Сақтандыру қызметінің құқықтық негіздері және оның түрлері
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I ТАРАУ Сақтандыру қызметінің құқығының пәні мен нысаны ... ... .5
1.1Сақтандыру құқығының пәнін сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.2 Сақтандыру құқығына жалпы түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
II ТАРАУ Сақтандыру шартының тараптары, қатысушыларының құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
2.1 Сақтандыру қызметінің құқығының құқықтық қатынастары ... ... ... ... ... 37
2.2 Сақтандыру құқықтық қатынастарының объектісі мен субъектісі ... ... ...42
2.3 Сақтандыру құқықтық қатынастарының пайда болу,өзгерту және тоқтатылу негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43
III ТАРАУ Сақтандыру қызметінің тәсілдері және жүйесі ... ... ... ... ... ...
3.1 Сақтандыру құқығы құқық саласы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2 Сақтандыру қызметінің құқығының қағидалары
3.3 Сақтандыру компаниялары . экономикалық жүйенің бір бөлігі ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Қазіргі жағдайда сақтандыру ісі дегеніміз- сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін қорғауға байланысты қатынастар кешені.
Адамдар жиі (өрттерден, су тасқыны, сел, қуаншылықтан, зілзаладан, жұқпалы аурулардан және осылар сияқты тағы басқа) жағдайлар нәтижесінде өздерінің қозғалмайтын және қозғалатын мүліктерін айырылу мүмкіндегінен сақтануды. Кәсіпкерліктің дамуы тиісінше, тәуекелдердің өсе түсуіне әкеледі,олар іскерліктегі әріптестіктердің сенімсіз болып шығуы, нарықтағы бағалар (құндылықтар) кенет өзгеріп кетуіне,шарт бойынга әріптестердің банкротқа ұшырауына байланысты болуы мүмкін шығындар болады.Өз кезегінде бұл сақтандырудың дамуына қосымша түрткі болады. Уақыт ағымында мұндай қажеттілік азаймайды, керсінше азаматтар мүліктік жағдай жақсартуының және кәсіпкеолік дамуының салдарынан сақтандырудағы қажеттілік дамуының салдарынан сақтандырудағы қажеттілік одан әрі өсе түседі.
Сақтандыру қызметі-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қаута сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде не Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес лицензиясыз жүзеге асырылатын қызметі.
Сақатандыру жағдайы – сақтандыру шарты сақтандыру төлемін төлеуді қарастыратын жағдай. Сақтандыру жағдайы табиғи әсер, техногендік сипат және нақты адам әрекеті ретінде өз пайда болу себебін иемденетін жағдай. Сонымен қатар, сақтандыру жағдайы ретіндегі қарастырылатын жағдай кездейсоқтылық және ықтималдылығы болмай қоймайтындыққа жақын болмауы қажет. Сақтандыру жағдайының түсу ықтималдылығының деңгейі шарт жақтарымен өз бетінше бағаланады, сонымен қатар жағдайдың ықтималдылығы болмай қоймайтындыққа жақын болмауы қажет, соңғысы орын алса мұндай жағдай кездейсоқ болмайды, Жағдай орын алудың ықтималдылығы мен кездейсоқтылығының талаптары жинақтау сақтандыру шарттары қарастырылатын фактілерге оқиғаларға қолданылмайды. (ҚР АК 817-бабы 3-т)
Сақтандыру шартының түсінігі бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысының төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгіленген сома (сақтанушы) сақтандыру сыйлықаысының төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап сақтандырушы сақтандыру жағадайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде өзінің пайдайсына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді. Сақтандыру шарттық қатынастарының ерекшелігі: сақтандырушы шығаратын ережелерге көрсетілетін жағдайларға сақтанушы қосылу керек. Өз кезегінде сақтандырушы заңның барлық талаптарының және оның қызметін тұтынушылардың мүддесін сақтау бойынша міндетін атқарады. Егер сақтанушының қызметін бақылайтын өкітетті мемлекеттік орган заңның бұзылуын ережелерде көрсе, онда ол сол немесе басқа сақтандыру қызметін жүргізуге лицензия (рұқсат) бермеудің негізі болып есептеледі.

І.Сман Б.У. Вестник КазНУ 2008 г." Понятие и система страхового дела"
2.Худяков А.И. "Страховое право"
З.Шахов "Страхование"
4.Басин Ю.Г.,Сүлейменов М.К. "Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)" ҚазМЗУ 2003ж
5.Сман Б.Ө. "Қ .Р. Сақтандыру құқық қатынастардың мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру" ,Алматы 2002ж
6."Закон о страховой деятельности РК" ,18 декабря 2000 г
1. Страховое дело. Учебник : под редакцией Л.И. Рейтмана. М.1992 с.91-92
2. Гвозденко А.А. Основы страхования. М-1998
3. Жуйриков К., Назарчук В., Жуйриков Р. Страхование: теория, практика, зарубежный опыт. Алматы, 2000, с. 313-318.
4. Федорова Т. А Страхование в улсловиях рыночной эканомики: принципи, парктика. СПб. 1995, с.70.
5. Тагиев Г.М. Развитие государственного сртахования в СССР. М: 1978, С. 6 –8.
6. Шахов. В.В Страхование М, ЮНИТИ, 1997, С.65.
7. Арзакова Т. Услуги по страхованию пр перевозках (внешняя торговля) 1992 с. 11-12.
8. Брюзгалов М. Страхование грузов. \Закон 1994 с.5.
9. Брагинский М. И. Договор старования, - Статут 2000ж.
10. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 2 сәуірдегі Қаулысымен бекітілген “ауыл шаруашылығы өндірісін міндетті сақтандыруды жүргізудің тәртібі мен шарттары туралы” Ереженің 2 – тарауының, 11- тармағы.
11. Қазақстан Республиксаының Азаматтық Кодексі 826 бап.
12. Қазақстан Республикасының Президентінің 2001 жылғы 11 шілдедегі “Қаржы рыногын мемлекеттік реттеудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы” Жарлығына сәйкес аталмыш мемлекеттік орган Ұлттық Банктің құрылымдық бөлімшесіне, яғни “Бағалы қағаздар рыногының департементіне” айналды.
13. Қазақстан Республикасының “Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы” Заңы, 93- 95 баптар.
14. Қазақстан Республикасының “Сауда мақсатында жүзу туралы” Заңының 7, 92, 100, 102 баптары.
15. Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы “ Сақтандыру қызметі туралы” Заңының 6- бабының 6- тармағы.
16. Қазақстан Республикасының Президентінің 2006 жылғы 1 наурызындағы “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы” Қазақстан халқына Жолдауы.
17. тиімді ұлттық сақтандыру индустриясын қалыптастыру және оның басым бағыттарын одан әрі қамтамасыз ету мақсатында Қ Р Президентінің 2000 жылғы 27 қарашадағы Жарлығымен бекітілген. “Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы”.
18. 2000 жылғы 27 қарашадағы Қ Р Президентінің Жарлығымен бекітілген “ Қ Р сақтандыруды дамытудың2000 – 2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы”.
19. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 ж.
20. Қ Р Өкіметінің “судьяларды және олардың мүлкін міндетті мемлекеттік сақтандырудың тәртібі және шарттары, лицензиялық қызмет көрсету және санаториялық – курорттық ем туралы” 19 наурыз 1997 жылғы Қаулысымен бекітілген Ереже.
21. Қ Р Өкіметінің “Тасымалдаушының жолаушылары алдындағы азаматты” жауаптылығын міндетті сақтандыру туралы” 14 қазан 1996 жылғы Қаулысымен бекітілген Ереже.
22. Қ Р Өкіметінің “Ауылшаруашылығы өндірісін міндетті сақтандыру жүргізудің тәртібін және шарттары туралы” 2 сәуір 1997 жылғы Қаулысымен бекітілген Ереже.
23. Қ Р Өкіметінің Банкісінің Директорлар кеңесінің Қаулысымен 4 желтоқсан 1998 жылы бекітілген. “ Қ Р Ұлттық банкісінің сақтандыруды қадағалау департаменті туралы” Ережесі.
24. Кандидаттық диссертация.
Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы сақтандыру құқықтық қатынастарын мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру.
Б.Ө. Сман 2001 ж 14 наурыз. ҚазҰУ.
25. Қазақстан Республикасының Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы № 80 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы. Егемен Қазақстан газеті. 1 сәуір 2006 ж.
26. Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы 2008 жыл 12 сәуір «Ана мен баланың өмірін сақтандыру»
27. Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы Қазақстан аумағында құрылыс саласын сақтандыру 2009 ж.20 ақпан.
28. Сман Б.Ө. "Сақтандыру қызметінің құқығының кұқықтық пәнін
сипаттау" ҚазҰУ Хабаршы 2008 ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Оралхан Азамат
Сақтандыру қызметінің құқықтық негіздері және оның түрлері
Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С
Мамандық: 050301 – Құқықтану
Алматы 2012

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі: Н. Г. Лаптева
З.ғ.к., доцент:
Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С
Тақырыбы: Сақтандыру қызметінің құқықтық негіздері және оның түрлері
Мамандық: 050301 – Құқықтану
Орындаған 4 курс студенті: Оралхан А.
Ғылыми жетекші з.ғ.к.,доцент Б.Ө.
Сман
Норма бақылаушы:
аға оқытушы Г.Қ. Шуланбекова
Алматы 2012
Реферат
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы Сақтандыру қызметінің
құқығының пәні, тәсілдері жүйесі деп аталады. Дипломдық жұмыс 68 беттен
тұрады. Дипломдық жұмыс кіріспеден және негізгі бөлім мен қорытынды
бөлімдерінен тұрады. Негізгі бөлім жеке-жеке тақырыптары бар бөліктерге
бөлінген.
Бірінші тарауда Қазақстан Республикасындағы сақтандыру шартының
түсінігі мен түрлері баяндалған.
Екінші тарауда Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың шартының
нысаны мен мақсаты қарастырылған.
Сондай-ақ, дипломдық жұмыс қолданылған әдебиеттер мен нормативтік-
құқықтық әктілер тізімін құрайды.
Дипломдық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының
Конституциясы, Сақтандыру оқулығы, ҚР Азаматтық кодексі және өзге де
Заңдары қолданылды.
Сонымен қатар, дипломдық жұмысын ғылыми әдебиетер және Қазақстан
Республикасындағы сақтандыру шараларына қатысты шығарылған нормативтік-
құқықтық әктілер, қазқстандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбекері
қолданылды.
Дипломдық жұмысында көп кездесетін сөздер: Сақтау,сақтандыру
төлеушісі,қаржы,мемлекет,басқару,ре ттеу, сақтандыру режимі және т.б.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I ТАРАУ Сақтандыру қызметінің құқығының пәні мен нысаны ... ... .5
1.1Сақтандыру құқығының пәнін сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.2 Сақтандыру құқығына жалпы түсінігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
II ТАРАУ Сақтандыру шартының тараптары, қатысушыларының құқықтары мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..37
2.1 Сақтандыру қызметінің құқығының құқықтық
қатынастары ... ... ... ... ... 37
2.2 Сақтандыру құқықтық қатынастарының объектісі мен субъектісі
... ... ...42
2.3 Сақтандыру құқықтық қатынастарының пайда болу,өзгерту және тоқтатылу
негіздері

... ... ... ... .43
III ТАРАУ Сақтандыру қызметінің тәсілдері және
жүйесі ... ... ... ... ... ...
3.1 Сақтандыру құқығы құқық саласы
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2 Сақтандыру қызметінің құқығының қағидалары
3.3 Сақтандыру компаниялары - экономикалық жүйенің бір бөлігі ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ

... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
КІРІСПЕ
Қазіргі жағдайда сақтандыру ісі дегеніміз- сақтандыру ұйымы өз активтері
есебінен жүзеге асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру шартында
белгіленген сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру жағдайы немесе өзге
де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүліктік
мүдделерін қорғауға байланысты қатынастар кешені.
Адамдар жиі (өрттерден, су тасқыны, сел, қуаншылықтан, зілзаладан, жұқпалы
аурулардан және осылар сияқты тағы басқа) жағдайлар нәтижесінде өздерінің
қозғалмайтын және қозғалатын мүліктерін айырылу мүмкіндегінен сақтануды.
Кәсіпкерліктің дамуы тиісінше, тәуекелдердің өсе түсуіне әкеледі,олар
іскерліктегі әріптестіктердің сенімсіз болып шығуы, нарықтағы бағалар
(құндылықтар) кенет өзгеріп кетуіне,шарт бойынга әріптестердің банкротқа
ұшырауына байланысты болуы мүмкін шығындар болады.Өз кезегінде бұл
сақтандырудың дамуына қосымша түрткі болады. Уақыт ағымында мұндай
қажеттілік азаймайды, керсінше азаматтар мүліктік жағдай жақсартуының және
кәсіпкеолік дамуының салдарынан сақтандырудағы қажеттілік дамуының
салдарынан сақтандырудағы қажеттілік одан әрі өсе түседі.
Сақтандыру қызметі-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру
(қаута сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты, Қазақстан
Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкілетті органның лицензиясы
негізінде не Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық
актісіне сәйкес лицензиясыз жүзеге асырылатын қызметі.
Сақатандыру жағдайы – сақтандыру шарты сақтандыру төлемін төлеуді
қарастыратын жағдай. Сақтандыру жағдайы табиғи әсер, техногендік сипат және
нақты адам әрекеті ретінде өз пайда болу себебін иемденетін жағдай. Сонымен
қатар, сақтандыру жағдайы ретіндегі қарастырылатын жағдай кездейсоқтылық
және ықтималдылығы болмай қоймайтындыққа жақын болмауы қажет. Сақтандыру
жағдайының түсу ықтималдылығының деңгейі шарт жақтарымен өз бетінше
бағаланады, сонымен қатар жағдайдың ықтималдылығы болмай қоймайтындыққа
жақын болмауы қажет, соңғысы орын алса мұндай жағдай кездейсоқ болмайды,
Жағдай орын алудың ықтималдылығы мен кездейсоқтылығының талаптары жинақтау
сақтандыру шарттары қарастырылатын фактілерге оқиғаларға қолданылмайды. (ҚР
АК 817-бабы 3-т)
Сақтандыру шартының түсінігі бойынша бір тарап (сақтанушы)
сақтандыру сыйлықақысының төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап
сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта
белгіленген сома (сақтанушы) сақтандыру сыйлықаысының төлеуге міндеттенеді,
ал екінші тарап сақтандырушы сақтандыру жағадайы басталған кезде
сақтанушыға немесе шартта белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде
өзінің пайдайсына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру
төлемін төлеуге міндеттенеді. Сақтандыру шарттық қатынастарының ерекшелігі:
сақтандырушы шығаратын ережелерге көрсетілетін жағдайларға сақтанушы қосылу
керек. Өз кезегінде сақтандырушы заңның барлық талаптарының және оның
қызметін тұтынушылардың мүддесін сақтау бойынша міндетін атқарады. Егер
сақтанушының қызметін бақылайтын өкітетті мемлекеттік орган заңның бұзылуын
ережелерде көрсе, онда ол сол немесе басқа сақтандыру қызметін жүргізуге
лицензия (рұқсат) бермеудің негізі болып есептеледі.
I ТАРАУ Сақтандыру қызметінің құқығының пәні мен нысаны.
Нарықтық даму жағдайындағы сақтандыру ісі (сақтандыру) қандай
болмасын қоғамдық-құқықтық формацияларда тиісінше дамып қалыптасатын және
асқан қажеттілігімен ерекшеленетін әрі тиісті сақтандыру салалары бойынша
жұмыс істейтін, қоғамдық пайдалы шаруашылық жүргізуге, тұлғалардың
еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруына, қоршаған ортаға байланысты
орын алуы ықтимал (орын алатын) тәуекелдерге орай қатысушылары
(сақтандырушылары, сақтанушылары, сақтандырылғандары, пайда алушылары )
нақтылы айқындалып, құқықтары мен міндеттері
белгіленген материалдық мазмұнды қоғамдық қатынастар ауқымында мақсатты
сақтандыру қорын және сақтандыру резервтерін құруды, сондай-ақ ұлттық
сақтандыру жүйесінде өтеу (өтеттіру) механизмін іске қосатын сақгандыру
оқиғалары туындаған кезде тиісті заңнама және шарт негізде сақтандыру
қорғауының қамтамасыз етілуін нысалайтын кәсіпкерлік сипатты – бағдарлы
құқықтық институт болып табылады.
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы
18 желтоқсандағы Заңының Сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі деп
аталатын 4-бабының 1-тармағында: Сақтандыру дегеніміз, сақтандыру ұйымы өз
активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру
шартында белгіленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған
кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін қорғауға
байланысты қатынастар кешені деген түсіндірме берілген. Осы заңның 2-
тармағында: Сақтандыру қызметі дегеніміз, сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға
байланысты! Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес
уәкілетті мемлкеттік органның лицензиясы негізінде не Қазақстан
Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес
лицензиясыз жүзеге асырылатын қызметі Демек, сақтандыру белгілі бір
тәуекелдерге орай орын алуы ықтимал сақтандыру жағдайы (оқиғалары)
басталған кезде заңды немесе жеке тұлғаның мүліктік мүделлерін (сақтандыру
мүдделерін) арнайы қалыптастырылған мақсатты ақшалай сақтандыру қор
есебінен сақтандыру қорғауымен қамтуды қамтамасыз етуге байланысты
сақтандырушы мен сақтанушы , пайда алушы арасында туындайтын қоғамдық
қатынастарды білдіреді. Сақтандыру сақтанушының мүліктік
мүдделерінекелтірілген зиянды ақшалай нысанда өтеуді қарастырады.
Сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы сақтандыру қатынастары
сақтанушының өз қарамағындағы (меншігіндегі) мүліктерін немесе өзге де
мүліктік мүдделерін сақтандыру қорғауымен қамтамасыз етуге байланысты
сактандыру мүддесінің болмысына орай туындайды.
Сақтандыру қызметі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүзеге
асыратын қызметтің негізгі түрі болып табылады. Сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымы сақтандыру қызметін (қайта сақгандыру жөніндегі
қызметті) жүзеге асыру құқығына лицензиясы , сақтандыруды белгілі бір түрі
бойынша жүзеге асырудың жалпы талаптарын айқындайтын сақтандыру
ережелері және ішкі ережелер болғанда ғана сақтандыру қызметін жүзеге
асыруға құқылы.
Сақгандыру қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен
лицензияларды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға , сыныптар мен
түрлерге бөлінеді. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметі өмірді
сақтандыру саласы және жалпы сақтандыру саласы бойынша жүзеге
асырылады . Ерікті сақтандыру нысанындағы сақтандырудың жекелеген
сыныбын жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар , оның ішінде
сақтандырудың жекелеген сыныптары шеңберіндегі пруденциялдық
нормативтер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен
белгіленеді.
Сақтандыру түрі , сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын
жасау арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шегінде әзірлейтін
және беретін сақтандыру өнімі болып табылады.
Сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру полисін бере отырып ,
қосылу шарты нысанында сақтандыру шартын жасасу жөніндегі қызметті
уәкілетті органмен сақтандыру ережелерін келіскеннен кейін ғана жүзеге
асыруға құқылы.
Өмірді сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол
сақтандыру мерзімі біткенге дейін не сақтандыру шартында белгіленген жасқа
дейін өмір сүрген жағдайда сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін
сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. Бұл ретте сақтандыру
қағидаларының туындауы сақтанушының сақтандырылған мүліктік мүдделеріне
зиян келтіруі ықтимал сақтандыру тәуекелінің (ықтимал қауіпті оқиғаның
немесе орын алуы ықтималдығына орай сақтандыру жүргізілетін қауіпті-қатерлі
оқиғалар жиынтығының) мән-жайына байланысты сақтандыру жағдайының басталуы
кезінде көрініс табатын келеңсіз экономикалық салдар залалын өтеуді
нысаналайтын әрі әрқайсысы өз мүддесін көздейтін сақтанушы мен
сақтандырушының арасында азаматтық заңнамаға сәйкес жасалған ерікті
сақтандыру шартына, сондай-ақ міндетгі сақтандыру заңнамалық актілеріне не
оларға сәйкес жасасылған міндетті сақтандыру шартына негізделеді.
Сақтандыру барысында негізінен сақтанушының не үшінші тұлғаның мүлкі
және мүліктік мүддесі (мәселен, жеке сақтандырудағы азаматтардың
өміріне, денсаулығына және еңбекке қабілеттілігіне байланысты, мүліктік
сақтандырудағы мүлікті иеленуге, пайдалануға әрі оған билік етуге
байланысты, азаматтық-құқықтық сақтандырудағы заңды немесе жеке
тұлғаның өміріне, денсаулығына не мүлкіне келтірілген зиянды өтеуге
байланысты мүліктік мүдделер) сақтандыру қорғауымен қамтылады. Демек,
сақтанушы (insured) өзінің не үшінші тұлғаның өміріне, денсаулығына,
еңбекке қабілеттілігіне, мүлкіне байланысты сақтандыру мүддесін білдіретін
мүліктік мүддесін сақтандыратын жеке немесе заңды тұлға ретінде заңнамалық
актіге не жасалған сақтандыру шартына орай тиісті сақтандырушымен екі
арадағы азаматтық кұқықтық қатынастарға қатысады. Осы орайда ескеретін
маңызды жайт, сақтандырушымен жасалған ерікті немесе міндетті сақтандыру
шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы бір мезгілде сақтандырылушы ( өзіне
қатысты сақтандыру жүзеге асырылған, былайша айтқанда сақгандырылған
тұлға) болып табылады.
Ал сақтандырушы (assurer, insured) сақтандыру ұйымы ретінде
мемлекеттік тіркеуден өткен, тиісті сақтандыру қызметін жүзеге асыру
құқығына лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде келтірілген
зиянды өтеу жөніндегі өзіне жүктелген міндеттемеге орай сақтанушыға немесе
өзге тұлғаға (пайда алушыға - заңда не сақтандыру шартында көзделген мән-
жайларға байланысты сақтандыру төлемін алуға құқығы бар тұлғаға) шартта
белгіленген сақтандыру соммасы шегінде сақтандыру сомасы шегінде
сақтандыру төлемін төлеуге міндетті занды түлға болып саналады.
Сақтандыру құқықтық қызметтің айрықша түрі ретінде сақтандыру
сыйлықақыларын (жарналарын) жұмылдыру арқылы сақтандыру қорын әрі
сақтандыру резервтерін құру және сақтандырылған мүліктік мүдделерге
келтірілген зиянды сақтандыру төлемін жүзеге асыру жолымен өтеу ауқымында
тікелей көрініс табады. Сақтандыру бүгінгі таңда қалай болмасын өндірістік
аяда, салада және ортада келтірілген зиянды уақтылы әрі толығымен өтеу
есебінен қоғамдағы әлеуметтік және құқықтық тұрақтылықты қамтамасыз
етуге, мақсатты сақтандыру қорының уақытша бос қаражаттарын сақтандыру
ұйымының инвестициялық қызметінде пайдалануға, сақтандыру өнімдерін
өткізуге байланысты сақтандыру операцияларының дамуына, сондай-ақ ұлттық
сақтандыру жүйесіндегі жаңа сақтандыру түрлерінің, оның ішінде кәсіпкерлік
тәуекелдерді сақтандырудың заңнамалық және шарттық негіздерінің
тиімділігіне мүдделік танытып отыр.
Сақтандырудың заңи аспектісі сақтандыру өтеуінің міндеттілігін
белгілеу үшін жасалатын ерікті не міндетті сақтандыру шарты немесе
тікелей заңнамалық акті негізінде тұлғалардың мүліктік мүдделерін
сақтандыру қорғауымен қамтуға байланысты сақтанушы мен сақтандырушы
қатысатын құқықтық қатынастарын білдіреді. Сақтандырудың кұқықтық
аспектісі мақсатты ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру және оларды әр
түрлі төтенше әрі қолайсыз құбылыстар салдарынан келтірілген зиянды өтеу
үшін пайдалану жөніндегі нысандар мен әдістердің жиынтығынан тұратын
кұқықтық қатынастар жүйесі ретінде жұмылдыру , өтемдік және қорғау алдын
алу функциялары арқылы көрініс табады. Осы ретте сақтандыру : сақтандыру
тәуекелінің болуына байланысты материалдық зиян келтіретін сақтандыру
жағдайының орын алуы, занды және жеке тұлғалардың (сақтанушылардың)
өздеріне келтірілуі ықтимал зиянды өтеуге деген мұқтаждықтарының
қанағаттандырылуы, сақтанушы төлеген сыйлықақылар мен жарналар есебінен
құрылған мақсатты сақтандыру қоры қаражаттарының сақтандыру өтеуінің
нысанында қайтарылуы сияқты және т.б. өзіне тән белгілерімен ерекшелінеді.
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңы (оның 2-
бабының 1-тармағында көрсетілгендей) кәсіпкерлік қызмет түрі
ретіндесақтандыруды жүзеге асырудың ережелерін , сақтандыру ( қайта
сақтандыру ) ұйымдарын , сақтандыру брокерлерін кұру, лицензиялау, реттеу
, олардың қызметін тоқтату ерекшеліктерін , өзге де жеке және заңды
тұлғалардың сақтандыру рыногындағы қызметінің талаптарын , сақтандыру
рыногын мемлекеттік реттеу міндеттерін және сақтандыру қызметін
қадағалауды қамтамасыз ету принциптерін белгілейді. Аталган заңмен тікелей
реттелген сақтандыру қатынастарын қоспағанда, сақтандыруға байланысты
туындайтын және өзге де заңнамалық актілер қолданылатын аядағы қоғамдық
қатынастар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделетін
сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңдармен, Қазақстан
Республиксының Азаматтық кодексімен, сондай- ақ Қазақстан Республикасының
өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
Мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылык жүргізуші субъектілердің
мүдделерін қаржылық , алеуметтік және өзге де тәуекелдерден қорғаудың
тиімді құралы , сондай- ақ ұзақ мерзімді ішкі инвестициялардың сенімді кезі
ретіндегі сақтандырудың рөлін нығайтуға бағытталған ұлттық сақтандыру
индустриясын реформалауды жалғастыру және оның басымды бағыттырын одан
әрі дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 1 шілдедегі № 729 қаулысымен Қазақстан Республикасының
сақтандыру рыногын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы
бекітілген болатын.
Сақтандыру рыногы сақтандыру өнімін сату және сатып алу,
сақтандыру қорғауына байланысты сақтандыру өтемін жүзеге асыру
нәтижесінде сақтанушылар , сақтандырушылар, үшінші тұлғалар арасында
туындайтын, біртекті сақтандыру қызметтерін көрсететін сақтандырушылар
қатарының көбеюіне орай қалыптасатын құқықтық қатынастардың жүйесі ретінде
өзіне тән сақтандыруды қамтиды. Қазақстан Республикасы сақтандыру
рыногының қатысушыларын (Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан
Республикасы Заңының 10- сәйкес): сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ;
сақтандыру брокері ; сақтандыру агенті ; сақтанушы, сақтандырылушы,пайда
алушы ; актуарий ; өзара сақтандыру қоғамы ; сақтандыруға байланысты
қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар жатады . Сақтандыру
өндірістік қатынастардың аса қажетті элементі болып табылады және ол
әрқашанда өндіріс барысында туындайтын шығындар мен залалдардың орнын
толтыруға, калпына келтіруге байланысты болады. Осы қоғамдық өндіріс
процесінде екі қарама-қайшы құбылыстар ұштастырылады. Біреуіне, адамдардың
табиғи стихиялық апаттармен және басқа да төтенше қатерлі жағдайлармен
күресіне байланысты адам мен табиғаттың арасындағы қарама-қайшылық жатса,
ал екіншісіне қоғамдағы адамдар арасында мүліктік және басқа да мүдделерге
қатысты, қоғам ішінде туындайтын адамдардың арасындағы өндірістік
байланыстарды қиындататын қарама-қайшылықгар жатады. Міне, осындай қарама-
кайшылыктар келеңсіз нәтижелерге әкеп соғатын төтенше жағдайлар мен
күтпеген қатерлі оқиғалардың туындауының объектілі негізін құрайды.[2]
Егер қалыпты жүріп жатқан қоғамдық өндіріс процесі адамдардың саналы,
мақсат-бағдарлы қызметтерінен тыс ғаламат төтенше жағдайлардың туындауына
байланысты бұзылатын болса, онда сол қатерлі жағдайлар сақтандыру оқиғалары
деп айтылады. Жоғарыда аталған жайларға байланысты қоғамдық өндірістің
қатерлі сипатта болуы адамдар арасында стихиялық және басқа
да ауыртпашылықтардың қиратып - жоюшы күштеріне қарсы тұру, болдырмау,
алдын-алу, әрі қарай тарауына жол бермеу, сондай-ақ келтірілген зиянның
орнын талассыз толтыру жөніндегі объектілі қатынастарды туындатады. Бұл
қатынастар - арнайы сипатта болатындықтан жиынтығында қоғамдық өндірісті
қорғауды сақтандырудың экономикалық категориясын құрады. Осы категорияның
ерекшелігі мынадай: қиратып-жоюшы оқиғаның кездейсоқ сипатта туындауы;
ақшалай және натуралды сипаттағы өлшемдермен сипатталынып келтірілген
зиянның төтеншелігі; аталмыш жағдайдың зардаптарының алдын алу, жоюдың және
материалдық немесе өзге де зияндардың орнын толтырудың объектілі түрдегі
қажеттілігі сияқты негізгі белгілер арқылы көрініс табады.
Ал көрсетілген белгілер адамдардың өндірістік қызметтерінің аясында
сақтандырылатын тәуекелдердің болатынын және сақтандыру қорғауының
қажеттілігін дәлелдейді. Сақтандыру тәуекелі мен сақтандыру шаралары
сақтандырудың экономикалық категория ретіндегі маңызын білдіреді.
Сақтаңдыру талабына сәйкес қорғау, алдын-алу, қалпына келтіру және
т.б. шараларды жүзеге асыруға қажетті сақтандыру қорын қалыптастыру,
қоғамдық өндіріс аясындағы қорғауды сақтандырудьң экономикалық
категориясының осы қор түріндегі материалдық нысанын көрсетеді. Аса кажетті
осы сақтандыру қоры негізінде өндіріс аясында белгілі бір уақыт
көлемінде жасалынатын ұлттық табыстың қайта бөлінуі есебінен
қалыптастырылады.[3]
Сақтандыру қорының есепті жыл ішінде жұмсалынбай қалған бөлігі қорлану
қорына түседі. Ал зиянның орнын толтыруға және т.б. шараларға жұмсалған
бөлігі тұтыну корын толықтырып қана қоймай, сонымен бірге өндіріске кеткен
қаражаттардың қалпына келтірілуін толықтырып отырады.
Тағы бір айта кететін жайт, міндетті мемлекеттік сақтандыру ақша қоры
мемлекеттің қаржы жүйесінің бюджет, банктердің қаржыларынан кейінгі буыны
болып табылады. Алдында айтқанымыздай сақтандыру экономикалық категория
ретінде қаржылармен байланыста болады және қаржылар сияқты ақша нысандағы
құндық белгілі қорларды қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу кезіндегі
қозғалысын білдіреді. Осыған орай, сактандыруды басқа экономикалық
категориялардан ажырата білу үшін оның өзіне тән ерекшеліктерімен
танысуымыз қажет.
Экономикалық категория ретінде сақтандыру мына келесідей белгілермен
сипатталады:
- сақтандыру кезінде ақшалай қайта бөлу қатынастары пайда болады. Осы
қайта бөлу қатынастарының негізінде сақтандыру тәуекелінің болуы
және сақтандыру оқиғасының туындау мүмкіндігі жатады;
- сақтандыру кезінде тек сақтандыру ауқымындағы қатысушылар ғана
қатысатын тұйықталған қайта бөлу қатынастары туындайды. Бұл жерде
сақтандыру акшалай қоры тек жаңағы қатысушылардың нақты
белгіленген жарналары есебінен қалыптастырылады;
- сақтандыру қорына жұмылдырылған сақтандыру төлемдері аумақтар
көлемінде қайтарылады;
- сақтандыру келтірілген зияндарды әкімшілік-аумақтық
бөліністер арасында және белгілі бір уақыт көлемінде қайта бөлуді
көздейді.[4]
Демек, сақтаңдыру айтарлықтай көлемдегі аумақтық құрылымдар мен
сақтандырылған объектілерді қамтуы керек және қатарынан бірнеше
жыл бойы ешкандай төтенше жағдай орын алмаған болса, сақтандыру төлемдерін
алдағы уақытта туындауы мүмкін залал-зияндарды қалпына келтіруге қажетті
запастағы қор құрылуы тиіс.
Сақтандырудың экономикалык манызы оның функциялары аркылы да көрініс
табады. Олар сақтандырудың қаржы жүйесінің буыны ретіндегі ерекшеліктерінің
қаржылардың функцияларына сәйкес келетінін көрсетеді. Сонымен, біздің
ойымызша сақтандыруға мынадай функциялар тән болады: жұмылдыру функциясы;
бөлу, қайта бөлу функциясы (тәуекелдік функция; алдын алу функциясы;
жинақтау функциясы); бақылау функциясы. Осы функциялар өздігінен емес, тек
сақтандыру қызметін жүргізу кезінде ғана іс жүзінде жүзеге асырылады.
Жұмылдыру функциясының көмегімен мақсатты сақтандыру қорының қаражаттарын
сақтаңдыру жарналары есебінен қалыптастыру қызметі жүзеге асырылады.
Бөлу (қайта бөлу) функциясы өз алдына үш функциядан тұрады: олар
тәуекелдік (немесе қалпына келтіру) функциясы; алдын алу функциясы;
жинактык функция. Бұл жерде ең бастысы тәуекелдік және алдын-алу
функциялары болып табылады. Тәуекелдік функция тұйықталған сақтандыру
қатынастарының ішіндегі зияндардың орнын толтыруды, қалпына келтіруді,
апаттарға байланысты сақтандыру қаражаттарын кайта бөлуді жүзеге асырады.
Алдын-алу қатерлі жәйттерді болдырмауға, сақтандыру тәуекелдерін
мүмкіндігінше азайтуға бағытталған профилактикалық шараларды жүргізуге
қажетті функция болып саналады. Бақылау функциясы сақтандыру қорларының
мақсатқа сәйкес қатаң қалыптастырылып, пайдаланылуын тексеріп, қадағалауды
тиісті зандарға сәйкес жүргізеді.[5]
Сақтандырудың қоғамдық өндірістің үзілмеуін, баланысты болуын,
тоқтатылмауын қамтамасыз етуді көздеп атқарылатын рөлінің түпкілікті
нәтижесі мына келесідей көрініс табуы керек: сақтандыруды колдану аяларын
ұтымдыландыру; сақтаңдыру операцияларын дамыту көрсеткіштерін жақсарту;
зияндарды толығымен және дер кезінде қалпына келтіру; уақытша бос
сақтандыру қаражаттарын сақтандыру ұйымдарының инвестициялық қызметтерінде
пайдалану.
Сонымен, сақтандыру катысушыларының ақшалай жарналары есебінен табиғи
апаттар мен төтенше қатерлі жағдайлардың салдарынан зиян шеккен заңды
тұлғалар мен азаматтардың тартқан зияндарын қалпына келтіруге және орнын
толтыруға арналған мақсатты сақтандыру қорын құру жөніндегі тұйықталған
айрықша қайта бөлу қатынастарының жиынтығы болып табылады.
Демек осы жәйтті былайынша толық тұжырымдауға болады: сақтандыру
әкімшілік, конституциялық, қаржылық, азаматтық және т.б. құқық нормаларымен
реттелген, сактандырылған тұлғаларға қатысты тиісті зандарда немесе
шартта көзделген жағдайлардың туындауына орай сақтандыру қорғанысы мен
сақтандыру өтемін жүзеге асыруға байланысты кешенді, базистік экономикалық
қатынастардың жиынтығы ретінде көрініс табады.
Осы қысқаша сипаттамадан кейін сақтандырудың тарихи қалыптасып,
дамуына және біздің еліміздегі даму кезендері мен құқықтық аспектілерін
қарастыру кажет. Негізінде, сақтандыру көне дәуірден бері адамдар өркениеті
арасындағы қоғамдық-экономикалық қатынастардан белгілі бір қатерлі,
қауіпті, шығын-зардапты немесе пайдалы, көбінесе объектілі, кейбір кездерде
субъектілі жағдайлардың туындауына байланысты орын алатын өте қажетті
категория әрі сол өндірістік катынастардың мызғымас бөлігі болып табылады.
Алғашқы кезде сақтандырудың мағынасы "қауіп", "қорқыныш" деген сөздермен
байланысты болса, кейіннен көмектесу, жақтасу, кепілдендіру, қорғау, ұстап
тұру, тауда, теңізде сақтандыру және т.б. мағынада да айтылған.[6]
Сақтандырудың бастапқы нысандары өте көне дәуірде, құл иеленуші
қоғамдарда туындаған болатын. Мысалы, бізге жеткен деректер бойынша кұл
иеленушілер, өздерінін мүліктері мен құлдарын табиғи тылсым күштердің жойып
жіберуінен, ұрлықтан, тонаудан және басқа да қатерлі оқиғалардан қорғау
тәсілі ретінде сақтандыруды пайдаланған. Осы қоғамдағы кезіңде мал-мүлікті
және бәсеке басты қорғауға орай жасалынған келісімдер сактандыру шарты
ретінде көрініс берген еді. Көне дәуірдегі сақтандырудың алғашқы
нысандарының негізінде өзара міндеттемелер арқылы қамтамасыз етілетін
ұжымдық өзара көмекті жатқызуға болады. Сол кездерде қалыптасқан негізгі
қағидат бойынша сақтандыру пайда табуға, байлыққа бағытталған емес, ол тек
кауіп-қатерден қорғау тәсілі болып табылған. Демек, келтірілген залалдың
орнын ақшалай емес, тек сол зардапқа баламалы мүлікпен, затпен, өніммен
және.т.б. толықтырып отырған.
Сонымен, ғасырлар белесінде объекттілі қалыптасып, жан-жақгы дамыған
сақтандыру ісі уақыт өте келе көптеген бағытта жүзеге асырылған. Мәселен,
қалалар мен елді мекендердің өсуіне карай ғимараттар мен үйлердің және т.б.
мүліктердің әртүрлі дүлей апаттар мен өрттерден жойылуы немесе бүлінуі
қауіпінің күшеюіне байланысты адамдар солардан қорғануға, келтірілген
зардаптың орнын толтыруға, мүмкін болса қауіптің алдын алуға немесе
болдырмауға бірлесіп іс-кимыл жасауға талпынған. 1310 жылы Германияның
Брютте қаласында көпестер мен қолөнер гильдияларының мүліктік мүдделерін
корғау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын "Сақтандыру палатасының"
құрылуы жоғарыда айтқанымыздың айғағы болса керек.
Мүлікті кәсіпкерлік қызметтің объектісі ретінде сақтаңдырудан басқа,
өрттен сақтандыру да дами бастаған еді. Кезінде өрттен сақтаңдырудың
қарапайым нысаны мүліктері бүлінген немесе өртеніп кеткен адамдарға
көмектесу үшін жиналатын арнаулы алым түрінде болған. Әрине бүл көмекті шын
мәнісіндегі сақтандыру деп айта алмайтынымыз белгілі. 1866 жылғы Лондон
қаласының орталығын жойып жіберген жойқын өрттен кейін демек, үйлер мен
баска да ғимараттарды сақтандыру мақсатында "өрт полисі" деп аталатын
сақтандыру мекемесі, соңдай-ақ 1667 жылы Норвегияның Христиания (кейіннен
Осло деп аталған) қаласында Норвегиялық бранд-касса кұрылған болатын.
Бұлардың бәрі және басқалары өзара сақтандыру негізінде қызмет атқаратын,
яғни тек келтірілуі мүмкін зардап-зиянның орнын толтыруды ғана көздеген.
Осы сақтандыру жүйесі теңіз сақтандыруында күні бүгінге дейін қолданылады.
1.1 Сақтандыру қызметінің құқығының пәнін сипаттау
Бүгінде осы сақтандыру рыногын дамытудың негізгі проблемалары
тұрғысынан өмірді және жеке басты сақтандырудың жаңа түрлерін дамыту,
сақтандыру ұйымдарын корпоративтік басқару жүйесін енгізу,
мамандандырылған қайта сақтандыру ұйымдарын құру, сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымдарының қызметі жөніндегі статистикалық және өзге де
деректер базасын қалыптастыру , сақтандыру компанияларының қызметін
автоматтандыру мәселелері және т.б. айқындалып отыр. Бұл ретте сақтандыру
рыногының кейбір проблемалары қатарына: сақтандыру ұйымдарының өз
тәуекелдерін басқару сапасының төменділігін; рыноктағы жекелеген
сақтандыру ұйымдары белсенділігінің жеткіліксіздігін; сақтандыру
ұйымдарының өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша
сақтаушыларға заем беру жүйесінің дамымағандығын; сақтандыру
ұйымдарының қызметтер көрсетуі сапасының төменділігін және т.б. жатқызуға
болады.
Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногын дамытудың 2004-2006
жылдарға арналған бағдарламасы сақтандырудың рөлін арттыруға және
жаңаша дамытуға бағытталған ұлттық сақтандыру индустриясын жетілдіру
,сондай-ақ одан әрі реформалау мақсатында:
1) ұзақ мерзімді және жинақтаушы жеке сақтандыру түрлерін дамытуды
ынталандыру арқылы азаматтардың әлеуметтік қорғалу деңгейін жоғарылату ;
2) өзара сақтандыру жүйесін дамыту;
3) сақтандыру мақсаттарын , сақтандыру заңдарын, сақтандыру аясында
жүргізіліп жатқан реформаларды насихаттау және түсіндіру жөніндегі
жұмысты күшейту , сақтандыру қызметін тұтынушылардың құқықтарын
қорғауға бағытталған өзге шараларды жүзеге асыру және халықтың сақтандыру
мәдениетінің деңгейін жоғарылату ;
4) сақтандыру ісін ақпараттандыру және
автоматтандыру саласында жаңа технологиялар енгізуге жәрдем көрсету;
5)міндетті сақтандыру саласы бойынша мемлекеттік саясаттың және міндетті
сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыру;
6) сақтандыру рыногының инфрақұрылымын қалыптастыру және оның
қатысушыларын әрі олардың қызмет аясын айқындау;
7) сақтандыру саласына қажетті мамандарды даярлау
және олардың біліктілігін арттыру;
8) сақтандыру рыногын бірыңғай қадағалауға көшуді ескере отырып сақтандыру
қызметін қадағалау және реттеу жүйесін ұйымдастыру;
9) қайта сақтандыру және ортақ сақтандыру рыноктарын дамыту тәрізді
міндеттемелерді шешуді нысаналаған .
Қазақстанда сақтандыру рыногын дамытудың негізгі қағидаларының біріне
жеке сақтандыруды (personal assurance), оның ішінде ұзақ мерзімді
(жинақтаушы) түрлерін дамыту жатады. Өйткені сақтандыру ұйымдары жеке
сақтандырудың жинақтаушы түрлері арқылы экономикаға жеткілікті көлемде әрі
ұзақ мерзімге ақша қаражаттарын тартып, институционалды
инвестицияларжүйесінің дамуына айтарлықтай мүмкіндік туғызады және ел
экономикасы үшін өте тиімді жағдай жасайды. Бұл орайда жеке
түлғалар жеке сақтандырудың және өмірді сақтандырудың барлық спектрі:
қайтыс болуы жағдайын сақтандыру; аннуитеттік сақтандыру; шартта
белгіленген жасқа немесе мерзімге дейін өмір сүру жағдайын сақтандыру;
еңбек ету қабілетін жоғалту жағдайын сақтандыру бойынша нақтылы
сақтанушылар бола алатын азаматтар ретінде, ал жұмыс берушілер (заңды
немесе жеке тұлғалар) өз қызметкерлерінің жазатайым оқиғаларға байланысты
қайтыс болу жағдайын сақтандыруға, қосымша зейнетақыны сақтандыруға,
кызметкерлерінің өмірін сақтандыруға және т.б. мән-жайларға қатысты
мемлекеттің заманауи заңдық талаптары және өз мүліктік мүдделері
тұрғысынан сақтандыру құқықтық қатынастардағы әлеуметтік сақтандырушылар
болуға мүдделік танытуға тиіс.
Жеке сақтандырудың дамыған рыногының болуы мемлекеттің халықты
әлеуметтік қамтамасыз етуге жұмсайтын шығындарын азайта отырып,
республикалық бюджеттің шығыс бөлігіне түсірілетін салмақты жеңілдетеді.
Жалпы алғанда ұлттық сақтандыру рыногының ауқымындағы жеке сақтандыру
рыногының дамуы қаржы рыногының дамуына әрі осы рынок ұсынып отырған
сақтандыру ұйымдарының активтері инвестицияланатын құралдарға тәуелді
болады. Бұл ретте сақтандыру ұйымдарының тәуекелдер және құралдардың
мерзімділігі әрі өтімділігі бойынша активтерін диверсификациялауды
қамтамасыз ету үшін елдегі бағалы қағаздар рыногын тиісінше дамыту
қажеттілігі туындайды.
Жеке сақтандыруды, оның ішінде аннуиететтерді дамыту мақсаттарына:
аннуитеттерді ұсыну, өмірді сақтандыру, еңбек ету қабілетін сақтандыру
саласындағы заңдарды, оның ішінде жаңа сақтандыру өнімдерінің пайда
болуын қамтамасыз ететін сақтандыру заңдарын реформалау, сондай-ақ
салалардың және сақтандыру сыныптарының жіктелуін нақтыландыру
мүмкіндігін қарастыру; өмірді сактандыруды (life assurance) жүзеге асыратын
ұйымдардағы жинақ ақшаның сақталуын қамтамасыз ету; өмірді сақтандыруды
жүзеге асыратын ұйымдардың қалыптасуы үшін жағдай жасау; өмірді
сақтандыруды жүзеге асыратын ұйымдардың ұзақ мерзімді инвестициялары үшін
мүмкіндіктерді кеңейту жолымен қол жеткізуге болады.
Әлемдік сақтандыру практикасында дәлелденгендей,елімізде де қазіргі
заманғы сақтандыру рыногының маңызды элементтерінің бірі сақтандыру
болып табылатыны дәлелденіп отыр. 2006 жылғы 5 шілдеде қабылданган Өзара
сақтандыру туралы Қазақстан Републикасының заңы да осы мән- жайды негіздей
түсетін сияқты . Өзара сақтандыру барысында заңды және жеке тұлғалар
өздері құрған өзара сақтандыру қоғамы арқылы өздерінің мүліктері мен өзге
де мүліктік мүдделерінің сақтандырылуын айқындайды.Өзара сақтандыру
қоғамы өз мүшелерінің мүліктік мүдделерін өзара сақтандыруды жүзеге асыру
мақсатында тұтыну кооперативі ұйымдық-құқықтық нысаныңда құрылған заңды
тұлға ретінде өзіне тиесілі қызметін қоғам мүшелерінің құқыктары мен
міндеттерінің теңдігі әрі қоғам мүшелерінің өзара қорғалуы және өзара
жауапкершілігі принциптеріне негіздеп жүргізеді. Өзара сақтандыру қоғамының
қызметі бір тектес тәуекелдерге байланысты заңды немесе жеке тұлғалар
кұрады.
Бүгінде сақтандыру рыногын, сақтандыруды және сақтандыру қызметін
дамыту үрдісіндегі тағы бір маңызды көрініс халықтың сақтандыру мәдениеті
болып табылады. Сақтандыру рыногының даму көрсеткіштері
тұрғылықтыхалықтың сақтандыру мәдениетінің қалыптасуы деңгейіне тікелей
байланысты болады. Бұл ретте халықтың сақтандыру мәдениетін тиісінше
қалыптастыру саласында сақтандыру рыногынын барлық кәсіби катысушыларының
және олардың бірлестіктерінің , сондай-ақ тиісті мемлекеттік
органдардың қатысуымен келісімделген халық үшін сақтандырудың
тартымдылығын арттыратын : тұрақты негізде халық арасында сақтандыру
рыногының кәсіби қатысушыларымен әрі олардың бірлестіктерімен бірлесіп
сақтандыру қызметтерін көрсету рыногы және сақтандыру өнімдері туралы,
оныц ішінде көрсетілетін қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқыктарын
қорғау мәселелері жөнінде толық және объективті ақпарат берілуіне
бағытталған оқу - ағарту сондай-ақ түсіндірме жұмысын жүргізу ;
сақтандыру рыногы қатысушыларының кәсіби біліктілік деңгейін арттыруға
бағытталған тұрақты тақырыптық конференциялар және семинарлар өткізу;
сақтандыру рыногындағы заңсыз немесе занға қайшы қызмет, оның ішінде
сақтандыру агенттерінің және резидент емес сақтандыру ұйымдары
делдалдарының Қазақстан Республикасы аумағындағы қызметі жөнінде халықты
хабардар ету; сақтандыру ( қайта сақтандыру) шарттарын жасасу кезінде және
сақтандыру қызметінің басқа да құжаттарында пайдаланылатын терминологияны
бір ізге келтіру ; сақтандыру ұйымдарының және олардың бірлестіктерінің
бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-әрекет етуді жандандыруы , көпшілік
халық үшін сақтандыру жөнінде жалпы білім беретін әрі оқытатын
бағдарламаларды ұйымдастыруы сияқты іс - шаралар жүзеге асырылуға тиіс .
1.2 Сақтандыру қызметінің құқығының жалпы түсінігі
Сақтандыру қызметінің құқығының пәнін қоғамның айрықша аясында
туындайтын, яғни сақтандыру қызметінің барысында пайда болатын сақтандыру
қатынастары құрайды. Осы Сақтандыру қызметінің құқығының пәнін құрайтын
қатынастар мына келесідей өздеріне тән белгілермен ерекшелінеді:
1.бұл қатынастар қоғамның әртүрлі аяларының, оның ішінде қоғамдық өндіріс
аялары мен адамдардың арасында орын алуы мүмкін тәуекелдерді сақтандыру
нәтижесінде туындайды;
2.бұл қатынастар тек сақтанушы мен сақтандырушының және сақтандырылушының (
пайда алушының немесе кейде сақтанушының өзінің),сондай-ақ
қайтасақтандырушының араларында ғана туындайтын, бөлу (қайта бөлу)
сипатындағы тұйықталған қатынастар болып табылады;
З.бұл қатынастардың субъектілері -сақтанушы мен сақтандырушылар заң
жүзінде тең құқылы болып саналады;
4.бұл қатынастар ақша нысанындағы құнның (кейбір кездерде тауарлық-
материалдық кұндылықтардың) екі жақты қозғалысын білдіретін (сақтанушы мен
сақтандырушының тиісті міндеттеріне орай) экономикалық қатынастар болып
есептелінеді;
5.бұл қатынастар қоғамда орын алуы мүмкін әралуан тәуекелдерденсақтандыру
екі жақтың материалдық мүддесін көздеу нәтижесінде туындайтын біршама-
баламалы қатынастар болып табылады;
6.бұл қатынастар тиісті заң актісімен белгіленген нысанда, екі тарапың
арасында жасалынатын сақтандыру шартының негізінде туындайды;
7.бұл қатынастар тек тиісті азаматтық- құқықтық нормалармен және сақтанушы
мен сақтандырушының арасындағы сақтандыру шартымен реттеледі. Қогамдық
өндіріске қызмет көрсететіндіктен және мағынасы бойынша материалдык сипатта
(сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру жарнасын төлейді, ал сақтандыру
жағдайытуындаған болса сақтандырушы) материалдық залалдардың көлемі
есептелінгеннен кейін) сақтанушыға сақтандыру өтемін төлейді) болатындықтан
бұл қатынастар кұқықтық қатынастар болып табылады.Тұтас алғанда сақтандыру
қоғамның құқыктық категориясы ретінде көрініс табады.
Сақтандыру қатынастары мүліктік қатынастарға жатады, яғни сақтандыру
төлемдерінің немесе сақтандыру өтемдерінің қаражаттарын білдіретін ақшалар
да, тауарлық - материалдық құндылықтар да экономикалық және кұқықтық
тұрғыдан мүліктердің бір түрі болып табылады.
Сақгандыру қатынастары - құн қатынастарына да жатады. Бұл жағдай мына екі
сәттен байқалады: сақтанушы сақтандыру төлемдерін төлеу барысында оларды
өндірістің шығыны ретінде тауардың өзіндік кұнына косып, оның кұнын
ұлғайтады; ал сақтандыру өтемін беру кезінде сақтандыру жағдайына
байланысты жойылған құн толығымен немесе жартылай қалпына келтіріледі.
Сақтандыру қатынастары өздерінің жиынтығында қайта бөлу қатынастарын
білдіреді. Ақшалар сақтандыру төлемі ретінде сақтандырушыға қарай қозғалып,
оның қолындағы сақтандыру жағдайы туындаған болса сақтандыру өтемі
ретінде сақтанушыға қайтарылады. Бұл жерде зардап шеккен сақтанушыларға
бөлінгендіктен ақша қаражаттарын зардап шеккендердің пайдасына қайтадан
бөлуді жүзеге асырады. Сақтандыру қатынастары өздерінің жиынтығында
қайтарымды қатынастрды көрсетеді, яғни сақтандыру төлемі түрінде
сақтандырушының қолына түскен сақтанушының ақшалары, оларға сақтандыру
өтемі түрінде кайтарылады. Сақтандыру қатынастары біршама - баламалы
қатынастар болып табылады. Сақтандырушыға сақтандыру төлемін төлеу арқылы
сақтанушы оның орнына сақтандыру қорғау түріндегі сақтандыру қызметін
қабылдап алады.Біршама дегеніміз ақшасы төленген сақтандыру кызметінің
сақтанушыга көрсетілуі сақтандыру өтемінің төленуі тек сактандыру
жағдайының туындауы, туындамауына байланысты болады.Демек бұл жерде тікелей
баламалық көрініс таппайды, ал сактандыру үшін төлем тек сақтанушының
тәуекелінің сақтандыру жағдайы болмаса сақтанушы сақтандырушыдан өзінің
сақтандыру төлемінің орнына ешқандай материалдық өтем ала алмайды. Тағы бір
ескеретін жайт, бұл жерде алдымызға койған міндетті сақтандыруды азаматтық
құқық жүйесінде қарастыру болып табылады. Сақтандыру қатынастарының
обьектісі ретінде ақша қаражаттары мен материалдық құндылықтар, сондай-ак
материалдық емес адамның жеке басына байланысты игіліктер көрініс табады.
Мәселен, ақшалар мен материалдық құндылыктарға табыс, мүлік, кәсіпкерлік
кызметтің тәуекелдері, залал келтіру мүмкіндігіне орай азаматтық
жауапкершілік және т.б, ал адамның жеке басына байланысты игіліктерге-
еңбек қаблеттілігі, өмірі, денсаулығы жатады.
Азаматтық интеллектуалдық меншік кұқығын, оның ішінде авторлык құкық,
сабақтас құқыктар, өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге
құкық, селекциялық жетістіктерге құқық, интегралды микротәсілде
топологиясына құқықтар, ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланудан корғау
құқығы, азаматтық айналымға тауарларға және қызмет көрсетуге қатысушылардың
дараландыру құралдары, оның ішінде фирмалық атауға құқық, тауар белгісін
пайдалануға құкық; мұрагерлік құқықты, оның ішінде өсиет бойынша
мұрагерлік, заңды мұрагерлік; мүліктік емес өзіндік құкықтар, оның ішінде
жеке бастың құпиясын сақтау кұқығы, өз бейнесіне кұқық, тұрғын үйге қол
сұғылмау құқығы; меншік кұкығы мен өзге де заттық құқықтар; міндеттемелік
құқық жэне т.б білеміз. Сақтандыру құқыктық катынастары тараптардың өзара
міндеттемелері сипатында болғандықтан оларды міндеттемелік құқыққа
жатқызуға болады. Азаматтық кодекстің 268- бабында міндеттемеге сәйкес
бір адам борышқор баска адамның несие берушінің пайдасына мүлік беру,
жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға,
не белгілі бір әрекеттерді жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші
борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге кұқылы. Осы міндеттемелер
Азаматтық кодекстің 7-бабында көрсетілген шарттан, зиян келтіруден немесе
өзгеде негіздерден пайда болады деп 7-бапқа сілтеме жасалған. 7-бапта
азаматтық кұқықтар мен міндеттердің туындау негіздері толық ашылып
көрсетілген. Азаматтық құқықтар мен міндеттер
1. заңдарда көзделген шарттар мен өзге де мәмілелерден, сондай- ақ заңдарда
көзделмегенімен, оларға қайшы келмейтін мәмілелерден,
2. заңдарға сәйкес азаматтық - құқықтық жағдайларды туғызатын әкімшілік
кұжаттардан,
3. азаматтық құқықтар мен міндеттер белгіленген сот шешімінен,
4. заң құжаттарында тыйым салынбаған негіздер бойынша мүлікті жасау
немесе иемдену нәтижесінде,
5. өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын
және интелектуалдық қызметтің өзге де нәтижелерін жасау нәтижесінде,
6. басқа жаққа зиян келтіру салдарынан, сол сияқты басқа жақ есебінен
мүлікті негізсіз сатып алу немесе жинау, негізсіз баю салдарынан,
7. азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттері салдарынан,
8. заңдар азаматтық - құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар
салдарынан пайда болады.
Осы міндеттердің сақтандыру шарттарының негізінде туындайтынын білуіміз
керек.
Мәселен, сақтандыру шарты бойынша бір тарап сақтанушы сақтандыру төлемдерін
төлеуге міндеттелінеді, ал екінші тарап сақтандырушы сақтандыру жағдайы
пайда болған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына шарт жасалған өзге
де тұлғаға пайда алушыға шартта белгіленген соманың сақтандыру сомасының
шегінде сақтандыру төлемдерін төлеуге міндеттенеді.
Сақтандыру қатынастарының қатынастар мен ұқсастығын және айырмашылығын жете
білу үшін қаржылық қатынастардың белгілерін мазмұндап өтелік
І.қаржылық қатынастар көбінесе тек мәжбүрлеу сипатындағы мемлекеттік
қызметтің нәтижесінде туындаса, сақтандыру қатынастары мемлекеттік және
мемлекеттік емес сақтандыруға байланысты пайда болады.
2. қаржылық қатынастар тек ақша нысанындағы құнды бөлу, қайта бөлу
сипатында болады.
Ал сақтандыру қатынастары да бөлу тұйықталған сақтандыру аумағында,
сипатында болғанымен бұл жердегі бөлу тек сақтанушы, сақтандырушы және
пайда алушының, тағы басқа көзделген болса солардың арасындағы бөлу болып
саналады. Тағы бір айта кететін жайт, сақтандыру қатынастары тек ақшалай
нысанда болып қоймай, сонымен бірге- заттай натуралдык күйде болуы мүмкін.
3. каржылық қатынастар әрқашанда баламасыз болып келеді.
Ал сактандыру қатынастары белгілі бір мүдделерді көздеуге байланысты
туындайтындықтан біршама - баламалы, толығымен баламалы сипатта болады.
Бұл жерде де сақтандыру мүдделерінің тек зиян, залалды қалпына келтіруге
қажетті өтемдік сомаларды алуға ғана бағытталмағанын, сонымен бірге осы
аяда басқа да сақтандыру мүдделерінің мол пайда табу, бар екенін білуіміз
қажет.
4. қаржылық қатынастар тек мемлекеттің болмысының материалдық негізі
болатын базистік катынастар болып саналса, сақтандыру катынастары көбінесе
жеке меншік қаражаттарға негізделіп кәсіпкерлік қызметтің бір айрықша түрі
ретінде көрініс табатын сақтандыру нәтижесінде жеке мүдделерге
байланысты туындайтын.
5. қаржылық қатынастар әркашанда қүкықтық нысанда болса, ал көптеген
сақтандыру қатынастары, заңдар мен тікелей көзделгенінен басқалары,
көбінесе өзіндік реттеу актілері - шарттардың негізінде пайда болатындықтан
күқықық емес нысанда керініс табады.
Сонымен, тұжырым ретінде айтсақ, сақтандыру қатынастарының қаржылық
қатынастарымен жақын белгілері - бөлу сипатында болуы. Ақша түріндегі
кұнның біржақты қозгалысын , сақтандыру өтемін есепке алмағанда, білдіру
және белгілі бір көлемде мемлекеттің қаржы жүйесінің бір буыны болып
саналатын мемлекеттің сақтандыру резервтік қорын кұруға байланысты болады.
Сақтандыру қатынастары сақтандыру төлемін төлеу, сактандыру өтемін өтеу
міндеттерін жүзеге асырушы, сақтанушы мен сақтандырушы арасында
туындайтындықтан бұлар, материалдык сақтандыру қатынастары болып
саналады. Мәселен, қазір кейбір сақтандыру аралдары ғана қалған,
инвестицияны сақтандыратын, 1994 жылы құрылған, мемлекеттік сақтандыру
компаниясы Қазақинсақтандыру, ауыл шаруашылығы өнімін міндетті сақтандыру
жүзеге асыратын, мемлекеттік ауыл шаруашылығын сақтандыру кәсіпорыны
Казагрополис және т.б.
Нарықтық даму жағдайында қоғамның мақсатына сай сақтандыру ісін
ұйымдастыруды мемлекет ешқашанда есінен шығармайды. Осыған орай аталмыш
аядағы мемлекеттік уәкілетті органдар мен сақтандыру қатынастарының
субъектілерінің арасында үйымдастырушы сақтандыру қатынастары, былайша
айтқанда мемлекетіміздегі сақтандыру ісін ұйымдастыру жөніндегі қатынастар
пайда болады.
Мемлекеттік тиісті нормативті қүқықты актілерді шығару аркылы
материалдық және сактандыру үйымдастыруға байланысты қатынастардың
қатысушыларының жүріп-түру қағидаларын белгілейді. Олардың дұрыс атқарылуын
және сақтанылуын көздей отырып мамандандырылған мемлекеттік уәкілетті
органдарды құрады. Сондай-ақ басым бөлігі мемлекеттік емес сақтандыру аясы
болғандықтан осы аядағы заңдылықтың сақталуы үшін қадағалау және
лицензиялау қызметтерін арнайы органдарының күшімен жүзеге асырылады.
Сонымен, сақтандыру әралуан қатынастарын жан-жақты құқықтық реттеу құралы
ретінде сақтандыру құқығы өз алдына қызмет етеді. Егер оның түсінігін
айқындап көрсек, ол былайша сипаталады.
Сақтандыру құқығы деп, мемлекет аумағында сақтандыру ісін
ұйымдастыру және оны жүргізу, сондай-ақ сақтандыру кызметін жүзеге
асыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық
нормалардың жиынтығын айтамыз.
Сақтандыру қызметінің құқығының ішкі құрылысын құрайтын құқықтық
нормалардың бір келкі болмайтыны анық. Азаматтық - құқықтык нормалар
сақтандыру аясындағы екі тараптың сақтандыру мүддесіне сай туындайтын
сақтандыру қатынастар реттейтін болса, қаржылық - құқықтық нормалар өктем -
билік сипатында бола тұрып мемлекет мүддесін тисінше атқаруға
атсалысады. Осыған қарап, Сақтандыру қызметінің құқығының әдістері өктем
ықпалды, мәжбүрлі билік, яғни императивтік әдістерден және біршама- икемді,
шартты-келісімді диспозитвтік әдістерден тұратынын байқаймыз.
Сақтандыру қызметінің құқығының нормалары белгілі бір тәртіппен, өздері
реттейтін бір тектес қатынастар мен белгілейтін жүріп- тұру қағидалары
бойынша шоғырландырылады. Осыған орай Сақтандыру қызметінің құқығының
өзіне тән жүйесі болады және ол жалпы, ерекше бөлімдерден тұрады.Бұл жерде,
егерде Сақтандыру қызметінің құқығының жүйесін екі тұрғыдан көрсетсек онда
олар мынадай келесідей көрініс табады.
1. қаржылық - Сақтандыру қызметінің құқығының жалпы бөлімі мына
институттардан құралады:
1. мемлекеттің сақтандыру жүйесі
2. мемлекеттік сақтандыру қаржылық саласындағы басқару
3. сақтандыру қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері
4. қаржылық - сақтандыру бақылауын құқықтық реттеу
2. ерекше бөлімнің институттарына мыналар жатады:
1. міндетті сақтандыру қорларын , резервтік қор, қалыптастыруды
құқықтық реттеу
2. сақтандыру резервтерінен сақтандыру өтемдерін төлеуді құқықтық
реттеу
3. сақтандыру ұйымдарының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуді
құқықтық реттеу
4. кездейсоқ ақпараттардың алдын алу және қалпына келтіру шараларын
жүзеге асаруды құқықтық реттеу
Сақтандыру құқығы кешенді құқықтық құрылым болғандықтан оның жүйесінің кең
мағынада көрініс тапқаны негізді әр орынды болады. Сонымен Сақтандыру
қызметінің құқығының жүйесіне былайша сипаттама береміз оның жалпы
бөліміне мына институттары жатқызылады.
1. мемлекеттің сақтандыру құрылысы
2. сақтандыру ақшалай қорлары саласындағы басқару
3. сақтандыру баланстары мен тарифтерін құқықтық реттеу
4. мемлекеттік сақтандыру қадағалауын құқықтық реттеу
5. сақтандыру заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік
Ерекше бөлімі мына институтардан тұрады:
1. мүлікті, жеке басты және жауапкершілікті міндетті сақтандыру құқықтарын
реттеу
2. мүлікті жеке басты және жауапкершілікті ерікті сақтандыруды құқықтық
реттеу
3. сақтандыру ұйымының каржылық орнықтылығын қамтамасыз етуді
құкықтык реттеу
4. сақтандыру қалпына келтіру және алдын алу шараларын каржыландыруды
кұкықтык реттеу.
Бұл жерде айта кететін бір жайт, сақтандыру рыногының ойдағыдай
қалыптасуына және Сақтандыру қызметінің құқығының жетілдіріліп, даму
тенденцияларына қарай осы аталған институттардың да жаңаша мағына-
мазмұнды өзгерістерге ұшырап отыратыны белгілі.
1. ҚР Азаматтық кодексінің 803 - бабына
сәйкес,
сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын
төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы
басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгіленген сома (сақтандыру
сомасы) шегінде өзінің пайдасына шарт жасалған өзге түлғаға (пайда алушыға)
сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді.
Сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелік
негізінде сақтандыру жүзеге асырылады.
Сақтандыру шарты екі тарапты шарттар санына жатады. Бұл жағдайда қос
тарап термині шартта екі траптың болуын көрсетпейді. Бұл термин, шарттағы
екі тараптың да құықтары мен қатар белгілі бір міндеттері бар екенін
көрсетеді. Бір тарапты келісім шарттың мысалы ретінде сыйға тарту шартын
көрсетуге болады - сыйға тартушы сыйды алушыға шарт негізінде қандай да бір
міндеттерді жүктеуге, және өзі қандай да бір құықтарды алуға құқығы жоқ.
Сол секілді сақтанушы сактандыру жағдайы орын алған кезде сақтандыру
өтемақысын алуға құықылы, бірақ тиісті тәртіппен сақтандыру төлемін төлеуге
міндетті. Осымен қатар керісінше сақтандырушы сақтандыру өтемақысын алуға
құқылы, бірақ тиісті жағдайларда сақтандыру сыйақысын төлеуге міндетті.
Сақтандыру шарты, басқа шарттармен салыстырғанда, мысалы сатып алу сату
шартына қарағанда эквивалентсіз болып келеді. Яғни, сақтандыру сыйақысының
сомасы барлық жағдайларда сақтандыру төлемақысының сомасынан анағүрлым
жоғары.
Сақтандыру шарты қаражат шартының бір түрі болып табылады: сақтандыру
төлемақысы жэне сақтандыру сыйақысы ақшалай төленеді алайда сақтандырудың
натуралды нысандарда кездеседі. Бүндай жағдайда сақтандыру төлемақысы
немесе сақтандыру сыйақысы матиралдық қүндылықтар түрінде төленеді.
Сақтандыру шарты - ақылы шарт, тараптардың әрқайсысы берілгеннің орнына
мүліктік қанағат алады. Сақтандырушы тарапы сақтандыру сыйлық ақылары
түрінде мүліктік қанағат алады, ал сақтанушы тарабы болса немесе пайда
табушы сақтандыру төлемін алған ретте мүліктік қанағаттандыруға қол
жеткізеді. Сақтандыру шартының ақылыға сақтандыру төлемі барлық жағдайларда
жасалмайтынына қарамастан сақтала береді. Оның орнатылуы мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz