Коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыру және банк ресурстарының қалыптасуы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І Бөлім. Коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыру және банк
ресурстарының қалыптасуы.
1.1 Коммерциялық банктер, олардың жіктелуі мен қызметін ұйымдастыру...4
1.2 Банк ресурстарының ұғымы мен құрылымы және қалыптастыруы операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
ІІ Бөлім. Коммерциялық банктердің операциялары мен қызметі.
2.1 Банктердiң пассивтік операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2 Банктердің активтік операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

ҚР-дағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «ҚР ұлттық банкі» және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңдарын басшылыққа алады.
Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.
Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме.
Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететiн несиелiк мекемелердiң тобын бiлдiредi.
Бүгiнгi коммерциялық банктер өз клиенттерiне 200-ге жуық әралуан өнiмдер мен қызмет көрсетуге әзiр. Мұндай кең көлемдi операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерiн сақтай отырып, қалайсыз жағдайда өзiнде пайдалы жұмыс жасауға септiгiн тигiзедi.
Коммерциялық банктер өз клиенттерiнiң ақшаларын сақтауға қолайлы әр түрлi депозиттердi ұсынады, бұл бiр жағынан ақшаның сақталуын қамтамассыз етсе, екiншi жағынан өтiмдiлiкке деген клиенттiң қажеттiлiгiн қанағаттандырады.
Коммерциялық банктер- нарықтық экономикада несие жүйесiнiң негiзгi буыны, олардың ұйымдастырылуы құрылымы банктi басқару құрылымына және оның функционалдық бөлiмшелерi мен әр түрлi қызметтерiнiң құрылымына бөлiнедi.
Курстық жұмыс кiрiспеден, екi бөлiмнен және қорытыннан құрылған.
Бірінші бөлім, коммерциялық банктердің қызметiн ұйымдастыру және банк ресурстарының қалыптасуы жайында толығымен қарастырылған, ал екiншi бөлiмде – коммерциялық банктердiң актив және пассив операциялары мен атқаратын қызметтерi кең түрде ашылған.
Курстық жұмыстың мақсаты – коммерциялық банктер актив және пассив операцияларының құрылымын қарастыру және кең түрде ашу, мiндетi – курстық жұмыстың екi бөлiмiн толық қарастыру, жетiлдiру жолдарын анықтау.
Курстық жұмыстың өзектiлiгi – қазiргi кезде коммерциялық банктер актив операциясы бойынша халықты несиемен қамтамасыз етедi, ал пассив операциясы бойынша бос ақша қаражаттарын салымдарға тартады және халыққа жаңа қызметтерiн көрсетедi.
Курстық жұмыстың тақырыбы «Коммерциялық банктердің актив және пассив операциялары», қазіргі таңда осы тақырып айналасында мынандай ғалымдар өзінің зерттеулерін жүргізген : С.Б.Мақыш, Ғ.С.Сейітқасымов К.Б.Блеутаева Б.А.Көшенова және т.б.

1.Мақыш С.Б. «Коммерциялық банктердің операциялары» - Алматы:
Издат.Маркет,2004
2.Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие» - Алматы: Издат.Маркет,2004
3.Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер» - Оқулық- Алматы: «Экономика»,2005
4.Мельников В.Д., Ли В.Д. «Қаржының жалпы курсы» - Алматы: Қазақ Университетi,2005
5.Блеутаева К.Б. «Ақша және банктер» - Алматы: Қазақ Университетi, 2006
6.Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы» - Оқулық – Алматы:2005
7.Міржақыпова С.Т. «Банктегі бухгалтерлік есеп» - Оқулық – Алматы: «Экономика»,2004
8.Көшенова Б.А. «Ақша, несие, банктер» - Алматы «Экономика»,2000
9.Сейітқасымов Ғ.С. «Қаржы - Қаражат» - Алматы,1998 - «Банковское дело»
10.Лаврушина О.И. «Финансы и статистика» – Москва,1998
11.Под.ред.Сейткасымова Г.С. «Деньги, кредит, банки» - Алматы: «Экономика»,1999
12.Под.ред.Дробозиной Л.А. «Финансы. Денежное обращение. Кредит»– Финансы, ЮНИТИ,1997
13.Долан Э. Дж. и Др. «Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика» - Москва- Санкт-Петербург,1993
14.Ширинская Е.Б. «Операции коммерческих банков и зарубежный о/т» - Москва: «Финансы и статистика»,1993
15.Маркова О.М. и др. «Коммерческий банк и их операции»- Москва: «Банки и биржи»,1995

М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І Бөлім. Коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыру және банк
ресурстарының қалыптасуы.
1. Коммерциялық банктер, олардың жіктелуі мен қызметін ұйымдастыру...4
2. Банк ресурстарының ұғымы мен құрылымы және қалыптастыруы
операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..7
ІІ Бөлім. Коммерциялық банктердің операциялары мен қызметі.
1. Банктердiң пассивтік операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2. Банктердің активтік операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Кiрiспе
ҚР-дағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда
қабылданған ҚР ұлттық банкі және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған ҚР-
дағы банктер және банктік қызмет туралы ҚР заңдарын басшылыққа алады.
Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар
банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең
көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.
Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос
ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар
есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын
арнайы мекеме.
Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен
қызмет көрсететiн несиелiк мекемелердiң тобын бiлдiредi.
Бүгiнгi коммерциялық банктер өз клиенттерiне 200-ге жуық әралуан
өнiмдер мен қызмет көрсетуге әзiр. Мұндай кең көлемдi операциялар
коммерциялық банктерге өз клиенттерiн сақтай отырып, қалайсыз жағдайда
өзiнде пайдалы жұмыс жасауға септiгiн тигiзедi.
Коммерциялық банктер өз клиенттерiнiң ақшаларын сақтауға қолайлы әр
түрлi депозиттердi ұсынады, бұл бiр жағынан ақшаның сақталуын қамтамассыз
етсе, екiншi жағынан өтiмдiлiкке деген клиенттiң қажеттiлiгiн
қанағаттандырады.
Коммерциялық банктер- нарықтық экономикада несие жүйесiнiң негiзгi
буыны, олардың ұйымдастырылуы құрылымы банктi басқару құрылымына және оның
функционалдық бөлiмшелерi мен әр түрлi қызметтерiнiң құрылымына бөлiнедi.
Курстық жұмыс кiрiспеден, екi бөлiмнен және қорытыннан құрылған.
Бірінші бөлім, коммерциялық банктердің қызметiн ұйымдастыру және банк
ресурстарының қалыптасуы жайында толығымен қарастырылған, ал екiншi бөлiмде
– коммерциялық банктердiң актив және пассив операциялары мен атқаратын
қызметтерi кең түрде ашылған.
Курстық жұмыстың мақсаты – коммерциялық банктер актив және пассив
операцияларының құрылымын қарастыру және кең түрде ашу, мiндетi – курстық
жұмыстың екi бөлiмiн толық қарастыру, жетiлдiру жолдарын анықтау.
Курстық жұмыстың өзектiлiгi – қазiргi кезде коммерциялық банктер актив
операциясы бойынша халықты несиемен қамтамасыз етедi, ал пассив операциясы
бойынша бос ақша қаражаттарын салымдарға тартады және халыққа жаңа
қызметтерiн көрсетедi.
Курстық жұмыстың тақырыбы Коммерциялық банктердің актив және пассив
операциялары, қазіргі таңда осы тақырып айналасында мынандай ғалымдар
өзінің зерттеулерін жүргізген : С.Б.Мақыш, Ғ.С.Сейітқасымов К.Б.Блеутаева
Б.А.Көшенова және т.б.
І Бөлім Коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыру және банк
ресурстарының қалыптасуы.
1. Коммерциялық банктер, олардың жіктелуі мен қызметін
ұйымдастыру.
Қазіргі коммерциялық банктер – бұл тікелей кәсіпорындарға, сондай-ақ
халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер деп бұл
жерде ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.
Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі :
1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай :
- мемлекеттік ;
- акционерлік ;
- жеке ;
- пай қосу арқылы (жауапкершілік шектеулі серіктестік) ;
- аралас (шетел капиталының қатысуымен).
2. Операцияларының түрлеріне қарай :
- әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең көлемді
банктік қызмет көрсететін банктер ;
- мамандаған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер ;
3. Аумақтық белгісіне қарай :
- халықаралық ;
- мемлекетаралық ;
- ұлттық ;
- аймақтық ;
4. Салалық белгісіне қарай :
- өнеркәсіптік банктер ;
- сауда банктері ;
- ауыл шаруашылық банктері ;
- құрылыс банктері ;
- басқа.
5. Филиалдар санына қарай :
- Филиалсыз ;
- Көп филиалды.
ҚР-дағы банктік жүйеде 01.07.2003 жылғы статистикалық мәліметтер
бойынша қазіргі жұмыс жасайтын екінші деңгейдегі банктердің барлығы дерлік
акционерлік қоғам формасындағы банктер, соның ішінде, екі банк қана
мемлекетке 100% тиесілі банктер, оларға : Қазақстан даму банкі мен
Эксимбанк, ал шетел капиталының қатысуымен (100% - 10 банк, 50% - аса – 4
банк) құрылған банктерде саны – 14, оның ішінде, еншілес банктер – 10.
Акционерлік банктердің жарғылық капиталы шығаратын акцияларын сатудан
түсетін түсімдерден құралады. Акциялар екі түрге бөлінед : жай және
артықшылығы бар.
Жай акция – оның иелеріне сол қоғамды басқару ісіне араласуына, оның
пайдасына қарай дивидент алып отыруға құқық береді. Ал артықшылығы бар
акция – оның иесіне қоғамды басқаруға қатысуына құқық бермегенмен,
уақытылы, яғни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға қоғам
банкроттыққа ұшыраған жағдайларда жай акция иесіне бұрын қоғамға қосқан өз
үлесін алуға құқық береді.
Егер де банк жауапкершілігі шектеулі қоғам түрінде құрылған болса, онда
оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылық құжатта
анықталады және бұл банктің қатынасушылары немесе құрылтайшылары өздеріне
тиісті үлес шегінде ғана оның міндеттемелеріне жауап береді.
Банктің ұйымдастырылуы және құқықтық формасына байланныссыз, оның
жарғылық капиталы оның қатынасшулары жеке және заңды тұлғалар есебінен
құралады, сондай-ақ олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету құралы болып
табылады. Жарғылық капитал оның қатынасшуларының меншікті қаражаты
есебінен ғана құрылуы мүмкін.
Тіркеуге алынатын уақытта жаңадан құрылған банктің жарғылық капиталы
құрылтайшылық құжатта хабарланған, оның акционерлерінің сомасының 50%
төленуі тиіс, ал тіркеуге алған кезінен бастап бір жыл ішінде оның
жарияланған сомасы толық төленуге тиісті. Жарғылық капиталдың сомасы
заңдылықтармен шектелмейді.
Коммерциялық банктердің ұйымдастырылуы құрылымы банкті басқару
құрылымына және оның функционалдық бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің
құрылымына бөлінеді.
Басқару органы пайда алу мақсатында коммерциялық банктің қызметіне
тиімді жетекшілік етуді қамтамасыз етеді. Банктің құрылтайшылары басқару
органына тікелей қатысады.
Акционерлік банктерді басқару құрылымы.
Акционерлердің
Несиелік жалпы жиналысы
Ревизиялық
комитет
комиссия
Бақылау кеңесі
Басқарма
Басқарма төрағасы
Төраға орынбасарлары
Департаменттер, бөлімдер
Басқару бөлімдері
Қызметтер
Акционерлік коммерциялық банктің ең жоғарғы органы акционерлердің жалпы
жиналысы болып табылады.
Акционерлердің жалпы жиналысы жылына бір рет шақырылып отырады. Бұл
жиналыста мынадай міндеттер шешіледі :
- банктің жарғысына өзгерістер енгізу ;
- банктің жарғылық капиталын өзгерту ;
- банктің Кеңесін сайлау ;
- банктің жылдық есебін бекіту ;
- банктің табысын бөлу ;
- банктің құрылымдық немесе еншілес бөлімшелерін құру және тарату.
Екінші басқару органы банктің қадағалау кеңесі болып табылады.
Банктің бақылау кеңесі банк қызметіне бақылау жасау органы ретінде мынадай
міндеттерді атқарады :
- нормативтік актілерді бекітеді ;
- Басқарма немесе Басқарма төрағасының шешімі бойынша жасалған мәмілелерді
бекітеді.
Келесі басқару органы – бұл басқарма (банк кеңесі). Басқарма (банк
кеңесі) - атқарушы немесе өкілетті орган, яғни ол банктің иелерінен, оның
акционерлерінен құралады және олардың мүдделерін қорғайды.
Басқарманың міндеттеріне мыналар жатады :
- банктің стратегиялық мақсатын анықтау ;
- банктің саясаттарын жасау ;
- жетекшілік қызметке кадрлар таңдау ;
- комитеттерді құру ;
- ссудалық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау.
Басқарма төрағасы банктің бірінші жетекшісі болып табылады және ол
банк қызметіне жетекшілікті жүзеге асырады. Банк төрағасына мынадай
міндеттер жүктеледі :
- банктің қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша бұйрықтар шығару және
басқа да органдарда, басқа банктерде, оның ішінде, шетелдік банктерде
банк қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша өкілеттілікті жүзеге
асыру ;
- банктің мүлкіне және қаражаттарына ие болу ;
- банктің штаттық жұмысшыларының саны мен құрылымын бекіту ;
- еңбек келісім шарты бойынша банктің лауазымды тұлғаларымен келісімдер
(контрактілер) жасасу.
Ревизиялық комиссия банк қызметіне қаржылық есептің дұрыстығы жағынан
бақылау жасаушы орган болып табылады.
Несиелік комитет – бұл несиенің берілуіне байланысты қорытынды жасаушы
орган.
Несиелік комитет мынадай міндеттерді орындайды :
- несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің несие
беру туралы қорытындысын қарайды ;
- несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады ;
- несиелік тәукелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды ;
- несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді ;
- несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді ;
- несиелеу шартын бекітеді (несиелік лимит, несиелік желі) ;
- берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді ;
- банктің несиелік стратегиясын жасайды ;
- несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды ;
- несиелік комитеттің мәжілісің хаттамаларына қол қояды және хаттамаларды
тіркеу кітабын жүргізеді.
Қызмет бөліміне: кадр бөлімі, заң бөлімі, күзет бөлімі, әкімшілік-
шаруашылық бөлімі және т..с.с. кіреді.
Ал банктің функционалдық құрылымына барлық департаменттер мен
бөлімдер жатады.
2. Банк ресуртарының ұғымы мен құрылымы және қалыптастыру
операциялары.

арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік операциялық негізінде оның
қызметінің жүзеге асырылуы ушін қажетті банк ресурстары жинақталады.
Банк ресурстары термині несиелік ресурсына қарағанда кең ұғымды
білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да
активтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.
Жоспарлы экономика әкімшіл және әміршіл басқару жүйесі жағдайында банк
ісінің ұйымдастырылуында мемлекеттік монология көрінісі байқалды. Барлық
кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер заңды түрде мемлекеттік банк
мекемелерінде өздерінің ресурстарын міндетті түрде сақтауға тиіс болды.
Банкке кәсіпорындар мен мекемелердің ресурстарын міндетті түрде сақтауға
тиіс болды. Банкке кәсіпорындар мен мекемелердің ресурстары іс жүзінде
ақысыз тартылды. Осындай жағдайларда жалпы мемлекеттік қарыз қоры деген
экономикалық түсінік қалыптасты. Жалпы мемлекттік қарыз қор халық
шаруашылығын несиелеу үшін банк жүйесі арқылы мемлекеттің ықпалымен
жинақталған қаражаттар жиынтығын білдіреді. Демек, олар банк ресурстары
болып саналады. Несиелік қорды орталықтан бөлу сипаты банк ресуртарының
құрылымдарына тікелей әсер етті. Сол кезеңдер де банк ресурстары меншікті
және тартылған қаражаттарға бөлінген. Мұндағы меншікті қаражаттарға:
жарғылық, резервтік, негізгі құралдар, амортизациялық және банк ісін дамыту
қорлар, ал тартылған қаражаттарға : мемлекеттік бюджет қаражаты,
кәсіпорындардың, ұйымдардың есеп айырысу және ағымдық шоттардағы
қаражаттары және халықтың ақшалай жинақтары жатты. Осындай жағдайларда банк
ресурстары нарығы қалыптасып, мемлекеттің қарыз қоры осы нарықтың бір
бөлігін құрады.
Бүгінгі таңдағы банк ресурстары нарығының құрылуында көптеген
ерекшеліктер бар деуге болады. Коммерциялық банктердің қызметінің
тұрақтылығы үшін, ең бастысы, олардың баланстары өтімді болу керек, ал оның
қамтамасыз етілуі, банктік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасындағы
көлемі және мерзімі бойынша теме-темдіктің сақталуын талап етеді.
Банк ресурстары нарығының пайда болуымен қатар бағалы қағаздар нарығы
қалыптасады. Сөйтіп банктер жаңа қызмет түрлері ретінде бағалы
қағаздармен, факторинг лизинг және басқа операциялармен тікелей жұмыс жасай
бастады. Бұл, яғни банктің ресурстық құрамына тек қана ақшалай қаражаттар
емес, сол сияқты тауарлы-материалдық құндылықтар және бағалы қағаздар
кіреді дегенді білдіреді. Ұлттық (орталық) банкіміз банктердің банкі
болып табылатындықтан, коммерциялық банктердің ресурстарының бір бөлігі сол
банктен алған ресурстардан да құралады.
Демек, коммерциялық банктер ерекше бір кәсіпорын ретінде делдалдық
қызметке байланысты, банктік ресурстар нарығында ақшалай ресурстарды сатып
ала отырып, оны қажет ететін кәсіпорынға, ұйымға және халыққа сатып
отырады.
Банк ресурстары – бұл банктің пассивтік операциялары негізінде
қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін
қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын
банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.
Нарықтық қатынастарға өту барысында банктік ресурстарының құрылымында
біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден,
коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты
қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне : Ұлттық
банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа
банктердің, корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары,
облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге
асырғаны үшін алынған тауарлы-материалды құндылықтар жатады.
Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануына,
әмбебаптығы мен қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.
Банк Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған
қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген
қажеттілігінің 10%-ға жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған
қаражаттардың үлесіне тиеді.
Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа
қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік
ерекшеліктерге ие.
Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде
маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк
қызметіне байланысты алғашқы шығындар : жер, ғимарат, құрал-жабдық,
жалақыға жұмсалатын және т.б. шығындар жабылады. Себебі, меншікті
капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капитал
есебінен банкте қажетті резервтер құрылды. Сонымен қатар, банктің меншікті
капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.
Меншікті және тартылған коммерциялық банк ресурстары Ұлттық банкте
ашылатын корреспонденттік шотта көрсетіледі. Бұл активтік шот, сондықтан да
дебеті бойынша ресурстар, ал кредиті бойынша несиелік жұмсалымдар беріледі.
Демек, дебеттік қалдықтың шамасы банктің бос резервінің мөлшерін көрсетеді.
Банктің бос резервінің мөлшері активтік операцияларға жұмсалмаған оның
ресурстарының шамасын білдіреді. Осы бос резервтер сомасы қаншалықты жоғары
болса, банктің тұрақтылығы соғұрлым жоғары, бірақ пайдасы төмен болады.
Керісінше, егер бос жатқан қаражаттарының шамасы аз болса, онда тұрақтылығы
төмен, пайдасы жоғары келеді. Сондықтан да, әрбір коммерциялық банк өзінің
корреспонденттік шоттағы қалдығын үнемі ықшамдауға ұмтылады.
Банктің меншікті капиталы – банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық
және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі
қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен
жылдардағы бөлінбеген пайдасы.
Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер
ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ, активтер сапасына, меншікті
пайданың пайдаланылуына, капиталдың бағасын нығайту мақсатына және банк
саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.
Сонымен, қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай
баптар құрайды :
. жарғылық капитал ;
. резервтік капитал ;
. қосымша капиталдар ;
. банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған
қорлар (резервтер) :
. бөлінбеген банк пайдасы.
Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде
құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық
капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктің пруденциялық
нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның
құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.
Қазақстанда екінші деңгейлі банктер мынадай екі ұйымдық формаларда
құрыла алады :
. акционерлік банк формасында ;
. пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында.
Пай қосу арқылы құрылған банктің жарғылық капиталы құрылтайшылық
құжатта мөлшері анықталған пайшыларының жарнасынан құралып, олар қосқан
жарналары көлемінде жауапты болып саналады. Мұндай банктердің жарғылық
капиталын ұлғайту, тек қана пай қосушылардың санының өсуі есебінен жүзеге
асырылады. Алайда, акционерлік банктер өздерінің жарғылық капиталын ұлғайту
үшін қосымша акцияларын эмиссиялайды, сол сияқты бұрынғы шығарылған
акцияларының бағасын өсіреді.
Меншікті капиталдың құрамдас бөлігі – акционерлік капитал. Бағалы қағаз
(акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің
акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны
ұстаушылар – акционерлер қосқан жарналардан құралады. Акционерлік банктің
акциясы – банктің жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын,
дивиденд алуға және банкті басқару ісіне араласуға құқық беретін бағалы
қағаз.
Акционерлік капиталдың құрылымы әр банктерде әр түрлі келеді.
Акционерлік капитал мынадай түрлерге бөлінеді :
а) меншікті акционерлік капитал, яғни бұл жай және артықшылығы бар
акцияларды сатудан түскен қаражаттардан, үнемделген капитал және бөлінбеген
пайдадан тұрады ;
ә) банктік резервтер, яғни алдағы уақыттағы әр түрлі шығындарды
жабуға, дивиденттер төлеуге, қайтарылмаған қарыздың орнын жабуға арналады ;
б) банктің ұзақ мерзімді міндеттемесі (ұзақ мерзімді вексельдері,
облигациялары).
Ашық типтегі банктің акциясы қолдан-қолға басқа да акционерлердің
келісімінсіз өтеді. Жабық типтегі банктің акциясы қатаң түрде белгіленген
тізім бойынша немесе құрылтайшылардың арасында бөлінеді.
Банктің жай акциясын иеленушілер, банктің таза табысынан дивиденд алып
отыруға, оның жойылуы барысында тиісті мүлкіне ие болуға және
акционерлердің жиналысына қатысып дауыс беруге құқылы.
Банктің артықшылығы бар акцияларын иеленушілер тұрақты пайыз түрінде
табыс алып отыруға, бірінші кезекте банктің жаңа акцияларын сатып алуға
және оның жойылуы барысында бірінші болып өзіне тиісті мүлкін алуға құқылы.
Сонымен қатар, банктер қаражат тарту мақсатында облигацияларды
шығарады.
Жалпы, банктің акционерлік капиталының құралуы мынадай кезеңдерден
тұрады :
1) бағалы қағаздардың проспект эмиссиясын дайындау және оны
сарапатамадан өткізу ;
2) бағалы қағаздарды эмиссиялауды тіркеу ;
3) банк-эмитеттің бағалы қағаздарын тіркеу ;
4) шығарылатын және орналастырылатын бағалы қағаздардың
нәтижелерін тіркеу.
Акционерлік банктер акциялары мынадай жағдайларда шығарылады :
- банкті акционерлік формада құру ;
- банктің жарғылық қорын ұлғайту үшін қосымша акциялар шығару.
Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады. Резервтік қор –
банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында
құрылған қаражат қор.
Сондай-ақ, резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға
белгілі бір пайыз мөлшерінде, айталық, 25 % мөлшерінде құрылатын болса,
оның мөлшері жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен
аударылады. Резервтік қордың құралуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады.
Кейде банкте пайда болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің
артықшылығы бар акциялары бойынша пайыздар төленеді.
Қосымша капиталдар – негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған
аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу
нәтижесінде құрылатын қаражаттар.
Арнайы қорлар – негізгі қорларды қайта бағалау негізінде, валюталық
қаражаттарды қайта бағалау қоры, яғни ұлттық валбта мен шетел валюталары
арасындағы айырма нәтижесінде құрылады. Валюталық қаражаттарды қайта
бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды қалыптастыру барысында
маңызды.
Келесі қорға жекелеген банктік операциялар бойынша тәуекелді төмендету
мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай резервтерге : несиелік
тәуекелді жабуға және бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған
резервтер жатады.
Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивидендті төлегеннен кейін және
резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігін білдіреді.
Банктің меншікті капиталын ұлғайту жолдарына мыналар жатады :
- банк пайдасы ;
- акциялар шағару ;
- құрылтайшылар және пай қосушылар санын арттыру ;
- облигациялар шығару жатады.
Банктік капитал банктің дербестігін қамтамасыз ете отырып, оның
қаржылық тұрақтылығына кепіл болады және банктің басынан кешетін әр алуан
тәуекелдердің зардаптарын ретке келтіретін басты көз болып табылады. Осы
мақсатта банктің меншікті капиталы мынадай қызметтер атқарады :
- қорғаныс қызметі :
- шұғыл қызмет ;
- реттегіштік қызметі ;
- айналым қызметі ;
- резервтік қызметі.
Банктің меншікті капиталының қорғаныс қызметі оның капиталының
шамасының банктің төлем тұрақтылығына тікелей байланыстылығын сипаттайды.
Банктің меншікті капиталы қаншалықты жоғары болса, соғұрлым банк өтімді
болып саналады. Банк банкротқа ұшырай қалған жағдайда, оның акционерлерінен
басқа ешкім зиян шекпейді.
Банк капиталының шұғыл қызметі қорғаныс қызметіне қарағанда екінші
дәрежелік маңызға ие болып табылады. Оперативтік қызметі жер, ғимарат,
құрал-жабдықтар алуға қажетті меншікті қаражаттарды жұмылдыруды, сондай-ақ
көзге көрінбейтін зияндар жағдайына байланысты резервтер құруды сипаттайды.
Бұл қаржы ресурстар көздері әсіресе, банктік қызметтің басталуы үшін
маңызды. Кейінніен бұл қаражаттардың бір бөлігі ұзақ мерзімді активтерге
және әр түрлі резервтерді құрауға жұмсалынады.
Қаржы және салым иелерінің мүдделерін қамтамасыз етуден басқа
банктердің меншікті капиталы реттегіш қызметті атқарады. Бұл қызмет
қоғамның мүдделерімен, сол сияқты банк операцияларына бақылауды жасауға
мүмкіндік жасайтын заңдар және ережелерге тікелей байланысты. Банк
капиталының көрсеткіштерінің көмегімен мемлекттік ұйымдар банктер
қызметтеріне баға беріп, оны бақылауды жүзеге асырады.
Банктің меншікті капиталына қатысты ережелер, оның ең төменгі мөлщеріне
қойылатын талаптарды, активтерге сатып алу шартын қамтиды Қазақстан Ұлттық
банкі бекітетін пруденциялық нормативтерде банктің меншікті капитал көлемі
беріледі. Сонымен қатар, реттегіштік қызметке несиелік және инвестициялық
операцияларға байланысты шектеу мақсатында капиталды пайдаланады.
Айналым қызметі. Кез келген банк капиталы банкроттыққа қарсы, не
болмаса зияндардың орнын жабу үшін құрылмайды. Олардың басты мақсаты
коммерциялық қызмет көрсету болып табылады. Мұндай қызметтер тәуекелмен
байланысты болатындықтан, банк капиталының мұндағы қызметі тәуекел
дәрежесін есепке алатын активтік айналымды авансылаумен сипатталады.
Сондықтан да, бұл қызметті меншікті капиталдың айналым қызметі деп атайды.
Бұл қызметті атқара отырып, өзінің айналым капиталын кассалық ақшалар,
несиелік, факторингтік және лизингтік операцияларға, бағалы қағаздар сатып
алуға, басқа да ғимарат, құрылғыларға және басқа да негізгі қорларға жұмсай
отырып, банктер өз несие берушілерін зияндардан қорғайды.
Резервтік қызметі. Тәуекелдер тек активтік операцияларға ғана емес,
сондай- ақ пассивтік операцияларға да тиісті болып келеді. Пассивтік
операциялардан туындайтын тәуекелдерді болғызбау үшін банктер тартылатын
қаражаттар есебінен міндетті резервтер ретінде Орталық банкте резервтерін
құрайды.
Банктердің ресурстарының тапшылығына байланысты міндетті түрде құрайтын
резервтер сияқты, активтік операциялардан болатын тәуекелдердің орнын
толтыру үшін арнайы резерв құруға мәжбүр болады. Мұндай зияндар банк
капиталының айналым қызметіне жатпайтындықтан, оларды басқа қызметі –
резервтік қызмет арқылы ғана қолдап отырады.
Банктің капиталының резервтік қызметі тәуекел активтердің болуына
байланыссыз, банк капиталының тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Банктің меншікті капиталының жектіліктілігі ұзақ уақыт бойы ғылыми-
зерттеу затына және банктер мен оны реттеуші ұйымдар арасындағы
пікірталасқа айналып келеді.
Банктер өздерінің активтерін арттыру үшін капиталдың төмендегі мөлшерде
болғанын қалайды. Ал банкті бақылаушылар, банктердің банкроттықтан аулақ
болуы үшін капиталдың жеткілікті мөлшерде болуын талап етеді. Банктердің
банкроттығы ондағы басқарудың нашарлығынан болуы мүмкін, себебі банкті
жақсы басқарса, ол төменгі капитал нормасында жұмыс жасай алады деген
пікірлер бар.
Капиталдың жеткіліктілігі термині банктің жалпы тұрақтылығын және
оның тәуекелге бару дәрежесін көрсетеді. Капиталдың жеткіліктілігі – бұл
банк капиталының мөлшерінің тәуекел дәрежелері ескерілген банк активтеріне
сәйкес болуға тиісті. Сондай-ақ, коммерциялық банктер өз жұмыстарында банк
капиталын шамадан тыс ұлғайтуды теріс санайды. Өйткені, ол банктің
қызметіне кері әсер етуі мүмкін. Банктердің көбі акция шығара отырып,
қаражат тартуға ынтасыз болып келеді. Сондықтан банк жетекшілері бір
жағынан, қадағалау және бақылау ұйымдары, екінші жағынан, банк капиталы мен
коммерциялық банктердің басқа да қызметіндегі параметрлер арасындағы
қолайлы қатынасты табуға тырысады.
Банктің ресурсындағы меншікті капиталдың өте төменгі үлесінде болуы да
дұрыс емес. Себебі, ол банктің салым иелері алдындағы жауап беру мөлшеріне
сәйкес келмейтіндігін сипаттайды.
Банк меншікті капиталын ұлғайтуға негіз болатын мынадай факторларды
ескеру қажет :
- банктердің дивидендтері өнеркәсіптік кәсіпорын активтеріне қарағанда,
пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне, қарыз алушының несиелік қабілетінің
нашарлауына байланысты, олардың нарықтық құндары өзгеріп отырады ;
- банк көбіне тұрақсыз қысқа мерзімді қарыз көздеріне көңіл бөледі, бірақ
олардың көбі талап етуге байланысты қайтарылып алынуы мүмкін.
Сондықтан, кез келген саяси немесе экономикалық өмірдегі
жағдайлар банктердегі ресурстардың сыртқа ағылуына себеп болуға тиіс.
Бастапқыда банк капиталының активтерге қатысты шекті қатынасы 20% шамасында
болса, ал қазіргі оның шамасы 12%-ды (пруденциялық нормативтердегі 2-нің
мәні) құрайды. Бұл дегеніміз банк жүйесіндегі төлем қабілетінсіздік
тәуекелдің уақыт өте келе арта түсетіндігін көрсетеді. Себебі, банк
жүйесіндегі банктердің активтерінің сапасы әлі де болса өз деңгейінде
еместігін ескерсек, онда болашақта оның орнын жабатын меншікті капитал
үлесі жеткіліксіздігі байқалады.
Демек, банк капиталының жиынтық деңгейінің жеткіліктілігі банк
жүйесін қолдайтын басты шарттардың біріне жатады
Банктердегі немесе жалпы банктік жүйедегі капитал көлемін тура анықтау
қиын, бірақ жоғарыда қарастырылған қызметтердің орындалуы үшін, салым
иелері мен бақылаушы ұйымдардың сенуі үшін капитал жеткілікті мөлшерде
болуы қажет. Қажетті капиталдың сомасы банктің тәуекел деңгейіне байланысты
болуға тиіс. Мысалы, егер банктің берген несиелерінің тәуекел дәрежесі өте
жоғары болса, онда банкке көп мөлшерде қорлар құруға тура келеді. Қажетті
меншікті капитал мөлшерін анықтай отырып, банк алдында мынадай міндеттер
тұрады : тәуекелдің артуына байланысты өз капитал мөлшерін ұлғайту қажет пе
немесе тәуекел деңгейі төмен болып келетін активтерге өз қаражаттарын
орналастырған тиімді ме ? Осындай жағдайда банк капиталы, оның активтер
сапасына, басқару сапасына, қызметіндегі саясатқа және банктің басынан
кешетін тәуекелдерге тәуелді ме, жоқ па ? деген сауал туындайды.
Банк меншікті капиталын бағалау әдістемесі туралы сұрақ 80-ші
жылдардың екінші жартысында халықаралық қаржы ұйымдарында да үлкен
пікірталас туғызған болатын. Сөйтіп, 1988ж. Базель комитеті келісімінің
шешімімен Халықаралық біртұтас капитал есебі және капитал стандарты туралы
келісімшарт негізінде Кук коэффициенті деп аталатын капитал
жеткіліктілігі нормативі іс жүзінде енгізілді. 1993 жылдан бастап күшіне
енген бұл коэффициент көптеген елдердің Орталық банктерінде, біздің
Қазақстан Ұлттық банкінде пруденциялық норматив қатарында пайдаланылуда.
Кук коэффициенті банк капиталы мен оның баланстан тыс активтері
арасындағы ең төменгі шекті қатынасын бейнелейді. Мұндағы меншікті капитал
екі элементті қамтиды : негізгі және қосымша капитал. Олардың
жеткіліктілігіне баға беру үшін, активтер мен баланстан тыс
міндеттемелердің өлшемі таңдап алынған. Мұндай тәсіл баланстан тыс
операциялардың іске қосылуын қамтамасыз етумен қатар, төменгі тәуекелді
активтерге қаражаттар жұмсауды ынталандыра түседі.
Базель келісіміне сәйкес, банктің капиталы екі деңгейге бөлінеді : І
деңгейлі капитал және ІІ деңгейлі капитал.
І деңгейлі капиталға : қарапайым акциялар, бөлінбеген пайда, сол
сияқты еншілес компаниялардың бақылаусыз пакеті шегерілген материалдық
емес негізгі капитал шамасы жатады.
ІІ деңгейлі (қосымша) капиталға : несиелер бойынша зияндарды жабуға
арналған резервтер, мерзімсіз артықшылығы бар акциялар қосылған екінші
дәрежелі қарыздар жатады.
Базель келісімінің бекіткен нормативтік коэффициентіне сәйкес, екінші
деңгейдегі банктердің қызметін реттеуде қолданылатын, пруденциялық
нормативтер қатарында банк капиталының жеткілікті коэффициентін белгілейді.
ІІ Бөлім Коммерциялық банктердің операциялары мен қызметі.
1. Банктердің пассивтік операциялары.
Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстарын жинақталады.
Сондықтан да пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі
рөлі жоғары.
Банк ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде құрылатындықтан,
оған анықтама берген дұрыс. Қаржы және несие сөздігінде : пассивтік
операциялар – бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге аыруға
арналған банктің өз ресурсын құру операциялары. – делінеді.
Ал соңғы оқулықтарға сүйенсек, пассивтік операциялар – бұл
нәтижесінде пассивтік шоттағы немесе активті-пассивтік шоттағы
қаражатттардың өсуін яғни пассив пен активтің арту формасын білдіретін
операцияларды сипаттайды.
Бұл анықтамалар бірін-бірі толықтырады десе болады, себебі біріншісі
пассивтік операцияның толық түсінігін бере алмайды.
Пассивтік операциялар көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды
сатып алады.
Пассивтік операциялардың мынадай формалары болады :
. коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы ;
. банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және құру
;
. басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу ;
. депозиттік операциялар.
Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге
тартуға мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы
негізінде банктік ресурстардың бірінші ірі тобы, яғни меншікті ресурстары
құралады. Келесі екі формасы негізінде екінші ірі топ – заемдық немесе
тартылған ресурстар құрылады.
Сонымен банктің ресурстары екі топқа бөлінеді :
. банктің меншікті қаражаттары :
. банктің тартылған қаражаттары.
Банктің меншікті қаражаттары қатарына меншікті капиталы мен оған сай
келетін баптар кіреді. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі
мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға
қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие. Банктің меншікті капиталы арқылы, оның
барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ы өтеледі. Шын мәнісінде,
меншікті және тартылатын қаражаттардың арасында шекті ең төменгі мөлшерде
шекарасы болады.
Банктің меншікті қаражаттарының банктің үнемі тұрақтылығын ұстап
тұруда маңызы бар. Банктің бастапқы құрылуы барысында, осы меншікті
қаражаттары алғашқы шығындарды, яғни жерге, ғимаратқа, жабдықтауға жалақыға
жұмсалатын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz