”Тапсырыспен” кісі өлтіру


ЖҰмыстыҢ мазмҰны

Кіріспе 2

1 тарау. ”Тапсырыспен” кісі өлтіруді тергеуді тергеудің жалпы ережелері . . . 4

1. 1. ”Тапсырыспен” кісі өлтірудің криминалистикалық сипаттамасы . . . 4

1. 2. Тергеушінің анықтама органымен өзара әрекеттестігі . . . 12

1. 3. ”Тапсырыспен” кісі өлтіруді тергеу бойынша қалыптасатын біртектес ахуалдар мен версиялар . . . 15

2 тарау. ”Тапсырыспен” кісі өлтірудің алғашқы кезеңінде жүргізілетін тергеу әректтері . . . 20

2. 1. Оқиға болған жерді қарау . . . 20

2. 2. Куәлардан жауап алу . . . 31

2. 3. Сезіктілерден куәлардан жауап алу . . . 34

2. 4. Тінту . . . 38

2. 5. Тағайындалатын сараптамалар . . . 42

Қортынды . . . 45

Қолданылған әдебиеттер . . . 46

Кіріспе

Әркімнің өмір сүруге құқығы бар, Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 бабы. Осы баптың екінші бөлімінде ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ, тек қана өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленетіндігі көрсетілген. Адамның өмірі табиғатпен берілетін ең асыл, бағалы сыйлығы. Адам өмірінің негізгі жауы қызғаныш, билікке таласу, бақталастық, пайда күнемдік және т. б.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында кісі өлтірудің саны, оның ішінде ”тапсырыспен” кісі өлтірудің үлесі де өсіп отыр. Оған себеп жоғарыда көрсетілген жағдайлар. Ал криминалистика ғылымының негізгі тапсырмасы, осы қылмыстар мен күрестің тиімдігін арттыру.

Талдау көрсетіп отырғандай ”тапсырыспен” кісі өлтірудің санының өсуі пайдақорлыққа, адамдардың қатыгездігінің өсуіне тікелей байланысты.

Еліміздің нарықтық экономикаға көшуі, адамдардың арасының мүліктік бөлінуі аталып отырған қылмыстардың өсуіне септігіп тигізіп отыр.

Ішкі істер министрлігінің шолуына назар аударатын болсақ, ”тапсырыспен” кісі өлтірудің саны 1992 жыл мен 1999 жыл аралығында елу бір болып оның отыз бірі ашылған. 1999 жылы ең жоғарлаған шыңы тоғыз ”тапсырыспен” кісі өлтіру болған. Бұл қылмыстар қазіргі таңға дейін жалғасып келеді.

”Тапсырыспен” кісі өлтіру қылмыстарын тергеу мен ашу аса күрделілік туғызып қана қоймай халықтың арасында үлкен дүрбелең туғызады. Кісі өлтірудің бұл түрі үлкен дайындықпен жасалынып, қылмыстың ізін жасыру тәсілдері толығымен қамтылады, сол себепті бұл қылмысты тергеу құқық қорғау органдарынан қылмыстарды тиімді тергеу әдістемесін талап етеді. Осының өзімен-ақ біздің қарастыруымыздағы қылмыстардың өзектілігін анықтауға болады.

Бітірушілік біліктілік жұмысының алдына қойылған мақсаты ”тапсырыспен” кісі өлтіру қылмыстарын тергеу және ашу бойынша әдістемелік ұсыныстарды өңдеуді оқу болып табылады. Көрсетілген мақсаттарға жету үшін келесі мақсаттар қойылды:

-”тапсырыспен” кісі өлтірудің криминалистикалық сипаттамасының өңдеулерін талдау;

-қарастырылып отырған санаттағы қылмыстық істерді тергеу барысында тергеушінің анықтама органы қызметкерлерімен өзара әрекеттестігінің шарттары мен нысандары;

-қылмыстық істі табысты тергеу, дәлелдеу үшін жүргізілетін тиімді тергеу әрекеттерінің тәсілдерін, ақпараттық қамтамасыз ету, алдын ала профилактикалық әрекеттері бойынша өңдемелерді және ұсыныстарды оқып танысу.

Көрсетілген жағдайлардың қортындысында біліктілік бітірушілік жұмысының мазмұнын анықтау.


1 Тарау. Жалпы ережелері.

1. 1. ”Тапсырыспен” кісі ӨлтірудіҢ криминалистикалыҚ Сипаты

Жеке тұлғаларға қарсы қылмыстардың ішіндегі ең қауіптісі-кісі өлтіру болып саналады. Кісі өлтіру дегеніміз заңда көрсеткендей ”Кісі өлтіру басқа адамға қасахана өлім келтіру болып табылады, ал екінші бөлімнің ”3” тармағы ”пайда көру мақсатында немесе тапсырыспен, тонаумен, қарақшылықпен, бандитизм мен ұштасқан” дәрежелеуші белгілері туралы айтылған. Елде басталған әлеуметтік-экономикалық дағдырыстарға байланысты ”тапсырыспен” кісі өлтірудің санының күрт өскені байқалады. Олардың үлестік салмағының, басқа кісі өлтірулермен салыстырғанда аздығына қарамастан, олармен қоғамдық резонанстар көп белең алуда, нақты осы кісі өлтірудің түрлері қауіпті болып, ондай қылмыстарды ашу маңызды күштерді талап етеді.

”Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы ғылыми абстракция. Ол қылмыстың біртекті ахуалдық белгілерін, бұл қылмыстың түрінің біртекті мазмұнын көріністейді.

Ол тергеудің алғашқы кезеңінде қалыптасатын мәліметтерді, қылмысты жасау және жасыру, оқиға болған жердің біртекті ахуалын /уақытын, орнын және басқа да жағдайларды/, қылмыскердің жеке басын және жәбірленушінің жеке басын қамтиды. Криминалистикалық сипаттама осы санаттағы қылмыстық істер бойынша дәлелдеу затын көріністейді1.

Бұл үлкен оқымыстылар мен берілген қылмыстың анықтамасының бірі. Ол осы күнге дейін криминалистикалық сипаттамасының, оның құрылымының түсінігі бойынша болып жатқан пікір таласқа байланысты.

Деген мен, криминалистикалық сипаттама кез-келген жеке әдістеменің құрылымына негізделген элементі екендігі және де ”тапсырыс” бойынша қылмыстық істерді тергеу бойынша дұрыс бағыт беретіндігі, іздеудегі қылмыскерлерді іздеп табу бойынша ұйымдастыру, кінәлілерді қылмыстық жауаптылыққа тарту барысында үлкен атқаратындығы даусыз.

Жоғарыда көрсетілгендей негізінен оқымысты ғалымдардың көз қарастары, алда тұрған тапсырманы шешу үшін қажетті криминалистикалық сипаттаманың элементтеріне келгенде бөлініп жатады.

ҚР ҚК 96 бабының 2-ші бөлімінің ”3” тармағы бойынша дәрежеленетін ”тапсырыспен кісі өлтірудің” түсінігін ашқан дұрыс болар еді /1/.

”Тапсырыспен” қасахана кісі өлтіру болып, нақты бір тұлғаның өлуіне мүдделі емес тұлғамен тек қана пайда көру мақсаты мен /тек қана материалды емес/ делдалдың қатысуымен /кей жағдайларда қатысуынсыз да/, үшінші тұлғаның мүддесі үшін /ұйымдастырушының/ кек алу, ұнамайтын адамды жоюы.

”Тапсырыс-бұл қандай да бір тапсырманы, қандай да бір марапат үшін орындауды тапсыру”/2/. Дегенменде барлық кезде және басқа да жағдайлардың барлығында орындаушының атқарған жұмысына байланысты сыйлық ала бермейді. Алайда, ол орындаушыда қандай да пайда көру мақсаты болған жоқ деп айтуға болмайды, ол сыйлықты ақша күйінде алмасада оның жасаған әрекеті үшін орындаушыға тиімді пайда болады. Мысалға айтатын болсақ, банданың басшысының бұйрығы бойынша жасалынуы мүмкін, бірақ та банда басшысы оны орындағаны үшін орындаушының ”қызметін жоғарлатуы” мүмкін.

”Кісі өлтіру әрқашанда өзінің жанасу немесе оның элементтерінің ізін қалдырушы қылмыс болып саналады” деп жазды Л. Д. Самыгин /3/. Бір-біріне өзара әрекеттесіп, өзара түйісетін төрт элемент бар: кісі өлтіруші, жәбірленуші, кісі өлтіруді жасау тәсілі /дайындалу, уақыты, орны, қылмыс жағдайы/, қылмыс құралы. Қортындысында ”іздердің төрт бұрышы” пайда болады. Біздің түсінігімізше, көз қарасымыз бойынша қарастырылып отырған қылмыстың криминалистикалық сипаттамасының негізгі элементтері болып табылады.

Тапсырыс бойынша кісі өлтіру, яғни қылмыстың субъективтік жағын сипаттайтын сыйлық үшін және жайды ауырлататын кісі өлтіруге жатады, қылмыстың құрамын дәрежелеу белгісі ретінде алғашқы рет жаңа 1998 жылдың 1-ші қаңтарынан қолданылған Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 96-шы бабының екінші бөлімінің «3» тармағында қарастырылған.

Талдау көрсеткендей тапсырыспен кісі өлтіру, Қазақстан бойынша көп бөлігі Алматы қаласында жасалынды. Елдегі соңғы жылдардағы экономикалық алауыздыққа қарамастан, мына қызмет көрсету және тауар нарығы белсеңді өсуде, көлеңкелі бизнесті заңдастыру, ақша айналымы өсіп, қаражат несие институтына негізделіп тұрақты болып қалуды.

Тапсырыс бойынша кісі өлтіру Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының ажырамайтын бөлігі болып отыр.

Бұл қылмыстың санының осы және басқа аймақтарда күрт өсуі қылмыстық топтар арасында ықпал ету аумақтарды, пайдалы мекемелерді жекешелендіруді өзара бөлісе алмау негізінен туындауда.

Мысалы, 1997 жылы Өскемен қаласындағы Әділ АҚ жекешелендіру барысында (үлкен пайда келтіретін - арақ зауыты) бұрынғы Өскемен қаласындағы иелерімен, Алматы қаласынан жаңа иелерінің коммерциялық құрылымының қызығушылықтары түйіскен.

Қорытындысында: мамыр айында Әділ АҚ шыға берісте екі баскесер автоматты қару қолдану арқылы фирманың төрт күзетшісін автокөлік ішінде, шілдеде (Летний сад) кафесінде екі баскесер халық алдында және қатыгездікпен АҚ директоры Есжановты атып, желтоқсан айында Әділ АҚ бұрынға директорын өлтіруге оқталу жасалған /4/.

Тапсырыс бойынша кісі өлтіруді жасау тәсілі.

Тапсырыс бойынша кісі өлтіруді жүзеге асырудың тәсілі, басқа кісі өлтіруден маңызды айырмашылығы бар, ол мақсатқа жету мүмкіндіктерімен, жүзеге асыру ойымен анықталынады. Сонымен қатар, көп жағдайларда орындаушының мінезіне және кәсіптілігіне байланысты. Кәсіби дайындығы жоқ киллердің (киллер - дилетант) әрекеті жәй кісі өлтірушінің әрекетін сипаттайды.

Кәсіби өлтірушінің әрекетінің тәсілі, бірінші кезекте орындау әрекетімен ерекшеленеді, ондай орындалулар тек жоғарғы класты мамандарға тән. Мысалы түнгі уақытта ұзақ арақашықтық дәлдеген орындарына нақ тигізуі және т. б. Сонымен қатар кәсіби киллерлер өздерінің жылдамдығымен және шешімді әрекеттерімен, кісі көп орындарда күндіз орындауымен, оқиға болған орындардан кедергісіз кетуімен, сондай-ақ, оқиға болған жерде ешқандай із қалдырмауымен ерекшеленеді. Келесі жәйт, киллер жәбірленушімен ешқандай қарым- қатынаста болмайды.

Талдау барысында және беті ашылмаған тапсырыс бойынша кісі өлтіру тәсілдерін салыстыруда, ортақ жасау тәсілін анықтауды кейбір ерекшеліктерін ескерген жөн.

Бірінші - кәсіби орындаушы оқталу орнын және уақытты, құралдарды қолданып әртүрлі тәсілдермен жасалуы мүмкін.

Екінш і- кейде тапсырысты орындауда, екінші жақтың қарсы әрекеттеріне ұшырауы мүмкін. Бұл әрекетте қарым - қатынасты шешу бойынша тапсырысқа тән болады.

Үшінші - кейбір жағдайларда сырттан қабылдау әртүрлі мақсатты анықтайды. Мысалы - жою, қорқыту әрекеттері салдарын көрсету және тағы басқалар. Сол себепті орындаушының оқталу тәсілдерінің, сырттай ұқсас тәсілдерін қол таңбалар айырмашылығын бөлшектеп іздеу қажет автокөлікті жару орнымен, жарылғыш құрылғыларды қою тәсіліне, оның түріне, қолданылған жарылғыш заттардың санына және сипатына) ал сыртқы айырмашылығы болғанда - оқталуды орындау технологиясына және мазмұнына.

Тапсырыс бойынша кісі өлтіруге дайындыққа келесідей негізгі әрекеттер кіреді:

А) тапсырыс беруші жағынан:

  • делдал таңдау;
  • киллер іздеу;
  • қару таңдау және алу;
  • киллерді транспорт құралымен қамтамассыз ету;
  • орындаушымен толық есептесу үшін қажетті сома дайындау;
  • киллермен байланысты жүзеге асыру;
  • акцияны жүзеге асыру кезеңіне алиби дайындау.

Б) орындаушы жағынан:

  • жәбірленушімен таныстық, оның өмір сүру шартымен және жұмысының тәртібін оқып-танысу;
  • өлтірудің сценариін дайындау және келісу;
  • шабуыл жасау орнын таңдау;
  • қаруды тексеру;
  • тапсырушымен байланыс орнату.

Зерттеліп отырған мәселені талдау көрсеткендей, тапсырыс бойынша жасалынатын кісі өлтірулер қылмыскерлермен әртүрлі тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.

Бірінші топты атыс қаруларын қолданумен жарақат келтіру арқылы кісі өлтіру. Кісі өлтірудің жалпы 55 пайызын құрайды.

Екінші топты жарылыс құрылғыларын қолдану арқылы кісі өлтіру. Кісі өлтірудің жалпы 8 пайызын құрайды.

Үшнші топқа - бұл жәбірленушіге шабатын-кесетін суық және басқа да заттарды қолдану арқылы кісі өлтіру Кісі өлтірудің жалпы 20 пайызын құрайды.

Төртінші топқа - жәбірленушіге аяқ-қолымен немесе қандай да бір зат-пен өмірге қауіпті органдарына ұрып-соғу, сондай-ақ демалу жолдарын тұншықтыру, улау арқылы кісі өлтіру. Кісі өлтірудің жалпы 3 пайызын құрайды.

Тапсырыс бойынша кісі өлтіруді жасырудың тәсілдерін қарастырайық:

Бірінші топқа, жәбірленушінің мәйітін жасырумен байланысты тәсілдер кіреді. Олар:

-мәйітті жабусыз, жоюсыз, бөлшектеусіз, бет- әлпетін танымайтындай етіп зақымдаусыз қылмыс орнын ауыстыру;

-мәйітті жабусыз, жоюсыз, бөлшектеусіз, бет- әлпетін танымайтындай етіп зақымдау мақсатында қылмыс орнын ауыстыру;

-қылмыс орнында мәйітті жартылай немесе толығымен жою, бет- әлпетін танымайтындай етіп зақымдау, бөлшектеу жатады.

Екінші топқа басқа да материалдық объектілерді жасыруға бағытталған тәсілдер кіреді. Олар:

- қылмыс жасау қаруын жасыру;

- қолданылған автокөліктерді жасыру;

  • қылмыскердің киімдерін, аяқ киімін және басқа да жеке заттарын жасыру;
  • қылмыс орнындағы қылмыскердің әрекетіне байланысты пайда болған әр түрлі материалдық сипаттағы іздер.

Үшінші топқа тергеуді шатыстыруға бағытталған әртүрлі комбинациялы тәсілдерді материалдық жағдай жасауға байланысты сақиналау.

Оның ішінде - сақиналау басқа да қылмыстың жағдайын жасап, көрсетуге, сондай-ақ тәсілдер қылмыстық емес сипаттағы көрініс жасауға бағытталады.

Төртінші топқа бар мәліметтерді жасыруға бағытталған. Олар;

  • жәбірленушілермен, куәлардан мәліметтер алуға кедергі жасау тәсілдері;
  • тергеу әрекеттерін жүргізу барысында мәліметтер алуға кедергі жасау тәсілдері және тағы басқалар.

Кісі өлтіруді жасау орны көп жағдайда тапсырушымен немесе киллердің өзімен анықталады және онда шешуші фактор болып тапсырысты орындау қауіпсіздігі табылады.

Қылмыс іздері. Тапсырыспен кісі өлтіруге дайындық және ізін жасыру барысында тән іздерге тоқталайық. Кісі өлтіруге дайындық барысында қылмыскерлер, қылмыскерлер қылмысты ашуға, шындыққа толығымен анықтауға кедергі болатын әртүрлі тәсілдерді және әдістерді қолданады, ондай іздер көп емес.

Іздеу ішінде идентификациалау үшін жарамды қол саусақ іздері, аяқ іздері, транспорт құралдарының іздері, биологиялық тектегі іздер (қан, сілекей, адамның организімінен бөлінетін басқа заттар) микроіздер кездеседі.

Ұымдастырушылар. Бірде - бір тапсырыспен кісі өлтіру оның қатыспауынсыз өтпейді, қылмыста соның қылмыстық ерігі және ойы жүзеге асырылады.

Ұйымдастырушылардың 70 пайызын еркектер құрайды. Шұғылдану түрі және өзара қатынасу дәрежесі бойынша олар келесідей топтарға бөлінеді:

-қылмыстық топтардың көсемі;

-комерциялыұқ құрылылымдардың басшылары;

-тұлға бизнес өкілдері, жанұя мүшелері, бұрынғы жұбайлары және т. б.

Қылмыстық топтардың көсемдері басқа бәсекелес қылмыстық топтың көсемдеріне қатысты қылмысты тапсырады.

Коммерциялық құрылымдардың басшылары өздерінің бизнес бойынша партнеларын (50%) және өздерінің бәсекелестерін (45%) жояды.

Тапасырыспен кісі өлтіруді орындаушылар. Орындаушыны анықтау күрделі тапсырма, ол ұйымдастырушымен көмекшіні анықтағаннан соң шешіледі.

Егер де ертеректе орындаушы ретінде тұрақты мекен жайы жоқ, жоғары және орта дәрежедегі жұмысшылар немесе кәсіби қылмыскерлер болса, соңғы жылдары кісі өлтіруді үнемі табыс көзіне айналдырған кәсіби киллерлер пайда болды.

Делдал тек қана орындаушы іздеумен ғана емес, ұйымдастырушы мен орындаушыны байланыстырушы болумен қатар, кей жағдайларда ас, тұрғын үй, автокөлік дайындауда және қылмыс ізін жасыруға белсенді қатысады.

Тапсырыс пен кісі өлтіру істері бойынша жәбірленушілер санағын құрайтындар:

  • бизнес сферасындағы басшылар (50% шамасында) қылмыстық топтардың көсемдері және мүшелері (30%) мемлекеттік және қоғам қайраткерлері (10% шамасында)

Мәліметтер бойынша негізінен бизнес сферасының әр түрлі дәрежедегі басшылары жиі жағдайларда жақын туыстары, бірер жағдайда таныстары, сондай-ақ мемлекеттік орган және мемлекеттік мекемелердің лауазымды адамдары.

Жас дәрежесі бойынша тапсырыс бойынша кісі өлтіру келесідей бөлінеді: 20 жасқа дйін - 7, 3%, 20-30 жас - 42, 7%, 30-40 жас - 26, 6%, 40 жастан жоғары - 23, 4%.

Қылмыскерлердің жеке бастары туралы мәліметтер. Қылмыскерлердің біртекті ерекшеліктері туралы мәліметтер криминалистикалық жоспарда, тергеудің бағытын, жүргізілетін тергеу әрекеттерінің және жедел іздеу шараларының реттіліктерінің бағытын анықтауға мүмкіндік береді.

Қарастырылып отырған қылмыстар адамдардың топтарымен кем дегенде екі немесе үш адамның қатысуымен жасалынады және олардың арасында рөлдер анық, нақты түрде бөлінеді. Қарастырылып отырған қылмыстарды жасауға екі немесе үш адамның қатысуы олардың алдарында тұрған мақсаттар мен тапсырмалар мен негізделеді.

Қарастырылып отырған қылмыстарға алдын ала дайындалу, тиянақты қылмысты жасау әрекеттерін ойластыру, ары қарай жасалынған қылмыстың ізін жасыруға бағытталған әрекеттердің болуымен, қылмысты жасауға арнайы дайындықтардан өткен тұлғалармен жасалынуы сипатты болады. Бұл көрсетілгеннің барлығы қылмыстық әрекетті жүзеге асыру үшін асқан ұйымшылдықпен және араларында рөлдерді бөлуімен ерекшеленеді.

Қазақстан Республикасында тапсырыспен кісі өлтіруді орындаушылар онша жоғары кәсіби деңгейімен ерекшеленбейді және де қылмыстық тәжірибелер төмен болып келеді, оны төмендегілерден байқауға болады:

1. Жақын және алыс қашықтықтан атып кісі өлтіру үшін үлкен кәсіби шеберлік қажет, тәжірибе көрсеткендей кәсіби орындаушылар жәбірленушімен және оның оқ қаһарларымен жақын байланысқа келмейді, сонымен қатар қылмыс орындарында аз іздер қалдырып, куәларға көрінбеуге тырысады.

2. Қылмыс қарулары өздерімен бірге алып кетеді, себебі ”тапсырыс” бойынша қылмысты орындау барысында өте қымбат бағалы қарулар пайдаланылады, ол кәсіби орындаушыларға тән нәрсе, Қазақстандағы жасалынған қылмыстар барысында қарудың кез-келген түрі пайдаланған.

3. Бір ғана экземплярдағы қаруларды оның қолдану ізі бойынша анықтаудың қиындыққа түсуі, ал Қазақстанда жасалынған қылмыстар бойынша көп жағдайларда кісі өлтіру барысында қолданылған қару қылмыс орнында қалдырылған.

4. Автоматты қаруларды қолданылған жағдайлардан басқа кездерде, жәбірленушіге көптеген жарақаттар келтіру орындаушының кәсіби дәрежесінің төмендігін, өзінің әрекетіне сенімсіздігін байқатады.

Әлеуметтік жағдайдың көрсеткеніндей, біздің қарастыруымыздағы кісі өлтірулерді өздерінің жұмыс жасауға барлық мүмкіндіктері бола тұра, тұрақты жалақы алмайтын тұлғалармен жасалады. Көптеген орындаушылар өткен өмірлерінде бұрын соңды сотталғандар. Көптеген кездерде ”тапсырыспен” кісі өлтіруді орындаушылар жалдаушылар мен жәбірленушілерден басқа мекен-жайларда, аймақтарда тұратындығын байқалды.

Жәбірленушілердің жеке бастары туралы мәліметтер.

Криминалистикалық сипаттаманы оқу барысында жәбірленушінің жеке басы туралы мәліметтер маңызды болып табылады. Жәбірленуші туралы мәліметтерді бағалау мемлекеттегі қылмыстық құбылыстардың өзгеру ахуалын толығымен және нақты анықтауға мүмкіндік береді. Жәбірленуші туралы мәліметтер тек қана дәлелдемелердің ақпараттық қайнар көздері ғана емес, сонымен қатар болған қылмысты ашуға өз септігін тигізеді. Көптеген ахуалдарда тергеудің ағымы және қылмыстың ашылуы жәбірленуші туралы мәліметтердің көлеміне байланысты болады. Жәбірленушінің жеке басы туралы мәліметтер қылмысты жасауға оның таныстарының қатыстылығы бар-жоқтығы туралы мәліметтерді нақты анықтап, бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жәбірленушінің өлімі кімге тиімді және оған кім мүдделі болды деген сұрақтарға жауап алуға болады. Бұл жинақталған мәліметтер қылмыскерді анықтап жою үшін мүмкіндіктерді көбейтеді. Бахин В. П., Байжасаров Б. З., Когамов М. Ч. жас шамалары бойынша келесідей пайыздық мәліметтерді ұсынады ”20 жасқа дейін - 7, 3 пайыз, 20-30 жас - 42, 7 пайыз, 30-40 жас-26, 6 пайыз, 40 жастан жоғары 26, 6 пайыз”. Сонымен қатар көптеген жәбірленушілер 25-пен 45 жас аралығындағы еркек жынысты тұлғалар екендігін де атап өткен жөн /5/.

Бородулин А. И. ”тапсырыс” бойынша кісі өлтіру істері бойынша келесідей негізгі жәбірленушілерді бөледі:

-үлкен мемлекеттік лауазым иелері және коммерциялық құрылымдардың, қаржы-несие мекемелерінің, фирмалардың, сауда кешендерінің басшылары;

-қылмыстық топтардың және қоғамдастықтардың мүшелері және көсемдері;

-жоғары өкімет органдарының, басқармаларының, қоғамдық қозғалыстардың, саяси партиялардың өкілдері;

-құқық қорғау органдарының қызметкерлері;

-бұқаралық ақпараттар құралдарының өкілдері;

-орта және шағын бизнес өкілдері;

-басқа да тұлғалар;

Соңғы топтарға:

-өзінің иеленуінде пәтерлері немесе жер участкілері бар тұлғалар;

-кридиторлық-дебиторлық қарыздарға қатынасы бар тұлғалар;

-қызғаныш, кек алу, бәсекелестегі тұлғалар;

-өзінің виктимдік мінез-құлқымен ерекшеленетін тұлғалар жатқызылады /6/.

Қылмысты жасау орындарды жалдаушымен немесе орындаушының өзімен анықталады. Ол орын шешуші фактор кісі өлтіру ”тапсырмасын” орындау қауіпсіз болуы тиіс. Самыгин А. Д. көрсеткендей ”мәйітті табу және қылмысты жасау орнымен барлық уақытта бір орын болып келмейді, оның масқаты іс бойынша жағдайды тез арада анықтауға мүмкіндіктерді жою” деп көрсетті /7/.

Слинко М. И. мәліметтері бойынша қылмысты жасауға оқталу орындары бойынша келесілерді ұсынады:

-үйлерге кіре берістер мен подъездер-37, 5 пайыз;

-көшелер-26 пайыз;

-автомобиль салондары-16 пайыз;

-пәтерлер-8, 8 пайыз /8/.

Жоғарыда көрсетілгендей ”тапсырыспен” кісі өлтірулер көп жағдайларда жәбірленушілердің мекен-жайы бойынша, олардың күзеттен босаған немесе күзеттің қырағылығы төмендеген және олардың белсеңді қарсылық көрсетуіне мүмкіндіктері болмаған кездерде жасалынады.

Кісі өлтіруді жасау уақыты және орны жәбірленушілердің күн тіртібі есебінен, өздерінің қылмыстық әрекеттерін жүзеге асыруға қолайлы таңдалады. Бояров В. И. мәліметтері бойынша оқиғаның болу уақыты келесідей:

-”күндіз-52 пайыз, кешке-35 пайыз, түнде-13 пайыз”/9/.

Ал, Слинько М. И. келесі мәліметтерді келтіреді: ”күндізгі уақытта-58, 5 пайыз, кешке-22, 5 пайыз, түнде-19 пайыз”, егер қылмысты уақыт бойынша бөлетін болсақ, онда келесі үлгіде болады:

-6-11 сағат-25 пайыз;

-18-22 сағат-22, 5 пайыз;

-11-14 сағат-21 пайыз;

-14-18 сағат-12, 5 пайыз /10/.

Көрсетілгендерден кеңейтілген қорытынды жасай отырып, кісі өлтірулердің көпшілігі азанғы сағат 6 мен 11 сағат аралығында жасалынатындығын байқаумызға болады. Бородулин А. И. атап көрсеткендей, қылмыскерлер қылмысты бұл уақытта жасауы жай емес, себебі жұмыс күнінің басталуы белгіленген күн тәртібі бойынша жүріп, барлығы бір уақытта жүргізіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалдамалы кісі өлтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Жалдап адам өлтірудің түсінігі
Ауырлатылған мән-жайлары бар кісі өлтіруді саралау
Ауырлататын жағдайда жасалған адам өлтіру
Адам өліміне әкеп соғатын жеке тұлғаға қарсы қылмыстың сипаттамасы
Жеке адамға қарсы қылмыстардың ішіндегі адам өлтірудің қылмыстық құқықта алатын орны
АДАМ ӨЛТІРУДІҢ ТҮРЛЕРІ
Кісі өлтіру қылмыстарының жалпы сипаттамасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ АДАМ ӨМІРІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ
Жеке адамға қарсы қылмыстардың құқықтық сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz