Қарағанды облысы этнотопонимдері


Е. А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
КЕНЖЕБАЕВА ЖАННА ӘбдікӘрімҚЫЗЫ
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ЭТНОТОПОНИМДЕРІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы: 0212 - «Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті»
Қарағанды-2002 ж.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Е. А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Филология факультеті
Қазақ тіл білімі кафедрасы
Қорғауға жіберілді
кафедра меңгерушісі
ф. ғ. д., профессор Ш. М. Мәжітаева
«» 2002 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ЭТНОТОПОНИМДЕРІ
Мамандығы: 0212 - «Қазақ тілі мен қазақ Әдебиеті»
Ғылыми жетекші: филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Жартыбаев А. Е.
Студент Кенжебаева Ж. Ә.
Қарағанды-2002 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5-11
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І - Тарау
ҚАЗАҚСТАН ЭТНОТОПОНИМИКАСЫНЫҢ
ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫНАН 12-26
ІІ - ТАРАУ
Қарағанды облысы этнотопоним-
дерінің тек -тӨркіні 27-48
Қорытынды 49-51
Пайдаланған Әдебиеттер тізімі 52-56
КІРІСПЕ
І. ТОПОНИМИКАҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЗЕРТТЕУ ЕҢБЕКТЕРІ
Жалпы тіл біліміндегі лексикологияның ерекше бір бөлігі ономастика жалқы есімдерді зерттейді. Ономастика деген терминнің орнына кейде ономатология деген термин де қолданылады. Бұлар өзара синонимдес терминдер. Бұл термин гректің онома - «ат. атау» деген сөзінен алынған.
Ономастика іштей бірнеше бөліктерге бөлінеді:
- Антропонимика (адам аттары мен есімдері) ;
- Топонимика (жер-су) ;
- Этнонимика (ру, ел, халық, тайпа) ;
- Астронимика (жұлдыз, аспан, әлем) ;
- Зоонимика (хайуан аттары) ;
- Фитонимика (өсімдік атаулары) ;
- Хрематонимика (мекеме, мейрам, газет, кітап, поезд, самолет, кинофильм) .
Ал енді осы бөлектердің өздері іштей ьбірнеше бөліктерге бөлінеді. Мысалы: антропонимика іштей:
- фамилия;
- әке аттары;
- өзінің аты;
- лақап аты;
- бүркеншік ат;
- этноантропонимдер (ру аттарынан) т. б. бөліктерден тұрады.
І - ТАРАУ
ҚАЗАҚСТАН ЭТНОТОПОНИМИКАСЫНЫҢ
ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫНАН
Топонимиканың кесек бір саласы - этнотопонимика, яғни ру, тайпа, халық аттарынан қойылған географиялық атауларды зерттеу бөлігі. Ал этнонимдерден қойылған жер-су аттары - этнотопонимдер делінеді.
Этнотопонимдердің негізін құрайтын компонент - этноним . Этноним дегеніміз ру, тайпа, халық аты, ал оны зерттейтін білім саласын этнонимика деп атаған жөн /1/.
Этнонимге байланысты жер-су атауларының сыры - қазақтың көне тарихына алып барары сөзсіз. Қазақтың ең алғаш ру, тайпа, халық және ұлт болып қалыптасуы - оның ежелгі ұлтардың бірі екенін дәлелдейді. Осы ежелден қазақ жерін мекендеуші ру, тайпа, халықтың атаулары өздері мекен етіп отырған жер-су, тау-тас, өзен-көл т. б. атауларына әсерін тигізбей қоймады. Халқымыздың арғы-бергі тарихына қол жетудің нәтижесінде және де кейбір атауларды тілдік тұрғыдан ғылыми дәйектеме-дәлелдер арқылы жер-су атауларының этнонимге де қатысы бар екенін осы жұмысымызда анықтап-ашып беру.
Этносты және этнонимдерді зерттеуді әрқашанда баршылыққа алынып келген және алына бермек Ф. Энгельстің ру, тайпа, халықтардың және оның аттарының әр түрлі қоғамдық формацияларда шығуын, дамуын, олардың қоғам құрылысымен байланысты т. б. мәселелерін қарастырған. «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» деген еңбегінде марксизм ілімі тұрғысынан жете сипаттап береді /2/.
Ф. Энгельстің аталған еңбегінде семья мен рудың арасындағы қарым-датылас, рудың адам қоғамының алғашқы қауымы есебінде баяндалған /3/. Сонымен қатар ру және тайпа категорияларына анықтама беріледі, конкретті дәлелдермен суреттеледі.
Ру болу үшін оның көп шарртары бар. Ф. Энгельс Морганның еңбегіне сүйене отырып, тайпа руларға бөлінетінің, ол олардың өз әдет-ғұрыптары бар екенін көрсетеді. Соның бірі мынау: «Рудың белгілі бір есімдері немесе бірнеше есімдері болады, ол есімдермен бүкіл тайпа ішінде сол рудың өзі ғана пайдалана алады, сондықтан әрбір ру мүшесінің есімі де оның қай рудың адамы екенін көрсетеді. Рудың праволары да ру есімімен тығыз байланысты болады» /4/. Тайпалар территориясының арасында бейтарап алқаптар жатады. Егер тілдерді туысқан болса, онда бұл алқап - тілдері түсініксіз болса, алқап - үлкен. Ал тайпа атаулары туралы Ф. Энгельс былай дейді: «Тайпалардың алып жүрген аттары саналы түрде таңдап алғаннан гөрі көбіне кездейсоқ түрде пайда болған деу дұрысырақ болар; беретін келе мынандай жағдай бола беретін болған». Немістерге өздерінің «германдықтар» денен ең алғашқы жалпы тарихи атын кельттердің тақаанв сияқты, іргелес тайпалар маңайындағы тайпаға сол тайпаның өзін-өзі атап жүрген атынан өзгеше ат беріп отыратын болған» /5/.
«Осы тайпаның өзіне ғана тән ерекше диалекті болды. Шындығында тайпа мен оның диалектісі бір жерден шығып отырады; бөліну арқылы жаңа тайпалар мен жаңа диалекті Америкада осы жақын арада ғана жасалды және осы кезде де ол мүлдем тоқтала қойды ма екен» /6/.
Ф. Энгельс тайпаның бұл көрсетілгеннен басқа алты белгісі бар екенін көрсетеді, соның ішінде тайпаға кіретін адам санын да сипаттайды.
Қазақ халқының ертедегі тарихын халық болып қалыптасқанға дейінгі ру, тайпа, тайпа одақторы тарихын, этносы мен этнонимдерін революцияға дейін А. Левшин /7/, Г. Потанин /8/, В. В. Радлов /9/, А. Харузин /10/, Н. Аристов /11/, В. В. Бартольд /12/, Ш. Уәлиханов /13/ т. б. ғалымдар зерттеді.
Бұл ғалымдар өз еңбектерінде көне замандардағы және орта ғасырлардағы грек, қытай, араб, парсы, көне түркі, көне славян нұсқаларын, түркі халықтарының және қазақтардың шежіресін пайдаланады.
Революциядан кейінгі дәуірде түркі халықтарының этногенді, этностық құрамы, кейбір этнонимдердің этимологиясы жөнінде жазған авторлардан М. Тынышпаев /14/, С. Аманжолов /15/, Ә. Марғұлан /16/, І. Кеңсебаев пен Т. Жанұзақов /17/, В. В. Востров пен М. Мұқанов /18/, С. Мұқанов /19/ т. б. еңбектерін атауға болады.
Қаралып отырған мәселеге М. Ақынжанов, Х. Әділгереев, Ю. Зуев, В. Юдин, С. Ибрагимов, Б. Көмеков т. б. тарихшылардың еңбек-мақалалары да қатысты /20/.
Бұл деректерге қарап Одақ көлемінде де, Қазақстанда да халықтардың этногенді, этносы және этнонимдері мәселелерімен көбіне-көп тарихшылар мен этнография мамандары шұғылданып отырғанын көруге болады. Ал тіл білімі тұрғысынан академик А. Н. Кононов пен С. Аманжоловтың еңбектері құнды да бағалы.
Алайда жеке этнонимнің шығуы, тарихи нұсқаулардан орын алуы және оның этимологиясы туралы бұл авторлар да арнайы шұғалданған жоқ. Этнонимдердің тарихы, дамуы және шығу төркіні сияқты мәселелерді тарихи, этнографиялық мағлұматтармен толықтыра отырып, тіл білімі тұрғысынан ретке келтіру, зерттеу тілшілер, тарихшылар үшін құнды материал, ал халық үшін құнды еңбек деп ойлаймыз.
Этнонимдерді зерттеуге сын елегінен өткізуге, шежіренің де келтірер пайдасы бар. Шежіре деген не, ол қалай, қашан пайда болды деген мәселелер жөнінде К. Маркс пен Ф. Энгельс былай деп жазды: «Морганның бұл мәселеге берген жауабын Маркс мына сөздермен қорытып өтеді: «Рудың алғашқы түрінде соған сай келетін қандас туыстық системасы, - басқа да қарапайым жай адамдардағы сияқты гректерде де бір кездерде рудың сондай алғашқы түрі болған, - барлық ру мүшелеріне өздерінің бір-біріне туыстық қатынастарын білгізе алады. Олар бала жасынан-ақ өздері үшін өте маңызды бұл мағлұматтарды тәжірибе жүзінде біліп алатын болады… Рулық аты ру шежіресін жасады, ру шежіресі мен қатар қойғандай жеке семья шежіресі маңызды болмай шықты. Осы ру аты енді оның иелерінің бір тектен тарағандығына айғақ болуға тиіс еді, бірақ ру шежіресінің әбден алыс заманға кететіндігі сонша неғұрлым бертікірек кездегі ортақ ата-бабалары болған біраз реттерде болмаса, ру мүшелері елді өздерінің арасындағы шынымен болған туысқандық дәрежесін дәл анықтай алмады. Ру атының өзі тұқымның ортақ бір тектен тарағандығының дәлелі болды, дәлелі болғанда бөтен адамды ру адамы етіп алу реттерін санамағанда, даусыз дәлелі болды» /21/.
Сөйтіп, марксизм классиктерінің бұл қағидаларынан шежіре рулық қоғам заманында адамдардың бір-біріне туыстық қатысын білу үшін пайда болғанын байқаймыз. Күні кешеге дейін қазақтардың баласына жеті атасына дейін жаттататынын еске түсірсек, жоғарыдағы қағидалардық дұрыстығы растала түседі.
Осылайша туып дамыған қазақ шежірелері де таптық, немесе діни тұрғыдан өңделіп отырады. Қазақ шежіресінің басы үш варианттан басталады. Бірі - қазақтың арғы атасы Мұхаммед пайғамбардың сахабасы Әнестен тараған екен деп келеді /22/.
Бұл шежіре ислам дінін таратушылар мен қошеметтенушілердің пиғылынан туғанын аңғару қиын емес.
Екінші варианттағы шежіре - қазақтың арғы тегін төрелер тұқымына, яғни тарихтын кеше болған Шыңғыс хан әлетіне жабыстыра салады /23/. Бұл шежірені де ғасырлар бойы қазақты билеген төре тұқымы - Шыңғыс хан әулеті идеологтарының ойлар шығарған әрекеті екені көрініпақ тұр.
Ал үшінші варианттағы шежіре - көне заманнан күңгірт, ақиқаты бағзы заманда ұмытылып кеткен, тек ру, тайпа аттарының өзі ғана туыстықты білдіретін шежіре. Бұған ХІХ ғ. Жазып алған ақын Н. Наушабаев пен ХХ ғ. Басында жарыққа шығарған Кәрім Батищевтің шежірелері жатады /24/.
Бұл шежірелердің таптық, діни және идеологиялық үстемелерін сын көзімен қараса, олардың берер пайдасы аз болмаса керек. Тегінде шежіре мәліметтері түркі халықтарында ерте орта ғасырдан бар. Мәселен, түркілердің шығуы жөнінде екі аңыз VI-VII ғасырдағы қытай нұсқаларында сақталған /25/. Бұл аңыздардағы шежіре элементтері мифологиялық түсініктермен ұштасып жатады.
Ал көне түркі жазушыларында да шежіре сюжеттері бар. Мәселен, Кюнь-Тегин ескерткіштерінің үлкен жазуы былай басталады: «Жоғары да көк аспан, төменде қара жер пайда болғанда, екеуінің арасында адам баласы пайда болады. Адам баласына ата тегім Бумын қаған, Естеми қаған хан болады». Осы шежірені тарихшы Л. Н. Гумилев өзінше түсіндіреді. Бумын 545 жылы, ал Естеми 554 жылы хан болған. Ал Кюль-Тегин 731 жылы өледі. Ал Кюль-Тегин заманының түрлері адам баласының пайда болғанына 200 жыл болды, ал оның алғашқы хандары - Бумын мен Естеми деп түсіндірген /26/.
ХІ ғасырдың атақты тілші, этнограф ғаламы М. Қашқаридің еңбегінде /27/ қаншама рулар тарихы мен олардың тұрағы айтылады. Бұдан кейін түркі тайпаларының тарихы, шежіресі ХІІІ ғасырдың аяғы, XIV ғасырдың басында 10 жыл бойы жазылған (1300-1310 жж. ) . Рашид-ад-диннің «Джами ат-тауарих» (Сборник летописей) атты еңбегінде /28/ молынан орын алған. Біздің байқауымызша Рашид-ад-дин еңбегі І томның 1-ші кітабының бас жағында айтылатын шежіре, тайпалар тарихы ауызша айтылып жүрген шежіреден алынған болуы керек. Осы кітаптің бірінші бөлімшесін автор былай деп атайды: «Раздел первый относительно истории и народных рассказов об Огузе и двадцати четырех вышеупомянутых племенах, происшедших от его потомков и от некоторых его родных и двоюродных братьев, присоединившихся к нему. От них произошли племена: уйгуры, кипчаки, каилы, карлуки и калачи. [Все это излагается ] согласно тому, что сообщают мудрые люди [этих народов] [выделего мною - А. А. ] и на чем все они сходятся» /29/.
Міне, бұл тақырыпта айтылып тұрған «халық әңгімелері», «дана адамдардың айтуынша» деген сияқты автор сөздері Рашид-ад-дин еңбегінің бір нұсқасы халық аузында айтылып жүрген шежіре, аңыз-әңгімелер екенін көрсетеді. Ендігі шежіренің бір жазба нұсқасы - «Огуз-нама» /30/. А. М. Щербақтың ойынша бұл шығарма XV ғасырда Жетісуда жазылған. Ал өзінің сюжеті және мазмұны жағынан «Огузнаме» ертерек сияқты. Өйткені мұнда Огузхан адам мен жылқыны жеп шыдаптаған қиятпен (единорог) соғысады, Огуз-ханды жорықтарда көк бөрі бастап жүреді /31/. Міне, бұл оқиғалар шығарманың ертелігін және мифтік бағытта екенін дәлелдейді. Осыған қарағанда Огузнаме кеш жазылғанымен, мазмұны ертеректе. Бұл мәліметтер профессор Ғ. Ғ. Мұсабековтың - «Огуз-наме» ерте орта ғасырда туған деген пікірін растай түсетін тәрізді.
Түркі тайпаларының шежіресі 1659-61 жылдары жазылған Абдулғазының «Шаджари-и-таракіма» атты еңбегінде де баршылық. А. Н. Кононовтың зерттеулеріне қарағанда бұл еңбек Рашид-ад-диннің кітаптарын пайдаланып жазылған /32/.
Түркі және қазақ тайпаларының, хандарының тарихы мен шежіресі (авторы қазақ) Қадырғали Жалалридің «Жамиат-тауарих» атты еңбегінде кездеседі. Темшік Бахадурдың немересі, Қошымбектің ұлы Қадырғали (бек) тарақ таңбалы жалайыр руынан. 1588 жылы Ораз-Мухаммед және Сейдақпен Ертісте қоршыға салып жүргенде, Қадырғали үшеуін Чулков воевода тұтқынға алып, Москваға жөнелткен. Қадырғалидің аталған еңбегі XVI ғасырдың аяғында Москвада жазылған және орыс патшасы Борис Годуновқа арналған.
Зерттеушілердің пікіріне қарағанда, Қадырғали Рашид-ад-адиннің еңбегін аударып қана қоймай, Қазан, Астрахань, қазақ халықтарының құрылуын, яғни XIV-XV ғасырлар оқиғаларын т. б. жазған.
Қадырғали еңбегінің үлкен бөлімін Ш. Уәлиханов орыс тіліне аударған және жоғары бағалаған /33/.
Міне, бұл аталған тарихи нұсқа еңбектердің асса түркі халықтарының, қама қазақ халқының этностық құрамын, көне тайпалардың тегін анықтауға пайдасын тигізері сөзсіз. Бұл нұсқаларда кейбір этнонимдердің халықтық этимологиялары да берілген. Соларды сын көзбен қарап, ғылыми қажетіне жарату біздің, тілшілердің міндеті деп білеміз.
Этнонимдер (сол сияқты этнотопонимдер де) қалай зертеулік керек? Этнонимдерді зерттеу үшін тарих, этнография және тіл мамандарының ізденістерін бірлестіру қажет этнонимнің, оның иесі этностың пайда болу, даму, тарихтан орын алуы сияқты мәселелерін тарихи этнография және тарих мамандары қарастырушы керек. Ал олардың қай тілдің сөзінен шыққанын, қай тілде сөйлегенін анықтау - тіл мамандарының міндеті. Міне, осы екі саланың басын қосып зерттеу жүргізу сол халықтың этногенезін, халықтың этностық құрамын анықтауға зор пайдасын тигізбек /33/.
Осы жағдайларды ескере отырып, дипломдық жұмыста қазақ халқының этностық құрамына енген ең ірі компоненттердің - ұлыстардың, тайпа одақтардың тарихын және сол атаулардың шама келгенше этимологиямын ашуды алдымызға мақсат етіп қойдық.
ЭТНОНИМДЕРДЕН ҚОЙЫЛҒАН ГИДРОНИМДЕР
Орталық Қазақстан көлдерінің үлкен бір бөлігінің атаулары, тайпа аттарынан қойылған және территориясындағы орналасу тарихымен тығыз байланысты болып келді.
"Жердің аты - тарихтың хаты" - дегендей тарихтан өткен ру, тайпа халықтың атауы этникалық топтың атауы болып қана қоймай өздері мекен еткен жер-су, тау-тас, өзен-көл атауы болып қалған.
Бұл мәліметтерге сол жерде қандай этникалық топтың мекен еткенін көруге болады. Этнонимдердің көбісі елді мекен атауы. Ел мекен етуші жерде өзен, көл, бұлақ, құдық, сарқырама болуы міндетті түрде. Ендігі сөз осы этнонимдерден қойылған гидронимдер.
Қаратырылып отырған облстың Теңіз ауданында Қыпшақ аталған көл бар. Осы көлге құятын ұзындығы 3 км өзен де Қыпшақ аталады. Сол секілді осылай аталатын бастау, өзендер Жезқазған, Шымкент облыстары жерінде де кездеседі. Бұл гидронимдер тарихта көне дәуірлерден белгілі қыпшақ тайпа одағының атымен байланысты. А. Н. Бернштамның пікірінше: "Қимақтармен туыстас қыпшақтар жайлы деректер арғы заманнан, біздің араға дейінгі ІІІ ғасырдан белгілі болған. Қыпшақ этнонимі сондай-ақ VIII ғасырдың орта шеніндегі ұйғыр, Мойн-Чара ескерткіштерінің текстерінде де кездеседі" /34/. Онда "түркі-қыпшақтар біздің үстімізден елу үстемдік етті" - деген жазу бар. Қыпшақ - ру, тайпа атауы ретінде басқа да туыстас қарақалпақ, ноғай, башқұрт, қырғыз, алтай, өзбек тілдерінде кездеседі. Гардизидың "Уаин-Гал-ахбарындағы" деректерге қарағанда қимақтар мен қыпшақтар Ертіс жағалаууын мекен еткен. Тарихи деректерде Орталық Қазақстан жерінен сонау Сыр бойы, Еділ Жайыққа дейін Дешті қыпшақ (парсы тілінде - қыпшақ даласы) аталғаны мәлім. Сығанақ қаласы XV ғасырға дейін қыпшақ ұлысының астанасы болып келді. Қыпшақтардың тарихы мен осы атаудың шығу төркіні жайлы зерттеуші ғалымдардың әртүрлі пікірлері, қым-қиғаш ғылыми топшылаулары бар. Жазылған еңбектері мен зерттеу жұмыстары да жеткілікті. Қыпшақтардың тілі қазіргі қазақ тіліне жақын, көп сөздері ұқсас келеді. Ал, қыпшақ сөзінің шығу тарихына келсек, ол Рашид-ад-дин еңбегінде, "Огуз-намеде" және "Түркімен шежіресінде айтылған".
Бұл жазба деректерде Оғұз қағанының соғыста өлген бір сардарының әйелі ағаштың шіріген қуысында босанады. Ол баланы Оғұз қаған асырап алып, Қыпшақ деген ат береді. Қыпшақ - түркітіліндегі қабық (ағаш қабығы) деген сөзден алынғаны баяндалады. Ал ғылыми зерттеулерде қыпшақ сөзінің шығу тегі жайлы пікірлер басқаша. Бұл сөздің екінші бөлігі - шақ компонентін А. Шербак есім жұрнағы, ал Ш. Банг кішірейту жұрнағы деп қарайды /35/. Қыпшақ сөзінің "қып" түбірі туралы пікірлер де әр қилы. Қыпшақтарды славян халықтары, орыстар половцы атағаны белгілі. Славян тілінің половцы, половы деген сөздері "құба", "құбақ", "құба жол" деген мағынаға жуық. Ертедегі грек, Батыс Европа халықтарының ескерткіштерінде қыпшақтардың аты Кумен, Кубань түрінде кездеседі. Солтүстік Кавказдағы Кума, Кубань атаулары да өзара түбірлес. Сондықтан да қыпшақ атауы осы Құба деген сөзден қалыптасқан деген пікірді қазір көпшілік ғалымдар қолдайды.
Құба сөзінің бастапқы түрі Құбан<Құбаң> болса керек. Сондай-ақ ҚҰба /Куба/ этноним ретінде Алтайдан Балқарға дейін кездеседі. Әңгімеге тиек болып отырған қыпшақ сөзінің өзгеру процесі қубашақ <құба-шақ>, <құб-шақ>, <қыбшақ>, <қыпшақ>.
Сөйтіп, осы өзгерістер нәтижесінде бұл этноним қыпшақ (кейбір түркі тілдерінде құбшақ, қыпчаг, қыпсақ) түрінде қалыптасқан /36/. Біздегі қыпшақ көлі осы қыпшақтардың сол көлді иемденіп, соның жағалауын мекендеумен байланысты қойылуы мүмкін.
Осы аталған аудан өңірінде, Керей деп аталатын көл бар, ол Теңіз көлінің Оңтүстік-Батысында 6 км жерде, көлемі - 63 км. Суы тұзды, ащы, ұзындығы - 100 км. Бұған Керей облысында Үлкен-Керей, Найза-Керей деген шағын көлдер барын Қазақстанның географиялық картасынан анық көреміз. Бұл этноним мен этнотопонимнің шығуы мен этимологиясы жайлы Н. Г. Потанин, Г. Грум-Грмжайло, Н. Аристов, В. Бартольд, А. П. Чулошников, С. Аманжолов, Ю. Немет, Ж. Болатов, В. Востров, М. Мұқанов т. б. кеңінен тоқталып құнды пікірлер айтқан.
Рашид-ад-дин өз еңбектерінде Шыңғыс үстемдігіне деген керейлердің өз мемлекеті болғандығын, олардың көне тұрғы ұлы Қытый қорғанына шекералас, яғни, Онон, Керулен өзендерінің бойын, Үрганның оңтүстік батысындағы таулы Долон өлкенін, Көке-Нор көлі Мақын, Селенгі, Арғын өзендерінің бойын мекендегені туралы айтылады /37/.
Монғолдардан жеңіліс тапқаннан соң, керейлер батысқа қарай қашад. Кейбір топтары Алтайда қалғанымен, біразы Ертіс бойы мен Омбыға, одан әрі Батыс Қазақстанға дейін көшіп, Кіші жүздің құрамына кіреді де, Орталық Қазақстанға қоныстанған керейлер Орта жүздің құрамына енеді. Ал жоңғар қалмақтары қуылғаннан кейін керейлер ХІХ ғасырдың аяғында Семей (Зайсан, Қарқаралы, Өскемен, Павлодар уездері) және Ақмола (Омбы, Петропавл, Көкшетау, Ақмола уездері) облыстарын мекендейді. Керей аталатын кейбір тайпалар: татар, алтай, тува, ноғай, өзбек, башқұрт халықтарының құрамында да кездеседі /37/.
Міне, керейлердің өз атамекенінен асып, қазақ жеріне келіп, орын тебуінің жайы осындай еді, Керей атауының этимологиясы жайлы, керелердің шығу тегі туралы ең алғашқы пікір айтқан Н. Аристов, Ховорс сияқты ғалымдар бұларды түркі тайпалары деп қараса, Гримм-Гржимайло бұған шүбә келтірген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz