Экологиялық фактор туралы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:
«Орта» ұғымы
Өмір сүру ортасы дегеніміз - тірі организмдер және олармен қарым-қатынас жүргізетін табиғаттың бір бөлігі. Барлық денелер және тіріге қарағандағы барлық сыртқы күштердің жиынтығын экологияда орта деп атайды. Егер біз белгілі бір өсімдіктер немесе жануарлардың өмір сүру жағдайларына сипаттама бергіміз келсе, онда біз өмір сүру ортасы деген терминді қолданамыз. Ал қоршаған орта термині экологиялық ортаның организмдермен берілген бір уақыттағы қарым-қатынасына сәйкес қолданылады. Бұл түсінікті көбінесе адамның қоршаған ортасына қатысты қолдану шарт болып кеткен.
Біздің планетамызда тірі организмдер өзінің ұзақ тарихи даму жолынан өте төрт ортаға шоғырланған. Оларды географиялық қабық ретінде бөліп қарастырады: гидросфера, литосфера, атмосфера және биосфера.
Тіршілік ең алғаш рет су (гидросфера) ортасында пайда болғаны туралы біз білеміз. Кейін ұзаққа созылған тарихи даму барысында тіршілік жерге шығып, кейінірек ауаға (атмосфера) да тарады. Уақыт өте жерде өсімдіктер мен жануарлар пайда болды, олар жаңа ортада өмір сүруге бейімделе бастады. Организмдердің бір-бірімен зат алмасып, олардың бір-бірімен байланысы (үлкен айналым) нәтижесінде жердің жоғарғы қабаты - литосфера пайда болды. Литосфера Вернадскийдің айтуы бойынша(1978) биокостық дене. Үш орта туралы айтылып кетсе, төртінші орта - тірі организмдердің өздерінің жиынтығы немесе биосфера.
« Экологиялық фактор» ұғымы
Биологиялық жүйе ретінде аутэкология жекелеген тірі ағзаны - жануар, өсімдік немесе микроорганизм, оның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Қоршаған ортаға адамнан тәуелсіз Жерде пайда болған, яғни оған мұраға өткен табиғи орта мен адам қолымен жасалған техногенді орта кіреді. Аутэкологияның назары дара организмдердің топтарының қоршаған орта жағдайларымен қарым-қатынасы төңірегінде шоғырланады. Қоршаған ортаға бұл ағзаны қоршап жатқан, оның күйі мен тіршілік қызметіне тікелей, не жанама әсер ететін нәрсенің барлығы жатады. Тірі ағзаға әсер ететін ортаның элементтерін экологиялық факторлар деп атайды.
Экологиялық фактор дегеніміз - ағза бейімдеушілік реакциялар, не адаптациялар арқылы қоршаған ортаның кез-келген элементі немесе жағдайы. Кез-келген ағзаға қоршаған ортада көптеген экологиялық факторлар әсер етеді. Дәстүроі жіктеу бойынша оларды: абиотикалық, биотикалық және антропогендік деп бөледі.
Экологиялық факторларды бірнеше критерийлерге жіктейді. Сырттан әсер еткен факторлар организмдерге, поуляцияларға, экожүйеге әсер етеді, бірақ жауап күтпейді. Мысалы, күн радиациясы, атмосфералық қысым, температура, ылғалдылық, жел, су ағынының жылдамдығы және т. б. Ал сыртқы факторлардан ішкі факторлардың айырмашылығы, ішкі факторлар экожүйелердің қасиеттерімен байланысты болоды, олар экожүйенің құрамды бөлігін құрайды: саны, популяциялардың тығыздығы мен құрылымы, экожүйелік айналымға қатысатын заттардың концентрациясы, ауа, су, топырақ орталарының құрамы. Экологияда факторларды негізгі және қосалқы деп бөліп алу қажет.
Азық, су, жылу, жарық, оттетегісіз организмдердің өмір сүріп, дамуы жүзеге аспайды. Оларды императивті факторларға немесе
өмір сүру жағдайларына жатқызады. Ал басқа, кейде керек емес факторларды әсер ету фаторлары деп атайды.
Суммативті факторлар экологиялық факторлар ішіндегі негізгілерінің бірі. Ол санды, биомассалар, организмдер мен популяциялар тығыздығын анықтайды. Осы сияқты факторларды ресурстарға жатқызады. Мысалы, кеңістік ресурсы, энергия, жарық, жылу, ылғалдылық, оттегі, минералды және органикалық азықтық ресурстары.
Ал енді үлкен жіктеулер туралы төменде айтылады.
Дәстүрлі классификациялар
Экологиялық факторларды классикалық және неғұрлым дәстүрлі жолмен жіктеу, оларды : абиотикалық, биотикалық және антропогендік факторларға бөлу болып есептелінетіні туралы жоғарыда айтылып кетті. Бірінші топтың құрамына климаттық факторлар (температура, жарық, ылғалдылық, қысым және т. б. ), жатады. Екінші топқа - қоректену факторлары және особьтер мен түрлердің өзара әсерлесуінің әр алуан формалары (жыртқыштық, бәсекелстік, паразитизм және т. б. ) жатады. Ал үшінші топқа - адам қызметінің қоршаған ортаға тигізетін әсерінің жиынтығы (зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы, топырақ қабатының бұзылуы, табиғат ландшафтарының бұзылуы және т. б. ) .
Берілген топталу шартты болып табылады. Себебі, температураны абиотикалық фактор ретінде қарастырсақ, ол ол тірі ағзалардың әрекетіне байланысты жиі өзгеріп отырады.
Мысалы, ауаның температурасы +13°С-дан төмендеген кезде бал арадарының қозғалыстық белсенділігі артады, ал бұл ұядағы температураны 25°-30°С-ға дейін көтереді.
Жоғарыда келтірілген жіктеулерден басқа ағзалардың қоршаған орта факторларының әсеріне бейімдеушілік дәрежесін бағалауға негізделген (А. С. Мончадский) жіктелу бар. Бұл жіктелу бойынша экологиялық факторлар үш топқа бөлінеді:
- Бірінші ретті периодты
- Екінші ретті периодты
- Периодсыз
Ең алдымен тірі ағзаларда периодты факторларға бейімделу пайда болады. Мысалы, Жер шарының тікелей өз осінен және Күнді айналуы немесе Ай фазаларының ауысуы. Аталған факторлардың тұрақты түнде қайталану циклдері Жердегі тіршілікке дейін де болған, сондықтан да ағзалардың бұл бірінші ретті периодты факторларға бейімделуі олардың тұқым қуалау негізінде ертеден қалыптасқан.
Екінші ретті периодты факторлардың өзгеруі бірінші ретті факторлардың өзгеруінің нәтижесі болып табылады. Мысалы, ауаның ылғалдылығы температураға тәуелді екінші ретті фактор.
Периодты емес факторларға ағза мекен ететін ортада қалыпты жағдайда болмайды. Олар кездейсоқ әсер ететіндіктен, ағзаларда бейімделу белгілері пайда болып үлгере алмайды. Периодсыз емес факторларға мысал ретінде климаттық факторларды - дауылды, желдер, найзағай, өрттер, сонымен қатар адамның шаруашылық қызметін айтуға болады.
Экологиялық фактордың әсер ету принциптері.
Жағдайлар ұғымын экологиялық фактор ұғымымен алмастырады. Өзінің тіршілік ету ортасында кез келген организм сан алуан климаттың, эдафикалық және биотикалық факторлардың әсеріне ұшырайды. Жоғарыда берілген анықтамада экологиялық фактордың мынадай критерийлерін ерекше атап айту жөн:
- Ортаның қарастырылып отырған элементінің одан әрі бөлшектенбеуі. Мысалы, су қоймасының тереңдігін немесе тіршілік ету орнының теңіз деңгейінен биіктігін экологиялық фактор ретінде қарастыруға болмайды, себебі тереңдік суды мекендеуші организмдерге тікелей емес, қысымның артуы, жарықтың кемуі, температураның төмендеуі, еріген оттегінің азаюы, су тұздылығының жоғарлауы, т. б. арқылы әсер етеді; биіктіктің әсері тамператураның, атмосфералық қысымның төмендеуі арқылы жүзеге артады.
- Экологиялық фактордың әсері тікелей емес, аралық буындар арқылы берілуі мүмкін, яғни бұндай жағдайда ол көптеген себеп-салдарлық байланыстар арқылы ықпал көрсетеді. Экологиялық фактордың аралық аралық буындар арқылы ықпал етуін құс базарларынан көруге болады.
Құс базарларында құстар орасан көп мөлшерде шоғырланады. Құстардың осынша тығыз қоныстануын қалай түсіндіруге болады? Бұнда басты рольді биогендік заттар атқарады: құстардың саңғырығы суға түседі; судағы бактерияларды минералдандырады, соған байланысты осы жерлерде балдырлар шоғырланады. Бұл өз кезегінде планктондық организмдердің, негізінен шаян тәріділердің концентрациясының артуына әкеліп соғады. Олармен балықтар қоректенсе, балықтармен базарды мекендеуші құстар қоректенедіюДемек, бұл жерде құс саңғырығы экологиялық фактор ретінде көрінеді.
Экологиялық факторлар табиғаты жағынан қаншалық әр алуан болмасын, олардың әсерінің нәтижелері экологиялық тұрғыдан салыстыруға келеді, өйткені әрқашанда организмдердің тіршілік әрекетінің өзгерісі арқылы білінеді, ал бұл ақырында, популяциясанының өзгеруіне әкеліп соғады. Осы тәуелділікті талдау, оның төмендегідей заңдылықтарын атап көрсетуге болады:
- фактордың белгілі бір мәндерінде организмдердің тіршілік етуі үшін ең қолайлы жағдайлар туады; бұл жағдайлар оптималды жағдайлар деп аталады, ал фактор мәні шкаласындағы тиісті аумақоптимумдеп аталады.
- фактордың мөлшері оптималдық жағдайдан неғұрлым көбірек ауытқыса, дара организмдердің тіршілік әрекеті де соғұрлым нашарлай түседі; осыған байланыстықалыпты (нормалды) тіршілік ету аймағыайқындалады.
- Фактор мөлшерінің дара организмдер қалыпты тіршілік ете алатын аралығытөзімділік шектерідеп аталады; төзімділіктің төменгі және жоғарғы шектері ажыратылады.
Белгілі экологиялық толеранттық ұғымы төменгі шектен, яғни төменгі пессимумнан (эколгиялық фактор мөлшері шкаласында оған экологиялық минимум сәйкес келеді), жоғарғы шекке, яғни жоғарғы пессимумға (экологиялық максимум) дейінгі аралықты қамтиды. Экологиялық максимумның экологиялық минимум әсерімен теңдес шектеуші әсері туралы түсінікті, толеранттық заңын тұжырымдаған В. Шелфорд. 1910 жылдан бері «толеранттық экологиясы» толып жатқан зерттеулер жүргізді, нәтижесінде көптеген өсімдіктер мен жануарлардыңтіршілік ету шектері белгілі болды.
Экологиялық фактор әсеріне организмдер реакциясының кеңістік пен уақытқа байланысты өзгеруі
Тіршілік әрекетінің экологиялық фактор әсерінің қарқынына тәуелділігі кеңістік пен уақытқа байланысты өзгере ме? Бұл сұрақты шешу үшін канадалық және флоридалық Aurelia aurita медузаларына температуралық фактордың әсері зерттелді. Сонда, ареалдың солтүстік бөлігінен, Канада жағалауларынан алынған медузалардың қоңырауының максималды жиілікпен жиырылуы +18°С градусқа - судың осы аймақтағы табиғи орташа температурасына сәйкес келетіндігі, ал Флорида жағалауынан алынған медузалардың қоңырауларының максимал жиілікпен жиырылуы +29°С кезінде болатындығы анықталды. Басқаша айтқанда, солтүстік және оңтүстік популяцияларының өкілдері әр түрлі температуралық оптимумдармен сипатталады. Келесі мысал Пордан алынды. Nereys тұқымдастығына жататын шығыршық құрттардың кейбір даналары, Румын жағалауларының литораль аумағында, Қара теңізден кем дегенде 60 жыл бұрын бөлініп қалған лагуналарда тіршілік етеді. Егер оларды Қара теңізге жіберсе өліп қалады. Өз кезкгінде, сол түрдің Қара теңізге тіршілік ететін өкілдерін лагуналарға жіберсе олар да өліп қалады.
Келтірілген мысалдардан бір түр өкілдерінің экологиялық факторға реакциясы кеңістікте өзгеретіндігі көрінеді. Организмдер сыртқы орта жағдайларының белгілі бір тар диапозонында тіршілік етуге неғұрлым жақсырақ бейімделгенімен, қарастырылып отырған түр популяциялары көбіне экологиялық талаптары әр түрлі келетін және сол талаптарына сәйкес, аталмыш түрдің ареалы -шеңберінде эколгиялық жағдайлары біркелкі емес жерлерде кездесетін топтарға жіктеледі. Түр ареалының белгілі бір бөлігіндегі жағдайларда түр үшін өте пайдалы болған бейімделулер, ареалдың өзге бөліктерінде сыртқы орта жағдайларына оншалық сәйкес келмеуі мүмкін. Ботаниктер, көптеген түрлердің ішінде морфологиялық ерекшеліктері бойынша өздері тіршілік еткен жерлеріне сәйкес келетін өсімдік топтарының кездесетінін әлдеқашан байқаған.
Саршатыр өсімдігі орман ішінде әдетте тік, құмды ашық алаңдарда тарбиып жайыла өседі, ал шағыл құмдардағы өсімдіктер аралық сипатта болады. Орман ішінде өскен даналарының жапырақтары мейлінше жалпақ, шағыл құмдарда өскендерінің жапырақтары өте сүйрік, ал құмды ашық алаңдарда өскендердікі аралық сипатта болады. Ашық құмды алаңдарда өскен өсімдіктерді майда түкшелер басқан, басқа жерлерде өсетін өсімдіктерде мұндай белгі жоқ.
Экологиялық факторлар әсеріне жауап реакциясындағы байқалатын уақытқа байланысты өзгерістерді талқылаған кезде, ең алдымен организмдердің жас ерекшеліктеріне көңіл аудару қажет. Әдетте, жас организмдердің төзімділік шектері ересектерге қарағанда тарлау болады.
Керісінше, жас организмдердің төзімділігі ересектердің төзімділігінен әлдеқайда жоғары болатын мысалдар да белгілі: сұйық гелийге батырылған жұлдызқұрттар (көбелек личинкалары) қайта жібергеннен соң, тамақтану мен өсуін жалғастыра берген. Көбелектер мұндай сынақтан соң өліп қалған.
Кез келген организмнің дербес дамуы барысында, әдетте, оның орта факторларының өзгерістеріне өте осал келетін кезеңдері болады. Олар көбіне ұрпақ беру және ерте онтогенез кездеріне сәйкес келеді де, дағдарыс кезеңдері деп аталады.
Енді, астрономиялық уақытқа байланысты организмдердің экологиялық факторлар әсеріне реакциясы қалай өзгеретінін қарастырайық. Бұл жерде уақыттық тәуелділіктің екі түрі, жастық және астрономиялық бір-бірімен тығыз байланысты болуы мүмкін екендігін айта кету қажет. Ең алдымен түрлер реакциясының маусымдық динамикасын талдайық. Маусымдық периодтылық қоңыржай және солтүстік ендіктерде айқын білінеді. Иаусымдық периодтылық үшін температураның жылдық қозғалысының басты мәні бар. ; дамылдау және активтілік сатыларының ауысуын да сол анықтайды.
Қысқы дамылдау - бұл физиологиялық күй. Дамылдау организмдердің ішкі күйімен қамтамасыз етіледі. Демек, қысқы дамылдау - адаптивтік белгі.
Дамылдау сатысына тән белгі - экзогендік қоректенуден эндогендік қоректенуге, яғни организмнің ішкі резервтерін пайдалануға көшу болып табылады. Мұндай жағдайларда жануарлардың тканьдеріндегі, өсімдіктердің тұқымдарындағы, қысқы бүршіктеріндегі және т. б. судың мөлшері азаяды. Сонымен қатар тәжірибелер өсімдіктер мен жануарлардың суыққа төзімділігі қыс бойында күшейе түсетіндігін көрсетті. Организм суыққа бірте-бірте бейімделеді. Бұл құбылысты суықпен шынықтыру деп атайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz