Қарқара көтерілісі



Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3

1. Қасіреті мол қасиетті жыл. . . . . . . . . . . . . . .4

2. Азаттық үшін айқасқан. . . . . . . . . . . . . . . . .8


3. Ұлт.азаттық көтеріліс және халық зиялылары. . .9

4. 1916 жылғы Қарқара көтерілісіне опасыздық жасаған адам болды ма? . . . . . . . . . . . . . . . 11

Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .13

Қарқара көтерілісі туралы ел есінде қалған өлең жырлардан, тарихи құжаттардан қосымшалар . . . . 15

Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . 21

Пайдаланылған әдебиеттерге қосымша. . . . . . . . . 21
Әлем тарихына көз жүгіртсек отаршыларға, басқыншыларға қарсы әрқилы ұлт-азаттық көтерілістердің аз болмағанын көреміз. Азаттығы үшін күресіп жүріп жойылып кеткен халықтар да жоқ емес.
Бостандық күресі жолында тартқан азабы басынан асқан халықтар да баршылық. Солардың бірі- қазақ халқы.
Ұлт-азаттық көтеріліс - әділетсіздікке, басқыншылыққа, қанау, тонау, алдау, елді ішінен іріту сияқты арам әрекеттерге қарсы халықтың қарулы күресі.
Бүкіл халықты осындай қандыбалақ жолға түсуге мәжбүр ететін "басқыншылық", "отарлау" деген ұғымдардың түр тамыры бір болғанмен, түрі де, сипаты да, қатері де неше алуан келетіні де белгілі.
Өз елін өзі тонаған имансыз авторитарлық билік жүргізуші ханға, патшаға, шахқа, императорға қарсы шыққан көтеріліс те бар. Бірақ, бұндай көтеріліс пен ұлт-азаттық күресінің сапа жағынан да сан жағынан да зор ерекшелігі болады.
Иә, жеке адамның намысына тиіп, құқын аяқ астына басу – зор әділетсіздік екені сөзсіз шындық. Ал, бүкіл халықтың келешегін аяқ асты етіп, ұлттың намысына тию, бұл - әділетсіздіктің ең зоры, сорақысы.Бұл – жыртқыштықтың кешіруге болмайтын түрі. Сол себепті де, ұлт-азаттық көтерілісі адамзат тарихындағы ең әділетті қимыл десек дұрыс болар еді.
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі – нағыз елдігі мен ерлігі, қияметі мен қиындығы мол, басқа амалдың жолы да, жөні де, барар жері де, басар тауы да қалмаған соң, тәуекелге бел байлап, лап ете түскен құдіреті де, күйініштілігі де мол тірлік еді.
"Мың өліп, мың тірілген" деген аталы сөзде қанша ерен ерлік, қасірет пен қайғы жатыр!?
Сонау XYIII ғасырдың басындағы ел аузына аңыз боп, "Ақтабан шұбырынды заманы" аталған, Жоңғар басқыншыларына қарсы ұзаққа созылған ұлт-азаттық күресінен кейінгі кезеңде, қазақтың қазақ болып, ру-руға бөлінбей, келешек ұрпақтың қамын жеп, елдігін паш еткен ерен күресі осы көтеріліс еді.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс бір өңірде болған ереуіл емес, қазақтың кең-байтақ жерін түгел қамтыған, бүкілұлттық көтеріліс болды. Сол себепті, қазақ халқының тағдыры мен тарихында бұл көтерілістің жөні де, жолы да, маңызы да ерекше-ақ.
Бұл – қазақ халқының ғұлама перзенті Мұхтар Әуезов айтқанындай "қазақтың бесігіндегі баласының көзіне де елестегендей халық елдігін жойып бара жатқан" қаралы кезеңінің туындысы еді. [1]
Иә, 1916 жылғы көтерілістің ел өміріндегі орны ерекше-ақ!
Академик М.Қозыбаевтың: "1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс қазақ сахарасының топырағынан туған ұлттық-революция... Ол халқымыздың ХХ ғасырдағы қуанышы мен трагедиясының қайнар басы болатын", - деген тұжырымы дөп айтылған, әділ пікір. Бұл – нағыз шындық, ғұлама ғылыми пікір екендігінде күмән жоқ.
1. Әуезов М. Қилы заман. Повестер мен әңгімелер. Алматы, "Жазушы", 1975
2. Назарбаев Н. Мәдени мұра кемел келешекке қарай басталған бүгінгі қадам. "Қазақ әдебиеті" 5.12.2003
3. Қазақ газетінің 254 – номері, 6-желтоқсан, 1917-жыл
4. Қазақ Совет Энциклопедиясы. 4-том, 1974
5. Қазақ ССР ОМА 44-қор, 2-тізбе 16424 іс 86 бет
6. Қазақ ССР ОМА 427-қор, 1-тізбе, 154 іс -159 іс – 166 іс
7. Қазақ ССР ОМА 44-қор, 1-тізбе 20070-іс, 143-бет
8. Қарқара айбаты. Алматы, Өлке, 1991
9. Тәнекеев С. 1916 Ереуілтөбе әсерлері. Алматы, Атамұра, 1994
10. Тәнекеев С. "1916 Қарқара-Албан көтерілісі" Алматы, Экономика баспасы, 2002.


Пайдаланылған әдебиеттерге қосымша

1. Жансүгіров І. "Жетісу 1730-1916". Алматы 2001.
2. Жұртбаев Т. Бейуақ. Алматы, "Қазақстан", 1990
3. Қаһарлы 1916 жыл. (Құжаттар мен материалдар жинағы). 1-ші және 2-ші томдар. Алматы, 1998, "Қазақстан" баспасы.
4. Национально-освободительное движение в Казахстане и в Средней Азии в 1916 году: характер, движущие силы, уроки. (Материалы Международной научно-теоретической конференции). Алматы, 1996.
5. Нұрпейісов К. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс ("Қазақстан тарихы" Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. 3-том. Алматы, 2002, 636-650 беттер).

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІГІ
ТҰРАН УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАЛАЛЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ САЙЫСЫ

Секция: ТАРИХ

Тақырыбы:
Қарқара көтерілісі

Дарынды балаларға арналған

№ 173 физика-математика
гимназиясы (телефон: №76-72-46)

10 сынып оқушысы

Байназарова Еңлік Ербосынқызы

(телефон: №69-25-12)

Жетекшісі:
Манкеева Ғалия Қайырбекқызы
тарих пәнінің мұғалімі,
ҚР Білім беру ісінің үздігі

Ғылыми жетекшісі:
Кеңес Нұрпейіс, ҚР ҰҒА академигі,
тарих ғылымдарының докторы, профессор,
ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Алматы 2005
Тезис
Әлем тарихына көз жүгіртсек отаршыларға, басқыншыларға қарсы әрқилы ұлт-
азаттық көтерілістердің аз болмағанын көреміз. Азаттығы үшін күресіп жүріп
жойылып кеткен халықтар да жоқ емес.
Бостандық күресі жолында тартқан азабы басынан асқан халықтар да
баршылық. Солардың бірі- қазақ халқы.
Ұлт-азаттық көтеріліс - әділетсіздікке, басқыншылыққа, қанау, тонау,
алдау, елді ішінен іріту сияқты арам әрекеттерге қарсы халықтың қарулы
күресі.
Бүкіл халықты осындай қандыбалақ жолға түсуге мәжбүр ететін
"басқыншылық", "отарлау" деген ұғымдардың түр тамыры бір болғанмен, түрі
де, сипаты да, қатері де неше алуан келетіні де белгілі.
Өз елін өзі тонаған имансыз авторитарлық билік жүргізуші ханға,
патшаға, шахқа, императорға қарсы шыққан көтеріліс те бар. Бірақ, бұндай
көтеріліс пен ұлт-азаттық күресінің сапа жағынан да сан жағынан да зор
ерекшелігі болады.
Иә, жеке адамның намысына тиіп, құқын аяқ астына басу – зор
әділетсіздік екені сөзсіз шындық. Ал, бүкіл халықтың келешегін аяқ асты
етіп, ұлттың намысына тию, бұл - әділетсіздіктің ең зоры, сорақысы.Бұл –
жыртқыштықтың кешіруге болмайтын түрі. Сол себепті де, ұлт-азаттық
көтерілісі адамзат тарихындағы ең әділетті қимыл десек дұрыс болар еді.
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі – нағыз елдігі мен
ерлігі, қияметі мен қиындығы мол, басқа амалдың жолы да, жөні де, барар
жері де, басар тауы да қалмаған соң, тәуекелге бел байлап, лап ете түскен
құдіреті де, күйініштілігі де мол тірлік еді.
"Мың өліп, мың тірілген" деген аталы сөзде қанша ерен ерлік, қасірет
пен қайғы жатыр!?
Сонау XYIII ғасырдың басындағы ел аузына аңыз боп, "Ақтабан шұбырынды
заманы" аталған, Жоңғар басқыншыларына қарсы ұзаққа созылған ұлт-азаттық
күресінен кейінгі кезеңде, қазақтың қазақ болып, ру-руға бөлінбей, келешек
ұрпақтың қамын жеп, елдігін паш еткен ерен күресі осы көтеріліс еді.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс бір өңірде болған ереуіл емес,
қазақтың кең-байтақ жерін түгел қамтыған, бүкілұлттық көтеріліс болды. Сол
себепті, қазақ халқының тағдыры мен тарихында бұл көтерілістің жөні де,
жолы да, маңызы да ерекше-ақ.
Бұл – қазақ халқының ғұлама перзенті Мұхтар Әуезов айтқанындай
"қазақтың бесігіндегі баласының көзіне де елестегендей халық елдігін жойып
бара жатқан" қаралы кезеңінің туындысы еді. [1]
Иә, 1916 жылғы көтерілістің ел өміріндегі орны ерекше-ақ!
Академик М.Қозыбаевтың: "1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс қазақ
сахарасының топырағынан туған ұлттық-революция... Ол халқымыздың ХХ
ғасырдағы қуанышы мен трагедиясының қайнар басы болатын", - деген тұжырымы
дөп айтылған, әділ пікір. Бұл – нағыз шындық, ғұлама ғылыми пікір
екендігінде күмән жоқ.
Советтік идеология ұлт-азаттық көтерілісі "тап күресінің бір көрінісі
ғана" деген теорияға жүгіндіріп, тарихы сол тұжырымға бас идіріп келгені
белгілі. Ұлт азаттық көтеріліс шаруалар көтерілісінің бір түрі деген
қағидаларға бағынған тарих, сол "сара" жолдан шыға алмай келді.
Тіпті, осы тұрғыдан қарағанда да 1916 жылғы ереуіл шын мағынасында
әділ де адал халық көтерілісі еді.
Аз ұлттарды билеп-төстеу саясатын жүзеге асыруда Ресей үкіметі
аждаһардай асықпай қимылдап, арсыз алдау мен қатыгез күшті қатар
пайдаланып, ішке кірген құрт аурудай жүйкесін жеп, бір жағынан орынсыз
ұрынбай, екінші жағынан бас көтергендерін қырып-жойып келгені тарихқа аян
жай.
Иә, Кеңестік заманда коммунистік идеологияға бас иіп, елдің ерлігі мен
тартқан қасіретін ат үсті әңгіме етіп аттап өткен зерттеулер де жоқ емес.
Ендеше, бұл жайды шындыққа жүгіне отырып қайта жазып, паш ететіндей зерттеу
керек.
...1916 жыл Бұл – қазақ халқының тарихында ерекше орны бар, елдің елдігін
танытар, құдіреті күшті құбылыс жылы ретінде өмір бақи қала бермек.
Өйткені, қазақ –қазақ болғалы ру-руға бөлінбей, бірігіп Атамекеннің,
дінінің, тілінің, Ата дәстүрінің келешегін қамдап, елінің жоғын жоқтап, ұлт
бостандығы бір ауыздан сөз шығарып, халықтың мен деген ұлы басын өлімге
байлап, қанды балақ күреске шыққан жыл. Уақыт, заман талабы халықтың нағыз
көсемдерін тудыратыны белгілі. Бұл – болашағы бар елге тән қасиет. Осындай
кезеңде бір емес, жүздеген ел басшылары жеке басы мен өз отбасының қамы
үшін емес, елінің қамы үшін басын ажалға байлап, көпке сөзі жүріп, елін
күреске көтерді. Бұл елдік, ерлік емей немене!!! Сол ел арасынан еңіреп
шыққан батырлардың аттары үрім–бұтаққа үлгі, елге дастан, келешекке мұра
болып қала бермек!
Жалпы, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің қазақ халқының
тарихындағы ерекше орны, міне осында жатса керек. Ел ереуілге көтерілгенде
алдында бірлеп емес, ондап, жүздеп саналатын ұжданды естияр, елім дегенде
езіліп туған ардагерлері топ бастады, бастарын өлімге байлап, бір тобы
қапыда кетіп, аттары халқының жүрегінде мәңгі сақталған қасиетке ие болды.
Келешек ұрпақ та осы аталарына тартса еліне нұр жаумақ, қазақ егемен ел боп
қала бермек!
Енді, қорыта келе кейбір қысқаша қорытынды – пікірді ортаға сала
кеткеніміз жөн болар.
1916 жылғы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі Қазақ ел болып
бірігіп, Ұлт азаттығы, Атамекені үшін, тілі мен мәдениетін қорғап,
қиындыққа төтеп, ерлікпен патша үкіметінің қарулы күшіне қарсы көтеріліске
шыққан XX ғасыр басындағы бүкілұлттық қарулы қарсылық қозғалысы болды. Бұл
– соңғы екі жүз жылға жуық уақыттың ішінде қазақ халқы қара басының қамын
ойлайтындардың елді ру-руға бөлгеніне ермей, ел намысын қорғаған батырларын
арқау еткен, қиындыққа төзген, бірден- бір қанды балақ ауыр күнді басынан
кешірген, ұрпаққа үлгі боларлық орны бар ұлттық көтеріліс ретінде
сипатталады.
Сондықтан да, 1916 жылғы көтерілістің Қазақ халқының тарихындағы орны
да ерекше. Бұл әлі терең зерттеуді, ғылыми негізде әділ, адал талдауды
талап ететін күрделі де маңызды тарихи тақырып және тарихшылардың алдынды
абыройлы да зор борышы.
Қарқара көтерілісінің зор ерекшелігінің бірі, ол - алғашқы күннен
"төскейде - малы, төсекте - басы қосылған ", тағдыры бір, бауырлас елдер
біріге қимылдаған интернационалдық ереуіліне айналуында болды. Бұл өңірдегі
қазақ халқының ұлт бостандығы үшін күресі бостандық сүйгіш бауырлас қырғыз
халқының көтерілісімен біртұтас ұласқан көтеріліс болды.
Солармен қатар бұл көтеріліске Жетісуды мекендеген ұйғыр халқының
өкілдері, бірді- екілі орыстар да қатынасты.
Бұндай бірнеше ұлттың басын қосқан, біртұтас интернационалдық
көтеріліс тарихта сирек кездесетін құбылыс.
Бұл - ұрпақтан ұрпаққа қалатын керемет дәріс, ата-баба аманаты.
Бауырлас елдің бастарының мәңгілік бірлігіне шақырып тұрған осы бір керемет
құбылыс бірнеше халықтың абзал ардагерлерінің қанымен жуылған, аналардың
көз жасымен суғарылған, бостандық Туы емес пе! Оны неге дәріптемеске! Оны
неге жырламасқа?!
Ұсыныстар:
а) 1916 жылғы Қарқара көтерілісі ғылыми тұрғыда бұрынғыдан да
толығырақ зерттеліп, орта және жоғарғы оқу орындарының
бағдарламаларына енгізілсе;
ә) 1991 жылы Қарқара көтерілісінің 75 жылдығына байланысты
Ереуілтөбеге қойылған белгінің орнына көлемді ескерткіш кешені
орнатылса;
б) 1916 жылғы көтерілістің көрнекті басшыларының есімдері, солар
туып өскен елді мекендердің мектептеріне, көшелеріне берілсе;
в) халықтың жанында сақталып қалған өлең жырлар жеке кітап болып
шығарылса.

Жоспары
Кіріспе_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 3

1. Қасіреті мол қасиетті жыл_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _4

2. Азаттық үшін айқасқан_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _8

3. Ұлт-азаттық көтеріліс және халық зиялылары_ _ _9

4. 1916 жылғы Қарқара көтерілісіне опасыздық жасаған адам болды ма? _ _ _
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 11

Қорытынды_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _13

Қарқара көтерілісі туралы ел есінде қалған өлең жырлардан, тарихи
құжаттардан қосымшалар _ _ _ _ 15

Пайдаланылған әдебиеттер _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 21

Пайдаланылған әдебиеттерге қосымша_ _ _ _ _ _ _ _ _ 21

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Әлем тарихына көз жүгіртсек отаршыларға,
басқыншыларға қарсы әрқилы ұлт-азаттық көтерілістердің аз болмағанын
көреміз. Азаттығы үшін күресіп жүріп жойылып кеткен халықтар да жоқ емес.
Бостандық күресі жолында тартқан азабы басынан асқан халықтар да
баршылық. Солардың бірі- қазақ халқы.
Ұлт-азаттық көтеріліс - әділетсіздікке, басқыншылыққа, қанау, тонау,
алдау, елді ішінен іріту сияқты арам әрекеттерге қарсы халықтың қарулы
күресі.
Бүкіл халықты осындай қандыбалақ жолға түсуге мәжбүр ететін
"басқыншылық", "отарлау" деген ұғымдардың түр тамыры бір болғанмен, түрі
де, сипаты да, қатері де неше алуан келетіні де белгілі.
Өз елін өзі тонаған имансыз авторитарлық билік жүргізуші ханға,
патшаға, шахқа, императорға қарсы шыққан көтеріліс те бар. Бірақ, бұндай
көтеріліс пен ұлт-азаттық күресінің сапа жағынан да сан жағынан да зор
ерекшелігі болады.
Иә, жеке адамның намысына тиіп, құқын аяқ астына басу – зор
әділетсіздік екені сөзсіз шындық. Ал, бүкіл халықтың келешегін аяқ асты
етіп, ұлттың намысына тию, бұл - әділетсіздіктің ең зоры, сорақысы. Бұл –
жыртқыштықтың кешіруге болмайтын түрі. Сол себепті де, ұлт-азаттық
көтерілісі адамзат тарихындағы ең әділетті қимыл десек дұрыс болар еді.
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі – нағыз елдігі мен
ерлігі, қияметі мен қиындығы мол, басқа амалдың жолы да, жөні де, барар
жері де, басар тауы да қалмаған соң, тәуекелге бел байлап, лап ете түскен
құдіреті де, күйініштілігі де мол тірлік еді.
"Мың өліп, мың тірілген" деген аталы сөзде қанша ерен ерлік, қасірет
пен қайғы жатыр!?
Сонау XYIII ғасырдың басындағы ел аузына аңыз боп, "Ақтабан шұбырынды
заманы" аталған, Жоңғар басқыншыларына қарсы ұзаққа созылған ұлт-азаттық
күресінен кейінгі кезеңде, қазақтың қазақ болып, ру-руға бөлінбей, келешек
ұрпақтың қамын жеп, елдігін паш еткен ерен күресі осы көтеріліс еді.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс бір өңірде болған ереуіл емес,
қазақтың кең-байтақ жерін түгел қамтыған, бүкілұлттық көтеріліс болды. Сол
себепті, қазақ халқының тағдыры мен тарихында бұл көтерілістің жөні де,
жолы да, маңызы да ерекше-ақ.
Бұл – қазақ халқының ғұлама перзенті Мұхтар Әуезов айтқанындай
"қазақтың бесігіндегі баласының көзіне де елестегендей халық елдігін жойып
бара жатқан" қаралы кезеңінің туындысы еді. [1]
Иә, 1916 жылғы көтерілістің ел өміріндегі орны ерекше-ақ!
Академик М.Қозыбаевтың: "1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс қазақ
сахарасының топырағынан туған ұлттық-революция... Ол халқымыздың ХХ
ғасырдағы қуанышы мен трагедиясының қайнар басы болатын", - деген тұжырымы
дөп айтылған, әділ пікір. Бұл – нағыз шындық, ғұлама ғылыми пікір
екендігінде күмән жоқ.
Советтік идеология ұлт-азаттық көтерілісі "тап күресінің бір көрінісі
ғана" деген теорияға жүгіндіріп, тарихы сол тұжырымға бас идіріп келгені
белгілі. Ұлт азаттық көтеріліс шаруалар көтерілісінің бір түрі деген
қағидаларға бағынған тарих, сол "сара" жолдан шыға алмай келді.
Тіпті, осы тұрғыдан қарағанда да 1916 жылғы ереуіл шын мағынасында
әділ де адал халық көтерілісі еді.
Аз ұлттарды билеп-төстеу саясатын жүзеге асыруда Ресей үкіметі
аждаһардай асықпай қимылдап, арсыз алдау мен қатыгез күшті қатар
пайдаланып, ішке кірген құрт аурудай жүйкесін жеп, бір жағынан орынсыз
ұрынбай, екінші жағынан бас көтергендерін қырып-жойып келгені тарихқа аян
жай.
Иә, Кеңестік заманда коммунистік идеологияға бас иіп, елдің ерлігі мен
тартқан қасіретін ат үсті әңгіме етіп аттап өткен зерттеулер де жоқ емес.
Ендеше, бұл жайды шындыққа жүгіне отырып қайта жазып, паш ететіндей зерттеу
керек.

Қасіреті мол қасиетті жыл
1916 жылғы көтерілістің басты ерекшелігі – ар-ұжданы аяқ асты боп,
езілуден төзімі әбден жүдеген халықтың пісуі әбден жеткен бүкіл ұлттық
көтерілісі болғандығы еді.
Көтерілістің тікелей басталуына патшалық 1916 жылғы 25 маусымда
Қазақстан мен Орта Азияның тұрғылықты халықтарының азаматтарын майдандағы
қара жұмыстарға (окоптар қазуға, ағаш кесуге, майдан шебіндегі аудандарда
жол салуға, және т.б.) шақыру туралы жарлығы түрткі болды. Осы жарлық
бойынша Қазақ өлкесі мен Орта Азиядан 19 бен 31 жастың арасындағы азаматтар
алынуға тиісті болды. Жалпы алғанда 400 мың адам, оның ішінде Қазақстанның
далалық облыстарынан 100 мыңнан астам, ал Жетісудан 87 мың жігіттер алынбақ
болды.
Дегенмен, ашынған ел көтеріле қалса не істейміз, қандай қару-жарақ,
қанша киім-кешек, азық-түлік керек деген сияқты сұрақтарға жауап беретін,
көтерілісті жан-жақты ұйымдастырып, басқаратын орталық болмады. Бұл әрине
"әттеген-ай!" дейтін екінші жағдай еді. Көтеріліс осыдан көп қиындық көрді.
Сол себепті, 1916 жылғы ұлт-азаттық халық көтерілісі негізінен стихиялық
ереуілге айналды.
Кеше ғана бас көтеріп ұлыққа тіл қатуға жарамай жүрген халық, Ақ
патшаның бұйрығына бағынбай, дүрсе қоя беріп, ғажайып ұйымшылдықпен бас
көтеруі шынында да таң қаларлық құбылыс болды.
Десе дегендей, Атыраудан сонау 3 мың шақырым жерде жатқан Алтай
өңіріне, Қорған жазығы мен Тобыл аймағынан Ыстықкөлге, Каспий теңізінің
жағалауынан Зайсанға, Астраханның аймағынан Барнауылға шейінгі кең-байтақ
жерді мекендеген ел бір мезгілде дерлік дүр ете түсті. Бұл бұрын соңды
болып көрмеген ерекше қимыл еді.
Бұл ерлік әрекет патша үкіметі үшін күтпеген тосын жағдай болды.
1916 жыл – қазақтың бүкіл халықтың қамын ойлай білетін ұл-қызы бар
екендігінен алыстың да, жақынның да, достың да, жаудың да көзін жеткізді.
Әлемде талай-талай ұлт-азаттық көтеріліс болып жатты дедік қой.
Осылардың барлығы осыншама алқымы кең байтақ жерде бір мезгілде өрбіген
емес.
Көтерілістің бір шеті мен екінші шетінің арасы 3 мың шақырым жерде бір
мезгілде дүр ете түсті. Бұл таңқаларлық іс болды.
Академик М.Қ.Қозыбаев: "Сонау XVI ғасырдың аяғынан 1916 жылға шейін үш
жүзге жуық ұлт-азаттық көтерілістер өрбиді" дейді. Бірақ солардың барлығы
дерлік регионалдық, бір ғана аймақты қамтыған көтеріліс болды. Бұдан,
әрине, сол ірілі-ұсақты көтерілістердің тарихтан алар орны кем болды деген
пікір тумаса керек. Десекте, тек 1916 жылы ғана бүкіл қазақ халқы алғаш рет
досын да, дұшпанын да таң қалдырып, ерен елдігін танырлықтай бірігіп ерлік
жолына түсті.
Қазақ ру-руға бөлінбей, бөлшектенбей, ел басқарып жүрген азаматтар
билікке таласпай, бәрі анттасқан адамдай ел қамын жоғары ұстап, бірліктің
тамаша үлгісін көрсете білді. Ел дүр ете түскенде оған қарсы іштен шыққан
атағы бар азамат болмады. Бұл ғажап іс емей немене!? Патша жендеттеріне ең
алдымен осы ел бірлігі ерекше әсер еткен еді.
Осы жай қазақтың шынайы елдігі бар ұлт екендігіне, керек бола қалғанда
бірлігі мен азаматтың ерлігі біртұтас елдікке айналады деген сенімді
жүгіндіреді, "Осындай қазағымнан айналайын! Құрбандығы болайын!" деген
сезімге жетектейді. Қазақтың соншама көп жерге ие болуы осы бірліктің
сипаты екендігіне көз жетеді.
Шілденің 16-сы Жетісу облысының Верный уезінің Қорам болысының бастығы
қара жұмысқа жіберілгендердің тізімін ереуілге шыққандарға өз еркімен
бермегені үшін таяққа жығылып өлді.
Шілденің 18-і күні дала өлкесінің Торғай облысында Бурабай ауылында
уездің приставы Иванюшкин ереуілге шыққандардың қолынан қаза тапты. Бұл
ереуілге көтерілген қазақтың қолынан өлген үкіметтің алғашқы қызметкері
еді.
Патша өкіметінің ішкі істер министрлігінің басшылары, қазақ жерін билеп
тұрған Түркістан және Дала округінің генерал-губернаторлары көтерілістің
ұйымшылдықпен жалын атқанына, атқа мінуге жарайтын еркек кіндік түгел
дерлік ереуілге көтерілгеніне таңқалды.
Бұл жай ғана үлкен үрей туғызды. Қазақ деген атынан айырылып
"бұратана", "қайсақ", "киргиз" атанған, үкіметке миллиондаған мал, ондаған
миллион теңге ақша түсіріп тұрған елдің бір күнде дерлік асау аттай мөңкіп
шыға келгені үкімет адамдарына өте ауыр тиді, оларды үрейлендірді. Бұл,
әрине, төзуге болмайтын жағдай еді. Дала өлкесінің генерал-гебернаторы
1916 жылы қыркүйек айында патша ағзамның атынан жазған баяндамасында
Торғай мен Қостанай алқабында ереуілге шыққандардың саны 50 мыңға жетті
деп хабарлайды. Ал Жетісу облысының Губернаторы Фольбаум тамыз айының
басында Түркістан өлкелік генерал-губернаторына Жаркент уезінің Қарқара
жайлауының Сырт тауын қалқалап, ереуілге шыққан қазақтың саны 60 мыңға,
Шудың етегінде 15 мыңға, Балқаш көлінің бойында 3 мыңға жетті деген үрейге
толы жеделхабар жіберді. Сол тұста Верный уезінің начальнигі Петроградқа,
ішкі істер министрлігіне Қастек тауының етегіне 10 мыңға жуық қазақ атқа
мініп, жасақ құрып жатыр деп хабарлады. Арал теңізі бойындағы ереуілге
шыққан қазақтарға қарсы Петровск қаласында тұрған қазақ-орыс полкінің
негізгі күші аттандырылды.
Бұл деректерден осы жердегі ереуілге шыққан қазақтардың да саны аз
болмағаны байқалды.
Верный (Алматы) қаласының батыс жағындағы Суықтөбе тауы мен Қопа
өзенінің бойындағы қазақтар көтеріліп, дүр ете түскенде оған Шамалған
өңірінің қазақтары қосылып, мыңдаған адам атқа қонды.
Жетісу облысының губернаторы генерал Фольбаумның ішкі істер
министрлігіне жіберген хабарына жүгінсек, тек Бекболаттың өз ауылы мен
Ботбай болысынан екі мыңнан астам жігіт қолдан найза, садақ жасап, ереуілге
шыққан екен. Сол себепті де губернатор Фольбаумның тікелей нұсқауы бойынша
Бекболат батыр дарға асылды. Ал оның үлкен ұлы бастаған 25 адам "Дала
сотының" үкімімен Сібірге айдалды.
Өкінішке орай, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатынасқан
жасақтардың сарбаздарының жалпы саны есептеліп, шамамен болса да
көрсетілмей келеді.
Ал Ертіс бойында, Ақтөбе алқабында, Алтай дүр ете түскен ереуілге бас-
көз болған ел ағаларының аты-жөні әлі күнге шейін анықталған жоқ.
1916 жылғы көтеріліс бүкіл Қазақстанды түгелге дерлік қамтығанымен,
оның негізі, басты ошақтары Жетісу мен Торғай облыстарында болды.
Өйткені, әсіресе, осы екі өңірдің қазақтары ерекше ұйымшылдық көрсетті.
"Жазалау" жорықтары кезінде де осы өңірде екі жақтан қан көп төгілді.
Тағы бір ғажап жай бар. Ол – патша үкіметі қазақтың жастарын соғыстың
қара жұмысына бару туралы шешім қабылдаудан бұрын, осы істің арты қалай
болады деген мәселеге жеткілікті мән беріп, алдын ала даярлық көрген еді.
Ресми үкімет орындары елдің назарлығы туралы хабардар еді.
Бірақ, олар қазақтың ұйымшылдығы мен ерлігінің мұнша күшті боларын
білмеді. Сол себепті, алдын ала даярланған қарулы күш аздық етті де, үкімет
көп жерде биліктен ажырап қалды. Жалпы, үкімет әрбір облыс бойында екіден,
кей облыста үштен қазақ-орыс полктерін ұстап отырды. Оларға екі міндет
жүктелген еді. Біріншісі – соғысқа алынған солдаттарды алғашқы даярлықтан
өткізіп, марш полктеріне жіберіп тұру болса, екіншісі – жергілікті
"бұратана" халықтарды үрейдің астында ұстау еді.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің басты себебін бір ауыз сөзбен
айтуға болар еді. Ол – Ресей патша үкіметінің айуандыққа толы отаршыл
саясатының салдары, қанау мен зәбірге төзуге болмайтын күн туғанда бой
көтерген қалың елдің ерлігі еді. Жеке адамның намысына тию әділетсіздік деп
жатамыз ғой. Ал, бүкіл халықтың намысын аяқ асты ету нағыз жауыздық емей
немене?!
Ең бастысы – 1916 жылғы осы өңірдің қазақтарының ұлт-азаттық
көтерілісіндегі Ереуілтөбенің орны ерекше. Қарқара көтерілісі – ерен
өрбіген ереуіл еді. Ол патша өкіметінің ресми құжаттарында "Албан
көтерілісі" деп жиі аталады. Ал, кейін Кеңес үкіметі тұсында жарық көрген
еңбектер мен тарихи талдауларда кейде "Албан көтерілісі", көбінесе "Қарқара
көтерілісі" деген екі атпен аталып келеді. Бұл бір шеті осы күнгі Алматы
облысының Еңбекші-Қазақ ауданының оңтүстік-шығыс жағы Асы жайлауы мен Шелек
өзенінің оңтүстік тау өңірінен бастап, шығысы Қытайдың шекарасына шейін,
терістігі Іле аңғары, оңтүстік батысы Прежевальскінің айналасын алып
жатқан үлкен көтеріліс болды.
Иә, басына қатерлі күн туған бір тайпа ел ру-руға бөлінбей, бірге бас
қосып, бүкіл қазақ деп аталатын халықтың сөзін сөйлеп, мұңын мұңдаған
жердің бірі, бірінің бірегейі – осы Ереуілтөбе.
Сол күні Қарқара жәрмеңкесінің ортасында орналасқан Жаркент уезінің
Нарынқол-Шарын бөлімшесінің және Подгорное приставының бастығы Подворовқа:
"Ақпатша қазақтың балаларын өз жерінен басқа өңірге барып соғысатын әскер
қатарына алмайтын деген уәде берген еді ғой. Енді сол уәдесінен тайып отыр.
Елбасы екі сөйлемес болар! Біз соғыста жүргендердің інін қазуға, қоқыр-
соқыр теруге бала бермейміз!" – деп айтылған сөз, осы Ереуілтөбенің басында
келісіліп, халықтың пікірі ретінде ресми паш етілген еді.
Иә, 1916 жыл кейінгі ұрпаққа толқуға толы сыр қалдырды. "Көппен көрген
– ұлы той" дегенмен, жары өліп жесір қалған, әкесі өліп жетім қалған
баланың, бетке ұстары оққа ұшып басшысыз қалған көптің басына түскен қайғы-
қасіреті жан тебірентетін жағдай емес пе!
Әттеген-ай!...
Қарқара өңіріндегі елдің 1916 жылғы көтерілісінің орталығы болуының
тағы бір себебі – осы жәрмеңке дүрілдеп тұрған уақытта патша үкімінің
жарлығының жариялануы еді. Бұл – елдің тез бас қосып, ұйымдаса қимылдауына
нағыз қолайлы уақыт еді.
Иә, Ереуілтөбенің атын көтеріп, ел аузында мәңгілікке қалдырған
қасиетті жай, ол сөзсіз, сонау 1916 жылғы тарихта "Қарқара көтерілісі" деп
аталған қазақтың ұлт-азаттық көтерілісі еді. Көтерілістің туы алғаш
тігілген жері осы Ереуілтөбе екендігінде күмән жоқ.
Сонымен, Албандардың Қарқара көтерілісі былайша басталып, етек жайған
еді.
"Бұратана" халықтың адамдарын майдан талабының қара жұмысына алу туралы
үкімін орындау туралы Нарынқол-Шарын бөлімше бастығы тамыздың 2-і күні
уезден нұсқау алыпты. Приставқа 19 бен 31 жас арасындағы "жұмысшылардың"
тізімін жасауды және сол тізімнің рас-өтіріктігін болыстар мен елбасылар
арқылы тексеріп, жолға шығатын адамдардың керек-жарағын қамдау тапсырылды.
Подворков сол күні-ақ писарларды оңаша шақырып алып, жасырын тізім жасай
беруді тапсырды. Бірақ, "ұзынқұлақ" тыныш жатқан ба?!
Ол кезде Жетісу облысындағы Албанның 13 болысы Жаркент уезіне бағынатын
да, үш болысы Верный уезінің қарамағында еді. Беделді ел басшылары бір
тайпа, туыс жұрттың басына қаһарлы күн туғанда әкімшілік билігіне тізе
бүгіп бірлікті ыдыратпай, ары-бері болмай, рулы елдің бірлігін әу бастан
мығым ұстап, "неде болса бірге көрейік, бірге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ереуілтөбе – ұрпақтар тағдыры тоғысқан өңір
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты туған өлең-жырлар
1916 жылғы қозғалыстың қолбасшылары және олардың қазақ ұлт - азаттық күресіндегі рөлі (А. Иманов, Т. Бокин, Б. Әшекеев, А. Жанбосынов және т. б)
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс жайында
1916 жылғы Қазақстандағы ұлт - азаттық қозғалыс
Қазақстанның жағдайына әсер еткен оқиғалар
Бірінші дүние жүзілік соғыс және Қазақстан
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан
1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілістің шығу себептері
Кәсіпорын иелерінің, жергілікті буржуазия мен феодалдардың зорлық - зомбылығы
Пәндер