Экономикалық жоспарлау туралы



1.1 Нарықтық қатынастар аясының кеңеюі жағдайындағы стратегиялық жоспарлаудың мәні мен рөлі
1.2 Жоспарлаудың ғылыми.методологиялық негіздері.
1.3 Стратегиялық жоспарлаудағы экономиканың негізгі даму басымдықтары
Әлемдік тәжірибенің көрсетуінше, қазіргі кезде жалпымемлекеттік макроэкономикалық жоспарлаудың бюджеттік, стратегиялық, индикативті, директивті формалары бар. Солардың ішінде Қазақстан үшін стратегиялық және индикативті жоспарлардың маңызы зор болып отыр.
Әлеуметтік-экономикалық мақсаттарды шешу мерзімінің ұзақтығына байланысты индикативтік жоспарлар жүйесі стратегиялық, орта мерзімдік, және жылдық жоспарлардан тұрады, олар макро-, аумақтық,салалық деңгейді қамтиды./1/
Республика Президенті Н.Назарбаевтің 1997 жылғы Қазақстан халқына жолдауында жарияланған “Қазақстан –2030” - жоспары стратегиялық жоспарға жатады. Стратегиялық жоспарлар ұзақ мерзімге жасалады және ұлтық экономика дамуының ұзақ-мерзімдік мақсаттарын, мәселелерін, басыңқыларын анықтайды және оларды жүзеге асыру кезеңдері мен мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың жалпы бағыттарын белгілейді.
Стратегиялық жоспарлау – көптеген мемлекеттер, ірі және орта компаниялар соңғы кездері кеңінен қолданып жүрген арнаулы білім (қызмет) саласы. Ол басқаруда ертеден қолданылып келеді, бірақ жиі және кең көлемде қолданылуы екінші дүниежүзілік соғыс кезінен басталды және тек әскери ғана емес, сонымен қатар азаматтық қызмет пен бизнес сферасында да кеңінен қолданылғандықтан қазіргі кезде жеке ғылым саласы ретінде қалыптасты.
Стратегиялық жоспарлаудың мәні айқындалған, шекті қор көлемі бойынша дамудың магистральді бағытын, қазіргі экономиканың қолайлы тұстарын дұрыс пайдалану және жағымсыз жақтарының әсерін бейтараптандыру арқылы болашаққа нақты қойылған мақсатқа қол жеткізетін іс-әрекеттерді анықтауда.
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалау жөніндегі Агенттігі әзірлеген “Министрліктер мен ведомстволарға арналған жылдық стратегиялық жоспарларды дайындау жөнінде әдістемелік ұсыныстарына (1997 жылдың мамыр айы) сәйкес стратегиялық жоспарлар төмендегі бөлімдерден тұрады:
1) Саланың ағымдағы қал-күйіне баға беру;
2) Жоспарлы кезеңдегі министрлік жұмысының мақсатын анықтау;
3) Басыңқылар;
4) SWOT- мақсаттарға қол жеткізу мүмкіндіктерін талдау;

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
1.1 Нарықтық қатынастар аясының кеңеюі жағдайындағы стратегиялық
жоспарлаудың мәні мен рөлі

Әлемдік тәжірибенің көрсетуінше, қазіргі кезде жалпымемлекеттік
макроэкономикалық жоспарлаудың бюджеттік, стратегиялық, индикативті,
директивті формалары бар. Солардың ішінде Қазақстан үшін стратегиялық және
индикативті жоспарлардың маңызы зор болып отыр.
Әлеуметтік-экономикалық мақсаттарды шешу мерзімінің ұзақтығына
байланысты индикативтік жоспарлар жүйесі стратегиялық, орта мерзімдік, және
жылдық жоспарлардан тұрады, олар макро-, аумақтық,салалық деңгейді
қамтиды.1
Республика Президенті Н.Назарбаевтің 1997 жылғы Қазақстан халқына
жолдауында жарияланған “Қазақстан –2030” - жоспары стратегиялық жоспарға
жатады. Стратегиялық жоспарлар ұзақ мерзімге жасалады және ұлтық экономика
дамуының ұзақ-мерзімдік мақсаттарын, мәселелерін, басыңқыларын анықтайды
және оларды жүзеге асыру кезеңдері мен мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық
саясаттың жалпы бағыттарын белгілейді.
Стратегиялық жоспарлау – көптеген мемлекеттер, ірі және орта
компаниялар соңғы кездері кеңінен қолданып жүрген арнаулы білім (қызмет)
саласы. Ол басқаруда ертеден қолданылып келеді, бірақ жиі және кең көлемде
қолданылуы екінші дүниежүзілік соғыс кезінен басталды және тек әскери ғана
емес, сонымен қатар азаматтық қызмет пен бизнес сферасында да кеңінен
қолданылғандықтан қазіргі кезде жеке ғылым саласы ретінде қалыптасты.
Стратегиялық жоспарлаудың мәні айқындалған, шекті қор көлемі бойынша
дамудың магистральді бағытын, қазіргі экономиканың қолайлы тұстарын дұрыс
пайдалану және жағымсыз жақтарының әсерін бейтараптандыру арқылы болашаққа
нақты қойылған мақсатқа қол жеткізетін іс-әрекеттерді анықтауда.
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалау
жөніндегі Агенттігі әзірлеген “Министрліктер мен ведомстволарға арналған
жылдық стратегиялық жоспарларды дайындау жөнінде әдістемелік ұсыныстарына
(1997 жылдың мамыр айы) сәйкес стратегиялық жоспарлар төмендегі бөлімдерден
тұрады:
1) Саланың ағымдағы қал-күйіне баға беру;
2) Жоспарлы кезеңдегі министрлік жұмысының мақсатын анықтау;
3) Басыңқылар;
4) SWOT- мақсаттарға қол жеткізу мүмкіндіктерін талдау;
5) Мақсаттарға қол жеткізу стратегиясы;
6) Стратегияларды жүзеге асыру кезеңдері, немесе аралық мақсаттар.2
Жоспардың бірінші бөлімінде бастама (старттық) кезеңге және саланың
реформалануына баға беріледі. Бастапқы жәй-күйді әлемдік стандарттармен,
ТМД-елдерінің, дамыған және дамушы елдердің көрсеткіштерімен салыстыру
қажет. Сонымен қатар, ағымдағы жәй-күйді бағалау саланың (министрліктің)
алдында тұрған бірінші кезектегі мәселелерді де қамтуы шарт.
Министрліктердің алға қойған мақсаты барынша аз болуы тиіс және де
үштен аспағаны жөн. Мақсаттардың сандық өлшемде болғаны дұрыс. Сандық
индикаторларды қалыптастыру мүмкін болмаған жағдайда олар сапалық болуы
тиіс. Бұндай жағдайда мақсат нақты, айқын бақылауға, тексеруге мүмкіндік
беретіндей болуы шарт. Мақсаттар жалпымемлекеттік стратегиялық жоспарға,
оның басыңқылары мен қорларына, Үкіметтің реформа жөніндегі бағдарламасы
мен индикативті жоспарына сәйкес белгіленеді.
Жоспардың үшінші бөлімінде министрліктің іс-әрекеттерінің басыңқы
бағыттары анықталынады. Басыңқылардың саны үш-бес, жекелеген ведомстволар
үшін жеті болуы керек. Басыңқылар неғұрлым аз болса, стратегиялық жоспарды
орындауда қолда бар қорлар мен мүмкіндіктер соғұрлым “шашылмайды”.
SWOT- талдау - жоспардың төртінші бөлімін құрайды.
SWOT- ағылшын әріптерінің аббревиатурасы. Қазақ тілінде күшті (ұтымды)
және әлсіз жақтар, мүмкіндіктер мен қатерлер мағынасын береді. Ол сыртқы
және ішкі жағдайларды жүйелеу негізінде алға қойған мақсаттарға жету
стратегиясын жасау үшін қолданылады.
Күшті (ұтымды) жақтарға төмендегілер жатқызылуы мүмкін:
1) салада реформалардың жеткілікті жүргізілуі және олардың
нәтижелілігі;
2) өзін-өзі қамтамасыз ету мүмкіндігі, сыртқы ортаға тәуелділігінің
төменділігі;
3) шығындар мен бағалардағы артықшылықтар (бұл мүмкіндіктерде де
аталуы мүмкін);
4) сәйкес (барабар)құқықтық және нормативтік қамтамасыз етілгендігі;
5) барабар информациялық қамтамасыз етілгендігі;
6) прогрессивтік (перспективалық) технологиялар;
7) күшті (ұтымды) менеджмент;
8) жоғары профессионалды министрлік аппараты және оның жақсы
ұйымдастырылуы;
9) ғылыми қамтамасыз етілуі және жақсы интеллектуалдық қорлар;
10) жеткілікті қорлар (жер, су,қаржылық т.б.);
11) жақсы әлеуметтік қызметтер (салалық, ведомстволық т.б.).
Бастапқы кезеңнің әлсіз жақтары төмендегілерді қамтиды:
1) нақты стратегиялар мен жоспарлардың болмауы;
2) іс-әрекеттердің бірімен-бірі байланыссыз жан-жаққа бағытталуы;
3) нашар реформалануы немесе реформалардың дұрыс нәтиже бермеуі;
4) Министрлік апаратының нашар ұйымдарстырылуы;
5) нашар құқықтық кеңестік;
6) ақпаратпен нашар қамтамасыз етілуі;
7) нашар технологиялар;
8) экологиялық мәселелердің болуы;
9) іс-әрекеттердің өз-ара байланысының нашарлығы;
10) көлік жолдары мен коммуникациялардың болмауы,т.б.
Егер кұшті (ұтымды) және әлсіз жақтарды талдауда саланың ішкі
факторлары қаралатын болса, онда мүмкіндіктер мен қатерлерді бағалауда
сыртқы факторлар зерттеледі. Мүмкіндіктер сыртқы нарықтарда кездеспейтін,
кездессе де айқын көрінбейтін белгілі-бір факторлар түрінде болса, онда
қауіп-қатерлер сыртқы нарықтың қатерлі бәсекелестік (осы сала үшін қауіпті
басқа да жағдайлар)түрінде сипатталуы мүмкін. Мысал ретінде мүмкіндіктер
мен қауіп-қатерлердің қатарына төмендегілерді жатқызуға болады (бұл тізім
түгел әрі міндетті бола алмайды).
Мүмкіндіктер:
1) табиғи байлықтардың болуы (жер,су, пайдалы қазбалар және т.б.);
2) жаңа сыртқы нарықтарды жаулап алуға жағдай жасайтын өндірістерді
ұйымдастыру мүмкіншілігінің болуы;
3) жаңа технологияларды игеру;
4) халықаралық көлік байланыстары мен коммуникациялардың болуы;
5) басқа ұйымдармен, компаниялармен көлбеу интеграция жүргізу;
6) бәсекелестердің сыртқы нарықтардағы әлсіздігі;
7) баға мен шығындарды төмендетудегі ірі мүмкіндіктер;
8) мемлекет тарапынан қолдау және т.б.
Қауіп-қатерлер:
9) күшті бәсекелестер тарапынан қысымның болуы;
10) қорлардың жеткіліксіздігі (мүлдем болмауы);
11) сыртқы нарықтарға шығуға мүмкіндіктердің болмауы;
12) ішкі нарықты жоғалтып алу қаупі, т.б.
Барлық мүмкін жұп комбинациялар талданады, олардың ішінен тек
стратегияны әзірлеуге ескерілетіндері зерттеледі. Мүмкіндіктер мен қауіп-
қатерлердің диалектикасын естен шығармау керек. Өйткені, пайдаланылмаған
мүмкіндік, оны бәсекелестер дұрыс пайдаланған жағдайда, керісінше, қауіп-
қатер болып шығуы мүмкін.
Жоспардың келесі бөлімінде алға қойған мақсаттарға жету стратегиясы
анықталынады. Әлемдік тәжірибе сәтті де, сәтсіз де стратегияларға бай.
Кейде, бір қарағанда орындалуы мүмкін емес тәрізді стратегиялардың нәтижелі
жүзеге асқандары бар, керісінше, керемет стратегиялар ұйымдаспағандықтан,
іс-әрекеттердің байланыссыз жүргізілгендігінен, басшылардың жігерсіздігінен
іске аспай қалғандығын айтуға болады. Дегенмен, ғылыми және практикалық
тәжірибелерді зерттеп тұжырымдау бірнеше эталондық стратегияны бөліп
шығаруға мүмкіндік береді:
a) құнарлы өсу стратегиясы - өндірілетін өнім түрлерін, салалық
ерекшеліктерді өзгеріссіз қалдыра отырып, жалпы қөрсеткіштердің
өсуіне қол жеткізу;
б) диверсификациялық өсу стратегиясы - қызмет жүргізу шеңберін
өзгерту, өндірісті жаңа өнім түрлерін шығаруға бағдарлау;
в) интеграциялық өсу стратегиясы – жаңа құылымдарды қосу және осы
қызмет шеңберіндегі күшті үйымдармен интеграция жүргізу арқылы өсу;
г) шығындарды қысқарту стратегиясы.
Жоспарланған стратегия аралас болуы да мүмкін, яғни нақты жағдайға
байланысты жоғарыда аталған стратегиялардың элементтерінен құрылуы мүмкін.

Жоспардың соңғы бөлімінде көзделген мақсаттарды жүзеге асыру кезеңдері
мен аралық мақсаттар көрсетіледі. Аралық мақсаттар қысқа мерзімдік
стратегияларға тән болғандықтан, ақырғы мақсаттармен бірдей бола бермейді.
Стратегиялардың орындалуын кезеңдерге бөлу ішкі және сыртқы бақылау үшін
қажет. Стратегияны жүзеге асыру кезінде оқтын-оқтын оның орындалуын
бақылап, бағалап отыру керек.

Егер де стратегиялық жоспарлау басқару механизмінің негізгі буыны
ретіндегі объективті қажеттілікті анықтаса, әлеуметтік-шаруашылық
процестерден туындайтын оның ғылыми-методологиялық және ұйымдық
проблемаларын қарастыру қажет. Осыған орай жоспарлаудың ғылыми-
методологиялық негіздері жұмыстың келесі бөлімінде қарастырылады.
Макроэкономикалық тұрғыдан, ұдайы өндіріс процесі – сыртқы
экономикалық байланыстардың нәтижелерін ескеретіндігі, өндіріс, бөлу,
айырбас пен тұтынуды сипаттайтын көрсеткіштердің өзара
байланысы ретінде қарастырылады. Осындай көрсеткіштердің өзара байланысын
қамтамасыз ету қызметін атқаратындығы - стратегиялық жоспарлаудың ғылыми
негізі болып табылады.
Сонымен, стратегиялық жоспарлаудың объектілері жалпы экономикалық,
аймақтық және салалық әлеуметтік шаруашылық процестері болып табылады.
Осыдан келіп стратегиялық жоспарлаудың негізгі қағидаттары қалыптасады:
1) Республика халық шаруашылығы мен оның аумақтық-шаруашылық жүйелерінің
макроэкономикалық тұрақтылығы мен тиімді теңгермешілігін қамтамасыз ету.
2) Аймақтық, салалық және жалпы эккономикалық басымдылықтарды ғылыми
негіздеу.
3) Ағымдағы, орта, және ұзақ мерзімді жоспарлаудың үдіксіздігі мен
логикалық байланысын қамтамасыз ету.
4) Алдағы мерзімге жоспарды жасағанда (өңдегенде, әзірлегенде) алдыңғы
мерзімдегі жоспарлардың нәтижелері ескерілуі тиіс.
Қоғамда болып жатқан экономикалық және әлеуметтік процестердің
динамикалық өсуіне, ішкі және сыртқы нарықтар конъюнктурасының шапшаң
өзгеруіне және де ұзақ мерзімді болашақ мақсаттардағы қоғамның қалыпты
дамуын қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты әлеуметтік-экономикалық
жүйені макро-микро деңгейде стратегиялық жоспарлаудың рөлі артып келеді.
Сонымен стратегиялық жоспарлау – бұл елдегі маңызды әлеуметтік
мақсаттарға жетудегі және мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асырудың
әдістерін анықтаудағы үкіметтің макродеңгейдегі қызметін ұйымдастыру
процесі. Ал “стратегия” терминіне тоқталып өтер болсақ, ол грек тілінен
аударғанда “генерал өнері” немесе “адамдарды басқару өнері” деген
мағыныны білдіреді.3 Сонда бұл термин болашақта шешілетін мақсатты
бағытталған әрекеттер жиынтығын көрсетеді. Бірақ осы орайдағы басты
мәселе, бұл жиынтық нақты жағдайды ескере отырып,сандық көрсеткіштермен
сипатталуы шарт. Бұл мәселені шешу процесі осы стратегиялық жоспарлау
жөніндегі мемлекеттің қызметін көрсетеді. Сонымен “стратегия” – бұл
мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты және кешенді жоспар.
Әр түрлі шаруашылық жүйелерінің қалыптасуы мен дамуынң дүниежүзілік
тәжірибесі көрсеткендей,экономикалық артта қалуды жеңуде ең үлкен
жетістіктерге жеткен және техникалық-экономикалық жағынан ең дамыған
мемлекеттердің қатарына тез кірген елдер экономикалық прогресті жеделдету
құралы ретінде белсенді әрі мақсатты түрде жоспарлауды қолданған (олар
Жапония, Оңтүстік Корея,Тайвань, Гонконг, Малайзия және т.б.).4
Осы орайда республика Президентінің соңғы жылдары “бізге ұзақ мерзімге
елдің дамуының стратегиясын әзірлеу және дамудың 5 және 10 жылдық
жоспарларын дайындауды бастау керектігін ” баса атап көрсетуі бекер болмаса
керек.

2. Жоспарлаудың ғылыми-методологиялық негіздері.

Кез келген қоғам, мейлі ол қоғамдық дамудың қай жүйесінде болсын,
өзінің болашақтағы даму перспективасын анықтап, болжаусыз өмір сүре
алмайды. Экономикалық болжамдар негізінде қоғамның даму мақсатын, сол
мақсатқа жетуге қажетті экономикалық ресурстар көлемін, ұзақ-,орта-, қысқа
мерзімдік жоспардың тиімді варианттарын, үкіметтің экономикалық, техникалық
саясаттарының негізігі бағыттарын анықтау үшін қажет.
Өндірісті басқару тек қана тиімді шешімдерді таңдап, іске асыруы
керек, өйткені тиянақтаусыз, қате қабылданған шешімдердің залалы,
әсіресе қазіргі кезде, өте үлкен.
Сондықтан, қоғамның даму үрдістерін болжау деңгейі неғұрлым жоғары
болса экономиканы басқару ісі де соғұрлым тиімді болады.
Жоспар – алдыға белгілі бір мақсат қойып, соған жетудің нақты жолдарын
белгілеу.
Экономикалық және әлеуметтік дамудың барлық жақтары, жоспар мен
болжамның мақсаты мен талаптары, қоғамдық өндірістің салалары мен
құрылымдарының дамуындағы сандық және сапалық өзгерістер бірімен бірі тығыз
байланысқан көрсеткіштер арқылы беріледі. Көрсеткіштер жұйесі мынадай
талаптарға сай болуы керек:
1) Экономикалық және әлеуметтік даму процесінің заңдылықтары мен
мұқтаждығын ескеруі керек.
2) Болжам мен жоспардың мақсаты мен міндетін жеткілікті дәрежеде
көрсетуі шарт.
3) Адрестік негізде, яғни жоспарлардағы көрсеткішті орындаушыны анық,
нақты көрсетуі керек.
4) Кешенді негізде, яғни ұдайы өндіріс пен әлеуметтік дамудың барлық
жақтарын қамтуы шарт.
5) Аймақтар мен салалардың ерекшеліктерін ескеріп, көрсетуі керек.
6) Қоғамдық өндірістің жоғары тиімділігіне және істің сапасына қол
жеткізуді ынталандыруы шарт.
7) Ақпар мен жоспарды, салалар мен аймақтардың дамуын салыстыра зерттеу
үшін, көрсеткіштер бірыңғай, яғни әр көрсеткіш бір ғана мағынада
қолданылуы шарт.5
Жоспар көрсеткіші дегеніміз – басқару шешімінің нақтылы бір тапсырмасын
санмен көрсету формасы. Жоспарлық көрсеткіштер өзінің сыртқы белгісіне
және атқарар міндетіне байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Олар: сандық және
сапалық; натуралдық және құндық; абсолюттік және салыстырмалық; нормативтік
(директивалық) және есептік көрсеткіштер.
Сандық көрсеткіштер жоспардағы тапсырманың сандық белгісін көрсетеді.
Олар көлемдік және сандық болып екіге бөлінеді. Көлемдік көрсеткіштер,
мысалы, өндірілген өнімнің көлемін көрсетсе, тармақтық (сандық)
көрсеткіштер мектептердің, кітапханалардың т.б. санын көрсетеді.
Сапалық көрсеткіштер өндіріс тиімділігі, экономикалық құбылыстар мен
процестердің сапалық белгілерін көрсетеді. (еңбек өнімділігі, өзіндік
құнның азаюы, материалдық ресурстардың шығын нормасы т.б.).
Натуралдық көрсеткіштер ұдайы өндіріс процесінің физикалық өлшем
бірліктерімен өлшенетін жақтарын көрсетеді. Мысалы, өндірілген өнім көлемі
(салмағы, ұзындығы бойынша). Кейбір экономикалық құбылыстар шартты-
натуралды бірліктермен өлшенуі мүмкін (жемдік бірлік).
Құндық көрсеткіштер экономикалық құбылыстарды натуралдық-заттық
құрамынан басқа құндық өлшеммен көрсетеді. Олардың арқасында әртүрлі
салалар өнімдерін, еңбек шығыны мен оның нәтижесін салыстыруға мүмкіндік
туады. Құндық көрсеткішердің көмегімен экономикадағы көптеген байланыстар
мен пропорциялар анықталады.
Абсолюттік корсеткіштер өнім, еңбек ақы, т.б. көлемдерін көрсетеді. Ал
салыстырмалық көрсеткіштер салыстырмалы өлшемдермен белгіленеді (үлес
салмағы т.б.).
Директивалық көрсеткіштер, жоспардағы негізгі тапсырманы, жоғарғы
органның төменгі органдарға, кәсіпорындарға бекіткен тапсырманы көрсетеді.
Олардың бір түрі болып нормативтік көрсеткіштер саналады, олар басқарудың
барлық деңгейіне міндетті түрде орындалуы шарт көрсеткіштер. Болжаудың
негізгі мақсаты экономикалық дамудың балама бағыттарын және олардың
әлеуметтік-экономикалық салдарын анықтау болғандықтан ол экономиканы
жоспарлаудың алғашқы сатысы болып табылады.
Енді экономикалық процестерді жоспарлау ісінің методологиялық
негіздеріне қысқаша тоқталып өтейік.
Жоспарлау - экономиканың объективті заңдары мен заңдылықтарын зерттеп
түсіне білу және оларды саналы түрде пайдалану арқылы әлеуметтік-
экономикалық дамудың жоспарларын ғылыми негізде дайындау мен олардың
орындалуын ұйымдастыру процесі. Жоспарлаудың негізгі мақсаты – экономикада
баланстық үйлесім мен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін
белгілі бір пропорциялар мен пропорционалдыққа қол жеткізу.6
Экономикалық пропорциялар дегеніміз өндірістің әртүрлі элементтері
(машиналар, құрал – саймандар, шикізат және материалдық қорлар, жұмыс күші)
арасындағы, әртүрлі өндіріс салаларының өнім көлемдері арасындағы, түптеп
келгенде өндіріс құрылымдары мен өндіру көлемдері және тұтыну құрылымдары
мен тұтыну көлемдері арасындағы белгілі сандық қатынастар.
Экономикалық пропорциялар өздігінен (стихиялық) және адамның мақсатты
түрде жүргізген әрекеттері нәтижесінде құрылуы мүмкін.
Капиталистік экономикалық формацияның қалыптаса бастаған алғашқы
кезеңінде, пропорциялар нарықтық үйлестіру механизмі арқылы және кризистер
арқылы қалыптасады. Оған экономиканың даму заңдары үздіксіз ықпал етіп
отырады. Тауар өндірушілер экономикалық заңдардың бар-жоғын сезбесе де,
сол заңдардың талабына сәйкес қызмет жасайды. Мысалы, ол өндірген тауарына
баға қойған кезде, тек өзінің жұмсаған шығынын есептеп қоймай, сонымен
бірге базарда қалыптасқан жағдайды ескереді. Оған құн заңы ықпал етеді.
Сонымен, бірінен бірі туындап отыратын, бірімен бірі тығыз байланыстағы
тауар өндірушілер қызметі арқасында экономикада пропорциялар жүйесі
құрылады. Яғни, экономиканың құрылымдық бөліктері арасында белгілі бір
сандық қатынастар қалыптасады. Оны біз пропорционалдық дейміз.
Өндіріс күштерінің дамуы жоғары деңгейге жеткен кезде (коғамдық
еңбектің бөлінуі тереңдеген, шаруааралық байланыстар қүрделенген кезеңде),
нарықтық үлестіру механизмі де, кризистер де экономикалық пропорцияларды
құруға жеткілікті бола алмайды.
Осы жағдайда экономикалық пропорциялар жүйесін, пропорционалдықты
саналы түрде құру қажеттілігі туындайды. Саналы түрде құрылған
пропорционалдық - жоспарлылық болып табылады.
Жоспарлау төменде көрсетілген міндеттерді атқарады:
1) қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының басыңқы (негізгі)
бағыттарын анықтау;
2) жоспарлы кезең экономикасының сандық және сапалық сипаттамаларын
белгілеу;
3) материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын (қорларын) орынды пайдалану
арқылы ғылыми-техникалық, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді
шешудің тиімді жолдарын таңдау;
4) жекелеген салалар мен аумақтардың даму карқыны мен пропорцияларын (өз
ара сандық қатынастарын) анықтау т.с.с.
Жоспарлаудың ғылыми негіздеріне объективті экономикалық заңдарды тану
және саналы түрде қолдану, ұдайы өндіріс теориясы, жүйелілік, кешенділік,
жоспар жасау тәртібі,реті мен логикасының бірлігі және жоспарлау қағидалары
(принциптері) мен әдістері жатады.7

Сурет 1 Шаруашылық субъектілерінің жоспарлары мен олардың орындалуының өз
ара байланысы.8

- жоспарлық көрсеткіштер “қозғалысының” бағыты
- табыстар “қозғалысының” бағыты
- міндетті емес, бірақ керек байланыстардың бағыты

Жоспар жасау логикасы – барлық деңгейде жалпы мемлекеттік жоспарларды
әзірлеумен байланысты нақтылы әрекеттердің тәртіпке бағындырылған реті.
Оның негізгі идеясы барлық жоспар жасау процесінің басталатын және соған
бағынатын негізгі пунктін анықтау. Жоспар жасау логикасының негізгі
элементтеріне төмендегілер жатады:
a) жоспарлау кезеніндегі экономика дамуының мақсаттарының жүйесін
қалыптастыру (логиканың негізгі пункті);
б) базистік кезеңдегі экономика дамуын талдау және оның деңгейлерінің

параметрлерін анықтау;
в) қоғамның қор көлемін, қаржылық мүмкіндіктерін анықтау;
г) жоспарлы кезеңдегі қоғамның қажеттіліктерінің көлемі мен құрылымын
анықтау;
д) қоғамның қорлары мен қажеттіліктерін үйлестіру және жоспарлы
кезеңдегі экономика дамуы жоспарының жобасын әзірлеу;
е) жоспар жобасын талқылау және бекіту.
Жоспар жасау логикасы жоспарлау қағидалары деп аталатын белгілі-бір
заңдылықтарға сүйенеді. Олардың негізгілерінің қатарына төмендегілерді
жатқызуға болады.
1) Басқарудың ғылыми нақтылы және тиімді болу қағидасы. Яғни,
жоспарлауда экономика дамуының объективті заңдарының талаптары,
отандық және шет елдік тәжірибе мен ғылымның жетістіктері назардан
тыс қалмауы тиіс. Жоспардың ғылыми нақтылануы жиналған тәжірибені,
нақты қалыптасқан жағдайларды елемеумен және жоспарлаудағы
жағымпаздықпен (басшы адамның кез келген идеясын дұрыс деп табумен)
сиыспайды.
2) Жоспарлаудың үздіксіз болуы. Ұзақ мерзімдік жоспарлар бірнеше орта
мерзімдік, ал орта мерзімдік жоспарлар, қысқа мерзімдік жоспарлардан
құрылуы тиіс.
3) Жалпы мемлекеттік және жеке мүдделерді үйлестіру қағидасы. Жоспарды
ойдағыдай орындау көбінесе жалпыхалықтық мүдделердің, ұжымдар мен
жеке адамдардың мүдделерімен қаншалықты тиімді ұйлескеніне
байланысты. Аталған мүдделерді назарға ілмеу, экономиканы басқарудың
тиімділігін төмендетеді.
4) Жетекші салаларды белгілеу арқылы экономикада тиімді
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың жүйесі
Кешенді тәсіл
Өндірісті Басқару фуңцялары
Бюджетті жоспарлау негіздері
Жоспарлау мен болжаудың түсінігі
Жоспарлау функциясының әдістері және түрлері
Мемлекеттік реттеудің теориясы мен тәжірибесі және шет елдердегі индикативтік жоспарлау
Экономикалық жоспарлау мен болжау
Әлеуметтік экономикалық дамуды жоспарлау
ИНДИКАТИВТІК ЖОСПАРЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ
Пәндер