына
сол кезде-ақ құжаттарды сипаттау да, іздеп табу да, жинау да және басып
шығару да (жариялау) енген болатын. Бірақ осы жұмыстардың объектісіне тек
көне құжаттар ғана кіріп қоймай, кейінгілер де енген. Археография
терминін ары қарай талқылау объектінің өзін түсіну сызығы бойынша және
оларға жасалатын іс-әрекеттерді талқылау сызығы бойынша жүрді.
Ең алдымен терминнің екінші бөлігіне қатысты мәселені анықтап алуымыз
керек. Біздің бүгінгі ғылымда да археографияны тар және кең мағынасында
түсіну туралы таластар жүруде. Кең мағынасында түсінуге дифференциалды
атаулар, атап айтқанда: құжаттық ескерткіштерді олардың өмір сүрген
ортасынан іздеп табу және зерттеумен айналысатын далалық археография;
камералды археография, яғни құжаттық ескерткіштерді камералды жағдайда
сипаттау және аясына жазба ескерткіштерді жариялау кіретін эдициондық
археография (эдиция - жариялау).
Археографияны тар мағынасында түсіну тек құжаттарды жариялау аясымен
шектеледі [5]. Бұдан байқайтынымыз, археография туралы барлық түсініктер
жариялау саласымен байланыстылығы. Сондықтан біз басқа зерттеушілер секілді
археографияны ең алдымен құжаттарды жариялаудың әдіс-тәсілдерін
қарастыратын ғылыми пән (немесе ғылым) ретінде қарастырамыз.
Бір қызығы, басып шығару немесе жариялау ұғымдары ешқашан арнайы
қарастырылған емес. Егер жариялау терминін көп рет қайталау, тираждау деп
ұғынсақ, құжаттарды жариялау сөз тіркесін мақсатты іс-әрекет деп
ұғынуымыз керек. Әдебиеттерде синонимдер ретінде құжаттарды жариялау,
ескерткіштерді жариялау, мәтінді жариялау, деректерді жариялау,
тарихи құжаттық мәтіндерді жариялау секілді түрлі түсініктер қолданылады.
Терминологиялық бұндай анықсыздыққа байланысты тек археографиялық
жарияланымдарды қамтитын сфераны анықтап алу қажеттігі туындайды.
Мәселені арнайы талдау бізді археографиялық жариялауды – құжатты
тарихи дерек ретінде ғылыми жариялау деген түсінікке алып келеді. Сонда
археографияны да құжаттарды тарихи деректер ретінде жариялаудың теориясы
мен әдісін жасайтын ғылыми пән деп қарастыру керек [11].
Бұл анықтамадан археографияның объектісі құжат болып табылатынын
көреміз. Бұнда біз құжат ұғымын Словарь современной архивной
терминологии сөздігінде берілген анықтамадағыдай кең мағынасында қолданып
отырмыз. Сөздікте оған былай деп анықтама берген: объективті бар нәрсе
туралы хабардың және адам ой қызметінің жазу, графика, сурет, дыбыс жазу
арқылы түрлі тасымал құралдарына түсірілу. Сәйкесінше археографиялық
жарияланым ұғымымен пайда болу уақытысы мен тәсіліне, түріне, авторлығына,
мақсатына қарамастан барлық құжаттарды тарихи дерек ретінде ғылыми
жариялауды байланыстырамыз. Археографиялық баспаның мақсаты тек тарих
ғылымын ғана емес, сонымен қатар тарихи циклдағы пәндерді және басқа
ғылымдардың тарихи бөлімін дамытуға әсер ету болып табылады.
Құжат бірнеше пәндердің негізгі зерттеу объектісі саналады: деректану,
құжатттану, дипломатика, мұрағаттану, т.б. Бірақ тек археография ғана
құжаттарды тарихи дерек ретінде жариялаудың теориясы мен әдістерінің
мәселелерін қарастырады.
Археография өз тарихының көп бөлігінде құжаттарды жариялау бойынша
практикалық қызмет ретінде ғұмыр кешті. Осы уақытта жариялаушылардың
практикалық жұмыстарында құжаттарды жариялаудың белгілі тәсілдері немесе
техникасы қалыптасты. С. Н. Валк бұл ретте былай дейді: қашан және қай
жерде болмасын тарихи құжаттарды жариялауға қатысты жұмыстар белгілі бір
жалпы методологиялық, тарихнамалық алғышарттарға негізделді [28]. Бірақ
жариялаушылар бұл алғышарттарды белгілі бір уақытқа дейін түсінбеді,
өйткені оларда жариялаудың әдістері мен тәсілдерін жалпылауға,
қалыптастыруға қажеттілік туындамады.
Практикалық жұмыста дағдылар мен әдістердің жинақталуы маңызды процесс
ретінде тарих ғылымының, тарихнаманың және археографияның дамуына белгілі
бір деңгейде әсер етті.
Жариялау әдістерін өңдеу археография саласында теориялық ғылыми
қызметтің басталуын көрсетеді. Теориялық зерттеулер танымның жоғарғы
формасы ретінде енді археография туралы жалпы түсінікті, оның білімдер
жүйесіндегі орнын, құжаттарды жариялаудың теориялық негіздерін қарастырумен
байланысты. Бұл үшін құжаттарды жариялаудың тәжірибесіне ғана сүйену
жеткіліксіз. Тарихи бірінен соң бірі пайда болған археографиядағы танымның
үш деңгейі енді бір-бірімен тығыз байланыста бір уақытта синхронды өмір
сүруде. Кең масштабтағы тәжірибелік жұмыс процесінде жариялаудың
мақұлданған әдістерін қолдану аясы кеңейіп, жаңа әдістерді іздеу жалғасуда.
Және де ол әдіснамада да, теорияда да қолдау табуда. Теориялық білім
жариялаудың әдісіне сүйене отырып, ғылыми пән ретіндегі археографияның
жалпы негізін, осы ғылымның іргелі ұғымдары мен принциптерін жасауда.
Осылайша ол бұл пәнді жалпы таным теориясымен және тарих ғылымымен
байланыстыруда.
Ғылыми білімнің бірлігі туралы бұндай ұсыныс тұрғысынан археографиядағы
таласты мәселені – археографияның көлемі туралы мәселені шешеміз.
Археография аясына ғылыми білім аймағы да (ғылыми пән), археографиялық
тәжірибе де кіреді деген көзқарас логика мен ғылыми танымның теориясына
сәйкес келетіндей. Осылайша археографияны ғылым және оқу пәні ретіндегі
археографияны және құжаттарды тарихи дерек ретінде жариялау тәжірибесін
қарастыратын білімнің ерекше саласы ретінде қарастыруға болады.
Археографияның теориялық бөлімінің міндетіне құжаттарды жариялаудың
әдістері мен техникасының дамуына ғылыми берік негіз беру кіреді. Дегенмен
археографиядағы теориялық білімнің маңызды міндеті болып ең алдымен оның
негізінде жатқан құжаттарды жариялау жұмысының тарих ғылымына
байланыстылығын түсіндіру, тарих ғылымының әдіснамалық жағдайларын
пайдалану табылады.
Құжаттарды жариялау жұмыстарының мәнін ұғыну және жариялаудың болмысын
түсіну мен анықтауға археография тұрғысынан келу ғылыми тарих білімі
жүйесіндегі археографияның орнын анықтағанда ғана мүмкін. Археографияның
жалпы орнын және құжаттарды тарихи дерек ретінде жариялауды тек өткенді
ғылыми зертеуді процесс ретінде қарастырғанда ғана сипаттауға болады. С. В.
Рождественский дәл осылай етті. Ол археографияның ғылыми функциясын
мұрағаттық, археографиялық және тарихи-зерттеулік кезеңдерден
қалыптасатын үзілмейтін шынжырда зерттеді. Тарихи зерттеулердің бүкіл
процесінің сатылық идеясы – археография болмысы мен оның осы процестегі
орнын ұғынудың басты нүктесі.
Өткен туралы білім алу процесінде саты немесе кезеңнің бар екенін түсіну
тарихшыларға ертеден белгілі. Осы кезеңнің біреуінің өзінде бірнеше саты
бар екендігі туралы ұғым тарих ғылымының, әсіресе тарихнаманың
жетістіктерінің нәтижесінде кейінірек қалыптасты. Құжатты тарихи дерек
ретінде қарастыру сатысы да процесстің белгілі бір түрі ретінде қарастырыла
бастады. Бұл идея белгілі мұрағатшы И. Ф. Колесниковта анық бейнеленген. Ол
құжаттың дерекке айналу процесі жолының ұзақтығын айтқан. Ғалым
ескерткіштен сыни тексеруден өткен тарихи дерекке дейінгі жолды деректі
зерттеудің археографиялық кезеңі деп есептеп, оны деректегі мәліметті
тарихи құрылыс қажеттігіне алу процесіне қарсы қойды.
Куәгерлер мен қатысушылардың ішінде әрқашан маңызды рөлді жазбаша
құжаттар немесе жазба ескерткіштер алған және ала бермек. Сондықтан да
археография тек жазба ескерткіштерді қарастыратын ғылым ретінде дамып
келеді. Дегенмен, құжат ұғымын кең мағынасын алу – тек жазбаша ғана емес,
құжаттардың барлық түрлерін жариялауға болады дегенге негіз болмақ.
Осылайша, тарихи теорияны құрайтын белгілі бір дәйек, құбылыстар мен
оқиғалар бірнеше кезеңдерден тұруы деген қорытындыға келеміз. Біріншіден,
құжат зертеушіге қол жетімді болуы керек. Екіншіден, зерттеушінің назарын
аударған құжат алдын ала онда салынған қажет мәліметтің тасымалшысы
ретіндегі тексеруден өту керек, яғни деректің шығу тегіне, авторына,
түпнұсқалығына және т.б. байланысты деректанулық арнайы сұрақтарды шешіп
алу керек. Бұл – құжатты тарихи дерек ретінде қолдану кезеңі.
Құжатты сенімді дерек ретінде қолдануға мүмкіндік беретін әрбір кезеңнің
маңыздылығын түсіну тарих ғылымының қалыптасу барысында біртіндеп
қалыптасып, өткенді ғылыми тану процесіндегі тарихшылардың еңбек бөлінісіне
алып келді. Сондықтан біртіндеп әрбір кезеңнің негізінде арнайы тарихи
пәндер қалыптасты.
Құжаттың жариялылық идеясының екі жағы бар. Құжат тарихи білімнің дерегі
ретінде одан өз зерттеуіне белгілі бір мәлімет алғысы келетін зерттеушіге
ғана қол жетімді емес, сондай-ақ сол зерттеуді осы дерекке сүйеніп
шынайылығын білгісі келетіндерге де қол жетімді болуы керек. Басқа сөзбен
айтсақ, құжаттың жариялылығы зерттеушінің жасаған қорытындысын негіздеуге
кепілдік береді (жариялаудың дәл осы функциясы отандық археографияда ХҮІІІ
ғ. басты болып есептелді).
Құжаттың зерттеушіге қол жетімді болу қажеттігі тарих ғылымының
шеңберінде ғылымның жеке дара түрлерінің пайда болуына алып келді. Тарихи
таным процесіндегі алғашқы кезеңінің міндеті – құжаттарды жинаумен,
сақтаумен, ұйымдастырумен және сипаттаумен айналысатын кәсіби тарихшы-
мұрағатшының міндеттерін анықтап берді. Зерттеушілердің қолы құжатқа
жетімді болу қажеттігі ғылыми әрекеттің тағы бір түрінің – құжаттарды
жариялаудың ерекшеленуіне алып келді. Тарих ғылымының, әсіресе деректанудың
дамуы құжаттарды жариялау жұмысына біршама кең сипат алып келді.
Археографияның басқа ғылымдармен байланысына келер болсақ тарихнаманың
ара-қатынасын айта кету жөн. Археография ғылымы үшін тарихнаманың маңызы
зор. Өйткені сөз тарихи деректерді жариялау жөнінде болып отыр, археография
өзінің теориялық принциптерін құрастырғанда осы тарихнамадан көмекшісін
табады.Тарихнама археографияға өзінің құжатты тарихи дерек ретіндегі білу
деңгейін ғана емес, сонымен қатар тарихшының деректі зерттеу және қабылдау
процессі жайлы да мәлімдейді. Археография өзінің пайда болуы мен
қалыптасуына тек тарихи ғылымға ғана емес, өзінің дамуы мен жеке дара
ғылыми пән болып қалыптасуына әсер еткен тарихнамаға да тиісті. Бұған қоса
археография тарихнамаға оның әрі қарай дамуына қажетті жарияланған
құжаттармен қамтамассыз етеді. Сонымен бұл екі ғылым салаларын ортақ тарихи
даму да байланыстырады.
Арнайы археография мен мәтінтану байланыстарына келер болсақ, қазірде бұл
екі дербес ғылым салалары бір-бірімен ортақ теория, методика және жазбаша
деректерді жариялау техникасымен байланысады.
Археографияның жұмысы бұл ең алдымен тарихшының, деректанушының және
филологтың еңбектерімен байланысты жүреді. Археография - архив ісі және
мұрағаттану, мемлекеттік мекемелердің және қоғамдык, ұйымдардың тарихи,
палеография, текстология және хронология пәндерімен тығыз байланысты.
Кейінгі кездері да мұражайтану қосылды [14].
Мұрағат ісі - мұрағаттағы құжаттардың ұйымдастырылуы мен мұрағат
мекемелерінің жұмысын қамтамасыз ететін саланы зерттейтін ғылым. Мұрағат
мекемесінің мақсаты оның құрылымдық бөлімдерінде қүжаттарды талдау,
сұрыптау, іріктеу, жіктеу, жүйелеу арқылы қор құрылып, сақталып
мекемелерге, халыққа қызмет етеді. Мұрағаттану - мұрағат ісі тарихының
ұйымдастырылуы, оның теориясы мен практикасы, әдісі мен тәсілі жөнінде
зерттейтін ғылыми пән. Міндетті түрде археографияның мұрағаттану және
мұрағат ісімен байланысы жайлы айту қажет. Көпке дейін археография
мұрағаттану шеңберінде ғана болған және кейін бөлінген деген жалған пікір
болды. Археография және мұрағаттану өздерінің ортақ зерттеу обьектісіне
байланысты қосарланған пәндер. Археография мұрағаттану мен мұрағат ісінің
фактілік мәліметтерін пайдаланып қана қоймай, олардың принциптері мен
әдістерін де қарастырады. Сонымен қатар мұрағат құжаттарын ғылыми
қолданысқа енгізу ретінде құжаттарды жариялау мұрағат жұмысының бөлінбес
функциясы болып табылады. Бұндай жұмыста мұрағатшылар археографиялық
әдістерді қолданылады. Басқа ғылымдарға сияқты археография мұрағаттану мен
мұрағат ісіне және олардың тарихына қатысты мәліметтерді дайындайды
Палеография - жазба деректердің ішкі белгілерін, олардың дамуын,
жазудың тарихи әдістерін, әсіресе графикалык жазу, бейнелеу жөніндегі
зерттейтін пән .
Ал текстологияның қызметі - тақырыптың тарихын оқытуды зерттейді.
Мұражай ісі - мұражай ісін жан-жақты қорғау, оқыту, пайдалану және оның
мәдениет саласындағы ерекшелігін зерттейді. Мұражайтану - мұражайлардың
шығуы және дамуы, олардың әлеуметтік және мәдени салаларын, музей ісінің
теориясы мен әдісі тарихын зерттейтін ғылыми пән.
Археографияның басқа ғылымдармен байланысы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Деректанудың даму тарихы
Кеңестік Қазақстан тарихының деректемелері
1950 - 1960 жылдардағы мұрағат ісі
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер
Автоматтандырылған ақпараттық жүйенің топтастырылуы
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ТОПТАСТЫРЫЛУЫ
Қазақстан Республикасының мұрағат ісінің даму тарихын талдау
Палеография ғылыми саласы
Ұлттық мұрағат қорындағы құжаттарды пайдалану
Әдебиеттанудың негізгі салаларын сипаттау
Пәндер