Жамбылдың ұстазы еді майкөт ақын
Ғасыр мен ғасыр беттесіп, уақыт теңізінің алып толқындары жалын желбіретіп аспанға шапшығанда, тереңде қалған жақұт жырлар да жарға жабысып, жаңа дүние жағалауына шығатыны болады. Тіршілік тауқыметінен қашып, қарттыққа бой алдыра бастаған, балалық, жастық, жігіттік дәуреннің отты өлеңдері, жалынды жырлары сол өткен ғасырдың тереңіне шөге бастаған шағында қайта жаңғыратын, жасаратын ақындар болады. Адам баласы қатарында мұндай құдіретке, мұндай қасиетке жүз жыл бойына тынбай шындық деп соққан, шындық деп жырлаған ұлы жүрек иесі ғана лайық. Жүз жыл жасап, жүз жыл жырлау құдай мен халықтың сүйген кісісінің ғана қолынан келмек. Ал жүз жыл жасап, жүз жыл бойы шындықты жырлау мәңгілікпен бірдей құбылыс. Көзінің тірісінде-ақ «Өлең сөздің пірі», «Поэзия алыбы», «Алатау сынды ақсақал», «Жыр күмбезі», ал 90-нан асқан жасында «XXI ғасырдың Гомері» атанған, ұлы Абайдың құрдасы Жамбыл – халық ауыз әдебиетінің қайнар көзі.
Шу өңірінде дүниеге келген ақын оқу оқып, білім ала алмаса да, өзінің суырыпсалма ақындық өнерге икемді екенін жасынан-ақ танытқан. Жамбылдың ата-тегінде не ақын, не әнші болмаған. Шешесі Ұлданның нағашысы даңқты қобызшы болыпты.
Сөз мәйегіне уызынан жарыған бала шәкірт ауыл молдасының дүбәра оқуын місе тұтпайды. Есейіп, сөз өнерін қууға ниет ете бастаған бала молда алдындағы қорлықты қазақ поэзиясында бірінші рет өлеңмен суреттейді.
Шып-шып етіп молданың,
Қолындағы тобылғы
Қозғалтпайды жонымды
Талай дүре соғылды
Торсылдатып танадай
Жыртар болды тонымды.
Немесе:
Оқымаймын молдадан
Не оқытпақшы ол маған
Бала келсе сабаққа
Жем дәметкен дорбадан, - деп дүмше молдадан безгенін мектеп қабырғасынан-ақ біздер ризалық сезіммен оқыдық десем артық болмас. Ал болашақ жыр дүлдүлінің ұстазы кім болған?
Жамбылдың поэзия жолында үлгі алған ұстазы – Сүйінбай ақын деп жүрміз. Сүйінбай жырлары ел басшыларына жағынбай, шындықты айта білуімен, өткірлігімен, тапқырлығымен ұнаған және халық арасында кең тараған. Жасынан сөз өнеріне жетік, шыншыл, бірбет Жамбылдың алғашқы

Пайдаланған әдебиеттер:
М.Сандыбайұлы. Жампоз. Алматы. 2004
Н.Төреқұлов. Жүз жасаған бәйтерек. Алматы. 1989
Ж.Жабаев. Екі томдық шығармалар жинағы. Алматы. 1982
Ж.Жабаев творчествосы. Алматы. 1989

ЖАМБЫЛДЫҢ ҰСТАЗЫ ЕДІ МАЙКӨТ АҚЫН
Ғасыр мен ғасыр беттесіп, уақыт теңізінің алып толқындары жалын
желбіретіп аспанға шапшығанда, тереңде қалған жақұт жырлар да жарға
жабысып, жаңа дүние жағалауына шығатыны болады. Тіршілік тауқыметінен
қашып, қарттыққа бой алдыра бастаған, балалық, жастық, жігіттік дәуреннің
отты өлеңдері, жалынды жырлары сол өткен ғасырдың тереңіне шөге бастаған
шағында қайта жаңғыратын, жасаратын ақындар болады. Адам баласы қатарында
мұндай құдіретке, мұндай қасиетке жүз жыл бойына тынбай шындық деп соққан,
шындық деп жырлаған ұлы жүрек иесі ғана лайық. Жүз жыл жасап, жүз жыл
жырлау құдай мен халықтың сүйген кісісінің ғана қолынан келмек. Ал жүз жыл
жасап, жүз жыл бойы шындықты жырлау мәңгілікпен бірдей құбылыс. Көзінің
тірісінде-ақ Өлең сөздің пірі, Поэзия алыбы, Алатау сынды ақсақал,
Жыр күмбезі, ал 90-нан асқан жасында XXI ғасырдың Гомері атанған, ұлы
Абайдың құрдасы Жамбыл – халық ауыз әдебиетінің қайнар көзі.
Шу өңірінде дүниеге келген ақын оқу оқып, білім ала алмаса да, өзінің
суырыпсалма ақындық өнерге икемді екенін жасынан-ақ танытқан. Жамбылдың ата-
тегінде не ақын, не әнші болмаған. Шешесі Ұлданның нағашысы даңқты қобызшы
болыпты.
Сөз мәйегіне уызынан жарыған бала шәкірт ауыл молдасының дүбәра оқуын
місе тұтпайды. Есейіп, сөз өнерін қууға ниет ете бастаған бала молда
алдындағы қорлықты қазақ поэзиясында бірінші рет өлеңмен суреттейді.
Шып-шып етіп молданың,
Қолындағы тобылғы
Қозғалтпайды жонымды
Талай дүре соғылды
Торсылдатып танадай
Жыртар болды тонымды.
Немесе:
Оқымаймын молдадан
Не оқытпақшы ол маған
Бала келсе сабаққа
Жем дәметкен дорбадан, - деп дүмше молдадан безгенін мектеп
қабырғасынан-ақ біздер ризалық сезіммен оқыдық десем артық болмас. Ал
болашақ жыр дүлдүлінің ұстазы кім болған?
Жамбылдың поэзия жолында үлгі алған ұстазы – Сүйінбай ақын деп
жүрміз. Сүйінбай жырлары ел басшыларына жағынбай, шындықты айта білуімен,
өткірлігімен, тапқырлығымен ұнаған және халық арасында кең тараған. Жасынан
сөз өнеріне жетік, шыншыл, бірбет Жамбылдың алғашқы өлеңдерін Сүйінбай
мақұлдап, оған бата берген. Өлеңді тыңдаушының көкейінен кетпейтіндей
етіп айт. Сенің өлеңдерің жеке адамдардың емес бүкіл халқымыздың игілігіне
айналатын болсын. Көмеймен емес, жүрекпен жырла. Әрқашан әділ
сөйлеп, адал бол, - дейді үлкен ақын жас шәкіртіне.
Поэзия алыбы, Алатау сынды ақсақалымыздың шығармашылығын зерделей
қарасақ, Жамбылдың ақындық, жыраулық тұлғасының қалыптасуына есімі жыр
жұлдыздары шоғыры арасында Түбек, Құлыншақ, Бақтыбай, Майлықожамен қатар
аталатын Майкөт Сандыбайұлының септігінің тигеніне көз жеткізу қиын емес.
Мен Жамбыл Жабаев шығармаларының екі томдық жинағынан Жамбыл мен Майкөт
ақынның дидарласуын зерделеп оқып шықтым. Бұл дидарласу Айтыстар бөліміне
енгізілген.Оны оқи отырып мен Майкөт ақын жайлы тереңірек білуге тырыстым.
Көптеген айтыстарда тұрмыстық жай, әдет-ғұрып, жол-жоралғылар сөз бола
отырып, әлеуметтік мәселелерге барып тіреледі. Уақыт көшінде көңілдің
рухани көкжиегін кеңітетін Жамбылдың Құлмамбетпен айтысы қазақ әдебиетінде
біршама кең зерттеліп, бағасын алды деп айта аламыз. Ал менің бүгінгі
тоқталмағым Жамбылдың Майкөтпен дидарласуы. Жамбылдың Құлмамбетпен қағысы
әлеуметтік мәселелерге түзілсе, Майкөт ақынмен дидарласуы сыпайы сөздермен
өрілген.
Майкөт Жаныс руынан, Әулиеата маңында тұрған. 1825 жылы жыр елімен
көркемдік құбылыстың тайқазанында біте қайнасқан құнарлы Қаратау
топырағында дүниеге келген. Ол кез ән-күйін әспеттеп, қаһармандық пен
сұлулықтан сыр тартып, жанартаудай лапылдаған жырға құлақ құрышын
қандырған көшпелілер ұрпағы әлі де ішкен асын жерге қойып, өнер десе өре
түреген заман еді. Майкөт Сандыбайұлы Сыпыра жырау, Асанқайғы мен Бұқар
жырау дәстүрі мен жаңашылдығын жандантып, бұйығылана бастаған рауан рухты
қайта оятып, поэзияның ыстық демінің көкіректегі қоламта шоғын үрледі.
Майкөт Майлықожа, Құлыншақ, Түбек, Мәделіқожа, Бұдабай, Бақтыбай және басқа
жыр тарландарымен айтысып, ақындық биігін шыңдады. Оның Бөлтірікпен сөз
қағысуында “Сен түгіл Сүйінбай мен Бақтыбайдың бәпігін Майкөт ағаң басқан,
бала” деуіне қарағанда, жасы екі мүшелдей үлкен Сүйінбай Аронұлымен
айтысқандағы жыр шоқпарын сүйсінбеу оқу мүмкін емес. Олай болса,
Майкөттің жас Жамбылмен сөз қағысқаны, қағысқанда да жыр топанындай
төпелетіп, тығырыққа тіреген де болар деп қаласыз. Бірақ “Қазақ кеңесі
анықтамасында” айтылғандай, Майкөт Сандыбайұлы Жамбыл Жабаевпен ұстаспаған.
Ал оның тарих санасында “Жамбылдың Майкөтпен дидарласуы ” деп аңыздай есіп,
жаңғырып тұрғаны хақ.. 1891 жылы Шапырашты Сарыбай асына келген Майкөт ақын
Жамбылға ағалық назын білдіріп, парасат-пайым танытып, “кәрі досына” неге
сәлем бермеді деп өкпесін білдіреді.
Алыстан кәсіп айдап, Майкөт келді
Бір сөзі бір сөзінен қайта өтпейді
Сағынып бала қаздай зорға жеттім,
Саңлағын Жетісудың көргім келді, - деген суырыпсалма сыры өз турасында
көп жайды аңғартатындай. Өкінішке орай, өткен ғасырдың басында көз жұмса
да, бізге жыр тарланы – Майкөттің бар өмірі жөнінде жеткен мәліметтер тақұл-
тұқыл, тым аз, сақталған аз ғана еңбектері оның ақындық та, азаматтық та
тұлғасын тұтас ашып бере алмайды. Кенен Әзірбаев өткізген “Жетісудың игі
жақсыларымен жүздесуі”, Ғылым академиясы қорындағы Ж.Жантөбетов,
Қ.Байболұлы мен Ф.Ғабитова нұсқаларындағы “Құлмамбет пен Майкөттің айтысы”
және “Жамбылдың Майкөтпен дидарласуы” жыраулық құдірет қуатын
байқатқанымен, толық тануға әлі жеткіліксіз. Тіпті М.Мағауин мен
М.Байділдаев құрастырған “Қобыз сарынында”, одан кейін “Бес ғасыр
жырлайды”, соңғы “Ай, заман-ай, заман-айда” Майкөт ақынға орын тимегені
қисынсыз. Майлықожа, Құлыншақ, Құлмамбетпен қатар аталатын Жамбыл ұстазының
бес ғасыр шешіресіндей жинақтан шет қақпай болуы қалай? Бұл жағдай бүгінгі
күні тараздық ғалымдарды толғандырып, олардың тарапынан зерттеле бастауы
қуанарлық жәйт.
Ал осы дидиарласу қалай өтті дегенге келетін болсақ, 1890 жылы “Дала
уалаяты” газетінде жазылғандай, Алатау аймағының атақты биі Сарыбай
Айдосұлы қайтыс болады да, 1891 жылы Майтөбе жайлауында ас болатындығы
айтылады. Уағдалы хабарланған уақытта ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz