Халықаралық банктік есепайырысу



КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАНКТІК ЕСЕПАЙЫРЫСУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Банк есебiне жалпы түсiнiк және түрлерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Банкаралық есепайырысу, оның жiктелуi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3 Банк қызметiн құқықтық қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2 SWIFT . БАНКАРАЛЫҚ ХАБАРЛАМА ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 SWIFT жүйесiнiң құрылу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 SWIFT жүйесiнде көрсетілетін қызмет түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Желінің жетiстiктерi мен кемшiлiктерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3 SWIFT ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қай қоғамның болмасын тұтас жағдайын анықтайтын, экономикасының ең негiзгi жүйесi, банкаралық төлемдер мен есеп айырысулар болып табылады. Банкаралық корреспонденттiк қатынастар бiр – бiрiнiң тапсырысы бойынша төлемдермен есеп айырысуды жүргiзуге негiзделген банк арасындағы ынтымақтастықтың әр түрлi түрiнен турады.
Қазақстандағы жаңа экономикалық типіне ауысудағы барлық кезеңдердегі сияқты қазіргі уақытта да банктік қызметтер еліміздегі әрекеттердің динамикалық дамудағы түрлерінің басым бөлігінің бірі болып табылады.
Банк көрсететін көп спецификалық қызметтер телекоммуникативті ортаны қолданумен тікелей байланысты, оған төмендегідей банктік жұмыс түрлері үшін типтік қызметтер жатады.
 Пластикалық карточка арқылы қолма – қолсыз есеп айырысу;
 «тапсырыскер – банк» өзара іс – қимылы;
 Қазақстандағы банкаралық өзара іс – қимыл;
 SWIFT және басқа да жүйе арқылы халықаралық тапсырыскерлердің өзара іс – қимылы.
Бұл жұмыстың мақсатына Дүниежүзілік Банкаралық жүйесін (SWIFT) қарастыру, яғни даму кезеңдерін, өмірге келу мақсаттары мен бірқатар жұмыс істеу мәселелерінің шешілуі жатады.
Банктің сыртқы ортамен өзара іс – қимылы үшін қолайлы алғы шарт құратын әлемдегі үлкен желі санын отандық және шығыстық әзірлеушілерге автоматтандырылған банктік электрондық жүйесін жетілдіруді ынталандырудағы банктік сектордың дамуын қажет ететін бағдарламалық және техникалық қамту. Мұндай өзара іс – қимылдар коммерциялық банктердің қалыпты жұмыс істеуінің қажетті шарты болып отыр, сондықтан осы бағыттағы банктік ақпараттық жүйенің дамуындағы ең көп үдерісін күтуге болады.
Банки на развивающихся рынках: в 2 т./ Д.Макнотон, Д.Дж.
Карлсон, К.Т. Дитц, П. Фаллетти и др. - Москва: Финансы и статистика Т. 2:
Интегрирование финансовой отчетности. — 1994г.-255с.
2. Бектаев Қ. ‡лкен орысша –қазақша сµздік Алматы, " Алтын қазына",1999ж.
3. Батурин Ю.М., Жодзишский A.M. Компьютерная преступность и
компьютерная безопасность. - Москва: Юридическая литература, 1991г-154с
4. Бэрри Нанс Компьютерные сети - Москва: Binom Pudlishers, 1996 г.-320с.
5. Введение в банковское дело: учебное пособие - Москва: ИПФ " Мир
и культура", 1997 г.-580с.
6. Лексис В. Кредит и банки: пер. с нем. Р. и Ф. Михалевских - Москва:
Перспектива, 1994 г.-450с.
7. Мақыш С.Б., А.Є.Ілияс. Банк ісі, Алматы "Қазақ университеті", 2004ж.-460бет
8. Майдан – Єли Байгісиев, Халықаралық валюта қатынастары жєне валюталық қ±қық. Алматы, "Қазақ университеті", 2004 ж.-520бет
9. Международные валютно-кредитные и финансовые отношения / под
редакцией Красавиной Л.Н.- Москва: Финансы и статистика, 1994 г.-460с.
10. Международные расчеты: Практическое пособие / под редакцией
Березина М.П., Крупнова Ю.С.- Москва: Финстатинформ, 1994 г.-365с.
11. Немчинов В.К. Учет и операционная техника в банках: практикум;
учебное пособие - Москва: Финстатинформ, 2001 г.-355с.
12. Панова Г.С. Анализ финансового состояния коммерческого банка -
Москва: Финансы и статистика, 1996 г.-340c.
13. Рудакова О.С. Банковские электронные услуги - Москва: Банки и
биржи, ЮНИТИ, 1997 г.-640с.
14. Рыночная экономика в 3 т.: учебник/ответственный редактор Юбин Ю.Б. - Москва: Соминтэк (ассоциация экономических ВУЗов) Т.2,ч. 2: Основы бизнеса - 1992 г.-150с.
15. Севрук В.Т. Банковские риски. - Москва: Дело , 1995 г.-364с.
16. Севрук В.Т. Банковский маркетинг - Москва: Дело , 1994 г.-250с.
17. Смит А. Биржа - игра на деньги: перевод с английского - Москва:
изд. дом" Альпина ", 1998 г.-340с.

18. Солянкин А. А. Компьютеризация финансового анализа и
прогнозирование в банке / под редакцией Титоренко Г.А. - Москва:
Финстатинформ, 1998 г.-460с.
19. Тоқсанбай С.Р. Толық экономикалық орысша- қазақша сµздік – Алматы, " Cµздік -словарь",1999 ж. -1120бет
20. Ценные бумаги: учебник для студентов экономических
специальностей ВУЗов / под редакцией Колесникова В.И., Торкановского B.C. - Москва: Финансы и статистика, 1998 г.-550с.

21. Ширинская Е.Б. Операции коммерческих банков: российский и
зарубежный опыт -2 издание - Москва: Финансы и статистика, 1995 г.-390с.
22. Экономика Казахстана на стыке веков / ответственный редактор
СМ. Омирбаев - Караганда: ТОО " Арко ", 1998 г.-268с.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАНКТІК
ЕСЕПАЙЫРЫСУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Банк есебiне жалпы түсiнiк және
түрлерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Банкаралық есепайырысу, оның
жiктелуi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3. Банк қызметiн құқықтық қамтамасыз
ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1. SWIFT – БАНКАРАЛЫҚ ХАБАРЛАМА ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ...
2.1 SWIFT жүйесiнiң құрылу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 SWIFT жүйесiнде көрсетілетін қызмет
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Желінің жетiстiктерi мен
кемшiлiктерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2. SWIFT ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ
ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..

КІРІСПЕ

Қай қоғамның болмасын тұтас жағдайын анықтайтын, экономикасының ең
негiзгi жүйесi, банкаралық төлемдер мен есеп айырысулар болып табылады.
Банкаралық корреспонденттiк қатынастар бiр – бiрiнiң тапсырысы бойынша
төлемдермен есеп айырысуды жүргiзуге негiзделген банк арасындағы
ынтымақтастықтың әр түрлi түрiнен турады.
Қазақстандағы жаңа экономикалық типіне ауысудағы барлық кезеңдердегі
сияқты қазіргі уақытта да банктік қызметтер еліміздегі әрекеттердің
динамикалық дамудағы түрлерінің басым бөлігінің бірі болып табылады.
Банк көрсететін көп спецификалық қызметтер телекоммуникативті ортаны
қолданумен тікелей байланысты, оған төмендегідей банктік жұмыс түрлері үшін
типтік қызметтер жатады.
– Пластикалық карточка арқылы қолма – қолсыз есеп айырысу;
– тапсырыскер – банк өзара іс – қимылы;
– Қазақстандағы банкаралық өзара іс – қимыл;
– SWIFT және басқа да жүйе арқылы халықаралық тапсырыскерлердің өзара
іс – қимылы.
Бұл жұмыстың мақсатына Дүниежүзілік Банкаралық жүйесін (SWIFT)
қарастыру, яғни даму кезеңдерін, өмірге келу мақсаттары мен бірқатар жұмыс
істеу мәселелерінің шешілуі жатады.
Банктің сыртқы ортамен өзара іс – қимылы үшін қолайлы алғы шарт құратын
әлемдегі үлкен желі санын отандық және шығыстық әзірлеушілерге
автоматтандырылған банктік электрондық жүйесін жетілдіруді ынталандырудағы
банктік сектордың дамуын қажет ететін бағдарламалық және техникалық қамту.
Мұндай өзара іс – қимылдар коммерциялық банктердің қалыпты жұмыс істеуінің
қажетті шарты болып отыр, сондықтан осы бағыттағы банктік ақпараттық
жүйенің дамуындағы ең көп үдерісін күтуге болады.

Автоматтандырылған визуальді және автоматтандыруды бақылаудың әрқилы
түрлеріне сәйкес келуі есебінен құжаттарды қатесіз өңдеудің ең жоғары
сенімділігімен қамтамасыз ету банк жұмысының тиімділігін жоғарылатады.
Сонымен қатар, ағымдағы банк жағдайын және жалпы іс – қимыл суретін кез
келген уақытта алуға мүмкіндік береді.
Ақпарат жүйесіндегі барлық арнайы тәртібі есебінен инвестиция және
бағалы қағаздар, кредит берудегі банктік тәуелділікпен байланысты
автоматтандырылған жүйе ең сапалы шешім қабылдаумен қамтамасыз етеді.
Автоматтандыру жүйесін қолдану нақты бәсеке жағдайында ерекше қажет банк
тапсырыскерінің сапалы қызмет көрсетуінің елеулі жоғарлауына мүмкіндік
береді.
Коммерциялық банктер желісінің етек алуы экспортты – импорттық
операцияларының шартында міндетті түрде СВИФТ (SWIFT) Дүниежүзілік
Банкаралық Қаржылық Телекоммуникация Қоғамымен бірлескен әлемдегі үлкен
коммуникативті желіге қосылуындағы есеп айырысу құқығын жүзеге асыру
лицензиясын ұсынады.
¤кілетті банктер аударымдарды импотталған тауарлар мен кµрсетілген
қызметтерді тµлеу ‰шін пайдаланылады.
Қазіргі уақытта тµлемдердің басым бµлігі СВИФТ ж‰йесі арқылы орындайтын
болып ж‰р. Б±л ж‰йе 1973 жылы қ±рылып, сол кездің µзінде – ақ 239 банкті
біріктірген болатын. 90 шы жылдардың орта шеніне қарай д‰ниеж‰зінің 84 елін
қамтитын 3 мыңдай банкі СВИФТ ж‰йесінің м‰шесі болды. Тµлемдерді ж‰зеге
асырудың қазіргі кездегі ең сенімді, єрі шапшаң т‰рі СВИФТ ж‰йесін
пайдалану болып саналады.
Осыған байланысты, қаржылық ақпаратпен алмасу әдісін және түрлерін
стандарттау рұқсат етілмеген телекоммуникативті қызмет көрсетуде оперативті
сенімді, тиімді, құпиялы және қорғалған тапсырмалар шешіледі.

I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАНКТІК ЕСЕПАЙЫРЫСУ

1.1 Банк есебiне жалпы түсiнiк және түрлерi.

Қоғамдағы барлық сыртқы экономикалық қатынаста есеп айырысу жүйесiн әр
түрлi контрагент шаруашылық жүргiзушi субъект арасында өз кеңiстiгiн
табады. Тауарларды экспорт-импорт процесiнде пайда болатын, әр түрлi сыртқы
экономикалық байланыс және банкаралық есеп айырысуды орталықтандыру.
Төлемдердi жүзеге асыру және тапсырыскерге қызмет көрсету үшiн банктер бiр-
бiрiнiң тапсырысымен өзара қарым – қатынас құрады. Ол ереже бойынша
корреспонденттiк деген атқа ие болған шарт негiзiнде.
Шаруашылықтағы өнiмдi жабдықтаушылар мен тұтынушылар арасындағы қолма-
қол ақшасыз есеп айырысудың жүзеге асырылуы барысында банктер арасында
өзара есеп айырысулар туындайды. Банкаралық есеп айырысулар төлеушi мен
қаражатты алушы әр түрлi банкте қызмет көрсетiлген жағдайда туындайды.
мұндай есеп айырысулар бүгiнгi күнi корреспонденттiк шоттар арқылы жүзеге
асырылады.
Нарық экономикасына өтуге байланысты, яғни көптеген дербес коммерциялық
банктердiң құрылып, жұмыс жасауына байланысты банкаралық есеп айырысу
жүйесi толық өзгерiске ұшырады. Бұл өзгерiс банктер арасындағы өзара
корреспонденттiк қатынасқа түсуге әкелдi.
Қазiргi уақытта корреспонденттiк шоттар арқылы банкаралық есеп
айырысуды ұйымдастырудың екi нұсқасы бар:
I нұсқасы – орталықтандырылмаған, яғни коммерциялық банктiң бiр –
бiрiмен корреспонденттiк қатынас орнату негiзiнде;
II нұсқасы – орталықтандырылған, яғни коммерциялық банктер арасындағы
есеп айырысу ортасында ашылған корреспонденттiк шоттары негiзiнде
жүѕргiзiлген.
Корреспонденттiк қатынас – басқаның есеп шотында және есеп айырысу,
оның iшiнде тапсырыс шотында төлемдердi жүзеге асырудағы бiрнеше несиелiк
мекеме немесе екi мекеме арасындағы шарттық қатынас. Осы кезде банктер бiр
– бiрiнен ЛОРО – НОСТРО шотын ашады. ¤мiрде корреспонденттiк шотты ашу
аударма, аккредитивтi, инкассолық жғне т.б. операциялармен қызмет кµрсету
және тауар үшiн есеп айырысу белсендi түрде жүзеге асыра алатын банктерге
тән.
Банктер арасындағы корреспонденттiк қатынастар – банктердiң өзара кредит
беруi, қаражаттардың қолма – қол ақша, бағалы қағаз т.б. бiр – бiрiне
ауыстырылуы және әр түрлi банктердiң қызметiн қолданатын шаруашылық
субъектiлерiнiң арасындағы қолма – қол ақшасыз есеп айырысу нәтижесiнде
туатын банкаралық есеп айырысуды жүзеге асыру қажеттiлiгiнен туады.
Корреспонденттiк қатынастар қажеттiлiгi банк өзiнiң тапсырыскерiне қандай
да бiр қызмет түрiн көрсете алмаған жағдайда немесе қысқа мерзiмде орындай
алмаған кезде және қызметтiң түрiн төменгi тарифпен бере алмаған уақытта да
туады.
Корреспонденттiк келiсiм – банктердiң өзара қарым – қатынас жасау үшiн
барлық шарттар мен тәртiптер негiзiн құрайды.
Есеп айырысу ыңғайлы болу үшiн корреспонденттер бiр – бiрiнде әр түрлi
валютада корреспонденттiк шоттар ашады. Сауда серiктестiктерi үшiн
экспорттаушы жэне импорттаушы банктердiң арасындағы корреспонденттiк
қатынастардың болуының үлкен маңызы бар, себебi ол халықаралық есеп
айырысуды кешiктiрмей жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi және қосымша шығысты
керек ететiн 3 – шi бiр банк араға кiре алмайды.
Бұрынғы кезде корреспонденттiк қатынастар екiншi денгейде техникалық
рольде қарастырылса, қазiргi кезде операцияларды жүргiзудегi туатын қатердi
азайту құралы ретiнде косымша табыс алудың маңызды көзi болып табылады.
Көптеген банктер (қажеттi қаражаттары, тәжiрибесi жоқ үлкендi – кiшiлi)
кредиттiк операциялардан үлкен табыс алуға мүмкiндiк беретiндiктен капитал
рыноктарына қатысты. Сондықтан корреспонденттiк қатынастар олардың жаңа
жағдайға бейiмделуiне икемдi құрал болды. Банктер сенiмдi серiктердi
iздеуде бiрiншi өздерiнiң дәстүрлi корреспонденттiк хабарласуы маңызды орын
алды. Корреспонденттiк қатынастарды жетiлдiру жұмысында банктер басқа банк
ұйымдарына деген өз саясаттарын әдiстемелеп және iске асырады, қандай
банкпен қандай аумақта, қандай жағдайда операцияны дамыту керектiгiн
анықтайды, банк – корреспондент қаржы жағдайын талдап, олардың төлем
төлеуге қабiлеттiлiгiмен беделдiлiк, банк мүддесiн қамтамасыз ету шарасын,
корреспонденттiк операциялары бойынша төлем төленбей қалу қатерiнен қорғау,
банкаралық есеп айырысу шартымен олардын тиiмдiлiгiн арттыруды жетiлдiредi.

Сөйтiп “корреспонденттiк қатынас” түсiнiгi қазiргi уакытта дәстүрлi
банкаралық өзара операциялар жұзеге асырудың тәртiбi туралы келiсiмнен
шығып, өзара халықаралық есеп айырысу тәжiрибесiн жетiлдiру, тапсырыскерге
банктiк қызмет көрсету сапасын жақсарту жұмыстары, бойынша банкаралық өзара
қарым – қатынастың кең көлемдi кешендерi мен қоса банк қызметiнiң барлық
саласына дерлiк тарады.
Қазiргi кезде банктiң өз алдына және өздерiнiң тапсырыскерлерiнiң
тапсырысы бойынша жүргiзiледi. Корреспонденттiк қатынастар халықаралық
банктiк операциялардың өсу түрлерiнiң кеңейтiлуi, ол сонымен катар
операцияларға қатер өстi корреспонденттiк қатынастарға көзқарасты өзгерттi.

Корреспонденттiк қатынас түсiнiгi операцияның жүргiзудiң түрлерiне,
әдiстерiне, шарттарын, оны жүргiзудiң тәртiбiн камтиды. Жоғарыда айтып
кеткенiмiздей бұрын корреспонденттiк қатынас қандай да бiр банктiң есеп
айырысу жүргiзуде техникалық мүмкiндiк берсе, есеп айырысуды уақтылы жүзеге
асыруды, белгiлi бiр кепiлдiкпен қамтамасыз етсе төлемнiң төленбеу қауiпiн
азайтса, банк қызу бәсеке жарамдылығын қамтамасыз етсе, қазiргi кезде
корреспонденттiк қатынастар корреспонденттiк шоттағы қаражатты нарықтық
қозғалысты тудыратын жедел ақы алу жолындағы қосымша табыс табудың көзi.
Корреспонденттiк шот – бұл коммерциялық банктердiң өзара есеп
айырысуларда жүргiзуге арналған елдердiң орталық банкiнде және банктердiң
бiр – бiрiнде ашатын шоты. Корреспонденттiк шотта банктердiң меншiктi
қаражаттары мен оның клиенттерiнiң несиелi, есеп айырысу және кассалық
қызмет көрсетуiне байланысты операциялары көрсетедi. Мұндай операцияларға:
– Банк клиенттерiнiң ақшалай қаражаттарына аудару және есептеу;
– Банк клиенттерiнiң бюджетпен, зейнетақы қорларымен және басқа
ұйымдармен есеп айырысулар;
– Клиенттерге қолма – қол ақша беру және қабылдау;
– Банкаралық займдар және депозиттер, бағалы қағаздар;
– ұлттық банкпен кассалық операциялар;
– берiлген несиелер үшiн алынған пайыздар және басқа табыстар;
– депозиттiк шоттар бойынша пайыздар төлеу;
– банктiң өзiнiң бюджетке төлемдерi (салық);
– банктiң басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын шығыстар пайда болуы
жатады.
Корреспонденттiк шотты ашу үшiн банктер мынадай құжаттарды ұлттық
Банкке табыс етедi:
– корреспонденттiк шот ашу туралы өтiнiш;
– банк жарғысының көшiрмесi;
– банктiк операцияларды жүргiзуге рұқсат беретiн лицензияның
көшiрмесi;
– қолдары мен мөрiнiң үлгiсi бар карточка (нотариуспен
куәландырылған).
НОСТРО шоты – корреспонденттегi бiздiң банк шотымыз, яғни банк
корреспонденттері коммерциялық банктің атына ашылған ағымдағы шот.
ЛОРО шоты – бiздiң банктегi банк – корреспондент шоты, бұл
коммерциялық банкте банк – корреспонденттің атына ашылған ағымдағы шот. Бұл
шоттарда банктердiң өзара тапсырманы есепке жатқызуы көрiнедi. Банкаралық
корреспонденттiк тура қатынасты орнату, есеп айырысу – кассалық орталығы
арқылы емес, тiке аударуды жүргiзу мүмкiндiгiмен шарттасады.
Коммерциялық банктер өздерiнiњ тапсырыскер – кәсiпорын және қатысушы –
ұйым сыртқы экономикалық қызметтерiн үш жалпы қабылдау түрiнде өткiзiледi:
– банктiк аударма;
– инкассо;
– аккредит.
Жақтық келiсiмде нақты таңдау қалпы есеп айырысудың сыртқы сауда
шартында анықталады. Халықаралық есеп айырысудың қолданылатын түрлерi
коммерциялық банк қатысуымен өткiзiлетiн еншiсiмен, яғни, банк аударымы
арқылы банктыњ қатысу үлесi минимальдi (табыскердiң төлем тапсырмасының
орындалуы), инкассо мағыналы (табыстауды бақылау) және аккредитив арқылы
банктiң қатысу үлесi максимальдi.
Басқа да халықаралық есеп айырысу түрлерi сияқты банк аударымдарында
қолма – қол ақшасыз тµлеу түрлерi жүзеге асырылады, яғни, бiр банктен
келесi банкке адрестелген төлем тапсырысының делдалы. Корреспонденттiк
келiсiм шартының сәйкесiнше ғана коммерциялық банктер шетел банктерiнiң
төлем табыстарын орындайды. Сонымен қатар Қазақстандық импортерларының
ақшалай мiндетi арқылы шетел банктерiне төлем тапсырыстарын шығара алады.
Банк есеп айырысу түрiне банк импортерге өзара шартқа ақы төлеу
тапсырысын мәлiм еткеннен бастап қатыса алады.
Банк аударымы арқылы жүргiзiлген төлемге (құжатты табыстау, тауарды
жеткiзу) банк ешқандай жауапкершiлiктi мойнына алмайды. Сондықтан мұндай
аударым Қазақстанның тұрлаусыз нарық талабында ғана жиi қолданылады.
Аударымдағы банктiң қатысу түрiне байланысты банктiк аударымның екi
аспектiсiн көрсетуге болады.
1. көрсетiлген қызмет және экспортталған тауарлар үшiн есеп айырысудағы
банктiк аударым (экспортты аударым)
2. көрсетiлген қызмет және импортталған тауар үшiн есеп айырысудағы
банктiк аударым (импорттық аударым)
Көрсетiлген қызмет және экспортталған тауарлар үшiн есеп айырысудағы
банктiк аударым. Коммерциялық банк өзiнiң корреспонденттерiне белгiлi
соманы төлеудi (шотқа аударуды) тапсырумен және аударушы (кәсiпорын)
шотынан алушыға (бенефициар) төленген соманы банкке өтеу тәсiлiн көрсетумен
ерекшеленедi.
өзара өзара
келiсiм келiсiм

өзара келiсiм

тауар

аударымға

аударым
тапсырма
төлем тапсырысы

Төлем төлем

тапсырысы тапсырысы
Шетелдiк жеке тұлға және заңды тұлға пайдасына ағымдағы баланстың
валюталық шотынан шетелге шетел валютасында ақшалай қаражатты аудару
банктiк импорттық аударым түрiнде жүзеге асырылады.
Банктiң импортты аударымы банк бұйрығын тапсырыс бойынша белгiлi ақша
сомасын төлеу туралы өзiнiң корреспонденттерiне адрестелуiне және
аударушының есебiнен шетелдiк алушыға банк – төлемшiге төленген соманы өтеу
тәсiлiн көрсетуiне сенiм бiлдiредi.
Әдетте мұндай аударым қатысушылары заңды тұлға – сауда және делдалдық
мекеме және кәсiпорын болып табылады. Ереже бойынша бұл аударымға импортер
мен экспортер арасындағы, көбiне делдалдың қатысуымен, саудалық немесе
басқа өзара шарт жасасудың алғы дақылы. өзара шартта жақтар төлем аударымы
қандай банк арқылы, қалай (телеграф арқылы, СВИФТ желiсi арқылы, телекс
желiсi арқылы) жүзеге асыратынына келiседi.
Операцияның шапшаңдығына қолдану нәтижесiнде, мазмұны бойынша
сәйкестендiрiлген банктiк операция бағасының арзандауында және хабарлама
қатынасында СВИФТ жүйесi қолданылады.
СВИФТ арқылы ақшалай қаражаттар аударылымы, банктағы шот жағдайы
туралы ақпаратты табыстау, валюталық мәлiменi растау, инкассо бойынша есеп
айырысу, аккредитивтi, бағалы қағаздар саудасы, даулы сұрақтардың
келiсiлуi, тапсырыскердiң электронды шотын енгiзу және құралдармен басқару
сияқты банк операциялары жүзеге асады.

1.2 Есеп айырысу операциялары, олардың жіктелуі

Ұлттық банк халықаралық есеп айырысуларды ұйымдастыруды, шетелдермен
валюта – қаржылық және кредит – есептесу қатынастарын жетілдіруі, шетелден
кредиттер келтіру мәмілесінің шешімін ұсынады.
Валюталық операциялар ағымдық операциялар және капитал қозғалысына
байланысты операцияларға бөлінеді.
Валюталық операцияларды біздің елімізде шетел валютасымен банктік
операциялар жүргізуге Қазақстан Республикасы ұлттық банкінен алған
лицензиясы бар өкілетті банктер ғана орындай алады. Сонымен қатар,
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі валюталық реттеуді және валюталық
бақылау жүргізеді.
Банктер жүргізетін валюталық операциялардың өзіндік белгілеріне
байланысты жәктеледі:
1. Клиенттердің шоттарын ашу және жүргізу;
2. Сауда емес операциялар;
3. Шетел банктерімен корреспонденттік қатынас орнату:
4. Конверсиондық операциялар;
5. Халықаралық есеп айырысу бойынша операциялар;
6. Валюталық қаражаттарды тарту және орналастыру операциялары.
Берілген бағытқа байланысты, халықаралық есеп айырысу операцияларына
тоқталайық:
Сыртқы саудада есеп айырысудың мынадай формалары қолданылады:
құжатталған аккредитив, құжатталған инкассо, банктік аударым.
Құжатталған аккредитив – аккредитивте көрсетілген құжаттарға қарсы
экпортердың (бенефициарға) пайдасына өзінің бұйырушы – клиентінің
(импортердің) өтініші бойынша жасайтын аккредитив алушы банктің (эмитент –
банктің) міндеттемесін білдіреді.
Құжатталған инкассо – эмитент – банктің, сенім білдірушінің берген
құжаттарын төлеушіге (импортерге) төлеу үшін ұсынуға немесе ақшасын алып
беруге өзіне алған міндеттемесі.
Банктік аударым – банктік аударым жасаушының жасаған тапсырмасы
негізінде барлық есеп айырысудағы валюталық түсімдердің өкілетті банктердің
шотына есепке алынуын білдіреді.
Банктің аударылымдарды қолданудың себебіне б±рын жасалған немесе
ағымдағы мємілерді қайта есептеудің қажеттілігі жатады. Сондай – ақ банктік
аударымдар қарыздар мен несиелерді, аванстарды қайтару ‰шін, жарнамалылықты
реттеу ‰шін пайдаланылады.
Экспортталған тауарлар жєне кµрсетілген қызметтер ‰шін шетелдік
банктердің тµлемдік тапсырмалары µкілетті банктерге телеграфтық немесе
почталық аударылым ретінде т‰седі. Шетелдік банктің єрбір тµлемдік
тапсырмасына бекітілген нысандағы мамориялдық ордер жасалады. Қ±жатта
аударылымдарды есепке алу кезінде банк аталған ордерде қ±жаттардың банкке
келіп т‰скен мерзімін кµрсетеді. Қаражатты алушы банкке есепке алынған
уақыттан кейін 15 к‰ннен кешіктірмей қ±жаттарды ж‰зеге асыру мақсатында
пайдалануы тиіс.
Банктік аударылымдар мынадай операциялардан т±рады.
1) Жасалған келісімге сєйкес сатушы сатып алушыларға қ±жаттарды
тапсырады.
2) Сатып алушы тµлемдік тапсырманы µзіне қызмет кµрсететін банкке
шығарып қояды
3) Сатушыға қызмет кµрсететін банк тµлемдік тапсырманың келіп т‰скені
жµнінде хабарланады, яғни оған авизо жіберіледі.
4) Авизо келіп т‰скеннен соң, қарахат сатып алушыға қызмет кµрсететін
банктің есепшотынан алынып, сатушының есепшотына аударылады.
Банктік аударылымдардың кµмегімен ±йымдастырылатын есептеулер сыртқы
сауда келісімдерінің шарттары негізінде атқарылады.
Сыртқы сауда келісімнің Тµлем шарттарында жеткізілген тауар ‰шін тµлем
банктік аударылым т‰рінде ж‰зеге асады деп анық кµрсетілуі тиіс.
Аударылымды алушының банктік реквизиттері – есепшоттың нµмірі, экспорттаушы
банктің аты, мекен – жайы кµрсетілуімен қатар атқарылу мерзімдері де
нақтылануы қажет.
Банктік аударылым нысанындағы есеп айырысуларда келісушілердің бір жағы
єрқашан тєуелділікпен ж±мыс істейді. Айталық, экспорттаушы ‰шін жеткізілген
тауардың ауаударылым арқылы тµлемі дер кезінде атқарылмауы тєуекелдігі бар.
Ал, импорттаушы ‰шін қ±ны алдын ала тµленіп қойылған тауардың дер кезінде
жеткізілмеуі қаупі болары белгілі
Отандық банк тәжірибесінде банктердің есеп айырысу кассалық
операциялар мынадай түрлерге бөлінеді:
– Банктік шоттар ашу
– Ұлттық немесе шетел валютасында аударым операциялары
– Алдағы уақытта валюталау күні қойылуға тиісті, ұлттық валютадағы
аударым операциялары,
– Төлемнің шартын өзгерту не қайтару
– Валюталық операцияларға бақылау жасау
– Шоттың архивін беру
– Шоттан қолма – қол ақша беру
– Ұсақ ақшаларды ірілеп беру
– Банктен кеңсеге дейін немесе керісінше қолма – қол ақшаларды
инкассациялау
– Құндылықтарды жеткізіп беру
Отандық банктер есеп айырысу операцияларын ұйымдастырушылар болып
табылады.
Есеп айырысу операциялар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
Есеп айырысу субъектеріне қарай:
– банктік емес секторлар (шаруашылық субъектілер) арасындағы банктер
арқылы есеп айырысу
– жеке сектор – үй шаруашылықтарының банктер арқылы есеп айырысулар
– банктік сектор – банкаралық есеп айырысулар.
Есеп айырысу объектілеріне қарай:
– тауарлы операциялар бойынша есеп айырысулар
– бюджет және басқа бюджеттен тыс қорлармен аударымдар
– банк ссудалары, вексельдер және басқа да міндеттемелері бойынша
төлемдер
Есеп айырысу аумағына қарай:
І. Мемлекет ішіндегі есеп айырысулар, оның ішінде:
- бір қаланың ішінде
- қаладан тыс жерлерде, аудандарда, ауылдарда
ІІ. Мемлекет арасында (халықаралық) есеп айырысулар.
Есеп айырысу уақытына қарай:
– сауда операциясы басталғанға дейінгі (аванстық) төлемдер
– мәміле жасалған соң, мерзімді төлемдер
– коммерциялық несие шартында, яғни мәміле жасалған соң белгілі бір
уақыттан кейінгі төлемдер
– мерзімінен бұрын, яғни келіскен мерзімге дейін
– ашық шот бойынша (жоспарлы), яғни тауарларды алған сайын үздіксіз
төлемдер
– мерзімі кейінге қалдырылған, яғни бастапқы белгіленген мерзімін
ұзарту жолымен
– мерзімі өтіп кеткен төлемдер, яғни төлем уақыты кешіктірілген
Есеп айырысу жүйелеріне қарай:
– почта байланысы арқылы
– телеграф – телетайп байланысы арқылы
– телефон байланысы арқылы
– электрондық байланыстар арқылы
– SWIFT (дүниежүзілік банкаралық телекоммуникация қоғамы) жүйесі
арқылы
Есеп айырысу формаларына қарай:
І. Қолма – қолсыз аударымдар (банктік), оның ішінде:
- кредиттік
- дебеттік
- ашық шот арқылы
- аккредитив
- инкассо
ІІ. Қолма – қол ақшалар (банкнота және монеталар) арқылы:
Есеп айырысу тәсіліне қарай:
- толық есеп айырысулар
- жартылай есеп айырысу
- өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу (клиринг) арқылы есеп
айырысулар
Есеп айырысу құралдарына қарай:
І. Кредиттік аударымның құралдарымен есеп айырысулар, оның ішінде:
- төлем тапсырмасымен
ІІ. Дебеттік аударымдар құралдары мен есеп айырысулар, оның ішінде:
– төлем талап – тапсырмасы
– чек
– вексель
– инкассалық өкімдер
ІІ. Аралас құралдар арқылы есеп айырысулар, яғни бірде дебеттік, бірде
кредиттік аударымдар түрінде болатын: аккредитив, пластикалық карточкалар,
банктік аударымдар жіне т.б.
Есеп айырысу шамасына қарай:
– ірі төлемдер
– ұсақ төлемдер
Есеп айырысу кезектілігіне қарай:
1) жалақы, бюджет, сақтандыру және т.с.с. төлемдер
2) материалдық құндылықтар үшін төлемдер
3) ссудалар үшін төлемдер
4) сот шешімі бойынша төлем құжаттары мен есеп айырысулар.
Телекоммуникация құралдарының банкаралық электрондық жүйелерінің дамуы
банкаралық есептеулерді едәуір жеделдетуге мүмкіндіктер туғызды. Мысалы,
келісім шартқа қол қойған күні есептеуге мүмкіндік беретін Todey
келісімдерін жасауға қол жеткізіп отыр. Tommorrow келісімдері шарт жасалған
күннің ертеңінде жүзеге асырылады. Жалпы валюталық келісім шарттардың
мерзімдік немесе бір реттік сипаттағы түрлерінің барлығы үшін негізгі курс
болып спот бағамы есептеледі.
Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және
қолма – қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесіне
сәйкес қолма –қолсыз есеп айырысуларда қолданылатын төлем құжаттарының
түрлеріне мыналар жатады,
– төлем тапсырмасы
– төлем талабы – тапсырмасы
– инкассалық үкім
– чекпен есеп айырысу
– вексельмен есеп айырысу
Төлем құжаттары қағаз және электрондық жолмен толтырылуы мүмкін. Төлем
құжаттарының дұрыс толтырылуына үлкен мән беріледі. Төлемдердің
тағайындалуының бірдей классификаторы ҚР-ның ақша – несие және валюта
саясаты, сыртқы қарыз, төлем балансының параметрлерін, банк жүйесінің
жағдайын шұғыл түрде талдау, жоспарлау және бақылау, сондай – ақ ақша
ағымын талдауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін қалыптастыруға
арналған.
Төлем талап тапсырысымен есеп айырысудың мынадай артықшылықтары бар:
келісім шарт тәртібінің нығаюына мүмкіндік береді және құжат айналымын
жылдамдатады. Чекті есеп айырысу барысында төлем құралы ретінде заңды және
жеке тұлғалар пайдаланушылары алады. Чек арқылы есеп айырысудың қолайлылығы
мынада:
– егерде төлеуші тауарды алғанға дейін төлегісі келмей, ал
жабдықтаушы төлеуге кепіл бергенше тауарын жібергісі келмеген
жағдайда;
– саушы белгісіз болған жағдайда.
Аккредитив формасын пайдаланушы арқылы есеп айырысуда қолма – қолсыз
ақшамен есеп айырысудың барлық негізгі ережелері сақталады; өкім
жөнелтілгеннен кейін барып төлем жүргізіледі; төлем төлеушінің келісімімен
жүзеге асырылады, яғни оған аккредитивтің ашылуы дәлел болады; келісім –
шарттағы жағдайлардың бұзылуына байланысты төлеушіге төлемнен бас тартуға
құқық беріледі; аккредитив төлеушінің қаражаты есебінен немесе банктің
несиесі есебінен ашылады, егерде төлеушінің аккредитив ашуға құқығы болса.
Аккредитивтің басты артықшылығы, оның төлеуге кепіл беруімен
сипатталады. Сонымен қатар, бұл есеп айырысу формасында бірқатар
кемшіліктер де бар: сатып алушының қаражаты аккредитивтің қызмет ету
мерзімінің ішінде оның шаруашылықтық айналымнан шығаралып қалады; тауар
айналымы бәсеңдейді, яғни жабдықтаушы аккредитивтің ашылғаны туралы хабар
алғанша, өзінің дайын өнімін жөнелте алмайды және оның сақталуы дақосымша
шығындарды қажет етеді.

3. Банк қызметтерін құқықтық қамтамасыз ету

Валюталық қатынастардың ерекшеліктеріне халықаралық есептеулер мен
кредиттеуді, сондай – ақ валюталық операцияларды жүргізу кезінде пайда
болатын және әрқайсысының көздеген мақсаты бар субъектілер де жатады. Бұл
арада біз халықаралық құқық субъектілерімен (мемлекеттер, валюта –
кредиттік халықаралық ұйымдар) қатар азаматтық – құқықтық субъектілерді –
заңды және жеке тұлғаларды да (сыртқы сауда ұйымдары, фирмалар, банктер,
азаматтар) кездестіреміз
Халықаралық валюталық құқық дегеніміз валютаны, басқа да валюталық
құндылықтарды, сондай – ақ, халықаралық валюталық қатынастардағы жаратылыс
болмысы әр түрлі субъектілердің (мемлекеттер, халықаралық қарыз – несие
ұйымдары, банктер, басқа да заңды және жеке тұлғалар) арасында туындайтын
әрекет өзгешеліктерін зерттеп, реттейтін заңдық нормалар (халықаралық –
құқықтық және ұлттық құқықтық) жиынтығы.
Құқықтық деректер дегеніміз – бірқатар құқықтық ережелер арқылы белгілі
бір қоғамдық қатынастарды реттеу үшін қолданылатын заңды нормалар.
Валюталық қатынастарды реттейтін заңдық нормалар көптеген құқықтық
актілерде жинақталады. Бұл актілер негізінен 4 топқа бөлінеді:
1. мемлекеттердің немесе олардың өкілетті органдарының
халықаралық валюталық жүйелер, валюталық – кредиттік ұйымдар құруды,
халықаралық есептеулердің құқықтық режимін қалыптастыруды көздейтін
халықаралық келісімдер.
2. ішкі (ұлттық) заң шығару актілері. Сонымен қарастырылып
отырған қатынастарды құқықтық реттеу негізінен қатысушы елдердің барлығына
бірдей бірыңғай нормалар арқылы да, ішкі (ұлттық) заң шығармашылығы
нормалар арқылы да жүзеге асырылады.
3. сот және төрелік сот (арбитаж) практикасы.
4. халықаралық дәстүрлер жатады.
Қазақстанда қазірдің өзінде теңгенің ел ішінде еркін ауысуына іс жүзінде
қол жеткізіліп отыр. Ішкі еркін ауысу дегеніміз теңгенің ішкі валюта
рыногында шетелдік валютаға өзгермелі курс бойынша еркін айырбасталу
мүмкіндігі. Ал теңгенің толық ауысуы мүмкіндігіне жетуі үшін елдің саяси
экономикалық және қаржы – қаражат тұрақтылығы, алтын – валюта резерфтерінің
қорлануы, шетелдермен валюталық ынтымақтастық механизмінің қалыптасуы
қажет.
1996 жылы 24 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының Валюталық
реттеу туралы Заңының 3 – бабында былай делінген:
1. халықаралық міндеттемелерді орындау мақсатында және төтенше жағдайлар
туындаған реттерде Қазақстан Республикасы Президенті кез келген валюталық
операцияларды шектеу немесе тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға құқылы
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі резиденттерінің экспорттық
операцияларды валютамен төленуіне шектеулер қоюға және экспорттан түскен
валюталық түсімдерді сатуға міндеттеуге құқылы .
Болашақта Қазақстан Халықаралық валюта қорының (МВФ) мүшесі ретінде.
Халықаралық валюта қоры - жарғысының VIII бабына сәйкес төлем балансының
ағымдағы операциялары үшін валюталық шектеулерді алып тастау мақсатын
көздеуде.
Халықаралық кредит қаражаттары айналымына келсек, бұл мәселеде Қазақстан
үйлестірген халықаралық нормаларды, соның ішінде Женева конвенциясын
басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасындағы банктер мен есептеу орталықтарындағы құжаттар
айналымы Ұлттық банктің Бұрынғы одақтас республикалар банктер арасындағы
есептеулерді ұйымдастыру туралы ережелеріне сәйкес атқарылады.
“Қазақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма –
қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі” туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық банк Басқармасының 2000 жылға 25 сәуірде
бекіткен №179 қаулысына сәйкес, заңды тұлғалар арасындағы 4000 айлық есеп
көрсеткішінен асатын, яғни 3488000=(4000x872) теңге сомасынан жоғары
мөлшерде есеп айырысулар тек қана қолма – қолсыз тәртіпте жүзеге асырылуы
тиіс.
Төлем құжаттары қағаз және электрондық жолмен толтырылуы мүмкін. Төлем
құжаттарының дұрыс толтырылуына үлкен мән беріледі. Әсіресе, ондағы
төлемнің тағайындалу коды 1999 жылғы 15 қарашадағы “Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік классификаторы – төлемдердің тағайындалуының
бірдей классификаторын пайдалану ережесі туралы” Қазақстан Республикасы
Ұлттық банктің Басқармасының бекіткен №388 қаулысына сәйкес болуға тиіс.
Қазақстан Республикасы валюталық операцияларды жүргізу тәртібін 2001
жылғы 21 сәуірдегі ҚР Ұлттық Банкі бекіткен Қазақстан Республикасында
валюта операцияларын жүргізу ережесі реттейді.
Қазақстан Республикасы аумағындағы резиденттер мен резидент еместер
жүргізетін валюта операциялары Қазақстан Республикасы ұлттық банктік
нормативтік – құқықтық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда,
уәкілетті банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын уәкілетті ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Резиденттер мен
резидент еместер уәкілетті банктердегі банктік есеп шоттарды Ұлттық Банктің
нормативті – құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен ашады, жүргізеді және
жабады. Резидент және резидент емес валюта операцияларын жүзеге асырған
кезде, уәкілетті банкке Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына
сәйкес ұсынылатын талап етілген құжаттарды беруге міндетті. Осы ережеде
және Ұлттық Банктің басқа да нормативтік – құқықтық актілерінде көзделген
жағдайларды қоспағанда, Резидент және резидент емес мұндай құжаттарды
бермесе, уәкілетті банк олардың төлемдерін немесе ақша аударымын жүзеге
асыруға құқылы емес
Резидент Ұлттық банктің лицензиясын және тіркеу куәлігінің болуы талап
ететін валюта операциялар бойынша төлем жасаған немесе ақша аударған кезде
резидент уәкілетті банкке осындай лицензияны жіне тіркеу куәлігінің
түпнұсқалары мен нотариат куәландырылған көшірмелерін ұсынуға міндетті.
Берілген құжаттар тексерілгеннен кейін, олардың көшірмелері уәкілетті
банкте қалады, ал түпнұсқалары Резидентке қайтарылады.
Осы аталған валюта операцияларын жүргізу нәтижесінде алынған ақша
резиденттің пайдасына түскен жағдайда Ұлттық банктің лицензиясын немесе
тіркеу куәлігін ұсынбаса да, уәкілетті банк түскен ақшаны резиденттің
банктік есеп шотына аударуға құқылы, сондай – ақ резидентке мұндай
құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы алдын ала жазбаша хабарлауға тиіс.
Қазақстан Республикасының Заң актілеріне сәйкес міндетті түрде жүзеге
асырылатын төлемдерді қоспағанда, уәкілетті банкке талап етілген құжаттарды
бергенге дейін резиденттің төлемдерді немесе ақша аударуды жүзеге асыру
үшін, мұндай ақшаны жұмсауға құқығы жоқ. Резидент Ұлттық банктің
лицензиясын немесе тіркеу куәлігін бермеген жағдайда оның банктік есеп
шотына ақша аударылған күннен бастап, 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін
уәкілетті банк мұндай фактілер туралы Ұлттық банкке хабарлауға міндетті.
Ұлттық банктің лицензиясы болуы талап етілетін капитал қозғалысы мен
балансты операциялар бойынша, төлемдер мен ақша аударымдары тиісті түрде
валюталық бақылау жасау міндеті жүктелетін бір уәкілетті банк арқылы
өткізілуге тиіс. Уәкілетті банк өзгерген жағдайда, резидент мәмілені
орындауға және валюталық бақылауға қабылдаған бұрынғы банкке бұл жөнінде
хабарлауға міндетті. Мәмілені орындауға және валюталық бақылауға
қабылданған бұрынғы уәкілетті банк мәмілені орындауды және валюталық
бақылауды басқа уәкілетті банкке бергені туралы лицензияның, түпнұсқасының
тиісті жазбалар жасауға сонымен бірге оның толық атауын көрсетуге міндетті.
Мұндайда валюталық бақылауды басқа банкке берген уәкілетті банк сонымен бір
уақытта осы банкке бұрынғы жасалған барлық төлемдер мен ақша аударымдары
және тауар жеткізу, жұмыс, қызмет көрсету туралы мәліметтер жіберуге
міндетті.
Резиденттер арасындағы операциялар бойынша барлық төлемдер мен ақша
аударымдары валюта операцияларын жүргізу Ережесінде, Ұлттық банктің басқа
да нормативтік – құқықтық актілерінде, салық және кеден заңнамасында
көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының ұлттық
валютасымен ғана жүргізілуі тиіс. Уәкілетті банктер резиденттерінің және
резидент еместердің валюталық операцияларды жүргізу жөнінде банктік
қызметке ақылы тараптардың келісілуі арқылы ұлттық валютамен немесе шетел
валютасымен алады. Резиденттер арасында жасалған шарттар бойынша, оның
ішінде банктік қызмет көрсету көзделген шарттар бойынша тұрақсыздық
ойынпұлдары ұлттық валютамен төленеді.
Уәкілетті банктер валюталық құндылықтарды резиденттерге немесе резидент
еместерге шетел валютасымен және ұлттық валютамен кредиттер беру үшін
кепілдік ретінде қабылдай алады. Ұлттық банк Қазақстан Республикасы
Үкіметінің ұсынысы бойынша шетелдік инвестор және мемлекет уәкілеттігі
берген заңды тұлға немесе мемлекеттік орган құрған резиденттерге – заңды
тұлғаларға Қазақстан Республикасы Үкіметінің инвестициялық жобаларды жүзеге
асыру үшін баламасы 100 миллион АҚШ долларынан кем болмайтын сомаға рұқсат
беруге, Қазақстан Республикасының резиденттерімен операциялардың жекелеген
түрлерін шетел валютасымен жүргізуге құқылы.
Ұлттық банк халықаралық банктік тәжірибеде қолданылатын пруденциялық
нормативтер мен орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді
белгілеуге құқылы. Ол, сонымен қатар банктердің пруденциялық нормативтері
және орындауға міндетті басқа да нормалар мен міндеттерді бұзғаны үшін
жауапкершілікті белгілейді. Қойылған талаптарға банктің қаржылық жағдайының
сәйкестігі туралы мәселені шешу мақсатында Ұлттық банк белгілі мөлшерде
банктің капиталының көлемін анықтауға құқылы.
Банктер жүргізетін операцияларының түрлері мен көлеміне байланысты
өздерінің қызметінің сенімділігіне бақылауды қамтамасыз ету үшін олар
Қазақстан Республикасындағы банктер туралы заңға сәйкес, Ұлттық банк
бекіткен тәртіпке күмәнді және үмітсіз қарыздарға қарсы арнайы провизиялар
құру арқылы берілген несиелер мен басқа да активтерді жіктеуге міндетті.
Қазақстанда банктердің қызметін реттеу Ұлттық банктің Қаржылық қадағалау
департаментінің көмегімен жүзеге асады.
Мұндағы басты міндеттердің бірі – бұл банктердің қызметін реттеуді
экономикалық тиімді жолмен жүргізуді қамтамасыз ету, яғни банктік сектордың
сенімділігі мен тұрақтылығын қолдау. Ал, ол міндетті шешуде банктердің
қызметін қадағалаудың екі негізгі әдісін: қашықтан қадағалау және
инспекциялық әдістерін тиімді қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Барлық республикада, соның ішінде Қазақстанда барлық банктердің
республикалық мекемелері жоғары тұрған ұйымға бағынуы, банк ісін
орталықтандыру қағидасына сай сақталады.

II SWIFT – БАНКАРАЛЫҚ ХАБАРЛАМА ЖҮЙЕСІ

2. 1 SWIFT жүйесiнiң құрылу тарихы.

Жоғары деңгейдегi бақылау мен рұқсат етiлмеген деректер алуды қорғау
арқылы тәулiк бойы жоғары жылдамдықтағы банктiк ақпараттпен алмасу
мүмкiндiгiмен барлық қатысушыларды қамтамасыз ету мақсатымен халықаралық
жобаны құру бастамасы 1968 жылға жатады.
Кейiннен 1972 жылы бұл бастама MSP (Message Switching Project –
коммутациялық хабарлама жобасы) деген атқа ие болып, жобаға рәсiмделдi. Осы
жылы Logis фирмасының ұсынылған есебiнiң банктiк ақпаратпен алмасу пайдалы
жүйенi құрудағы ұсыныс және есеп айырысу мазмұны жоғарыдағы мiндеттердiң
қалыптасуын қанағаттандырған.
Олар төмендегiдей жиынтықталады:
- сервистiк қызмет желiсiне және халықаралық желiнiң құрылуына;
- процестердi стандарттауға, сонымен қатар хабарламаларды
стандарттауға;
- тәсiлдердi стандарттауға және желiге банктарды қосу жабдықтарына
негiзделуi керек.
Бiр хабарламаны табыстау бағасы 0.15 АҚШ доллары болса, пайдамен
қамтамасыз ету үшiн, жүйе бiр күнде шамамен 70 банктiң қатысуымен кем
дегенде 100 мың хабарлама өңдеу керек.
Жүйе әрбiр ел – қатысушы жүйесiнен екi тәуелсiз және бiр – бiрiмен
байланысқан бөлу орталығын және байланыс шоғырын ұстау керек.
Осы ұсыныстарға негiзделiп 1973 жылы 3 мамырда Европа мен Солтүстiк
Американың 15 елiнiң 239 банкi белгиялық заңдылықтарға сәйкес SWIFT
(Society for Worldwide Interbank Financial Telecommunication – дүниежүзiлiк
банкаралық қаржылық телекоммуникациясының қоғамдастығы) бiрлестiгiн құрады.
Қоғамдастықтың мақсаты болып, құрамының жалпы еншiсiне қаражат мәлiмдемесiн
табыстау және жеке меншiктi құруда құпиялы өңдеу, жойылған байланысты
қамтамасыз ету үшiн қажеттi жабдықтарды пайдалану мен құрудағы зерттеу
жүргiзу екенi анықталды.
1976 жылдың басында жүйенi тәжiрибелi пайдаланымға енгiзiлгеннен кейiн
бастапқы қатар мәселелерi шешiлдi.
1977 жылдың 9 мамырында SWIFT қаражатты хабарламаны табыстау желiсiнiң
ресми ашылуы болды. Желiнiң бастапқы тiршiлiгiнде шамамен 500 мыңдай
хабарламаны кесте бойынша күнделiктi 15 елдiң 513 банктiң қолданылуымен
қамтамасыз етiлдi. 80 жылдарда күнделiктi 1.7 млн-нан астам хабарламаның
шығарылуы, 66 елдiң 2900 банкiне тән болса, 90 жылдардың орта шенiнде бұл
көрсетiлiм 84 елдiң 3 мыңдай банкi SWIFT жүйесiне мүше болып ендi.
SWIFT негiзiн екiлiк процессорлармен қамтылған үш үлестiргiш орталығын
құрады. Олар: Брюссельде, Амстердамда және Верджиния (АҚШ) штатында
орналасқан.
Әрбiр процессор келiп түскен ақпарат ағымын жекелей реттей алады. SWIFT
мүшесiндегi әрбiр ел – үлестiргiш орталықтың бiреуiмен телефон желiсi
арқылы байланысатын және желiлермен бiрге SWIFT меншiгi болып табылатын өз
ұлттық торап (хабарлама шоғыры) орнына ие. Банк өз елiнiң жергiлiктi
байланыс желiсiн шоғырға қосатын қоғамдастықтың мүшесi.
Қазiргi уақытта банктiк операцияны өңдеу әрекетiндегi электрондық жүйенi
қаражаттық хабарлама жүйесi және есеп айырысу жүйесi деп бөлуге болады.
Бiрiншi жүйеде тек қана жеделдi салып жiберу және банкаралық құжаттарды
сақтау жүзеге асырылады. Оларға SWIFT - Bank Wire, CHIPS, CHAPS Англия
және т.б. жатады. Екiншi жүйенiң қызметi өзара талаптың және
мiндеттемелердiң орындалуымен тiкелей байланысты.
SWIFT ережесi енген мекеме Халықаралық телеграфтағы қаржылық
хабарламаны табыстауда қатысу және басқалар сияқты бизнес түрiмен
айналысуын қадаѓалайды.

SWIFT қолдануындағы төлем мен хабарламаның қозғалу жолы

Сурет 1.

SWIFT мекемесi Брюссельде ресми тiркелген белгиялық кооператив қоѓамы.
Ол т‰гелдей SWIFT банк – м‰шесiне жатады. Ал оныњ акциялары банктан
берiлген SWIFT телеграфты желiсi арқылы телеграфты хабарлама ‰йлесiмдi
санына қарай бµлiнген. SWIFT мекемесiнiњ қ±рамына ену ‰шiн әрбiр банк –
мүшесi 1.5 млн. бельгия франкi мөлшерiнде бiр жолғы жарна төлейдi. Ал
аймақтық процессорге (Брюссель, Амстердам, Нью-Йорк, Вена, Копенгаген,
Лондон, Люксембург, Милан, Монреаль, Осло, Париж, Стокгольм, Франкфург,
Хельсинки, Цюрих) қосылу үшiн, 190 мың бельгия франкi мөлшерiнде бiр жолғы
жарна белгiленген. Байланыс құралдврымен жабдықтау және оны қолдануға оқыту
үшiн (әрбiр банкке қосылудың нақты түрiне тәуелдi) 700 мың бельгия франкi
шамасында өндiрiп алады.
SWIFT қызметiне оның мүшелерiне тоқсан сайын тарифтiк төлем өндiрiп
алынады. 325 белгiден тұратын кәдуiлгi телеграфты хабарлама (жеткiзiлуi –
20 минут) 18 бельгия франкiне тең. Жедел хабарлама (жеткiзiлуi – 1 минут)
одан есе жоғары. SWIFT банк – мүшесi телеграфты хабарлама салып жiберу
ақысы аймақтық процессорға төленедi (1978 жылдың қазанындағы тариф
көрсетiлген). Қазiргi уақытта бiр жолғы мөлшерi бiрқатар себептерге
байланысты, 50-ден 300 мың АҚШ долларын құрайды, телеграфты хабарлама
бағасы да бiршама өскен.
1987 жылы КСРО да жүргізілген банктік реформаның оң жақтары ретінде
қолма – қол ақшасыз есеп айырысуды тәртіпке келтіру жүзеге асырылды.
70 жыл бойы КСРО – ның банк жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда қатаң
түрде орталықтандыру мен шоғырландыру, әкімшілік әдістері кеңінен орын
алады.
Ұлттық банктің 1996 – 1998 жылдарына арналған Қазақстан Республикасының
банк жүйесін реформалау бағдарламасына сәйкес банктік реформалау
бағдарламасына сәйкес банктік реформалау әрі қарай жалғастырылды.
Банк реформасын жүргізу бағдарламасының басты мақсаты – Қазақстан
Республикасы ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын әрі қарай
арттыру және экономиканы қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту үшін екінші
деңгейдегі банктердің жүйелерін нығайту.
Көздеген мақсатқа жетуде Ұлттық банк мынадай міндеттемелерді шешуге күш
жұмсайды.
- елдің қаржы нарығына Ұлттық банктің араласуы арқылы қолма – қол ақша
айналымында әкімшілік басқаруды күшейту;
- Ұлттық банктің басқа елдердің банктерімен және басқа қаржылық
институттармен байланысатын халықаралық қаржы ұйымдарына қатысуының және
реформалауының құқықтық қамтамасыз етілуін жетілдіру.
2004 жылдан бастап Ұлттық банк туралы Қазақстан Республикасының заңына
жасалған соңғы толықтырулар мен өзгерістерден кейін, Қазақстан Ұлттық
Банкінің басқармасына келесі негізгі қызметтер жүктелді:
- ұлттық банктің банктермен операциялары бойынша ресми қайта
қаржыландару мөлшерлемесін белгілеу.
- Қазақстан Ұлттық банкінің халықаралық және басқа да ұйымдардың
қатысуы туралы шешім қабылдау
- төлем жүйесін ұйымдастыру;
- төлем балансын құру;
- валюталық реттеу және валюталық бақылау.
Банктік аударымдардың көмегімен ұйымдардан есептеулер сыртқы сауда
келісімдерінің шартты негізінде атқарылады.

SWIFT қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында кеңінен өолданылып жүр.
Ол дүниежүзілік халықаралық қаржылық төлемдерді тез, сенімді және қауіпсіз
тапсырыстың түрлерін ұсынады.

Оның ішінде:

– валюта айырбастау

– ақша аударым жүйесі

– инкассо

– бағалы қағаздар

– карточкамен есеп айырысу.

Ақша аударым жүйесі жүйесі банктен шот ашпай, қолма – қол ақшалы түрде
жүзеге асырылады. Жіберілгеннен кейін 15 минуттан соң, аударым төлеуге
дайын.

Қазақстан Республикасында SWIFT 1994 жылдың сәуірінде іске қосылып, әп –
сәтте жұмыс істей бастады. SWIFT Қазақстандағы ең бірінші процессор болды.
Кейіннен оған басқа да Қазақстандық банктер қосыла бастады. Қазіргі кезде
SWIFT – пен жұмыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Депозиттік рыноктың дамуы, банктердің депозиттік саясаты
Депозиттік операциялардың банк қызметіндегі ролі
Еңбек ақы бойынша диплом алды іс – тәжірибе
Банктік шот және төлем тапсырыспен есепайырысу есебі
Банкаралық есеп айырысу есебі
Қазақстан Республикасында депозиттік рыноктың құрылуы және дамуы
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің ресурстарын басқару әдістері
Корпаративтің ақша айналымын және есеп айырысу жүйесі
Сыртқы экономикалық қатынастардың валюталы – қаржылық механизмі
ҚР-да валюта-қаржы механизмі
Пәндер