Нарықтық жағдайда инновацияның экономикалық рөлі



КІРІСПЕ
1 НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙДА ИННОВАЦИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РӨЛІ.
1.1 Инновацияның түсінігі және жіктелуі.
1.2 Инновацияның функциялары және түрлері
2 “KEGOC” АҚ.НЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫН ТАЛДАУ.
2.1 «KEGOC» компаниясының тарихы және миссиясы.
2.2 Инновациялық.технологиялық стратегияның негізгі қағидаттары.
2.3 «KEGOC» АҚ.ның қолданыстағы инновациялық деңгейін бағалау.
3. «KEGOC» АҚ.НЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ ЖӘНЕ Қ.Р.НЫҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ.ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ.
3. «KEGOC» АҚ.НЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ ЖӘНЕ Қ.Р.НЫҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ.ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ.
3.2 «KEGOC» АҚ.ның инновациялық дамуын ұзақ мерзімді болжау.
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақстан экономикасының дамуындағы басым міндеттердің бірі ғылыми және жоғары технологиялық өндірісті құру болып табылады. Осы мақсаттың еліміздің индустриялды-инновациялық даму бағдарламасында басты орынға қойылуы, технологиялар-даму стратегиясының құрамдас бөлігі ғана емес, ол оның өміршеңдігінің шарты екендігінің мойындалуын көрсетеді.
Инновация – бұл іздеуге, жасауға және жаңа бұйым түрлерін, технологияларын, таратуға бағытталған қызмет. Оның басқа да анықтамасы бар. Иновация –бұл жаңалық енгізудің жалпы процессі, адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін қолданылатын және таратылатын жаңалық , қоғамның даму әсеріне байланысты ауысып отырады.
Қазіргі таңда кез-келген бір кәсіпорынның немесе фирманың инновацияға деген көзқарасы өте маңызды болып табылады. Сондықтан да нарықтық экономика жағдайындағы бәсекелестік көптеген жағдайда инновациялық қызметтерді талап етеді.
Инновация жаңа өнім немесе операцияға (технология, үрдіс) салынған капиталдың пайда болған нарық көрсеткіші болып табылады. Сатуға дайын инновацияны іске қосарда, «ақша-инновация» айырбасы жүзеге асырылады. Осындай айырбастың нәтижесінде кәсіпкермен (продуцент, инвестор-сатушы) алынған ақша мүліктері, біріншіден, инновацияны құру және сату шығынын жабады; екіншіден, инновацияны жүзеге асырудың нәтижесінде пайда түседі; үшіншіден, жаңа инновацияларды құруға үлкен бір ынта (стимул) береді; төртіншіден, жаңа инновациялық үрдістің қаржыландыру қайнар көзі болып табылады.
Сонымен «инновация» бұл бір мезгілде екі бірдей әлемнің атап айтқанда техника әлемі мен бизнес әлемінің көрініс табуы. Өзгеріс тек технология деңгейінде қатысты болғандаШумпетер оны өнертабыс деп, ал өзгертуге бизнес араласса, онда ол инновация болып табылады дейді.
Инновация түрлері. Инновацияның іс-әркетті басқару оны ұзақ уақыт бойы зерттеген жағдайда ғана табысты болмақ, бұл оларды іріктеп, керегін пайдалану үшін қажет. Сол себепті инновация жайлы айта отырып, оны ең алдымен дұрыстап саралап алу қажет. Инновацияны саралаудың сан алуан әдістері бар.
Қазақстандағы кәсіпорындарды модернизациялау стратегиясы технологиялық дамудың әлемдік үрдістерін ескере отыра, жоғарыда көрсетілген екі мүмкіндікті де пайдалануды ескеруі тиіс. Технологияның даму заңдыылқтарын білу модернизациялану барысындағы елдің технологиялық дамуының дұрыс стратегиясын құруға мүмкіндік береді.
Осы ретте, технологиялық даму теориясы саласында ұсынылып отырған келесі материал модернизациялану барысындағы экономикалардың жаңа технологиялық кеңістікке енулеріндегі ең тиімді сәттерді анықтауға мүмкіндік береді.
1. «Инновациялық менеджмент» / К.Нарибаева, А.Нусупова, Алматы,2008.
2. Н.А.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы, Қазақстан халқына 2014 жылғы жолдауы.
3. Қуат Бораш, «Инновация, оның еліміздің экономикасы үшін маңызы қандай?»Алматы, 2004.
4. Н. Т. Смағұлова«Кәсіпкерлік», 2011.
5. 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасы.
6. Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы.
7. Зайцев Н.Л. «Экономика промышленного предприятия», Алматы, 2010.
8. «Кәсіпорын экономикасы» /А.Қ. Мейірбеков,Қ.Ә. Әлімбетов, Алматы, 2003.
9. Г.Ахметова, Экономика и статистика, Астана, 2012.
10. Абдыгаппарова С.Б, Инновационный потенциал Казахстана. Алматы 2001
11. Шумпетер Й. Теория экономическая развития.
12. Инновационный менеджмент / К.Нарибаев, С.Джуманбаев, А.Нусупова. Алматы, 2012.
13. Ә.Сапарбаев, Инновация – негiзгi қозғаушы күш, Астана, 2010.
14. Қазақстан Республикасы Конституциясы.
15. ҚР Президентінің «2050 жылға дейін Қазақстанның даму стратегиясын жүзеге асыру шаралары туралы» Жарлығы. – Алматы, 2012.
16. «Менеджмент» / Дүйсенбаев К.Ш,Төлегенов Э, Жұмағалиева, Астана, 2010
17. Инновациялық даму Сайфулин Р.С.2008
18. ҚР статистика агенттігі,Қазақстан сандарда – Алматы, 2012
19. Орысша-қазақша сөздік.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Қазақстан экономикасының дамуындағы басым міндеттердің бірі ғылыми және жоғары технологиялық өндірісті құру болып табылады. Осы мақсаттың еліміздің индустриялды-инновациялық даму бағдарламасында басты орынға қойылуы, технологиялар-даму стратегиясының құрамдас бөлігі ғана емес, ол оның өміршеңдігінің шарты екендігінің мойындалуын көрсетеді.
Инновация - бұл іздеуге, жасауға және жаңа бұйым түрлерін, технологияларын, таратуға бағытталған қызмет. Оның басқа да анықтамасы бар. Иновация - бұл жаңалық енгізудің жалпы процессі, адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін қолданылатын және таратылатын жаңалық , қоғамның даму әсеріне байланысты ауысып отырады.
Қазіргі таңда кез-келген бір кәсіпорынның немесе фирманың инновацияға деген көзқарасы өте маңызды болып табылады. Сондықтан да нарықтық экономика жағдайындағы бәсекелестік көптеген жағдайда инновациялық қызметтерді талап етеді.
Инновация жаңа өнім немесе операцияға (технология, үрдіс) салынған капиталдың пайда болған нарық көрсеткіші болып табылады. Сатуға дайын инновацияны іске қосарда, ақша-инновация айырбасы жүзеге асырылады. Осындай айырбастың нәтижесінде кәсіпкермен (продуцент, инвестор-сатушы) алынған ақша мүліктері, біріншіден, инновацияны құру және сату шығынын жабады; екіншіден, инновацияны жүзеге асырудың нәтижесінде пайда түседі; үшіншіден, жаңа инновацияларды құруға үлкен бір ынта (стимул) береді; төртіншіден, жаңа инновациялық үрдістің қаржыландыру қайнар көзі болып табылады.
Сонымен инновация бұл бір мезгілде екі бірдей әлемнің атап айтқанда техника әлемі мен бизнес әлемінің көрініс табуы. Өзгеріс тек технология деңгейінде қатысты болғандаШумпетер оны өнертабыс деп, ал өзгертуге бизнес араласса, онда ол инновация болып табылады дейді.
Инновация түрлері. Инновацияның іс-әркетті басқару оны ұзақ уақыт бойы зерттеген жағдайда ғана табысты болмақ, бұл оларды іріктеп, керегін пайдалану үшін қажет. Сол себепті инновация жайлы айта отырып, оны ең алдымен дұрыстап саралап алу қажет. Инновацияны саралаудың сан алуан әдістері бар.
Қазақстандағы кәсіпорындарды модернизациялау стратегиясы технологиялық дамудың әлемдік үрдістерін ескере отыра, жоғарыда көрсетілген екі мүмкіндікті де пайдалануды ескеруі тиіс. Технологияның даму заңдыылқтарын білу модернизациялану барысындағы елдің технологиялық дамуының дұрыс стратегиясын құруға мүмкіндік береді.
Осы ретте, технологиялық даму теориясы саласында ұсынылып отырған келесі материал модернизациялану барысындағы экономикалардың жаңа технологиялық кеңістікке енулеріндегі ең тиімді сәттерді анықтауға мүмкіндік береді.
Жаңалықтар нарығы қазіргі күнде экономикалық айналыста көп қолданылатын интеллектуалдық меншік обьектілеріне рұқсаты растамауынсыз дұрыс қызмет атқаруы мүмкін емес. Интеллектуалдық меншік обьекті ретінде жаңалық тауарлық-ақша формасында жүретін басқа бір тауар ретінде қарастырылуы мүмкін. Экономикалық айналысқа қатысушылар өзіндік интеллектуалдық қасиеттерімен айқындалуы керек: обьектің лигитимизациясы (өнімдерге құқығының бар болуы, экономикалық айналысқа кіруі), беру формасы, жаңалық нарығындпғы субьект ретінде болатын шаруашылықтағы обьективтік интеллектуалдық өнімнің бар болуы.
Курстық жұмыстың тақырыбын кәсіпорынның инновациялық саясатын қалыптастыру мәселелеріне арнап отырмын. Бұл тақырыптың өзектілігі тәуелсіз еліміздің болашағына апарар жол осы инновациямен тығыз байланысты деп ойлаймын. Қазіргі жаһандану процесінде әлемдегі дамыған елдерден қалып қоймас үшін ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілеттілігі жоғары деңгейде болуы шарт. Ал ұлттық экономиканы көтеретін мемлекеттік саясат пен отандық кәсіпорындардар. Мемлекеттік саясат дұрыс бағытпен келеді, ал отандық кәсіпорындардың саясаты дәстүрлі сипат алған. Саясаттың дәстүрлі емес жолы да бар, ол - жаңашылдық, яғни ғылыми тілмен айтқанда инновация. Міне, осы инновациялық саясатты қалай қалыптастыру керек, оның мазмұны неде, қандай жолдар мен тәсілдер бар, инновациялық саясатты қалай тиімді қалыптастыру қажет деген сипаттағы сұрақтарға жауап іздеп көреміз.
Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы KEGOC (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамы туралы осы курстық жұмыста жаздым. Компанияның тарихы, инновациялық даму стратегиялары жөнінде айтылған.

1 НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙДА ИННОВАЦИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РӨЛІ.

Инновацияның түсінігі және жіктелуі.

Инновация - жаңа практикалық әдісті тарату және қолдануды құрудың комлекстік үрдісі немесе ғылыми-техникалық шешімнің, адамдардың, ұсыныстапдың, жаңа идеялардың тәжірибеге енуі, іске асырылуы және де соңында қолданылуы. Инновация туралы осындай көптеген түсініктемелер беруге болады. Инновация ұғымын бірнеше мағынамен түсіндіруге болады, бірақ та ең бастысы "инновация" мен "жаңалық" терминдерін айыра біліп, ол ұғымдардың мағынасын білу керек. Жаңалық қандай да қызмет саласында оның тиімділігін жоғарылату бойынша фундаменталды, қолданбалы, тәжірибелік жұмыстардың рәсімделген нәтижесі болып табылады. Жаңалық мынадай түрлерде рәсімделеді: жаңалық ашу; патенттер; тауар белгісі ; рационализаторлық ұсыныстар; жаңа немесе өндіріс процесі құжаттары; ұйымдастыру, өндіріс немесе басқа құрылымдар; ноу-хау; ұғымдар; ғылыми тұрғыдағы принциптер; құжаттар (стандарттар, ұсыныстар, әдістемелер, нұсқаулар және т.б.); маркетингтік зерттеулердің нәтижелері және т.б. жаңалықты жасаудағы инвестиция - жұмыстың жартысы. Ең бастысы -- жаңалықты енгізу, жаңалықты инновация формасына айналдыру, яғни инновациялық диффузияны жалғастыруға болады. Жаңалықты жасау үшін маркетингтік зерттеулер жүргізу қажет. Ал, инновация - жаңалықты енгізуде басқару обьектісін өзгерту мақсатында және экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, ғылыми-техникалық немесе басқа тиімділік түрлерінің соңғы нәтижесі. Яғни, жаңалықты ендіріп, іске асырылғанда инновация пайда болады. Қысқаша айтқанда, инновация - жаңалықты енгізудің нәтижесі.
Отандық және шетелдік экономикалық әдебиеттерде "жаңалық" және "инновация" дегенге әр түрлі категорияларда түсіндірулер кездеседі. Кей жағдайларда бұл түсініктер синонимдер секілді қолданылады, бірақ айқын айырмашылықтар бар. - Жаңалық-деген айқын жаңалыққа мінездеме береді, тап мұнда түсінік ойлап табу деген ұғымға таяу.
"Жаңалық енгізу"- бұл жаңа техника мен технологияны меңгеру, басқару мен ұйымдастырудың жақсарған әдістері.
Инновация - бұл іздеуге, жасауға және жаңа бұйым түрлерін, технологияларын, таратуға бағытталған қызмет. Оның басқа да анықтамасы бар. Иновация - бұл жаңалық енгізудің жалпы процессі, адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін қолданылатын және таратылатын жаңалық , қоғамның даму әсеріне байланысты ауысып отырады.
Фирма жүйесінің "кірісі" сияқты сатушылардың тез енуіне, инновациялық формаға өтуде, өзінің енгізу үшін уақытын күтіп, жай жинақталу жаңалығы болады. Фирманың "шығысында" тауарлар сияқты тек жаңалық болады. ҒЗТКЖ стратегиялық маркетинг процесі бойынша өндірістің ұйымдастыру - технологиялық дайындығының, жаңалықты рәсімдеу және өндіру, оларды басқа салаларға таратуды (диффузия), инновациялық қызметті айтады.
Инновацияның жіктелуінің негізгі критерийлері болуы қажет:
- талдау және кодтау үшін ескерілетін классификациялық жинақтаудың кешенділігі;
- критерийді анықтаудың сандық (сапалық) мүмкіндігі;
- ұсынылған жіктелу белгілерінің ғылыми жаңалығы;
Инновация және жаңалық портфелін қалыптастыру барысында тауардың бәсекеге қабілеттілігін талдау нәтижесі негізінде ұйымдардың ұйымдастыру, әлеуметтік, техникалық, қаржылық жағдайын, оның бәсекелестік мүмкіндігі ұйымның қызмет және кешенді даму саясаты қалыптасады. Ұйымның саясаты - басты жолы, қандай да бір қызмеи саласында (техникалық, экономикалық, әлеуметтік, сыртқыэкономикалық және т.б.) ұйымдардың басшыларымен өткізілген стратегиялық шама жүйесі болып табылады.Кез-келген саясаттың негізі жаңалығы, яғни инновацияны ендіру болып табылады. Ұсыныстар бойынша орындалған жұмыс негізінде ұйымның инновация және жаңалық портфелі қалыптасады. Инновация портфелі ұйымда енгізуге жататын (кіргізуге) жеке еңбектер мен сатып алынатын өзінше кешенін жаңалық тізімін көрсетеді. Осылайша, стратегиялық маркетинг ісінің әдістері мен ғылыми тұрғыда келу негізінде тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі, нормативтері ұйымдардың жаңалық және инновация портфелінде жасалған.
Инновацияның түрлері - радикалдық, жақсартушы және жалған инновациялар. Радикалдық инновация - бұл бұрын-соңды белгісіз болған немесе мәлім болатын, алайда өнімділігі, бағасы жағынан алғанда сипаттамасы едәуір жақсарған қасиеттерген ие өнімдер, үдерістер немесе қызмет түрлері. Жақсартушы инновация аса қомақты емес төңкеріс жасай қоймайтын, көп ретте, тіпті, белгілі білім, өнім және технологиялардан туындайтыны болжаған өзгерістерді белгіледі.
Мұндай инновациялар көбінесе өткен уақытқа өте тәуелді болады, технологиялық парадигма бойынша қалыптасады. Мардымсыз түрлерінің өзгеруіне келесілер әсер етеді:
Өнім құрылымын өзгеріссіз қалдыратын, бұйымның көрсеткіштеріне, қасиетіне және құнына, сонымен қатар өнімнің материалына және құнына, сонымен қатар өнімнің материалына және құрамдасына айтарлықтай ықпал ететін өнімдерге енгізілген мардымсыз техникалық немес сыртқы өзгерістер
Кәсіпорынның табысын ұлғайту және ағымдық сұранысты қанағаттандыру мақсатында бұрын осы кәсіпорында өндірілмегеніне қарамастан, бірақ нарықта белгілі өндірісті игеру есебінен өнім қатарын көбейту. Инновацияның маңызды сипаттамасы оны технологиялық көрсеткіштеріне сәйкес өнімдік үлестік деп ажырату.

1-кесте. Инновацияның белгілеріне қарай жіктелуі.
Белгілері
Инновацияның жіктелуі
1. Енгізілген өзгертулердің тереңдігіне қарай
Радикалдық (немесе түп нұсқалы). Жақсартушы. Жалған инновация
2. Технологиялық көрсеткіштері бойынша
Өнімділік. Үдерістік
3. Нарық үшін жаңалық түрлері бойынша
Әлемдік сала үшін жаңа. Ел ішіндегі сала үшін жаңа. Осы кәсіпорын үшін жаңа
4. Орнын басушылығы бойынша
Орын басушы. Күнін жоюшы. Кеңейтуші
5. Қамту бойынша
Жергілікті. Жүйелік. Стратегиялық
6. Нарыққа шыққан уақыты бойынша
Көшбасшы-инновациялар. Ізбасар-инновациялар
Дерек көздері: www.Wikipedia.org мәліметтерінен.

Бұл кесте бойынша өнімдік инновация өнліріске немесе нарыққа технология жағынан жаңа немесе жетілдірілген өнімдерді ендіруді қамтиды. Технологиялық сипаттамалары немесе пайдалану ұсынысы мүлдем жаңа немесе бұрын шығарылған ұқсас өнімдерден едәуір айырмашылығы бар өнім. Мұндай инновация мүлдем жаңа технологиямен немесе бұрынғы технологияны жаңа қырынан пайдалануға негізделді. Технологиялық жетілдірілген өнім сапалық немесе құндық сипаты біршама тиімдіреу болатын құрамдастар мен материалдар пайдалану есебінен бір немесе бір қатар техникалық ішкі жүйелерін ішнара өзгерту есебінен айтарлықтай жақсара түскен қолданыстағы өнім.
Үдерістік инновация технологиялық жаңа немесе едәуір жетілдірілген өндірістік әдістерді әзірлеп ендіруді қамтиды. Инновацияның бұл түрі жаңа өндірістік құрал-жабдықты өндірістік үдерісті ұйымдастырудың жаңа әдістерін немесе олардың жиынтығын пайдалануға, сондай - ақ зерттеулер мен әзірлеу нәтижелерін пайдалануға негізделуі мүмкін. Мұндай инновациялар, әдетте, өндіріс тиімділігін арттыруға немесе өндіріске шығарылып жатқан өнімді беру, ал кей жағдайда қарапайым өндірісітік әдістермен өндірілуі мүмкін болмайтын технологиялық жаңа немесе жетілдірілген өнім өндіруге беруге бағытталады.[24].
Инновация нарықта немесе өндірістік үдерісте ендірілген жағдайда ғана іске асырылған деп есептелінеді. Берілген сипаттамаларға сәйкес ғылыми-техникалық инновациялар мынадай қасиеттерге ие болуы тиіс:
Жаңалығы болуы керек
Нарық сұранысын қанағаттандыру керек
Өндірушіге пайда әкелуі керек
Демек, инновация-белгілі бір тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін комерциялық түрде жүзеге асыру мақсатымен жаңа идеялар мен білімдерді, жаңалықтар, өнертабыстар мен ғылыми-техникалық жаңалығымен қатар өндірістік қолданбалығы да жатады. Инновация жоғарыда аталған барлық қасиеттер де бірдей дәрежеде маңызды екендігін айта кеткен жөн. Оның қайсы бірінің болмауы инновацияның үдеріске кері әсер етеді.
Инновация жіктелуін қарастыруда жаңалық санын алынатыны және жеке жасалған болу мүмкіндігі айтылған, ал жаңалықты ендіру нәтижесі сияқты тек ұйымда іс жүзіне асырылуы мүмкін. Инновация сатылмайды, жаңалық инновацияда тұтыну саласында оларды айналдыруүшін сатылады.
Жаңалықтың өмір сүру циклы үш жолдың біреуі арқылы дамуы мүмкін:
1) инновациялық ұйымда жинақталу;
2) жаңалықтың инновацияға айналуы;
3) тауар сияқты сатылуы;
Ұйым қызметінің тиімділігі экономикалық және қаржылық көрсеткіштерге қарай бағаланады. Нарықтық қатынас жағдайында көрсеткіштің бірыңғай жүйе болуы мүмкін емес. Әрбір инвестор инновациялық жобаның ерекшеліктерінен, мамандардың, менеджерлердің және т.б. факторлардың шеберлігіне байланысты бұл жүйені анықтайды.
Ұйымдардың қызметінің тиімділігі мен қарқындық негізгі көрсеткіштерінің бірі оның тұрақтылық көрсеткіші болып табылады. Экономикалық тиімділікті кіріс формасында алу есебінен ұйым қызметкерлерінің жағдайын кешенді көтеру және дамытуды іс жүзіне асырады. Тиімділіктің басқа түрлері өзіне потенциалды экономикалық тиімділікті алып жүреді.[1].
Жаңашылдық (новация) - бұл шығармашылық ғылыми - зерттеу немесе өндірістік қызметтің өнімі, кез - келген құбылыс, оны пайдалану адам өмірінің нақты өмір сүру сферасында белгілі бір нәтижеге қол жеткізеді. Жаңашылдық - бұл ерекше сипаты болып қоғамға бұрынырақта белгісіз болған өнімдерді тұрақты іздеу мен жасап шығару болып табылатын, шығармашылық қасиеті бар тұлғалар қызметінің қорытындысы. Жаңашылдық болып мыналар табылуы мүмкін: бұйым түрі, техника мен технология, ұйымдастырушылық нысан, тәжірибелік құрал, идея, қызмет түрі, материалды объект, өнертабыс, және т.б. Инновация - қандай дар бір тиімге қол жеткізетін, адам өмірінің барлық сфераларына енгізілген жаңашылдық.. Инновация термині, көптеген зерттеушілердің пікірінше, XV ғасырдың бірінше жартысында ағылшынның innovation сөзінен пайда болған, ол сөз қайта жаңғырту немесе бұйымдарды жасаудың жаңа жолы дегенді білдіреді. Австриялық ғалым Джозеф Шумпетер XX ғасырдың 30 - жылдарында инновациялар түсінігін экономикалық ғылымға енгізді, және оны тұтынушылық тауарлардың жаңа түрлерін, жаңа өндірістік және көлік құралдарын, өнеркәсіптегі ұйымдастырудың жаңа нысандарын енгізу және қолдану мақсатында өзгеріс ретінде түсіндірді. Дж.Шумпетер бойынша, инновация - бұл тек қана жаңашылдық емес, ол кәсіпкерлікпен тығыз байланысты өндірістің жаңа функциясы. Инновация - инновациялық қызметтің, инновациялық үрдістің нәтижесі, оның барысында әртүрлі қызметтер жүзеге асырылады, мысалы: ғылыми - техникалық зерттеулер, өндіріс, маркетинг және менеджмент. Оның пайдалы инновациялық тиімділігін анықтау пайдалы функциясы арқылы жүзеге асырылады - ол инновацияның жаңашылдықтан, белгілі бір ашудан ерекшелігі. Өнертабыстардың әлеуметтік немесе экономикалық құндылығы болмайды, егерде олар инновацияларға айналмаса. ҚР Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы Заңында инновация деп экономикалық айналыста жүрген жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдіс немесе жаңа немесе жетілдірілген тауар ретінде жүзеге асырылған интеллектуалды шығармашылық еңбек нәтижесі түсіндіріледі.
Сонымен, экономикалық талдау үшін инновация категориясының төрт маңызды аспектісі маңызды:
- инновация - кәсіпкердің инновациялық қызметі арқылы инновациялық өнім түрінде нақты өмірге жүзеге асырылған интеллектуалды еңбек нәтижесі ретінде;
- инновация - бұл нарықтық тепе - теңдікті бұзатын бәсекелік күш;
- инновация пайдалы тиімді қамтамасыз ететін жаңа немесе жетілдірілген өнім немесе үрдіс ретінде;
- инновация экономикалық өсу факторы ретінде.
Кейіннен 1912 ж. Й.Шумпетер - инновациялардың қазіргі концепциясының негізін қалаушы - Экономикалық даму теориясы атты өз еңбегінде алғаш рет новатор және жаңашылдық түсініктерін енгізді. Өз зерттеулерінде ол инновациялылықпен - яғни өндіріс күштерін жаңа ұйымдастыру, шоғырландыруға деген қабілеттерімен сипатталған кәсіпкердің жаңа қасиетін бөліп көрсетті. Бұл қабілет тек қана кәсіпкерлік пайда алуға ғана емес, сонымен қатар өндірістің қолда бар циклдарын жеделдетуге және жалпы экономикалық өсуді жылжытуға мүмкіндік береді. Шумпетер өзінің өзектілігін әлі күнге дейін жоғалтпаған инновациялардың келесідей түрлерін бөліп көрсетті:
- жаңа өнім мен қызметтер;
- ұйымдастырудың жаңа нысандары;
- өндірістің жаңа түрлері;
- қамсыздандырудың жаңа көздері;
- өткізудің жаңа нарықтары.
Іскерлік белсенділік циклдары атты өзінің теориясында ғалым гипотезасын шығарды, оған сәйкес экономикалық дамудың қозғаушы күші - яғни құрылымдық өзгерістердің циклдың үрдісінің қозғаушы күші болып кәсіпкердің инновациялық қызметі - тәуекелді бизнес арқылы инновацияларды нарыққа жылжытудың уникалды және сирек кездесетін қабілеті табылады. Сәйкесінше, кәсіпкер экономикалық өсу мен экономиканы бәсекелік қайта құрылымдаудың тұрақты көзі болып табылады. XX ғасырдың 50 - жылдарында американдық ғалым Роберт Солоу экономикалық өсудің жетекші факторы болып ҒТП табылатындығына ерекше назар аударады. Дәл осындай бағалауларды келесідей экономисттер жасады: Джон Кендрик, Эдвард Денисон. Экономикалық өсудегі технологиялық үрдістің ерекше роліне Саймон Кузнец назар аударған. С.Кузнецтің пікірінше, қоғамның қажеттіліктеріне қанағаттандыратын ұлттық өнімнің тұрақты өсіміне технологиялық өсу арқылы қол жеткізіледі. Кейіннен Э.Денисон экономикалық өсудің 23 факторынан тұратын жіктемесін жасап шығарды, оның 4 еңбекке қатысты, 4 - капиталға қатысты, 1 - жерге, қалған 14 ғылыми - техникалық прогрестің үлесін сипаттайды

Инновацияның функциялары және түрлері

Қазіргі таңда кез-келген бір кәсіпорынның немесе фирманың инновацияға деген көзқарасы өте маңызды болып табылады. Сондықтан да нарықтық экономика жағдайындағы бәсекелестік көптеген жағдайда инновациялық қызметтерді талап етеді. Жалпы инновациялық қызмет ролінің маңыздылығын талдау мақсатында инвестицияның берген анықтамасы мен оның механизмін зерттеу болып табылады. Мұның ішінде келесі талдау бағыттары қарастырылады:
мәселелердің негізделген құрылымдық идеясын талдау;
ұйымның рационалды құрылымын талдау;
ұйым басшысының инновациялық жоба басшылығын, олардың командаларының кәсіби шеберлігін талдау;
ұйымның ақпараттық қамтамасыз сапасын талдау;
ғылыми тұрғыда келу және қазіргі менеджмент әдістерін жобалауда қолданылатын сәйкестікті талдау;
ұйымның бәсекелестік мүмкіндігін қолдануды талдау;
инновация және жаңалық портфелі құрылымын талдау (сатып алынатын жаңалық, ұйымға ендіруге арналған жаңалық, жинақтауға арналған жаңалық, жеке жасалған жаңалық, сатуға арналған жаңалық);
жоба экспертизасының сапасын талдау;
ұйымның инновациялық қызмет тиімділігінің есеп көрсеткішінің сапсаын талдау;
инновациялық қызметтің ынталандыру жүйесін талдау;
Ұйымның инновациялық қызмет тиімділігін, рөлін талдауды келесі принциптерді сақтай отырып іс-жүзіне асыру керек:
диалектика (жүйелікпен келу, динамикалықпен келу). Қажеттілік және кездейсоқтық ашу принципі, бірлік және қарама-қарсылықты күрес принципі, өту принципі, жоқты жоққа шығару принципі;
талдау мен жинақтау бірлігі;
ранжирлеу;
баламалы нұсқаулардың сәйкестігін қамтамасыз ету;
оперативтілік;
сандық анықтамалылығы және т.б.
Талдау әдістері: салыстыру, балансты, индексті, факторлық және т.б.
Инновация бұл - экономикалық категория. Категория бойынша инновация жаңа енгізудің жалпы және маңызды қасиеттерін, себептерін, қатынасын көрсетеді.
Категорияның маңызы оның функцияларында көрінеді. Экономикалық категорияның функциясы оның ішкі құбылысын нақты түрде енгізеді. Инновацияның функциялары оның экономикалық жүйедегі көрінісін және де шаруашылық үрдісіндегі рөлін көрсетеді.
Инновация жаңа өнім немесе операцияға (технология, үрдіс) салынған капиталдың пайда болған нарық көрсеткіші болып табылады. Сатуға дайын инновацияны іске қосарда, ақша-инновация айырбасы жүзеге асырылады. Осындай айырбастың нәтижесінде кәсіпкермен (продуцент, инвестор-сатушы) алынған ақша мүліктері, біріншіден, инновацияны құру және сату шығынын жабады; екіншіден, инновацияны жүзеге асырудың нәтижесінде пайда түседі; үшіншіден, жаңа инновацияларды құруға үлкен бір ынта (стимул) береді; төртіншіден, жаңа инновациялық үрдістің қаржыландыру қайнар көзі болып табылады.
Осыларды қарастыра отырып, инновацияның үш функциясын көрсетуге болады:
өндірістік;
инвестициялық;
ынталандырушы;
Өндірістік функция мынаны білдіреді: яғни, инновация кең өрістің маңызды қайнар көзі болып табылатынын көрсетеді.
Нарықта сатылған инновациялардан түсетін ақшалай түсім қаржылық ресурстардың қайнар көзі және де инновациялық үрдістің эффектілік мөлшеріндегі қызметін жасайтын қызметкерлік пайданы құрайды.
Қызметкерлік пайда сауда-өндірістік, инвестициялық, инновациялық және қаржылық істердің көлемін кеңейтуге бағытталуы мүмкін. Пайданың қолдану бағыттары Шаруашылық субьект ақша ағымының жоспарында көрсетіледі.
Осылайша, инновациядан пайда көру және оны қаржылық ресурстардың қайнар көзі ретінде қолдану өндірістік функцияның инновациясын құрайды.
Инновацияны өткізу нәтижесінде түскен пайда әрбір бағытта қолдануы мүмкін, соның ішінде капиталдың қызметінде.
Капитал пайда көру үшін алынатын ақша болып табылады. Бұл капитал бүкіл инвестициялардың қаржыландыруы немесе белгілі бір инновацияның жаңа түрлері үшін қолданылатын инновация пайдасы инновацияның иевестициялық функциясын құрайды.
Инновацияны енгізу нәтижесінде кәсіпкердің алатын пайдасы кез-келген коммерциялық шаруашылық субьект мақсатының функциясына тікелей сәйкес келеді. Бұл құбылыс кәсіпкердің жаңа инновацияларға стимул ретінде қызмет атқарады; әрқашанда оған сұранысты үйренуге, маркетингтік істерді жүргізуді ынталандыруға , қаржылық басқарудың жаңа қасиеттерін қолдануға (реинжиниринг, брэнд-стратегия, бенчмаркинг және т.б.) қызуғышылық тудырады. Жоғарыда айтылғандар ынталандырушы функцияның құрамын құрайды.
Жаңалық нарығының механизмі және функциялары.
Жаңалық нарығын инновациялық кәсіпкерлікпен, тауар-жаңалықтарының өндіру амалы мен мекеніне байланысты экономикалық формалардың және механизмдердің жүйесі ретінде қарастыруға болады. Нарықтық механизмге бағалар, ақша, несие және басқа да бағалы категориялар жатады. Жаңалық нарығына жаңалық сұранысы мен ұсынысы, бағалар масштабы, жаңалықтардың өзіндік құнының сұранысы және т.б. байланысты. Нарықтық механизм тауар-жаңалықтарының байланысына қызмет етеді және оны бақарудың факторы болып табылады. Сонымен бірге де ол жаңалық өндірушінің және кәсіпкердің қолданысы үшін пайдалынады.[3].
Астыдағы кестеде жаңалықтар нарығының тауарлары мен инновациялық тауарлар топтарының жалпы мінездемесі мысал ретінде берілген
Сұраныс пен ұсыныстың обьектік құрылымында белгілі бір келіспеушіліктер туындауы мүмкін. Олар: кәсіпкерлердің (сатып алушылардың) белгілі инвестицияларды қажет ететін негізгі жаңалықтардан бас тартуы, белгілі жаңалықтар сапасының (техниканың деңгейін) қанағаттандырылмауы, көне технологияны және шикізат жеткізушіні ауыстыруды қаламауы.
Көптеген жағдайда жаңалыққа сұраныс адекваттық ұсыныстың болмауынан қанағаттандырылуы мүмкін емес. Бұл техника мен технологияның ғылыми терең түрлеріне байланысты болады. Даму мәселесінің қиындығы мен біртұтастығы жаңалыққа сұраныстың пайда болуы мен оның қанағаттандырылмауының арасындағы маңызды уақыттық мөлшерді анықтайды.
Қалыптасып жатқан нарықтың бірнеше маңызды қасиеттері бар. Жаңалықтар нарығы қазіргі күнде экономикалық айналыста көп қолданылатын интеллектуалдық меншік обьектілеріне рұқсаты растамауынсыз дұрыс қызмет атқаруы мүмкін емес. Интеллектуалдық меншік обьекті ретінде жаңалық тауарлық-ақша формасында жүретін басқа бір тауар ретінде қарастырылуы мүмкін. Экономикалық айналысқа қатысушылар өзіндік интеллектуалдық қасиеттерімен айқындалуы керек: обьектің лигитимизациясы (өнімдерге құқығының бар болуы, экономикалық айналысқа кіруі), беру формасы, жаңалық нарығындпғы субьект ретінде болатын шаруашылықтағы обьективтік интеллектуалдық өнімнің бар болуы.
Кәсіпорындағы инновациялық стратегияның қалыптасуы мынадай жағдайларға байланысты:
жаңа техниканы жасап іске енгізудің тиімділігін арттырудағы ғылымның айрықша рөлі;
өндірістің техникалық деңгейінің өсуі;
жаңа техниканы жасап және іске асыру мерзімдерін қысқартудың қажеттілігі;
өндіріс дамуының интенсивті факторларының артуы, олардың ғылыми техникалық прогресті экономиканың барлық саласында қолданылуына ықпал жасауы;
ойлап тапқыштар мен рационализаторлардың творчествосын дамыту;
жаңа өнімді шығаруда, кәсіпорындардың шығындарының көбейіп, экономикалық көрсеткіштерінің нашарлауы;
техника мен технологияның тез арада моральдық тозуы;
жаңа техника мен технологияны жылдам енгізудің қажеттілігі және т.б.
Инновациялық қызмет кәсіпорынның жұмыстары мен кезеңдерінің орындалуын қарастырады. Осы жұмыстардың көлемі мен мазмұны инновацияның түрлеріне және кәсіпорынның бар әлеуетіне байланысты. Инновацияның негізгі белгілерін қарастырайық:
Жаңалық. Бұл белгі негізінен өзгеру процесін сипаттайды. Жаңалық деңгейі жоғары болған сайын, материалды-заттай және адам ресурстарына инвестициялар көлемі үлкен болады.
Белгісіздік және теуекелділіктер. Сонымен қатар жаңалық деңгейі белгісіздік дәрежесін анықтайды, бұл жеткіліксіз тәжірибе мен жаңа идеяларды жүзеге асырудағы сәтсіздікпен түсіндіріледі. Тәуекелділік ең алдымен мынадан тұрады: нәтижелер тіпті жүзеге аспайды немесе кеш жүзеге асады және бұл бірінші кезекте кәсіпорынның имиджне әсер етеді. Нәтижелердің жүзеге асурылуы кезінде нақты шығандар елеулі түрде жоспардан артуы мүмкін, соңында бұл өнімнің бәсеке қабілеттілік деңгейін төмендетеді және нарықтағы орнын жоғалтады.
Жиынтылық. Инновацияларды жекеленген шаралар ретінде қарастыруға болмайды. Әр түрлі қатысушылардың жұмысын басқарушы қажеттілігі және инновациялық процестің бөлек кезеңдері жиынтылықтың белгісі болып табылады және бұл инновациялық процесстерді басқару бойынша дербес ұйымдық құрылымын қажет етеді.
Жанжалдық. Жоғарыда қарастырылған инновация белгілері тұлғааралық және іскерлік жанжалдардың себептері болып табылады. Негізінен көпшілік жағдайда жанжалдар кәсіпорын қызметкерлері жаңалықтар енгізу кезінде өзінің жұмыс міндеттерінен басқа жаңа қызметтер мен қосымша міндеттерді орындау уақытында пайда болады.
Инновацияның мынадай түрлері болады:
Жаңалығына байланысты:
базистік инновациялар, олар ірі зерттеулерді жүзеге асырады;
жақсарту инновациялары, кіші және орташа зерттеулерді іске асырады;
жалған инновация, техника мен технологияның ескірген бөліктерін біртіндеп жақсартуға қолданылады.
Қолданылуына байланысты:
өнімдік инновациялар ─ жаңа өнімдерді шығарып, қолдануға бағытталған;
технологиялық инновациялар ─ жаңа технологияларды шығарып, қолдануға бағытталған;
әлеуметтік инновациялар, жаңа құрылымдарды құруға бағытталған;
нарықтық инновациялар, жаңа нарықтардағы өнімдер мен қызмет етуді тұтынуды іске асыруға бағытталған.
Шығу көздеріне байланысты.
ғылым мен техниканың дамуынан пайда болған инновациялар;
өндірістің қажеттілігінен пайда болған инновациялар;
нарықтың қажеттілігінен пайда болған инновациялар.
Қайта өндіру процесіндегі рөліне байланысты:
тұтыну инновациялары;
инвестициялық инновациялар.
Масштабына байланысты:
күрделі инновациялар;
жай инновациялар.
Инновациялардың классификациясына қарай отырып, жаңа енгізілімдердің көп түрлі болатынын байқаймыз.[18].

"KEGOC" АҚ-НЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫН ТАЛДАУ.

2.1 KEGOC компаниясының тарихы және миссиясы.
Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы KEGOC (KAZAKHSTAN ELECTRICITY GRID OPERATING COMPANY) акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының энергетика жүйелерін басқаруды құрылымдық қайта құру жөніндегі кейбір шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 қыркүйектегі № 1188 қаулысына сәйкес құрылды. KEGOC АҚ-ның бастапқы мемлекеттік тіркелу күні -- 1997ж.11 шілде.
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010010, Астана қ., Алматы ауданы, Тәуелсіздік д, 59.
Қазақстан Республикасының Үкіметі KEGOC АҚ құрылтайшысы болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 қаулысына сәйкес KEGOC АҚ акцияларының мемлекеттік пакеті Самұрық мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге тапсырылды. 2008 жылдың 13 қазанынан Қазына Тұрақты даму қоры мен Самұрық Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингінің қосылуы арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығымен Самұрық-Қазына Ұлттық әл-ауқат қоры құрылды.
Компания миссиясы
Қазіргі заманғы техникалық, экономикалық, экологиялық талаптарға, кәсіби қауіпсіздік және денсаулық қорғау стандарттарына сәйкес Қазақстан Республикасындағы біртұтас электр энергетикасы жүйесінің жұмыс сенімділігі мен тиімді дамуын қамтамасыз ету.
Пайымы - 2025 KEGOC АҚ әлемдік деқгейдегі компанияға және өңірлік ауқымда электр энергетикасы саласындағы құзіретті орталыққа айналады.
Қоғам Қазақстан Республикасындағы біртұтас электр энергетикалық жүйенің Жүйелік операторы бола отырып, мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
Электр энергиясын ұлттық электр торабы бойынша жеткізу қызметін көрсету, оның техникалық қызметтелуін қамтамасыз ету және пайдаланымдық әзірлікке қолдау жасау;
техникалық диспетчерлеу бойынша қызмет көрсету, нақты баланстардың жасалуы мен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесін құруды қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы біртұтас электр энергетикасы жүйесінің жұмыс режімдерін орталықтан оралымды-диспетчерлік басқару;
Қазақстан Республикасы біртұтас электр энергетикасы жүйесінің (БЭЖ) жұмыс сенімділігін қамтамасыз ету;
Электр энергиясын реттеу және резервтеу, электр энергиясының өндіру-тұтынылуын теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету;
Электр энергиясының теңгерімсіздіктерін табиғи реттеу жөніндегі қызметтерді көрсету;
Электр энергиясының теңгерімсіздіктерін одан әрі қаржылай реттеуді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жүзеге асыру;
Электр қуатының оралымды резервтерінің қажетті көлемдері мен құрылым әзірлігін қамтамасыз ету, активтік және реактивтік қуатын реттеу үшін, энергия жүйесін қорексіз күйден іске қосу жөніндегі қосалқы қызметтерді сатып алу;
Электр энергиясы теңгермелі рыногының нақты уақыт пен жүйелік және қосалқы қызметтер рыногы режіміндегі жұмысын ұйымдастыру;
Қатарлас жұмыс істеу режимінің тұрақтылығын басқару және қамтамасыз ету бойынша шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен өзара іс-қимыл жасау;
Біртұтас ақпараттық жүйені, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін, реле қорғанышы мен апатқа қарсы автоматиканың түйіндес құрылғыларын құру жөнінде техникалық және әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
Ұлттық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инновацияның мәні, мақсаты, түрлері
Инновацияның рөлі мен функциялары
Инновация түсінігі және инновациялық саясат
Жаңа инновациялық ойлар енгізу
Инновацияның міндеттері
Инновацияның мәні, белгілері және түрлері
Инновация мәні,түрлері және қасиеттері
Кәсіпорынның инновациялық қызметі
Инновациялық маркетингтің басқару
Инновациялық кәсіпкерліктің мәні
Пәндер