Жеті жарғы туралы ақпарат
“Жеті жарғы” қазақ халқының дәстүрлі мемлекеттік және құқықтық мәдениеттің алтын қорынан сақталған қымбат қазына. Бұл ұлы құжатқа байланысты ауызша және жазба деректерді қарастырып отырып “Жеті жарғының” мемлекет пен қоғамның тіршілігін үйлестіретін негізгі заң қағидаларының жинағы немесе мемлекеттік биліктің үлгісі ғана емес, сонымен бірге ұлттық танымның айшықты айнасы, халық рухының қамқоры, ұлттық мүдденің жаршысы екенін аңғарамыз. Жер жүзіндегі қандай да бір елдің арман-тілегі де, мақсат—мүддесі де мемлекеттік және ұлттық тәуелсіздігі, осы ұлы түсінік “Жеті жарғының” ел құрметіне бөленіп, ел ақсақалдарының жадына берік жазылуына негізгі себепкер.
Біз қолда бар деректерді қарастыра отырып “Жеті жарғы” туралы мәліметтер негізінен ауызша түрде, қазақтың шежіресі, аңыз-хикаялары, өлең-жырлары арқылы сақталған деп есептейміз. “Жеті жарғының” түп өзегі Евразия көшпелілерінің бірнеше мың жылдар бұрын қалыптасқан әдет-ғұрып заңдарына негізделген. Сонымен бірге “Жеті жарғы” XVІІ ғасырдың соңы мен XVІІІ ғасырдың басындағы саяси-әлеуметтік ахуалға ыңғайланған әдет-ғұрып ережелерінің жаңа редакциясы. Көшпелі қауым арасындағы саяси билік бірде күшейіп, бірде әлсіреп замана әсеріне, әсіресе сыртқы ортаның ықпалына тікелей ыңғайланып отыратын құбылыс. Саяси билік белгілі дәрежеде не сырттан қауіп төнгенде, не сыртқа бағытталған көшпенділердің ірі қозғалыстарының кезінде күшейіп, ал қауім ішінде бейбітшілік тенденциялары нығайғанда әлсіреп отырады.
Зерттеушілердің көпшілігі “Жеті жарғыны” тек құқықтық мәселелермен ғана байланыстырады. Бұл таңдау белгілі дәрежеде тарихи институттарға ретроспекциялық тұрғыдан қараудың тікелей жемісі. “Жеті жарғыға” байланысты әдет-ғұрып ережелері жинақталып хатқа түсе бастаған уақытта қазақ мемлекет дәстүрлері аса құлдырап, оның реттегіш механизмдері, заңдары қолданыстан шыға бастаған еді. Қазақ мемлекетінің негізгі ұйытқысы, құрылымдық жүйесінің негізі болып табылатын туысқандық қарым-қатынастар “ақтабан шұбырынды” заманында үлкен соққы алып, қалыпты жүйесін бұзып алды. Бұл дағдарыс әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынасқа да тікелей әсер етіп қоғамдағы төре мен қараша, төре мен төлеңгіт, отырықшы мен көшпелі элементтер, субэтникалық топтар мен сословиелер арасындағы қалыпты қатынас бұзылды.

1. Дала уәлайатының газеті. Адам, қоғам, табиғат. 1988-1902/ Құраст. Ү.Суханбердина.-Алматы, 1994.
2. Леонтьев А.А. Обычное право киргиз Судоусторйство и судопроизводство.// Юридический вестник. 1890. Т.5.№5-6
3. Словохотов Л.А. Народный суд обычного права киргизов Малой орды//ТрудыОренбургской ученой архивной комиссии, 1905. Вып. ХҮ.
4. Чулошников А.П. Очерки по истории казак-киргизского народа. Оренбург, 1924. Ч.1
5. Марғұлан Ә.Х. Қасым ханның қасқа жолы//ҚСЭ.-Алма-Аты, 1975.-Т6.541-542 б.
6. Толыбеков С.Е. Кочевое общество казахов в ХҮІІ- началеХХ веков. Алма-ата, 1971.
7. Султанов Т.И. Кочевые племена Приаралья в ХҮ-ХҮІІ вв.-М., 1982.
8. Зиманов С., Өсеров Н.”Жеті жарғы” жайлы // Проблемы казахского обычного права.-Алма-Ата, 1989. С.122-141.
9. Ибрагимов Н. Ибн Баттута и его путешествия по Средней Азии.-М., 1988.
10. Марғұлан Ә.Х. ҚСЭ. Т.6. 542-бет.
11. Материлы по истории русско-монгольских отношений (1607-1636 гг.). Сборник документов. М., 1959. С. 103-113.
12. Адамбаев Б. Төле би шешен. «Жұлдыз«. 1972. Ч 1. 208-б.
13. Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. СПб., 1832-Ч.1-3.
14. Радлов В.В. Из Сибири-СПб., 1772.
15. Валиханов Ч.Ч. Записка о судебной реформе// Собр. Соч. в 5-т. Алма-Ата, 1985.-Т.4-С.77-104.
16. Красовский М. Область сибирских киргизов// Материалы для географии и статистики России.-СПб., 1868. Ч. 1-3.
17. Апполова Н.Г. Присоединение Казахстана к России.-/Алма-Ата, 1948.
18. Зиманов С., Усеров Н. Об одном новом варианте ”Жеті жарғы”// Вестник АН КазССР. 1976-№1
19. Зиманов С. Состояние и задачи разработки обычного права казахов// Проблемы казхаского обычного права.-Алма-Ата, 1989.- С. 8-9.
20. Кенжалиев З.Ж. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқытық мәдениет (теориялық мәселелері, тарихи тағлымы). –Алматы, 1997.
21. Баллюзек Л.Ф. Народные обычай, имевшие, а отчасти и ныне имеющие в Малой Киргизской орде силу закона // Материалы по казахскому обычному праву.- Алматы Жалын 1998 ж.
22. Сағымбеков Р. “Жеті жарғы” хақында Орталық Қазақстан газеті, 28 қазан, 1990.
23. Н.Өсеров Тәуке ханның “Жеті жарғысы” Алматы Жеті жарғы 1995.
24. Омари Ж. Қаз дауысты Қазыбек би. Астана, Фолиант, 2001.
25. Қамбаров Қ. “Қазақтың ескі заңдары” Қазақстан заңдары, 1998,№ 5 стр. 33-40.
26. Қиянатұлы З. Дала халықтарының мемлекеттік заңдық үрдіс жалғастығы: әдеттегі заңнан: “Жеті Жарғыға“ дейін Отан тарихы, 2001, №2
27. Қашықұлы Ш. Сағымбекұлы Р. Қаз дауысты Қазыбек “Жеті жарғыға” қосқаны “Орталық Қазақстан” газ. 24 шілде, 1993.
28. Өзбекұлы С. Көшпелі қазақ өркениетіндегі құқық. Алматы: “Мектеп” 2002.
29. Сағымбеков Р. “Жеті жарғы” хақында Орталық Қазақстан газеті, 28 қазан, 1990.
30. Ана тілі, 19 сәуір 1990 ж.

Кіріспе
“Жеті жарғы” қазақ халқының дәстүрлі мемлекеттік және құқықтық
мәдениеттің алтын қорынан сақталған қымбат қазына. Бұл ұлы құжатқа
байланысты ауызша және жазба деректерді қарастырып отырып “Жеті жарғының”
мемлекет пен қоғамның тіршілігін үйлестіретін негізгі заң қағидаларының
жинағы немесе мемлекеттік биліктің үлгісі ғана емес, сонымен бірге ұлттық
танымның айшықты айнасы, халық рухының қамқоры, ұлттық мүдденің жаршысы
екенін аңғарамыз. Жер жүзіндегі қандай да бір елдің арман-тілегі де,
мақсат—мүддесі де мемлекеттік және ұлттық тәуелсіздігі, осы ұлы түсінік
“Жеті жарғының” ел құрметіне бөленіп, ел ақсақалдарының жадына берік
жазылуына негізгі себепкер.
Біз қолда бар деректерді қарастыра отырып “Жеті жарғы” туралы
мәліметтер негізінен ауызша түрде, қазақтың шежіресі, аңыз-хикаялары, өлең-
жырлары арқылы сақталған деп есептейміз. “Жеті жарғының” түп өзегі Евразия
көшпелілерінің бірнеше мың жылдар бұрын қалыптасқан әдет-ғұрып заңдарына
негізделген. Сонымен бірге “Жеті жарғы” XVІІ ғасырдың соңы мен XVІІІ
ғасырдың басындағы саяси-әлеуметтік ахуалға ыңғайланған әдет-ғұрып
ережелерінің жаңа редакциясы. Көшпелі қауым арасындағы саяси билік бірде
күшейіп, бірде әлсіреп замана әсеріне, әсіресе сыртқы ортаның ықпалына
тікелей ыңғайланып отыратын құбылыс. Саяси билік белгілі дәрежеде не
сырттан қауіп төнгенде, не сыртқа бағытталған көшпенділердің ірі
қозғалыстарының кезінде күшейіп, ал қауім ішінде бейбітшілік тенденциялары
нығайғанда әлсіреп отырады.
Зерттеушілердің көпшілігі “Жеті жарғыны” тек құқықтық мәселелермен
ғана байланыстырады. Бұл таңдау белгілі дәрежеде тарихи институттарға
ретроспекциялық тұрғыдан қараудың тікелей жемісі. “Жеті жарғыға” байланысты
әдет-ғұрып ережелері жинақталып хатқа түсе бастаған уақытта қазақ мемлекет
дәстүрлері аса құлдырап, оның реттегіш механизмдері, заңдары қолданыстан
шыға бастаған еді. Қазақ мемлекетінің негізгі ұйытқысы, құрылымдық
жүйесінің негізі болып табылатын туысқандық қарым-қатынастар “ақтабан
шұбырынды” заманында үлкен соққы алып, қалыпты жүйесін бұзып алды. Бұл
дағдарыс әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынасқа да тікелей әсер етіп
қоғамдағы төре мен қараша, төре мен төлеңгіт, отырықшы мен көшпелі
элементтер, субэтникалық топтар мен сословиелер арасындағы қалыпты қатынас
бұзылды.
Қазақ мемлекетінің дағдарысымен бірге ірі-ірі мемлекеттік иституттар,
әдет-ғұрыптар, қоғамдық, мемлекеттік, азаматтық түсініктер жүдеушілігі
басталды. Осылайша “Жеті жарғы” заңдарынан мемлекетке қатысты ережелердің
көпшілігі ұмытылып, тек жеке адам, немесе қауымға тікелей қатысты ережелер
көбірек сақталды. “Жеті жарғы” өзі қалыпты ережелер жинағы және ереже
туғызушы тетік есебінде өмірден XVІІІ ғасырдың басында-ақ озған еді. XVІІІ
ғасырдың ортасындағы жағдайда “Жеті жарғыны” мемлекет мүддесін ойластыратын
Жоғарғы кеңес есебінде жаңғырту мүмкіндігі аяқталды.
Қолда бар тарихи-этнографиялық мәліметтер “Жеті жарғы” қызметіне және
қазақтың әдет-ғұрып заңдарына жан-жақты, терең қарауға мүмкіндік береді.
Бірнеше ғасыр бойы жинақталған тарихи деректер дәстүрлі зерттеу
тәсілдерімен қатар, тың ғылыми зерттеу әдістері мен аспаптарын
(инструментари) енгізу жемісті болатынына кепілдік береді. Дәстүрлі
құқықтық көзқарастарды, жүйелерді, құндылықтарды зерттеуге “Құқықтық
антропология” тікелей араласқаны зор пайда береді. Қалай дегенмен де
дәстүрлі қоғамды, оның рухани мұрасын, тек қана саяси-құқықтық мұрасы емес,
рухани қазынасы болып табылатын әдет-ғұрып заңдары, соған байланысты
қалыптасқан нақыл, ақыл сөздері, шешендік өнері, салт-дәстүрі екендігі
белгілі.
Бұл жұмыста біз “Жеті жарғы” тек құқықтық ескерткіш қана емес, сонымен
қатар институт, билік жүргізу тетігі деген пікірді негізге алдық. Бұл жерде
екі бағытты да бөле жармай тұтас қарастыру біздің негізгі мақсатымыз болды.
Мемлекеттігін құрып, заңын түзеп жатқан тәуелсіз Қазақстан үшін “Жеті
жарғы” әлі де маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Тек қазақ қоғамының көп жағдайда
синкретті мәдениет өкілі екенін, көп құбылыстар бір-бірімен астасып
жататынын ескерген жөн. Солардың ішінде “Жеті жарғы” аталып бір-бірімен
ажырамастай бірігіп кеткен мемлекет және құқық құбылыстары жатыр, бұл біле
білген адамға бөле жаруға болмайтын қасиетті дүние.
1-ТАРАУ. ЖЕТІ ЖАРҒЫ – ДӘСТҮРЛІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ЕСКЕРТКІШІ
1.1 Жеті жарғы атауының мәні мен мағынасы
Ғылыми және ғылыми-көпшілік әдебиетте “Жеті жарғы” атауына қатысты әр
түрлі пікірлер бар, бірақ олар ғылыми қауым тарапынан толық қолдау таба
қоймаған, бір-біріне кереғар келіп жататын жорамалдауларға негізделген. Бұл
төңіректе әлі де даулы мәселелер көп болғандықтан біз осы атауға қатысты
жасалған этимологиялық талдаулар мен түсініктердің негізгі бөлігіне ғана
тоқталып кетеміз.
“Жеті жарғы” атауын алғаш рет Әз Тәуке хан тұсындағы қабылданған заң
ережелеріне қатысты қолданған Н.И. Гродеков. Ол ұзақ уақыт Түркістан
генерал-губернаторлығына қарасты Сырдария облысының әскери губернаторы
қызметін атқарып, сол кезеңде қазақ әдет-ғұрып, заң ережелеріне қатысты
деректерді мол жинайды.
Н. Гродеков пікірінше “Жеті жарғы” Қасым мен Есім хандардың
заманындағы қазақтың ескілікті заңдарының негізінде жасалған: “Хан Тауке
собрал на урочище Культобе (в Сырдарьинской области) семь биев, в числе
которых был знаменитый бий Толе Алимбеков, и эти бии соединили старинные
обычаи ханов Касыма и Ишыма (Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі
жолы) в новые обычаи, называемые – “жеты жарға” (1, с.24).
Н. Гродеков осы тақырыпқа тағы да айнала берісте соғып “Жеті жарғыны”
түзген билердің “жарғыш” атанғанын да хабарлайды. Бұл біздің пікірімізше
аса мәнді дерек: “При хане Тауке собрались семь биев, “жеті жарғыш” (сонда,
с.25).
“Жеті жарғыш” , “жарғыш” атауына қатысты әр түрлі пікір-деректердің
ішінде Н.И. Гродеков мәліметтері қисындылығымен де, толық қандылығымен де
бірінші орында тұрса керек.
Екінші бір көңіл аударатын мәлімет А. Леонтьевтің “Обычное право
киргиз” (1890) еңбегінде кездеседі: “Правда, ханом Тауки (Тявки) учреждено
было, по народным преданиям, собрание из семи биев, как высшее судилище. Но
оно действовало при этом хане” (2, с.122).
“Жеті жарғы” туралы осы түсінікті кейіннен Л.А. Словохатов толықтырып
“Народный суд обычного права киргиз Малой Орды” еңбегіне еңгізді. Осы
еңбекте, біздің ойымызша алғаш рет, Жеті жарғыға байланысты “уложение”
деген сөз қолданылады: “семь биев... составил уложение, целиком основанное на
древнем народном обычае – адате и тогда получившее название – “Джеты
Джарга” (3, с.41.).
Л.А. Словохатов “жеті” сөзінің тек мемлекеттік кеңестегі билердің
санын ғана білдіріп қоймай, толықтықты, толық кәмелетті, бүтіндікті
білдіретін ұғым есебінде пайдаланылғанын жазады: “Джеты по киргизский
озночает “семь” - число у всех народов Востока, считавшееся выражением
полноты, совершенства и авторитетности. Джарга-дат. от дзар (тат.) или дзор
(монг.) – известие, объявление, публикация, обнародование, возвание ср.
другую транскрипцию – “жеті жарығы” – т.е. “семь святил его” (т.е. Тявки.)”
(сонда, с.42.)
ХХ ғасырдың басында қазақ тарихының ең бір күрделі де қызық мәселелері
туралы жазған А.П. Чулошников “Жеті жарғыны” Шыңғыс хан заманындағы “Жаза”
(Великая Яса) тәртібімен салыстырады, оның пікірінше “Жеті жарғы” қазақ
халқының ұзақ өмірінен бір тамаша нәтиже, азаматтық және қылмыстық құқық
туралы түсініктерінің жиынтығы: “В самом деле, подобно “Великой Ясе” Чингис
хана и казак-киргизское обычное право, систематизированное Тявкою,
заботилось тоже не столько о предупреждениях преступлений, сколько об их
ближайшем наказании” (4, с.204).
“Жеті жарғының” атауының мағынасы туралы А.П. Чулошников пікірі Н.
Гродеков жазғандарымен үндес: “...хан Тявка, особенно чтимый всеми казак-
киргизами, собрал на урочище Куль-тюбе (в пределах нынешней Сыр-Дарьинской
области) семь биев во главе с знаменитым бием Туле Алимбековым и вместе с
ним составил уложение, целиком основанное на древнем народном обычае-адате
и тогда же получившее название - “Джеты-Джарга”, т.е. “Обявление семи”
(сонда, с.204).
Қазақ ғалымдарының ішінде “Жеті жарғы” туралы алғашқы пікір
білдіргендердің бірі акдемик Ә.Х. Марғұлан “Жеті жарғыны” – жеті жарғыш,
жеті, яғни жеті әділ, қара қылды қақ жарған билердің билігі дегенді
қолдады. Сонымен бірге Ә.Х. Марғұлан “Қазақ совет энциклопедиясындағы”
“Жеті жарғыға” арналған мақаласында оның мазмұнының жеті түрлі ережеден
құралатындығы жайлы жазды. “Жеті жарғыға” кірген ережелер жетеу. Олар:1).
Мүлік заңы; 2). Қылмыс заңы; 3). Әскери заң; 4). Елшілік жоралары; 5).
Жұртшылық заңы; 6). Жесір дауы; 7). Құн дауы” (5, б.542.).
Әлекеннің “Жеті жарғы” мағынасы туралы бір мақалада қарама-қайшы екі
пікір айтуы кездейсоқ па? “Жарғыға” қатысушы билердің саны ережелердің
санымен неге тең деген сұраққа дәл жауап қайтару оңай емес. Негізінен “Жеті
жарғы” бұрын соңды қолданыста болған заң жобаларын жүйелеп, оның басын
қосып жетеуге жеткізді деп қабылдау ешқандай дәлелге негізделмейді.
Ғылыми әдебиетте кейде “Жеті жарғы” мағынасына байланысты тіпті ұшқары
пікірлер де айтылады. Оның негізгі себебі зерттеушілер “жарғы” сөзінің
мағынасына бойлай бермегендіктен туындайды. Мәселен С.Е. Толыбековтың қазақ
көшпелі қоғамына арналған кітабында “жарғы” сөзі “жорға” деп беріледі:
“Первый свод народных обычаев под названием “Джеты-жарга”, составленный
семью биями (точнее: “джеты-жорга-семью иноходцами”) при хане Тауке...” (6,
с.343-344).
Соңғы жылдары ғылыми әдебиетте “Жеті жарғыны” жеті билік, жеті ереже
мағынасында қолдану көбірек кездеседі. Т.И. Сұлтановтың осы тақырыпқа
жазылған еңбегінде “В истории права ханского периода известен только один
законодательный памятник – “Жети Жаргы” (Семь установлении) – деп
аударылған (7, б.64). Бұл біздің түсінігімзше шартты атау, біздің
қолымыздағы ешқандай дерек Әз-Тәуке хан заманында қабылданған заңдардың
жетеумен шектелгенін айтпайды. Екіншіден дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарында
ережелерді белгілі бір принциптермен жүйелеу кездесе қоймайды.
“Жеті жарғы” жайлы” деп аталатын соңғы жылдардың жақсы бір еңбегінде
академик С.З. Зиманов пен Н.У. Өсеров “Біздің пікірімізше “Жеті Жарғы”,
“Жеті Жарлық”, “Жеті дау”, “Жеті шешім” деген ұғымды білдіреді. оларға жер
дауы, құн дауы, барымта, айып-жаза, алым-салық т.б. кірген” деп “жеті”
мағынасын тек сандық тұрғыдан қабылдауды ұсынады (8, б.127). Авторлардың
пікірінше “Жеті жарғы” билер кеңесіне түскен, талқыланған, шешілген
жарлықтың, даудың т.б. жалпы санын береді.
“Жеті жарғының” мән-мағынасын толық түсіну үшін тарихи-этнографиялық
мәліметтерді ғылыми айналысқа көбірек енгізу міндеті осы жоғарыдағы шолудан
туындаса керек. “Жарғы” сөзін жалпы кеңес, өкілетті билік, заң тудырушы
орын есебінде қабылдау өте дұрыс болғанымен, “Жетіге” қатысты пікірлерді
әлі де тереңірек қарастыру керек сияқты. “Жарғы” кеңес, заң мағынасында
тарихи деректерден ертеден жиі кездеседі, ал “жетінің” орнында басқа
сандарды кездестіріп қаламыз (алты, сегіз).
Мәселен атақты саяхатшы Ибн Баттута 1333 жылы Хорезм әмірі Құтлық -
Темір (ол кезде Хорезм Алтын орданың әкімшілік бөлігі) қабылдануында болып
ордадағы “Жарғы” қызметі туралы мәліметтер береді: “У этого эмира было
принято, чтобы кади приходил каждый день в его приемную и садился на место,
отведенное для него, вместе с ним факихи и писцы. Напротив него садился
один из главных эмиров и с ним восемь старших тюркских эмиров и шейхов,
называемых йаргуджи. Люди обращаются к ним с тяжбами. Если дело относится к
шариатским, то по ним решение выносит кади, а по другим делам выносят
решение эти эмиры. Их решения точны, справедливы, потому что их не
заподозрят в пристрастии и они не берут взяток” (9, с.76.)
Ибн Баттута суреттеп отырған Құтлық-Темір бектің Хорезмдегі билігі
аздаған үзілістермен 1321 жылдан басталып 1368 жылға дейін жүрді. Алтын
Орда мемлекетінің ірі басшыларының бірі, Өзбек ханға жақын болып келетін
Құлтық-Темір хорезм өлкесіндегі билігін жергілікті көшпелілер дәстүрінің
үлгілеріне сүйеніп дау тудырмаса керек. Бұл кезең Хорезм өлкесінің аса
гүлденіп тұрған кезі, ибн Баттутаның өзі де кітабының бірнеше жерінде
бұрынғы жағдайына қарағанда Хорезмнің көркейіп өскенін атап кетеді. Құтлық
Темір бек сарайындағы “Жарғы” қызметі мемлекеттік жоғары сот деп атауға
келеді. сонымен бірге мемлекет ішіндегі ірі әмірлердің “Жарғы” қызметіне
қатыстылығы мемлекетке аса қажет шаруалардың да осы отырыстарда
талқыланатынын білдіреді.
“Жарғы” мәні мен мағынасын түсінуге тікелей қатысты деректерді біз
қалмақ тарихынан да жиі кездестіреміз. Қазақ-қалмақ халықтарының этникалық
субстраттағы жақындығы, тарихының ортақ кезеңдері, территориялық
іргелестігі қалмақ деректерін қазақ тарихын зерттеуге көбірек қолдану
қажеттілігін дәлелдей түседі.
Қалмақ тілінде “Жарғы” - “Зарго” деп аталады және оның құрамы
деректерде 6-8 адам шамасында кездеседі. Осыған байланысты Қалмақ хандығы
(Жоңғар заманы) жоғары билік (сот) кеңесіне байланысты “найман Зарго” деген
атаулар кездеседі. “Найман” қалмақша “сегіз” деген санды білдіреді. Біздің
түсінігімізше бұл сегіз бидің кеңесі деп аударылады.
Жоғарыда келтірілген құжаттар біздің “Жеті жарғы” жоғары мемлекеттік
кеңес және сот деген пікірімізді нақтылай түседі. Әз-Тәуке заманында “Жеті
жарғының” құрылуы ұзақ жылдарға созылған дағдарыстан мемлекетті алып
шығудың бір жолы есебінде қарастырылған болуы керек. Екіншіден XVІІ
ғасырдың соңына Евразиядағы геополитикалық ахуал ірі өзгерістерге түсіп
қазақ елінің төрт құбыласының бәрі қауіпті жауға айналып бара жатты.
Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы арасалмақ соңғылардың пайдасына
шешілгенін айтпағанның өзінде, шығыстан төнген қалмақ (қара қалмақ) қазақ
мемлекет басшыларының, ірі билердің жүрегін сыздатқаны анық. Осының
нәтижесінде өмірге “Жеті жарғы” аталатын қоғамның ең ауыр мәселелерін
талқыға салатын, шешетін, ел тыныштығын сақтайтын, сыртқы елдермен
қалыптасқан өзекті мәселелерді талқылайтын хан ордасы жанында Жоғары кеңес
және билік орны қалыптасты. Әуел баста хан Тәуке ұсынысымен бұл “жарғыға”
қазақ елінің ең таңдаулы деген жеті биі қатысқаны себепті “Жеті жарғы”
атанды. Тіпті мәселе жетіде де емес, мұндай ірі мемлекеттік кеңеске одан
көп те адам қатысуы мүмкін, бірақ белгілі субэтникалық және әлеуметтік
топтардың мүддесіне жауап беретін, қорғайтын адамның саны жетеу болғанға
ұқсайды. Әз Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының құрамына енген жеті ұлыс
елдің басшылары “Жеті жарғының” құрамында болды десек біз тым
қателеспейміз.
1.2. Жеті жарғының бастаулары және негізі
“Жеті Жарғының” негізі мен қайнар көзі туралы кесіп пікір айту тым
қиын. Дегенмен де “Жеті Жарғының” қайнар көзін ежелгі заманалардан, сол
дәуірлерде өмір сүрген түркі тектес ата-баба дәстүрлерінен іздеуіміз керек.
Қазақ заң нормаларының қайнар көзінің негізгі бастамасын яғни бастау көзін
сол бабалар дәуірінде пайда болып, қолданылған әдеттік праводан іздегенміз
жөн сияқты. Көптеген ғалымдарымыз “Жеті Жарғы” негіздерін Шыңғыс ханның
“Жаса” заңынан іздейді. Енді біреулері “Жеті Жарғыны” “Жаса” заңына үш
қайнаса сорпасы да қосылмайды, саф таза қазақ әдет-ғұрып дейді. Біздің
пікірмізше, “Жеті Жарғының” түп бастауы ежелгі бабаларымыздың, туысқан
түркі халықтарының әдеттік правосының жемісі, кейін әр дәуірдің өз үлесіне
тиген жаңалық, өзгерістерімен, әсіресе “Қасым ханның қасқа жолы”, “Есім
ханның ескі жолы” секілді әдет-ғұрып заңдардың тікелей әсер етуінен
туындаған ірі заң кодексі. “Жеті Жарғының” негізіне біз сондай-ақ әдет-
ғұрыптың бастаулары билер шешімдерін, билер кеңесінің ережелерін, жол-жоба
ретінде қоғам өміріне сіңген нормаларын жатқызамыз.
Қазақтайпаларында ежелден-ақ билер мәжілісі (съезі) болып, бірақ
Тәуке ханға дейін тұрақты орган болып қалыптаспаған еді. Осындай билер
мәжілісінде әдет-ғұрып мәселелерінің өз дәуіріне ылайықты шешімін табуға
тиісті күрделілерін шешіп отырған. Мұндай шешімдерде “Жеті Жарғының”
негізі, қайнар көзі бола алады.
Бізге келіп жеткен деректер бойынша, Урус хан, Хақ-Назар, Қасым хан,
Есім хан тұсында әдет-ғұрыпқа ірі өзгерістер енгізілген. Алайда, бұл
өзгерістер бізге тұтас күйінде келіп жетпеген.
Қасым хан 1445 жылдар шамасында туып, 1518 жыл шамасында өлген.
Кейбір деректер бойынша, 1523 жылы 70 жас шамасында қайтыс болған. 1511
жылдан бастап Қасым қазақ жерінде хан болған. Оның хандық территориясы
батыста Сырдарияның оңтүстік жағалауынан басталып, оңтүстік-батысты
Түркістан қалаларына дейін жетіп, оңтүстік-шығыста Жетісудың солтүстік
бөлегіндегі таулар мен алқаптарды қамтыды. Солтүстік-шығыста Ұлытау
қыраттары мен Балхаш көліне тірелді, ал солтүстік-бастыста Жайық өзені
алабына дейін созылып жатты.
“Қасым ханның қасқа жолы” атанған, әрі ел басқару ісінде қолданылған
әдет-ғұрып заңдарының негізі ежелгі әдет-ғұрып заң сүйенген. Жошы ханның
екінші баласының тұқымы Урус хан өзінен жоғары бесінші ата жердегі бабасы –
Жошы ханның тәртіп-заңдарындағы кейінге қалдырып кеткен “әдет-ғұрып” жол-
жораларына, дәуіріне сай кейбір өзгерістер енгізгені әдебиеттен мәлім.
Белгілі ірі ғалым Ә.Х. Марғұлан “Қасым ханның қасқа жолы” заңдарын
былайша түсіндіреді: “Қасым ханның қасқа жолының” негізі Орта ғасырларда
Қыпшақ, Шағатай ұлыстары қолданған “Ярғу” заңынан алынған, қазақша “жарғы”
– хақиқат деген ұғымды білдіреді. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір
жағына аудармай, дәл, әділ айырудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді
халық бұқарасы ардақтап “Қара қылды қақ жарған” деп мадақтаған. Өзінің
мазмұны бойынша бұл заңның түбегейлі идеясы ежелгі әскері-демократия
арнасына барып тіреледі. XV ғасырдың сонында, XVІ ғасырдың басында Бұхардың
ишан-қазылары кесіп жұріп қазақ өлкесінде діни үгіт таратып, “ежелгі Жарғы
заңын қалдырыңдар, ол көкке табынатын дінсіздіктің ісі, оның орнына шариғат
қағидасына ауысыңдар, ант бергенде “көк соқсын” деп айтпаңдар, құран соқсын
деп, құранды бастарыңа көтеріңдер” деп үгіттейді. Бірақ, халық бұқарасы
оған селсоқ қарап, көп заман шариғат қағидасына ойыса қоймайды. Уақыттың
көбін мал бағумен өткізген халық бұқарасына шариғаттың қағидалары өте қиын
болып көрінген.
Бұл тарихи оқиғаларды жақсы білген Қасым хан, саяси жағдайының
шиеленіскен кезінде, халық бұқарасының, билер тобының көптен бергі ойына
қарсы тұрмай, қайта олармен бірігіп, шариғатты бүтіндей қалдырып, халықтың
тілегіне жақын әрі ерте заманнан оларға түсінікті ежелгі “Жарғы” заңын
жаңадан күшейтеді. Халықтың қалың бұқарасы Қасымның шариғатты алмай,
ежелден қалыптасқан билер заңы – “Жарғыны” жаңадан көтергенін қатты ұнатып,
оны “Қасым ханның қасқа жолы” деп атап кетті,–(10, 542 б.) дейді.
“Есім ханның ескі жолы” деп аталған заң жобаларын Қасым ханмен
туысқан Жәдік ханның немересі, Шығай ханның баласы Есім хан заманында
қабылдаған. Жошы хан әулетінде 40 жылдан астам хандық тақта отырып, өмір
сүрген қазақтың хан – тек Есім хан болған деседі. Бұл факті әлі де болса
анықтай түсуді керек етеді. ҚСЭ-де Есім (1598-1645) 47 жыл хандық құрды
десе, Қазақ ССР тарихында (1598-1628) 30 жыл хандық құрған деп көрсетілген.
Есім хан өзінің 40 жылдан артық хандық етіп тұрған кезінде, өзінен
бұрын өткен шөбере жердегі атасы Қасым ханның қалдырған “әдет-ғұрып, салт-
сана” заңдарына сүйеніп, көптеген “жол-жоба, кәде-қаумет” заңдарын
шығарған. Есімнен кейінгі қазақты билеген хандардың кезінде қолданғаны
“Есімнен қалған ескі жол-жоба” болғандықтан, кейінгілер “Есім ханның ескі
жолы” атандырыпты.
Есім хан өз хандығының шығыс және солтүстік-шығыс шептерінде ойрат
феодалдары агрессиясына қарсы тойтарыс беру үшін көбіне жорықтарда жүрді
(11. с 103-104). Сол себепті де Есім хан “Қасым хан қалдырған қасқа жолына”
көп өзгерістер енгізбесе керек. Бізге келіп жеткен деректер бойынша Есім
хан ердің құнына 100 жылқы, алты жақсы (6 түйе) кесім көрсеткен. Ол барлық
еркектер үшін бай-кедей демей, жас-кәрі демей, сұлтан демей, бірдей болған.
Одан басқа өнер құны, сүйек құны, ар құны деген үстеме құн белгілеген. Әйел
құны алынатын қалың малы шамасында төленген.
Сол секілді қазақ әдет-ғұрпының негізгі маңызды ескерткіші – “Жеті
Жарғының” қайнар көзіне “бидің билігі” яғни олардың шешкен билік шешімдері
де жатады. Қоғамдағы түрлі дау-жанжалдарды әрбір рудың өз ішінен бастап,
жоғарыға дейін билер шешіп отырған. Олардың әртүрлі даулары, шешкен
шешімдері халық жадында сақталып, бізге жетіп отыр. Сол шешімдердің ең
жақсыларын атақты билер шығарып, олардың аттары бізге мәлім. Олар: ұлы
жүзден – Төле би, Орта жүзден - Қазыбек би, Кіші жүзден - Әйтеке
(Қаражігіт), қырғыздан - Қоқым би, Қара Шырын би, қарақалпақтан – Сасық би,
Тобықты руынан - Әнет би, Жағалбайлы – Шеген би, сол секілді Шақшақ ұлы
Жәнібек, Есет т.б.
Осы билердің ішінде көп әңгіме болары – Төле, Қазыбек және Әйтеке.
Өйткені, бұл үшеуі де Тәуке ханның “Жеті Жарғысын” түзуге басты қатысқан.
Төленің туған, өлген жылдары жөнінде жазба деректер жоқ. Төле бидің
Әлібек, Ұлы жүз - Үйсіннен. Сол себепті де дәстүр бойынша (көшпелі елдерде
– ру атымен, отырықшы елдерде –туған қаласымен бірге атау) “Үйсін Төле би”
аталынған. Төле бидің ұрпақтарының айтуынша, Төле 93 жасында қайтыс болған.
Төле Әнет бабадан бата алған деген аңыз бар. Ал, Әнет баба туралы
шежіреде мынадай дерек сақталған: “Тобықтыны Ордың қара ағашынан (Орынбор
облысы) осы жерге бастап келген Мамай батыр еді. Жоғарғы Кішіктің
бәйбішесінен екі бала – Санмұрын, Бәйімбет, тоқалынан екі бала: Әнет,
Әйтек. “Әнет баба” атанып “Жеті Жарғыны” түзуге қатысқан билердің бірі
болған және “Ақтабан – шұбырындыда” Сырдан ауғанда 97 жасында жүре алмай
қалған осы “Әнет баба” еді. [12,208 б]
Төле би 1660 жылы туып, 1750 жылдары шамасында қайтыс болған дейді
зерттеуші Б.Адамбаев.
Қазыбек Келдібек ұлы – руы Қаракесек, Арғын тайпасынан. Ол 1667 жылы
туып, 1764 жылы ұзақ жасап, 97 жасында қайтыс болған. [сонда]
Алшын Әйтеке туралы, оның билік шешімдері жайлы әңгімелер
сақталғанымен, оның туған, өлген жылдары дәл белгілі емес. Көптің
зерттеуінше Әйтеке би жас жағынан Төледенде, Қазыбектенде ұлкен болған.
Міне осы билер көптеген басқа билер арасынан суырылып алға шыққан.
Кейін келе-келе (өз дәуірлендеақ) басқа билер “Төле былай шешіпті”
дегендей, өздері осындай атақты билердің шешкен үлгі-өнегесімен дауларды
шешіп отырған хақ. Осындай билік шешімдер “Жеті Жарғының” таптырмас қайнар
көзі болады.
Тәуке хан жоғарыда айтылған қазақ ата, заң нормаларының қайнар
көздеріне көз жұмып қарады деген ой тумас керек. Қайта сол қайнар көздерге
сүйене отырып “Жеті Жарғыны” түзді. Тек Тәуке өз дәуіріне қайшы, қоғамның
ыдырауын тездететін, әлсірететін жақтарына ғана реформа жасады, хан
өкіметін, билер үстемдігін күшейтетін, рулардың ара-қатынасын біріктіретін
шараларды енгізді. Біз бұл мақалада тек осыларды әңгіме етіп, “Жеті
Жарғының” қайнар көзі өте тереңде жатқанын ескертіп өтуді ғана мақсат
еттік.
Ислам дінінің, шариғат нормаларының да “Жеті Жарғыға” азда болса
ықпалы болған. Көшпелі қазақ елінде исламның терең тамыр жібермегені, оның
нормаларының сирек тарағаны әдебиетте айтылып жүр. Бұл шындық.
Ислам діні енгенге дейінгі Қазақстанның қазіргі териториясында тұрушы
әртүрлі тайпалар көбінесе тас мүсіндерге, табиғат құбылыстарына сыйынып,
аспанды көк тәңірі деп табынып, қажет болса күнді, отты құдай тұтты. Ата-
баба аруағына сыйынып әрі өлген адамға істелінетін жол-жоралғы, әдет-
ғұрыптары болды. Неке және семьядағы салтында қалыптасқан кәде-қаумет, жол-
жоралары қолданылады. Ежелгі мәжәусилік шаманизм нанымдары мен соған
сүйенген әдет-ғұрыптар ұзақ мезгіл өзінің күшін жоймай, осы күнге дейін
(мысалы, келін түскенде отқа май құю, жұлдыз ақса, жұлдызым жоғары деп
айту, “жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке” деп көкке, айға жалбарыну,
наурыз мерекесі т.б.) сақталып отыр. Міне, сол дәуірлерде қалыптасқан түркі
халықтарының яғни біздің ата-бабаларымыздың әдет-ғұрпы “Жеті Жарғының”
негізгі бір қайнар көзі болып табылады.
“Жеті Жарғы” мазмұны жағынан үш құрамнан тұрған деуге болады.
Біріншіден, қазақтың ежелгі әдет-ғұрып правосы – “Қасым ханның қасқа
жолына” негізделген; екіншіден, одан соңғы өзгерістер, соның ішінде
“еңсегей бойлы Есім ханның ескі жолы” деп аталатын нормаларын қамтыған;
үшіншіден, Тәуке ханның дәуіріне, саясатына сәйкестендіріп әдет-ғұрып
нормаларына өзгерістер және кейбір жаңалықтар енгізілген.
1.3 “Жеті жарғының” зерттелу тарихы
“Жеті жарғының” зерттелу тарихы бірнеше ғасырды қамтиды, бірақ ескерте
кететін мәселе бар. Алдымен “Жеті жарғыны” ғылыми түрде зерттеу, яғни
академиялық деңгейде зерттеу, әлі күнге дейін тәжірибе ала алған жоқ.
Екіншіден, “Жеті жарғыны” қазақтың әдет-ғұрып дәстүрлерімен, жолдарымен
салыстыра отырып, жеке бөліп қарастырған зерттеулер жоқ. Тіпті “Жеті
жарғыны” қазақтың мыңдаған жылдар бойы қордаланып, қоғамдық өмірінің
реттеуші тетігі есебінде өмір сүрген заң-ережелерінен бөле жарып қарау
мүмкін де емес шығар.
“Жеті жарғы” туралы алғашқы салиқалы пікір айтқан А.И. Левшин қарама-
қайшылыққа толы жазбалар қалдырды. Кіші жүз қазақтарының ішіндегі белгілі,
салмақты ру басшылары мен сұлтандарының айтқанына сүйене отырып А.И.
Левшин: “было время, говорят благоразумнейшие из Киргизов Меньшой Орды,
когда и наш народ жил в покое, было время когда и у нас существовал
порядок, были законы и правосудье. Сей золотой век, о котором воспоминают
они со вздохом, есть царствование знаменитого Хана их Тявки” [13.Ч.3,
б.169] – деп жазады.
Қазақ қоғамының XVІІІ ғасырдың соңы ХІХ ғасырдың басында елеулі
өзгеріске түскені, хан билігінің, ежелгі тәртіптегі сындарының кете
бастағаны бір жағынан тарихи заңдылық, екінші жағынан Ресейге бодандықтың
тікелей нәтижесі. А.И.Левшин отаршылдық саясаттың қазақ қоғамына тигізген
кері әсерін жаза қоймайды, оның пікірінше Әз Тәуке заманында аздаған
тәртібі болған қазақ қоғамының негізгі сипаты анархия: “...совершенное
безналичие не может быть продолжительно, но непрочность властей, у Киргизов
существующих, неопределенность оных, слабость, свобода переходит из под
одной к другой, отсутствие законов, ненаказанность преступлений, очень
близки к тому понятию, которое обыкновенно разумеется под словом анархия”
[сонда. ч.3, с.157].
А.И. Левшин еңбегі ХІХ ғасырдың басындағы қазақ туралы энциклопедиялық
деңгейдегі түсініктер мен мәліметтерді бергенімен де, қазақ қоғамының ішкі
өмір сүру тәртібі, заңдылықтары, мемлекет пен құқықтың ерекшеліктері туралы
пікірлері сын көрмейтін дәрежеде.
Кейіннен А.И. Левшиннің қазақ қоғамы туралы айтқан ат үсті пікірлері
В.В. Радлов тарапынан қатал сынға ұшырады. “Да не только живущие по
соседству с киргизами народности, но и такие научные авторитеты, как А.И.
Левшин, резко отрицательно отзываются о киргизах... [14,689 б]
“Жеті жарғының” қазақ қоғамындағы қызметін, мемлекеттің ішкі және
сыртқы саясатындағы орнын түсіну үшін көшпелі өмір салтына, оның шаруашылық
және әлеуметтік тіршілігінің салаларына әбден қанығу керек. Тарихи
деректерден орталық саяси биліктің пәрмені мен құрығы қазақ қоғамына түгел
жете бермейтінін көреміз, бірақ оның есесіне қоғамды біріктіріп ұстап
тұратын реттегіш бар, ол рулар арасындағы, жеке адамдар арасындағы туыстық
қарым-қатынас. Туыстық шаруашылықты, әлеуметтік өмірді, саясатты т.б. қоғам
өмірінің салаларын бір жүйеге салады. “жеті жарғы” осы жүйені дұрыс жұмыс
істеткізетін құндылықтар жинағы. Оның ең басты мақсаты адамның әр басқан
қадамын ережеге салу емес, ол мүмкін де емес, оның ең басты қызметі
көшпеліліктің басты құндылықтарын айқындау. “Жеті жарғы” ережелерін қазақ
қоғамының көпшілік бөлігі жатқа біледі. Қазақ ортасындағы әр дауды билер
осы құндылықтар деңгейінен келіп қарастыруы басты шарт. Әр адамның мінезі
әр түрлі болатыны сияқты “Жеті жарғының” да әр билікке дайындалған жеке
ережесі жоқ.
В.В. Радловтың өзіне дейінгі зерттеушілерден ең басты артықшылығы, ол
қазақ қоғамының негізгі өмір сүру салтын, ерекшелігін жақсы
түсінгендігінде. “В отношении же такого народа, как киргизы, содержащего
столь много скота, не может быть и речи о неплановых переездах” – деп
жазады ғалым [сонда, С. 253]. Бұл қалыпты тіршілікті бұзатын тек сыртқы
әсер, не халықтың, малдың санының шектен тыс өсіп кетуі, міне осы кезде
мемлекеттің саяси билік институттары күшейе бастайды. Хан өз қолына билікті
жинап алады, бұл жаугершілік заман басталды деген сөз. Бұл процесс не
империя құруға, не отырықшы елдердің арасына еніп жоғалып кетуге алып
баратын жол.
“Жеті жарғы” тәртібін В.В. Радловтан да терең түсінген ғалым Шоқан
Уәлиханов. Оның жазбаларында “Жеті жарғыға” арналған жеке бөлім жоқ,
дегенмен Шоқан қазақтың заң ережелерін, жолдарын Тәуке заманынан тым әріде
қалыптасқан деген пікірден ешқашан айныған жоқ. ол бірнеше жерде “Жеті
жарғы” ережелері мыңдаған жылдар бойы өмір сүрді деп жазды. оның алдымен
жазатыны әдет-ғұрып заңдарына негіз болған “туысқандық, ауа-райы мен
табиғат” туғызған заңдылықтар [15, б.79]. осы пікірді жалғастырып “Понятия
родства распространялись у киргизов и в отношении отдаленнейших поколений”
– деп жазады. Шоқанның айтуы бойынша егер қоңырат пен арғын руының арасында
дау болса даугер бүкіл “Сібір қырғыздары облысының” билерінен бас тартуға
құқылы.
Шоқан қазақтың әдет-ғұрып заңдарының шын жанашыры және ғалым ретінде
тамаша салыстырмалы пікірлер айтты. Оның ойынша қазақ қоғамына арқау болған
дәстүрлі заңдар Ресей реформаторлары табынып отырған Батыстың заңдарынан
анағұрлым адамшылыққа жақын, ал Шығыстың тәртібінен оқ бойы озық: “Нет
никакого сомнения, что тот закон хорош для народа, котрый более ему
известен, закон родной под которым человек вырос и воспитывался, как бы
закон этот ни был несовершенен, должен казаться ему лучше, понятнее и яснее
самых мудрых законодательств, взятых извне и навязанных сверху. Между тем,
обычное право киргиз, по той же аналогии высшего развития с низшим, на
которое мы так любим ссылаться, имеет более гуманных сторон, чем
законодательство, например, мусульманское, китайское и русское по Русской
Правде. В киргизских законах нет тех предупредительных и устрашающих мер,
которыми наполнены новейшие европейские кодексы. У киргиз телесные
наказания никогда не существовали. А законы родовые, по которым члены рода
ответствуют за своего родича, при родовых отношениях приносят много пользы”
[сонда, с. 94].
Ш. Уәлихановпен қатар қазақтың әдет-ғұрып заңдары жөнінде және ерекше
“Жеті жарғы” туралы пікір білдірген М. Красовский. Ол “Жеті жарғы”
заңдарының мемлекетті күшейту ниетімен жасалғанын және бұл заңдардың түп
негізінде әдет-ғұрып ережелері жатқанын жазады: “Плодом стремления Тявки
слить три казачьи роды были изданные им законы, сделавшие имя этого хана
столь популярным в степи. Надобно однако думать, что эти законы имели силу,
да и то условно-обязательную, для казачьих племен только при жизни всеми
уважаемого аксакала. Предпринятый Тявкою труд – согласить между собою
обычаи розно управлявшихся народностей было не по силам для одного
человека, и хотя, в ходячих между нынешними киргизами понятиях о праве, в
сохранившихся у них древних законах... мы должны видеть, главным образом,
следы установившегося Тявкою устройства. Но так как до сих пор есть много и
противаречащих одно другому постановлений, то есть мы должны также
предпологать, что и прежде, рядом с тявкинскими законами, действовали и
законоположения других ханов или постановления, освященные обычаями разных
вошедших в союз племен” [16, ч.1,с.53].
М.Красовскийдің басты қателіктерінің бірі қазақтың хан билігін, жалпы
саяси-құқықтық құрылысын терең түсіне білмегендігінде. Ол хандардың
билігінің шектеулі болуын себеп қылып мемлекеттілікті жоққа шығара салады.
Шын мәнінде хан билігі халықтың билік құқықтық көзқарастарының сыртқы ғана
көрінісі және ол көрініс бірде күшейіп, бірде азайғанымен ел өзінің
тәуелсіздігінен, мемлекеттігінен күдер үзді деп айту жөн емес. Көшпелілер
қоғамы азаматтық қоғамның үлгісі, ол қоғамның әр мүшесі мемлекеттің
кірпіші. Мемлекет ұғымы алдымен адам санасында , оның қоғамдық шаруаға
қатысында танылады. Билік институттары, атрибуттары қоғамдық құрылымның бір
ғана қыры, көзге түсетін тұсы. көшпелілердің саяси құндылықтары мұхитта
жүрген айсберг сияқты, негізгі бөлігі көзге су астында жүзіп келеді.
Өкінішке орай қазақ заң ережелерімен айналысқан зерттеушілердің көпшілігі
ол жағына мән бере қоймаған. сол себептен М. Красовский: “Изданные,
например, ханом Тявкою узаконения, имевшие целью установление в степи
однообразного устройства, не могли войдти в силу, а между тем Тявкою
начиналась, ими же можно сказать и оканчивалась та популярность, до которой
когда-нибудь достигла власть ханов” – деп жазды [сонда, ч.,с.7].
Жоғарыда аталған зерттеушілердің бәрі де “Жеті жарғы” тек заң
ережелерінің жинағы ғана емес, мемлекеттік билік құрылымы, хан билігінің
қабілетін күшейтетін Кеңес екенін жақсы аңғарған. бұл көзқарас өкінішке
орай “Жеті жарғыны” кейінгі уақытта зерттеушілердің арасында қолдау таппай,
тек ереже күйінде қабылдау басым болды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында
қазақтың әдет-ғұрып заңдарымен айналысқан зерттеушілердің көпшілігі қазақ
мемлекеттілігі мәселесін тіпті де ауызға алмай, заң ережелерін жеке бөліп
алып қарастырады. Бұл бір жағынан түсінікті еді. Ресей бодандығына
біржолата қараған қазақ елінің хандық дәуірі, мемлекеттілігі жөнінде сөз
қозғау саясат тұрғысынан зерттеушілерге тиімсіз болды. Бірақ осы қалыпты
сүрлеу Совет кезеңінде қалпынан шыққан жоқ, зерттеушілердің көпшілігі
қазақтың әдет-ғұрып заңдары туралы жазғанымен, оның мемлекетпен қатынасы
заңдары туралы жазғанымен, оның мемлекетпен қатынасы туралы мәселені
айналып өтуге дағдыланып алды.
Бұл қалыпты жолдан бөлек еңбектер көп емес. Азды-көпті зерттеу
еңбектердің ішінде Н.Г. Аполлованың 1984 жылы жарияланған “Присоединение
Казахстана к России” монографиясы ерекше көңіл аударуға тұрады. бұл зерттеу
40-жылдардағы қоғамтанушылары (тарихшы, заңгер т.б.) жеткен биікті
көрсетеді және белгілі дәрежеде тарихқа көзқарастардың квинтэссенциясы
тәрізді. Өкінішке олрай 50-ші жылдардың қоғамтанушылар арасында жүргізілген
қудалау ғылыми көзқарастарды артқа шегеріп, жұтатып тастады.
Н.Г. Аполлова “жеті жарғыны” қазақ қоғамының өмірінде ірі орын алатын
саяси институт деп атайды: “Совет биев (диван), состоявший из нескольких
знатных биев, представлял собой совещательный орган при хане и, ...совет
состоял из семи биев. Предание приписывает им участие в составлении так
называемых “законов Тауке”. Но законодательные функции совета биев были
вообще ограничены, поскольку хояйственная и политическая жизнь казахского
общества регулировалась нормами написанного обычного права (адата).
значительно шире его функции как органа, которому пренадлежит феодальное
право совета, которое выражалось, прежде всего, в том, что хан без совета
старшин не мог вынести ни одного решения” [17,с.103].
Н.Г. Аполлова “Жеті жағының” негізгі қызметін өте дұрыс түсінген.
“Жеті жарғының” құрамының өзі (ең беделді орда билерінің қатысуы) оның ең
алдымен Мемлекеттік Кеңес қызметін атқаратынын айғақтайды. Сонымен қатар
“Жеті жарғының” заң шығару, не болмаса билер шешімдеріне кесім жасауы
(прецедент), бүкіл ел көлеміндегі билік істеріне үлгі пішіп отыруы, “Жеті
жарғының” жоғарғы сот, құқық қызметін атқарушы билік орны екенін көрсетеді.
Бұл жағынан “Жеті жарғы” белгілі дәрежеде конституциялық сот қызметін
атқарып билік нұсқаларын, жүргізілуі ережелерін реттеп отырды дей аламыз.
“Тәуке ханның заңдары” аталатын заң ережелерінің бәрі де түбі ертеден келе
жатқан дәстүрлерге сайғанымен XVІІ ғасырдың соңында жаңа електеген өтіп, ел
қызметіне жаңғырған қалпында кірісті. Автор монографиясының екінші бетінде
жоғарыда айтылған өз сөзіне қарсы да шығады: “Так называемые “законы Тауке”
(“жеты-жарга” – законы семи судей), представляющие собой кодификацию
обычного права, дошли до нас лишь в переводах и отрывочных записях,
сделанных в начале ХІХ века со слов казахских биев” [сонда, с.115]. “Тәуке
заңдары” қазақтың әдет-ғұрып ережелерінің жаңғырған, жүйеленген түрі деген
автордың соңғы анықтамасына келісуге болады.
Н.Г. Аполлова, Т.М. Күлтелеев, С.Л. Фукс сияқты тамаша ғылымдардың 40-
50-ші жылдардағы еңбектерімен “Жеті жарғыны” зерттеудің тұтас бір кезеңіне
байланысты. Одан кейінгі ұзақ жылдарға созылған тоқырау татымды еңбек
берген жоқ. Бұл тақырыпқа қызығушылық 80-ші жылдары қайта басталады.
Алдымен С.Зиманов пен Н.Өсеров бірлесіп жазған екі мақала шықты да,
кейіннен бұл тақырып шығыстанушылар тарапынан да белгілі қызығушылық
туғызды. [30,31]. Ең алдымен Т.И. Сұлтановтың 1982
жылы “Кочевые племена Приаралья в XV-XVІІ вв.” кітабында “Жеті жарғыға”
арнайы бөлім берілгенін айту керек. Бірақ автор тарихнамада өзіне дейін
қалыптасқан дәстүрлерге толық бағынбай “Жеті жарғыны” тек құқықтық
ескерткіш тұрғысынан қарастырады. Шығыстанушы Т.И. Сұлтанов құқықтанушы
ғалымдардың мақалаларының тікелей әсерінде болды десек артық айтқандай
болмас. Автор “Жеті жарғының” қайнар көздері есебінде әдет-ғұрып заңдарын
ұсынады: “в качестве источников “Жети Жаргы” следует признавать скорее
всего не древние письменные тексты, но старый, всем знакомый и всеми
признаваемый обычай устного права, служивший основой и для Ясы, а также
неписанные узаконения других казахских ханов, предшественников Тауке” [7.
с. 67].
Сонымен бірге автор “Жеті жарғыға” XVІІ ғасырдағы қазақ қоғамына қажет
әскери-саяси және әлеуметтік өмірдің дамуы туғызған ережелер енді деп
есептейді. Т.И. Сұлтановтың құнды пікірлерінің бірі “Жеті жарғының” қазақ
өмірінің әр бағыттарын яғни әкімшілік, қылмыстық, азаматтық мәселелерін,
сонымен қатар алым-салық, дін т.б. салаларын қамтамасыз ете алатын қабілеті
зор” деген пікірі.
Расында да “Жеті жарғы” ережелері қазақ қоғамының әр саласын қамтиды,
бұл А.И. Левшин жазбаларынан да анық көрінеді. Дегенмен А.И.Левшиннің “Жеті
жарғыға” - қатысты ережелерді ғана билерден жазып алғанын дәлелдеу өте қиын
мәселе, екіншіден “Жеті жарғының” қазақтың әдет-ғұрып заңдарынан
айырмашылығы бар екенін, олардан іріктелінген заң ережелері екенін дәлелдеу
де оңай емес. “Жеті жарғы” негізінен XVІІ-XVІІІ ғасырларда қолданыста
болған әдет-ғұрып ережелерінен, билердің оңтайлы шешімдерінен құрастырылса
керек. “Жеті жарғы”, егер қазақ әдет-ғұрып заңдарының аясындағы жинақ десек
көшпелілер қоғамындағы сергектік, билердің тың шешімдерін канонға
айналдыру, әлеуметтік-шаруашылық өмірдегі өзгерістерге икемделу т.б.
эволюциялық салтынан шығып кетуі мүмүкін емес. Көшпенділердің әдет-ғұрып
заңдары мәңгі көне қазына және мәңгі жас даналық.
Қазақ заңгер ғалымдарының арасында “Жеті жарғы” тақырыбына соңғы
уақытта қалам тартқандардың ішінен академик С.З. Зиманов мектебінің
өкілдерін айту керек. Олар З.Ж. Кенжалиев, Н.С. Ахметова, К.А. Абишев, Н.У.
Өсеров т.б. зерттеушілер. Бұл аталған ғалымдар “Жеті жарғыға” ең алдымен
құқықтық ескерткіш есебінде қарайды. Олардың “Жеті жарғыға” қатысты
пікірлерін “Қазақ әдет-ғұрып заңдарының мәселелері” аталған жинаққа кірген
мақалалары арқылы талдауға болады. Н. Өсеров мақаласы “Жеті жарғы” тарихи
маңызы зор ірі ескерткіш болып табылады” [19, б. 122]- деп басталады.
“Жеті жарғы” мәселелері З.Кенжалиевтің “Көшпелі қазақ қоғамындағы
дәстүрлі құқықтық мәдениет” монографиясында да көтеріледі. Автордың
пікірінше “Жеті жарғы” қазақ қоғамының ішкі мәселелеріне көбірек назар
аударады және соған байланысты бірсыпыра жаңа нормаларды кіргізеді.
З.Кенжалиев “Жарғы” мемлекеттік биліктің құқық түзу қызметінің өсіп-өніп,
жаңа сатыға көтерілген тұсының туындысы және көрінісі” – деп есептейді [20,
б. 83].
2- ТАРАУ. ЖЕТІ ЖАРҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ
2.1. Жеті жарғының нұсқалары және оларды талдау
"Жеті жарғының" негізгі мазмұны хандық билікті қорғауға, соған
экономикалық, саяси үстемдік әперуге арналған. Сондай-ақ күрделі де даулы
мәселелерді шешу жолдары нақты көрсетілген. Біз Абай Құнанбаевтың: "Бұл
билік деген біздің қазақ ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан келмейді.
Бұған бұрынғы "Қасым ханның қасқа жолын", "Есім ханның ескі жолы", әз
Тәукенің "Жеті жарғысын" білмек керек" деуді Ресей патшалығының қазақ
жұртына таңған жолы дұрыс еместігін, билерді еш уақытта сайлап қоюға
болмайтындығын көрсетеді. Әрі ол кезде де "Жеті жарғымен" зиялылардың жақсы
таныс екендігін білдіреді.
"Жеті жарғы" заңдары А.И. Левшиннің, Д. Андренің, А. Аитовтың, Л.Ф.
Баллюзектің, И.А. Козловтың, Г. Шангиттің, Я.И. Гурляндтың, Я.
Гавердовскийдің, Д.Я. Самоквасовтың Л.А. Словохотовтың, Н.И. Гродековтың
еңбектеріне ірілі-уақты түрде болса да берілген. Дегенмен, олардың қамти
алмаған мәселелері де болуы ғажап емес.
Ел ішіндегі бір нұсқа дерегі бойынша: Жәңгір ханның ұлы Тәуке "Қасым
ханның қасқа жолын", "Есім ханның ескі жолын" өз дәуіріне сай етіп, сондағы
ережелердің жеті түріне күрделі өзгеріс енгізгендіктен, ол өзгерістер
"Тәуке ханның Жеті жарғысы" ("Жеті жарлығы") аталып кеткен делінеді.
Бірінші жарлығы: "Халықтың ханы, сұлтаны, пірі-әзіреті қастан
өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн
төленсін".
А.И. Левшин: "Кімде-кім сұлтан не қожаны өлтірсе, өлген жақтың
туысқандарына айыпты жағы жеті адамның құнын төлеуі тиіс" десе, Д.Я.
Самоквасов та: "Егер кімде-кім қожаны өлтірсе, онда өлген жақтың
туысқандарына жеті қарапайым жай адамға тиісті құнын төлеуі қажет,
төлемеген жағдайда қылмыскердің өзін қоса жақын туыстарынан жеті адамды
асып өлтіру керек" дейді. Ал П.В. Маковецкий: "Сұлтан үшін жеті қарапайым
құн" деп көрсетеді. Құнды құныкердің өзі ғана емес, бүкіл руы болып
төлеген.
Сөйтіп, Тәуке ханның "бірінші жарлағын" бізге келіп жеткен бұл дерек
растап отыр. Қарапайым ер адамның құны 1000 қой немесе 100 түйе, я болмаса
200 жылқы болса, сұлтан мен қожаның құны – әлбетте, олар халықтың ханы,
сұлтаны, пірі-әзіреті болса ғана – 7000 қой, болмаса 700 түйе, немесе 1400
жылқыға тең. Бұл жөнінде Л. Баллюзектің: "Ханның құны жеті қарапайым адам
құнына тең. Өйткені хан жеті руға не атаға билік етеді" деген дерегінің
жаны бар.
Екінші жарлығы: "Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі
өлтірілсе, олардың әрқайсысына (ақсүйектен, пірдің тұқымы деп) екі кісінің
құны төленуі тиіс".
Төрелер мен қожалардың жай қатардағы адамы үшін құн қандай мөлшерде
төленетіні жайлы А.И. Левшин де, К. Шүкірәлиев те, Г. Шангин де, Я.
Гавердовский де, т.б. ашып ештеме де айтпаған. Ал орыс зерттеушілері
материал жинаған кезде ақсүйектер кезде ақсүйектер мен төрелердің қолындағы
тізгін әлсіреген, хандық билік жойылуға айналып, Ресей өз идеологиясын
барынша енгізуге тырысып жатқан шақ еді. Тек Л. Баллюзек пен А. Рязанов:
"Сұлтан тұқымдарының ері мен әйелдерінің құны жай адамдардан екі есе артық"
дейді. [21. с ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz