Туризм инновациясы


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

  1. Туризм инновациясы туралы түсінік

1. 1Инновация және оның мәні

  1. Қазақстандағы туризмнің дамуына қысқаша шолу

2. Қазақстандағы туризмнің жағдайы мен басқарудағы инновациялық әдістеРді талдау

  1. Қазақстан туризмнің қазіргі даму деңгейі

2. 2Туристік шаруашылықтың қазіргі жағдайы

2. 3 Туристік фирмалардың қызметі және бағыттары

3. ЖШС «ABDI» турфирмасының инновациялық әдістерді пайдалануына талдау

Заключение

Список литературы

Кіріспе

Туризм - демалысты, бос уақытты өткізу, спорт, мәдени-танымдылық және табиғат пен қатынасты сипаттайтын осы заманғы экономика салаларының бірі.

Ол қазіргі кезде мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортынан кейін үшінші орынды алады. Ол экономиканың тікелей және жанама түрде 32 саласының дамуына әсерін тигізеді. [3, 84 б. ]

Осы туризм облысының дамуы тұтынушылардың қажеттіліктерін сапалы түрде қанағаттандыра отырып, жоғарғы технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асады. Осыған орай Қазақстанда туризмді дамыту маңызды мәселе болып келеді.

Қазір 2009 жылғы статистика деректері бойынша туризмнен еліміз бюджетке 65, 8 млрд теңге алды. [24]

Әрбір салада жаңашылдықты немесе инновацияны пайдалана отырып, біраз жетістіктерге жетуге болады. Сол сияқты елімізде туризм инновациядалын жетік қолдануды жүзеге асырса, онда туризмнің деңгейін біршама жоғарылатуға болады.

Қазірде ғылыми-техникалық жұмыстарды қолдану қызмет көрсету саласында 21 % болып отыр. Демек, бұл әлі де туристік инфрақұралымының инновацияларды қолдану деңгейінің төмендігін көрсетеді. Ал инновацияларды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы өзінің дамыған 50 ел қатарына қосылу бағдарламасының бір бөлігінің орындалары сөзсіз анық. [11, 12 б. ]

Инновация ол - жаңашылдықтар, оған бір объектті жаңарту немесе оның өндіру технологиясындағы өзгерістер жатады.

Инновациялар арқылы ҚР өзінің туризм индустриясын жоғарылатуға, оны бәсекеге қабілетті ете алады. Туризмдегі инновациялық үрдіс әлемдік экономика мен туризмнің жаһандануымен тығыз байланысты өтетін процес. Қазірде елімізде туризм облысындағы инновацияларды пайдалану 4 % жетіп отыр. [11, 10 б. ] Сондықтан туристік орталығы болып табылатын елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, оларды өз елімізге енгізу маңызды болып отыр. Ғылыми жұмысымның мақсаты - елімізде туризм облысындағы инновациялардың қолдануының маңыздылығын көрсету. Жұмыстың өзектілігі - Қазақстан туристік инфрақұрылымына туризмдегі инновацияларды енгізудің артықшылықтарын анықтау. Міндеттерім:

қазіргі Қазақстандағы туризмге сипаттама бере отырып, оның дамуын айқындау;

қазіргі туризм инновацияларын пайдалудың деңгейіне анализ беру және оның тиімділігін айқындау.

Ғылыми жұмысымның объектісі - Қазақстан туризмі, туристік инфрақұрылым жүйесі. Пәні - туристік инфрақұралым мекемелерінің инновациялық үрдістері және келешекте елімізде туризм инновацияларын пайдалану.

1. Туризм инновациясы туралы түсінік

  1. Инновация және оның мәні

Инновация терминің қолданысқа 1911 жылы австриялық ғалым Й. Шумпетер өзінің «Экономикалық даму теориясы» атты еңбегінде алғаш қолданады.

Инновациялық қызмет - бұл жаңа идеяларды, ғылыми білімдерді, технологияларды және өнімнің жаңа түрлерін өндіріс пен қоғамды басқарудың әртүрлі салаларына енгізуге бағытталған қызмет және оның нәтижелері экономикалық өсуге және бәсеке қабілеттікке пайдаланылады.

Инновацияның 2 түрі болады: өнімнің өндіру жолдарын жаңарту және өнімнің өзін жаңарту.

Технологиялық инновациялар - бұл жаңа немесе жетілдірілген өнімді және технологиялық үрдістерді әзірлеу және енгізу.

Өнімдік инновацияларға - жаңа және технологиялық жетілдірілген өнімдерді әзірлеу және енгізу кіреді.

Процестік инновацияға - жаңа немесе технологиялық өнімдерді тапсыру әдістерін қоса, технологиялық едәуір жетілдірілген өндірістік әдістерді әзірлеу және енгізу кіреді. Мұндай инновациялар жаңа өндірістік жабдықты, өндірістік процесті ұйымдастырудың жаңа әдістерін немесе олардың жиынтықтарын пайдалануда, сондай-ақ зерттеулер мен әзірлемелер нәтижелерін пайдалануда негізделуі мүмкін.

Технологиялық жаңа өнім - бұл технологиялық сипаттамалары немесе шамаланған пайдаланылуы негізіндегі жаңа, не осыған ұқсас бұрын шығарылған өнімдерден едәуір айырмашылығы бар өнім. Мұндай инновациялар негізіндегі жаңа технологияларда, не зерттеулер мен әзірлемелер нәтижесін пайдалануда негізделуі мүмкін.

Технологиялық жетілдірілген өнім - тиімділігі жоғары құрамдарды немесе материалдарды барынша пайдалану, бір немесе бірнеше техникалық ішкі жүйелерді жартылай пайдалану арқылы өндірістің экономикалық тиімділігін арттыратын, сапалық сипаттамаларын жақсартатын қолданыстағы өнім. [6, 47 б. ]

Жалпы инновациялар өзінің қолдануына қарай (бар қажеттіліктерді қанағаттандыру немесе жаңа қажеттіліктерді қалыптастыру), типіне қарай, мерзіміне қарай жіктеледі. Инновациялық жобаның өзіндік өмірлік циклі болады (А - жобаның пайда болуы, Ә - жасақталуы, Б - іске асуы, В - жобаның аяқталуы) . [5, 224 б. ]

Ә Б

А В

1. 2. Туризмдегі инновациялардың тарихы

ХІХ ғасыр туриістік өнім өндіретін мекеменің пайда болмай тұрып, оған алдынғы кезеңдердегі саяхаттар әсер етті. Ол адамдардың алғашқыда саудалық, сосын емдік, танымдық, т. б мақсаттарда саяхаттауынан бастау алады. Туризмдегі серпіліс темір жолдардың пайда болуымен өтті. Содан 1841 жылы ағылшындық Томас Кук Ланкастерден Лонгобурға дейін 600 жолаушыларды тасымалдаудан, көпшілік арзан бағамен тасымалдау арқылы, туризм индустриясына алғышарт жасалды. Осыдан бастап, алғашқы демалысты ұйымдастыратын мекемелер пайда бола бастады. Туризм индустриясын дамуын 3 кезеңге бөлуге болады:

1) ХІХ ғасырдан ХХ ғасыр басы - көпшілік туризм, арнайы туристік мекемелердің алғашқы үлгілері;

2) ХХ ғасырдың басынан екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі - жалпы элитарлық сипатта болды;

3) екінші дүниежүзілік соғыстан қазіргі уақыт - туризм индустриясында салааралық толық кешенді туристік өнім жасақтау басталды.

Бірінші этапта, туризм индустриясының Томас Куктың әрекетімен сипатталды. Сол кезде ірі туристік фирмалар пайда болды. Олар қазірге дейінгі бар «Дойче Райзербюро» Германия, «Транстур» Франция, т. б. осы кезеңде туристік көрме, жәрмеңкелер ұйымдастырыла бастады. Екінші этап, ірі туристік мекемелер мен кішігірім фирмалар ашылуы жүзеге асырылды. Швейцария, Ұлыбритания, Италия, Франция ірі туристік орталықтар статусына ие болды. Үшінші кезең, 1950 -1980 жылдары туристік іс-әрекет технологиялары барынша дамытылды. Мысалы, Автриядағы ұшатын шардағы саяхат, Египеттегі түйедегі саяхаттар, т. б. олар сол кезеңнің өзіндік инновациялары болып табылды. [5, 224 б. ]

Қазірде туризм және экономика әлемдік жаһанданудан өтуде. Демалу индустриясы экономиканың әлемдік саласына айналды. Туризмнің жаһандану ерекшелігі - жаңа ақпараттардың және телекоммуникациялық технологияларды пайдаланумен сипатталады. Олар жұмысты барынша тиімді етуге, уақытты шығындамауға, т. б. әсер етті. Бизнесті интернет арқылы, онлайн жүйесінде сауданы жүргізу дамыды. Мысалы, Gullivers Travel Associates (GTA) 2005 жылы өзінің қонақ үй брондау базасында әлемде 100-ге жуық елдердегі, 20 мыңнан аса қонақ үйлері бар.

Қонақ үй индустриясында, жалпы туризм индустриясында ДТҰ ғалымдарының болжамы бойынша 25-40 % тапсырыстар электрондық коммерция арқылы жүзеге асады деп айтады. Қазірде қонақ үй индустриясында және туризм бизнесінде мультимедиялық технологияларды енгізу, электрондық каталогтар, видеороликтер, т. б дамыту қолға алынуда. Ол арқылы клиент өзіне қажет мәліметті толық ала алады.

Қонақ үй индустриясында қауіпсіздікті кепілдеу маңызды болып табылады. Сондықтан оны жақсарту мәселесінде әлемде техникалық инновациялар қолданылады. Қазірде 4* және 5* қонақ үйлерде электрондық сейфтер кеңінен қолданылады. Ол клиент үшін уақытты барынша үнемдеуге, және қажетті, бағалы мәліметтердің әрқашан жанында болуын іске асырады. Сонымен қатар, қазірде электрондық кілттерді пайдану дамуда. Ол ұрлануды 95% кемітеді. [24]

  1. Қазақстандағы туризмнің дамуына қысқаша шолу

Туризмнің әрбір елдің экономикасы мен әлеуметтік - қоғамдық өмірінде орны ерекше. Оны өркениетті елдер әлде қашан ұсынып, осынау үлкен мәселеге айналдырып көңіл бөліп отыр. Кез-келген мемлекеттің халықаралық байланыстар мен экономикасын дамыту барысында ұстанар бірден-бір жолы - туризм. Мұны деректер мен дәйектер дәлелдей алады. Мысалыға, бүгінгі таңда туризм саласы бүкіл әлемде мұнай өнімдері мен автокөлік сатудан түсетін табыстан ( пайдадан ) кейінгі үшінші орынды иеленеді екен. Демек, ішкі жиынтық өнімді орнықтыру, сыртқы сауда байланысын арттыру, жұмыс орындарының анағұрлым молырақ ашылуы секілді мәселелерде аталмыш сала жетекшілік рольде. Туризм мәселелеріге біздің Қазақстанда да мейлінше оңды көзқарас қалыптасып келеді. Еліміз бүкіл дүниежүзілік туристік ұйымға 1993 жылдан бері толық мүше. Мемлекетімізде ішкі және сыртқы туризм бірдей өркендеп келеді. Оған нақты айғақ ретінде мысал қарастыра аламыз. Мәселен, соңғы екі- үш жыл ішінде республикамызға туристік сапармен келуші шет ел азаматтары екі-үш есеге артты десе болады. Бұл өзіміздің еліміздегі туризм саласы өркендеп белгілі бір сатыға келгенін көрсетеді. Мысалы, « Дауыл » туристік фирмасы 1996 жылдан бері жұмыс істейді. Туристік оператор ретінде арнаулы лицензияға ие. Шет елдік туристерді қарсы алу, бір айға виза беру, өте жоғары маманданған туризм жөніндегі менеджерлер қызметін ұсыну кешенді күйде жүзеге асырылады. Фирманың өз жолбасшылары яғни басшылары шет ел азаматтары өз аудармашылары бар. Олардың кәсіби білімділігі кез-келген талап талған деңгейінен шыға алады. Келген туристі қарсы алып, қонақ үйлерге орналастыру, мезгілімен тамақтандыру, қаланың көрікті серуен-саяхат жасату кәсіби шеберлікпен негізделген. Қаламызда және оның маңайында қаншама әсем жерлер бар. Міндетіміз - оңтүстік астанаға туристік сапармен жолы түскен шетелдік қонақтарды кереметтей әсер сезімге бөлейтін көрікті нысандармен таныстыру және келген туристерді жоғары сапамен күтетін орта құру

(бірнеше жұлдызды қонақ үйлер, демалыс үйлері, ойынсауық орындары, т. б. ) .

Шетелдік туристерге Алматы қаласының көрікті жерлері мысалы: «Шымбұлақ », « Медеу », «Көктөбе» және еліміздегі табиғаты айрықша жерлер: Көкшетау. Тау-түрген, Қапшағай, Шарын каньоны секілді қайталанбас ғажап демалыс орындары таныстырылды. Сондай-ақ, қаладағы келбетті орындар, тарихи маңызды зор сәулеттік жайларға саяхат жасау жүзеге асырылады. Осындай шаралардың арқасында туристік сапармен келген азаматтарының саны екі есеге өсті, табыс ауқымы да ұлғайды. Негізінде, елімізде қазіргі кезеңде жұмыс жүйелеуші туристік ұйымдар саны бес жүз алпыстан астам. Ал биылғы жылы мемлекетіміз туризмді дамытуға қомақты қаржы (32 млн 604мыңға жуық теңге) бөліп отыр. Бұл шара іс көлемінің ауқымдана түсуіне сөзсіз ықпал етеді. Енді еліміздің аймақтары арасынан Алматыға қатысты мәселені бөліп қарастырсақ, ару қаламызда көркем жерлер өте көп десек болады. Мысалы жоғарыда айтқан «Дауыл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі туристік фирмасының бас директоры Б. Б. Тоқожаев былай деген екен:«-Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың өзі сан мәрте тиімділіктері мен басымдылықтарын сөз еткен туризм - ел экономикасына мейлінше пайда түсіретін сала. Сондай-ақ, Үкіметіміз қабылдаған «2003-2005 жылдардағы туризмді дамыту бағдарламасы» туризмнің қаншалықты маңызды екендігін анықтап отыр. Алматыға туристерді көптеп тарту. Ол үшін кез-келген игілікті шараларды ұйымдастыруға әзірміз, біз нақты, кешенді қызмет көрсете аламыз », -дейді. Осы сияқты фирмалардың арқасында елімізде туризм саласы өркендеп келеді. Сондай-ақ еліміздегі, қаламыздағы туризм саласының дамуы үшін барлық мүмкіншіліктердің жасалып жатқаны сөзсіз. Бұны біз нақты деректермен айта аламыз. Қазір Алматыда 320 туристік компания іс жүйелейді. Қазақстанға, оңтүстік астанамызға деген туристер қызығушылығының арта түсуі әбден байқалады. Қаладағы турфирмалар туристік-саяхаттық қозғалыстың арта түсуі үшін әртүрлі шараларды қолға алуда. Мәселен, «Алтын күз» атты бірінші қалалық туристер слеті өтті. Жоғары оқу орындарында туристік факультеттер соңғы бағдарламалармен білім беруде. Қалалық Туризм департаменті туристік ұйымдар басшылығының білімін көтеретін кәсіптік курстар ұйымдастыруда, «Туризм және саяхат» көрмесін өткізу дәстүрге айналды Қазақстандағы туризм жағдайы.

Бүкіл дүниежүзілік туризм ұйымы бас хатшысының орынбасары Давид де Вильюс «Қазақстанның табиғаты өте керемет, экзотикалық болып табылады. Сондықтан, осы елде жергілікті туризмді жан-жақты дамытуды қолға алу керек», -деп айтып еді елімізге келген кезде.

Қазақстанның адам қолы тимеген мөлдір табиғаты Батыста батыста талай адамдарды қызықтыратыны, таңдандыратыны сөзсіз. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен құстарды көру, мөлдіреген бұлақтың салқын суына ләззаттану, биік шыңдарды бағындырыу шетелдік турист үшін табылмас олжа екені рас. Тіпті, Бурабай елде қайталанбас әсем табиғаты үшін « Қазақстанның Швйцариясы » деген ат алған. Сол сияқты оңтүстік өңірі көне тарихи қалалар мен ескерткіштерге бай өлке.

Оңттүстік Қазақстан (Алматы обл. Жабыл обл. Оңтүстік-Қазақстан обл. Қызылорда облыстары. ) - тарихи, мәдени ортағасырлық ескерткіштер (Айша-Биби мавзолейі, Қарахан, Бабаджа - Хатун мавзолейлері Тараз қаласындағы, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі тағы басқалар), Жетісу (Алматы обл. ) жеріндегі көне қорғандар, қалалар және осы аймақта ғарыш кемелерін ұшыратын Байқоңыр космодромы орналасқан, тағы айта кететіндей осы аймақ өте керемет табиғаты мен ерекшеленеді бұл жерде дем алуға, аңшылық жасауға, тауларында шаңғы спортымен т. б. қызықты спорт түрлерімен айналысуға болады.

Батыс Қазақстан (Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстары) Каспи маңы ойпатында орналасқан екінші дүние жүзіндегі теңіз деңгейінен төмен жатқан Қарақия қазан шұңқыры бар. Сондай-ақ табиғаты аңшылық жасауға, су спортымен шұғылдануға және балық аулуаға әбден қолайлы.

Солтүстік Қазақстан (Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары) - бұл аймақтың ландшафтысы, табиғи мүмкіндіктері көптеген туризмнің салаларына қолайлы мысалы: автокөлікпен, велосипет және суда демалу салалары сияқты. Көкшктау, Баянауыл, Мұялды курорттары емделіп демалу мүмкіндіктерін береді, Қорғалжын, Наурызым қорықтары ғылыми туризм жағынан қызығушылық туғызады.

Ал Орталық Қазақстан (Қарағанды облысы) дүние жүзіндегі ең үлкен көлдердің бірі - Балхаш көлінің, керемет Қарғалы таулы-орманды оазисінің маңында орналасқан. Бұл аймақта көптеген ескерткіштер сақталған онда археологиялық және этнографиялық объектілер сақталған.

Шығыс Қазақстан (Шығыс Қазақстан облысы) - бұл Алтай және оның аймағындағы жерлер, Ертіс өзені және Зайсан, Марқакөл, Алакөл, Сауысқан көлдері. Семей өңірі бұл - қазақ елінің ұлы поэт-жазушысы, философ Абай Құнанбаевтің және ұлы жазушы Мухтар Ауэзовтің туған жерлері.

Сондай-ақ, жоғары дәрежемен көптеген табиғаты керемет, туризмге қолайлы жерлер қызығушылық туғызады мысалы: «Іле - Алатау», «Алтын - Емел» (Алматы облысындағы), «Ақсу - Жабағылы» (Оңтүстік - Қазақстан облысындағы), «Баян-ауыл» (Павлодар облысы), «Қарғалы» (Қарағанды облысы) осы сияқты көптеген ұлттық парктер және «Қорғалжын» (Ақмола обл. ) ұлттық табиғи қорық.

Бірақ, Қазақстан осындай табиғатқа, тарихи ескерткіштерге бай бола отырып, туризм әлі күнге дейін қолға толығымен алынбай отыр. Бүгігі таңда елімізге келетін шет ел туристерінен гөрі, қандастарымыздан басқа елдерге көптеп ағылуы басымырақ.

Үкіметтің кезекті мәжілісінде туризм мәселелері қаралып, болашаққа арнайы жоспар жасалуда.

Туризм және спорт агенттігінің төрағасы Дәулет Тұрлыханов Қазақстанда әлі күнге дейін туризмді дамыту бағдарламасы жоқ екендігін үлкен өкінішпен мойындады. Сондықтан да Қазақстанның туризмі үкіметтің қолдау көрсетуіне мұқтаж дегенді. Туризмнен түсетін пайда өте көп екені қазір екінің бірі біледі. Туризмнің дамуы мен шет елдік валютаның еліміздің қазынасына құйылуы тағы бар. Оның үстіне, қанша адамға жұмыс табылар еді. Тек қана бір туристің елімізге келуінен кем дегенде тоғыз қазақстандыққа жұмыс табылады.

Батыста Туризм саласында бірінші орында тұрған Франция. Жылына бір мемлекетке 76, 5 млн. саяхатшы келетін көрінеді. Ал, Испанияға 49, 5 млн, Италияға 39, 1 млн турист келіп, мемлекеттің бюджетіне мыңдаған доллар пайда түсіреді екен.

20 ғасырдың басынан бастап батыста жұмысшылар қомақты жалақы ала бастағаннан кейін туризм кең тарала бастады. Туризмнен көптеген елдерде бюджетке құйылатын қаржы ауыл шаруашылығынан түсетін қаржыдан бірнеше есе жоғары екен.

Статистикалық мәліметтерге жүгінетін болсақ, Алматыда 53 турагенттігі бар. Солардың бірі « Гранзит сервис ». Аталмыш турагенттігіне Қазақстандағы туризм жайлы осы агентіктің менеджері Ирина Склерова еліміздегі туризмге деген көзқарасын былай деп бағалап береді: «-Қазақстанның туризмі даму үстінде бірақ, әлі де алдында көптеген қиыншылықтары бар. Шет елден келетін саяхатшылардың Қазақстанға келуінен гөрі, отандастарымыздың шет елде еліміздің туризмнің мықтап жарнама жасауымыз керек. Ал, «Гранит сервис»турагентігінің бұндай жарнамалар жасауға мүмкіндігі жоқ. Шет елде тұрмақ өзіміздің жерімізде бақ арқылы жарнама жасау біз үшін қиын болып табылады. », -дейді өкінішпен.

Үкімет тарапынан осыған қажетті қаражат бөліп, туризмнің дамуын қолға алса, тәуір болар еді. Сан - Франциско өзінің «Алтын қақпаларынан», Каир пирамидаларымен бүкіл әлемге әйгілі болса, Алматы Медеу, Шымбұлақ арқылы танымал.

Алматы саудалы - экономикалық шаһар болып отырып, Қазақстандағы туризм орталығына айналуы әбден мүмкін-ақ. Таудың етегінде орналасқан Алматы кімді болсада қызықтыратыны рас. Қажет болып отырған нәрсе нақты бағдарлама, нақты жоспар. Сонымен қатар Алматы облысы көптеген туристік мекенжайға бай. Солардың бірі Шарын шатқалы бұндай шатқалы жер бетінде Америка мен Қазақстанда ғана бар деседі. Алматыдан Шарынға серуен құру адам басына шамамен 1100 теңгеге айналады. Шарын Алматыдан 280 шақырым қашықтықта орналасқан және жолы өте нашар. Бас магистральдан Шарынға дейін 12 шақырым, ал автобустар осы 12 шақырымды 5-6 сағат жүріп өтеді. Бұл біріншіден. Ал екіншіден териториясы шашылған лас қоқыстаржатады екен. Кірген кездегі жиналым 195 теңге қоқыстарды жинауға, жолын жасауға жұмсамай, қайда кетіп жатқаны біз үшін шешілмейтін жұмбақ болып қала береді. Шет елдік саяхатшы ғана емес, алматылық төзімді тұрғынның өзі шарынның жолын құдай атқан, оған барғанша Ыстықкөлге барып демалып қайтқан жөн дейді. Шарында АҚШ елшілігінің қызметкері Хайнрих Хауыт мырзаның бастауы мен «Таза шырын » атты сенбілік акциясы өткен болатын. Бұл сенбілікке Алматыдағы турагенттіктердің қызмет керлері шақырылған еді. Өкінішке орай, барған адамдардың саны шектеулі болыпты,

Мұхиттың ар жағынан келген АҚШ азаматтарын Шарын Экологиясы алаңдатып, қазақстандықтарды алаңдатпағаны қалай! . . . Ал Алакөл, Көлсай сияқты нағыз туристік орындарға жол салынбаған.

Егер де жақсы жол салынып, басында қонақ үй ашылса, бұл жерлерге мыңдаған туристер ағылып келулері мүмкін еді.

Алматыда туризмді дамытудың келешегі зор.

Өткенде Алматы қаласында «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығында «Туризм және саяхат - КІТР - 2003 » өтті.

Туризм әлемдік экономиканың ең бір жетекші әрі үнемі дамып отыратын саласы болып табылады. Сондықтан да ол бүгінгі таңда әлемнің көптеген елдерінде ішкі жиынтық өнімді қалыптастыруға және халықты жұмыспен қамтамасыз етуге, сондай-ақ сыртқы сауда байланысының белсенділігіне айтарлықтай ықпал етеді. Өйткені, қазір әлемдегі әрбір тоғызыншы жұмыс орнын туризм саласындағы еңбек ететіндер алады. Осы орайда, бүгінгі күні туризм дүние жүзінде мұнай өнімдері мен автомобильдерді сатудан түсетін пайдадан кейін үшінші орында тұр. Сонымен қатар, соңғы жылдары туризмнің валюта түсірудің және халықаралық байланыстарды кеңейтудің көзі ретінде маңызы артып келеді.

Біздің еліміздің БТҰ-ның 1993 жылдан бері толық мүшесі болып табылады. Соған орай, Қазақстан соңғы жылдары туризмді дамытуға барынша көңіл бөле бастады. Соның нәтижесінде, кейінгі екі жылда республикамызға туристік сапарлармен келуші шетелдіктердің саны екі есеге өсіп, олардан түскен табыс көлемі артып келеді. Оның ішінде, Қазақстанда ішкі және сыртқы туризм қатары дамып келеді.

Сондай-ақ, Үкіметіміз қабылдаған 2003-2005 жылдардағы туризмді дамыту бағдарламасы алғаш рет туризмді еліміздің экономикасының маңызды бір саласы ретінде айқындап берді. Осы орайда бүгінгі туристік қызмет рыногында республика бойынша 561 рыногында туристік операторлар жұмыс істейді. Олардың барлығынан шет елдерде тұрақты тұру және жұмыстарға жіберу қызметтері алынып тасталды. Яғни, турфирмалар ендігі жерде өздерінің тікелей міндеттерімен туристерді қабылдау мен, жіберумен айналысады. Бұл жақын уақыттарда елімізге келіп демалатындардың санын күртарттырды деп күтілуде. Үстіміздегі жылы мемлекетіміздің туризмді дамытуға 32 млн 604мың теңге бөлуде осыдан

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми техникалық үрдісті және мемлекеттің инновациялық саясатын жоспарлау
Экскурсия әдістемелердің байланысы
Норвегия
Туризмдегі кәсіпкерлік іс-әрекеттің түрлері
Қонақ үй кәсіпорындарының ерекшелігі
Мемлекеттің инновациялық саясаты
Қазақстан Республикасындағы инновациялық процесстерді дамытудың рөлі
Туроперейтинг тәртібінің рөлі мен орны
Инновация (енгізу) жаңа техника, технологиялық процестер қолдану немесе өндірісті жаңа нарықпен қамтамасыз ету
Норвегияға әлеуметтік – экономикалық жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz