Қазақстан жағдайында шетелдік макроэкономикалық реттеу тәжірибесін пайдалану



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3


1. Қазақстан жағдайында шетелдік макроэкономикалық реттеу тәжірибесін пайдалану мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

2. Шетел мемлекеттері экономикасының мемлекеттік реттелуінің мәні мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

3. Нарықтық экономикадағы әр түрлі мемлекеттерде экономиканың реттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
Кеңес өкіметі ыдырағанан кейін аз ғана уақыт ішіндегі экономиканы реформалау мен шаруашылық жүргізудің нарықтық беделіне өту жөніндегі кең көлемді шараларды жүзеге асыру тәжірибесі – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық процестерге араласуы – объективті қажеттілік екендігін түпкілікті түсінуге мәжбүр етті. Оның объективтілігі ұлттық санақ жүргізудің жаңа жүйесіне өту керектігімен, экономикалық дамудың тепе-теңдігін сақтау мүдделері мемлекеттік реттеудің объектісі болып табылатындығымен және макроэкономикалық үрдістердің сандық-сапалық көрсеткіштері өзгерісін тұрақты түрде зерттеп отыруды қажет ететіндігімен де түсіндіріледі. Сонымен қатар мемлекеттік реттеу рөлінің күшеюі мемлекетаралық (оның ішінде ТМД елдері арасында) Экономикалық интеграцияның объективтілігі және экологияның кең ауқымды мәселерін әлемдік деңгейге шешу қажеттілігімен байланысты екендігін де атап өту керек. Мұның бәрі де жас экономист мамндары жан-жақты дайындау қажеттілігі туралы мәселені күн тәртібіне қойып отыр. Оларды дайындау барысында экономиканы мемлекеттік реттеудің ғылыми-методологиялық негізерімен қатар тәжірибесін де танып-білу маңызды рөл атқарады.
Мұндай танып-білу маңыздылығы Қазақстанда бұл мәселелердің әлі де қандай да бір теориялық зерттеулер мен ғылыми жұмыстардың объектісі бола қоймағандығына байланысты да біршама арта түседі. Сондықтан бұл жұмыста аталған орын алып отырған кемшілікті республикамыз бойынша мәліметтер негізінде түзетуге әрекет жасаған.
Стратегиялық жоспарлау агенттігнің Президентіміздің тікелей бағындырылуы және Экономика мен сауда министлігінің қайта құрылғаны жайдан-жай емес екендігін еске сала кету артық болмас.
1. Елемесов Р. , Жатканбаев Е. Государство и рынок: учебное пособие – Алматы: Қаржы-қаражат 1997ж
2. Ихданов Ж.О., Сансызбаева Г.Н., Саханова А.Н. Плавно-фмнансовые механизмы регулирования экономики. – Алматы, Экономика 1998ж
3. Әубәкіров Я.Ә., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П. – Экономикалық теория, Алматы 1999ж
4. Шеденов Ө.Қ., Жүнісов Б.А.- Жалпы экономикалық теория; Алаты-Ақтөбе 2002ж
5. Кошанов А.К. – Формирование государственного предпринемателства а Республике Қазақстан в условиях смешанной экономики. Алматы; 2000ж
6. Кенжегузи.М.Б.-Стратегия развития Қазақстана и реформирование найиональных производственных сил. Алматы; 1998ж
7. «ЕГЕМЕН ҚАЗАҚТАН» 19 ақпан 2005ж

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Қазақстан жағдайында шетелдік макроэкономикалық реттеу тәжірибесін
пайдалану мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

2. Шетел мемлекеттері экономикасының мемлекеттік реттелуінің мәні мен
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

3. Нарықтық экономикадағы әр түрлі мемлекеттерде экономиканың
реттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 12
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

Экономиканы мемлекеттік реттеу

Кіріспе

Кеңес өкіметі ыдырағанан кейін аз ғана уақыт ішіндегі экономиканы
реформалау мен шаруашылық жүргізудің нарықтық беделіне өту жөніндегі кең
көлемді шараларды жүзеге асыру тәжірибесі – мемлекеттің әлеуметтік-
экономикалық процестерге араласуы – объективті қажеттілік екендігін
түпкілікті түсінуге мәжбүр етті. Оның объективтілігі ұлттық санақ
жүргізудің жаңа жүйесіне өту керектігімен, экономикалық дамудың тепе-
теңдігін сақтау мүдделері мемлекеттік реттеудің объектісі болып
табылатындығымен және макроэкономикалық үрдістердің сандық-сапалық
көрсеткіштері өзгерісін тұрақты түрде зерттеп отыруды қажет ететіндігімен
де түсіндіріледі. Сонымен қатар мемлекеттік реттеу рөлінің күшеюі
мемлекетаралық (оның ішінде ТМД елдері арасында) Экономикалық интеграцияның
объективтілігі және экологияның кең ауқымды мәселерін әлемдік деңгейге
шешу қажеттілігімен байланысты екендігін де атап өту керек. Мұның бәрі де
жас экономист мамндары жан-жақты дайындау қажеттілігі туралы мәселені күн
тәртібіне қойып отыр. Оларды дайындау барысында экономиканы мемлекеттік
реттеудің ғылыми-методологиялық негізерімен қатар тәжірибесін де танып-білу
маңызды рөл атқарады.
Мұндай танып-білу маңыздылығы Қазақстанда бұл мәселелердің әлі де
қандай да бір теориялық зерттеулер мен ғылыми жұмыстардың объектісі бола
қоймағандығына байланысты да біршама арта түседі. Сондықтан бұл жұмыста
аталған орын алып отырған кемшілікті республикамыз бойынша мәліметтер
негізінде түзетуге әрекет жасаған.
Стратегиялық жоспарлау агенттігнің Президентіміздің тікелей
бағындырылуы және Экономика мен сауда министлігінің қайта құрылғаны жайдан-
жай емес екендігін еске сала кету артық болмас.

1. Қазақстан жағдайында шетелдік макроэкономикалық реттеу тәжірибесін
пайдалану мәселелері

Шет елдерде нарықтық экономикасымен қоса кесіпорын және фирмалардың
жослары маңызды рөл атқа рады. Біздің ойымызша республикадағы қазіргі
жағдай да шетелдік өндіріс сфераларын жеңілдікпен несиеге және осы
несиелердің тиімді пайдалануға бағытталған мемлекеттің бақылау
функцияларын күшейту тәжірибесін қолданған жөн. Өйткені Қазақстанда үш
жыл бұрын осы қарастырылып отырған саланы несиелеуде және салық салуда
барлық жеңілдіктерді алып тастау туралы шешім қабылдады, ал несие
ресурстары көбінесе коммерциялық делдалдық жүйеге "қызмет көрсетуге",
басқаша айтқанда тауар айналымына жұмсалды. Осындай саясаттың кері әсері
әлі де сезілуде. Шаруашылық тәжірибе тауар өндірісінің өсуін ынталандыру
мақсатында және мемлекеттің экспорттық потенциалының өсуіне
бағытталған кәсіпкерлер мен бизнесмендердің белсенді қызметі, бізді
икемді салық жүйесінің жоғарғы тиімділігіне сендіруде. Біздің
республикамызда әлі де бұл салада, керісінше, заңды және жеке
тұлғалардың өндірістік қызметпен айналысуға ынталарын жоятын қатал
жүйе тандалуда.
1992 жылдан бастап ҚР Президенті өндіріс саласындағы шағын және
кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан Колдау туралы жарлықтар мен заңдарға қол
қойды. Бірақ осы жарлықтарды жүзеге асыру жолында әлі де көптеген
объективті және субъективті түрдегі кедергілер бар.
Шет елдегі баға белілеу механизмі үлкен қызығушылық көрсетуде. Ауыл
шаруашылық өнімдерінің бағасын реттеу, саланың бірінші буынына табыс және
пайда сомасының минималды деңгейін қамтамасыз етуге кепілдік беру түрінде
қүрылған. Басқа мемлекеттердің тәжірибесі көрсеткендей дағдарыс
жағдайынан шығу жолында өкімет баға белгілеу мен баға деңгейіне әсіресе
халықтың тауар тұтынуын бақылауын күшейтті. Қазір біз өндіріске және
өндіріс кұралдарымен тұтыну заттарды сатуға монополия жағдайындағы
бағалардың толық ырықтандырылу, сондай-ақ ауыл шаруашылығын материалды
өндіріс саласы ретінде даму үшін қажетті дотацияларды бөлмеу жолымен келе
жатырмыз. Мұндай көзқарас республикамыздың ЖҰӨ-нің үштен бірін
құрайтын, экономиканың аграрлы секторының өнімдеріне баға белгілеу және
баға мәселелерін өкімет көз алдынан тыс қалдыруда.

2.Шетел мемлекеттері экономикасының мемлекеттік реттелуінің мәні мен
әдістері

Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға көшуінің мүмкіндігі
басқа мемлекеттердегі экономикалық өмірге көңіл бөлу керектігін туындатады.
Ұлттық әлеуметтік-экономикалық дамуды реттеу нарықтық экономикасы бар
барлық дерлік дамыған елдерде пайдалынады. Осыған байланысты экономиканы
мемлекеттік басқару сұрақтарын зерттеудің әлемдік тәжірибесіне деген көңіл
арта түсуде.
Бұл мәселенің теориялық зерттелуімен батыстың танымал экономисі
Д.Кейнстің Жұмыспен қамтамасыз етілу, пайыз бен ақшаның жалпы теориясы
атты еңбегінде танысуға болады.
Мемлекеттік-монополиялық реттеудің мәні капиталистік өндірістің терең
антагониялық қайшылықтырын жұмсартумен капиталистік қоғамдық өндірістің
негізі болатын өндіріс құралына деген капиталистік меншікті сақтай отыра
өріс алып жатқан әлеуметтік келіспеушіліктерді азайтуда жатыр, яғни
капитализмді сақтап, оның қанағаттанарлықтай жұмыс істеуіне жағдай жасау.
Осылайша, буржуазиялық мемлекет өзінің әлеуметтік шиеленісті жұсарту
әрекетімен өзінің буржуазиялық қоғамды қорғау функциясын орындайды.
Экономиканы реттеуді буржуазиялық мемлекеттің қызметінің бір нышаны
ретінде қарастыруға болады.
Буржуазиялық мемлекеттің капитал өндірудің жалпы жағдайларын жасау мен
капиталистік қоғамды сақтау қызметтері көптеген әдістердің қолдануын талап
етеді. Әдістердің көптігіне қарамастан, буржуазиялық мемлекетпен
экономикаға әсер етуге қолданылатын әдістер арасынан екі топты бөліп
шығаруға болады. Бірінші топқа жеке кәсіпкердің жұмысын заңды түрде
реттейтін ережелер арқылы экономикаға әсер етудің тура әдістері жатады.
Бұндай әдіспен жұмыс күнінің ұзақтығы, еңбек ақының ең төмен мөлшері,
санитарлы жағдайларға қойылатын талаптар мен стандарттар бекітіледі. Тура
әдістерді мемлекет басқарудың әкімшілік пен заңдық аппараттар арқылы іске
асырады.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің жанама әдістер арқылы буржуазиялық
мемлекет дамуы бүкіл қоғам үшін маңызды болатын өндірістің немесе ел
аудандарында жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер үшін шаруащылық етудің қолайлы
жағдайларын жасайды.
Экономиканы жанама реттеудің әдістері оларды мұқият зерттеуді талап
етеді. Бұл әдістерге буржуазиялық мемлекеттің салық және ақша-несие
саясатын, амортизация мөлшерін өзгерту мен тауарлар мен қызметтердің
мемлекетпен сатып алынуын жатқызуға болады. Экономиканың мемлекеттің
реттелуіне инфляцияға қарсы, циклға қарсы, экономикалық өсудің саясаты,
инвестициялық және әлеуметтік саясат, сыртқы экономикалық байланыстарды
және ғылыми-техникалық зерттеулерді реттеумен байланысты саясат сияқты
экономикалық саясаттын әр түрлі бағыттыры себепкер болады.
Мемлекет өзінің реттеуші қызметінің экономиканың мемлекеттік және
мемлекеттік-жеке секторларын пайдалана отырып іске асырады. Мемлекетке,
әсіресе бірқатар еуропалық мемлекеттерде, қазіргі уақытта ұлттық байлықтың
едәуір бөлігі тиісті. Мысалы, Франция экономикасында мемлекеттік меншіктің
үлесі 40 пайызды құрайды, Жапония экономикасында – 20 пайыз, АҚШ-та
мемлекеттік меншік үлесі 5-10 пайыздан аспайды. Дегенмен АҚШ-та
электрстанциялары, көлік, байланыс және басқа да салалар қатаң мемлекеттік
бақылауында жатыр.
Дамыған елдер мемлекеттері конъюнктуралық, салалық және аймақтық
реттеу көмегімен анықталатын халықшаруашылық пропорциялардың құрылуына көп
көңіл бөледі.
Конъюнктуралық реттеудің мақсаты нарықта тауар ұсынысы мен оған
сұраныс арасындағы оңтайлы ара-қатынасты ұстап тұру болып табылады.
Мемлекет сұраныстың өсімін тоқтату арқылы экономикаға әсерін тигізеді және
керек кезінде тауарларға деген сұранысты арттыруға тырысады.
Конъюнктуралық реттеумен қатар құрылымдық реттеу бөлінеді. Бұл
буржуазиялық мемлекеттің елдің салалары мен аудандары арасында қажетті
пропорцияларды жасауын білдіреді.
Конъюнктуралық және салалық реттеумен қатар буржуазиялық мемлекет
аймақтық реттеуді жүргізеді. Салалық реттеудің мақсаты капитализм кезінде
біркелкі дамымайтын ел аудандарының арасында оңтайлы пропорцияларды құру
болып табылады. Салалық реттеу Англияда, Италияда, Голландияда, Скандинавия
елдерінде кеңінен қолданылады.
Буржуазиялық мемлекеттердің экономикаға араласуының маңызды
әдістерінің бірі болып салық саясаты табылады, яғни табыс салығы және басқа
да салықтарды салу ретінің комплексті шаралары. Салық салмағының көлемі,
салық жинау уақыты, онық құрылысы, тәртібі мен салық салу түріне байланысты
жеке кәсіпкерлер үшін шаруашылық жүргізудің салыстырмалы түрде жағымды
немесе жағымсыз шарттары құрылуы мүмкін, жеке меншік иелері мен еңбекшілер
бұқараларының әр түрлі категориялары үшін салық қысымы артуы немесе кемуі
мүмкін. Осы шаралар арқылы мемлекет экономиканың дамуына едәуір әсерін
тигізеді. Бұл әдіс экономиканың конъюнктуралық, салалық және аймақтық
реттелуінде кеңінен қолданылады.
Капиталистік елдерде ел экономикасына мемлекеттік араласудың келесі
маңызды әдісі болып ақша-несие саясаты табылады, яғни несие мен ақша
айналымын реттеу шаралары. Бұл жағдайда буржуазиялық мемлекет экономиканың
қызмет етуіне ақша массасының көлемін өзгерту арқылы әсер етеді. Ақша
массасының көлемін реттеу үшін көптеген капиталистік елдерде банк
мекемелері үшін міндетті қорлардың мөлшерін өзгерту пайдаланылады.
Қорлардың міндетті минимумын көтеру жеке меншік банктердің несие
ресурстарының азаюына әкеліп соғады, бұл өз алдына несие экспансиясына
үлкен мүмкіндіктер жасайды. Орталық банк та есеп ставкасын өзгерту арқылы
ақша массасына әсерін тигізеді. Коммерциялық банктердің тек векселдерін
ғана есепке алатын орталық банктің есеп ставкасын төмендетуі не жоғарлатуы
коммерциялық банктердің активтерінің жоғарлауына немесе төмендеуіне алып
келеді. Ақща массасын реттеу үшін ашық нарықтағы операциялар да кеңінен
қолданылады. Ақша массасын айналымда азайту керек болғанда буржуазиялық
мемлекет өзінің облигацияларының сатылуын арттырады. Ал ақша массасын
айналымда арттыру үшін мемлекет өзінің қарыз міндеттемелерін сатып ала
бастайды.
Ақша айналымының көптеген жақтары орталық банктың қызметіне тәуелді
болмауына қарамастан, оның бұл әрекеттері айналымдағы ақша массасына өз
әсерін тигізеді. Ақша массасының өзгеруі өз алдына коммерциялық банктердің
пайыз мөлшері мен есеп ставкасының өзгеруі арқылы капитал салымының
өзгеруіне әкеліп, нарықтағы жалпы сұранысқа әсер етеді. Керек кезінде
экономикалық өсу жағдайында несиені шектеу саясаты қолданылады, ал
керісінше іскерлік белсендікті арттыру үшін несиелік ұсынысты ұлғайтып,
несиені арзандату саясаты пайдаланылады.
Және де жанама жолмен буржуазиялық мемлекет экономикаға өз әсерін
амортизация мөлшерін өзгерту арқылы тигізеді. Амортизациялық есептен шығару
нормаларын бекіте отырып, мемлекет капиталдың айналымын және өндірістік
құралдардың жаңаруын үдетеді немесе тежейді. Үдетілген амортизация жүйесі
кәсіпкерлерге табыстың едәуір бөлігін салық салудан жасыруға мүмкіндік
береді. Амортизациялық мөлшерді реттеу көбінесе салалық реттеуде
пайдаланылады. Әр түрлі салалар арасында амортизациялық мөлшер арасындағы
бірнеше есеге тең болатын айырмашылық, жеке кәсіпкерлердің амортизациялық
мөлшері жоғары салаларға инвестиция жасауға қызығушылығын тудырады.
Экономиканы реттеудің жанама әдістеріне сондай-ақ мемлекеттің тауарлар
мен қызмет көрсетулерді сатып алуын жатқызуға болады. Капиталистік
мемлекеттердің соғыстан кейінгі дамуының ерекшелігі осы мемлекеттердің
өзінің сатып алулары арқылы сұраныс пен ұсыныс ара-қатынасына тұрақты және
едәуір ықпал ететін тауарлық келісімдердің мүшесіне айналуында жатыр.
Мемлекеттік тауарлық сатып алу көлемінің өсуі өндірістің және оның
негізінде басқа фирмаларға шикізат, материалдар мен құрал-жабдықтарды
жеткізудің мемлекеттік тапсырыс жүйесінің дамуына әкеледі. Реттеу жүйесіне
орташа және ұсақ фирмалардың қатыстырылуы өндіріс координациясы мен тауар
өткізудің шекараларын кеңейтеді.
АҚШ-та мемлекет өзі өндіріс пен құрылыстың дайын өнімінің 14 пайызын
сатып алады. Сонымен қатар, мемлекеттік шығындар негізінде тұтыну заттарына
ұсыныс туатыны есте сақтаған жөн, өйткені тауарлар мен қызметтерді төлеуге
жұмсалатын мемлекеттік шығындардың жартысына жуығы мемлекеттік
қызметкерлерге жұмсалады. Мемлекеттік тауар сатып алулармен бірге
мемлекеттік қызметкерлердің тұтынушылық шығындары өндіріс пен құрылыстың
соңғы өніміне деген сұранымның 22 пайызын қамтамасыз етеді. Тауарлар мен
қызмет көрсетулердің мемлекетпен сатып алынуы буржуазиялық мемлекетпен
көбінесе конъюнктуралық реттеуде қолданылады. Тауарлар мен қызмет
көрсетулердің мемлекетпен сатып алуының экономикалық дағдарыс кезеңдерінде
ерекше мәні бар. Экономикалық өрлеу кезінде мемлекет өзінің сатып алуын
өндірістің экономикалық бәсеңдеуі кезінде ұсыну үшін кейінге қалдырады.
Әрине, буржуазиялық мемлекеттің жеке капиталға әсер етуінің жанама
әдістері тура әдістерге қарағанда сенімділіг төмен, бірақ сонымен қатар
оларды тиімді емес деп атауға болмайды. Жеке меншік сектор реттеуге оңай
бағынбайды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістемесінің түсінігі және оның негізгі элементтері
Мемлекеттің фискалдық саясаты
Қазақстан жағдайында экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесін пайдаланудың қажеттілігі: мүмкіндіктері мен тиімділігі
Экономиканы мемлекеттIк реттеудIң шетелдIк тәжIрибесI
Экономиканы реттеудің теориялық мәселелерін қарастыру
Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері. ҚР мемлекеттiк реттеудiң жетілдіру жолдары
Экономиканы мемлекеттiк реттеудiң шетелдiк тәжiрибесi туралы
Экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі жайында
Экономиканы мемлекеттік реттеу жолдары
Экономиканы мемлекеттiк реттеудiң шетелдiк тәжiрибесi жайлы
Пәндер