Абайдың жантанулық көзқарастары



Кіріспе

Негізгі бөлім. Абайдың жантану көзқарастарының ерекшеліктері
І бөлім
Абайдың көзқарастарына орыс интеллегенциясы әсер етті
ІІ бөлім
Абай және дін
ІІІ бөлім
Абай және жеке тұлға мәселесі
Қортынды
Абай Құнанбайұлы қазіргі қоғамда болсын, жалпы қоғамда болсын, негізінен, ақын әрі философ ретінде кең танымал. Алайда Абайдың шығармаларына саяси тұрғыдан талдау жасасақ, ол қазақ қоғамындағы көптеген саяси-әлеуметтік проблемаларды қозғаған көрнекті қоғамтанушы екендігін көреміз. Сонымен қатар оның, яғни ұлы Абайдың шығармаларына жантану, педагогикалық көзқарастары ерекше әсер еткен. Ол ұрпақтарға ұлы мұра қалдырды. Оның шығармаларында өмірге деген психологиялық көзқарастары, тәрбиелік мән ерекше орын алған. Әрине бір семестрлік жұмыс көлемінде Абай сияқты ұлы ғұламаның бүкіл шығармашылық мұрасын талдап шығу мүмкін емес, бұл өз алдына дербес, кешенді ғылыми зерттеу жұмысын қажет етеді. Мен Абайдың шығармаларында көтерілетін психологиялық, әсіресе жеке тұлға туралы мәселелерінің тұстарына ғана жантанулық талдау жасаймын.
«Абайдың қара сөздері», Алматы, Рауан, 1992
\Ақиқат – 1992 , №12\
\Ақиқат – 1998, № 12\
\Саясат – 2004, №6\
\Саясат – 2005, №9\

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Әлеуметтік пәндер

кафедрасы

Психология

Семестрлік жұмыс

Абайдың жантанулық көзқарастары

Орындаған: РЭСк-03-2
тобының студенті
Амирова Айжан
Қабылдаған: аға-оқытушы
Нұрғалым К. С.

Алматы 2006

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім. Абайдың жантану көзқарастарының ерекшеліктері
І бөлім
Абайдың көзқарастарына орыс интеллегенциясы әсер етті
ІІ бөлім
Абай және дін
ІІІ бөлім
Абай және жеке тұлға мәселесі
Қортынды

Кіріспе

Абай Құнанбайұлы қазіргі қоғамда болсын, жалпы қоғамда болсын,
негізінен, ақын әрі философ ретінде кең танымал. Алайда Абайдың
шығармаларына саяси тұрғыдан талдау жасасақ, ол қазақ қоғамындағы көптеген
саяси-әлеуметтік проблемаларды қозғаған көрнекті қоғамтанушы екендігін
көреміз. Сонымен қатар оның, яғни ұлы Абайдың шығармаларына жантану,
педагогикалық көзқарастары ерекше әсер еткен. Ол ұрпақтарға ұлы мұра
қалдырды. Оның шығармаларында өмірге деген психологиялық көзқарастары,
тәрбиелік мән ерекше орын алған. Әрине бір семестрлік жұмыс көлемінде Абай
сияқты ұлы ғұламаның бүкіл шығармашылық мұрасын талдап шығу мүмкін емес,
бұл өз алдына дербес, кешенді ғылыми зерттеу жұмысын қажет етеді. Мен
Абайдың шығармаларында көтерілетін психологиялық, әсіресе жеке тұлға туралы
мәселелерінің тұстарына ғана жантанулық талдау жасаймын.

...Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам,
адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім
Абай Құнанбайұлы
38 қара сөз

Қазақ халқының бір аяулы ұлы Ахмет Байтұрсынов айтқандай, он үш
жасында ел көрген Абай жиырма жасқа келгенде шешендік те, көсемдік те
дәрежеге жетіп болған. Бірақ бұл білім емес, білу еді. Өмірді, білу,
салт-дәстүрді білу болатын. Егер Абайдың білімділігінің бір саласы
осында десек, онда ұлы ақынды тамаша құнарлы топырақта туды деуге
толық қақығымыз бар. Себебі ежелгі түркілердің Тәңірге табынушылығы
да, зороастризм мен иудаизм де, христиандық пен исламдық та, буддизм
де дін болып, өз алдына мәдениет болып саналады. Дін кеткен кезде
мәдениет болмаған, мәдениет кетсе, имандылық жоқ.
Абайдың шығамашылығындағы дін тақырыбына ауысқанда, оны басына тек
әйтеуір сәлде салып, не айтып отырғанын өзі де біле бермейтін, аңқау
елге арамза молдалар мен ишандар төңірегінен іздесек, сөз жоқ,
жібекті жүн етеміз, ол және біздің сауатымыздың төмен екендігін
көрсетеді. Тағыда оқып көрсем, Абай дінді тікелей насихаттамаған дінді
ойдың қуатымен ар, шындық, намыс, ұят дейтін адамгершілік
категориялары арқылы баяндаған ғұлама.
Біз бұл сөздердің мағынасына, бүгінде олардың түпкі мәні
жойылғандықтан, көп назар аудара бермейтін секілдіміз. Сөз, шынына
келгенде, қандай шамадағы тіршілік иесі екендігін айқындайтын белгі
ретінде қабылданатын болса, онда ол жаңағы айтылған ар мен ұяттың,
намыс пен адамгершіліктің шамасын белгілейді.
ХХ ғасырдың бас жағындағы біссіміләсі Қысқы Сарайдың темір қақпасын
жойылсын ұранымен бұзып ашудан басталып еді, одан арғысы мешіттер
мен шіркеулерді түбегейлі қиратуымен жалғасты. Сөйтіп, сауаты жоқ,
қабілеті төмен, көп кәсіпті білмейтін миллиондаған кедейлер ел
бақарып, еңбек еткен болды да, елдің ең ақылды, ең саналы, қабілетті
бөліктері түрмелерде отырды, айдалды, атылды, асылды.
Сондықтан бізге енді ес кіріп, бұрынғыны есептеусіз, ессіз қиратуға,
болмайтындығын ұғынып, ой мен сананы Абайға қарай шегіндіруіміз керек.
Абайға шегінсек, Абайды шығарған ұлы мәдениеттен сусындаймыз.
Кейін шегіну деген бұрынғы жолға түсіп кері жүру емес, ол сол жолмен
келе жатқандағы рухани жолайрығына қара бұрылу сөз болып табылады.
Біздің жолайрығымыз 1917 қарашасынан емес, он тоғызыншы ғасырдың
алпысыншы жылдарынан, орыс империясы жерімізді түгел жаулап алған
шақтан басталады. Біздің оралымдар осы жерде.
Абай – сол жолайрықтың басында өмір сүрген адам. Сондықтан біз оның
өмірі мен шығармашылығын зерттегенде, байлам айтқанда, осы осы ерекшелікті
ескермесек, Абай әлемі дейтін түпсіз тұңғиықтың түбіне жетпеу өз алдына,
сол ұлы мұхиттің жағасынан ғана қайтамыз. Абай әлі зерттелген жоқ,
зерттелсе, енді зерттеледі, көптеген нәрсе енді ғана анықталады.
Біз жоғарыда Абайды он үш жасында сұлтанға серік болуға, жиырма
жасында би болуға жарап еді дедік. Содан кейін, көп ұзамай Абайға, әлгі
айтылғандай, ұлы болужың жолы басталды. Ол, ең алдымен, нақ осы айтылған
білім арқылы келді. Егер өзіні табиғатында, болмысында болмаса, кім-кімге
де оқып ғұлама болу мүмкін емес. Әрине, Абайдың қанша оқығанын әзір ешкім
нақтылап айта қойған жоқ. Ол да келер күндердің ісі. Бірақ кейбір
зерттеулерге қарағанда, оны аз оқыды деп айта алмайсың. Оның үстіне, Абай
және Абай секілділертаңдап, талғап, не оқитындығын біліп оқыса керек.
Абайдың әлемдік ойға қол созған уақыты 70-80 жылдары қазақ еліне жер
аударылып келген орыс интеллегенттерімен байланысты болды. Солардың
ішіндегі, ол Абайдың өмірін оқығандардың бәріне белгеілі есім, Евгений
Петрович Михаэлис ақын өмірінен ерекше орын алады.
Абай жас күнінде күлкі үшін қалжың өлендер, қыздарға ғащық өлеңдер
жазған, есейген кезде арланып, тастаған екен. Михаэлис пен Гроссқа кез
болмаса, сол күйімен, бәлкім кетер еді. Қандай үлгілі, қандай мағыналы,
қандай асыл, қандай терең сөздер жерге көмілер еді. Абай сөздерінің дүниеде
қалғаны қазаққа зор бақ. Бетін түзеп, жол сілтеген кісілер де, сілтеген
жолды лақпай, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасындағы ізгілікті басқарудың негіздері
Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсарин
Шоқанның пікірі бойынша, бұлар оқыған еуропалықтардың еліктеуіне тұрарлық құбылыстар
Абайдың әлеуметтанулықой - пікірлері
Халықтық эстетика Шоқан Ыбырай Абайдың эстетикалық көзқарастары
Абайдың психологиялық және педагогикалық көзқарастары
Абай дүниетанымындағы негізгі мәселелер
А. Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойларды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Қазақ ойшылдарының әлеуметтік көзқарастары
Абай Құнанбайтың өмірі мен шығармашылығы
Пәндер