Қазақстандағы еңбек нарығы
Кіріспе
І.бөлім. Қазақстандағы еңбек нарығының әлеуметтік мәселелері.
а) жұмыссыздық деңгейін төмендету шаралары.
б) еңбек нарығының әлемдік үлгілері.
ІІ.бөлім. Еңбек нарығының қалыптастыру мен әлеуметтік жағдайын көтеру.
а) еңбекпен қамтамасыз ету саясаты.
б) жұмыссызық түрлері.
Ш.бөлім. Нарықтық экономикаға өту кезіндегі еңбек нарығының қалыптасуы.
а) еңбек нарығының қалыптасуына әсер ететін факторлар.
б) жүмыстың түрлері.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Нарықты экономиканың және нарық қатынастарының ең маңызды жағы адамдардың еңбек қызметтерін толассыз жандандыруында. Еңбектің табиғаты, қоғам дамуындағы рөлі өзгермесе де, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси сипаты жағынан байланыссыз болса да нарықтық экономика кезеңінде еңбек қатынастары, еңбекті басқару, еңбекті қолдану түбегейлі өзгереді. Егер нарық қатынастары еңбек әлеуетінің нәтижесіне, еңбек өнімділігінің сапасына, адамдардың еңбекке деген көзқарасының өзгеруіне әсерін тигізбейтін болса, онда нарықты экономика өзінің жоғары деңгейлі мәнін жоғалтқан болар еді.
Нарықты экономика кезеңінде адамның кез келген еңбек қызметі, атап айтқанда, ой-қуаты, энергиясы, уақыт шығындары нысанына, жұмыстың тәсіліне қарамай еңбек болып есептеледі. Еңбек қатынастарында еңбек уәжін де атап айту қажет.
Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңында "еңбек қатынастары -тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар" - делінген.
Сонымен қатар нарықты экономика еңбек нарығы мен жұмыс күшінің қажеттілігінен туындайды. Қызметкерлер жұмыс күшін өздері жұмыс берушілерге сатылады. Олар нарықта еңбегін мамандығына, талабына, сапасына, еңбек қабілетіне, біліктілігіне қарай бағалайды. Нарық болса, сұранысқа байланысты жұмыс күшінің иесі ретінде, бәсекелестік кең жайылған шақта сапасын, жұмыс қабілеттілігін, мамандығын жоғарылатуға тырысады. Олай болмаған күнде жұмыссыздар санының көбейту қаупі туады.
Нарық жалдау қатынастарын да қарастырады, одан барып жұмысқа орналасу мәселелрі туады. Жалданатын жақ жалданатын жұмыскерлерге қойылатын
талаптарында өзіне қажеттілігіне, оның жай-күйіне, біліктілік-мамандық деңгейіне, жынысы, жасы, сипаттамасына моральды - психологиялық мінездемесіне қарай қабылдайды. Жалданатын жақ төленетін еңбекақы деңгейіне, еңбек жағдайларына жұмыс орнының мамандығына сай келуіне, еңбектің бағалылығына, жұмыстың сапалық - психологиялық ахуалына, басқарушының мәдениеттілігіне қарай зерделейді. Егер сұраныс пен ұсыныс дәлме-дәл келсе жал туралы келісім шешіледі.
Еңбек қызметі процесінде еңбек қатынастары өзара келісім - шарт арқылы реттеледі. Өзара шарт - бұл жалдаушы мен жалданушы арасындагы қысқа мерзімге тұжырымдалатын келісім. Егер өзара шартта көрсетілген талаптар орындалмайтын болса, келіспейтін жақ тоқтатуына болады.
Еңбек қатынастарындагы өзара шарттық бәсекелестікпен қатар тапшылықтың жұмыс орнын қамтуы нарық экономикалық тұтқасы. Мұның өзі қызметкердің еңбек өнімділігінің өсуіне, жогары нәтижеге жетуіне, оның еңбек ұжымының және жолдауының алдында жауапкершілігін күшейтуіне әсерін тигізуі ықтимал.

1) "Еңбек нарығы жэне жұмистен қамту" Ақикат 2000 ж.№7, 33-45 бег.
2) "Еңбек нарығы елді еңбекпен қамту" Қаржы-қаражат 1999ж. №5, 37-39 бет.
3) "Жұмыссыздық жэне жэрдемақы: Республиканың еңбек нарығындағы жағ, ій өте күрделі" "Жас Алаш" 1998жЛ09.
4) "Нарықтық экономикада дамыған елдер өнеркэсібіндегі салыстырмалы еңбек құқығы мен өндірістік қатынастар."Редакторлары: Р.Бланпэйн, С.Энгельс -Алматы: Дәнекер, 1999ж.732 бет.
5) Нарықты экономикань негіздері: оқу методикалық ралы
Ақтөбе, 1993ж.2-болім 108-6
6) Рыночная экомомика Казахстана: проб овления и развития. В двух
томах, под.ред.М.Б.Кенжегузина Том 2 - Алматы, 2001г 388с.
^7) "Кедейлік, жұмыссыздық бір қасірет" Ақиқат- 2001ж.№3,18-23бет.
8) Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы заңы: Алматы: Жеті Жарғы,200ж.120б.
9) Нарықтық экономика эліппесі Алматы: Қазақстан 1995ж.96бет. Редакторы:М.Әкімжанов.
10) Нарықтық экономидағы қаржы қаражатпен қамтамасыз етілуі.226
бет,1999ж.
11) Сэлімбаева Б.Қ., Досхожаев Д.Т. Еңбекті мөлшерлеу оқу құралы - Алматы:
Экономика 2001ж,120-бет.
^12) Я.Әубэкіров. Экономикалық теория неі ; Алматы, 1998ж,497
бет.
13) Друкер Питер. Нарык: гопжарып, алға шън рактика мен принциптер орыс тілінен аударғандар Р.Шаймерденов, М.Бөлекбаев, Алматы:1994ж,320бет
14) Халықаралық экономика ық қатын і Алматы: 1998ж. 192бет. Байгісиев М.
15) Н.Қ.Мамыров. Хал ы экономикалык қатынастарюқу құралы -
Алматы: Экономика,1998ж.1 77бет.

Жоспар
Кіріспе
І.бөлім. Қазақстандағы еңбек нарығының әлеуметтік мәселелері.
а) жұмыссыздық деңгейін төмендету шаралары.
б) еңбек нарығының әлемдік үлгілері.
ІІ.бөлім. Еңбек нарығының қалыптастыру мен әлеуметтік жағдайын көтеру.
а) еңбекпен қамтамасыз ету саясаты.
б) жұмыссызық түрлері.
Ш.бөлім. Нарықтық экономикаға өту кезіндегі еңбек нарығының қалыптасуы.
а) еңбек нарығының қалыптасуына әсер ететін факторлар.
б) жүмыстың түрлері.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Нарықты экономиканың және нарық қатынастарының ең маңызды жағы адамдардың
еңбек қызметтерін толассыз жандандыруында. Еңбектің табиғаты, қоғам
дамуындағы рөлі өзгермесе де, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси
сипаты жағынан байланыссыз болса да нарықтық экономика кезеңінде еңбек
қатынастары, еңбекті басқару, еңбекті қолдану түбегейлі өзгереді. Егер
нарық қатынастары еңбек әлеуетінің нәтижесіне, еңбек өнімділігінің
сапасына, адамдардың еңбекке деген көзқарасының өзгеруіне әсерін
тигізбейтін болса, онда нарықты экономика өзінің жоғары деңгейлі мәнін
жоғалтқан болар еді.
Нарықты экономика кезеңінде адамның кез келген еңбек қызметі, атап
айтқанда, ой-қуаты, энергиясы, уақыт шығындары нысанына, жұмыстың тәсіліне
қарамай еңбек болып есептеледі. Еңбек қатынастарында еңбек уәжін де атап
айту қажет.
Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңында "еңбек қатынастары
-тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір
еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер
арасындағы қатынастар" - делінген.
Сонымен қатар нарықты экономика еңбек нарығы мен жұмыс күшінің
қажеттілігінен туындайды. Қызметкерлер жұмыс күшін өздері жұмыс берушілерге
сатылады. Олар нарықта еңбегін мамандығына, талабына, сапасына, еңбек
қабілетіне, біліктілігіне қарай бағалайды. Нарық болса, сұранысқа
байланысты жұмыс күшінің иесі ретінде, бәсекелестік кең жайылған шақта
сапасын, жұмыс қабілеттілігін, мамандығын жоғарылатуға тырысады. Олай
болмаған күнде жұмыссыздар санының көбейту қаупі туады.
Нарық жалдау қатынастарын да қарастырады, одан барып жұмысқа орналасу
мәселелрі туады. Жалданатын жақ жалданатын жұмыскерлерге қойылатын
талаптарында өзіне қажеттілігіне, оның жай-күйіне, біліктілік-мамандық
деңгейіне, жынысы, жасы, сипаттамасына моральды - психологиялық
мінездемесіне қарай қабылдайды. Жалданатын жақ төленетін еңбекақы
деңгейіне, еңбек жағдайларына жұмыс орнының мамандығына сай келуіне,
еңбектің бағалылығына, жұмыстың сапалық - психологиялық ахуалына,
басқарушының мәдениеттілігіне қарай зерделейді. Егер сұраныс пен ұсыныс
дәлме-дәл келсе жал туралы келісім шешіледі.
Еңбек қызметі процесінде еңбек қатынастары өзара келісім - шарт арқылы
реттеледі. Өзара шарт - бұл жалдаушы мен жалданушы арасындагы қысқа
мерзімге тұжырымдалатын келісім. Егер өзара шартта көрсетілген талаптар
орындалмайтын болса, келіспейтін жақ тоқтатуына болады.
Еңбек қатынастарындагы өзара шарттық бәсекелестікпен қатар тапшылықтың
жұмыс орнын қамтуы нарық экономикалық тұтқасы. Мұның өзі қызметкердің еңбек
өнімділігінің өсуіне, жогары нәтижеге жетуіне, оның еңбек ұжымының және
жолдауының алдында жауапкершілігін күшейтуіне әсерін тигізуі ықтимал.
Егер екі жақ бір - біріне сенімділік білдірсе өзара шартты ұзартуына,
тіпті омірлік шарт жасауга болады.
. Қазацстандагы еңбек нарыгыныц әлеуметтік мәселелер.
Қазақстан Республикасы нарықтық қарым-қатынасқа көшіп жатқан кезеңінде
көптеген күрделі мәселелерді дәйекті шешуге тура келді. Олардың бірі -
еңбек нарқын қалыптастыру және дамыту.
Еңбек нарқының негізгі мақсаты - еңбек ресурстарын жүмыспен тиімді және
нәтижелі қамту. Еңбекке жарамды адамдарды жүмыспен қамту аса күрделі әрі
мемлекеттік маңызды мәселе. Нарыққа бет алған сайын бұл мәселе экономикалық
өмір тіршілігінде өткір жэне батыл қойылган саяси-экономикалық және
әлеуметтік мақсаттарга жетудің шартты жағдайларының бірі.
Сонымен қатар еңбек нарығында бүгінгі күнге ең маңызды мәселелер - ол
халықты жұмыспен қамту ғана емес, оған жүмыссыздық та кіреді. Осы
мәселелерді шешу үшін ең алдымен еңбек нарығын жүйелі түрде талдап, сонан
соң ондағы болып жатқан өзгерістерді бағалап, әрбір аймақтың өзіндік
ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру
қажет.
Жұмыспен тиімді және нәтижелі қамту, демек еңбек нарқын қалыптастыру
өндірістік қатынас негізінен туындаған оның ерекшеліктерінен бейнелейтін
сапа белгісі. Жүмыспен тиімді қамту әрбір елдің, нақтылы даму кезеңдерінің
деңгейіне сай жүмысқа жарамды адамдарды үнемді және нәтижелі пайдаланып,
оларды шаруашылық сфералары мен салалары және территория бойынша бөлудің
және қайта бөлудің оптималды тепе-теңдік үлесімділігіне жету. Қорыта
айтқанда, Республикамызда еңбек нарығын қалыптастырудың және дамытудың
негізгі мақсаты осы. Олай болса Қазақстан Республикасының нарықтық
қатынасқа өту кезеңіндегі еңбек нарығын құрудың ауданы қандай, осы
бағыттағы нақтылы көкейкесті мәселелерді шешудің барысы қалай?
Қазіргі жағдайда, нақты және анық айтатын болсақ, еңбек нарығы жөнінде
әңгімелеу әзірше ертерек. Еңбек нарығын қалыптастыру және дамыту бірнеше
кезеңдерден түратын және белгілі бір мерзімді қажетсінетін аса күрделі және
өте жауапты экономикалық-әлеуметтік әртекті кешенді процестердің жиынтығы.
Осы айтылғандар өзара әсер ететін үндес және сабақтас жатқан процестер.
Еңбек нарығын қалыптастыруда және дамыту барысында Республикамыздың тарихи
дамыту белестерін, дәстүрін, тәжірибесін, аймақтың ерекшеліктерін әр кез
есте сақтаған абзал. Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайында еңбек
нарығының қалыптасуына саяси ахуал, экономикалық-әлеуметтік даму, нарықтық
инфрақұрылымдар, демографиялық процестер, аймақтық ерекшеліктер тікелей
әсер етіп отыр. Қазір саяси ахуал және ұлтаралық қатынастар тұрақтана
түсуде. Өркениетті бағыт өзінің қиындығына қарамастан тура қалыптасып
келеді. Осы мәселе жөніндегі бүкіл әлемдік үлгіге бет алуымыз тарихи маңызы
бар жұмыс, еңбек нарығын дамытуға берері мол жүмыс.
Еңбек нарығын қалыптастыру жэне дамытудағы келесі жағдай -экономикалық-
әлеуметтік дамуы. Осы дамудың деңгейі мен қарқыны нарыққа өту кезеңінде
жіберіліп жатқан кемшіліктер мен қателіктердің арқасына оңды сипатқа жэне
нәтижелерге әлі де болса қолымыз жетпей тұр. Экономикалық өмірдің ауыр
салмағы халыққа оңай тиіп жатқан жоқ. Экономиканы толық тұрақтандыру күн
тәртібіне өткір қойылып отыр. Халықтың күн көріс әрекеті сырғақ бағытқа ие
болды, әлеуметтік қорғау шараларының жүзеге асуы өте баяу, заман талабынан
әлде қайда төмен жатыр. Республикамыздағы нарықтық инфрақұрылымдардың дамуы
қандай да бір жеңіл-желпі сынды көтере алмайды. Осы жағдайлар еңбек
нарығының дамуына белгілі дәрежеде тосқауыл болуда.
Еңбек нарығының дамуына әсер ететін келесі жағдай - демографиялық ахуал.
Бүл бағыттың алғаш өзгерістерімен өзіне тән ерекшеліктері бар. Атап
айтқанда, өмірге келетін сәбилердің деңгейі біршама төмендейді, өлім
көбейді, өмір сүру жасының ұзақтығы аздап та болса азайды, жасы ұлғайған
адамдардың үлес салмағы өсті және он жеті жасқа дейінгі жас өспірімдердің
үлес салмағының деңгейі салыстырмалы түрде жоғары. Қорыта айтқанда,
Қазақстан Республикасының халқының ұдайы өсімі (демографиялық процесс)
прогрессивті типте. Демек, экономикалық және мәдени дамуға қажетті еңбек
ресурстарымен қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасында еңбек нарығын дамытуда аймақтық ерекшеліктер
бар. Тұрғындардың көпшілігі ауылдық жерде тұрады, үй шаруашылығымен
айналысатындардың үлес салмағы жоғары. Оңтүстік Қазақстан аймағында еңбекке
жарамды адамдардың 28,5% пайызы үй шаруашылығында жүмыс істейді. Кейбір
жекелеген облыстар мен аудандарда бүл көрсеткіш біршама жоғары. Үй
шаруашылығында жүмыс істейтіндердің кәсіби білімі және біліктілігі
қажеттілікпен көбі төмен екендігін еске алсақ еңбек нарығының дұрыс
қалыптасуына жеке ілгері дамып кетуі қалыптасуына және ілгері дамып кетуіне
тигізіп отырған әсерін аңғару қиын емес.
Қазақстан Республикасында еңбек нарығын дамытудың келесі ахуалды мәселесі -
жүмыссыздық. Негізгі себебі ондірістің бүтіндей немесе жартылай тоқтап
қалуы. Өндірістен қол үзіп босап қалу, сөйтіп жүмыссыздар армиясының
қатарын молайуы жөнінде айта кететін ақиқат бар. Ол-нарықтық қатынас
жағдайында осы процестің үнемі және үздіксіз болып түратындығына. Демек,
жүмыссыздық нарықтық қатынастан туындайтын объективті процесс, бұдан
планетамыздағы ешбір мемлекет қашып қүтылған емес. Экономикалық өмір
шынысының тағы бір шындығы бар. Ол - жүмыссыздықтың деңгейі (көлемі мен
шегі). Бүл жөнінде осы мәселені арнайы зерттеушілер бір пікірге келе алмай
отыр. Біздің пікірімізше, жұмыссыздықтың көлемі мен шегі мәңгілік емес,
өзгермелі шама, барлық мемлекетте бірдей болуын армандау қиялдың ғана
жемісі. Әрбір жеке мемлекеттің өркендеу белестеріне және
ерекшеліктеріне сәйкес келетін жұмыссыздықтың оптималды деңгейі болуы
қажетті жэне шартты жағдай. Мақсат - тиімді жэне оңтайлы дэрежеге ұмтылу
жэне оны қалыптастыру. Осыған орай, Республикамызда кезек күтпейтін
мэселеледің бірі -жұмыссыздардың заңды статусын белгілеу, оларды есептеу
жэне таратып берудің ыңғайлы қарапайым жүйесіне көшу және т.б.
Қазіргі кезде Қазақстандағы жастардың еңбек нарығындағы жағдайы, соңғы
жылдары едэуір шиеленісіп нашарлауда. Қазіргі кезде жастар арасындағы
жүмыссыздық көлемі өсіп бара жатыр. Соған орай, жас адамдардың
мүмкіндіктері шектеулі, бәсеке қабілетіліктері төмен басқа халық
категориясымен салыстырғанда.Деректерге сүйенсек,Қазақстандағы жастардың
жалпы саны 2008 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша 4.5 млн-ға
жуықтаған.Қазіргі заманғы қазақстандық қоғамның құрылымында жас
азаматтардың жастық категориясы республика халқының жалпы санының 27.8 %-ын
құрайды.Тағы бір дәйек, Қазақстадағы жұмыссыздардың 20 пайызын жастар
құрайды.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметі бойынша 15-24
жастағылар арасындағы жұмыссыздар үлесінің жалпы саны 18.5 %,яғни 107.3
адамды құрайды екен.Бұл әрине,2006 жылға қарағанда 30.9 мың адамға немесе
26.6 %-ға төмен.Сонымен қатар,Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сүйенсек,2007 жылы жұмыспен
қамту органдарына жұмысқа орналасуға көмек сұрап 70.1 мың адам өтініш
білдірген, ол жұмыссыз рет
а) жүмыссыздыц децгейін төмендету шаралары.
Жүмыссыздық деңгейін төмендету үшін елімізде жасалып жатқан шаралар өте
көп, солардың бірі 1996 жылғы мемлекегіміздің қолдауымен пЕвропаның даму
жэне реканструкцияп банкінің қаржыландыруымен жасалған шараның басты
себептері:
1) Жүмыссыздық деңгейін төмендету;
2) Кедейшілікпен күрес;
3) Орта және шағын бизнесті дамыту;
4) Ауылды жерлерде түратын адамдардың элеуметтік жағдайын көтеру;
5) Жалпы үлттық өнімді көтеру;
Жоғарыда айтылғандар Қазақстанның алты облысына жасалды, осы облыстарда
жүмыссыздық деңгейі оте жоғары еді. Бүл облыстар Оңтүстік
Қазакстан облысы, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанда, Алматы, Шығыс Қазақстан осы
облыстарға жасалды. Бүл былай жүрді, "шағын кредит" беру арқылы, ал шағын
кредит сол жергілікті "Еңбек биржасында" түратын азаматтарға берілді. Ал
шағын кредиттің мөлшері үш түрге бөлінді:
1) 400 доллардан 800 долларға дейін берілді.
2) 800 доллардан 3000 долларға дейін берілді.
3) 3000 доллардан 15000 долларға дейін берілді.
Осы аталған соманы уақытысында бірінші мөлшерді әкелгендерге, екінші жэне
үшінші мөлшерлі кредит беріліп отырды. Ал кредит берілуінің мерзімі
белгіленген болды, бірінші молшерлі кредиттің мерзімі алған күннен бастап,
келесі жылдың сол күніне дейін берілді, ал екінші мөлшерлі кредиттің
мерзімі бір жылдан, үш жылға дейін берілді, ал үшінші молшерлі кредиттің
мерзімі үш жылдан, бес жылға дейін берілді. Бүл берілген кредитті
уақытысында қайтарғандарға, жэне бизнес колемінің үлғаюына байланысты
беріліп отырды. Осының салдарынан шағын бизнестің дамуы байқала бастады,
жүмыссыздық деңгейі 30% пайызға төмендеді, ал жалпы үлттық онімнің
көрсеткіші 8-15% пайызға дейін көтерілді. Осы аталған шаралар онды нэтижеге
көрсеткеннен кейін, ол Қазақстанның басқа да облыстарында жасала бастады,
осындай шаралар тек қана, 1996 жылы ғана емес, кейінгі жылдарда да жасалып
жатыр, бүл шаралар мемлекетіміздің "Даму бағдарламасына" сэйкес жасалған,
осы шараларды қаржыландырушылар жылдан-жылға көбейіп бара жағыр. Қазір
еңбек нарығының элемде үш үлгісі бар олар:
б) ецбек нарыгының элемдік үлгілері.
1) Жапондық еңбек нарығының үлгісі;
2) Американдық (АҚШ) еңбек нарығының үлгісі;
3) Шведтік еңбек нарығының үлгісі;
Осы аталған елдер экономикасы дамыған елдер, бірақ та қандай да ел
болмасын барлық елдерде жүмыссыздык кездеседі, бірақ ол жүмыссыздық деңгейі
эр түрлі болады, экономикасы дамыған елдерде жүмыссыздық деңгейі
төменірек болады, дамушы елдерге қарағанда, ал экономикасы өтпелі кезеңдегі
елдерде жұмыссыздық деңгейі төменірек экономикасы дамушы елдермен
салыстырганда. Қорыта айтқанда жұмыссыздық мэселесі, галамдық мэселе ол
мэселені мүлдем жоюга болмайды, оның деңгейін төмендете аламыз.
Американдық моделіне экономиканың бәсекелестік жағдайын қолдау саясаты,оның
аса орталықтануына жол бермеу,кәсіпкерлерді белсенділікке және
қызметкерлерді жеке табысқа,ақша табуды мақсат етуге игеру тән.Қызметкерлер
кәсіпорындар арасында жиі алмасады,оқу орындарында кәсіптік даярлау толық
болады,кәсіпорындар өндірістік оқуға кететін шығынды азайтуға
тырысады.Кәсіпорындарда жалақы шартпен,ұжымдық келісіммен
тағайындалады.Кәсіподақтар кәсіп нышанасымен құрылады.Штаттық және
федеральдық жұмыссыздықты сақтандыру қорларына кәсіпорындар мен
қызметкерлер әрқайсысына бөліп жарнама төлейді.Қордың негізгі сомасын
кәсіпкерлерден түсетін салық құрайды.Бұл салық төленген жалақының белгілі
бір пайызы ретінде алынады.Осындай саясаттың нәтижесінде қызметкерлердің
территориялық және кәсіптік жылжымалдылығы,жұмыссыздық деңгейі басқа
елдермен салыстырып қарағанда жоғары болады.Мұның барлығы бұл елде сырт
рыногы басым екенін көрсетеді.
Жапондық модельдің ерекше бір сипаты-”өмір бойына жалдану жүйесінің“ орын
тебуі,яғни қызметкерлер осы жүйе бойынша еңбекпен қаматамасыз етілуіне
кепілдеме алады.Кепілдеме заңды түрде бекітілмеген, жалданған қызметкерлер
мен кәсіпкерлердің ұзақ жыл бойы қатынастарынан туған нәтиже. Мұндай жүйені
кәсіподақтар қолдап, фирмаға түзу ниетпен қарайды.Жапонияда кәсіподақтар
компания ішінде құрылады және қызмет ісейді. Фирма қызметкерлердің
кәсіптік дайындау мен біліктілігін жоғарылатумен шұғылданады, олардың
еңбекке, жұмыс сапасына дұрыс көзқарасын тәрбиелейді. Өз ойымен қызметкерді
бір жұмыс орнынан екіншісіне, бір бөлімнен басқасына ауыстырып
тұрады.Бұрынғы кезде жалақы деңгейі қызметкердің стажы мен жасына
байланысты болатын,қазір оның біліктілігі мен еңбек тиімділігін де
ескеретін болды.Мұндай еңбек рыногын жабық ішкі рынок деп
сипаттайды.Жапондық модельді фирма басшыларының қызметкерлерге әкелік
қамқорлықпен қарауы, олардың өндірістен тыс өміріне көңіл бөлуі және де
фирманың жан-жақты қызметіне еңбеккерлердің құштарлығы сипаттайды. Бұл
жерде сапа үйірмелері үлкен роль атқарады. Кейінгі жылдары Жапонияның үлкен
экономикалық дағдарысқа душар болғаны белгілі. Осыған байланысты дәстүрлі
“өмір бойы жұмысқа жалдану жүйесі” өзгертеліп жатыр, тұрақты жұмыспен
қамтылатын адамдар саны азаюда.
Шведтік модельдің ерекшелігі мемлекеттің белсенді түрде жұмыспен қамтамасыз
ету саясатын жүргізуі.Мемлекет органдары қызметкерлерді кәсіптік дайындау
мен қайта дайындау, жұмыс орнын жасау, жұмыс іздеп жүргендерді бос жұмыс
орнын табу үшін кәсіптік бейімдеу және мәлімет беру, жаңа жұмыс орнына жету
үшін жәрдем ақша беру арқылы жұмыс күшінің бәсекелестік қабілетін арттыруға
көп көңіл бөледі. Осы бағытта Швеция басқа елдерге қарағанда көп қаражат
жұмсайды. Жұмыспен қамту саясаты жалпы экономикалық шаралармен тығыз
байланыста, атап айтқанда, шек қойылған салық саясатымен, еңбек ақы
төлеудегі ”ынтымақтастық саясатымен“, халықтың әлсіз топтарын қолдаумен
т.б.
Кейінгі кезде ресейлік модель туралы әңгіме болып жүр.Бұл модельдің айқын
нышандары білінбегенмен, кейбір нұқсандары оның сыртқы еңбек рыногына жақын
екенін байқатады. Мысалы, жұмыс күшінің жылжымалдылығы осы уақытқа дейін
өте төмен, мамандар және білікті жұмысшылар дайындауда мемлекет оқу
орындарының ролі әлі де басым.
Қазақстан тәжірибесіне келсек,Ресеймен салыстырғанда, еңбек рыногын
қалыптастыруда біраз алда.Жұмыс күшінің жылжымалдылығы жоғары, әр түрлі
кадрлар дайындауда жеке меншіктегі оқу орындары кәдімгідей үлкен роль
атқарады.Ал әлеуметтік объектілерге келсек, Қазақстанда пәтер-үй мен
коммуналдық шаруашылық саласында реформа жасалғанына біраз жыл болып қалды.
Сонымен қатар, зейнет жүйесіндегі реформа, Ресейге қарағанда, жақсы
нәтижелер беріп отыр. Сондықтан, екі елдегі еңбек рыногының ұқсастығынан
гөрі айырмашылықтары уақыт өткен сайын көбейіп жатыр.
. Еңбек нарыгын қалыптастыру мен әлеуметтік жагдайын көтеру
Қазіргі кезде Қазақстан тұрғындарының еңбекпен қамтылуы экономиканың
барлық салаларында, әсіресе кәсіпорындарда, құрылыста және ауыл
шаруашылығында төмендеді. 2001-2005 жылдар бойы экономиканың салаларындағы
жалпы еңбекпен қамтамасыз етілгендердің жылдық орташа шамасының төмендеуі
3,7% процент.
Еңбек нарығындағы өзгерістер елдің еңбектің потенциалын жалпы сандық
және сапалық қолайсыз уақыттында өтті.
Республиканың аграрлық секторындағы өндіріс колемінің түсуі осы саладағы
тұрғындардың еңбекпен қамтамасыз етілуіне қатты ықпал жасады.
Нарыққа өту өндіріс көлемінің түсуіне орай кәсіпорынның еңбектік
потенциалын сақтау үшін қолданылған жасырын жұмыссыздық, сонымен бірге,
есепке алуға жэне реттеуге көнбейтін қалыптан тысқарғы еңбектің
(пшелноктары'\ патентсіз сауда жасау т.б.) жэне колеңкелі нарықтың кеңеюі
сияқты арнайы құбылыстардың пайда болуымен қатар жүрді.
а) еңбекпен цамтамасыз ету саясаты.
Аталмыш ахуал еңбекпен қамтамасыз ету саясатын жүзеге асыруга керекті
басты бағыттарды анықтап берді:
* Еңбекпен қамтамасыз етуде альтернативті, экономикалық сектордың
мемлекеттен тысқарғыларын дамытудың жағдайын жасау мен кеңейту;
* Еңбекпен босанған қызметшілерді санациялау шаралары мен
босатылғандарды элеуметтік қорғау үшін кэсіпорындарды
реабилитациялау жолдарын біріктіре отырып реттеу;
* Еңбек еіуге жарамды тұрғындардың кэсіпкерлік жинақтауларына
жұмыссыз азаматтар мен еңбекпен қамтамасыз етілмеген тұрғындарды
кәсіптік оқып - үйретудің тиімділігін арттыру мен колемін кеңейту
жолымен көмектесу, босатылған қызметшілермен жеделдетіп үйрету жэне
қайта даярлықтан откізуді іске асыру;
* Еңбек нарықтың нормативті - құқықтық инфрақұрылымын дамыту;
* Жүмыссыздарды әлеуметтік қорғауды мемелекеттік кепілдік пен
нормативтердің жүйесінің дамуының әр кезеңінде қабылданған шектерді
қамтамасыз ету;
* Еңбек нарығының жедел жүйесінің мониторингін жасау.
Қазақстан Республикасының еңбекпен қамтамасыз етудің бірінші бағдарламасы
1991 жылдың маусымында дайындалды және бекітілді. Мүнда әлеуметтік
қорғаудың дэстүрлі қалыптарынан басқа (жүмыссыздық бойынша төленетін
төлемақы төлеу, үйрету мен қайта оқыту, қоғамдық жүмыстарды үйымдастыру),
еңбекпен қамтамасыз ету қызметтері арқылы шағын кэсіпорындарға орналыстару
мен түрғындарды баска аймақтарға бөлу қарастырылады.
Бірақ бағдарламада салынған болжамдар озін-өзі ақтамады. Жүмыссыздардың
еңбекпен қамтамасыз ету қызметтеріне арызданған 185-мыңның әрбір екіншісі
ғана еңбек орнымен қамтамасыз етілді, 45% - кәсіптік оқуға жэне қайта
даярлықтан өтуге жіберілді, 34% - жүмыссыздық бойынша толенетін төлемақы
алып түрады, 12% - қоғамдық жүмыстарға тартылды. Сөйтіп, әлеуметтік
қорғаудың шараларының санатында белсенді қалыптарға басымдық берілді.
1994. жылы Министрлер кабинеті еңбекпен қамтамасыз етуге көмек беруші
қордың қаражатынан жүмысшы орындарын қүруға кететін, несие беруге
қызметшілерді босатуға тоқтау салатын т.б. шығындарға тиім салатын әрқатар
қаулылар қабылдады. Сондықтан осы кезеңде әлеуметтік қорғаудың тек
жүмыссыздық бойынша төленетін төлемақысын төлеу, дайындау мен қайта
даярлықтан өту, қоғамдық жүмыстарды үйымдастыру шаралары бөлінді.
1995. жылы Республиканың элеуметтік-экономикалық дамуы еңбек нарығын
қалыптастыруда маңызды әсер көрсете алды. Республиканың барлық аймақтарында
іс - жүзінде әлеуметтік қорғаудың баяулау шаралары басымырақ болды.
Еңбекпен қамтамасыз ету саласында жүмыссыздықтың өсу тенденциясын
күрделендірген ахуал9 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 22-
мамырдағы №631 қаулысымен бекітілген түрғындарды еңбекпен қамтамасыз
етудің мемлекеттік саясатының тұжырымдамасын дайындауға кажеттілік болуы.
Түжырымдамаға сәйкес еңбекпен қамтамасыз ету саясатының негізгі мақсаты:
өнімді жэне еркін таңдаған еңбек түріне жету, жүмыссыздықты қысқарту жэне
оны әлеуметтік мүмкіндік деңгейінде қолдау, еңбек нарығының қүқықтық,
экономикалық және қызмет атқаруының үйымдастырушылық жағдайын жэне реттеуін
құру.
Сөйтіп, бірінші кезеңде еңбекпен қамтамасыз ету саясаты жүмыссыздарға
кешенді элеуметтік қолдау жасауды көздеген еді (жүмыссыздарға жүмыссыздық
бойынша толенетін толемдермен стипендия төлеу, оларға материалдық көмек
көрсету, қажетті мамандықтарға оқыту мен қайта даярлау, қоғамдық жүмыстарға
орналастыру жэне т.б.)
Екінші кезеңде бірінші кезеңде басталған қүрылымды -инвестицияның
саясаттың іске асырылуымен, мемлекеттің нығайуына, өндіріс орындарының және
жұмыс орындарының және жүмыс орындарын үсынушы қызметтердің, жүмыссыздық
бойынша алдын-ала қорғаудың қосылуларымен үшдеңгейлік қаржыландыру қалпын
қүру негізінде еңбекпен қамтамасыз ету жүйесінің қалыптастырылуын
қамтамасыз ететін қаржылык реформалар іске асырылды.
Үшінші кезең еңбекпен қамтамасыз ету жүйесінің еңбек нарығына
ыңғайлануының шаралары бойынша бағыттарды іске асыруға мүмкіндік беретін,
тоқырауға байланысты қиратылған оның шешуші бөліктерін қалпына келтіру мен
дамытуға және еңбек нарығының бәсекелестігіне жауап беретін мамандардың
екпінді кәсіптік қүрылымын қамтамасыз етуге орай есептеледі.
Еңбекпен қамтамасыз ету саясаты негізгі міндеттерін сатылап шешу өзіне
жүмысшы күштерінің қозғалысын оның сапасы мен арнайлылығын жеткілікті
бейнелейтін сараланған стандарттарды қалыптастыруға бағытталған шаралар
жүйесін іске асыруды да қосып алды. Сонымен бірге, еңбек нарығының
статистикасының әлемдік стандартқа байланысты жақындауы
қамсыздандырылады.
Мемлекеттік қаражаттарды бүтіндей жэне тиімді рационалды пайдалану және
еңбек нарығындағы саясаттың белсенді қалыптарын дамыту үшін, жұмыссыздық
бойынша барлығына ортақ төленген төлемақыны толеудің орнына 1999 жылдың 1
-сәуірінен бастап жұмыссыздарға олардың материалдық жағдайларын ескере
отырып тікелей әлеумегтік көмектер корсету енгізілді.
Қазақстан Республикасының "1999 жылға арналған Республикалық бюджет
туралы" Заңына және ҚР Үкіметінің 1999 жылдық 29-қаңтарындағы №68 м
Қазақстан Республикасының тұрғындарының еңбекиен қамтамасыз ету.
Мемлекеттік- қызметтерін жэне еңбекпен қамтамасыз ету Мемлекеттік қоры
мэселелерім қаулысына сәйкес жұмыссыздарға жұмыссыздығы бойынша төленетін
әлеуметтік төлемақы төлеу қаржыландырылған қаражаттардың еңбекпен
қамтамасыз ету қоры, және оның басқару органдары жойылды.
Осы ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының "Тұрғындарды еңбекпен
қамтамасыз ету туралы" тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз ету саласында
құқықтық, экономикалық жэне ұйымдасгырушылық қатынастарды реттейтін Заңы
(23.01.2001 ж. №149-11 ҚР 3) халықаралық тәжірибелермен сәйкестікке
келтірілді. Ол жұмыссыздықтан қорғаудың әлеуметтік шараларын қарастырады,
сонымен катар, әлеуметтік қорғауды талап ететін және еңбекке орналасуда
қиындықтарға жолығатын тұрғындардың мақсатты топтарына мемлекеттік
кепілдіктерді қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шараларды, шет елдік
жұмысшы күштерін тартудың тәртібін анықтайтын қосымша шараларды реттейді.
Көмек қажет ететін тұрғындарға жергілікті жерлерді тікелей жәрдемдесуге
келсек, жұмыссыздарға әлеуметтік көмекті материалдық көмек түрінде
тұрғындарды әлеуметтік қорғау мен еңбекпен қамтамасыз етудің аудандық
(қалалық) еңбек бөлімдері басқармалары іске асырады.
Мүнда материалдық көмектің мөлшері бір айлық есептік көрсеткіштен төмен
болмауы тиіс (2001 ж.775 тенге)
Кедейлену мен түрғындардың еңбекпен камтамасыз етуінің деңгейінің өсуін
есепке ала отырып 2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметімен 2000-2002
жылдар аралығында жүмыссыздықпен және кедейленуінен күрес жүргізу бойынша
бағдарлама қабылданды. Бағдарламаның мақсаты — Қазақстанның көлемінде
кедейленуді қысқарту, еңбекпен қамтамасыз ету саясатын белсенді іске асыру
арқылы жүмыссыздықты томендету және кедейлерге тікелей әлеуметтік көмек
көрсетуді өткізу. Бағдарламаны іске асыру ең аз дегенде Қазақстандық
отбасының әрқайсысының бір мүшесінің еңбекпен қамтамасыз етілуін
қамсыздандыруға мүмкіндік береді жэне бос түрғындарды еңбектік іс-әрекетпен
айналысуға тарту үшін жаңа жүмыс орындарын құруды ұсынады.
Бағдарламаның шеңберінде 2000-жылы әлеуметтік қамтамасыздандыру мен
әлеуметтік көмекке мемлекеттік және жергілікті бюджеттен жоспарланған
21523,5 миллион теңге немесе 93,1% іс-жүзінде 20029,9 миллион теңге қаражат
игерілді. ЖіӨ жалпы көлемінің іс-жүзіндегі барлық шығындарының үлес салмағы
бағдарлама міндетіндегі - 0,8%-тен 0,87% қүрады.
2000 жылғы Бағдарламаның барысының іске асырылуына берілген талдау
белгіленген оң жетістіктерге қол жеткендігін куәландырады.
Мысалы: 2000 жылы Бағдарлама бойынша 146,2 мың жүмыс орнын құру
жоспарланган болса, 2001 жылдың 1-қаңтарындағы жағдай бойынша іс-жүзінде
264,9 мың жүмыс орнын қүрылған. Қолданылган шаралардың нәтижесінде когамдық
жүмыстардың көлемі мен түрлерін кеңейтудің нақтылы мүмкіндіктері жасалды.
Қогамдық жүмыстарга жіберілген жүмыссыздар саны жағынан 1,6 есеге
орындалды.
Толығымен алғанда, Қазақстан Республикасыиың статистика жөніндегі
Агенттігінің есептік жолымен Республикадағы жүмыссыздықтың деңгейі 2000
жылдың соңында Бағдарламада жаңа жүмыс орындарын жасағаны үшін
ынталандыруға бағдар беру керек. Бұрын жұмыспен қамтудың мемлекеттік
қызметі болды, ол осы іспен шұғылданды, ал қазір мұнымен кәсіпорын кұқығын
пайдаланатын биржалар шұғылданады. Ал олардың атқарып жүрген қызметі нашар.
Көбінесе, кәсіпорын жұмысқа алған адамдарды "биржа қызметкерлері жұмысқа
арнайы орналастырады" деген жалған анықтамалар жинайды екен. Сол үшін
мемлекет бюджетінен олар ақша алады. Егер әлемдік багалар өзгеріп,
төмендесе, біздегі ахуал қиынға айналуы мүмкін. Біз жұмыссыздықпен күрес
бағдарламасында біздің елдің өзін-озі қамтамасыз етуінің элементі болуға
тиіс салаларда қажетті жұмыс орындары жасалған жоқ деп мойындаймыз. Бұлар -
жеңіл, тамақ өнеркәсіптері, бірінші кезекте қажетті тауарларды өндіру,
құрылыс материалдарын өндіру. Яғни, біз Қытайдың, Ресейдің, Түркияның
тауарларын импорт жасадық та олар біздің нарықты лық толтырды, ал біз
валютаны шетке жіберіп жатырмыз. Қазіргі күні бұған төзуге болады, өйткені,
әлемдік бағалардың жоғары болуымен валюта көптеп түсуде. Жоғарыда
айтқанымдай егер бағалар төмендесе онда біздегі әлеуметтік жағдай ауырлау
болады. Себебі, жер асты кендерін қазып шығаратын өнеркәсіпте жұмысшыларды
жұмыстан шығару күшейді.
Жұмыспен қамту саласындағы және 2003-2005 жылдарда еңбек ресурстарын дамыту
жөніндегі мақсат-жұмыспен қамтылған халық санының өсуі немесе еңбек
ресурстарының мамандықтарын арттыру
Жұмыссыздық деңгейін төмендеіу үшін еңбек биржасы үлкен үлес қосады.
Еңбек биржасы - ол жұмысшылар мен кәсіпкерлер жұмьгс күшін сатып алу, сату
ісін жүргізгенде және жұмыссыздықты тіркегенде аральгк қьгзмет атқаратын
мекеме.
б) жұмыссыздьщ түрлері.
Жұмыссыздықты тудыратын экономикалық себеп бойынша жұмыссыздықты төрт
түрге бөлуге болады :
1) Фрикциондық жумыссыздық, жұмыс күшінің аймақтылық, кэсіптік жэне
жасьгна қатысты қозгалысымен (жаңа орынға көшуі, басқа кэсіпке бейімделуі,
оқуы, бала бағу) байланысты. Өзінің мазмұны жагынан
фрикциондық жұмыссыздықты өз еркімен болатын жұмыссыздарға жаткызуға
болады.
2) Құрылымдық жүмыссыздық, жекелеген аймақтар мен халық
шаруашылығы салаларының даму ерекшеліктерімен байланысты.
Экономиканың бір секторындағы немесе аймақтағы жүмысшы күшінің артуы
басқа жерде оның жеткіліксіз болуымен қатар жүреді.
3) Циклдық жүмыссыздық, экономикалық конъюнктураның озгеруімен
анықталады. Ол циклдық өрлеу кезінде, азайып, дағдарыстар түсында көбейіп
отырады.
4) Маусымдық жұмысыздық кейбір салаларда экономикалық белсенділігінің
жыл бойында теңселуімен байланысты болады.
Жұмыссыздықты әр автор өзінің жүргізетін зерттеулері тұрғысынан
жіктейді.Көп жіктеудің бір түрін келтірейік.Ол жұмыссыздықтың амалсыз және
еркін түрін ажыратады.Амалсыз жұмыссыздықта адам берілген жалақы деңгейінде
жұмыс істегісі және ол қолынан келеді,бірақ оған жұмыс табылмайды.
Еркін жұмыссыздықа адам жұмыс таба алар еді, бірақ жұмыс істемегенді қалап,
айлығы,ұсынылған жалақыдан жоғары жұмыс орнын іздеуді жалғастырады.
Көріну сипаты жағынан жасырын жұмыссыздық түрін ажыратады.Бұған берілген
уақыт кезінде экономикалық белсенді халық санына кірмейтін адамдар жатады,
бірақ олар егер де ұсынылған жұмыс қолайлы келсе, жұмыс күші қатарына
қосылуға даяр.
Бір сөзбен айтқанда, еңбек нарығын мойындау жүмыс күшінің элеуметтік-
экономикалық табиғатын жэне оның өндіріс қүрал-жабдықтарымен қосылу тәсілін
түбегейлі өзгертеді. Қазірде біздің коғамымызда жүмыс күшінің тауар
табиғаты жоніндегі ғылыми дау негізінен аяқталды деуге болады. Еңбек
нарығының эрекет ету жағдайында жүмыс күші тауарға айналады, ал оны өндіріс
қүрал-жабдықтарымен қосу нарыктық тәсілмен сату-сатып алу арқылы жүзеге
асады.
Бүдан тиімді түрдегі жүмыспен қамту жолы еңбек нарығында жатқаны айқын бола
түседі. Еңбек нарығы бүл жүмыс күшін адамның еңбек ету қабілеті тауар
түрінде сату-сатып алуға байланысты болатын экономикалық катынастар жүйесі.
Еңбек нарығы жоғары квалификациялы еңбектің беделінің сөзсіз көтерілуіне
эсер етеді, осының арқасында эрбір жүмыс орнының бағасы артады
жүмыскерлерге жэне олардың еңбегінің сапасына деген талап күшейді
. Нарықтық экономикаш оту кезіндегі еңбек нарыгының қалыптасуы.
Нарықтық экономикаға өту кезіндегі еңбек нарығының қалыптасуы, орын алған
жэне казіргі кездегі тенденцияларды талдау, жұмыс элемінің ертеңгі күні
туралы ойлар қызықты да керекті ғылыми-іс.
Шынымен де "жұмыс" эсіресе, еңбек заңдарымен, өндірістік қатынастарымен
және кадрлық басқарумен айналысатын коптеген ғылымдар қызметінің негізгі
бағыты. Олардың зерттеулері, басқа қырларын қоспағанда, жұмыс берушідегі
жұмысшылардың немесе өздігінен жұмыс жасаушылардың болсын, барлық жұмыс
жасайтын тұлғалардың жүріс-тұрысына қатысты құқықтық нормалар мен
директивалардың орындалуына бакылау жасау жэне оларды дайындауға
бағытталған.
Еңбек нарығында күрделі өзгерістер болып жатқаны анық, себебі
жұмыссыздар қатарына коптеген адамдар қосылуда, кейбір жұмыс орындары
жойылып, басқалары құрылып жатыр, ал кейбір байқаушылар бүгінгі күннің
түсінігіндегі еңбек элемінің жойылуын болжайды.
Осы сауалды жалпылай элеуметтік мағынада қарастырған кезде қоғам
алдындағы бірінші орында тұрған ең күрделі мақсаттардың қатарына жұмыспен
жұмыссыздық кіретіні анық. Азаматтардың көпшілігі үшін жұмыс мағыналы
омірге ең қолайлы жол ретінде көрінеді, ол тауарлар мен қызметтер нарығына
жол ашады, өз өтбасы мен жалпы қөғамға позитивтік үлес қосуға мүмкіндік
береді, адамдар арасындағы байланыстарды кеңейтеді. Жұмыс адамның
қалыптасуына, тұлғаның дамуына, сондай-ақ адамның объективтік және
позитивтік мәдениетінің дамуына көмектеседі. Бұл көзқарастан жұмыссыздық
адам маңыздылығын төмендету, өны жоққылу болыи табылады. Шынымен де, жұмыс
адамның ар-намысына қатысты мәселе.
Еңбек нарығының қалыптасуына эсер ететін факторлар. Бұл сауалды қарастыру
үшін еңбек нарығына тікелей эсер ететін себептерді анықтау қажет. Төменде
өзара байланысты жэне бір-бірін қиындататын факторлардың тізімі
келтіріледі:
а) еңбек нарыгыныц цалыптасуына эсер ететін факторлар.
1) Экономикалық нарықтың дуниежүзілік деңгейге көтерілуі;
2) Демографиялық жарылыс;
3) Ақпараттықтехнологиялар;
Бұл факторлардың барлығы да белгілі, бірақ олардың әсері көп жагдайларда
тиісті түрде бағаланбайды және осы мемлекеттік немесе элеуметтік бақылаудан
тыс орналасатыны ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz