Ұлттық банк және оның мақсаты


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе.

  1. Ұлттық банк және оның мақсаты. Ұлттық банктің міндеттері. Ұлттық банктің ақша - несие саясаты.
  2. Ұлттық банк, басты қаржылық институт - коммерциялық банктер қызметін реттеуші орган. Коммерциялық банктердің пруденциалдық нормативтері. Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу.
  3. Ұлттық банктің реттеушілік функцияларын жетілдіру жолдары.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Кіріспе

Қазақстанның банктік тәжірибесіне банк қызметін реттеудің жаңа әдістерін халықаралық стандарттар негізінде активтер мен пассивтерді басқару құралдарын пайдалану арқылы енгізу, сонымен қатар банк менеджерлерінің қызметтерін белгіленген жағдайда елдің банктік сектордың тұрақты қалыптасуы үшін актуалды болып табылады.

Курстық жұмысым Қазақстан Республикасының заңды, нормативті және құқықтық актілерді терең оқу, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің реттеушілік талаптарды есепке ала отырып банк қызметін әлемдік және отандық тәжірибеде зерттеу нәтижесінде, сонымен бірге Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктердің нақты мәліметтерді салыстырмалы талдау негізінде әзірленген.

Бірінші бөлімде, Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің түсінігі мен ұғымы берілген. Мұнда Орталық банктің тарихи мазмұны, шығу кезеңдері және негізгі дәстүрлі қызметтерінің қолданылу мерзімі көрсетілген болатын. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің заң жүзінде бекітілген функциялары мен ақша - несие саясатын жүргізу құралдары айқындалып, олардың мазмұны толық көлемде қарастырылған.

Екінші бөлімде, Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің коммерциялық банктердің қызметін реттеудің негізгі әдістері - пруденциалдық нормативтер көрсетіледі. Бөлімде екінші деңгейлі банктердің қызметін реттейтін пруденциалдық нормативтер ережелері мен олардың банк капиталы, өтімділігі және валюталық операцияларына белгіленген көрсеткіштеріне нақты және толық мәліметтер беріледі.

Үшінші бөлімде, Қазақстан Республикасының банктік секторына жалпы сипаттама бере отырып, екінші деңгейдегі банктердің қызметіне эмпирикалық талдау жүргізіледі. Ал банктік жүйенің жоғары деңгейдегі органы - Ұлттық банктің ролі, оның жүзеге асыратын жаңа заңды және нарықтық құралдары арқылы нақтылана түседі. Сонымен бірге, реттеу және қадағалау функцияларын бөлу арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ерекше мәртебе ие болуы айқындалады.

1. 1 Ұлттық банктің міндеттері.

Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық ролі берген үлкен мемлекет өкілеттіктермен анықталады.

Орталық банктер коммерциялық банктер сияқты эмиссиялық банкноталарды шығару құқығымен пайда болды. Алғашқы эмиссияны Стокгольм банк 1650 жылы қолданса да, алғашқы эмиссиялық банк болып 1694 жылы құрылған Англия банкі болатын, өйткені ол банкноталарды шығаруды бастаған және коммерциялық вексельдерді есептеген. Содан, банкноталарды эмиссиялаудан басқа орталық банктер мемлекеттік қазынашы ролі қалыптасты, мемлекет пен коммерциялық банктердің арасындағы делдал ретінде және мемлекеттің ақша - несие саясатының бағыттаушысы болды. Алғашында коммерциялық болып, орталық банктер национализацияланды және қазіргі уақытта орталық банктердің капиталы түгел немесе бір бөлігі шегінде мемлекеттің қолында. Бірақ орталық банктің капиталы мемлекеттің иелігінде болса да, банк пен үкіметтің арасында тарихи байланыс қатынастары қалыптасқан, ал қазіргі уақытта олардың қатынастары күшейе түскен.

Алайда, Орталық банк пен мемлекеттің арасындағы тығыз байланыс, мемлекеттің банктік қызметіне шектеусіз әсерін тигізуін білдірмейді. Орталық банк капиталының меншігіне тәуелсіз болмай, ол өз бетінше заңды тұлға болып қызметін орындайды. Оның меншігі мемлекеттің меншігінен бөлшектенген, ол оны иегер ретінде өзі жұмсайды.

Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ, ол норма шығару, басқару құқықтарына ие «банктердің банкі», “соңғы сатыдағы несие беруші” ролін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.

Мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша саясатын жүргізеді.

Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әртүрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады, яғни ақша массасы негізінен банктердің несие-депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы реттейді.

КСРО-ның мемлекеттік банкінің Руспубликалық кеңсесі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі болып қайта құрылған. Ол жай клиенттерге қызмет көрсететін мемлекеттік банктен орталық эмиссиялық банкке өзгертілді және “банктердің банкі” болды.

“Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі - Қазақстан Республикасының Орталық банкі және республикадағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.

Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банктердің мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіден несие алады. Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.

Ұлттық банк - ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне- банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.

Заңның 9-бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қорын 20млрд. тенге көлемінде мына қаражаттар есебінен құрайды:республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және Ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар.

Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық банктің жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі құқықтық формалары бар:

  • Оның капиталының қалыптасуы толық мемлекеттің қаражаты есебінен болатын унитарлық банк ( Ұлыбритания, Франция, Ресей) ;
  • Акцияларының бөлігі мемлекетке тиесілі акционерлік қоғам ( Жапония, Бельгия) ;
  • Бірлестік типтес ұйым ( мемлекеттің қатысуымен немесе қатысуынсыз) ;
  • Орталық банктің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі (Италия) ;

Негізі Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет -

жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор - ғимараттардан, құрылғылардан, көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты - банкке тиесілі ақша қаражатарынан тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа да қорлар құрады. Резервтік қор жарғылық қор көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.

Сонымен қатар Ұлттық банк өз бетінше жылдағы қаржылық табысын бөлуге құқығы жоқ. “ ҚР - ның Ұлттық банк туралы ” заңның 11 - бабына сәйкес пайданың бір бөлігі жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан кейін мемлекет басшының тағайындаған сомасы бойынша республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері барлық салықтар мен төлемдерден босатылады.

Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жатқызылатын табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Мұндай шығындарға: активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталардың құндарының бір бөлігі жатады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жұмысшыларының жалақы нысандары оның табыстар деңгейіне тәуелді бола алмайды және ол тек Қазақстанның Ұлттық банкі басқарманың ұсынысы негізінде Қазақстан Республикасының Президентімен тағайындалады.

Заңның 7 - бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:

  • Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру;
  • Ақша - несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектксу;
  • Банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелердіжасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие берушілердің, салымшалардың мүдделерін қорғау.

Ұлттық банктің мақсаттары мен міндеттерін анықтай отырып, оның - мемлекеттің ақша саясатына тікелей қатысуымен және толық (100%) капиталдың мемлекеттің иелігінде болғандықтан, Ұлттық банктің мемлекеттен тәуелсіздігі нольге тең. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің бекітілуімен тағайындалады және босатылады.

Ұлттық банктің басқару құрылымы Заңның 12 - бабына сәйкес, орталықтанған тік сызбалық бағыныштылығымен анықталады.

Ұлттық банктің ең жоғары басқару органы Ұлттық банк төрағасымен басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма тоғыз адамнан тұрады. Оның құрамына - Ұлттық банк төрағасы, оның төрт орынбасары, Парламент пен Президенттің бір - бір өкілі және Қазақстан Министрлер Кабинетінің екі өкілі кіреді. Басқарма мүшелері Қазақстан Республикасы Президентімен бекітіледі. Басқарма мынадай сұрақтарды шешеді:

  • Мемлекеттің ақша - несие саясатын жасайды;
  • Ұлттық банк шығарған банктер ісіне қатысты нормативтік актілерді бекітеді;
  • Парламент бекіткен тұжырым негізінде банкноттар мен монеталардың номиналдық құнын және әшекейлік пішінін бекітеді;
  • Ұлттық банктің банктерменжәне Қазақстан Республикасының бюджетімен операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемесін бекітеді;
  • Қазақстан Республикасының валюталық айырбас бағамын анықтау тәртібін белгілейді;
  • Сыртқы резервтерде сақтауға алатын сыртқы активтер типтерін бекітеді;
  • Ұлттық банктің жұмысы туралы есеп береді, жылдық жиынтық балансты қарастырады;
  • Банктер және олардың филиалдары үшін экономикалық нормативтерін бекітеді;

1. 2. Ұлттық банктің ақша - несие саясаты.

Ақша - несие саясаты салық, инвестициялық, құрылымдық т. б. дамыған қоғамның экономикалық саясатының бір бөлігі болып табылады. Ақша - несие саясатынан конъюнктураны және ұдайы өндіріс процесін реттеу мақсатында ақша - несие саясатының аясында монетарлық билікті қолданатын өзара байланысты шаралар кешенін түсіну керек. Шаралар кешенінің мзмұны және сипаты жалпы шаруашылық жағдайы мен экономикалық қоғамның стратегиясы алдын - ала анықталады. Ақша - несие саясатының іске асуы экономикалық теорияда ең күрделі мәселенің шегін анықтау мүмкіндігімен анықталады.

Ақша - несие саясатқа әсер етттін басты объект - ол ақша айналысы болып табылады. Ақша айналысы үздіксіз қолма - қол және қолма - қолсыз ақша қозғалысынан тұрады. Ақша айналысын кең мағынада талқылағанымен түбінде оның ұйымдастыру принципін өзгертеді. Ақша айналысын реттеу берілген анықтамаға келесілер: ақша массасы, ақша массасының агрегаттары, орталық банк ақшалары, несие мультипликаторы, ақшаға деген сұраныс пен ұсыныс т. б. жаңа түсініктер негізінде жүзеге асады. Ақша айналысын реттеуде кейнсиандық және монетаристік концепцияны үйрену қажеттілігі өз кезегінде түсінік аппаратын жаңартуға сүйенеді немесе осы теорияның құрылуы негізінен К. Маркстың ақша айналысының заңы құрылымдық өзгеріс тапты. Ақша айналысының заңы құн заңынан шығады. Осы ақша массасының айналысы үшін қажетті анықтамаға тек тауар айналымының құрылымы мен көлемі жеткіліксіз, мұнда табыстың құрылымы мен көлемін, ақшаға деген сұраныс пен ұсыныстың қатынасын ескеру қажет.

Ақша - несие саясатының негізі, оның стратегиясы мен тактикасын анықтау үшін ең алдымен теориялық принциптерінжәне оның ішкі механизмін ашып алу керек. Ақша - несие саясаты териясында бізге мәлім екі ірі - кейнсиандық және монетаристік меткепті көрсетеді. Егер кейнсиандықтар ақша - несие саясатының рөлін бюджеттік саясатқа немесе табысты бақылау саясатының есебіне шешсе, онда монетаристер тек ақша - несие саясатына көп көңіл бөлген. Сондықтан екі мектептің арасында көзқарастары қарама - қайшы әртүрлі әдістемелерге байланысты, біріншісі, әрбір жеке жағдай негізінде саясаттың тиімділігі туралы айтады, екіншісі барлық нәтижелер кешеніне негізделеді.

Бакнтік секторға келетін болсақ, онда монетарлық саясатты оңтайлы өткізу мақсатында жаңа банктерді, олардың бөлімшелерін және филиалдарын барлық деңгейде құру процесі демократизацияланған болу керек. Банктік қызметтің сол немесе басқа бағытын таңдау бойынша экономикалық мақсаттлығын және тиімділік принципін реттеуді қамтамасыз ету банктердің қызметін артықшылығы басым экономикалық әдістерімен жүргізеді. Орталықбанк біртұтас ақша - несие саясатын жасайды, ақша айналысын және екінші деңгейлі коммерциялық банктердің қызметтерін әлемдік тәжірибеде танымал әдістер арқылы реттейді. Сондықтан клиенттерге несиелік - есеп айырысу қызметін көпсетумен айналыспайды, оның клиенттері тек банктер болып табылады, Демек, мұнда икемді құрылым туралы айтылып отыр, осының шеңберінде әрдайым жүйеде эволюция болып тұрады. Әртүрлі елдердегі банктік мекемелердің әртүрлілігі менкөптігіне қарамастан, олардың ұқсастығы, екі деңгейлі құрылымның болуы орталық банкке экономикалық әдістерді жинау екінші деңгейлі банктердің тәртібін реттеу және ұдайы өндіріс процесіне әсер ету мүмкідігін береді. Банктік қызметті өзекті жоспарда реттеу банкаралық бәсекенің дамуы, банктерге деген сенім дағдарысын алдын - ала және макроэкономикалық реттеу құралы ретінде еліміздің банктік жүйесін қолдануға мүмкіндік туғызу.

Орталық банктер ақша - несие саясатын жүргізудің өзіндік бір құралдары бар. Оларға: пайыздық саясат, міндетті резервтер, несие операциялары, ашық нарықтағы саясат және валюта нарығындағы операциялар арқылы өтімділікті қамтамасыз ету саясаты жатады. Солардың бәріне қысқаша түсінік беріп, шолып кетемін.

Пайыздық саясат ақша -несие саясатының құралдарының бірі болып табылады. Орталық банк ақша нарығының сұраныс пен несие бойынша ұсыныстың инфляция деңгейінің жалпы жағдайына инфляциялық күтімдеріне байланысты анықталатын ортақ қайта қаржыландыру мөлшерлемесін бекітеді. Ұлттық банк өзінің пайыздық саясатын мемлекеттің ақша - несие саясатын іске асыру мақсатында, нарықтың пацыздық мөлшерлемесіне әсер ету үшін қолданады. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесін анықтау кезінде Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемесін оң және нақты түрде ұстап тұру мүдделігін ескереді.

Қаржы операцияларының барлық түрлері бойынша пайыздық мөлшерлемесінің деңгейі Ұллтық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша индикативті анықталады. Сауданың түрлері бойынша төленетін пайыздық мөлшерлемелер өзрар кейбір негізгі себептермен ерекшеленеді. Олардың арасынан мыналарды бөліп көрсетуге болады: қарыз мерзімінің әртүрлілігі, пайызды төлемеумен байланысты тәуекелдің деңгейі және пайыздық мөошерлемесінің өзгеру мүмкіндігімен байланысты тәуекелдің деңгейі.

Міндетті резервтер саясаты . Ақша саясатының құралы ретінде минималды резервтер екі функцияны атқарады: ақша нарығында өтімділікті реттеу, ол қатаң реттеу элемнеті деп аталады және бір уақытта механизм, коммерциялық банктердің несиелік акцияларын эмиссиялауға тежеу ролін атқарады. Көптеген елдерде минималды резервтер несиелік институттардың өтімділігін сақтандыру және клиенттердің салымдары бойынша кепілдік ретінде пайда болды. Бұл минималды резервтерді қолдану мотиві қазіргі күнде жүзеге асуда. Банктердің өтімділігін қолдау отырып, орталық банк өзінің “соңғы инстанцичдағы кредитор” функциясын атқарады.

Көптеген орталық банктердің резервтері несиелік бақылау жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде бұрынғыдай қала береді. Минималды резервтерді алып тастау туралы ұсыныс проценттік емес салымдар мақсаттылығы туралы пікір - талас болған кезде туындайды немесе бәсекеге минималды резерв теріс әсер етеді.

Қазақстан Ұлттық банкі резервтік талаптар механизмін банктерге ұсынылған несиелердің көлемін реттеу олардың міндеттемелері бойынша банктердің төлемдерін төлемеу тәуекелін төмендету үшін, монымен қатар банк акционерлерінің және салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында пайдаланады. Ұлттық банк минималды резерв бойынша пайыздар аудармайды, бірақ бастапқы ақша массасына бақылауды күшейту мақсатында, сонымен бірге коммерциялық банктердің өтімділік деңгейін жеткілікті дәрежеде ғана пайыздар аударады. Бірақ та зардаптардан ол берілген тәжірибелі қолданудан бас тартты. Қазіргі кезде ұлттық банк тек теңгедегі банктің корреспонденттік шотындағы орта қалдық сомасы бойынша ғана банктерге пайыздық резервтік талаптарды көтермей аударады және төлейді. Қазіргі күні жүзеге асып жатқан минималды резервиер 1948 жылы енгізілді. Еліміздің орталық банкісіне ұсынылған мұндай механизмді құру мақсаты, экономиканы қамтамасыз ету үшін коммерциялық банктіңақша айналысына және несие көлеміне әсер ету құралы болып табылады. Коммерциялық банктердің өтімділігін қамтамасыз ету осы берілген құралдармен қарастырылмады. Қазақстанның банк тәжірибесінде минималды резервтік талаптардың мөлшері, банктерден басқа, заңды және жеке тұлғалар алдында банктің барлық депозитік міндеттемелерінен тұрақты пайыз ретінде анықталады. Сонымен қатар, минималды резервтік талаптарды банктермен орындаудың екі тәсілі белгіленеді:

  1. Банктің қаражатын резервтік активтерге есепті ай ішінде орналастыру керек, өйткені резервті актевтердің орта айлық сомасы минималды резервтік талаптың орта айлық мөлшерінен аз ьолмауы керек.
  2. Ұлттық банкке қаражаттарды депозитке салу.

Минималды резервтер саясаты әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің орталық банктерінің әрәекет ететін құралы ретінде қала береді, уақыт өткен сайын мазмұнында өзгерістер болады. Міндетті резервтер механизмі немесе саясаты шеңьерінде қолданады.

Ақша нарықтағы саясат. Ақша саясатында күнделікті жүзеге асатын негізгі әдістердің бірі бағалы қағаздарды сатып алу және сату боәынша операциялар болып табылады. Әлемдік тәжірибеде ашық нарықта операцияларды жүзеге асыратын негізгі бағалы қағаздарға мыналар жатады: қазыналық вексельдер, пайызы жоқ қазыналық міндеттемелер, мемлекеттік займдар облигациясы, өнеркәсіптік облигациялар, бірінші сыныпты қысқа мерзімді бағалы қағаздар және басқалары. Ашық нарықтағы операцияларға орталық банк шығарған юағалы қағаздар эмитенттерінен тікелей сатып алған жағдайда, сонымен қатар бағалы қағаздар сатып алу - сату мәмілерін орталық банк өз есеьінен емес, мысалы, қазыналық тапсырыс бойынша ( МБҚ белгілі бағамын ұстап тұру мақсатында және т. б. ) жүзеге асады. Бірінші жағдайда шотты дебеттеу жүзеге асырылады, ал екінші жағдайда - мемлекеттік бюджеттің щотына сәйкес несиелеу. Ашық нпрықтағы саясатты дәстүрлі құралдармен жүргізу болып екінші реттегі нарықтағы мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар табылады.

Орталық банк сұраныс жағынан ашық нарықтағы саясатты жүргізе отырып ұсынылған көлемді сатып алуға қол жеткізген кезде бағамды тұрақтандырады немесе бағалы қағаздардың ьерілген түрі бойынша белгілі санын ұсыныс бағамына тәуелсіз сатып алады. Екінші жағдайда жеткен нәтиже - несиелік институттардың үкіміндегі ақша массасының көбеюі( тұрақты номиналды пайыздық жағдайында) - ықтималдылық мөлшерін білдіреді.

Егер Орталық банктің мақсаты банктік сектордың резервтерін азайту болса, онда ол контрактивті саясатты жүргізіп, ашық нарыққа ұсыныс жағынан алға шығады. Мұндай жағдайда, жоғарыда келтірілгендей, орталық банктің өзінің мақсатын өткізуде 2 мүмкіндігі бар: Орталық банкпен ұсынылған бағалы қағаздар кез - келген санына бағамды жариялау (бұл икемді моделі болып табылады) немесе басқа да тең жағдайда қосымша бағалы қағаздардың белгілі санын ұсынуда бағамды төмендетеді. Ашық нарықтағы контрактивті саясатты мемлекеттік бағалы қағаздардан табыстың өсуіне және несиелік институттармен өздерінің ресурстарының бір бөлігін жоғалтулары нәтижесінде мемлекеттік бағалы қағаздарға несиелік ресурстардың қызығушылығы жоғарлайды. Ол коммерциялық банктерде несиелік ресурстардың потенциялын төмендетеді және пайыздық ставкаларды көтеруге әкеледі. Банктік емес институттармен ашық нарықтағы операцияларды жүргізуде коммерциялық банктер Орталық банкке қаражаттарын жіберуге мәжбүрлі, бірақ оның орнына өтімді бағалы қағаздар алмайды. Бұл берілген құралды минималды резервті контрактивті саясаипен салыстыруға болады. Осындай шаралардың нәтижесінде несиелерді ұсынуды қысқарту болады, біріншіден, несиелік, екіншіден, банкаралық несиелердің қымбаттауына әкелетін ақша нарығыан әсер етуі.

Тәжірибеде, Орталық банктің қысқа мерзімдік қарыздық міндеттемелер мен ашық нарықтағы операцияларын жүзеге асырудың екі мүмкіншілігін көруге болады: сандық тендер және пайыздық тендер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының Орталық банк қызметінің заңдылық негіздерін атап өту
Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасындағы ақша.несие саясатын жүргізудің негізгі құралдары
Банктік жүйенің экономикадағы ролі
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің монетарлық саясаты
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің құрылымы
Қазақстан Республикасының Орталық банкі
Мемлекеттің монетарлы саясатының түрлері,құрылымы және мақсаттары
Ұлттық банк және оның банктік жүйедегі мәртебесі
Ақша - несие саясатының құралдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz