Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы монополиялары


Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

1. КІРІСПЕ . . 1

2. Тақырыптың өзектілігі. . . . 1

3. «Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы монополиялардың қазіргі даму жағдайына және қызмет ету ерекшеліктеріне талдау» 3

4. «Салалық монополиялардың қызметін реттеудің механизмін жетілдіру»9

5. ҚОРЫТЫНДЫ14

ҚАЗАҚЫСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ кәзіргі кездегі Монополиялық компониялардың жвғдаиы

Кіріспе

1. Тақырыптың өзектілігі.

Қазіргі нарықтық экономикада ұлттық экономикалық жүйенің тұрақты дамуын қамтамасыз етуде монополиялар жетекші роль атқарады. Монополиялық құрылымдардың ішінде электр энергетикасы сияқты қоғамдық маңызы бар қызмет аяларындағы салалық монополиялар ерекше орын алады. Ал олардың қызметін реттеу мәселелері аталған құрылымдардың пайда болуынан бастап туындаған және қазіргі уақытқа дейін өзекті болып табылады.

Экономикадағы жүйеқұрушы салалардың бірі болғандықтан электр энергетикасының нарыққа бейімделу деңгейіне елдің энергетикалық қауіпсіздігі және бүкіл экономиканың тұрақты дамуы тәуелді болады. Энергетиканың экономикалық өсу және әлеуметтік дамудың маңызды элементі екені және оның ролінің келешекте тек қана арта түсетіні күмән тудырмайды.

Қызмет көрсету сипатына және оларды тұтынушыларға жеткізудің технологиялық ерекшеліктеріне байланысты электр энергетикасы саласы басқа монополиялық құрылымдармен салыстырғанда қоғам есебінен өз мүдделерін жүзеге асырудың жоғары мүмкіндіктеріне ие. Тәжірибе жүзінде бұл электр энергиясына тарифтердің өсуінен көрінеді, ал аталған өнімге бағалардың үлкен әлеуметтік мәні бар және ел экономикасының барлық салалаларының өнімінің өзіндік құнына әсер етеді, сондықтан мемлекет тарапынан реттеледі.

Электр энергетикасындағы жүргізілген асығыс қайта құрылымдау салада жылдар бойы жинақталған мәселелерді шеше алған жоқ. Реформалар барысындағы қателіктер, жалпы ішкі өнімнің жоғары энергиясыйымдылығы саланың қазіргі дағдарыстық жағдайына әкелді. Осыған байланысты Елбасының Қазақстан халқына 2008 жылғы Жолдауында электр энергетикасын дамыту артықшылықты бағыттардың бірі ретінде танылған болатын. Үкіметке электр энергетикасын, тасымалдау жүйесін дамыту бойынша шаралар қабылдау қажет. Бұл секторлар бүгінде Қазақстан экономикасы дамуына анық «ілесе алмауда».

Көптеген жылдар барысында мемлекет салалық монополияларды реттеудің бағалық және бағалық емес реттеу механизмдерін пайдаланатын, негізінен тура бақылау қағидасына құрылған шараларды қолданысқа енгізген еді. Қазіргі кезде бұл әдістер толыққанды жұмыс істемеуде, мұның көрінісі ретінде саладағы монополиялық кәсіпорындардың қызметінің тиімділігінің, саланың инвестициялық тартымдылығының, көрсетілетін қызметтер сапасының төмендеуін атауға болады. Шетелдік тәжірибені жергілікті ерекшеліктерді ескерусіз көшіру, салада бәсекенің тек көрінісін жасаған болатын.

Қалыптасқан жағдай саладағы монополияға қарсы реттеудің бірқатар кемшіліктерге ие екенін және жетілдіруді талап ететіндігін көрсетті. Сондықтан да аталған мәселелерді кешенді зерттеудің объективті қажеттілігінен диссертацияның мақсаты туындайды.

2. «Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы монополиялардың қазіргі даму жағдайына және қызмет ету ерекшеліктеріне талдау» тарауында Қазақстанның электр энергетикасы саласының дамуының қазіргі жағдайын талданды, электроэнергетикалық монополиялардың қызметін тарифтік реттеуге аналитикалық бағалау жүргізілді және «Шығыс-Қазақстан Аймақтық энергетикалық компаниясы» акционерлік қоғамының қаржылық - шаруашылық қызметіне және мемлекеттік реттелу жағдайына талдау жасалынды.

Электр энергетикасы отын-энергетикалық кешеннің маңызды элементі болып табылады және республиканың өнеркәсіптік өндірісінің 7 %-дан астамын қамтамасыз етеді. Энергетикалық сектордың дамуы экономиканың тұрақты даму жағдайына көшуде экономикалық тұрақтылық жолындағы ең маңызды және артықшылықты бағыттардың бірі саналады.

Қазақстан Республикасының электр энергетикасы келесі секторлардан тұрады: электр энергиясын өндіру; электр энергиясын беру; электр энергиясымен жабдықтау; электр энергетикасы аясындағы қызметтер атқаратын басқа да ұйымдар.

Электр энергиясын өндіруді әртүрлі меншік формасындағы 60-тан аса электростанциялар жүзеге асырады. Электростанциялар келесі түрлерге бөлінеді: ұлттық маңызы бар электр станциялары; өнеркәсіптік маңызы бар электр станциялары; аймақтық маңызы бар электр станциялары; жылумен қамтамасыз ету кәсіпорындарының электр станциялары. Олардың құрамы келесі кестеде көрсетілген.

Кесте 1 - Қазақстанның ірі электр станциялары

Электр станциялары
Бекітілген қуаттылығы, МВт
№: 1
Электр станциялары: 2
Бекітілген қуаттылығы, МВт: 3
№: 1
Электр станциялары: «AES Екібастұз» ЖШС (Екібастұз ГРЭС-1)
Бекітілген қуаттылығы, МВт: 4000
№: 2
Электр станциялары: «ЕЭК» АҚ (Ақсу ГРЭС-і)
Бекітілген қуаттылығы, МВт: 2110
№: 3
Электр станциялары: «Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ
Бекітілген қуаттылығы, МВт: 1230
№: 4
Электр станциялары: «Станция ЭГРЭС-2» АҚ
Бекітілген қуаттылығы, МВт: 1000
№: 5
Электр станциялары: «МАЭК Казатомпром» ТЭЦ-2 ЖШС
Бекітілген қуаттылығы, МВт: 630
№: 1-кестенің жалғасы
№: 1
Электр станциялары: 2
Бекітілген қуаттылығы, МВт: 3
№: 6
Электр станциялары: «МАЭК Казатомпром» ТЭЦ-3 ЖШС
Бекітілген қуаттылығы, МВт: 625
№: 7
Электр станциялары: Қарағанды ГРЭС-2 (Қазақмыс корпорациясы)
Бекітілген қуаттылығы, МВт: 608
№: 8
Электр станциялары: «АПК» АҚ (Алматы ТЭЦ-2)
Бекітілген қуаттылығы, МВт: 510
№: 9
Электр станциялары: Павлодар ТЭЦ-3 (Павлодарэнерго АҚ)
Бекітілген қуаттылығы, МВт: 440
№: 10
Электр станциялары: «Аксесс Энерго Петропавл ТЭЦ-2» ЖШС
Бекітілген қуаттылығы, МВт: 380
№: 11
Электр станциялары: «Алюминий Казахстана» АҚ
Бекітілген қуаттылығы, МВт: 350
№:
№: 1
Электр станциялары: «AES Шульбинская ГЭС»
Бекітілген қуаттылығы, МВт: 720
№: 2
Электр станциялары: «Бухтарминская ГЭС» («Казцинк» АҚ)
Бекітілген қуаттылығы, МВт: 675
№: 3
Электр станциялары: Қапшағай ГЭС-і («АПК» АҚ)
Бекітілген қуаттылығы, МВт: 364
№: 4
Электр станциялары: «AES Усть-Каменогорская ГЭС»
Бекітілген қуаттылығы, МВт: 331
№: Ескерту - Дереккөзі: ЭМРМ ресми сайты

Қазақстанның электр станцияларының бекітілген қуаттылығы 18, 2 МВт-ты құрайды, мұны Швейцария, Голландия, Түркия сияқты елдердің ұқсас көрсеткіштерімен салыстыруға болады.

Электр энергиясының көп бөлігін (85 пайыздан аса) Қазақстанда салыстырмалы түрде арзан жергілікті көмірді жағу арқылы алады, ал 15%-ға жуығын гидроэлектр станциялары береді (1 сурет) .

Сурет 1 - Қазақстан электр станцияларының орнатылған

қуаттылықтарының құрылымы

Электр желілерін басқару бойынша қазақстандық компания «KEGOK» АҚ ұлттық электр желілері бойынша электр энергиясын электр станцияларынан электр энергиясының толайым нарығы тұтынушыларына мемлекетаралық және аймақаралық берілуін жүзеге асырады. Аймақтық электрожелілік компаниялар (АЭК) аймақтық деңгейдегі электр желілері бойынша электр энергиясын бөлшек нарық тұтынушыларына жеткізеді.

Қазақстандық энергожүйенің негізгі сипаттамаларының бірі оның объектілерінің бүкіл ел территориясында теңбөліксіз орналасуы. Шартты түрде отандық энергокешенді үш ірі аймаққа бөлуге болады: солтүстік және орталық; оңтүстік; батыс.

Осылайша, Қазақстанда энергия өндіру үшін қажет шикізат ресурстарының ел территориясындағы тең бөліксіз үлестірілуі орын алған, бір аймақта электр энергиясының артық мөлшері болса, басқасында тапшылығы кездеседі. Қазақстанның энергетикалық нарығын ұйымдастырудың жаңа жүйесі екі деңгейдегі, яғни өндіру мен өткізудегі жоғары бәсекелік ортаның болуын қарастырады.

Электр энергиясын өндіру және тұтыну динамикасы көрсеткендей 2000 жылдан 2007 жылға дейін электр энергиясын өндіру 148, 4 %-ға өскен, бұл электр энергиясын тұтынудың жыл сайынғы өсімі 6-8 % екенін білдіреді. Мұндай беталыс 2008 жылдың 1 тоқсанында да сақталған. Мұнда өндірістің өсуінің тек 9, 5 %-ы ғана жаңа қуаттылықтар енгізу арқылы қамтамасыз етілген. Негізгі өсім жұмыс істеп тұрған қуаттылықтардың резервтерін іске қосу есебінен жүзеге асқан (2-сурет) .

Сурет 2 - Электр энергиясын өндіру және тұтыну динамикасы

Елдің энергиямен қамтамасыз етілуі бойынша болжамдық есептеулерге бойынша Қазақстанда 2015 жылы электр энергиясын тұтыну көлемі 163 %-ға өсуі мүмкін.

Қазіргі кезде Қазақстан электр энергетикасындағы басты мәселе ұзақмерзімді тарифтік, бағалық саясаттың болуы. Бірақ мұндай ұзақмерзімді баға динамикасы бекітілуі үшін сәйкес заңдық база қажет. Үкімет 2015 жылға дейін электр энергиясына нақты және дәлме-дәл өсетін баға динамикасын бекітуі керек.

Алайда отандық энергетиканы аса тартымды деп атау қиын, өйткені инвестициялық циклдер ұзақ, ал өзіндік құндағы инвестициялық құрам да, тарифтер де төмен. Жұмыс істеп тұрған тарифтік саясат ең алдымен әлеуметтік маңызы бар игіліктердің құнын ұстап тұруға бағытталған және өкінішке орай орталықтандырылған жылумен жабдықтаудың рентабельділігін қамтамасыз ету, энергия өндірудің тиімділігін жоғарылатуға және жаңғыртуға инвестиция ынталандыру тұрмақ, энергетикалық компаниялардың ағымдағы шығындарын да жаппайды. Тариф бірқатар жылдар бойы әлеуметтік шартты болды, бұл өз кезегінде энергетикалық кәсіпорындардың даму қарқынын және жаңғыртылуын тежеген болатын. Енді тарифтерге әлеуметтік категориядан экономикалық категорияға өту уақыты жетті. Сонымен бірге халықты әлеуметтік қорғаудың нақты механизмдері жасалып, адамдар сапалы тауар алып, уақытында және толық қызмет берушінің шоттарын төлей алу мүмкіндігіне ие болуы қажет.

Электр энергиясының республика өңірлері бойынша өндірілу деңгейін 4 кестеден көруге болады.

Кесте 2 - Қазақстан Республикасындағы өңірлер бойынша электр энергиясын заттай көрінісінде өндіру, млн. кВт сағат

2003
2004
2005
2006
2007
: Электр энергиясы, млн. кВт сағат
2003: 63 886, 4
2004: 66 942, 4
2005: 67 919, 7
2006: 71 668, 5
2007: 76620, 9
: соның ішінде облыстар бойынша
: Ақмола
2003: 431, 0
2004: 422, 2
2005: 533, 1
2006: 694, 4
2007: 662, 4
: Ақтөбе
2003: 1603, 7
2004: 1033, 1
2005: 2017, 3
2006: 1740, 8
2007: 1847, 7
: Алматы
2003: 4593, 7
2004: 4592, 9
2005: 4236, 8
2006: 4279, 6
2007: 4163, 0
: Атырау
2003: 2172, 4
2004: 2316, 2
2005: 2434, 9
2006: 2552, 0
2007: 2689, 4
: Шығыс Қазақстан
2003: 7455, 9
2004: 7206, 8
2005: 7234, 4
2006: 7238, 0
2007: 7799, 9
: Жамбыл
2003: 649, 0
2004: 604, 1
2005: 1285, 7
2006: 1597, 9
2007: 3144, 7
: Батыс Қазақстан
2003: 601, 1
2004: 677, 8
2005: 817, 3
2006: 899, 1
2007: 1135, 4
: Қарағанды
2003: 11210, 3
2004: 11976, 9
2005: 11524, 4
2006: 11286, 8
2007: 11699, 6
: Қостанай
2003: 1452, 8
2004: 1550, 8
2005: 1615, 2
2006: 1612, 7
2007: 1555, 0
: Қызылорда
2003: 94, 5
2004: 410, 1
2005: 467, 0
2006: 660, 4
2007: 799, 0
: Маңғыстау
2003: 2662, 0
2004: 2868, 5
2005: 2925, 0
2006: 3312, 4
2007: 3729, 0
: Павлодар
2003: 26131, 7
2004: 28218, 5
2005: 27789, 9
2006: 30767, 9
2007: 31851, 0
: Солтүстік Қазақстан
2003: 1654, 6
2004: 1963, 6
2005: 1950, 4
2006: 1976, 9
2007: 1877, 6
: Оңтүстік Қазақстан
2003: 1073, 7
2004: 1084, 4
2005: 1048, 2
2006: 1004, 3
2007: 1146, 0
: Астана қаласы
2003: 1482, 0
2004: 1491, 9
2005: 1451, 5
2006: 1479, 2
2007: 2041, 8
: Алматы қаласы
2003: 598, 0
2004: 574, 7
2005: 588, 7
2006: 564, 1
2007: 479, 6
: Ескерту - ҚР Статистика агенттігі мәліметтері негізінде дайындалды

Кестеден байқағанымыздай ең жоғары өндіріс көлемі Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, бұл негізгі өндіруші көздердің осы өңірлерде орналасқанымен түсіндіріледі. 2003 жылмен салыстырғанда ең жоғары өсу қарқыны Жамбыл (2495, 7 млн. кВт сағат ), Батыс Қазақстан (534, 3 млн. кВт сағат), Маңғыстау (1067 млн. кВт сағат), Қызылорда (705, 5 млн. кВт сағат) облыстарында байқалған, мұндай жағдай аталаған аймақтарда жаңа өндіруші көздердің іске қосылуымен байланысты болып табылады.

Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласының ажырамас құрамдас бөлігі және диссертациялық зерттеудің нысандарының бірі болып табылатын Шығыс Қазақстан облысының электр энергетикасы секторына талдау жүргізу маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Шығыс Қазақстан бай табиғи ресурстарға иелік ететіндіктен едәуір энергетикалық әлеуеті бар, бұл аймақтың экономикалық дамуының іргетасы болып есептеледі. Электр энергиясы өндірісі көлемінде республика бойынша облыс (10, 8 %) Қарағанды (17, 9 %) және Павлодар(42, 2 %) облыстарынан кейінгі үшінші орында орналасқан.

Электр энергетикасы кәсіпорындарында ағымдағы жылда 4, 2 мың адам жұмыспен қамтылды, ал олардың орташа еңбекақысы 46116 теңгені құрайды, бұл көрсеткіш жалпы облыс бойынша орташа жалақы көрсеткішінен 13, 9 %-ға жоғары.

Облыстың энергетикалық әлеуеті 63 электр станциядан құралады, оның 57-ісі жылу электр станциялары болса, қалған алтауы болып табылады, барлық энергия өндіруші станциялардың 42 стационарлы болса, 21-і қозғалмалы болып табылады.

Шығыс Қазақстан облысының электробалансынының жағдайын келесі кестеден көруге болады.

Кесте 3 - Шығыс Қазақстан облысының электробалансы

Көрсеткіштер
Жылдар
2003
2004
2005
2006
2007
№: 1
Көрсеткіштер: Өндірілген электр энергиясы, млн кВт сағат
Жылдар: 7455, 8
7205, 6
7228, 8
7237, 0
7799, 9
№: 2
Көрсеткіштер: Облыс шегінен тыс алынғаны, млн кВт сағат
Жылдар: 375, 7
654, 8
1048, 8
1655, 5
1804, 9
№: 3
Көрсеткіштер: Тұтынылған электр энергиясы, млн кВт сағат
Жылдар: 7360, 1
7566, 9
7940, 3
8165, 1
8382, 0
№:
Көрсеткіштер: соның ішінде
Жылдар:
№:
Көрсеткіштер: өнеркәсіппен және құрылыспен, млн кВт сағат
Жылдар: 5074, 8
5270, 5
5498, 1
5681, 7
5794, 0
№:
Көрсеткіштер: ауыл шаруашылығымен, млн кВт сағат
Жылдар: 462, 7
457, 7
405, 5
397, 0
397, 9
№:
Көрсеткіштер: көлікпен, млн кВт сағат
Жылдар: 97, 3
92, 2
93, 3
93, 1
103, 5
№:
Көрсеткіштер: өзге де салалармен, млн кВт сағат
Жылдар: 894, 9
1002, 1
1943, 4
1305, 2
1392, 6
№: 4
Көрсеткіштер: Жалпы пайдалану желісіндегі ысырап, млн кВт сағат
Жылдар: 830, 4
744, 4
764, 6
688, 1
694, 0
№: 5
Көрсеткіштер: Облыс шегінен тыс босатылғаны, млн кВт сағат
Жылдар: 471, 4
293, 5
337, 3
727, 4
1105, 3
№: Ескерту - ҚР Статистика агенттігі мәліметтері негізінде дайындалды

Электр энергетикасында тариф ұғымы екі мағынада қолданылады, біріншіден, жалпылай қабылданған түсінікке сәйкес - бұл тұтынылған электр энергиясы үшін төленетін ақы мөлшерлемесі болса, екіншіден, тариф ретінде төленетін ақы жүйесі ( тариф құрылымы ) деп түсіндіріледі.

Электр энергиясы үшін тарифтер электр энергиясын өндіру, беру және үлестіру кезіндегі барлық шығындарды бейнелеуі және энергиямен қамтамасыз ететін ұйымдардың рентабельділігін қамтамасыз етуі керек. Екінші жағынан тарифтер тұтынушыларды энергия сыйымдылықты төмендетуге және электр энергиясымен қамтамасыз ету режимін оңтайландыруға ынталандырып, сонымен бірге еңбектің энергиямен жарақтануына кедергі жасамауы керек.

Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы электр энергиясына тарифтерді реттеудің мемлекеттік жүйесі үзіліссіз жетілдіру және электр энергиясы нарықтырының қызмет ету және ұйымдастырылу шарттарының өзгеруіне бейімделудің нәтижесі болып табылады. Электр энергетикасы саласының тарифтік реттеудегі негізгі мәселелерін диссертацияның 2. 2 бөлімінде көрсеткенбіз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Монополияға қарсы заңдар
Мемлекеттік меншікті басқару мен реттеу
Қазақстандағы отын - энергетика өнеркәсібінің дамуына қысқаша тарихи шолу
Франция мемлекетінің туристік индустриясы
Қазақстандағы жанармай кешенінің жағдайы мен келешегі
Автомобиль өндірісінің Қазақстанда дамуы
Қазақстандағы мемлекеттік электр қуатын үнемдеуді дамытудың мәселелері
Электр энергетикасы саласында мемлекеттік бақылау
Қазақстан Республикасында электр тоғын өндіру өнеркәсіптерінің даму проблемалары
Алюминий. Алюминий монополиялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz