Қазақстан Республикасындағы жастар саясатын қамтамасыз етудегі әлеуметтік жұмыс



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. Мемлекеттік Жастар саясаты . жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Жастар саясатының негізгі мақсаттары мен негізгі принциптері ... ... ... .
1.2 Қазақстан Республикасындағы жастар ұйымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Жастардың әлеуметтік құқытары мен бостандықтарын қамтамасыз ету ... ..
2.1 Мемлекеттік жастар саясатын қаржылық қамтамасыз ету ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ТМД елдерінің, соның ішінде Қазақстан жастары жоғарыдағы бөлімде аталып өткен жағдайларға байланысты, дамудың күрделі кезеңін елімен бірге бастан кешіріп отыр.
Бұл жағдайда жастарға олардың өмірлік бағытын жүзеге асыруда, әлеуметтік проблемаларын шешуде біріншіден, жастардың өздері белсенді әрекет етіп, ізденіп, өздері немесе жастар ұйымдары арқылы көмектесе алса, екіншіден өздерін көрсетуге жағдай туғызатын мемлекет, үшіншіден, өз институттары (қоғамдық өзін-өзі басқару, қайырымдылық және арнаулы қорлар, т.б.) арқылы азаматтық қоғам көмектесе алады
Осы үш «ағымның» өзара байланысып, тоғысуы жастар саясатын құрайды, ол – жастар сияқты халықтан шыққан ерекше топ ретінде мемлекеттік және қоғамның әлеуметтік саясатының құрамдас бөлігі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы Жалпыға бірдей адам құқықтары Декларациясының өзекті идеялары мен қағидаларына, БҰҰ Бас Ассамблеясының "Жастар дамуының 2000 жылға дейінгі дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасының 50/81 қарарына, Сәби құқықтары туралы Конвенцияға, Қазақстан Республикасының Конституциясына және ел Президентінің Қазақстан халқына арнаған " Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы " атты Жолдауына сүйенеді.
Мемлекеттік жастар саясатының қажеттігі жас өркеннің өмірге қадам басып, қоғамда өз құқығын иелеумен, оның алдында жауапкершілік арқалау сәтінде бетпе-бет келетін өмір мәресінің қиындықтарымен айқындалады. Жастар саясатын қалыптастыра отырып, мемлекет жастардың келешекте маңызды салмаққа ие болар халықтың бірден-бір белсенді тобы екендігін ескереді. Мұның өзі жастардың мемлекет құрылысындағы рөлі мен орнын жете бағаламауға жол бермеуді көздейді. Мемлекеттік жастар саясатының дәстүрлі әлеуметтік саясаттан айырмасы ол тек өтелу тетіктерін әзірлеуге ғана сайымайды. Ол жастардың еңбек пен шығармашылық қуатын айқындайтын белсенді де жаңаша, өндірушілік аспектілерден тұрады. Бұл мемлекеттік жастар саясатын қоғамның стратегиялық ресурстарын дамытудағы бірден-бір маңызды бағыт ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Қоғамдық өзгерістердің күрделілігі жас азаматтардың әлеуметтік жағынан жан-жақты қалыптасуына, жас қауым тіршілігінің барлық қалтарысына әсерін тигізді. Дөстүрлі жастар мәселелерін шешудің мазмұны мен тәрбие тәсілдері жаңа тарихи жағдайларда мүлде өзге қырынан қарастырылуға тиіс болғандықтан түбегейлі өзгерді. Қазақстандық жас буын бойында отаншылдық, іскерлік, жауапкершілік қасиеттер қалыптастырмай, жастардың ізгілікті, рухани өркендеуіне, сондай-ақ, өткен буынның әлеуметтік-мәдени тәжірибесін, әлем өркениеті жетістіктерін игеруіне жол ашпай әлеуметтік ұстанымдағы экономикасы бар демократиялық қоғам құру мүмкін емес.
1. «Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс» Агафонов Н.А.
2. «Социальная работа: теория и технология» Менлибаев, Туганбекова.
3. «Введение социальную работу» С.В. Тетерский.
4. «Социальная работа с молодёжью» Қазақ үн – ті 2003 ж. 109 б.
5. «Социальная государство». Волгин Н.А.
6. «Социальная рабата» Кожамкулова Л.Т.
7. «Индустрия Қазахстана» 2006 ж. №8. 14 18 стр
8. «Заң және қоғам» 2005. 22 ақпан
9. «Заң газеті»2006ж. 12 – наурыз
10. «Қазақстан Президентінің Өкімі» 1999ж. 28 тамыз.
11. «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» – Астана, 2007 ж. 28 ақпан.
12. «Қазақстан 2030 даму Стратегиясы»
13. «Егемен Қазақстан» – 2006. 23 тамыз
14. «Ақиқат» – 2006-№ 7, шілде – 64 -66 б.б.
15. «Егемен Қазақстан» – 2006 ж. 29 желтоқсан
16. «Егемен Қазақстан» 2007ж 30 қазан №333 – 334.
17. «Егемен Қазақстан» 2006.06. 23.
18. «Отбасы және Денсаулық» 2006 - №11.
19. «Алматы ақшамы» – 2006ж. -26 желтоқсан.
20. «Астана хабаршысы» – 2007 – 16 мамыр.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

Экономиканы мемлекеттік реттеу
кафедрасы

Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы жастар саясатын қамтамасыз
етудегі әлеуметтік жұмыс.

Оқытушы: Жумаксанова К.М.
Студент:
Сүгірбеков С.Т.
Тобы: 212

Алматы 2008
Жоспар:

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...
1. Мемлекеттік Жастар саясаты – жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың
негіздері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .
1.1 Жастар саясатының негізгі мақсаттары мен негізгі принциптері
... ... ... .
1.2 Қазақстан Республикасындағы жастар ұйымдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2. Жастардың әлеуметтік құқытары мен бостандықтарын қамтамасыз ету ... ..
2.1 Мемлекеттік жастар саясатын қаржылық қамтамасыз ету
... ... ... ... ...
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...

Кіріспе

ТМД елдерінің, соның ішінде Қазақстан жастары жоғарыдағы бөлімде
аталып өткен жағдайларға байланысты, дамудың күрделі кезеңін елімен бірге
бастан кешіріп отыр.
Бұл жағдайда жастарға олардың өмірлік бағытын жүзеге асыруда,
әлеуметтік проблемаларын шешуде біріншіден, жастардың өздері белсенді
әрекет етіп, ізденіп, өздері немесе жастар ұйымдары арқылы көмектесе алса,
екіншіден өздерін көрсетуге жағдай туғызатын мемлекет, үшіншіден, өз
институттары (қоғамдық өзін-өзі басқару, қайырымдылық және арнаулы қорлар,
т.б.) арқылы азаматтық қоғам көмектесе алады
Осы үш ағымның өзара байланысып, тоғысуы жастар саясатын құрайды,
ол – жастар сияқты халықтан шыққан ерекше топ ретінде мемлекеттік және
қоғамның әлеуметтік саясатының құрамдас бөлігі. Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы Жалпыға бірдей адам құқықтары
Декларациясының өзекті идеялары мен қағидаларына, БҰҰ   Бас Ассамблеясының
"Жастар дамуының 2000 жылға дейінгі дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасының
5081 қарарына, Сәби құқықтары туралы Конвенцияға, Қазақстан
Республикасының Конституциясына және ел Президентінің Қазақстан халқына
арнаған " Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,
қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы " атты Жолдауына сүйенеді.
Мемлекеттік жастар саясатының қажеттігі жас өркеннің өмірге қадам
басып, қоғамда өз құқығын иелеумен, оның алдында жауапкершілік арқалау
сәтінде бетпе-бет келетін өмір мәресінің қиындықтарымен айқындалады. Жастар
саясатын қалыптастыра отырып, мемлекет жастардың келешекте маңызды салмаққа
ие болар халықтың бірден-бір белсенді тобы екендігін ескереді. Мұның өзі
жастардың мемлекет құрылысындағы рөлі мен орнын жете бағаламауға жол
бермеуді көздейді. Мемлекеттік жастар саясатының дәстүрлі әлеуметтік
саясаттан айырмасы ол тек өтелу тетіктерін әзірлеуге ғана сайымайды. Ол
жастардың еңбек пен шығармашылық қуатын айқындайтын белсенді де жаңаша,
өндірушілік аспектілерден тұрады. Бұл мемлекеттік жастар саясатын қоғамның
стратегиялық ресурстарын дамытудағы бірден-бір маңызды бағыт ретінде
қарастыруға мүмкіндік береді. Қоғамдық өзгерістердің күрделілігі жас
азаматтардың әлеуметтік жағынан жан-жақты қалыптасуына, жас қауым
тіршілігінің барлық қалтарысына әсерін тигізді. Дөстүрлі жастар мәселелерін
шешудің мазмұны мен тәрбие тәсілдері жаңа тарихи жағдайларда мүлде өзге
қырынан қарастырылуға тиіс болғандықтан түбегейлі өзгерді. Қазақстандық жас
буын бойында отаншылдық, іскерлік, жауапкершілік қасиеттер қалыптастырмай,
жастардың ізгілікті, рухани өркендеуіне, сондай-ақ, өткен буынның
әлеуметтік-мәдени тәжірибесін, әлем өркениеті жетістіктерін игеруіне жол
ашпай әлеуметтік ұстанымдағы экономикасы бар демократиялық қоғам құру
мүмкін емес.

1. Мемлекеттегі жастар саясаты – жастармен жүргізілетін әлеуметтік
жұмыстардың негіздері

Мемлекеттік жастар саясатының қажеттігі жас өркеннің өмірге қадам
басып, қоғамда өз құқығын иелеумен, оның алдында жауапкершілік арқалау
сәтінде бетпе-бет келетін өмір мәресінің қиындықтарымен айқындалады. Жастар
саясатын қалыптастыра отырып, мемлекет жастардың келешекте маңызды салмаққа
ие болар халықтың бірден-бір белсенді тобы екендігін ескереді. Мұның өзі
жастардың мемлекет құрылысындағы рөлі мен орнын жете бағаламауға жол
бермеуді көздейді. Мемлекеттік жастар саясатының дәстүрлі әлеуметтік
саясаттан айырмасы ол тек өтелу тетіктерін әзірлеуге ғана сайымайды. Ол
жастардың еңбек пен шығармашылық қуатын айқындайтын белсенді де жаңаша,
өндірушілік аспектілерден тұрады. Бұл мемлекеттік жастар саясатын қоғамның
стратегиялық ресурстарын дамытудағы бірден-бір маңызды бағыт ретінде
қарастыруға мүмкіндік береді. Қоғамдық өзгерістердің күрделілігі жас
азаматтардың әлеуметтік жағынан жан-жақты қалыптасуына, жас қауым
тіршілігінің барлық қалтарысына әсерін тигізді.Жалпы әлеуметтік саясаттың
және әлеуметтік мемлекеттің әлеуметтік саясатының ерекшеліктері олардың
нарықтық қатынастарға өту кезеңінде деформациялануы болып табылады да,
жастар саясатын қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік саясаттың бөлігі ретінде
қарастырғанда, өзгермелі қоғамның нақтылы тарихи жағдайларында жүзеге асыру
мүмкіндіктерін ескеру керек.
Ғылыми әдебиеттерде және оқулықтарда жастар саясаты туралы бірнеше
анықтамаларды кездестіруге болады. Олардың бірнешеуін қарастырып көрейік:
- Мемлекеттік жастар саясаты – мемлекеттің жас азаматтарының әлеуметтік
қалыптасуы мен дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық,
ұйымдастырушылық жағдайлары мен кепілдіктерін құру және қоғам мүддесі
үшін жастардың шығармашылық әлеуетін барынша толықтай жүзеге асыру
әрекеті [1];
- Жастар саясаты – жастардың мүдделері мен қажеттіліктерін қолдауға,
жастардың (балалардың, жасөспірімдердің, бозбалалар мен
бойжеткендердің, 10-25 жас аралығындағы жас адамдардың) өмір сүруіне
қалыпты жағдай туғызуына мемлекеттік-қоғамдық жағынан қатысуыды
білдіретін әлеуметтік саясаттың саласы [2];
- Жастар саясатына Қазақстандық өзіндік анықтама береді: Мемелекеттік
жастар саясаты – мемлекеттің жастар саясатына доктрина, концептуальдық
бағыт беруіне және жас ұрпаққа әлеуметтік-құқықтық қорғанышты
(кепілдікті) қамтамасыз ету, оның мүдделері, қабілеттері, физикалық
мүмкіндіктеріне сәйкес және реформалаушы қоғамның мүдделері мен оның
ілгерілеуін ескере отырып, жастардың еркін әлеуметтік дамуға,
шығармашылық бастамашылыққа құқығын жүзеге асыру мақсатында, оны
тұтастай әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық шаралардың жүйесі
арқылы қамтамасыз ету қызметі [3].
Жастар саясатына берілген бұл анықтамалар оның жалпы жобасы мен
мазмұны жағынан дұрыс түсінік бергенімен, өзіндік кемшіліктерге де ие.
Оларда біріншіден, мемлекет, оның органдары мен әдістері жүзеге асыратын
жастар саясаты туралы айтылған, бірақ әлеуметтік жастар саясатының
қоғамдық, мемлекеттік емесұйымдар, қорлар және т.б. саяси партиялар
әрекеттері арқылы жүзеге асатын қоғамдық кесінді есепке алынбаған.
Екіншіден жастар саясаты туралы ұсынылған анықтамаларда жастардың өздерінің
жастар ұйымдары, басқа да қоғамдық бірлестіктердің белсенділері арқылы,
сондай-ақ жастар саясатын қалыптастыруда және жүзеге асыруда жеке
бастамашылық көрсету арқылы қатысуы онша немесе мүлдем көрсетілмеген.
Үшіншіден, оларда әлеуметтік саясат үшін өте маңызды болып табылатын
өлшемдері негізінде - әлеуметтік қорғаудың қажетті дәрежесіне қарай жастар
ортасының жіктелуі көрсетілмеген, яғни жастардың мемлекеттік және басқа да
патерналистік көмекті қажет ететін бөлігінің барлығы көрсетілмеген.
Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, әлеуметтік жастар саясатына
мынадай анықтама беруге болады: Әлеуметтік жастар саясаты – бұл әлеуметтік
саясат, оны мемлекет және қоғамдық, соның ішінде жастардың, бірлестіктері
мен ұйымдары жүзеге асырады, ол жастардың қоғамның және өздерінің
мүдделеріне сай дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған, және
осының бәрі жас адамдардың өз тағдырлары үшін, өз отбасының тағдыры үшін
жеке жауапкершілік пен бастамашылыққа негізделе отырып, жастардың
әлеуметтік жағынан әлсіз бөлігіне адресті, мақсатты түрде арнаулы шаралар
қолдану арқылы, қорғау арқылы жүзеге асырылады.
Осыған орай, жастар саясатына деген қазіргі ғылыми көзқарас ең алдымен
оны мемлекет пен қоғамның жалпы әлеуметтік саясатының бір бөлігі ретінде
мойындауынан тұрады. Ол халықтың әр түрлі санаттарының, соның ішінде ерекше
әлеуметтік-демографиялық топ ретіндегі жастардың адрестік және адекваттық
сұраныстары кезінде тиімді болатыны сөзсіз. Сонымен қатар, жастар
саясатының әлеуметтік саясаттағы балалар, мүгедектер, зейнеткерлер мен
басқа да әлеуметтік жағынан қамқорлықты қажет ететін халықтың санатына
деген қатысы жағынан айырмашылығы оның тек жәрдем беру механизмінен тұрмай,
жас ұрпақтың еңбек және шығармашылық әлеуетіне сүйенетін белсенді жаңарған
аспектіден тұруы, ол жастар саясатын қоғамның дамуының стратегиялық
ресурстары қатарында қарастыруға мүмкіндік жасайды.
Жастар саясатының негізгі мақсаттарына мыналар жатады:
• Жастардың әлеуметтік, мәдени, рухани және дене дамуына жәрдемдесу;
• Жас азаматтарды жасына байланысты кемсітуге жол бермеу;
• Жастарды қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өміріне
толықтай қатысуына жағдай жасау;
• Жас адамның өзінің өмірлік жолын таңдауға, жеке жетістіктерге жетуіне
мүмкіндіктерін ашу;
• Жастардың жаңаруға деген әлеуетін қоғамның даму мүддесі мен жастардың
өздерінің даму мүдделеріне сәйкес жүзеге асыру;
• Жастардың өз күштерімен проблемаларын шеше алмайтын санатына
(панасыздар, жас нашақорлар және т.б.)мақсатты түрде әлеуметтік көмек
көрсету.
Шет елдік жастар саясатының жасалуы мен қызмет ету тәжірибесіне талдау
жасау нарықтық экономикадағы ашық қоғам жағдайында, сондай-ақ қолайлы және
тиімді жаңа жағдайларда кеңестік уақытта жүргізілген жастармен жұмыс
тәжірибесін ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстан Республикасында
қолданылған және қолданылатын болады.
Кеңестік дәуірдегі кеңістікте егенді мемлекеттерде мемлекеттік жастар
саясатынының қалыптасуы, жасалуы процесі жүріп жатыр, онда осы мемлекеттегі
жастардың ерекше жағдайы, олардың әлеуметтік проблемалары көрсетілген.
КСРО тарамас бұрын жастардың әлеуметтік проблемаларының өткірлігі
жалпы одақтық және республикалық деңгейде заңдылықтар мен нормативтік
актілерді қабылдауды мәжбүр еткен болатын. Мысалы, КСРО мемлекеттік еңбек
комитетінің Реттемелі нарықтық экономикаға өту кезіндегі халықты
әлеуметтік қорғау концепциясының негізгі ережелері (1990 жыл тамыз)
жобасында әлеуметтік жағынан қамқорлықты қажет ететін топтардың мүгедектер,
зейнеткерлер, көп балалы аналармен студенттер де енгізілген. 1990 жылы
КСРО мемлекеттік жастар саясатының жалпы бастамасы туралы Заң қабылданды.
Онда арнайы Жастарды құқықтық және әлеуметік қорғау бөлімі қарастырылған.
Бұл Заңның сол уақытқа сай көкейкесті болғанына қарамастан, онда сол
кезеңге сай келмейтін ескірген біршама айқындамалар сақталған екен:
жастарға қатысты патернализм, жастар ортасындағы әр түрлі
әлеуметтіктоптарды біркелкілеу, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге
асырудағы шектен тыс орталықтандыру.1991 жылы Қазақ КСРО Жоғарғы Кеңесі сол
уақытқа ілгерінде Мемлекеттің жастар саясаты туралы Заң қабылданды. Бұл
заңның республиканың нарықтық қатынасқа түсуін ескере отырып,
кәсіорындардың дамуын ынталандыратын, жастар үшін қосымша жұмыс орнын
қамтамасыз ететін, оқушылар, студенттер, жастар деген мәртебелері бар
кәсіпорындарда жас жұмысшыларға еңбек жағдайын жақсарту бойынша шараларды
жүзеге асыратын, жұмыс берушілерге салық төлемін төлеуде жеңілдік беру
сияқты баптары болды.
Бұл Заңда бала туғаннан кейін жас отбасыларына берілетін ұзақ уақыттық
пайызсыз несиелер беру де қарастырылған. Заңда сондай-ақ, жастар және
балалар ұйымдары мемлекеттің қолдауында болады да, олардың әлеуметтік
маңызды жобалары, бағдарламалары мемлекеттік және жергілікті бюджеттен
қаржыландырылуы керек деген ереже де қарастырылған.
Патерналистік негізде жасалған бұл Заң жаңа әлеуметтік-экономикалық
және саяси жағдайларында (КСРО таратылуы Қазақстан Республикасы егемендігін
жариялау, нарықтық қатынастардың дамуы) толықтай жұмыс істеуден қалды.
Заңның барлық экономикалық баптары 1994-1996 жылдар аралығында тоқтатылды.
Жұмыссыздық, жастар арасындағы қылмыстың өсуі, жастар ортасындағы салт-
дәстүрлер мен рухани құндылықтардың құлдырауы, жас ұрпақтың білім алу
деңгейінің төмендеуі сияқты жастар проблемасының өршуі саяси, әлеуметтік-
экономикалық және әлеуметтік-мәдени реалияларға сәйкес келетін жастар
саясатын дайындауды қажет етті. Мұндай тапсырма Қазақстан Республикасы
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1996 жылғы 9 қазандағы Мемлекеттік жастар
саясатын жетілдіру шаралары туралы Жарлығында берілген болатын. Онда
біркелкі мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсаттары, оның құқықтық
жағынан қамтамасыз етілуі, жастардың шығармашылығы мен әлеуметтік жағынан
маңызды бастамашылықтарын қолдау, жастардың жұмысқа орналасуы және бос
уақытты өткізу проблемаларын шешу анықталған. Президенттің Жарлығы бойынша
жастар саясатының мақсатын, міндеттерін, қызмет ету механизмдерін
анықтайтын негізгі құжат Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты
туралы Заң болуы керек, онда Қазақстан Республикасы Конституциясында
көрсетілген бағдардағы тұжырымдамалық реформа қалдықтарынан мемлекеттік
басқару мен халыөтың пассивтілігі, соның ішінде өзінің әлеуметтік жағдайын
қорғаудағы жастардың пассивтілігінен тұратын абсолютизмге өтуі ескеріледі.
Республикадағы жастар саясатын заң жүзінде жасалуының қадамына
Қазақстан Республикасындағы жастар саясатының Тұжырымдамасы жатады, бұл
жоба 1998 жылы ақпанда өткен студенттер мен республиканың жастар
ұйымдарының өкілдерінің 1-ші съезі қорытындысы негізінде құрылған
Қазақстанның болашағы үшін деп аталатын жастар қозғалысының ұсынысымен
жасалған болатын.
Тұжырымдама Жалпыға арналған адам құқығының Декларациясы мен
Қазақстан Республикасының Конституциясы, БҰҰ Бас Ассамблеясының 2000 жылға
дейінгі жастарды дамыту бойынша әрекет етудің Бүкілодақтық бағдарламасы
атты 5081 Қарары, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының
идеялары мен қағидаларының негіздеріне сүйенеді.
Республикада жастар саясатының Тұжырымдамасын қалыптастыруға деген
қажеттілік біріншіден, Қазақстан тәуелсіздік алып, реформалау, ашық,
нарықтық, әлеуметтік бағдарлы экономикалы демократиялық қоғам құру жолына
түсуі; екіншіден, жастар саясаты жеткілікті түрде қоғамдық қатынастарға
түспеуі; үшіншіден, жастар проблемасын шешуді қамтамасыз етуде әрекеттегі
заңдылықтардың тиімсіздігі себепкер болды.
Тұжырымдамаға сәйкес Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты келесі
қағидалар негізінде құрылуы керек:
• Парасаттылық, абырой, өз Отанына деген құрмет, патриотизм, мамандану,
өзінің адамдарға және мемлекетке қажеттілігіне деген сенімділік, өзі
үшін және туыстары үшін жауапкершілікті сезіну сияқты жастардың жеке
қасиеттерді беделді қылатын, қоғамда қолайлы орта туғызу;
• Жастардың өкілдерін жалпы жастарға қатысты мемлекеттік маңызды
шешімдерге келу және қабылдау процесіне тікелей қатысуға тарту;
• Жеке тұлғаның негізгі құқықтары мен бостандығын, жастардың өздеріне
тән мүдделерін есепке алу;
• Жастар мен балалардың ұйымдарының әрекетіне мемлекет тарапынан барынша
қолдау жасау.
Тұжырымдамаға сай жастар саясатының басым бағыттары мынадай болуы
керек:
• Балалар мен жастарға құқықтық білім мен патриоттық тәрбие беру;
• Жастар ұйымдарының әрекеттерінің белсенділігі мен кеңеюіне атсалысу;
• Жастар кәсіпкерлігі мен өздерін жұмыспен қамту ісін қолдау және
дамыту;
• Отбасы, балалар мен жастар мүддесіне сай әлеуметтік саясатты жүзеге
асыру механизмін жетілдіру;
• Жас ұрпақты әлемдік және ұлттық мәдениеттің классикалық құндылықтарына
құрметпен қарауға тарту;
• Спорттың көпшілікке арналған түрлерін дамыту және салауатты өмір
салтына насихаттау.
Қағидаларды, мақсаттарын, бағыттары мен артықшылығын жариялау – сөз жоқ
жастар саясатының құрамдас бөлігі, бірақ оны жүзеге асыру механизмін реттеу
одан да маңыздырақ мәселе.
Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің инфрақұрылымына оқу орындары,
балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептері және т.б. осы сияқты
дәстүрлі мекемелерді енгізуге болады. 2001 жылы республикада 8300 мектеп,
282 кәсіптік-техникалық училище, 293 колледж, 185 жоғарғы оқу орындары
қызмет етті.
Қазақстан Республикасында жастар саясатының қалыптасу процесі, оның
қазіргі кезеңі, оның концептуальдық негіздерінің белсенді түрде жасалуы мен
оның инфрақұрылымының баяу қалыптасуына байланысты. Бұл кезеңде ол жастар
саясаты аумағында жасалған тұжырымдамалар мен арнаулы бағдарламалардың
әлеуметтік тиімділігіне баға өлшемдерін жасауды қажет ететіндіктен, ресми
түрде мәлімдеуге, формализмге жол бермеу керек. Жастар бағдарламасын
жасаудың және жүзеге асырудың халықаралық тәжірибесі олардың тиімділігі
мыналарға байланысты дейді:
• Жастардың бірінші кезектегі қажеттіліктеріне диагностика мен
экспертиза жасау;
• Жастар проблемасын шешуге бағытталған бағдарламаларының пәрменділігі,
бағдарламалардың мақсаттары мен мен міндеттерінің осы проблемаларға
барабарлығы, осы бағдарламалар жүзеге асыратын әлеуметтік сұраныстың
адрестілігі;
• Бағдарламалар қойған мақсаттарға жетуге арналған, ұсынылған және
шынайы құралдар мен технологиялар;
• Бағдарламалардың тиімділігі мен жүзеге асуы туралы қорытынды жасаған
эксперттердің біліктілігі.
Жастар саясатының, жастар бағдарламаларының тиімділігі қорыта келгенде,
оның белгілі бір объектіге, жастардың кейбір санаттарына және мүмкін болса
толық есепке, жағдайларға, проблемаларға, олардың өмірлерінде жүзеге асатын
жағдайларына бағыттылығына байланысты.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылы 28 тамызда №73
Жарлығымен бекітілген мемлекеттік жастар саясатының Тұжырымдамасы
республикадағы жас ұрпақтың азаматтық қалыптасуы мен әлеуметтік өзін-өзі
жетілдіру үшін құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық алғышартын құру
және бекітуді мақсат етеді, ол өз кезегінде жастар проблемасын шешу
жолдарын нақты көрсетіп, жастарды қазақстандық қоғамның реформалау
процесіне толықтай араласуының нысандары мен әдістерін анықтайтын
мемлекеттік жастар саясатын құрудың тікелей негізі болады.
Осы тұжырымдама негізінде Қазақстан Республикасының Қазақстан
Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы Заң жобасы жасалды,
онда оның қалыптасуы мен жүзеге асыруының құқықтық негіздері анықталған.
Осы жобаға сәйкес, мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаттарына
мыналар жатады:
• Жастардың рухани, мәдени, білім алу, кәсіптік жағынан қалыптасуы мен
физикалық дамуы үшін, олардың жалпы қоғамға пайдалы шығармашылық
әлеуетін ашуға әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық
жағдайлар мен кепілдіктер жасау;
• Олардың құқықтары мен заңды мүдделері қорғау;
• Жастарға көмек пен әлеуметтік қызмет көрсету;
• Жастардың әлеуметтік жағынан маңызды бастамаларын жүзеге асыру.

1.1 Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары мен негізгі принциптері

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты
- жастардың азаматтық, әлеуметтік дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру
үшін қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау мен
нығайту.
Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру жастар саясатының мына бағыттарына
басылымдық беруді көздейді:
1. Жастар бойынша патриотизмді қалыптастыру, жастардың ізгілікті әрі
рухани дамуы.
2. Еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастардың
әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету.
3. Жастардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін дербес жүзеге
асыруына жағдай жасау.
4. Жастардың денесін шынықтырып, интеллектуалдық дамуына жағдай жасау.
5. Жастардың қоғамдық игі бастамаларын қолдау мен ынталандыру.
6. Қазақстандық жастарды халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және
білім беру процестеріне тарту.

Мемлекеттік жастар саясатының негізгі принциптері Мемлекеттік билік
органдары тарапынан жастар саясатын қалыптастыру мен іске асыру мәселесінде
біртұтас көзқарас қалыптастыру төмендегі басты қағидалар үддесіне орай іске
асырылуы қажет:

• жастар мәселесіндегі демократиялық, жас азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын сақтау;
• өркендеу мен жаңашылдық;
• тұрақты негіздегі мақсатты, нақты әрі тиімді іс-қимыл;
• жалпыға ортақтық - барлық жастарды жынысына, ұлтына, әлеуметтік
жағдайына және діни ұстанымына қарамастан жаппай қамту;
• жас шамасы мен әлеуметтік әртектілік проблемалары ескерілетін
сараланған көзқарас;
• жастардың әлеуметтік жағынан неғұрлым аз қорғалған бөлігін, соның
ішінде, мүгедек балаларды, денсаулығы дімкәс балаларды, жетім
балаларды, көп балалы, жағдайы нашар отбасыларындағы балаларды тікелей
қорғау және қолдау.
Жастар саясатын қалыптастырудағы осы басты қағидалар заңнамалық және
атқарушы биліктің орталық және жергілікті органдары тарапынан ескеріліп,
олардың қызметтерін бағалаудың бір өлшеміне айналуы тиіс.
Осы принциптерді сақтау мемлекеттік жастар саясатында жүйелілікті
қалыптастырып, біртұтас әрі нақты мағына береді және қажетті тарихи
сабақтастықты қамтамасыз етеді, оның негізгі бағыттарын іске асыруда
бірыңғай әдістемелік пен ұстаным жасауға мүмкіндік туғызады.
Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары. Мемлекеттік жастар
саясатын жүзеге асырудың кезеңдік сипаттағы іс-қимылдары мынадай негізгі
бағыттарды қарастырады:
1. Жастардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету.
Мемлекеттік жастар саясаты Конституцияда және Қазақстан Республикасының
аумағында қолданылатын өзге де нормативтік құқықтық актілерде бекітілген
жас адамның, саяси, әлеуметтік-экономикалық, жеке құқықтары мен
бостандықтарын толық тануға негізделеді. Заңда белгіленген тәртіптен тыс
жас азаматтың қайсыбір бостандықтары мен құқықтарына шектеулер енгізуге,
жастағы азаматтар міндеттерімен салыстырғанда қосымша міндеттер жүктеуге
жол берілмейді.
18 жасқа (кәмелеттік жасқа) толмаған тұлғалар мемлекеттің айырықша
қамқорлығында болуға тиіс. Бұл ретте мемлекет кәмелетке толмағандардың
жастығына орай өз әрекеттеріне толыққанды баға бере алмайтындығын, мұның
өзі олардың қосымша құқықтар мен заңдық жауапкершіліктер алу мүмкіндіктерін
шектейтіндігін басшылыққа алады.
Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін барынша тиімді қорғау
мақсатында дамыған елдерде қолданылып жүрген ювеналдық Әділет жүйесін
(мамандандырылған соттар, жасөспірімдерге арналған жазасын өтеу орындары
т.б.) қалыптастыру қажет. Атқарушы билік жүйесінің барлық деңгейіндегі
тиісті құрылымдар кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың, бетімен
кетушілік пен өзге де тәртіп бұзушылықтың алдын алу, жетім балалардың, ата-
ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен жартыкеш және сәтсіз отбасылардан
шыққан балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау ауқымындағы кешенді
шараларды үздіксіз жүзеге асырып отыруы тиіс. Ювеналдық Әділеттің
қалыптасуы, жастарға арналған әлеуметтік қызмет мекемелерінің дамуы қоғам
тұрақтылығын нығайтумен қатар, жастар ортасындағы түрлі шиеленісті
төмендетіп, қоғамның жастар арасындағы құбылыстарға айтарлықтай белсенді
ықпал етуіне мүмкіндік береді. Жастардың құқықтары мен мүдделерін қорғау
қоғамдағы жалпы құқықтық мәдениетті көтеруді, жастар бойына Қазақстанның
мемлекеттік дамуына негіз қалайтын идеяларға, Конституцияға, заңдарға
құрмет сезімін дарытуды көздейді.
2. Білім, еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кепілдіктермен қамтамасыз
ету. Мемлекет күш-жігерін біліммен, еңбекпен және жұмыспен қамту саласында
кепілдік беруге бағыттайды. Бұл мемлекеттік органдардың меншік,
ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан жеке ұйымдармен жетім
балаларға, денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оқу ұйымдарын
бітірушілерді, оқуын тастап кеткен жасөспірімдерді; жазасын өтеу орнынан
оралғандарды; сәтсіз отбасылардың жас азаматтарын; запасқа шыққан әскери
қызметшілерді жұмысқа қабылдау туралы келісім-шарттарын жасасуын көздейді.
Аталған нормалардың сақталуы, өз кезегінде, жастардың әлеуметтік жағынан аз
қорғалған тобы үшін жұмыс орындарын құруға қатысты нормативтік-құқықтық
базаны жасау мен жетілдіруді талап етеді.
Мемлекет, меншік нысанына қарамастан, ұйымдар мен кәсіпорындардың жас
мамандарды жұмысқа алуы мен жұмыс орындарын өсіруге мүдделілігін арттыруда;
оларды қайта дайындау мен өндірістік оқу тәжірибесінен өткізуде; елдің
әлеуметтік-экономикалық дамуы басымдықтарын ескере отырып, жастарға кәсіби
тұрғыдан бағдар беретін мемлекеттік жүйені дамытуда қосымша ынтаны кеңінен
пайдаланатын болады.   Жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасу басымдығы
олардың шағын және орта бизнес саласына белсенді араласуын, жас
кәсіпкерлерді, әсіресе, фермерлерді, селолық өндірісшілерді оқыту мен
қолдауды көздейді. Жастарды жұмыспен қамту саласында мемлекеттік сүйемелдеу
саясатын, аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, белсенді түрде жүргізу
керек. Мемлекет жастар мен жас отбасылардың экономикалық ахуалын жақсарту
мен табыс деңгейін көтеру, ұзақ мерзімді несие берудің кезеңдік жүйесін
енгізу, басқа да экономикалық көмек түрлері арқылы білім алу мүмкіндігін
кеңейту, іскерлік белсенділігін арттыру, тұрғын жайы мен үй шаруашылығын
толыққанды жабдықтау үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдай жасаудың барлық
шараларын қолданатын болады. Оқушы жастарға кәсіби бағыт беретін, қазіргі
талаптарға сәйкес жастарды уақытша және қосымша жұмыспен қамтитын жүйе
жасалатын болады.
3. Жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесі дамуына жағдай жасау.
Жастардың тән, жан саулығы - елдің стратегиялық қоры және оның қазіргі
дамуының шешуші факторы. Жасөспірімдер мен жастардың бойында ізгілікті,
рухани құндылықтарды қалыптастыру әлемдік, ұлттық мәдени құндылықтарды
насихаттауға иек артып, жас шамасына қарай қарастырылуы тиіс. Жастарға тән
құндылықтар сипаты жас азаматтың тағдыры мен тұрмыс жағдайының
әркелкілігін, құндылықтар жайлы түсініктерінің сан алуандығын көрсетеді.
Жастардың эстетикалық, ізгілікті талғамының қалыптасуына бұқаралық ақпарат
құралдарының, әсіресе, электронды ақпарат құралдарының айтарлықтай ықпал
ететінін ескеру қажет. Зорлық-зомбылықты, қатігездікті уағыздау жастардың
мінез-құлқына жан-жақты қысым етіп, өмірді қабылдауы барысында сондай әдет-
дағдыларды қалыптастырады. Дүлей күшке табынушылықты, шылымды, спиртті
ішімдіктерді жарнамалауға шектеу қою - мемлекет алдындағы жас ұрпақты
рухани сауықтырудың бірден-бір кезек күттірмейтін шаралары. Ақпарат
құралдарының, озық ойлы зиялы қауымның күш-жігері, тәрбиенің бағыттылығы
қоғамда отансүйгіштік, іскерлік, үлкенді сыйлау, өзін қастерлей білу, жеке
басы мен жақындары үшін жауапкершілікті сезіну сияқты қасиеттерді жоғары
қоятын оңтайлы орта қалыптастыруға септігін тигізу қажет. Жастардың төл
мәдениеттен нәр алуы, еліміздің тарихи өткенін оқып-үйренуі, қоғамымыздағы
достық ахуал мен бейбітшілікті, рухани келісімді нығайту жас ұрпақ бойында
біздің ортақ Отанымызға - Қазақстан Республикасына деген мақтаныш сезімін
қалыптастыруы тиіс. Мемлекеттің күш-жігері мәдени инфрақұрылымды
материалдық қамтамасыз етуге, білімінің мектептерден, студенттік оқу
мекемелерінен тыс жастардың бос уақытын пайдалы өткізуге мүмкіндік жасайтын
театр, кітапхана, спорт құрылғыларын қолдауға, оқу - әдіс-тәсілдемелік
құралдарын, көркем әдебиеттер шығару, оқу орындарын компьютерлендіру, дене
тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік, аймақтық бағдарламаларын жасау,
ізгілікті, рухани құндылықтарды, салауатты өмір салтын қалыптастыруға
бағытталады. Жастарға рухани, патриоттық тәрбие беру ісінде мемлекеттік
тілді оқып-үйренуге, қазақ тілін оқытып-үйретудің жаңа, тиімді тәсілдерін
жасап, енгізуге ерекше мән берілетін болады. Жастарды отаншылдық, рухани,
адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеу ісінде оларды діни экстремизм мен
фанатизмнің залалды ықпалынан қорғау аса маңызды бағыт алуы шарт. Осы
мақсатта жастар арасына діни-экстремистік көзқарастардың еніп кетуінен
сақтау тетіктері жасалуы керек.
4. Жас таланттарды қолдау мен шыңдау. Мемлекет дарынды тұлғаның аса зор
қоғамдық маңызын, олардың даму мүмкіндіктері мен ашылуына неғұрлым кеңінен
жағдай жасауды басшылыққа алады. Қоғамның интеллектуалдық, шығармашылық
қуатын сақтау мен дамыту, жастардың дербес шығармашылық дамуына жағдай
жасау жас таланттарды қамқорлығына алған мекемелер мен кәсіпорындарға,
қоғамдық ұйымдарға, қайырымдылық қорларына, өзге де қорларға, жеке
тұлғаларға экономикалық жағынан қолдау көрсетуді, дарынды жастарға
стипендиялар, жүлделер, жәрдемақылар тағайындауды; жастардың шығармашылық,
жаңашылдық қызметіне мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді. Дарынды
жастарды қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясаты елдегі жалпы адам
ресурстарын дамытудағы саясатпен қанаттас жүргізіледі.
5. Жастарға әлеуметтік көмек көрсету мен қазіргі жағдайға бейімделу жүйесін
қалыптастыру. Балалар мен жастарға әлеуметтік көмек көрсету және оларды
қолдау жүйесі қиын, даулы жағдайға тап болған жастардың әлеуметтік маңызды
қажеттіліктерін қанағаттандырудан, оларды әлеуметтік жағынан сауықтыру мен
соңыра толыққанды тіршілік жасауына жағдай жасаудан тұрады. Мемлекет жастар
арасында әлеуметтік шиеленісті бәсеңдету жөнінде, жасөспірімдер мен жастар
арасында нашақорлыққа, маскүнемдікке, қоғамға қарсы және ауытқу
құбылыстарымен күресте кезек күттірмейтін шаралар қолданады. Жастар
арасында құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау жөнінде заң-құқық туралы
білім беру және мәселенің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында
жоғары және орта арнаулы оқу орындары негізінде жедел жастар отрядтарын
құру, орта мектептерде 9-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін құқықтық тәрбие
жөнінде факультативтік сабақтар, дәрістер енгізу ұсынылады. Қоғам мен
мемлекет тарапынан жастардың әлеуметтік жағынан әлсіз санаттарына айрықша
көңіл бөлінуге тиіс.
Жастарға әлеуметтік көмек көрсету балаларға, жастарға жұмысқа тұру,
денсаулық және құқық, бос уақытын ұйымдастыру, білім алу, отбасында,
мектепте, ұжымда бір-бірімен қарым-қатынас проблемаларын шешу, өмірлік
жолын таңдау және қоғамға бейімделу мәселелері бойынша консультациялық,
практикалық, ұйымдастырушылық көмек алуында жәрдем беретін мекемелер жүйесі
ретіндегі жастарға арналған әлеуметтік қызметтің бұрыннан қалыптасқан
жүйесін дамыту арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл қызметтердің жұмысы
психологиялық, педагогикалық, заңдық, наркологиялық көмек көрсетуге, жас
мүгедектерге, уақытын өтеген әскери қызметшілерге, нашақорлықтан,
токсикоманиядан, маскүнемдіктен емделуден өткен адамдарға қатысты сауықтыру
шараларын өткізуге бағытталған.
Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер арнаулы қызметтер кешенін, оның
ішінде: жастардың еңбек биржаларын, әлеуметтік-психологиялық көмек
орталықтарын, наркологиялық қызметтер, балалар мен жастарға арналған
баспаналар, жасы кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды әлеуметтік сауықтыру
мекемелерін, заңдық көмек көрсету және кеңес беру орталықтарын, жас
отбасына көмек көрсету қызметтерін, демалыс орталықтарын құруды кеңейтеді.
6. Жастар мен балалар бірлестіктерін дамытуға жәрдемдесу. Мемлекет қызметі
жастардың қоғамдық - саяси процестердегі рөлін көтеруге, демократиялық,
азаматтық қоғам құруға жәрдемдесетін үкіметтік емес жастар мен балалар
ұйымдарын дамытуға және олармен ынтымақтасуға мүдделі. Жастардың оң
нышандағы қоғамдық бастамаларын қолдау мен ынталандыру демократиялық
мәдениет деңгейін көтеруге, отаншылдық сезімін, жетекші сапасын тәрбиелеуге
жәрдемдеседі, жастарды әлеуметтендіру процесіне оң ықпал жасайды. Тек
қоғамдық ұйымдар жүйесінде ғана жас ұрпақтың экономикалық, жаңашылдық,
шығармашылық белсенділігін жүзеге асыруы үшін барынша қолайлы жағдайлар
қалыптасады. Қолданыстағы заңдарда балалар мен жастар бірлестіктерін
мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету үшін қоғамдық қызметтің айрықша
түрлерінің ұйымдары ретінде жастар мен балалар бірлестіктерінің мәртебесі
айқындалатын болады.
Барлық жастар және балалар бірлестіктері мемлекеттік қолдауда тең
мүмкіндіктерге ие. Балалар және жастар бірлестіктеріне мектептердің,
мектептен тыс мекемелердің, мәдениет мекемелерінің үй-жайлары, спорттық
және өзге де құрылымдар берілуге тиіс. Мемлекеттік жастар саясаты
шеңберінде өткізілетін шараларды қаржыландыруда жастардың әлеуметтік
жағынан аса маңызды қоғамдық бастамаларына басымдық берілетін болады.
Жастар мен балалар бірлестіктерінің қызметін қолдау оларды халықаралық
жастар ынтымақтастығына, халықаралық жастар алмасуына енгізуді көздейді.
Жастардың оң нышандағы қоғамдық бастамаларын дамыту және көтермелеу үшін
өкілетті орган жанынан Жастар ұйымдарының кеңесін құру жөн болады.
1.2 Қазақстан Республикасындағы Жастар ұйымдары.
Қазақстан Республикасының балалар мен жастар ұйымдары қауымдастығының,
жастардың инновациялық әлеуметтiк-экономикалық мiнез-құлықтарын
қалыптастыруға ықпал ететiн басқа да қоғамдық ұйымдардың қызметтерiн
дамыту. Жастар саясаты жастарды кепілдiктермен қамтамасыз ету тетіктерін
кеңейтуге және қол жеткен нәтижелердi баянды етуге, жастардың белгiлi бiр
мақсаттағы топтары шеңберiнде атаулы көмектердi арттыруға, нақты
проблемаларды шешуге әлеуметтік тұрғыдан бағдарланған және соған
бағытталған. Осы проблеманы шешу жөнiндегi неғұрлым тиiмдi жол жастардың
кәсіпкерлігі үшін жағдайлар жасау болып табылады. Президенттің Қазақстан
халқына "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика
үшiн, бәсекеге қабiлетті халық үшін" деген 2004 жылғы 19 наурыздағы
Жолдауында, онда атап айтқанда: "Әлеуметтік сала мен адам ресурстарын
дамыту Қазақстан үшін шешушi ұзақ мерзiмдi басымдық болып табылады" деп
айтылғаны - жастар қоғамды қалыптастырудағы неғұрлым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастар саясатын қалыптастыруда және жүзеге асыруда мемлекеттің араласу деңгейі
Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты
Бала құқықтары
Жастар саясаты
Қазақстандық контекстегі гендерлік саясат
Қазақстандағы жұмыссыздықты реттеу және шешу жолдары
Жұмыссыздықтың экономикалық маңыздылығы
Жастардың құқықтық мәдениеті
Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы туралы
Жас отбасылардың қатынастарын бұзушы факторлар
Пәндер