Қазақ мәдениетінің бастаулары жайлы



Қазақ мәдениетінің бастаулары
ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ТАБИҒИ.ҒАРЫШТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақтың ХХ ғасырдағы мәдениеті
ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕГІ ДӘСТҮРЛІ ШАРУАШЫЛЫҚ.МӘДЕНИ ТИПТЕР
ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ ДІНИ ЖҮЙЕЛЕР МЕН ТИПТЕР
Қазақ мәдениетінің көркем шығармашылық типологиясы
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ТИПТЕРІ
Қазақтар – Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары, әлемдегі жалпы саны 13 миллионнан асады, исламдық суперөркениеттін солтүстік шығыс жағын мекендейді, діни жағынан ханифиттік мағынадығы мұсылман сунниттер, Алтай тіл бірлестігінің түрк тобының қыпшақ топтамасына жатады. Бұл мәдениетті түсіну мақсатында алдымен оны кеңістік өрісі мен уақыт ағынында қарастырып, кейін қазақ мәдениетінің типтік ерекшеліктерін айқындайды. Қазақ мәдениеті Еуразиялық Ұлы дала көшпелерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды номадалық (көшпелік) өркениет ерекшеліктерін ен бастайық.
Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістіктін маңызды қасиеті - оның тылсымдық сипаты. Мысалы, «ата қоныс» ұғымы көпшелілер үшін қасиетті , ол өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындайды. Қауымдық қатынас мекендер егемендігінен туады.
Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, интуициялық жоғарғы келбеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікке үйлесімді мәдениетте адам мен табиғаттың арасында «қытай қорганы» тұрған жоқ. Керісінше, мәдениет олардың арасындағы нәзік үндестікті (гармонияны) білдіретін дәнекер қызметін атқарады. Қазақтың төл мәдениетінде экологиялық мәселе әдептіліктік жүйесіндегі обал және сауап деген ұғымдармен тікелей байланыстырылды.
Табиғат аясындағы мәдениетті қатып-семіп қалған, өзгеріссіз әлем дейтін пікірлер де әдебиетте жиі кездеседі.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ мәдениетінің бастаулары

Қазақтар – Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары, әлемдегі
жалпы саны 13 миллионнан асады, исламдық суперөркениеттін солтүстік шығыс
жағын мекендейді, діни жағынан ханифиттік мағынадығы мұсылман сунниттер,
Алтай тіл бірлестігінің түрк тобының қыпшақ топтамасына жатады. Бұл
мәдениетті түсіну мақсатында алдымен оны кеңістік өрісі мен уақыт ағынында
қарастырып, кейін қазақ мәдениетінің типтік ерекшеліктерін айқындайды.
Қазақ мәдениеті Еуразиялық Ұлы дала көшпелерінің мұрагері болып
табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды номадалық (көшпелік)
өркениет ерекшеліктерін ен бастайық.
Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған
ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістіктін маңызды қасиеті - оның тылсымдық
сипаты. Мысалы, ата қоныс ұғымы көпшелілер үшін қасиетті , ол өз жерінің
тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға
болмайтындығын мойындайды. Қауымдық қатынас мекендер егемендігінен туады.
Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, интуициялық жоғарғы
келбеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікке
үйлесімді мәдениетте адам мен табиғаттың арасында қытай қорганы
тұрған жоқ. Керісінше, мәдениет олардың арасындағы нәзік үндестікті
(гармонияны) білдіретін дәнекер қызметін атқарады. Қазақтың төл
мәдениетінде экологиялық мәселе әдептіліктік жүйесіндегі обал және сауап
деген ұғымдармен тікелей байланыстырылды.
Табиғат аясындағы мәдениетті қатып-семіп қалған, өзгеріссіз әлем
дейтін пікірлер де әдебиетте жиі кездеседі.
Енді қарастырып отырған өркениеттін кеңістікті игеру құралдарына
тоқталып өтейік. Бұл жерде ең алдымен көшпелілер өміріндегі жылқының
ерекше бір қызметіне назар аударған жөн. Жылқыны адам еркіне көндіру
арқылы адамзат кеңістікті меңгеру ісінде үлекен қадам жасады.
К.Ясперстің пікірі бойынш, тағылықтан өркениетке өтуде жер суару
жүйелерін жасаумен, жазудың ашылуымен, этностардың пайда болуымен қатар
жылқыны пайдалана білу адамзат үшін өте маңызды болды. Жылқыны пайдалана
білу шектелген кеңістіктен бүкіл әлемге игеруге бағытталған қадам еді.
Бұл әртүрлі мәдениеттердің сұхбаттасуына мүмкіндік береді. Әрине бұл
сұхбаттасуына мүмкіндік береді.
Сонау көне заманнан халықтар солтүстіктен оңтүстікке, шығыстан
батысқа қарай (немесе керісінше) қозғалыста болған. Белгілі болжам
шумерліктердің Қосөзен аңғарына Орталық Азиядан келгенін, үндігерман
тайпаларының оңтүстікке жылжып,Үндістан, иран, Грекияға енгенін, түрік
тайпаларының оңтүстікке жылжып, Үндістан, Иран, Грекияға енгенін, түрік
тайпаларының кіші Азияны жаулап алғанын көрсетеді. Қытай империясы мен
Үндіге көшпенді түрік-моңғол тайпалары ылғи қысым жасап отырған. Қазақ
және басқа да түрік халықтарының мәдени мұраларынан бүкіл еуразиялық ұлы
даланың түріктердің ата қонысы деп есептелінетінін байқаймыз. Мысалы, қазақ
эпосында қырым, Қоқан, Ыстамбол, Алтай Қазан, және т.б. түріктердің өз
жері, ал бұлардың сыртындағы Шам, Мысыр қысылғанда арқа сүйейтін тілектес
елдер болып есептелген.
Түрік этностарының мәдени кеңістігін қарастырғанда мындай
ерекшеліктерге назар аудару керек. Біріншіден, түріктің төлтума
мәдениеті арабтардікіндей шөл сахарада емес, жер бедері қуаң еуразиялық
Ұлы даланы игеру үшін Өтүкеннің қара орманында қор жинау қажет еді. Бұл
қор жинақтау аймағын Қытай мен Иранның шет пұшпағы деп қарастыру ақиқаттан
алшақ.
Екіншіден, түріктік этномәдени тұтастықтың тарихи тұрақтылығының
тағы бір себебі Орталық азияның мыс-темір кендеріне бай болуымен де
қатысты. Металл өндеуді өте ерте кезден меңгерген прототүрктік мәдениет
бұл аймақта қуатты күш болған.
Үшіншіден. А.Гумилев атап көрсеткендей, дала биоценозының тағдырын
көптеген жағдайда құрғақшылық циклдерінің ауысып тұруы шешіп отырған.
Тарихтағы салмақты және салыстырмалы тұрақты өркениет аймағын тұтас
кеңістіктік континиум деп қарастыру керек. Әртүрлі мәдениеттерді
салыстырғанда үлгі ретінде олардың жеке бөліктерін емес, қалыптасқан
суперэтностарды үлгі ретінде олардың жеке бөліктерін емес, қалыптасқан
суперэтностарды алу қажет.
Жалпы алғанда, кеңістіктің этномәдениетке тигізетін әсерін дұрыс
бағалау керек. қысқаша айтқанда Отаны жоқ халық болған емес. Яғни,
өркениетті дұрыс тұсіну шін басқа да факторларды қарастыру қажет.
ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ТАБИҒИ-ҒАРЫШТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Қазақ халқы мәдениетінің ерекшеліктерін анықтаудың басты шартының бірі
оның әлемдегі орнын айқындаумен қатысты.
Түрік халықтарының мифологиясында ғарыштың құрылымы былай
бейнеленеді: жеті қат Жер бар, онда Көктөбе тұр, Көктөбеде Көктерек өсіп
тұр. Бұл бейне киіз үйдің құрылымына да ұқсас.
Қазақтың әлем туралы түсінігінде әсерлі бейненің бірі – алып
бәйтерек. Дүниежүзілік ағаш таңбасы өрмелік қозғалысты., Жер мен Аспанның
тығыз байланысын білдіреді. Осы биік бәйтерекпен эпос батырлары аспан
денелеріне өрмелеп жете алатын болған. Әлемдік ағаштың тағы бір атқаратын
қызметі оның жоғарғы және орта дүниені үшінші әлем - төменгі дүниемен
байланыстыруында. Тірілер әлемі өткен кезбен, аруақтар аймағымен қатынасын
үзбейді.
Қазақтың рухани мәдениетінде аспанды тәңірі-құдай ретінде қадірлеу осы
мәдениеттің маңызды бір қасиетіне жатады. Аспанды құдай ретінде қадірлеу
осы мәдениеттің маңызды бір қасиетіне жатады.
Қазақтың ХХ ғасырдағы мәдениеті
Абайдан басталған қазақ мәдениетіндегі тың сырын ХХ ғасырдың бас
кезінде ары қарай жалғасты. Қазақ мәдениеті ХХ ғасырды әрі үмітпен, әрі
түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық және демократиялық
прогресс Азия орталығына жа жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы
халықты толғаандырып, оны азаттық үшін күресуге күресуге ұмтылдырды.
Әрине, ұлт-азаттық күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық
және реформалық қозғалыстар да әсерін тигізеді. Алайда қазақстандағы
толқулар тек орыс революционерлерінің ықпалымен болды жеу жаңсақ пікір.
Бірде-бір ресейлік саяси ұйым мен белгілі қайраткерлер империяны таратып,
басқа ұлттарға азаттық әперу туралы мәселе көтермеді. Социал-демократтардың
өздері Шығыс халықтарының оянуына панисламизм, пантюркизм айдарын тағып,
күдіктене қарады. Мәселе, сонымен бірге Ресейдің халықтары әр түрлі
өркениеттерге жататындығында. Батыс христиандарына жақын эстондар мен
араб-парсы әлеміне түбірлес өзбек, қазақтардың арасында ортақ мәдени
негіз тым аз еді.
Өзіне туысқан халықтардағы сияқты Қазақстандағы мәдени қайтадан
жаңғыру орыс экспансиясына қарсы шығудан басталды. ХХ ғасырдың басында
қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткердлердің бірі Міржақып дулатов
қазақ халқының манифесі – Оян қазақ! өлеңін жариялады. Ол тұңғыш рет
ашық күреске шақырған. Міржақып Дулатов саяси мәселелермен қоса өз
шығармасында қазақ мәдениетін тұйықтан шығаратын жолдар іздеді.
Екі ғасырдың арасында қазақ мәдениетінде пайда болған бір құбылыс
кейін өріс алған маргиналдықтың көбейюі. Бұл жерде әңгіме ұлттық
мәдениеттен алыстап, үстемдік етіп отырған жат өркениетке қызмет еткендер
туралы болып тұр. Болыстар мен тілмаштар, әкімшіліктің мәңайындағы неше
түрлі пысықтар мәдениеттен қол үзе бастады.
Екі ғасырарасында қазақтың ұлттық санасының оянуына үлкен әсер
еткен тұлғаның бірі - Әлихан Бөкейханов. Ол қазақ хандарының тікелей
ұрпағы, ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшісі, қазақтың алғашқы саяси
партиясының басшысы, қазақтың бірінші ұлттық үкіметі – Алашорданың көсемі
еді. Әлихан Бөкейханов сан қырлы қоғамдық қызметтерімен бірге қазақтың
рухани мәдениетін алғашқы зерттеушілердің қатарында танымал. Ол Абайдың
шығармашылығы туралы тұңғыш мақаланы жариялады, қазақ эпосы мен
фольклоры жөнінде әлі күнге дейін ғалымдардың өздерінің ой тереңдігімен
таң қалдыратын еңбектер жазды.
Қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес із қалдырған
алып тұлғаның бірі - Шәкәрім Құдайбердіұлы. Оның шығармашылығының негізгі
тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтиды. Шәкәрім Абайдың
немере інісі және ұлы ақынның мұрасына сүйенген. Ол арнайы оқу орнында
оқымаса да, араб, парсы, орыс, шағатай тілдерін өз бетімен үйреніп, сол
тілдердегі шығармалардан дала ойшылы тұрғысынан ой қорытқан.
Абая сияқты Шәкәрім де қазақ елін қалай өркениетті, мәдениетті елдер
қатарына қосамын деп талпынады. Оның ойынша, бұл азаматтық өтеудің басты
шарты туған елдің бүкіл тарихи мәдени құндылықтарын жоғалтпай, оларды
заман талабына сәйкес қолдану. Шәкәрімнің рухани ізденісіне ежелгі сақ-
түрік заманынан қалыптасқан ғарыштық дүниетаным ерекше орын алады.
Қазақ мәдениетінде бұрыннан келе жатқан идея – жанның мәңгілігі. Әл-
Фараби мен Қожа Ахмет Иассау, Абай мен Мағжан жалпы Шығыс ғұламалары
бойынша, адамның дүниедегі тіршілік ету мағнасы жанның мәңгілігімен
айқындалады. Әйтпесе өмір мазмұны жануарлық күн көруден алыс кетпек
емес. Әлем мен адамға бағыт беретін жол көрсетуші, мәңгілік пен
шексіздіктің кепілі – Нұр. оған адамның жай ақылы жетпейді, оның аңғару,
түсіну, жан дүниеңмен қабылдау қажет. Өтпелі өмірден мәңгілікке көшу,
басқа сөзбен айтқанда, бұл дүниеден кету дегеніміз адам жанының Нұрға
қосылуы.
ХІХ ғасырдың ортасынан кейін қалыптаса бастаған жазба әдебиеті де
кеңёс Өкіметі жылдарында біршама табыстарға жетті. Сәке Сейфуллин, Мүхтар
Әуезов, Сәбит Мұқанов, Бейімбет Майлин, Мұқағали Мақатаев сияқты көптеген
ақын-жазушылар, социалистік реализм мен тап күресі идеологиясының
шёнберінен шығып, өз шығармаларында халықтың көңіл-күйін, арман-тілегін,
тыныс-тіршілігін шебер суреттей біледі.
Осы жылдары қазақ халқының мәдени тарихын зерттеп-білуге бағытталған
біршама әрекеттер жасалды. Тарихи ескерткіштерді қорғау, сақтау, Қазақстан
тарихын көрсету мақсаттарында республикада қоптеген мұражайлар
ұйымдастырылды.

қазақстан жеріндегі дӘстүрлі шаруашылық-мӘдени типтер
Қазақ мәдениетін қарастырғанда туатын маңызды мәселе шаруашылық-мәдни
типтердің (ШМТ) өзіндік ерекшеліктерін анықтаумен байланысты. Шаруашылық
мәдени тип ұгымы соңғы кезге дейін этнографиялық және тарихи зерттеулерді
көбірк қолданылып келді. Шаруашылық-мәдени типтердің нақтылы мысалдары:
арктикалық аңшылар, тропиктегі аңшылар мен терімшілер, өзен аңғарларындағы
егіншілер, оазистік дихандар, еуразиялық көшпелілер .
Шаруашылық-мәдени тип ұғымының тым абстрактылы алынған түрі
ретінде қоғамдық-экономикалық форомацияны да көрсетуге болады. Бірақ бұл
ұғым тым дерексіздендірілгенжәне әмбебаптық сипаты жеткіліксіз. Мысалы,
еуразиялық номалдаларды осы бес фармацияның ешқайсысына тіркеп қоюдың
негізі жоқ. Оларды зиялық өндіріс тәсілінің өкілдері деудің де реті аз.
Бұл жерде Азия ұрылығындағы әртүрлі шаруашылық типтерінің арасындағы
айырмашылық жоғалып кетеді. Дала феодализмі сияқты атаудың ойдан
құрастырылғаны тікелей көрініп тұр.
Тікелей мағынасын алғанда, шаруашылық мәдени тип ұғымы әлеуметтік-
экономикалық дамудың бір деңгейінде тұрған топтастықтардың ұқсас табиғи
ортадағы тарихи қалыптасқан біріктес шаруашылық пен мәдениет жүйесін
бейнелейді.
Шаруашылық-мәдени типтер уақыт пен кеңістіктің әрекет ету және даму
заңдылықтарына тәуелді. Бұл процесті шаруашылық-мәдени конвергенция
(тұтастану, жүйелену) деп атауға болады. Шаруашылық мәдени типтің құрылымы
неғұрлым күрделі болса, онда оның климат пен ландшафтан тәуелділігі
соғұрлым аз болады.
Шаруашылық-мәдени типті динамикалық қимыл-қозғалысты, үнемі
өзгерістер үстінде қарастыру керек. Яғни бұл типология тарихи типологияға
жатады, шаруашылық-мәдени типтер уақыт ағымына тәуелді.
Көшпелілік шаруашылық-мәдени тип Қазақстан жеріндегі климаттық және
ландшафтық ерекшеліктерді ұтымды пайдалана білген. Оны маусымдық
жайылымдардың алмасуы деп атауға болады және ол Қазақстан территориясында
номадалық типтің ХХ ғасырдың басына дейін басым болғандығын дәлелдейді.

ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ ДІНИ ЖҮЙЕЛЕР МЕН ТИПТЕР
Қоғамның маңызды бір саласы дінді қамтымай мәдениет толымсыз болар еді.
Егер біз мәдениетті адамның дүниедегі болмыс тәсілі деп қарастырсақ, онда
дін осы болмысқа мағыналық және тұрақтылық беретін күшке жатады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдет-ғұрып заңдары
Әлемдік өркениеттегі қазақ мәдениетінің орны
Ұлы Дала - көшпелілер мәдениетінің аймағы
Ислам дінінің мәдениет қалыптастырудағы аксиологиялық қызметі
Көркемдік білім туралы түсінік
Алтын Орда әдебиетінің көрнекті ақыны Хорезмидің Махаббатнаме дастаны
Қазақ мәдениетінің бастаулары. Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы
Қазақ халқының ұлттық рухани мәдениетінің бастаулары
Мәдениет теориясы пәнінен дәрістер кешені
Әдеби дәстүр мен жаңашылдық, халықаралық әдеби байланыс туралы
Пәндер