Байланыс желілері және коммутация жүйелері
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2. Зертханалық жұмыстарды өткізуді ұйымдастыру және өткізу реті ... ... ... ...
3. Білім, меңгеру және даңдылары бойынша негізгі түсініктер ... ... ... ... ... ... ...
4. Зертханалық жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5. Бақылау тапсырмалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
6. Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Берілген «Байланыс желісі және коммутация жүйелері» пәні бойынша орындалатын зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқау пән мазмұнын даярлау деңгейіне қойылатын мемлекеттік талаптарды іске асыруға арналған. Бөлімдер мен тақырыптар тізімін оқытуға міндетті болып табылады және қысқартылып өзгертілмейді.
Берілген әдістемелік нұсқау оқушылардың «ТЭЦ», «ОЭСТ» пәндерін оқу есебімен құрастырылған. «Байланыс желілері және коммутация жүйелері» пәнін оқу «Байланыстың сызықты құрамы», «Сандық және талшықты-оптикалық беру жүйелері», «Ақпарат беру жүйелері», «УКЭ» пәндерімен біріктіріліп қарастырылған.
Зертханалық - тәжірибелік сабақтарда көрнекілік әдістеме құралдарын, оқу құжаттарын, оқу құралдарын қолданылуы қарастырылған

1. Дунаев С.Д., Электроника, микроэлектроника и автоматика. Электронная версия учебника. УМЦ ЖДТ. Россия. 2005ж
2. Карлащук В.И. Электронная лаборатория на IBM PC, М. Солон-Р, 2000ж
3. Соловьева Г.Н. Схемотехника ЭВМ, ВШ, 1998ж

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі
Бекітемін
Директордың оқу жұмысы
жөніндегі орынбасары
_______________Ермұхан Б.
_____________ 2016 ж
Байланыс желілері және коммутация жүйелері
пәні бойынша зертханалық жұмыстарды орындаудың
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ
Мамандығы: 1306000- Радиоэлектроника және байланыс
Қызылорда 2016 ж
Дайындаған: И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжінің оқытушысы Молдабаева Н.А.
Әдістемелік нұсқау Информатика, есептеу техникасы және байланыс радиотехникасы циклдік әдістемелік комиссия отырысында қаралып, мақұлданды.
Хаттама №_______ _____________2016 ж
ПЦК төрайымы ___________ Қарсақбаева А.
Келісілді: И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі әдістемелік кеңесі
Колледж әдіскері ___________ Аймбетова Э.
МАЗМҰНЫ
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Зертханалық жұмыстарды өткізуді ұйымдастыру және өткізу реті ... ... ... ...
3. Білім, меңгеру және даңдылары бойынша негізгі түсініктер ... ... ... ... ... ... . ...
4. Зертханалық жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5. Бақылау тапсырмалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6. Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ
Берілген Байланыс желісі және коммутация жүйелері пәні бойынша орындалатын зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқау пән мазмұнын даярлау деңгейіне қойылатын мемлекеттік талаптарды іске асыруға арналған. Бөлімдер мен тақырыптар тізімін оқытуға міндетті болып табылады және қысқартылып өзгертілмейді.
Берілген әдістемелік нұсқау оқушылардың ТЭЦ, ОЭСТ пәндерін оқу есебімен құрастырылған. Байланыс желілері және коммутация жүйелері пәнін оқу Байланыстың сызықты құрамы, Сандық және талшықты-оптикалық беру жүйелері, Ақпарат беру жүйелері, УКЭ пәндерімен біріктіріліп қарастырылған.
Зертханалық - тәжірибелік сабақтарда көрнекілік әдістеме құралдарын, оқу құжаттарын, оқу құралдарын қолданылуы қарастырылған
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ӨТКІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
ЖӘНЕ ӨТКІЗУ РЕТІ
Зертханалық жұмыстарды өткізуді ұйымдастыру бөліміні оқушылардың зертханалық жұмыстың тақырыбы бойынша білімін тексеруден бастау керек. Ереже бойынша зертханалық жұмысты орындауға тапсырма мазмұнына байланысты теориялық материалды меңгерген оқушы жіберілуге тиіс.
Зертханалық жұмысты орындау үшін оқу тобы (25-30 оқушы) екі топқа бөлініп, әрқайсысы жеке жұмыс жасайды. Оқушылар бағдарлама бойынша қарастырылған барлық жұмыстарды орындайды.
Зертханалық жұмыстың мақсаты теорияда алған білімін әрі қарай тереңдету. Берілген қағаз нұсқасын оқушы өздігінен пайдалана алады. Нұсқау қағазын пайдалана отырып, оқушы берілген тапсырманы өздігінен орындай алады. Мұндай оқыту әдістемесі оқушының өзін өзі бақылау құралы бола алады, өйткені әрқашан алынған нәтижелерді салыстыруға болады.
Нұсқау қағазымен жұмыс жасау үшін төмендегі іс әрекеттер тізбегін орында. Орындалатын жұмыс тақырыбы туралы түсінік алу үшін, алдымен қысқаша теорияның бөлігін оқып шығыңыз. Сосын тапсырма мәтінін мұқият оқып кейін тапсырма бөлігіне көшіңіз.
Жасалған жұмыстың есебін электронды түрде жеке жасалу керек және компьютердегі қатты дискте сақталуы қажет. Есепті дайындаған кезде әрбір зертханалық жұмыста берілген элетронды формаларды қолданған жөн.
Жұмыс сынағын оқушы есепті тапсырғаннан кейін және оқытушуның зертханалық жұмысқа қатысты қойған сұрақтарына дұрыс жауап бергеннен кейін ғана алады.
.
БІЛІМ, МЕҢГЕРУ ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫ БОЙЫНША НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР
Пән бойынша оқушылардың түсінігі болуы тиіс:
oo Телефондық беру трактісінің құрамы жайында;
oo Әртүрлі типті соңғы абоненттік құрылғылардың тағайындалуы жайында;
oo Басқару құрылғылары және АТС-тың әртірлң типңне арналған коммутациялық құрылғылар жөнінде;
oo Орталық басқару құрылғысының құрылымдық схемасы жайынд
oo ЭАТС-тегі уақытша және кеңістіктік блоктары жайында;
oo ЭАТС-тың ьеру трактісінің ерекшеліктері және оның коммутациялық өрісі жайында;
oo Әртүрлі типті АТС-тағы қосу түрлерін орнату алгоритмдері жайында;
oo Телефондық жүктеме, жүктеменің пайда болуы және оны есептеудің әдіс-тәсілдері жайында;
Білімі болуы тиіс:
oo Телефондық аппараттардың элементтері және құрылымдық схемалары жайында;
oo Басқару құрылғыларының құрылымдық схемалары жайында:
oo ЭАТС,АТСКЭ,АТСК функционалдық схемалары жайында;
oo ЭАТС блоктарының, ЭАТС концентраттарының құрылымы
oo Әртүрлі типті коммутациялық өрістердің құрылымдық схемалары жайында;
oo Желілі топ құрудың әдістері жайында.
Дағдысы болуы тиіс:
oo Телефондық аппараттардағы істен шығу себептерін табу және жөндеу;
oo Коммутациялық құралдардың қолданылуы және жұмыс істеу принциптерін анықтау;
oo АТС-тың өзгеше түйінді құрылымдық және принципиалдық схемаларын оқу;
oo Телефондық желілерді құрастыру;
oo Телефондық жүктеменің, қосылу құрылғыларының, желінің және арналардың есептеу әдістерін білу.
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
№ 1 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Кнопкалы телефон аппараттары
Жұмыстың мақсаты: Телефон аппаратының жұмыс принципін, түрлерін, ерекшеліктерін, қолдану ережелерін білу.
№1 зертханалық жұмысқа тапсырма:
1. Теориялық мәліметпен танысу.
2. Берілген варианты бойынша жұмыстың орындалу ретін сақтап есептеу жүргізу
3. Есеп нәтижесін жұмыс дәптеріне түсіру
4. Бақылау сұрақтарына жауап беру.
5. Зертханалық жұмыстың есебін құру
6. Жұмыс есебі келесі ретпен жасалу керек:
oo Зертханалық жұмыстың нөмірі
oo Жұмыстың тақырыбы
oo Мақсаты
oo Варианты бойынша берілген мәндері
oo Жұмыстың орындалуы
oo Бақылау сұрақтарына жауап беру
7. Жұмыс есебін оқытушыға тапсыру
Теориялық кіріспе
Телефон аппараты (орыс. Телефонный аппарат) -- Телефон аппараты келіп түскен шақыруды қабылдауға және басқа телефон аппаратына қосуға немесе ажыратуға арналған коммутациялық -- шақыру, сондай-ақ дыбысты қабылдап, жеткізуді қамтамасыз ететін сөйлеу деп аталатын негізгі екі бөлінген тұрады. Телефон аппаратында шақыру сигналын қабылдайтын электр қоңырауы болады. Одан басқа сигналдық шақыру құрылғысы ретінде қоңырау соғылған кезде жанатын күнделікті электр шамы да пайдаланылуы мүмкін. Жарық сигналы нашар еститін адамдар үшін әрі үйдегі адамдарға дыбыс сигналы тиімсіз болған жағдайда қажет. Сигналдық шамды абоненттік, өтін іші мен телефон торабының технигі орнатады.
Абонентті линияға шақыру үшін телефон аппаратынан оның нөмірінің кодталған шақыру сигналы электр импульстері түрінде беріледі. Шақыру дискілі немесе кнопкалы нөмір тергіш арқылы жүзеге асады. Абоненттік телефон нөмірін теруге барынша ыңғайлы әрі жетілдірілген кнопкалы нөмір тергіш (тастатура) пайдаланылады. Тастатура, әдетте, әрқайсысы бір ондық санмен (О-ден 9-ға дейін) және қосымша әріппен таңбалан-ған негізгі 10 кнопкадан тұрады. Ша қырыл а-тын абоненттің телефон нөмірін автоматтық телефон станциясының линнясына беру үшін бірнеше кнопканы (нөмірдегі цифрлар санына сәйкес) біртіндеп басып, қажетті импульстер сериясын жіберу керек. Таста-туралы телефон аппараттарында нөмір теру жылдамдыгы дискілі нөмір тергішпен салыстырғанда 4 -- 6 есе шапшаң. Соңғы терілген темірді есте сақтайтын электрондық сақтау қабілеті бар тастатуралы телефон аппараты мысалы, Электроника элетап-микро (М 3 модель) шығарылады: қайталанған шақыру кезінде, нөмірді термей-ақ шақыру кнопкасын басса, қажетті сигналдар лннияға автоматты түрде беріледі. Сондай-ақ 32 нөм ірге дейін (цифр саны 8-ге жететін) электрондық еске сақтау қабілетті бар аппараттар {мысалы, Электроника элетап-микро (ЛЬ 4 модель) да болады. Бұларда қажет нөмірді шақыру үшін 2 кнопканы басу жеткілікті.
Пайдалану кезінде ыңғайлы болу үшін бір конструкциялық торапқа -- микротелефон трубкасына миластырыл ған микрофон мен телефон аппараттық сөйлесу бөлігінің неғұрлым маңызды элементі болып табылады. Микрофон дыбыс сигналын электрлік сигналға айналдырыл, күшейтеді, ал телефон басқа аппараттан келген электрлік сигналдық дыбыс сигналына айналдырады. Адамның дауыс ырғағына сай дыбысың -- тембрін сақтай отырып, сөзінің айқын естілуін жеткізуді 300 Гц-тен 3400 Гц-ке дейінгі жиілік диапа-зонында дыбыс сигналын қабылдай алатын телефон аппаратының микрофоны мен телефоны қамтамасыз етеді. Микрофон мен телефон микротелефон трубкасының арнайы қуысына орналасып, алмалы-салмалы қақпақшамен жабылатын, тұтас дөңгелек капсула түрінде болады. Столға қоятын (мысалы, ТАН-70-Ь, ТАН-У-74, Электроника элетап-микро) және қабырғаға орналастырылатын (ТАСт-70) телефон аппараттары шығарылады. Телефон аппараты линияға жалғастырушы шнурдың және клеммалы арнаулы розетканың көмегімен қосылады. Қажет жағдайда, бір телефон атқаратын пәтердің әрбір бөлмесінде пайдалану үшін бірнеше штепсельді розетка орнатады. Абоненттің талап етуі бойынша, стандартты жалғастырушы шнурды ұзартып (8 -- 10 м-ге дейін), телефон аппаратын пәтер ішінде тасымалдауға болады. Телефон желісін пайдалану тәртібі бойынша бір линияға 2 телефон аппаратынан артық қосуға болмайды. Параллель қосылған телефон арқылы сөйле екен кезде оны басқа адамның естімеуі үшін аппараттарды директор -- секретарь делінетін схема бойынша қосады. Яғни, аппараттық біреуі негізгі (директор), екіншісі -- қосалқы (секретарь) деп саналады. Қосудың мұндай схемасы кез келген аппараттан нөмір теруге мүмкіндік береді, ал негізгі аппараттық микротелефон трубкасын көтергенде, қосалқы аппарат ажыратылады. Шақыру кезінде тек қосалқы аппараттық немесе қос аппараттық қоңырауы жұмыс істейтіндей етіп қосады. 80 жылдардың басынан сыртқы пішіні 20 -- 30 жылдардың аппаратта-рына ұқсас столға қоятын телефон аппарат-тары (мысалы, Ретро, Стелла) шығарыла бастады.
Бақылау сұрақтары:
1. Телефон аппаратының жұмыс принципі?
2. Конструкциялық торапқа -- микротелефон трубкасына қалай орнатылады?
3. Телефон аппаратының схемасы?
4. Телефон аппаратын неше топқа бөлуге болады?
5. Телефон аппаратының әрбір типінің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктерін ата.
6. Тастатура дегенміз не?
Қолданылған әдебиеттер
1.Калабеков Б.А. Цифровые устройства и микропроцессорные системы. Учебник для техникумов связи. 2013ж.
2. Аладьев В.З., Хунт Ю.Я., Шишаков М.Л. Основы телефонной коммуникации учебное пособие.М., Филин, 2008ж.
№2 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: АТС координатты типті коммутациялық құралдардың жұмыс істеу принципін және конструкциясын зерттеу.
Жұмыстың мақсаты: АТС координатты типті коммутациялық құралдардың жұмыс істеу принципін және конструкциясын зерттеу.
№2 зертханалық жұмысқа тапсырма:
8. Теориялық мәліметпен танысу.
9. Берілген варианты бойынша жұмыстың орындалу ретін сақтап есептеу жүргізу
10. Есеп нәтижесін жұмыс дәптеріне түсіру
11. Бақылау сұрақтарына жауап беру.
12. Зертханалық жұмыстың есебін құру
13. Жұмыс есебі келесі ретпен жасалу керек:
oo Зертханалық жұмыстың нөмірі
oo Жұмыстың тақырыбы
oo Мақсаты
oo Варианты бойынша берілген мәндері
oo Жұмыстың орындалуы
oo Бақылау сұрақтарына жауап беру
14. Жұмыс есебін оқытушыға тапсыру
Теориялық кіріспе
Алғашқы телефон станциялары қолмен жұмыс істейтін болған. Жалғауды операторлар орнататын. Жіберілетін сигналдар жиынтығы да өте аз болған. Байланысты ұйымдастыру үшін, абонент операторға шақыру сигналын жіберетін. Оператор болса, одан қажет абонеттің атын немесе нөмірін анықтап білетін. Одан кейін оператор шақыру сигналын сол абонентке жібереді, содан соң байланысты орнататын.
Автоматты телефон станциясы (АТС) - бір телефон аппаратындағы шақырыс сигналын басқа аппаратқа автоматты түрде жіберетін құрылғы. АТС-ке алғашқы патент (US Patent No. 447918 1061891) 1889 жылы американ өнертапқышы Элмон Строуджерге берілді. АТС жұмыс істеу принципі мынадай: құралдардың жұмыс істеуі абоненттің бақылауымен, АТС-тің басқару құралдарымен қашықтан бақылау арқылы жүзеге асады, ал олардың дәйектілігі алдын ала анықталып, автоматты түрде орындалады. АТС-тегі әрбір шақыруға қызмет көрсету кезіндегі барлық іс-әрекеттер, тығыз байланысқан процестердің күрделі жиынынан тұрады. АТС құрылғысы жалғаушы құралдардан, сигнал беруші құралдардан, басқарушы құралдардан тұрады. АТС құрылғысының негізгі жалғаушы құралдарына іздегіштер мен жалғағыштар жатады.
АТС-тің түрлері төмендегілер жатады:
-машиналық;
-электромеханикалық (декадты-қадамды және координатты, квазиэлектронды);
-электронды;
-цифрлық (дәстүрлі және IP).
Электромеханикалық адымды іздегіш. Электромеханикалық адымды іздегіш статордан (өріс), ротордан (қозғалмалы бөлім) және жылжымалы механизмнен, ал статор шығыс іздегіштерін құрайтын түйіспелер жиынтығынан (мамельдер) тұрады. Роторға кіріске жалғанған көпсымды щеткалар бекітіледі, ал жылжымалы механизм ротордың щеткаларын бір мамельден екінші мамельге жылжытып отыруға арналған. Оларды "адымды іздегіштер" деп атайды.
Автоматты электр байланысында телефонды сигнал беру 1890 жылы, Алмон Строужердің қадамды іздегіші бар автоматты телефон станциясы пайда болғаннан бастап қолданыла бастады. Осындай типті станция импульстер мен үзілістер (пауза) тізбегі түріндегі телефон нөмірін қабылдай алатын болған. Келесі жүз жылдықта сигнал беру жүйелерінің дамуы коммутациялық жабдықтың эволюциясымен қатар (параллель) пайда болды. Алайда, ХХ ғасырдың 80-жылдарына дейін барлық телефонды сигнал беру жүйелері үшін, келесі ортақ қасиеттер маңызды болды:
- сигналдық ақпаратпен алмасу абоненттік терминал мен өзі қосылып тұрған АТС (абоненттік сигнал беру) арасында немесе АТС-тер (станцияаралық сигнал беру) арасында жүргізілді;
- сигнал беру ағылшын тіліндегі әдебиеттерде POTS (Plain Old Telephone Service) деген аббревиатурамен белгілі болған дәстүрлі телефонды қызмет көрсетулерге бағытталды;
- сигнал беру абоненттердің екі терминалдары арасындағы жалғауды орнатуға немесе ажыратуға бағытталды;
- сигналдық ақпарат дәл жалғауды орнату үшін пайдаланылған арнамен беріліп отырды.
Декадты-қадамды және машиналық АТС-тер үшін, станцияаралық сигнал беру процедурасы сигнал беру сөзінің бастапқы мағынасына әлдеқайда жақын болатын. Электромеханикалық АТС-дің телефондық жалғауды орнатуға қатысатын блоктары, электрлік сигналдармен жалғауды орнату үшін таңдалған арна арқылы алмастырылып отырды. Ақпараттармен алмасудың бұндай әдісі телефонды арнаның жиілік жолақтарындағы сигнал беру, немесе қысқаша айтқанда, жолақ ішіндегі сигнал беру деп аталады.
1.1-суретте сигнал берудің осы принципі А және Б екі станцияларының терминалдары арасындағы жалғауды орнатуы үшін көрсетілген. Сөйлесу және сигнал беру арналары бір ғана физикалық тізбекте құрылған. Бұл тізбектер екі- немес үш сымды болған. Бір сымды тізбектер (сым-жер деп аталатын сұлба) автоматты телефон желілерінде қолданылмай қалған. Сигнал беру арнасын ұйымдастыру үшін, әрбір жалғаушы желі желілік жинақпен жабдықталады. Авматтандырылудың алдында, барлық жинақтар негізінен электромеханикалық релелерден тұратын болған. Осыдан бастап, бұл жинақтардың РСЛ (реле соединительных линий - жалғаушы желілер релесі) атауы жиі кездесетін болды.
1.1-сурет. Телефон арнасымен сигнал беру
Координаталы АТС-де коммутаңиялық өрісті құру үшін көпретті координаталық қосқыш (МКС) деп аталатын жалғаушы құрал қолданылады. Көпретті координаталық қосқыш (МКС) әрбір кіріске қол жеткізе алатын кірістер n саны мен шығыстар т саны арқылы сипатталады;
Бақылау сұрақтары:
1. АТС түрлері?

3. АТС координатты типті коммутациялық құралдардың негізгі параметрлері?
4. АТС координатты типті коммутациялық құралдарын неше топқа бөлуге болады?

2. Аладьев В.З., Хунт Ю.Я., Шишаков М.Л. Основы телефонной коммуникации
учебное пособие.М., Филин, 2008ж.
№3 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: АТС квазиэлектронды коммутациялық құралдардың жұмыс істеу принципін және конструкциясын зерттеу.

№3 зертханалық жұмысқа тапсырма:
15. Теориялық мәліметпен танысу.
16. Берілген варианты бойынша жұмыстың орындалу ретін сақтап есептеу жүргізу
17. Есеп нәтижесін жұмыс дәптеріне түсіру
18. Бақылау сұрақтарына жауап беру.
19. Зертханалық жұмыстың есебін құру
20. Жұмыс есебі келесі ретпен жасалу керек:
oo Зертханалық жұмыстың нөмірі
oo Жұмыстың тақырыбы
oo Мақсаты
oo Варианты бойынша берілген мәндері
oo Жұмыстың орындалуы
oo Бақылау сұрақтарына жауап беру
21. Жұмыс есебін оқытушыға тапсыру
Теориялық кіріспе
Квазиэлектронды АТС-дің коммутациялық өрісі буынды қағида бойынша матрицалы ферридті, герконды немесе гезаконды жалғаушылар (қосқыштар) негізінде құрылған. Бұндай жалғағыштардың кіріс және шығыс сандары екі еселенеді, мысалы, 4x4; 8x8; 16x8 және т.б. Квазиэлектронды АТС-тің коммутациялық өрісі үлкен сыйымдылық кезінде екі блок негізінде құрылады: концентациялық және аралас;
Квазиэлектронды және цифрлы коммутациялық станциялардың басқару құрылғылары - олардың архитектурасына қарамастан - арнайы мамандандырылған ЭЕМ (электронды есептеу машинасы) немесе жоғары өнімді компьютер түрінде қарастырыла алатын аппаратты-бағдарламалық кұралдарға жүктелді.
Түйіндер арасындағы телеграфтық каналдар электробайланыстың бастапқы тораптарындағы беріліс каналдарының негізінде құрылады. Телеграфтық торап дамудың ұзақ жолынан өтті және дискретті хабарларды төменгі жылдамдықпен берудің тармақталған торабы болып табылады.
Ол аралас принцип бойынша құрылған: жоғары категориялы түйіндер әрқайсысы әрқайсысымен принципі бойынша, ал категориялары төменіректері - радиалды-түйіндік принцип бойынша байланысады.
Жалпы қолдануға арналған телеграфтық торап (ЖҚТлг) елде қалалық (ҚБ), аудандық (АБ), ауылдық (СБ) жерлерде байланыс бөлімшелерін ұйымдастыруды қарастырады, онда жіберушілер телеграммалар өткізеді, ал байланыс бөлімшесі алушыға телеграмманы жеткізуді қамтамасыз етеді. Дамудың әртүрлі кезеңдерінде ЖҚТлг ХК, КК принциптеріне және олардың үйлесімді қолданылу принциптеріне негізделген. Алдағы уақтытта торапта тек ХК және ПК тәсілдері қолданылатын болады.
Аралас тораптар коммутацияның қандай тәсілінің басты роль атқаратынына байланысты КК+ХК-ды қамтитын немесе ХК+КК-ды қамтитын торап деп аталады.
Бұл тәсіл кешегі күнге дейін ЖҚ Тлг-да кеңінен қолданылып келді. Ол байланыстың қандай да бір бөлімшесіне КК түйіндері арқылы басқа байланыс бөлімшелерімен уақытша тікелей байланысу мүмкіндігін ұсынады.
Абоненттік телеграфтау торабы. Жалпы қолдануға арналған телеграфтық байланыс мекеме мен кәсіпорынның жедел байланыс құруға байланысты сұраныстарын толық шамада қанағаттандыра алмайды, оған себеп:
1. Телеграммалар курьер оларды алып кетіп, байланыс бөлімшесіне жеткізгенге дейін күні бойынша жинақтала береді.
2. Телеграмманы беру және әрі қарай адресатқа жеткізу процесі белгілі бір уақытты талап етеді.
3. Жұмыс аяғында байланыс бөлімшесіне түрлі кәсіпорындар мен мекемелерден келіп түсетін телеграммалардың үлкен саны ШП торабында жүктемені үлкейтіп жібереді, бұл жіберушіден адресатқа телеграмманың жетуін баяулатады.
ПП торабының бұл кемшіліктері абоненттік телеграфтау (АТ) телеграфтық торабында болмайды, себебі шеткі телеграфтық аппараттар тікелей сол кәсіпорында және мекемеде орнатылған.
АТ торабын дамыту ШП торабының жүктемесін едәуір азайтады, бірінші кезекте транзиттік корреспонденциядан босатып, жұмыс күнінің аяғында жүктемені азайтады.
АТ жүйесі көп жағынан ТБ жүйесіне ұқсас. Дегенмен АТ торабында каналдардың босамай қалуы және екінші қайтара шақыру қажеттілігі болып жатады. ТБ торабында бұл рационалды емес. ТБ жүйесінен ерекшелігі, АТ тораптарында каналдарды коммутациялау принципі байланыстың барлық стадияларында ауытқымайды.
Абоненттік телеграфтық байланыс сұлбасы 3.2 суретте көрсетілген
Сурет - Абоненттік телеграфтық байланыстың құрылымдық сұлбасы
АТ торабын шеткі орнату жабдығы ТБ торабы шеткі пункті жабдығына ұқсас.
Шақыру приборға нөмірді теруге рұқсат сигналы жіберіледі. Абоненттік панель және коммутация құрылғысынан басқа, АТ станциясының құрамына ауыспалы құрылғы (П) да кіреді, ол станцияға қала аралық каналдарды қосуды қамтамасыз етеді. Талап етілген абонентпен байланыс орнатылғаннан кейін хабар бұл абоненттік пункттен басқа абоненттік пунктке беріледі.
3. Абоненттік телеграфтың бір түрі халықаралық абоненттік телеграф Телекс болып табылады. Ол елшіліктердің, сауда-саттық өкілдерінің, шетел тілшілерінің және т.б. хабарды басқа елдерге беруші абоненттердің құжаттандырылған байланысын қамтамасыз етуге арналған. Бұл торап 100 мемлекетті біріктіреді.
Абонент нөмірі телеграфтық аппарат кілт жиынынан теріледі және шақырылған абоненттің телеграфтық аппараты шақыру сигналынан кейін бірден қосылады. Шақырылатын абонент нөмірін теру коммутация түйініне стартстоптық комбинацияларды берумен жүзеге асырылады. Абонент аппаратына станциядан келіп түсетін барлық сигналдар да стартстопты сигналдармен беріледі (Станция жауабы, Байланыс, Бос емес және т.б.).
Бақылау сұрақтары:
1. АТС квазиэлектронды коммутациялық құралдардың жұмыс істеу принципін және конструкциясын зерттеу?
2. Сигнал дегеніміз не?
3. Сигналдың түрлері?
4. Модуляция дегеніміз не?
5. Модуляция түрлері?
Қолданылған әдебиеттер
1. Гроднев И.И. Желі байланысының қондырғылары М.Р.С.-2007ж
2. Скалин Ю.В.және тб Цифровые системы передачи М. Радио и связь,2008ж
№4 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Матрицалық электронды қосқыштардың жұмыс істеу принципін зерттеу.
Жұмыстың мақсаты: Матрицалық электронды қосқыштардың жұмыс істеу принципін және конструкциясын зерттеу.
№4 зертханалық жұмысқа тапсырма:

Бағдарламалық басқаруы бар коммутациялық станцияны сигнал беру пункті түрінде қарастыруға болады. Техникалық әдебиеттерде сигнал беру пункті терминінің ағылшын тіліндегі қасқартылған түрі - SP (Signaling Point) кездеседі. Сигнал беру пункті сигналдық хабарлардың құрылу, жіберілу, қабылдану және түсіндірілу функцияларын орындайды.
Кейбір сигнал беру пунктілері сигналды бірліктің (СЕ) бір сигнал беру буынынан басқасына орын ауыстыру функцияларын атқарады. Олар транзитті сигнал беру пунктілері - STP (Signaling Transfer Point) деп аталады. SP мен STP жиынтықтары, сондай-ақ олардың сигналдық буындарын жалғастыратын жиынтықтар өз кезегінде желі құрады. Ол желі сигнал беру желісі деп аталады.
Араларында сигналық ақпараттардың алмасуы мүмкін болатын кез-келген екі SP байланысқан деп аталады. Екі SP байланысы не сигналдық буындардың тура шоғырымен, не екі SТP көмегі арқылы транзитті ұйымдастыра отырып, сигнал беру желілерінің құралдарымен іске асырылуы мүмкін. Бірінші жағдайда, екі SP (сигнал беру желілері құрылымының көзқарасы жағынан) шектескен (көршілес), ал екіншіден шектессіз (көршілес емес) болып табылады. Сигнал беру желісінде шектескен де, шектеспеген де сигнал беру пунктінің (SP) болуы, негізінде, әр түрлі жұмыс істеу режимдерін қолданумен ескерілген.
Қазіргі заманғы сигнал беру желілерінде жұмыстың үш режимі қолданылуы мүмкін: шектескен, шектеспеген және квазишектескен. Квазишектескен режим шектеспеген режимнің жеке жағдайлары түрінде болады.
Желі арқылы сигналдық ақпараттың жүретін жолы алдын ала тағайындалады, және де біршама уақыт периодында белгіленіп алынған болып табылады. Іс жүзінде сигнал беру желісі шектескен және шектеспеген режимдерді қолдайды. Техникалық әдебиеттерде жұмыс режимінің атауы әдетте сигнал беру желісінің түрі арқылы теңестіріледі. Басқаша айтқанда, шектескен және шектеспеген сигнал беру желілері болып бөлінеді.
Шектескен және шектеспеген сигнал беру желілерін ұйымдастыру мысалдары 1.6-суретте көрсетілген. Екі нұсқа үшін де, жалпы арналық сигнал беру жүйесі бес коммутациялық станция орнатылған телефон желісі үшін құрылады.
а) Шектескен сигнал беру желісі 6) Квазишектескен сигнал беру желісі
1.6-сурет. Сигнал беру желісінің құрылымы
Барлық станциялар бір-бірімен әрқайсысы әрқайсысымен принципі бойынша байланысқан. Бұл топологияны байланысқан сигнал беру желісі қайталайды.
Квазибайланысқан желіде төрт STP орнатылады. Олар бір-бірімен әрқайсысы әрқайсысымен принципі бойынша байланысады. Бес сигнал беру пунктінің (SP) кез-келгені екі STP-не тіреледі. Бұндай шешім сигнал беру желісінің жоғарғы сенімділігін қамтамасыз етеді. Жоғарғы сенімділіктен басқа, сигнал беру желісі сигналдыө хабарлардың жылдам өтуін қамтамасыз ету керек. Бұл талап, сигналдық хабарлардың маңызды түрде тежелуінің ЖҚТфЖ-дегі трафиктің қызмет көрсету сапасының көрсеткіштеріне әсер етуімен ескеріледі.
Сигнал беру желісі - телекоммуникациялық жүйенің маңызды компоненті болып табылапды. Ол біраз бөлігі телефон байланысы жүйесінің шеңберінен шығып кетенін тапсырмаларды шешу үшін құрылады. Келесі ұрпақ желілеріне өту сигнал беру жүйелерін жаңаландыруға қатысы бар, бірқатар қызықты жаңа тапсырмаларды тудырды.
Бақылау сұрақтары:
1. Матрицалық электронды қосқыштардың жұмыс принципі?
2. Матрицалық электронды қосқыштардың қалай орнатылады?
3. Матрицалық электронды қосқыштардың схемасы?
4. Матрицалық электронды қосқыштардың неше топқа бөлуге болады?
5. Матрицалық электронды қосқыштардың өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктерін ата.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Гроднев И.И. Желі байланысының қондырғылары М.Р.С.-2007
2. Скалин Ю.В.және тб Цифровые системы передачи М. Радио и связь,2008
№1 тәжірибелік жұмыс
Тақырыбы: БВК-ны құру(Блок временной коммутаций). ИЗУ-да хабарламаны жазу.
№1 тәжірибелік жұмысқа тапсырма:

Арналарды уақыт бойынша бөлу коммутациясы коммутация нүктелерін уақытты бөлуге және интервалдарға бөлуде қолданады. Олар циклмен ауысып отырады. Әрбір интервалда бөлек коммутация нүктелері және оған тиесілі аралық байланыс жолдарымен қосылады. Осындай түрде коммутация нүктелерін қолдансақ, олардың сандарын азайтуға болады.
Уақыт бойынша коммутациялау арзан цифрлық жады элементтер (ЖЭ-ЭП) негізінде құрылады. Осыдан шешім шығарсақ, цифрлық коммутация функциясы кеңістік бойынша бөлу сұлбасына қарағанда әлдеқайда арзан.
Уақыт бойынша коммутациялау сұлбасының басты жұмысы ақпаратты жазу және оны есте сақтау құрылғысынан оқуы. Уақыт бойынша коммутациялаудың жалпы жұмыс істеуі 17.1 суретінде көрсетілген.
Ақпаратты коммутациялау үрдісі келесі түрде жүреді. Ақпарат алдымен бір уақыт арнасымен беріледі, әрі қарай жады элементіне жазылады, одан кейін белгілі интервал санында кешігіп, уақыт арнасымен беріледі. Әрбір уақыт арнасына белгілі интервал берілген сол себепті ақпараттың бір интервалдан екінші интервалға ауысуы туралы айтады.
Көлемі азғантай коммутациялық жүйе үшін экономиялық тұрғыдан алған коммутациялық сұлба алуға болады. Ол уақыт бойынша коммутациялау. Бірақ та жады элементері (ЭП) уақыт сипаттамаларына нақты түрде шектеу қойылады, олар уақыт бойынша коммутациялау блогының руалы сыйымдылығын анықтайды.
Сурет - Уақыт бойынша коммутациялау принципі
Сондықтан да үлкен көлемдегі коммутациялау сұлбарында кеңістік бойынша коммутациялау ендіріледі. Осындай коммутациялау сұлбалары кеңістік - уақыт бойынша коммутациялау сұлбалары деп аталады.
Кеңістік - уақыт бойынша коммутациялау сұлбасының жұмыс істеуі 17.2 суретте көрсетілген.
Мысал ретінде 1 байланыс жолының 3 уақыт арнасымен және соңғы жолдық 7 уақыт арнасы қосылуы келтірілген. Көрсетілген қосылуда 3 уақыт интервалындағы ақпарат 7 уақыт интервалына келіп түседі. Дыбыстық сиг-налды цифрлық түрге айналдыру дегеніміз 4 сымды жұмыс істеу режимі, сондықтан да кері байланыс соңғы байланыс жолының 7 уақыт интерва-лынан 1 байланыс жолының 3 уақыт интервалына келіп түседі. Сондықтан да әрбір қосылыс ақпарат 2 рет қайта жіберуді талап етеді, мұнда әрбір қайта жіберу уақыт бойынша және кеңістік бойынша болады.
Сурет - Уақыт - кеңістік бойынша коммутациялау принципі
Кеңістік-уақыт бойынша коммутациялауын орындауы коммутациялық структуралық сұлбарының түрлері көп болады. Бұл сұлбалар кем дегенде 2 буынды талап етеді, кеңістік бойынша коммутациялық буын және уақыт бойынша коммутациялық буынды. Үлкен көлемдегі коммутациялық сұлба-ларда 2 буынның бірнеше түрлері болады.
Уақыт бойынша коммутациялау блогының (БВК) негізгі элементтері жады элементтері (ЭП). Жады элементтер (ЭП) үшін цифрлық коммутациялық сұлбаның жұмыс істеуі суретте бейнеленген. Мультиплексор және демультиплексор көмегімен арналарды уақыт бойынша бөлу байланыс жолы пайда болады. (ВРК)
Қандай жағдай болмасын әрбір кірістегі уақыт бойынша арнаға жады элементінің (ЭП) жазу арнасына рұқсат беру керек. Әрбір шығыстағы уақыт бойынша арнаға есептеу арнаға рұқсаттама беру керек. Екі уақыттағы арналар арасында ақпарат айырбас жасау үшін ақпараттық жадының (ИП) көмегіне сүйенеміз.
Кіріс уақыт бойынша арналарға түсетін ақпарат жады элементінің (ЭП) ұяшығына жазылады. Сол уақыттағы шығыс арнасына түскен ақпарат ақпараттың жадысының мекен-жайынан оқылады.
Әрбір уақыт аралығында ақпарат жадыға (ИП) 2 сұрау беріледі. 1 сұраныс кірістегі ақпаратты ақпарат жадыға (ИП) жазған кезде жасалады. Ақпарат жадыдағы (ИП) жазу мекен-жайы уақыт арналарды санауышпен анықтайды, оны 1 бірге айналдыру жолымен. Ал екінші сұраныс ақпарат жадынан (ИП) ақпаратты оқыған кезде.
Сонымен әрбір уақыт арнасы үшін (кіріс немесе шығыс) ақпарат жадыға (ИП) жазу және оқу операциясы орындалады.
Арналарды уақыт бойынша коммутациялау үшін кешігу элементтерін қажет етеді. Жады элементінде (ЭП) кешігуді өте ыңғайлы қолдану. Осындай жады элементінде (ЭП) мәліметті алғанда жазу, ал бергенде оқу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz