Қазақстанның жағдайына әсер еткен оқиғалар


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Ж О С П А Р

  1. Қазақстанның жағдайына бiрiншi дүние жүзiлiк соғыстың әсерi.
  2. Ұлт-азаттық қозғалыстың себебi.
  3. Жетiсудағы көтерiлiс.
  4. Торғайдағы көтерiлiс.
  5. Қорытынды: Көтерлiстiң жеңiлу себебi.

І. Қазақстанның жағдайына бiрiншi дүние жүзiлiк соғыстың әсерi.

Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс, бұл соғысқа Росейдiң отары ретiнде қазақтардың да тартылуы, халықтың экономикалық және саяси өмiрiндегi қиыншылығы, малды конфисациялау, қазақ халқының байлығын әскерге деген тежеулерi, 1916 жылғы халық Ұлт-азаттық көтерлсiне әкелiп соқты.

1914 ж. Басталған және оған патшалық Ресей де қатысқан бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс оның халықтарына аса ауыр қайғы қасриеттер әкелдi: әлеуметтiк және ұлттық езгi күшейдi, империаның шет аймақтарында патша шенеунiктерiнiң басынушылығы мен зорлық-зомбылығы өлшеусiз артты. Қазақстанда бiрiншi кезекте Сырдария облысының солтүстiк шығысы аудандарында, Жетiсу облысының оңтүстiгiнде және басқа бiрқатар облыстарда қазақтардың жерлерiн жаппай тартып алу жалғасып жатты. Тек Жетiсу облысының өзiнен ғана соғыстың алғашқы үш жылы iшiнде 1800 мың десятина ең таңдаулы жайылымдық және егiстiк жерлер тартып алынды, ал осы жерлердiң шын қожалары - қазақтар шаруашылық жүргiзуге жарамдылығы аз немесе мүлде жарамсыз шөл және шөлейт аудандарға күштеп көшiрiлiп жiберiлдi. Қазақтардан тартып алынған жерлер патша офицерлерiне, шенеунiктерге, дiн басыларына, казак әскерлерi мен Ресейден және Украинадан қоныс аударған шаруаларға үлестiрiлдi. 1916 ж. Ортасына таман қазақ халқынан тартып алынған жерлердiң көлемi 45 млн. Десятинаға жеттi. Соғыс шикiзаты, азық- түлiктi, малдың және басқа материалдық байлықтардың орасан зор мөлшерiн жұтып жатты. Осыған байланысты қазақ халқының иығына жаңа ауыртпалықтар түстi: мiндеттi түрде ет тапсырылды, мемлекет керегiне мал жаппай ерiксiз алынды, әрбiр үйден жаңа соғыс салығын алу енгiзiлдi, земстволық салымдар және болыс басқарушыларын бағып қағуға арналған бай болыстық алымдар, сондай-ақ жол үшiн төленетiн және басқа салықтар мөлшерi артты. Жергiлiктi халыққа салынатын салықтар соғыстың басталуымен байланысты 3-4 есе, ал жекелеген жағдайларда - 15 есеге дейiн өстi.

1916 ж. таптық және ұлттық езушiлiктiң, соғысқа деген өшпендiлiктiң күшеюi жаппай құбылысқа айналды. Соғыс елдегi жалпы-ұлттық дағдарыстың пiсiп-жетiлу процесiн тездете түстi. Сонң жарқын бiр көрiнiсi Қазақстан мен Орта Азияның барлық аймақтарын дерлiк қамтыған 1916 ж. ұлт-азаттық көтерiлiсi болды.

ІІ. Ұлт-азаттық қозғалыстың себебi.

Көтерiлiстiң шығуының басты себебi әлеуметтiк- экономикалық және саяси сипаттағы факторлар едi. Яғни орталық езгiннiң күшеюi, жердi тартып алу, салықтар мен лымдардың өсуi, еңбекшiлердi қанау, өлкенiң қазақ және басқа бұрыннан тұрғын жергiлiктi халықтары жөнiнде царизмнiң жүргiзiп жатқан орыстандыру саясаты, соғысқа байланысты қалың халық бұқарасы жағдайының күрт нашарлап кетуi, мiне

осыған алып келдi. Көтерiлiстiң бұрқ ете қалуына патшаның 1916 ж. 25 маусымдағы армияның тыл жұмыстарына Қазақстанның, Орта Азияның және iшiнара Сiбiрдiң 19-дан 43 жасқа дейiнгi « бұратаналық» еркек халықтарын шақыру жөнiндегi жарлығы тiкелей сылтау болды. Мемлекет әжетiне ерiксiз алынғандарды әрекеттегi армия қимыл жасап жатқан аудандарда қорғаныс құрылыстары мен әскери байланыс жолдарын салу жұмыстарына пайдалану жоспарланды. Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың адам, соның iшiнде Қазақстанның далалық облыстарынан - 100 мыңнан астам, Жетiсудан - 87 мың адам ерiксiз алынуға тиiстi болды.

Шiлденiң басында Қазақстанның барлық аймақтарында дерлiк көп кешiкпей қарулы көтерiлiске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Халық қаѕарының соққысын алдымен тылдық жұмыстарға баратындардың тiзiмiн тiкелей жасаушы болыс басқарушылары, ауыл ағамандары және патша әкiмшiлiгiнiң басқа да төменгi қызметкерлерi алды. Қазақтардың метрика куәлiгiнiң жоқтығын пайдаланып, олар тiзiмге жасы нешеде екенiне қарамай, өз беттерiншекедейлердi енгiзiп, ал байлардың балаларын пара бергенi үшiн шақырудан босатып отырған. Тiзiмдер жасау жүйесi iс жүзiнде осындай жаппай парақорлық пен қызмет бабын терiс пайдаланушылық туғызады.

Оның үстiне патша өкiмет орындары лауазымды адамдарды, болыстық селолық және ауылдық басқарушыларды, жергiлiктi оргындардан шыққан полицейлiк төменгi

шендегiлердi, имамдарды, молдаларды, майда несие мекемелерiнiң есепшiлерi мен бухалтерлерiн, жоғары және орта оқу орындарының оқушыларын, үкiметтiк мекемелер шенеунiктерiн және дворяндық, құрметтi азаматтық құқықпен пайдаланатын адамдарды армияға алудан босатты.

Патшаның қатал жарлығына және жер-жерде оны орындаудағы әдiлетсiздiк тәсiлдерге қатты ашынған еңбекшiлер қолдарына не түссе, сонымен қаруланып, патша өкiметiнiң өкiлдерiне, болыстық басқарушыларға, ауылдық ағамандарға, полицейлерге, казактарға, шенеунiктерге: « адамдар бермеймiз» деген айқаймен тарпа бас салып, сазайын тарттырды. Олар болыс басқарушыларының, ауыл ағамандарының кеңселерi мен үйлерiн өртедi, осылай ету арқылы тылдық жұмыстарға алынудан арыламыз деп аңғыр ойлап, iс жүргiзу қағаздары мен әскерге шақырылатындардың тiзiмдерiн жойды.

Стихиялық қозғалыстар бiрте-бiрте ұйымдасқан сипат ала бастады: Торғай мен Жетiсуда оның танылған жетекшiлерi

А. Иманов, Ә. Жангелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, ‡. Саурықов, Ж. Мәмбтов ж. б. басшылық еткен iрi ошақтары пайда болды.

Көтерiлiс бүкiл Қазақстанды қамытып, царизiмнiң әскери-отарлаушылық және кең көлемде орыстандыру саясатына қарсы әрi белгiлi бiр дәрежеде ауылдардың бай-феодалдық басшы топтарына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалысына ұласты. Осымен бiрге бұл көтерiлiс халық

шаруашылығының дағдарысына және халықтың қайыршылануының ең шеткi шегiне алып келген империалистiк соғысқа қарсы бағытталды. Осы жағынан ол ресей жұмысшы табы мен шаруаларының революциялық күресiмен қабысты. 1916 ж. көтерiлiстiң басты мақсаты қазақ халқының бостандық пен тәуелсiздiк жолындағы бұдан бұрынғы барлық күресiне қорытынды жасайтын ұлттық және саяси азаттыққа жету болды.

Көтерiлiстiң негiзгi қозғаушы күшi ұлттық шаруалардың қалың топтары, сондай-ақ жаңадан туындап келе жатқан жұмысшы табының өкiлдерi болды. Оған қазақ халқының өзге топтарының (байлар, болыс басқарушылары, билер), сондай-ақ демократиялық интелегецияның өкiлдерi де қатысты.

Тұтас алғанда Қазақстандағы 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыскөтерiлiске қазақтар мен ұйғырлар, өзбектер, дұнғандар және кейбiр өзге халықтардың өкiлдерi қатысқан оның оңтүстiк облыстарын (Жетiсу және Сырдария облыстары) айтпағанда бiр ұлттық сипатқа ие болды.

Қазақ қоғамының патша жарлығы мен көтерiлiске деген көзқарас бiр мәндi болған жоқ: бай-феодалдық басшы топтардың белгiлi бiр бөлiгi, сондай-ақ жергiлiктi әкiмшiлiк деп аталатынның шенеунiктерi патша жарлығын сөзсiз қолдады және оның басты жүзеге асырушылары болды. Қазқ интелегенциясының батыл өкiлдерi (Боқин, Ниязбеков, Жүнiсов) патша жарлығына қатал қарсы шықты, сөйтiп халықты қарулы қарсыластық көрсетуге шақырды, ал « Қазақ»

газетiнiң төңiрегiне топтасқан либералдық-демокрптиялық интелегенцияның жетекшiлерi (А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. дулатов) тартыншақтық позиция ұстанды. Олар еңбек армиясына адам алу жөнiнен асықпауға, алдын-ала дайындық шараларын жүргiзу керекiгiне патша әкiмшiлiгiн көзiн жеткiзуге талай рет тырысып бақты, ал сонымен қатар, қарусыз халық царизiмнiң қатал жазалау шараларының құрдандарына айналатынын негiздi түрде ескерiп, жарлықтың орындалуына қарсыластық көрсетпеуге шақырды.

Көтерiлiстiң аса iрi орталықтары Жетiсу мен Торғай жерлерi болды.

ІІІ. Жетiсудағы көтерiлiс.

Жетiсу облысында қарулы қарсыластық шiлде-тамыз айларында-ақ бұқаралық сипат алды. Барлық жерлерде найза-сүнгiлермен, аңшылқ мылтықтармен, суық қарулар мен қаруланған көтерiсшiлердiң жасақтары ұйымдастырылып жатты. 17 шiлдеде Жетiсу мен Тұркiстан өлкесiнде соғыстық жағдай жарияланды. Патша өкiмет органдары мұнда iрi әскери күштердi жеткiзе бастады, әскери гарнизондарды нығайтты, қазақ және қырғыз көтерiсшiлерiн жазалау үшiн Жетiсудың қоныс ауарған халқының дәулеттi топтарынан қарулы жасақтар құрып жатты. Көтерiсшiлердiң патша жазалаушыларымен iрi қақтығыстары Асы мен Қарқара жайлауларында, Самсы станциясы маңында, Кастек, Нарынқол, Шарын, Қорам өңiрлерiнде, Лепсi оязының садыр-

Матай болысында және басқажерлерде болып өттi. Қыркйүек пен қазан айының басында барлық жағынан жазалаушы отрядтар қыспаққа алған жетiсулық көтерiлiсшiлердiң едәуiр бөлiгi табан тiрескен шайқастар мен шегiнуге, сөйтiп, Батыс Қытайға өтiп кетуге мәжбүр болды.

Жетiсудағы көтерiсшiлер қозғалысы аяусыз басып-жаншылған кезде Торғай даласында ол күш алып, күннен-күнге өрiстей түскен едi.

Генерал Куропаткин «Қандай амалды болса да қолданудан тайынбай, көтерiсшiлердi бағындыруға», «Лаң салушыларға қарсы күресу үшiн байырғы халықтың рулық немесе тайпалық араздығын» пайдалануға бұйрық бердi.

‡з кезкгiнде Жетiсу облысының генерал-губернаторы М. А. Фольбаум жергiлiктi казактардан жазалау отрядтарын ұйымдастыру үшiн казак станцияларына асығыс түрде винтовкалар мен патрондар жiбердi. Мұнымен шектелмей, генерал Куропаткиннiң тамыздың 12-сiндегi нұсқауы бойынша қоныстанушылар ауылдарындағы орыс кулактары қаруландырылды.

Азғана уақыт iшiнде көтерiлiс Шу өзенi мен Ыстықкөлге жапсарлас жатқан бүкiл аумақты қамтыды. Көтерiсшiлер Қастек тау өңiрiне, ¦лкен және Кiшi Кеден, Асы, Шiлiк, Сусамыр өзендерiнiң аңғарына, талас өзенiнiң жоғарғы ағысына топталды. Олар телеграф желiлерiн қиратып, почта стансаларына, болыс ауылдарына шабуыл жасады. Есаул Бакуревичтiң т. б. отрядттары мен айқасқа түстi.

Қазақстанның оң. Қарқара аймағы халықтық революцияның iрi ошағы болды 1916 жылғы тамыздың 11-iнде 5 мыңнан астам көтерiлiсшi Қарқара жәрмеңкесiн қоршады.

Көтерiлiсшiлер Кравченконың жазалау отрядын талқандап, жәрмеңкенi басып алды.

Жетiсудағы халық көтрiлiсiн басып-жаншу үшiн патша үкiметi құрамында 14 батальон, 33 жүздiк, 42 зеңбiрек және 97 пулемет командасы бар тұтас жазалау экспедициясын жабдықтады. 1916 жылы тамыздың 21-iнде Фольбаумға берген жеделхатында генерал Куропаткин «Черняев, Романовский, Кауфман, Скоблев Сырдария, Самарқан, Ферғана облыстарын аз күшпен жалап алды» деп, арнайы атап көрсеттi.

1917 ж. қаңтардың 1-iндегi деректер бойынша Жетiсудағы көтерiлiс жасаған ауылдардың 237 мыңнан астам халқын жазалаушылар қытайға қуып жiберген.

IV. Торғайдағы көтерiлiс.

Басшылығында А. Иманов пен Ә. Жангелдин тұрған Торғай көтерiлiсi ең қажырлы ең ұзаққа созылған көтерiлiс болды.

Оның құрамында 50 мыңдай көтерiлiсшiлер болған.

А. Иманов ондыққа, елулiкке, жүздiкке, мыңдыққа бөлiнген жүйелi әрi тәртiптi әскери организм құрды. Әрбiр бөлiмшенiң басына тиiсiнше онбасы, елубасы, жүзбасы, мыңбасы қойылды.

Арнайы мергендер бөлiмшесi құрылды. А. Иманов көтерiсшiлердiң сардарбасы - бас командашысы болып сайланды, оның жанында әскери кеңес жұмыс iстедi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық медиа нарықтағы ақпараттық биліктің рөлі
Есеп саясатын аудиттеу
Табиғи жағдайлар және ежелгі гоминидтердің тіршілік еткен ортасы
ХХ ғасырдың 80-90 жылдардағы Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар
Тәуекел хан тұсындағы қазақ хандығы
Қазіргі заманғы және түркі дәуіріндегі руханияттың өзіндік ерекшеліктері мен сабақтастығы
Қасым-Жомарт Тоқаев- дипломат және публицист
Айқап журналы және XX ғ. басындағы Қазақстанның қоғамдық- саяси өмірі
XIV ҒАСЫРДАҒЫ АҚ ОРДА
XV – XVI ғасырлардағы қазақ хандығының құрылуындағы керей – Жәнібектің, Хақназар және Тәуекел хандардың тарихи рөлі және оны нығайту жолындағы ішкі және сыртқы саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz