Қазақ прозасы және тарихи тақырып


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 6

1 ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ ТАҚЫРЫП

1. 1 Проза жанрының даму сипаты мен өзіндік ерекшеліктері . . . 9

1. 2 Қазақ әдебиетіндегі тарихи тақырып және ұлттық сана

(1960-1990 жылдар ) . . . . 13

1. 3 Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ прозасындағы тарихи тақырып

көрінісі . . . 14

1. 4 Әдебиеттегі деректі проза мен көркемдік

шешім байланысы . . . 17

2 60 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫ ЖӘНЕ ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ

2. 1 60 жылдардағы қазақ прозасының дамуы . . . 22

2. 2 Көркем әдебиетте қалыптасқан дәстүрдің жалғастығы . . . 30

3 ТАРИХИ ПРОЗАНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

3. 1 Қабдеш Жұмаділов және қазіргі роман жанры . . . 38

3. 2 Тарихи романдарындағы тақырыптық ерекшеліктер мен ұлттық

сана көрінісі . . . 47

3. 3 «Тағдыр» романының тарихи маңызы . . . 49

3. 4 «Дарабоз» романы және тәуелсіздік идеясының қазақ әдебиетінен

алар орны . . . 53

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 63

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 65

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қоғамның жастар тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалануды көздейді. Дегенмен, оқу-тәрбие үрдісінде барлық ресурстар толық қолданыс таппай келеді. Оқу-тәрбие үрдісінде, жалпы жеке тұлғаның дамуында тарихи прозалық жанрдағы шығармалармен дұрыс жұмыс істей білудің маңызы зор.

Балалық шақ - бала бойына адамгершіліктің негізін қалайтын кез. Сондықтан еліміздің болашағы жастардың жан-жақты дамуы үшін тарихи шығармаларды, романдарды оқыта отырып, оларды талдап, жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімдері мен тарихи сананы қалыптастырудың рөлі ерекше. Сондықтан тарихи шығармалар арқылы жеке тұлғаны Отанын, туған жерін сүйетін азамат етіп тәрбиелеуіміз бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Әдебиеттану ғылымының әр саласын өркендетудің маңызы ерекше. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жасаған дәстүрлі Жолдауларының бірінде былай деп атап көрсеткен болатын: «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» (Астана 2005) . [1. ] Демек, бұл ғасырда біз шын мәніндегі ғылымды өркендетуіміз қажет, сонда ғана Қазақстан дамыған отыз немесе елу елдің қатарына қосылады, яғни жаңарған Қазақстанды білім мен ғылым ғана өркениетке жеткізеді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. ХХ ғасырдың 60 жылдары қазақ әдеби процесінде тарихи проза қалыптасып, әдебиттану ғылымының құрамдас бір бөлігі ретінде дамып жетілді, ғылым ретінде қалыптасты. Қазақ әдебиетінің тарихи прозасының өркендеуіне үлес қосқан әйгілі академик жазушылар М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин т. б. болса, кейінгі буын өкілдерінен бұл процесті дамытуға үлес қосқан жазушылардан І. Есенберлин, М. Мағауин, Ә. Нұрпейісов, Ә. Кекілбаев, С. Елубаев, Қ. Жұмаділов, т. б. дарынды тұлғаларды ерекше бір құрметпен атауға болады. Тарихи проза ХХ ғасырдың екінші жартысында ерекше бір қарқынмен дамып жетіледі, тарихи проза саласында кәсіби тұрғыдан айналасатын жазушылар қалыптасып жетілді.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Шыңғыс хан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы ақын-жыраулар, ел бірлігінің ұйтқысы, халықтың ақыл-парасатты билер, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін қасық қаны қалғанша жаумен шайқасып отанын қорғай білген арыстан жүрек, атанжілік батырлар жайында жазылған, ел есінде сақталып, тарихта қалған өмірде болған тұлғалар туралы І. Есенберлин. М. Мағауин, Қ. Жұмаділов, т. б. тарихи шығармалары арқылы Отанын, өз халқын, туған жерін сүйетін, тарихи санасы дамып жетілген жеке тұлға тәрбиелеу.

Олардың қаламынан шыққан тарихи туындылар - партиялық идеологияның қылышынан қан тамып тұрған уақытта дүниеге келген шығарма бола тұра жарыққа шығуының өзі дарынды жазушыларымыздың саяси жеңісі екенін дәлелдеу. «Көшпенділер» қазақ халқының, ұлттық тарихының бастау көзі беріде емес, әріде жатқандығына жөн сілтеді. Бүкіл бір халықтың өмір-тарихы ұмытылып бара жатқандығын еске сала отырып, оған кінәлі - коммунистік саясат екендігін ашып айтпаса да, өмір ағысы басқа арнамен ағып бара жатқандығын, тарих беттері бұрмаланғандығын көркем тілмен бейнелеп бергендігін ұғындыру.

Тарихи прозаның тарихи сананы қалыптастырудағы атқаратын рөлі деп аталатын зерттеу жұмысымызды жазу барысында бірнеше мақсат-міндеттерді жүзеге асыруды көздедік, себебі алдына қойған мақсат - міндеті айқын болмаған жағдайда жұмыстың жақсы нәтижеге жетуі мүмкін емес деп ойлаймыз. Осындай үлкен мақсаттарды жүзеге асыруды көздеген біздер бірнеше міндеттерді жүзеге асыруды мұрат еттік, олардың бастылары мыналар:

- тарихи проза туралы жалпы түсінік-ұғымдарды дамыта, кеңіте түсу;

- тарихи прозаның дамуы мен қалыптасуы жайындағы зерттеулерді саралай түсу;

- 60 жылдардағы қазақ прозасының өзіндік ерекшелігін жете білу;

-Қ. Жұмаділов шығармаларындағы өзара байланысын айқындай түсу және тарихи прозаның жанрлық ерекшелігін жетік білу.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазақ әдебиеттану ғылымының ішінде ерекше бір қарқынмен дамып келе жатқаны және бірден-бір қозғаушы күші тарихи проза екені түсінікті жайт. Сондықтан да осы тарихи прозаның өзіндік даму ерекшеліктерін, қалыптасу кезеңдерін, әдеби процестің тарихи ролін таныту мақсатында жан-жақты жұмыс жүргізілді, ғылыми тұрғыдан баға берілді, жаңалық ретінде ұсынылды.

1960 жылдары қазақ әдебиетінің адамның жан әлеміне үңілуімен, адамның ішкі дүниесінің нәзік иірімдерін сөз етуімен, адам болмысына назар аударымен ерекшеленеді. Осы кезең қазақ қаламгерлері адам бойындағы барлық мінез-құлық, адамгершілік қасиеттерді терең ашуды мақсат ете отырып, шығармашылық жолда тың ізденістерге барды, көп жетістіктерге қол жеткізді. 1960 жылдар қазақ әдебиетінің дамып, өсуіне көркемдік-идеялық-эстетикалық тұрғыдан өрістеуіне қазақ қарасөз өнерінің бастау бұлағы болған қаламгерлер шығармашылығы, сондай-ақ дүниежүзілік әдебиетте болып жатқан жаңалықтардың, көркемдік ізденістердің қазақ әдебиетіне тигізген әсері негіз болды. 1960 жылдар қазақ әдебиетіндегі тарихи прозаның даму арнасын таным елегінен өткізу өзекті мәселелерінің бірі болып табылады, ғылыми жаңалық болып саналды.

Зерттеу жұмысының дерек көздері. Диплом жұмысын жазу барысында қазақ тарихи прозасы жайында жазылған көптеген зерттеу еңбектері дерек көздері ретінде пайдаланылды. Атап айтқанда тарихи прозаның алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді жан-жақты айқындап, теориялық байламдар жасаған әйгілі ғалымдар М. Әуезов, А. Байтұрсынов, М. Қаратаев, Е. Ысмайылов, Т. Нұртазин, Б. Кенжебаев, Қ. Жұмалиев, З. Ахметов, кейінгі толқын өкілдерінен Қ. Әбдезұлы, Ж. Дәдебаев, Б. Майтанов, Қ. Ергөбек, т. б. еңбегі басты дерек көздері ретінде және сол кезеңдегі тарихи проза жанрының ортасында болған жазушылардың төл әдеби шығармалары, атап айтқанда І. Есенберлин. М. Мағауин, Қ. Жұмаділов. Ә. Нұрпейісов, Т. Әлімқұлов, т. б. әдеби мұралары кеңінен пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негізіне төл әдебиетіміздің әр салалары бойынша әбден орныққан, ғылыми жүйе ретінде қалыптасқан, ең бастысы ғылыми тұжырым ретінде әбден орныққан М. Әуезов, Е. Ысмайылов, З. Ахметов, Т. Кәкішев, Р. Нұрғали, Б. Майтанов, Д. Ысқақұлы, Қ. Ергөбек т. б. бағдарлы ойлары басшылыққа алынды, негіз болды, сүйене отырып жұмыс жазылды.

Зерттеу әдістері. Бұл зерттеу жұмысында тарихи салыстырмалы әдіс, сондай-ақ талдау, жинақтау, қорыта отырып пікір айту әдістері де кеңінен қолданылады.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Қазақ әдеби процесіндегі тарихи шығармалар жоғары оқу орындарында пән ретінде оқытылып келеді. Әдеби процесті әдебиеттің өзге салаларынан бөліп қорғауға болмайтыны ақиқат құбылыс, демек болашақ әдебиет маманы әдеби процесс жайында толық мағұлматты біліп қана қоймай, өз білгенін іс жүзінде пайдалана білу керек.

Бұл айтқандардан аңғаратынымыз диплом жұмысын орындау барысында айтылған теориялық тұжырымдар, әдеби процестің пән ретіндегі ерекшеліктері, әдебиеттің дамуы мен қалыптасуы жайындағы мағлұматтардың бәрін дерлік қазақ әдебиетінің тарихы деп аталатын пәнді оқыту кезеңінде кеңінен пайдалануға болады.

Бұл жұмыстың нәтижелері орта мектеп бағдарламаларына сай қазақ әдебиеті пәнін оқыту кезеңінде де сыншылдық көзқарас тұрғысынан пікір айту барысында пайдалануға мол мүмкіндік бар. Студенттер, мектеп оқушылары тек қана көркем әдебиетті біліп қоймай, тарихи прозаның әдеби процестегі атқаратын ролін де терең білуі қажет, сол себепті жұмыс нәтижелері әдебиет жайында білімін толықтыратын әрбір оқырманға қажетті деңгейде білім бере алады, септігін тигізеді. Бұл айтылған жайттардың бәрі біздің дипломдық жұмысымыздың практикалық мәнінің зәру қажеттілігін дәлелдей түседі.

Диплом жұмысының құрылымы. Бұл аталған дипломдық зерттеу жұмысы қалыптасқан тәртіпке сай кіріспе мен қорытындыны қамтиды және жұмыстың негізгі бөлімі өзара байланысты үш тарауды қамтыды. Аяқталған жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

1 ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ ТАҚЫРЫП

1. 1 Проза жанрының даму сипаты мен өзіндік ерекшеліктері .

Проза (латын тіліндегі prоsa сөзінен алынған) - әдеби жанр, қара сөзбен жазылған көркем шығарма (әңгіме, повесть, роман) деген ұғым береді. [1. ] Проза әдебиеттің эпикалық тегімен байланысты, лирикалық проза немесе прозалық өлеңдер кездеседі. Проза XVII ғасырдың ортасына дейін сөз өнерінде поэзиямен аралас өмір сүрді. Тарихи шежірелер, жылнама, трактаттар, естелік, сапарнама, діни уағыздар, т. б. өлең жанрына тән шығармалар болып есептеледі. Шын мәніндегі проза қайта өрлеу дәуірінде қалыптасып, поэзиядан бөлініп шықты. Осы кезден бастап әдебиеттің дамуында проза жетекші орынға ие болды. Рабғузи, Бабыр, М. Сервантес, Д. Дефоның шығармаларынан бастау алатын проза сөз өнерінің дербес, айрықша түрі ретінде қалыптасты. Сөз өнері тарихында проза поэзиямен тығыз байланысты дамыды. Прозада өмір құбылыстары, адам характерлері кең ауқымды қамтылып, жан-жақты суреттеледі.

Бүгінгі күндері дүние жүзі оқырмандарының қолына тиіп отырған күрделі, көркем туындылары бар, биік даму дәрежесіне, кемел шағына жеткен, танымдық, тәрбиелік, эстетикалық әсері күшті қазақ прозасының эволюциялық өсу жолында жиырмасыншы жылдарда туған әр түрлі идеялық-көркемдік ізденістердің жемісі саналатын алғашқы үлгілердің маңызы зор. С. Сейфулиннің «Жер қазғандар», «Айша» повестері, «Тар жол, тайғақ кешу» романы; Б. Майлиннің «Раушан - коммунист» повесі, «Қадыр түнгі керемет», «Шариғат бұйрығы», «Жол үстінде» және т. б. әңгімелері; М. Әуезовтің «Қорғансыздың күні», «Жетім», «Қаралы сұлу», т. б. шығармалары жиырмасыншы жылдардағы қазақ прозасының даму қарқынын, саяси-әлеуметтік нысанасын, идеялық-көркемдік деңгейін танытатын қатардағы шығармалар ғана емес, әдебиетіміздің алтын қорына қосылатын ұлттық классикалық үлгілері болып саналады.

Осы аралықта қазақ әдебиеті, соның ішіндегі қазақ прозасының өткен жолы, тарихы жайында да қысқаша болсада шолу жасай кеткенді дұрыс санадық. Қазақ әдебиетiнiң ежелгi бастаулары б. з. б. ІІІ-І ғасырларлар аралығында пайда болған «Алып Ер Тоңға», «Шу батыр» дастандарында жатыр. Осынау жазбалардағы оқиғалардың қазақ халқының арғы тарихымен тығыз байланыста өрбiгендiгi соңғы уақыттардағы ғылыми iзденiстер барысында толық дәлелдендi. Орхон-Енисей жазба ескерткiштерi ұлттық әдебиетке тiкелей қатысты үш түрлi мәселенiң басын ашып бердi. Бiрiншiден, қазақ жазба әдебиетiнiң түп-тамыры Түрiк қағандығы тұсынан басталатыны белгiлi болды. Екiншiден, өз дәуiрiнiң кескiн-келбетiне сай дамыған мәдениетi мен өнерiнiң болғанын айғақтады. Үшiншiден, жазба жәдiгерлер поэтикалық қуатымен, тарихи шежiрелiк сипатымен және ой тереңдiгi, мазмұн байлығы, көркемдiк қасиетi жағынан түркi тайпаларында сөз өнерiнiң жоғары дәрежеге жеткенiн көрсеттi.

Одан кейінгі Х-ХІІ ғасырлардағы түркi халықтарына тән ортақ мұра болып саналатын көркем әдебиеттiң өркендеуiне орай туындаған сыншылдық-эстетикалық, ғылыми-зерттеушiлiк, әдеби-теориялық ой-пiкiрдiң ояну дәуiрiн көруге болады. Бұл кезеңде мәдениет, ғылым, әдебиет, сәулет өнерi өркендедi. Оның iшiнде сөз өнерiне деген құрмет ауыз әдебиетi мен жазба әдебиеттiң дамуына ықпал жасады, филологиялық бiлiмдер жүйесiмен айналысу тек көркем әдебиет өкiлдерi ғана емес, барша зиялы қауымға тән құбылыс болды. Шешендiк өнердi меңгеру, нақышты сөйлей бiлу, өлең шығару қабiлетiне ие болу - бiлiмдi деп саналатын адамдардың мiндеттi түрде игеруге тиiстi қасиеттерiне айналды. ХІІІ-ХҮ ғасырлар арасында жасалып, Алтын Орда дәуiрiнен қалған мәдени, әдеби, тарихи мұралар, жазба ескерткiштер, қолжазбалар, көркем шығармалар, сөздiктер мен аудармалар, шежiрелер қазақ халқына да тән мұралар болып саналады. Аталған кезеңдердi қорыта келгенде қазақ халқының этностық тұрғыдан ұйысып, жеке ұлт болуына дейiнгi түркi халықтарына ортақ әдеби үрдiстiң қазақ әдебиетi де заңды мұрагерi болып табылатындығы ғылыми тұрғыдан жан-жақты дәлелденiп, тұжырымдалды. Қазақ хандығының мәдениетi, өнерi, әдебиетi бұрынғы қазақ даласын жайлаған түркi тайпаларының ғасырлар бойы жасаған рухани қазынасының дәстүрлi жалғасы ретiнде, көркемдiк дамудың тарихи сабақтастығы принципiне сай дами бастады. Қазақтың халық ауыз әдебиетi ұлттық сипат алып, жанрлық түрлерi көбейдi, әсiресе жаугершiлiк заманның эстетикалық талап-тiлегiне сай эпостық жырлар молая түстi. Ұлттық әдебиеттiң өзiндiк ерекшелiгiн танытатын ақын-жыраулар поэзиясы кеңiнен қанат жайды. Қазақ жыраулары ертедегi түркiлердiң жазба поэзиясын тақырыптық, мазмұндық, жанрлық, көркемдiк, образдылық, өлең құрылысы жағынан байытып, өркендеттi. Жыраулар поэзиясы философиялық ой-толғамды, дидактикалық насихатты жалғастыра отырып, отаншылдық, патриоттық сарынды, лирикалық, реалистiк суреттеудiң алғашқы белгiлерiн, әдебиетке халықтық сипат әкелдi, сөз өнерiнiң халық тарихы мен өмiрiне тығыз байланыстылығын, ел мұңын жырлау идеясын кiргiздi. Кеңестiк кезеңде қазақ әдебиетi барынша жылдам қарқынмен қаулап өстi, ақын-жазушылардың шығармашылық белсендiлiгi артып, қазақ әдебиетi жанрлық тұрғыдан елеулi түрде молайды. Әйтсе де идеологиялық қысым салдарынан өз мүмкiндiгiн толық көрсете алмады. Республика тәуелсiздiгiн алуымен бiрге ақын-жазушыларға толық шығармашылық еркiндiк берiлiп, әдебиетке қойылатын талап-тiлек те өзгерiске ұшырады. Осыған байланысты бұған дейiн де қазақ әдебиетiнiң даму барысында, әсiресе поэзияда байқалып келген белгiлi бiр күрделi өзгерiстер тұсында аңтарылу, дағдару секiлдi өткiншi құбылыстар аз уақыт қана орын алды. Қазiргi уақытта жан-жақты өсiп-өркендеп, кемелденген қазақ халқының ұлттық әдебиетi елдiң тарихи өмiр жолы, тұрмыс тiршiлiгi, әдет-ғұрпы, салт-санасы, эстетикалық талап-тiлегi мен философиялық танымының өркендеу деңгейiне сай туып, дамып келедi. Қазақ әдебиеттану ғылымы қазақ әдебиетiнiң тарихын зерделеуде бүгiнгi күнi бiршама орнығып, ғылыми түрде дәлелденген нақтылы тұжырымдарға қол жеткiздi. Кеңестiк қазақ әдебиеттану ғылымында қазақ әдебиетiнiң тарихын кезеңдеу, оларды идеялық, жанрлық тұрғыдан жiктеу мәселесiне байланысты қалыптасқан кейбiр бiржақты теориялар түзетiлдi.

Қазiргi қазақ әдебиетi жалпы әдебиеттiң түпкi мақсаты - адам жанын терең түйсiну, оны көркемдiкпен шынайы-шыншыл бейнелеу жолындағы қалыпты даму ырғағына түстi. Тұтастай алғанда қазiргi уақытта қазақ әдебиетi - әлем әдебиетiнде өз орны бар, тарихы бай, жан-жақты жетiлген дәстүрлi әдебиет болып қалыптасты.

Қазақ әдебиеті - қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады.

Қазақ әдебиеті тарихының ежелгi дәуiрiн танып-бiлуде тарихи тақырыпқа жазылған көркем шежiрелер де ерекше маңызды рөл атқарады. Сан ғасырлар бойы атадан балаға ауызша да, жазбаша да рухани мұра болып келе жатқан мұндай шежiрелердi қазақтың зиялы ойшылдары, ақындары мен жыраулары жақсы бiлген. Қазақ халқының тарихы мен әдебиетiне тiкелей қатысты түркi тiлiндегi осындай жәдiгерлердiң iшiнен Әбiлғазы Баһадүр ханның «Шежiре-и Түрк» («Түрiк шежiресi»), Қыдырғали Жалайыридiң «Жамиғ-ат тауарих» («Шежiрелер жинағы»), Захир әд-Дин Мұхаммед Бабырдың «Бабыр-наме», Мұхаммед Хайдар Дулаттың «Тарих-и Рашидиi» ерекше орын алады. Бұлар ежелден-ақ қазақ оқырмандары арасында тарихи тақырыпқа жазылған көркем туындылар ретiнде қабылданды. Қадым замандардағы сақтар мен ғұндардың аңыз-әфсанаға айналып кеткен ерлiк тарихынан, көк түрiктердiң ежелгi қаһармандық шежiресiнен сыр шерткен жыр-дастандар бертiн келе, қазақтың батырлық жырларының идеялық және көркемдiк тұрғыдан қалыптасуына тiкелей ықпал еттi. Ал, ислам дiнi дәуiрiнде өмiрге келген этикалық-дидактиктикалық мазмұндағы дастандар мен сопылық сарындағы хикметтер, моральдiк-философиялық трактаттар, ғибрат сөздер, т. б. қазақ ақын-жырауларының толғау-жырларынан өзiнiң логикалық, тарихи, көркемдiк жалғастығын тапты.

Қазақтың ұлттық әдебиетiнiң төл тарихы қазақтардың ұлт болып қалыптасуы мен дербес мемлекеттiгiн құрудан басталады. ХІХ ғасырдан бастап қазақтың жазба әдебиетi - әлеумет халiн ұғып, ел қамын жақтауға кiрiсiп, өлең бұрынғыша, қызық, сауық сияқты ермек емес, қауым қызметiн атқара бастады, елдiң саяси пiкiрi мен тiлек, мақсат, мұң, зар сияқты сезiмдердiң басын қосып, жаңадан ой негiзiн, салт санасын құрауға кiрiстi, бұл уақытқа шейiн болмаған әлеуметшiлдiк сарыны, азаматтық нысанасы бой көрсеттi. Осындай әлеуметшiлдiк сарынды көбейткен тарихи оқиғалар бұл дәуiрде орыс отаршылдығымен байланысты туды. Ресей империясына бодан болу, сонымен байланысты туған ел iшiндегi өзгерiстер, қанаудың күшеюi, халық тың тiршiлiк ету аясының тарылуы, ұлттық намыстың тапталуы қазақ ақындары шығармаларында кеңiнен бейнелендi.

Қазақ әдебиетiнiң өскелең бағытын айқындауда ХІХ ғасырдың екiншi жартысында туған демократиялық ағартушылық әдебиеттiң орны ерекше.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халық прозасын ғалымдардың классификациялауы. Қарапайым прозаның шығу тегі мен жанрлық ерекшеліктері
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ прозасы
Қазақ прозасының зерттелуі
Тәуелсіздік кезеңіндегі прозаның қалыптасуы мен дамуы
Қазақ халқы тарихындағы аңыздар мен мифтер
Ғалымның қазақ ертегілеріне қатысты ұстанған көзқарастарының концепциясын айқындау
АБАЙДЫҢ ҚАРАСӨЗДЕРІНІҢ СТИЛЬДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1960-1980 жылдардағы қазақ прозасындағы адам концепсиясы
Қазіргі қазақ прозасындағы тақырыптық, жанрлық ізденістер. (эссе) көркем шығармадағы психологизм.(реферат) тарихи тақырыптағы қазақ романдары
Қазақ әдебиетінің тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz