Хадистер


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

1. «Хадис» пен «сүннәттің» айырмашылығы

2. Хадистердің түрлері «Нәбәуи» және «құдси» хадис

3. Хадистердің дәрежелері

4. Хадистерді қолдану жолдары

Қорытынды

Пайдаланған әдебиет:

Кіріспе

«Хадис» сөзінің тілдік мағынасы: жаңа, сөз, әңгіме. Шарғи мағынасы: Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) айтқан сөздері, істеген істері мен төрелігінің жинағы.

1. «Хадис» пен «сүннәттің» айырмашылығы

Мухаддистердің айтуынша «хадис» және «сүннәт» сөздері шарғи мағына жағынан бір-біріне өте жақын. Толығырақ айтқанда, «хадис» және «сүннәт» - Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) айтқан сөздері, істеген амалы мен шарғи үкімдері. Алайда, бұл екі сөздің түпкілікті мағыналарына үңілер болсақ, арасында біршама айырмашылық барын аңғарса болады.

«Хадис» - сөйлеу және айту арқылы келген хабар. Әрі Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) сөзі, не болмаса істеген амалы «хадис» деп айтылады. Ғұламалардың кейбірі «хадис» сөзінің «жаңа» деген мағынасы бар екенін ескере тұрып, оны «қадим» (ескі, бұрын болған) сөзіне қарсы мәндес сөз ретінде қолданып, «қадим» дегенде Қасиетті Құран Кәримді, ал «хадис» дегенде Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) сөздерін назар тұтқан. Осы себептен ғұламалардың көпшілігі Аллаһ Тағаланың сөзі болған Қасиетті құран Кәримді «хадис» деуден сақтанған.

«Сүннәт» сөзінің тілдік мағынасы: жол. Шарғи мағынасы: Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) істеген сі, ұстанған діни жолы. Бұған дәлел ретінде «хадис» және мухаддис-хадис ғалымы. 1

«сүннәт» сөздерінің түпкілікті мағьшасынан хабардар болған ғұламалардың: «Бұл хадис қиясқа, сүннәт пен ижмағқа қарсы», «хадис имамы», " «сүннәт имамы», «хадис және сүннәт имамы», -деген сөздерін келтіруге болады.

2. Хадистердің түрлері

«Нәбәуи» және «құдси» хадис

Хадистер негізгі екі топқа бөлінеді. Ол: «нәбәуи» және «құдси» хадистер. «Нәбәуи» сөзінің мағынасы: пайғамбардың, пайғамбарлық. «Құдси» сөзінің мағынасы: қасиетті.

Нәбәуи хадис - сөзі мағына жағынан тек Пайғамбарға (солләл-лаһу ъаләйһи уә салдәм) қатысты болған хадис. Мысалы: «Менің атымнан жалған айту басқалардың атынан жалған айтқандай жай нәрсе емес. Кім менің атымнан жалған сөз айтса, тозақтан өзіне орын әзірлей берсін».

Құдси хадис - Құран аяттары тәрізді анық уахи етілмеген дінге қатысты Аллаһ Тағаланың бұйрығы. Ғалымдар «құдси хадиске» түсініктеме беріп: «Құдси хадис пен Құранның айырмашылығы: Құран - Жәбрәил (ғаләйһис-саләм) арқылы түсірілген Хақ Тағаланың сөзі. Құдси хадис - Нәби (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) өз сөзімен жеткізген илһам немесе түс арқылы келген Аллаһ Тағаланың хабары», -деген. Бұл сөзді мәселен Имам Әбу Әл-Бақо өзінің «Күллийату Әбил-Бақо» атты еңбегінде айтқан. Осы себептен «құдси хадис» дәрежелік жағынан Құран аяттары мен «нәбәуи хадистің» арасында тұрады. Имам Әттоййиби бұл мәселеге қатысты: «Құдси хадистер Нәбиге (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) көбінесе періштенің дәнекерлігінсіз жеткен болса да Құраннан кейінгі дәрежені иеленеді. Себебі құдси хадис - Хақ Тағала сөзінің мағынасы. Ал Құранның сөзі де, мағынасы да тікелей Аллаһ Тағалаға қатысты», -деген. 23 2

Құдси хадистер көбінесе: «Аллаһ Тағала айтады . . . » деген сөзбен басталады. Осы себептен, кейбір ғұламалар: «Құдси хадис - Аллаһ Тағаланың сөзі», -деген пікірде болған. Алайда, жоғарыда айтылғандай ғұламалардың көпшілігі құдси хадисті Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) сөзіне жатқызған.

3. Хадистердің дәрежелері

Хадис дұрыстығында күмән болу немесе болмауына байланысты «мақбұл» 24 және «мардуд» 25 болып бөлінеді. «Мақбұлды» «сахих», 26 «мардудты» «дағиф» 27 хадис деп айтады. Сонымен қатар, екеуіне де ортақ болған хадисті «муштәрәк» деп атайды.

Дін саласында хабары аз адамдардың арасында көп кездесетін жағдай, анық-қанығына жетпей тұрып Пайғамбар (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) не болмаса сахабалардың (родиял-лаһу ъанһум) аузынан шықпаған сөзді «хадис» деп айтуы. Мұндай жағдайда ондай адамның айтқан сөзі «хадис» емес, жалған болады.

«Сахих» хадистің түсініктемесіне келер болсақ, ол: оны айтушылардың тізбегі үзілмеген және нұқсансыз әрі оны айтушы мен оны риуаят етушінің ақыл-есі дұрыс, дұрыстығында күмән болмаған хадис.

«Сахихтен» кейінгі дәрежені «хасан» хадис иеленеді. Ғұламалар «хасан хадистің» түсініктемесіне қатысты түрлі пікір айтқан. Соның ішінде: «Қандай хадис «хасан» болады?», -деген сұраққа: «муттафақун ъаләйһи» болмаған, яғни Имам Бухари мен Имам Муслим «Сыхахтарына» 28 енбеген сахих хадистер», -деген жауап бар. «Хасан» хадис «сахих» және «даъиф» хадистердің арасындағы дәрежені иеленеді.

«Даъиф» хадис мәселесіне келер болсақ, оған «сахих» және «хасан» хадис сипатында болмаған, яғни оны айтып берушілер мен мәтінінде белгілі дәрежеде кемшіліктері болған хадис жатады. 3

4. Хадистерді қолдану жолдары

Жоғарыда айтылғандай, шариғаттың қайнар көзін Құран мен сүннәт құрайды. «Әһлү»-сүннә уәл-жамағаны» құраған төрт мазһабтың, яғни Имам Әбу Ханифа, Имам Шафиғи, Имам Малик және Имам Ахмад мазһабтарының үкімдері Құран мен сүннәтқа негізделеді. Ешбір мазһабты қате не болмаса абзал деп айтуға болмайды. Себебі намаз, дәрет, ораза т. с. с. мәселелерінде мазһабтардың арасында біршама айырмашылықтар болғанмен, діннің негізін құрайтын ақида 29 мәселесінде айтарлықтай айырмашылық жоқ. Дәлел ретінде қазақ ұғымында діннің тұжырымы ретінде қалыптасқан қырық парызды айтса болады. Бұл мәселеде төрт мазһабтың арасында ешбір айырмашылық жоқ! Ал енді жоғарыда айтылған сахих, хасан және даъиф хадистерді қолдану мәселесіне келер болсақ, мұнда да ешбір қайшылық жоқ. Мәселен төрт мазһабта да пәтуа 30 сахих, яғни дұрыстығында күмән болмаған хадистер негізінде шығарылады. Даъиф хадисті пайдалану мәселесіне келер болсақ, ол мардуд, матрук не болмаса маудуъ 31 болмаса, оны тарғиб 32 үшін қолданса болады. Бұған қатысты тек мухаддис ғалымдары емес, бәлкім, басқа салалардың, мысалы фиқһ 33 саласының ғалымдары: «Маудуъ, яғни ойдан шығарылған болмаса, хадисті ынталандыру мақсатында пайдаланса болады. Халал мен харам, сауда-саттық, неке, талақ т. б. мәселесінде тек сахих және хасан хадистер пайдаланылады», -деп үкім еткен. 34

Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хадис әдістемесі
Мұхаммед Пайғамбардың хадистері және оның маңызы
Түйе айдаушыны ұру қажылық толық орындалуының шарты болып табылады
Хадис тарихы
Неліктен Әбу Ханифа кейбір сахих хадистермен амал етпеген?
Хадис туралы
Имам Муслимнің хадис ғылымындағы орны
Төрт мәзһаб имамдарының қысқаша өмірбаяны
Сәләф ғұламаларының көзқарастары
Хадис пәнінің оқу-әдістемелік нұсқаулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz