Банкаралық несиелеу
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. ТАРАУ БАНКАРАЛЫҚ НЕСИЕЛЕУДІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДА ПАЙДА БОЛУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1. Банкаралық несиенің мәні және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Қазақстан Республикасында банкаралық несиенің пайда болуы ... ... ... ..10
ІІ. ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАНКАРАЛЫҚ НЕСИЕЛЕУДІҢ ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.1 Қазақстан Республикасында банкаралық несиелеудің қазiргi даму келешегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.2 Қазақстан Республикасында банкаралық несиелеудің өзекті мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

Банкаралық несие – бұл коммерциялық банктердің бір-біріне беретін несиелері.
Банкаралық несие басқа ресурстармен салыстырғанда өте қымбат ресурс болып табылады.
Банкаралық несиенің бір түріне Ұлттық банктің коммерциялық банктерге қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында беріліп отырған мынадай несиелерін жатқызуға болады: овернайт (бір түндік) және күндізгі заемдар.
Банк жүйесінің барлық компоненттері жалпы әлемдік экономикадағы құрылымдық қайта құруда жүріп жатқан өзгерістерге байланысты жаңартылуда. Несие жүйесі соңғы жылдары біршама өзгеріске ұшырады. Ғылыми-техникалық революцияның дамуы себепші болған өндірістің шоғырлануы капиталдың шоғырлануы мен орталықтандыруын талап етті, соған сәйкес банктер өз операцияларын несиелік ресурстарды ірілендіру жағына қарай түрлендіре бастады, яғни қазіргі банк жүйесінің экономика дамуының өзгермелі жағдайларына бейімделу қатар жүреді; банк жүйесінің құрылымдылық қайта құрылуы көз алдымызда; белгілі бір мамандандырудың сақталуымен қатар, банк қызметінің шоғырлануы мен әмбебаптануы орын алады; банктік емес несиелік мекемелердің динамизмі байқалады. Банктердің жеке типтерінің арасында банктер мен банктік емес мекемелер арасындағы өзгешеліктердің немесе бөгеулердің жедел жойылуы-соңғы жылдары несие жүйесінің құрылымдық қайта құрылу тенденциясының маңыздысының бірі.
Несиелік мекемелердің әмбебаптануы екі бағыт бойынша көрінеді. Біріншісі-дәстүрлі емес банктік операциялардың кеңеюі арқылы. Коммерциялық банктер сақтандыру бизнесіне, факторингке, ақпараттық-кеңес беру бизнеске және т.б. кіруге тырысады.
Факторингтік операция – клиентпен төленбеген қарыздық талаптар бойынша төлемді талап ету құқын басқаға беру. Факторингтің мәні – банктер өз клиенттерінен төлем құжаттарды пайыздық ақы үшін сатып алу. Бұндай мәміле келісімшартпен жүзеге асады.Ол келісімшартта сатып алынған қарыздың сомасы және пайыз көрсетіледі. Бұл пайыз көрсетілген қызмет үшін қарыздың қандай мөлшері алынатынын көрсетеді.
2003 жылдан бастап жүйедегі төлемдердің жалпы көлемдерінің жəне олардың орташа күндік көрсеткіштерінің жоспарлы өсу үрдісі байқалады. Мысалы, 2007 жылы 2003 жылмен салыстырғанда екі көрсеткіштің де өсімі 5,2 есені құрады. 2008 жылдың 9 айында жүйедегі төлемдердің жалпы көлемі жəне олардың орташа күндік айналымы 2007 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда тиісінше 80,1%-ға жəне 71,6%-ға ұлғайған.
Төлемдер мен ақша аударымдарын (пайдаланушылардың жеке қаражатын) жүзеге асыру үшін жүйенің операциялық күнінің басында пайдаланушылардың аударатын жеке қаражат сомасы да талдау кезеңі бойы өсу үрдісіне ие болған.

1. “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” ҚР Заңы (соңғы өзгерістер мен толықтыруларды есепке алғандығы) // 30.03.1995.
2. “Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы” ҚР Заңы (соңғы өзгерістер мен толықтыруларды есепке алғандағы) // 30.08.1995.
3. “Валюталық реттеу туралы” ҚР заңы // 24.121996.
4. Закон Республики Казахстан “О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам валютного регулирования” // 2.02.2003.
5. “ҚР-ның ақша жүйесі туралы” ҚР заңы //13.12.1993.
6. “Қаржы лизингі” туралы ҚР заңы. 05.07.2000жыл
7. Положение Нацбанка РК от 16.11.2003. №465 “О классификации активов банка и условных обязательств и расчете провизий по ним банками II-го уровня РК.”
8. Банковское дело / Под ред. Г.С.Сейткасымова. – Алматы: “Қаржы-Қаражат”, 1998.
9. Коммерциялық банктер операциялары / С.Б.Мақыш. – Алматы: “ИздатМаркет”, 2006.
10. Ақша айналысы және несие / С.Б.Мақыш. – Алматы: “Қазақ Университеті”, 2000.
11. Межбанковский кредит: дилинговые операции на рынке “Коротких денег” / Под ред. С.В.Гагарина, Г.А.Шамаева. – Москва, 1995.
12. Управление рисками коммерческих банков / Под ред А.Б.Садвакасова, А.Б.Хаджиева. – Алматы: “Қазақ Университеті”, 2000.
13. Банковское дело / Под ред. О.И.Лаврушина. – Москва: “Финансы и статистика”, 1998.
14. “Ақша, несие, банктер” Г.С.Сейтқасымов. – Алматы, 2003.
15. 13.“Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау” / К.Ш.Дүйсенбаев, Ж.Г.Жумагалиева. – Алматы: “Экономика”, 2003.
16. Банктік тәуекелдер / К.О.Шаяхметова. – Алматы: “Қазақ Университеті”, 2006.
17. Банковское дело / Под ред. Г.Г.Коробовой. – Москва, 2006.
18. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің жылдық есебі // 2008ж.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. ТАРАУ БАНКАРАЛЫҚ НЕСИЕЛЕУДІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДА ПАЙДА
БОЛУЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Банкаралық несиенің мәні және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Қазақстан Республикасында банкаралық несиенің пайда
болуы ... ... ... ..10
ІІ. ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАНКАРАЛЫҚ НЕСИЕЛЕУДІҢ
ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .13
2.1 Қазақстан Республикасында банкаралық несиелеудің қазiргi даму
келешегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.2 Қазақстан Республикасында банкаралық несиелеудің өзекті
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
31
КІРІСПЕ
Банкаралық несие – бұл коммерциялық банктердің бір-біріне беретін
несиелері.
Банкаралық несие басқа ресурстармен салыстырғанда өте қымбат ресурс
болып табылады.
Банкаралық несиенің бір түріне Ұлттық банктің коммерциялық банктерге
қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында беріліп отырған мынадай
несиелерін жатқызуға болады: овернайт (бір түндік) және күндізгі заемдар.
Банк жүйесінің барлық компоненттері жалпы әлемдік экономикадағы
құрылымдық қайта құруда жүріп жатқан өзгерістерге байланысты жаңартылуда.
Несие жүйесі соңғы жылдары біршама өзгеріске ұшырады. Ғылыми-техникалық
революцияның дамуы себепші болған өндірістің шоғырлануы капиталдың
шоғырлануы мен орталықтандыруын талап етті, соған сәйкес банктер өз
операцияларын несиелік ресурстарды ірілендіру жағына қарай түрлендіре
бастады, яғни қазіргі банк жүйесінің экономика дамуының өзгермелі
жағдайларына бейімделу қатар жүреді; банк жүйесінің құрылымдылық қайта
құрылуы көз алдымызда; белгілі бір мамандандырудың сақталуымен қатар, банк
қызметінің шоғырлануы мен әмбебаптануы орын алады; банктік емес несиелік
мекемелердің динамизмі байқалады. Банктердің жеке типтерінің арасында
банктер мен банктік емес мекемелер арасындағы өзгешеліктердің немесе
бөгеулердің жедел жойылуы-соңғы жылдары несие жүйесінің құрылымдық қайта
құрылу тенденциясының маңыздысының бірі.
Несиелік мекемелердің әмбебаптануы екі бағыт бойынша көрінеді.
Біріншісі-дәстүрлі емес банктік операциялардың кеңеюі арқылы. Коммерциялық
банктер сақтандыру бизнесіне, факторингке, ақпараттық-кеңес беру бизнеске
және т.б. кіруге тырысады.
Факторингтік операция – клиентпен төленбеген қарыздық талаптар бойынша
төлемді талап ету құқын басқаға беру. Факторингтің мәні – банктер өз
клиенттерінен төлем құжаттарды пайыздық ақы үшін сатып алу. Бұндай мәміле
келісімшартпен жүзеге асады.Ол келісімшартта сатып алынған қарыздың сомасы
және пайыз көрсетіледі. Бұл пайыз көрсетілген қызмет үшін қарыздың қандай
мөлшері алынатынын көрсетеді.
2003 жылдан бастап жүйедегі төлемдердің жалпы көлемдерінің жəне
олардың орташа күндік көрсеткіштерінің жоспарлы өсу үрдісі байқалады.
Мысалы, 2007 жылы 2003 жылмен салыстырғанда екі көрсеткіштің де өсімі 5,2
есені құрады. 2008 жылдың 9 айында жүйедегі төлемдердің жалпы көлемі жəне
олардың орташа күндік айналымы 2007 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда
тиісінше 80,1%-ға жəне 71,6%-ға ұлғайған.
Төлемдер мен ақша аударымдарын (пайдаланушылардың жеке қаражатын)
жүзеге асыру үшін жүйенің операциялық күнінің басында пайдаланушылардың
аударатын жеке қаражат сомасы да талдау кезеңі бойы өсу үрдісіне ие болған.
2007 жылы 2003 жылмен салыстырғанда олардың өсімі 3,2 есені құраса, онда
2008 жылғы қаңтар – қыркүйек айларында пайдаланушылардың жеке қаражаты 2,6
есе ұлғайған.
Осылайша, 2008 жылдан бастап БААЖ-де жүйедегі пайдаланушылардың
жалпы айналымдарымен салыстырғанда олардың жеке қаражатының неғұрлым жоғары
қарқынмен өскендігі байқалған, бұл пайдаланушылардың өз ақшалары есебінен
жүзеге асырылатын олардың төлем үлесінің ұлғаюына себеп болды.
Мысалы, 2008 жылдың 9 айында пайдаланушылардың өз ақша сомаларының
жүйедегі төлемдерінің жалпы көлеміндегі арақатынасы 93,9%-ды құрады, яғни
пайдаланушылардың төлемдерінің 6,1%-ы ғана басқа пайдаланушылардан түскен
қарсы ақша ағыны есебінен, ал қалған бөлігі (93,9%) өз қаражаты есебінен
жүзеге асырылған. 2003 жылдан бастап 2007 жыл аралығындағы кезеңде
пайдаланушылардың жеке қаражатының жүйедегі төлемдердің жалпы көлеміндегі
арақатынасы маңызды болып қала берді жəне де олардың үлесі орташа алғанда
шамамен 76%-ды құрады.
Пайдаланушылардың өз ақшалары есебінен жүзеге асыратын төлемдерінің
жоғары үлесі жүйенің дамуына оң сипат береді, себебі БААЖ-де жүйе
тəуекелінің туындау ықтималдылығының төмен болатындығын көрсетеді.
БААЖ-дегі өтімділікке байланысты жағымды жағдай өтімділіктің
жетіспеуі себебінен орындалмаған төлемдердің неғұрлым төмендеу фактісімен
расталып отыр.
Мысалы, БААЖ-де орындалмаған төлемдердің саны 2007 жылы 2003 жылмен
салыстырғанда: 215 бірліктен 20 бірлікке дейін төмендеген (мəлімет үшін,
2007 жылы жүйеде өңделген төлемнің жалпы саны 7,9 млн. транзакцияны
құраған). Көрсетілген кезең ішінде жүйеде орындалмаған төлем көлемі 3907,1
млн.теңгеден 329,8 млн.теңгеге дейін немесе 11,8 есе қысқарған, ал осы
кезеңде төлемнің жалпы көлемі 3,4 есе ұлғайған.
1 ТАРАУ БАНКАРАЛЫҚ НЕСИЕЛЕУДІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ОЛАРДЫҢ
ҚАЗАҚСТАНДА ПАЙДА БОЛУЫ
1.1. Банкаралық несиенің мәні және түрлері
Банкаралық несиенің ерекшелігі шаруашылық мұқтаждықтарын қаржыландыру
үшін емес, өздерінің – қарыз алушы клиенттеріне несие беруге арналған
банкілік операциялардың жеке түрлері жүзеге асыратын банк немесе ұйым несие
бойынша қарыз алушы болып табылады[1]. Банк аралық несие беру шартты түрде
мынадай несиелерге: орталық банк беретін (Қазақстан жағдайында-
Қазақстанның Ұлттық Банкі) және банктердің бір-біріне беретін несиелерге
бөлуге болады. Қазақстан орталық банкі орталықтандырылған несиелерінің
екінші деңгейдегі банктерге беретін көлемі шамалы, себебі біркелкі
Қазақстанның Ұлттық Банкі қатаң монетарлық ақша-несие саясатын жүргізеді.
Банкаралық несие беру сонымен қатар банк аралық несиелер арқылы жүзеге
асырылады. Банкаралық несиелерге беру тәртібі Ұлттық Банк Басқармасы
бекіткен (1994 жылғы 28 желтоқсандағы №26 хаттама) Онкольдық қарыздарды
беру және өтеу операцияларын жүргізу туралы ережемен реттелетін онкольдық
қарыздарға жатады. Осы Ереже бойынша онкольдық қарыз-қайтарымдылық, ақысы
төленетін, кепілі қамтамасыз етілетін және мақсатына қарай қолданылатын,
бір күннен отыз күнге дейінгі мерзімде берілетін банкаралық қарыз. Қарыз
қарыз алушы немесе қарыз беруші қарызды айтылған айтылған мерзімінен
ертерек қайтарғысы немесе кері алғысы келетіні туралы мәлімдемесе, шартта
көрсетілген мерзімге дейін қайтарылады. Онкольдық қарыздардың нарығы
Қазақстанның Ұлттық Банкі берген лицензиясының негізінде қарыздарды
онкольдық қарыздарды беру мен алу операциялары жүргізілген банкаралық
нарықтық құрамда бөлігі болып табылады.

несиелері. Банкаралық несие басқа ресурстармен салыстырғанда өте қымбат
ресурс болып табылады.

Овернайт – банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында
дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие.
Мысалға, оны бүгін кешке алған жағдайда, ертеңіне кешке қайтаруға тура
келеді. Кей жағдайда бұл несиені алу жұмыс аптасының соңғы күні немесе жұма
күнге түссе, онда несие келесі аптаның бірінші күні қайтарылуы тиіс.
Күндізгі заем – банктік жұмыс күні ішінде банктердің Ұлттық банкте
ашқан корреспондеттік шотында уақытша қаражат жоқтығына немесе жетіспеуіне
байланысты ақшалай аударымдар мен төлемдер жасау мақсатында берілетін
несие.
Бұл аталған несиелер қысқа мерзімді. Ұлттық банк екінші деңгейдегі
банктерге бүгінгі күні орта және ұзақ мерзімде несиелерді бермейді.
Осындай жағдайда коммерциялық банктердің активтік операцияларын
қаржыландырудың басты көзі ретінде пайдаланатын тартылған қаражаттарды
жинақтауда, коммерциялық банктерден депозиттік саясатты белсенді түрде
жүргізе отырып, депозиттік операцияларды ұлғайту талап етіледі. Депозиттік
операцияларды ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс өтімділігін
сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеруі тиіс:
- депозиттік ресурстардың қаржыландыратын активтік операциялардың
мерзімдері мен соманы сәйкес келуі;
- депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта
пайда алу үшін жұмыс жасауға тиіс;
- депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді
депозиттер мен мерзімді салымдардың көбірек тартылуына көңіл
бөлу;
- салым иелерінің санын өсіру мақсатында, депозиттік операциялар
түрлерін ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасауға
тиіс.
1995 жылдың бірінші жартысында Ұлттық банктің екінші деңгейдегі
банктерге берілетін несиелері несиелік ресурстар аукционы арқылы 3 ай
мерзімге дейін берілсе, ал екінші жартысында операциялардың ауыртпалығы
мемлекеттік бағалы қағаздардың қайталама нарығына өте бастады. Сөйтіп,
банкаралық несиелер нарығы дами түсті. 1995 жылы қыркүйек айынан бастап
ломбардтық несиелеу жүйесі енгізілді. Базалық ақшалардың өсу қарқынына шек
қою мақсатында Ұлттық банк айналысқа өзінің қысқа мерзімді ноталарын шығару
арқылы ақша массасын реттеп отырды.
1995 жылы Ұлттық банк қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің нақты мәнін
қалпына келтірді. Инфляция қарқынын төмендету арқылы оның мөлшерлемесін
төмендетті. Айталық, 1995 ж. қаңтар айындағы инфляцианың қарқынын 8,9%-дан,
қыркүйек айында – 2,4%-ға дейін төмендету нәтижесінде қайта қаржыландыру
мөлшерлемесі: 210%-дан 45%-ға дейін төмендеген. Айта берсек, тағы да басқа
көптеген жетістіктерге қол жеткізілді.
Еліміздің орталық банкісінің екінші деңгейдегі банктерді банкаралық
несиелеуін толығырақ қарап шығайық. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
туралы Заңының негізінде банктерге заемдарды беру мен өтеудің тәртібін,
шарттарын, түрлерін, мерзімдері мен лимиттерін Қазақстанның Ұлттық Банкі
анықтайды. Қазақстанның Ұлттық Банкі заемдары өтімділігі жоғары қамтамасыз
ету және тәуекелсіз бағалы қағаздар және басқа активтер арқылы, сондай-ақ
Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасы ұзарта алатын бір жылдан асатын мерзімге
қамтамасыз етусіз беріледі.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Банкілік
заемдарды беруі, олар бойынша қамтамасыз етуді қабылдауы және Қазақстанның
Ұлттық Банкі Басқармасының 1999жылғы 15 қарашада №404 қаулысымен бекітілген
тиісті құжаттаманы жүргізу туралы ережелеріне сәйкс елдің бас банкі:
күндізгі заемдарды; овернайт заемдарын; соңғы сатыдағы несие беруші
ретінде берілетін заемдарды, арнайы мақсттағы заемдарды бере алатыны
белгіленген.
Үкіметтің 2006 жылғы 5 ақпандағы №137 қаулысымен мақұлданған
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкінің экономикалық және әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары және 2006
жылға арналған экономикалық көрсеткіштерді болжау туралы мәлімдемесіне
сәйкес ашық нарық операциялары- бағалы қағаздарды сату және сатып алу және,
ең алдымен, репо операциялары және қысқа мерзімдік ноталарды шығару-несие
саясатының негізгі аспаптары болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкі күндізгі заемдарды екінші деңгейдегі
банктердің төлемдерді және аударымдарды жүзеге асыруы мақсатында
Қазақстанның Ұлттық Банкінде ашылған теңгеде банктің корреспонденттік
шотында ақша уақытша жоқ немесе жеткіліксіз болатын кезде белгіленген лимит
шектерінде және операциялық күн ішінде, бірақ 18.00 сағаттан кешіктірмей
өтеу шартымен береді. Күндізгі заем лимиттің мөлшерін Директорлар кеңесі,
ал сыйақы ставкасын Қазақстан Ұлттық Банкі басшылары белгілейді. Күндізгі
заемды өтеуге банктің ақшасы жетпеген кезде 18.00 сағаттан бастап заем
сомасы овернайт қайта рәсімделеді, ол бойынша сыйақы овернайт
заемындағыдай есептеледі. Овернайт заемы Қазақстанның Ұлттық Банкінде
банктің корреспонденттік шотында уақытша жоқ немесе жеткіліксіз болатын
кезде клиенттердің төлемдері бойынша түпкілікті есептесу аяқталуы үшін
орындалмаған міндеттемелері жоқ ҚБЕО ақша аударымдарының банк аралық
жүйесін пайдаланушылар болып табылатындар банктерге беріледі. Овернайт
заемдарының лимиті Қазақстанның Ұлттық Банкі банкінде банктің
корреспонденттік шоты бойынша банктердің орташа күндізгі дебет айналымы
пайыздарымен анықталады.Сыйақы ставкасын күн сайын овернайт заемдары
бойынша ставка белгілейтін комиссия анықтайды және өтінімдерде және
отырғанда банк және Қазақстанның Ұлттық Банкі арасында жасалатын овернайт
заемдарын беру туралы Бас келісімде көрсетіледі.
Әр овернайт заемы Бас келісімге қол қойған әр банк бойынша іс
қағаздары құжаты қалыптастырылады. Банкте ақша уақытша жоқ немесе
жеткіліксіз болатын не овернайт заемына қайта ресімдеген кезде
корреспонденттік шоты бойынша төлем төлеу жүзеге асырылатын күн овернайт
заемы берілетін күн болып есептеледі.
Қазақстан Ұлттық Банкі соңғы сатыдағы заем беруші ретінде банкілік
заемдарды ұлттық және шетелдік валютада беруге құқылы. Заемдар аса ірі
банкілерге қамтамасыз ету арқылы және онсыз беріледі. Ұлттық Банк
Басқармасының соңғы сатыдағы несие беруші ретінде қаржылық көмек көрсету
туралы мәселені қарауына шығаруға банктің қаржылық күй-жағдайының
нашарлауы, Қазақстан экономикасы үшін банктің маңыздылығы, банктің
Директорлары кеңесі бекіткен банкте қаржылық сауықтыру бағдарламасының бар
болуы банктің заем беру туралы өтініші негіздеме болып табылады.
Арнайы мақсаттағы заемдар банктерге халықаралық қаржы ұйымдары
Қазақстанның Ұлттық Банкі қарыз алушысы болып табылатын заемдарының аясында
беріледі. Арнайы заемдар Қазақстанның Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысының
негізінде беріледі, сондай банкілік заем бойынша іс-қағаздарында
ресімделеді.
Соңғы сатыдағы несие беруші ретінде заемдардан басқа заемдарды беру
Қазақстанның Ұлттық Банкі ақша-несие және валюта саясат жөніндегі
Техникалық коитетінің кепілдемелері ескріліп, ақша-несие саясатының тиісті
мақсаттық бағдарламаларының аясында жүзеге асырылады.
Қазақстанның Ұлттық Банкі беретін банкілік заемдары қарыз алушылардың
заем бойынша төлемдерінің мерзімдерін сақтауына, банктің несие тарихына,
сенімділік дәрежесіне және заемды қамтамасыз етуі өтімділігіне және қарыз
алушының стандарттық, шүбәлі, залалды топтарына қаржылық жағдайына қарай
сыныпталады.
Стандарттық заем – негізгі борышпен сыйақы бойынша мерзімі өткен
ағымдағы берешек жоқ болатын банкілік заем және ол тиісті құны заем бойынша
банктің барлық берешегін өтеуге жеткілікті кепілмен немесе кепілдікпен
қамтамасыз етілген. Осы топқа Еуропалық Қайта құру банкі несие желісі
есебінен Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпорындарын дамыту
бағдарламасы бойынша берген заемдары жатады.
Күмәндік банкілік заем – стандарттық банкілік заемдарға қойылатын
талаптарды қанағаттандырмайтын және нағызсыз, негізгі борышпен сыйақы
бойынша қайтарылуы 30 күнге кідіртілуімен байланысты тәуекелді көтеретін
заем, сақтау. Осындай несиелер арқылы резервтеу банкілік заем сомасының 25%-
і мөлшерінде жүргізіледі. Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасы ұзарту туралы
шешім қабылдаған жағдайда осындай банкілік заемдар бойынша 30 күнге дейін
кешіктірілген кезеңде резервтеу банкілік заемының 50% мөлшерінде
жүргізіледі.
Үмітсіз банкілік заем – мерзімі өткен заемдардың есебінен берешек
шығарылған күнінен 30 күннен асырады негізгі борышы бойынша мерзімі өткен
берешек заем. Үмітсіз банкілік заемдар бойынша резервтеу заем сомасынан
100% мөлшерінде жүргізіледі. Осы заемдардың тобына Қазақстан Ұлттық
Банкінің Қазақстан Банктеріне соңғы сатыдағы несие беруші ретінде қаржылық
көмек беру үшін беретін банкілік заемдар жатады. Осындай заемдар берілуі
сәтінде олардың сомасынан 75% мөлшерде резервтеу жүргізіледі. Уақытын
ұзартудың немесе мерзімі өткен берешектердің мерзімі 30 күнге ұзарту орын
алатын кезде резервтеу сомасының 100% мөлшерінде жүргізіледі.
Қазақстан Ұлттық Банкі мен қарыз алушының арасында туындайтын кепіл
бойынша қатынастар заңнамамен реттеледі. Қазақстан Ұлттық банкі кепілдердің
төмендегідей түрлерін: арнайы мақсаттағы заемдар бойынша – қолданыстағы
заңнамамен көзделген кепілдердің барлық түрлері; Қазақстанның Ұлттық
Банкінің соңғы сатыдағы несие ретінде берген заемдары бойынша – заем
қамтамасыз ету арқылы және онсыз берілуі мүмкін Қазақстанның Ұлттық Банкі
Басқармасының қабылданған шешіміне сәйкес қабылдайды. Заем берушінің қарыз
алушының Қазақстан Ұлттық Банкі банкілік заемын қамтамасыз етуге берген
кепілі бойынша талаптарының көлемі тұрақсыздық айыбы, залалдардың өтелуі,
өзге ықтимал шығындар ескеріліп, берілетін банкілік заемның және ол бойынша
сыйақының сомасынан кем болмауы тиіс.
Қарыз алушы-банктің банкілік заемды қамтамасыз етуге беретін борыш
қағаздарына қойылатын міндетті талабы сол − олардың өтелу мерзімі басталған
соң 10 күн өткенде басталуы тиіс, ал қарыз алушы-заңды тұлғаның банкілік
заемды қамтамасыз етуге беретін борыш қағаздарына олардың өтелу мерзімі
өтелу мерзімі басталған соң 4 ай өткенде басталуы тиіс.
Кепілге борыш қағаздардың ұсынуымен қатар Орталық Депозиттарийге
қарыз алушы деректерді берудің электрондық жүйесі арқылы ақпаратты
жөнелтеді. Банкілік заем бойынша берешекті өтеу кезінде Қазақстанның Ұлттық
Банкі келесі күні Орталық Депозиттарийге деректерді берудің электрондық
жүйесі арқылы борыш қағаздарын есепке алу үшін қарыз алушы банктің кепіл
операциялары бойынша борыш қағаздарын есепке алу бойынша депо шотынан
қарыз алушының негізгі депо шотына борыш қағаздарын аудару туралы
тапсырымды жөнелтеді.
Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының қарыз алушы − резиденттеріне
сапалы Лондон жеткізілімі мәртебесі бар, Қазақстан Ұлттық Банкінің
ұясында жатқан немесе Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерге
әкетілген және Қазақстан Ұлттық Банкінің шетелдердегі металл шоттарындағы
орналастырылған аффинирленген алтынды кепілге салу арқылы береді. Бұл
орайда қарыз алушының Қазақстан Ұлттық Банкінде метелл шоты болуы тиіс және
осы шотта ( онда мыналарн қоса көрсетіледі: аллокирленген немесе
аллокирленбеген шот; Локо-Алматы, Локо-Лондон, Локо-Нью-Йорк және т.б.)
кепілге қойылғн аффинирленген алтынды ұстауы керек.
Берілетін банкілік заем тазартылған алтынмен қамтамасыз етіледі, оның
құны бір үштік унцияға АҚШ долларында ЛБМА таңертеңгі фиксингі бағасымен
есептелінеді.
Қазақстанның Ұлттық Банкі банкілік заемдар және рейтингісі АА− дан
төмен емес халықаралық стандарттарға сай келетін шетел банкі кепілдіктерін
қамтамасыз ету арқылы беріледі.
Сөздікке сәйкес рейтинг сөзі ағылшын тіліндегі rating − бағалау, бедел
дәрежесі, әйгілілік, АА рейтингі Fitch IBCA STANDARD & POORS агенттіктері
беретін заемдар бойынша ұзақ мерзімдік рейтингтерді білдіреді. Оған балама
рейтинг агенттігі MOODVS INVESTORS SERVICES рейтинг агенттігі береді.
Кепілдік кепілдік шарттың не жазбаша нысанда белгіленген тәртіппен
жасалатын кепілдемелік хаттың негізінде пайда болады. Кепілдеме банкілік
заем бойынша борышқордың берешектерінің өтеуінің міндеттемесі болып
табылады. Шетел тілінде ұсынылған шетел банкі кепілдігі мемлекеттік және
орыс тілдеріне аударылуы, сонымен қатар белгілеген тәртіппен заңдастырылуы
тиіс. Банкілік кепілдіктің міндетті түрдегі деректемелері мыналар: нөмірі
және күні; кепілдің атауы, орналасқан жері және банкілік деректемелері;
Қазақстан Ұлттық Банкінің атауы, орналасқан жері және банкілік
деректемелері; кепілдік мәні; кепілділіктің қолданылу мерзімі; кепілдің
қарыз алушы үшін заем сомасын және ол бойынша есептелген сыйақыны өтеу
міндеттемесі; Қазақстан Ұлттық банкіне банкілік заемды қайтару мерзімі
басталғанда және қарыз алушы оны өтемегенде есептелген сыйақымен бірге
банкілік заемды өтеу мерзімі басталған соң келесі күннен бастап Қазақстан
Ұлттық Банкінде шоттар бар болатын кезде, Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес кепілдің шотынан инкассалық өкім арқылы ақшаларды даусыз
алып қоюға құқық беру; кепілдің уәкілетті адамдардың, банкілік мөрі
қойылған қолдары.Кепіл тестіленген хабарды СВИСТ жүйесі бойынша растайды.
Қазақстанның Ұлттық Банк шотына кепілдің шетел валютасы түскен соң бағалы
металлдармен және шетел валютасымен операцияларды жүзеге асырады және
теңгеге баламасын заем бойынша қарыз алушының берешегін өтеуге жөнелтіледі.
1.2. Қазақстан Республикасында банкаралық несиенің пайда болуы
Банктер арасындағы төлем айналымдары бойынша қатынастар қазіргі кезде
Қазақстанда Қазақстан Республикасының екінші деңгейіндегі банктері
арасындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер
мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар
арасындағы Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының 2000жылғы 25 қарашадағы
№428 қаулысымен бекітілген корреспонденттік қатынастар ережелерімен
реттеледі. Аталған ережелермен Қазақстанның екінші деңгейдегі банктерінің
және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың
корреспонденттік шоттарын ашудың, жүргізудің және жабудың ерекшеліктері,
сондай-ақ банк пен банктік емес ұйымдардың төлем айналымдары бойынша
лимиттің есеп айырсу тәртібі белгіленеді.
Банктердің және банктік емес ұйымдардың корреспонденттік шоттарын
ашуға және жабу құқығына тек корреспонденттік шоттарды ашуға және жабуға
Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы бар банктер мен банктік емес ұйымдар
ғана ие болады.
Корреспонденттік шоттар екі түрге бөлінеді: ностро шоты және лоро
шоты. Корреспондентті таңдау кезінде ұйым шот ашқан банк және банктік емес
ұйым үшін шот ашқан банк және банктік емес ұйым (лоро шот) Респондент
Корреспонденттің қаржылық жағдайына талдау жасайды және өзінің уәкілетті
органның шешімі негізінде корреспонденттік шот ашады. Корреспонденттің
Респондентке корреспонденттік шотын ашуға араларында жасалған
корреспонденттік шоттың шарты негізінде жүзеге асырылады, онда мыналар
қамтылуы тиіс: шартың пәні; салық төлеушінің- Респонденттің салық қызметі
органы берген құжатта көрсетілген тіркеу нөмірі; Кореспонденттің қызмет
көрсету ережелері мен оны төлеудің тәртібі; Респонденттің ақшаларын өкім
ету және төлем құжаттарын берудің тәртібі және ақша төлемдері және
аударымдары туралы ақпарат алмасу тәсілдері, сондай-ақ Корреспонденттің
Респондентке тоқсан сайын қаржылық есептілікті, оның ішінде бухгалтерлік
балансты, қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептілікті, ақша
қозғалысы туралы есептілікті, қажеттілікке орай өзге де қаржы есептілігін
ұсынады, осылардың негізінде Респондент бақылау жасау және несиелік және
өтімділік тәуекелді төмендету мақсатында Корреспонденттің қаржылық
жағдайына талдау жасайды; Корреспонденттің корреспондент шоттарын ашуға
және жабуға Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясын кері қайтарып алу туралы
Респондентті уақытылы хабардар етпегені үшін жауапкершілігі; шарттың әрекет
ету мерзімі және оны бұзу тәртібі; дауларды шешу тәртібі және Қазақстан
заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шарттар.
Корреспонденттік шотты ашу үшін Респондент Корреспондентке банктік
шоттарды ашудың тәртібін реттейтін Қазақстан Ұлттық Банкісінің нормативтік-
құқықтық актісімен көзделген құжаттарды ұсынады, сондай-ақ корреспонденттік
шотты ашуға өтініш; банктер үшін-банк операцияларын жүргізуге лицензияның
нотриатты куәландырылған көшірмесі; банктік емес ұйымдарға-аударым
операцияларын жүргізуге лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі.
Респондент корреспонденттік шот ашылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде
Қазақстанның Ұлттық Банкіне белгіленген нысанда хабарлама
береді.Корреспонденттік шоттарды ашу мен жүргізу туралы ішкі ережелер
мыналарды қамту керек: Респонденттің корреспонденттік шоты бойынша ақша
төлемдерін және немесе аударымдарын жүзеге асыру кезінде электрондық
хабарлардың көлемі; Респондентке оның корреспонденттік шоты бойынша үзінді
көшірме алу және Корреспонденттің банк қызметін көрсету және Респонденттің
корреспондент шоты бойынша ақша төлемдерін және аударымдарын жүзеге асыру
бойынша өз міндеттерін орындауға уақытылы бақылау жасаудың өзге нысандары;
Респонденттің корреспонденттік шотында қалған ақша сыйақы есептеу тәртібі;
Респонденттің корреспонденттік шотын қамтығаны үшін коммисия өндіріп алу
тәртібі және Корреспонденттің қалауы бойынша өге талаптар.
Операциялық күн аяқталғаннан соң Корреспондент Респонденттің
корреспондентік щоты бойынша ақша қозғалысы туралы жазба жасайды және оны
Респондентке араларында жасалғаншартта белгіленген тәртіпте, тәсілде және
мерзімде береді. Респондент Корреспонденттен алған жазба бойынша жүзеге
асырылған төлемдердің, бенефициар реквизиттерінің және ақша төлемдерін
жүргізі мерзімінің дұрыстығына бақылау жасайды.
Корреспонденттік щотты жабу Респонденттің өтініші бойынша кез елген
уақытта: корреспондент шоты шартының әрекеті тоқталған кезде;
Корреспонденттен корреспонденттік шоты ашуға және жүргізуге Қазақстан
Ұлттық Банкінің лицензиясы кері қайтарып алынғанда; Респонденттен банк
операцияларын жүргізуге, егер ол банк болып табылған жағдайда, аударым
операцияларын жүргізуге, егер ол банктік емес ұйым болған жағдайда,
Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы кері қайтарып алғанда; заңнамамен және
корреспонденттік шоттың шартында көзделген өзге де жағдайларда, егер
заңнамамен немесе шартпен өзгеше көзделмесе, жүргізіледі.
Банк және банктік емес ұйым төлемді ағымдағы айда оның клиенттерімен
келісе отырып, корреспонденттік шоттар арқылы Қазақстан Ұлтық Банкі
белгілеген лимиттен аспайтын көлемде жүзеге асырылады. Банк және банктік
емес ұйымдар үшін белгіленген лимит Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
банкаралық есеп айырсуларының қазақстандық орталығы (БЕҚО) шаруашылық
жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттің кәсіпорынның төлем жүйесі
арқылы жүзеге асырылатын қолма-қолсыз жасалатын төлемдердің бастапқы жалпы
көлеміне проценттік салыстыру арқылы одан бұрынғы өткен ай үшін есептеледі.
БЕҚО арқылы жүзеге асырылған қолма-қолсыз жасалатын төлемнің жалпы көлеміне
БЕҚО ақша аударымдарының банкаралық жүйесі арқылы жүзеге асырылатын
бастапқы төлемдер көлемі және БЕҚО клирингтік палата арқылы жүзеге
асырылатын төлемдер көлемі, Клирингтік палатаның клиринг нәтижесі бойынша
дебеттік таза позициясы сомасын шегерумен енгізіледі.
Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген төлемдердің көлемі лимиттің көтеру
кезінде банк және банктік емес ұйым заңнама актілеріне сәйкес жауапты
болады. Ондай лимит ақша аударымының банкаралық жүйесі арқылы жүзеге
асырылатын банк төлемінің жалпы көлемінен процентпен есептеледі. Мұндай
шектеу тәуекелдерді төмендету үшін енгізілген.
Әр түрлі контрагенттер мен шаруашылық субъектілері арасындағы есеп
айырсу жүйесі, төлемдердің кідірсіз және үзіліссіз болуын қамтамасыз ету-
бұл экономиканың қалыпты жұмыс істеуінің маңызды шарты. Банктер басымдық
жүргізетін ақша есеп айырсулары мен төлемдерінде қоғамдағы экономикалық
қатынастардың барлық түрі іс жүзінде көрініс табады.Теңгемен және шетелдік
валютамен корреспонденттік шоттарды ашудың, жүргізудің және жабудың тәртібі
банктердің және банк операцияларының жекелегентүрлерін жүзеге асыратын
ұйымдар Қазақстан Ұлттық Банкінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен
екінші деңгейдегі банктермен, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдармен арадағы корреспонденттік қатынастарды
белгілеген Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының 1999жылғы 28 наурыздағы
№37қаулысымен бекітілген және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
1999жылғы 7 мамырда №754 болып тіркелген Ережелермен реттеледі.
2003жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасы аумағында
Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы №338
қаулысымен бекітілген Төлемдердің мақсатын мемлекеттік Топтастырудың
Ережелеріне сәйкес мемлекеттік топтастырушысы- төлемдер мақсатының бірыңғай
топтастырушысы қолданысқа енгізілді. Сөйтіп, төлем құжаттарын онда
резиденттіліктің, экономика секторының белгілерін, валютаның коды және
төлем мақсатын көрсету жолымен кодылау жүйесі құрылды.
ІІ ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАНКАРАЛЫҚ НЕСИЕЛЕУДІҢ ДАМУЫ
2.1 Қазақстан Республикасында банкаралық несиелеудің қазiргi даму келешегі
БААЖ əрбір төлемді жеке өңдеу қағидатымен жəне бұл ретте туындайтын
қаржы тəуекелдерін барынша азайтумен сипатталатын елдегі неғұрлым ірі жəне
басымдылығы жоғары төлемдер жүргізуге арналған нақты уақыт режиміндегі
жалпы есеп айырысу жүйесі болып табылады.
Банкаралық ақша аудару жүйесі (бұдан əрі – БААЖ) 2003 жылдан бастап
жүйедегі төлемдердің жалпы көлемдерінің жəне олардың орташа күндік
көрсеткіштерінің жоспарлы өсу үрдісі байқалады. Мысалы, 2007 жылы 2003
жылмен салыстырғанда екі көрсеткіштің де өсімі 5,2 есені құрады. 2008
жылдың 9 айында жүйедегі төлемдердің жалпы көлемі жəне олардың орташа
күндік айналымы 2007 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда тиісінше 80,1%-
ға жəне 71,6%-ға ұлғайған.

Бес ірі пайдаланушы төлемдерінің БААЖ-дегі жəне клирингтегі төлемдердің
жалпы көлеміндегі жəне санындағы үлесі
2003 2003 2004 2006 2007 2008
Пайдаланушылардың жүйедегі 9 708,614 21 29 50 64
айналымдары, млрд. теңге 786,2 595,2 101,2 257,6 660,3
Кезеңдегі өсімі, %-бен 52,3% 46,1% 34,8% 72,7% 80,1%64
Пайдаланушылардың бір күндегі38,5 58,7 86,0 115,5 201,0 345,8
орташа айналымы, млрд. теңге
Кезеңдегі өсімі, %-бен 51,3% 45,8% 33,7% 74,8% 71,6%
Пайдаланушылардың жеке 44,9 49,0 67,0 83,4 143,0 324,2
қаражаты (бір күнде кіретін
орташа алғандағы қалдық),
млрд. теңге
Кезеңдегі өсімі, %-бен 8,9% 36,7% 23,9% 72,3% 126,6%
Кіретін қалдық сомасының 115,4% 83,1% 77,9% 72,2% 71,1% 93,9%
жүйенің айналымынан бір
күндегі орташа алғандағы
үлесі, %-бен
Жүйедегі 1 (бір) төлемнің 2,6 4,6 5,9 4,7 6,3 10,6
орташа сомасы, млн.теңге
Өтімділіктің жетіспеушілігінен орындалмаған төлемдер, оның ішінде
Саны, бірлік нд 215 123 2160 20 8
Сомасы, млн.теңге нд 3 7 4 329,8 1 183,5
907,1 364,5 645,9
Төлемдердің орындалмау нд 35 15 13 4 5
фактілері байқалған жыл
күндерінің саны
Клирингтегі өтімділік көрсеткіштері
2003 2003 2004 2006 2007 2008
Пайдаланушылардың 564,0 675,9 816,7 942,8 1 448,11 374,0
жүйедегі айналымдары,
млрд. теңге
Кезеңдегі өсімі, %-бен нд 19,9% 20,9% 15,4% 53,6% 35,2%
Пайдаланушылардың 2,2 2,7 3,3 3,7 5,8 7,3
жүйедегі бір күнгі
орташа айналымы, млрд.
теңге
Кезеңдегі өсімі, %-бен 19,8% 21,8% 14,5% 54,8% 26,8%
Пайдаланушылардың таза 0,69 0,77 0,91 0,98 1,24 1,64
позициясының орташа
сомасы (ПТПС), млрд.
теңге
Кезеңдегі өсімі, %-бен нд 11,6% 18,2% 7,7% 26,5% 32,3%
ПТПС-ның БААЖ-дегі 1,8% 1,3% 1,1% 0,8% 0,6% 0,5%
орташа күндік
айналымдар сомасына
үлесі, %-бен
Жүйедегі күші жойылған төлемдер, оның ішінде
Саны, бірлік 558 392 515 164 141 156
Сомасы, млн.теңге 152,2 57,9 107,4 27,8 44,9 83,9
Төлемдерді жою 32 16 10 5 4 1
фактілері байқалған бір
жылдағы күні саны

Өтімділіктің жетіспеуі себебінен орындалмаған төлем фактілері
байқалған жыл күндерінің саны да 35 күннен 4 күнге30 дейін қысқарған.
Ірі пайдаланушылардың өтімділікке қатынасты проблемалар туындаған
фактор болып табылатын ірі пайдаланушылардың қызметіне жүйе жұмысының
тəуелділігіне келер болсақ, онда жағдай мынадай түрде көрінеді.

Банкаралық ақша аудару жүйесі, оның ішінде
Саны, %-бен 40,6% 33,3% 28,2% 28,6% 31,7% 32%
Сомасы, %-бен 33,3% 32,5% 29,7% 31,3% 29% 32,3%
Банкаралық клиринг, оның ішінде
Саны, %-бен 33,2% 30,8% 27,5% 33,8% 30,1% 34,6%
Сомасы, %-бен 42,4% 38,9% 38,8% 40,8% 38,6% 41,4%
2008 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жүйе пайдаланушыларының – 5
(бес) ірі банктің БААЖ-дегі төлемдердің жалпы саны мен көлемінің үлесі
тиісінше 32%-ды жəне 32,3%-ды құрады. Бұл ретте 2003 жылдан бастап талдау
жасалып отырған кезең бойы бес ірі пайдаланушыларының үлесі айтарлықтай
өзгерген жоқ жəне де жүйедегі төлемнің жалпы саны мен көлемінің шамамен 30%-
ын құрады.
Осы көрсеткіштердің жоғары қаржылық тұрақтылығын жəне олардың
жүйедегі төлемдердің жалпы ағынының 30%-ынан аспайтын мөлшердегі жиынтық
үлесін ескере ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz