Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының конституиялық жүйесі


Жоспар
1. Мемлекеттік орган: ұғымы, негізгі белгілері.
2. Мемлекеттік органдарды ұйымдас- тыру.
3. ҚР-сы мемлекеттік органдарының конституциялық жүйесі (президент, үкімет, парламент, конституциялық кеңес) .
1. Мемлекеттік аппарат- қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктермен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін құрылады. Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның екінші бабында: «Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппараттарында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен яункцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет» делінген.
Мемлекеттік аппараттың ерекше ішкі құрылысы бар: олардың арасындағы қатынастар бір жүйеге біріктіріледі. Бұл жүйенің негізін экономика, саяси қарым-қатынастар, сана-сезім құрады. Осы жүйеде әрбір органның өзінің орны, бір-бірімен қарым-қаты- астары, қызметінің негізгі принциптері көрсетіледі. Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік органдардың орындайтын қызмет бабы және істері өзгеріп отырады. Шығыс мемлекеттерінде бүкіл аппаратты бір орталыққа бағындыратын - патшаның билігі орнаған парламенттік республикада негізгі функциялар парламенттің қолында болады. Мемлекеттік аппарат дамуының объективтік бағыттары байқалады: бюрократизация, дифференциация, профессионализмнің өсуі. Мемлекеттің әрбір типіне мемлекеттік аппараттың ерекше нышандары сәйкес келеді. Мемлекеттік қызмет - конституциялық негізде баянды етілетін азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппаратындағы мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік міндеттер мен қызметтерді атқаруды жүзеге асыратын кәсіптік қызметі.
Қазіргі мемлекеттік аппараттың қызметі мынадай принциптермен реттеледі: мемлекет аппаратының ішкі құрылысын және құзірітінің нәтижелі, тиімді болуы. Ол үшін оның қызметі демократиялық, Конституциялық, заңдылық принциптерге сәйкес боуға тиіс. Мемлекеттің лауазымды адамдары, қызметкерлері нормаларды жоғарғы этикалық дәрежеде орындауы тиіс. Мемлекеттік аппарат халықтың мүддесін қорғап, оны іске асыруға міндетті. Халықтың мемлекетті басқару процесіне қатысуының демократиялық жолдары - олардың сайлауға қатысуы, халықтың өкілдері мемлекеттік аппаратты құрады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына мемлекет кепілдік береді. Халық мемлекеттік аппараттың қызметіне көмек беру үшін қоғамдық ұйымдарды құрады, олар мемлекеттік аппаратпен байланысатын саяси жүйені құрады. Конституцияның 33 бабында «Азаматтардың тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекеттің өкілдік, атқарушы және сот органдарының құрылуы мен жұмыс істеуі жөніндегі әрекетін жүзеге асыру мүмкіндігі» делінген. Қатысудың түрлері былай деп белгіленеді: мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке және ұжымдық өтініштер жолдау; мемлекеттік органдар мен өзін-өзі басқару органдары сайлау және оларға сайлану, референдумға қатысу, мемлекеттік қызметке кіру.
Мемлекеттік қызметтің принциптері: заңдылық, мемлекеттің биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы; азаматтарының құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдыңда басымдығы; мемлекет қызметіне кіруге, қытысуға еріктілігі; өз өкілеттері шегінде жоғару тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдаған шешімдердің төменгі мемлекеттік органдар қызметшілерінің орындауы үшін міндеттілігі; мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпқойлығы мен жоғарғы біліктілігі.
2. Қазақстанның біртұтас мемлекеттік билігінің тармақтарға бөліну принципі конституцияда белгіленген негізгі принциптердің біреуі ғана емес, ең күрделісі. Республикадағы мемлекеттік билік біртұтас, өйткені бірден-бір бастауы - Қазақстан халқы және мемлекеттің егемендігі бөлінбейді. Бұл билік өзінің бөліну принципіне сәйкес заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесіне бөлінеді және биліктер бір-бірін шектейді.
Мемлекет аппараты өз қызметін ашық және жариялық істеуге тиісті. Мемлекеттік органдардың қызметтерінің кәсіпшілігі, тәжірибесі және хабардардығы өте жоғары болуға тиісті. Мемлекеттік аппарат өзінің қызметінде бар заңдардың талабын мүлтіксіз орындауға тиіс.
Мемлекет аппаратының ішкі құрылысы - қатаң тәртіпті, субординацияны, олардың бір-бірімен байланысын жақсарту. Мемлекеттік аппарат біртұтас күрделі жүйе, ол бірнеше салаларға бөлінеді: заң шығару, атқару және сот жүйелері, құқықты қорғау және қарулы күштер жүйесі. Бұл мемлекеттердің алдыңда тұрған мақсаттары, ішкі құрылыстары, құзіреті, қолданатын әдістері мен принциптері. Оларды біріктіріп, қызметтерін жақсы атқаруға жағдай қалыптасады.
Мемлекеттік аппарат - алдында тұрған ерекше мақсаты бар және соны орындау үшін құзіреті бар мемлекеттік аппараттың бір буыны. Мемлекеттік аппараттың құрылуы мен қызметі, негізгі өкілеттілігі Конститтуцияда және конституциялық актілерде көрсетіледі. Әрбір мемлекеттік аппарат өз қызметін мемлекеттік, материалдық, ұйымдық және зорлау күшімен қорғайды. Мемлекеттік аппарат мемлекеттің атынан функцияларын атқарады, әрқайсысының алдында тұрған мақсаттары заңда анық бегіленген. Басқа мемлекеттік органдармен қалай қатынасатыны, ішкі құрылысы, құзыреті белгіленген. Мемлекеттің аппараттың негізгі нышаны оның мемлекеттік билігі. Бұл мемлекеттік билікті былай түсінуге болады: олар мемлекеттің атынан барлық субъектілерге міндетті нормативтік актілерді шығарады, немесе құқықтық нормалардың орындалуын тексереді, ал кейбір кезде жазаға тартуға құқығы бар. Мемлекеттік заңдарға сәйкес мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында мемлекеттік аппарат өкілеттікті жүзеге асыратын толып жатқан қызмет атқарады. Мемлекеттік қызметкерлердің өкілеттіктері мемлекеттік органдар алдында тұрған мақсаттарға және міндеттерге сәйкес анықталады. Мысалы: прокуратура органдары, сот жүйесі, МВД, КГБ құқықты қорғау қызметін атқарады. бҰл органдар бір-бірімен байланысты.
Мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің негізгі міндеттері: ҚР Конституциясы мен заңдарын, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету; заңдарда белгіленген тәртіп пен азаметтардың өтініштерін қарауға, олар жөнінде қажетті шаралар қолдануға; өздерінеберілген құқықтар шегінде және заңды міндеттеріне сәйкес өкілеттерді жүзеге асыруға; мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға; өздерінен жоғары басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, шығарылған шешімдері мен нұсқауларын орындауға; өз өкілеттігі шегінде мәселелерді қарауға және солар бойынша шешімдер қабылдауға, белгіленген тәртіппен лауазымдық міндеттерін атқару үшін қажетті ақпарат пен материалдарды алуға құқықтары бар.
3. Мемлекеттің және атқарушы биліктің ьасшысы ретінде Президент лауазымы бірінші рет АҚШ-та пайда болды. Қазіргі кезде көптеген елдерде ел Президенті орны орнықтырылды.
Президенттік институтты президенттік, сондай-ақ парламенттік басқару республикаларында құрылып, қызмет етуде. Парламенттік басқару жүйесі кезінде ел басшысы қызметін Президент атқарады. Президенттік республикада Президент кең өкілеттікті және ерекше жағдайды иеленді. Президенттік республика мынадай қырларымен сипатталады: Үкімет Президент алдында жауап береді, үкімет мүшелерін Президент өз қалауымен қызметке тағайындайда және босатады; Президент заңдар бойынша ұсыныс енгізуге, Парламент қабылдаған заңдарға тыйым салуға және оларға қол қоюға құқылы; Президент өз қалаумен заң күші бар Жарлықтар шығаруға құқылы; президент лауазымы бойынша Қарулы Күштердің Қолбасшысы болып табылады; президент Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақыруға, Парламентті таратуға және мезгілінен бұрын парламент сайлауын тағайындауға құқылы; Президент референдум өткізуге, төтенше жағдай енгізуге және басқаларына құқылы.
Мемлекеттік органның Конституциямен белгіленетін құқықтық мәртебесі мемлекеттік билік органдары жүйесінде бөлінетін орнымен анықталады. ҚР-ның 1995 жылғы Конституциясы мемлекеттік билік органдары жүйесінде бірінші орынға Президентті қойды. Сөйтіп, ҚР-да президенттік басқару жүйесінің орнықтырылғаны туралы Конституциялық қағиданы бекітті.
ҚР-ның Конституциясы Президенттің мемлекеттегі авторитарлық басшыға айналуына тосқауыл қоятындай басқа да кепілдіктер келтіреді.
ҚР Президенті халық пен мемлекеттік биліктің, Конституцияның мызғымастығын, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының рәмізі және кепілі болып табылады.
ҚР-ның Президентін сайлау Конституцияға және Президенттің «Сайлау туралы» Жарлығына сәйкес белгіленген.
ҚР Президентінің өкілеттігі президенттік басқару жүйесінің мазмұнымен алдын ала айқындалады. Президентке тізілімі конституцияда және Президенттің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» конституциялық заң күші бар Жарлығымен белгіленген кең өкілеттіктер берілген.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы конституциясы Парламентті заң шығару қызметін жүзеге асыратын жроғарғы өкілді орган ретінде сипаттайды. ҚР-ның Праламенті жоғары өкілді орган ретінде де, өкілді демократия органы ретінде де өмірге келді.
Заң шығарушы қызметімен бірге Праламент, шектеулі көлемде болса да, атқарушы биліктің қызметін де бақылай алады. Парламент республиканың бюджетін және оның орындалуы жөнінде Үкімет пен республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің есебін бекітеді, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
ҚР Конституциясы бірінші рет Парламенттің екі палаталқ (Сенат және Мәжіліс) құқылымын бекітті. Мәжіліс ҚР-ның барлық азаматтарының тілегін білдіреді, яғни Мәжіліс депутаттары жалпы сайлауларда сайланады. Сенатқа депутаттардың бір бөлігі жанама сайлау арқылы сайланады, енді бір бөлігі Президент тағайындайды. Сенат депутаттар әкімшілік-аумақтық бірліктердің мүдделерін, жергілікті пікірлерді білдіреді. Сонымен Сенат - бүкіл республика органы. Сондықтан Мәжіліс қабылдаған заң жобасы Сенат мақұлдағаннан кейін күшіне енеді.
ҚР Парламенттінің Палаталарына айрықша өкілеттіктер берілген, олар өз құзыретіндегі мәселелерді дербес шеше алады. Конституция Парламент Палаталарының бірлескен отырысының құзыретіндегі мәселелерді қарастырған. ҚР Парламент Палаталары бірлескен отырыстарында мемлекеттің айтарлықтай кең көлемді мәселелерін қарап, шеше алады. Турасын айтқанда, Қазақстан Парламенті зызметінің ерекшеліктерінің бірі осында болса керек. ҚР Конституциясы Парламенттің құзыреті ұғымы туралы ойларды тұтастай жинақтайды.
Халықтың Парламенттегі өкілі ретінде депутат өз тәртібі мен қызметін қоғамдық әдептілік талабына негіздеуі тиіс. Қазақстан Республикасы Парламентінің Регламенті депутаттың әдеп ережесін белгіледі. Ол ереже депутаттың өкілеттігін ақару кезіндегі де, қызметтен тыс уақытта да басшылыққа алынуға тиіс тәртіп нормалаын анықтайды.
Парламентті тарату құқығы Конституция бойынша тек Республика Президентіне берілген. Ол түсінікті: Президент - мемлекет басшысы, мемлекеттік билік тармақтарының ешқайсысына жатпайды.
ҚР -ның Үкіметі атқарушы билікті жүзеге асырады, атқарушы органдарды басқарады және оның қызметіне басшылық жасайды. Үкімет ҚР-ның атқарушы билігінің жоғары органы болып табылады. Мұндай анықтама ҚР Үкіметінің заңдық табиғатын ашады, мемлекеттік билікті бөлісу жүйесіндегі орнын көрсетеді және оның қызмет сипатын бағалайды. Барлық атқарушы органдарды басқаратын, олардың қызметіне басшылық жасайтын жоғару атқарушы орган ретінде ол елде мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады.
ҚР-ның Үкіметі мемлекеттік биліктің жеке тармағы болып табылады және мемлекеттің атқарушы билігін бейнелейді. Сондықтан Конституция Үкіметтің мемлекеттік билік жүйесіндегі орнын анықтайды, биліктің басқа тармақтармен өзара қарым-қатынасының нормативтік негіздерін белгілейді. Конституция Үкімет пен Праламенттің, Үкімет пен Президенттің өзара қарым-қатынасын анықтап, тежемелік және тепе-теңдік механизмін белгілейді.
Үкімет атқарушы биліктің біріңғай жүйесіне кіретін министрліктердің, мемлекеттік комитеттер мен басқа да ведомоствалардың жұмысын бағыттайды. Үкімет өз құзіретінің шегінде нормативтік және өзге де актілер қабылдайды, заңдардың, Президент Жарлықтарының орындалуын ұйымдастырады, өзге де халықаралық шарттар жасасады, барлық атқарушы билік органдарын басқарады, олардың қызметін бақылайды және заңдардың бұзылуын болдырмау үшін тиісті шаралар қолданады.
Үкімет қызметінің құқықытық негізі Конституция, заңдар, ҚР Президентінің Жарлықтары болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz