Қосарлы дауыссыз дыбыстар және олардың емлесі
Емледегі тілдің емлесі оның басты құрылымының дұшпаны емес, қорығы болуы керек, өкінішке орай, қазақ тілінің атазаңы болып табылатын Үндестік заңдылығын аяққа басуға қазырғы емле қолғабыс болуда: қазыр – қазір, қадыр – қадір. Мұның үстіне тілдің бұл заңын жоққа шығарып, орыс тілінің заңдылығын тықпалап жүрген Ь секілді белгілер бар, мәселен, сингармонизм заңы бойынша қазақ тілінде «дельфин» сөзі жіңішкелік белгісіз жазылуы керек: делфин, өйткені, қазақ тілінің жіңішке е дыбысы «л»-ды жіңішкертіп тұр; ал орыс тіліндегі е дыбысы жуан айтылып, келесі дауыссызға ықпалы болмағандықтан, «л»-ды жіңішкертуге арнайы белгі керек екені рас. Тіпті, екеуі бірдей таңбаланса да, қазақы Е жіңішке, орысша Е дыбысы жуан дыбысталатынын ескермейміз. Осы орайда, әліпбиге терең үңіліп, орыс дыбыстарының ішіндегі ерекше тоқталуды қажет ететіні – «и». Жалпы, қазақ тілінде бір ғана қысқа «и» (й) дыбысы бар, ал ұзақ «и» - қазақ тілін тәуелдендіру саясатының нәтижесі. Әдеттегі қазақ тілі қағидасына енгізілген «дауысты дыбыстан соң қысқа и (й), дауыссыздан соң ұзақ и айтылады» дейтін ереже тіліміздің қасиетін көз бе көз бұрмалау болып отыр. Салыстырайық: сүй - ки, күй – би, түй – ти, үй – ши деген сөздердегі қысқа мен ұзақ «и»-лердің айырмашылығы бар ма? Жоқ! Өйткені, бәрі де қысқаша дыбысталып тұрған «и»-лер, «йй» болып тұрған ешқайсысы жоқ, демек, қазақ әліпбиіндегі ұзақ и - дыбысы артық әуре! Сонымен бірге, и дыбысы «сипат», «жинақ» сөздеріндегі «ый»-ды, «жиі» сөзіндегі ій-ді не үшін алмастырып тұрғаны түсініксіз, әліпбиімізде қысқа й болмаса, бір сәрі! Көрер көзге артық и әріпін ақтау үшін тілдің жазылымын тәлкекке салып отырғанымыздың мысалы осы емес пе?! Бұл мысал «ый» және «ій» дыбыстарын таңбалайтын и әріпінің қазақ тіліндегі екі «жүзділігін» көрсетіп тұр. Масқара болғанда, қазыр біз «музыйка», «румыйнйа» деген сөздерді орысша түрде «музыка», «румыния» деп жазып жүрміз, мұндағы орыстың «ы» әріпінің, «ый» болып дыбысталатынында шаруамыз болмай қалған.
Қосарлы дауыссыз дыбыстар және олардың емлесі
Емледегі тілдің емлесі оның басты құрылымының дұшпаны емес, қорығы
болуы керек, өкінішке орай, қазақ тілінің атазаңы болып табылатын Үндестік
заңдылығын аяққа басуға қазырғы емле қолғабыс болуда: қазыр – қазір, қадыр
– қадір. Мұның үстіне тілдің бұл заңын жоққа шығарып, орыс тілінің
заңдылығын тықпалап жүрген Ь секілді белгілер бар, мәселен, сингармонизм
заңы бойынша қазақ тілінде дельфин сөзі жіңішкелік белгісіз жазылуы
керек: делфин, өйткені, қазақ тілінің жіңішке е дыбысы л-ды жіңішкертіп
тұр; ал орыс тіліндегі е дыбысы жуан айтылып, келесі дауыссызға ықпалы
болмағандықтан, л-ды жіңішкертуге арнайы белгі керек екені рас. Тіпті,
екеуі бірдей таңбаланса да, қазақы Е жіңішке, орысша Е дыбысы жуан
дыбысталатынын ескермейміз. Осы орайда, әліпбиге терең үңіліп, орыс
дыбыстарының ішіндегі ерекше тоқталуды қажет ететіні – и. Жалпы, қазақ
тілінде бір ғана қысқа и (й) дыбысы бар, ал ұзақ и - қазақ тілін
тәуелдендіру саясатының нәтижесі. Әдеттегі қазақ тілі қағидасына енгізілген
дауысты дыбыстан соң қысқа и (й), дауыссыздан соң ұзақ и айтылады дейтін
ереже тіліміздің қасиетін көз бе көз бұрмалау болып отыр. Салыстырайық: сүй
- ки, күй – би, түй – ти, үй – ши деген сөздердегі қысқа мен ұзақ и-
лердің айырмашылығы бар ма? Жоқ! Өйткені, бәрі де қысқаша дыбысталып тұрған
и-лер, йй болып тұрған ешқайсысы жоқ, демек, қазақ әліпбиіндегі ұзақ и
- дыбысы артық әуре! Сонымен бірге, и дыбысы сипат, жинақ сөздеріндегі
ый-ды, жиі сөзіндегі ій-ді не үшін алмастырып тұрғаны түсініксіз,
әліпбиімізде қысқа й болмаса, бір сәрі! Көрер көзге артық и әріпін ақтау
үшін тілдің жазылымын тәлкекке салып отырғанымыздың мысалы осы емес пе?!
Бұл мысал ый және ій дыбыстарын таңбалайтын и әріпінің қазақ тіліндегі
екі жүзділігін көрсетіп тұр. Масқара болғанда, қазыр біз музыйка,
румыйнйа деген сөздерді орысша түрде музыка, румыния деп жазып
жүрміз, мұндағы орыстың ы әріпінің, ый болып дыбысталатынында шаруамыз
болмай қалған. Ал, енді бұл қазақы әліпбидің жекелеген орыс сөздеріне
келгенде, тіпті, қолданыстан шығып қалып жүргенін көрсетеді. Қазақ тілінің
жалпақшешейленген сыйпаты тек қана орыс тіліне ғана қатысты емес, араб-
парсы тілдеріне де қатысты. Тілімізге сол тілдерден енген саусақпен
санарлық сөздер үшін һ дыбысын тықпалап қойдық та, анда-санда қаһарман,
айдаһар деп шала бүлінеміз! Шын мәнінде кәзіргі қазақ бұларды жөткірінбей-
ақ: қахарман, айдахар дей салады. Енді бұған исламды қабылдаған жүздеген
жылдар бойы Алла атап келген жаратқанды Аллаһ дейтін болдық. Ал, егер
арабтар мен парсыларға қазақ тіліне олардың қанша сөздері енгендігі жөнінде
есеп керек болса, оны басқа жолмен де шешуге болады ғой! Егер де қазақ
әліпбиі жасақталған бұрынғы жалпақшешейлік тұжырымдамамен қарасақ, қазырғы
әліпби күнтәртібінің талабына сай емес, өйткені, бұл тұжырымдама қазақ
тілінің жазбаша сыйпатын нақты беру емес, өр кеуделі орыс тілінің сөздерін
сол күйінде жазуға ыңғайластырудан шыққан болатын. Енді қазақ тілінің
алдында алып кейіпті дүниежүзілік ағылшын тілі тұрғанын ескерсек, онда 42
әріпке ағылшынның тағы да 7-8 әрпін қосып, әліпбидегі әріп санын 50-ге
жеткізіп, айды аспанға шығару қалып тұр ма? Кім білсін, оның арғы жағында
қытайдың иероглифі де есігімізден сығалап тұр дегендей... Дыбыстарды
түгендеу Аталған жағдайларды қазақ тілінің өзге тілге тәуелдік сыйпаты
есебінде бағалап, оны құтқаратын уақыт келді. Сайып келгенде, қазақ
тіліндегі 42 әріппен 74 дыбысты таңбалап жүрміз. Ал оған А.Байтұрсынұлы
дәйектеген 29 таңба да жеткілікті болатын. Егер әліпбиге нағыз қазақы
сыйпат берсек, мынадай кесте шығады: әріптер - дыбыстар 1. а – а; 2. ә - ә;
3. б – бы,бі, ыб, іб; 4. г – гі, іг; 5. ғ – ғы, ығ; 6. д – ды, ді, ыд, ід;
7. е – е; 8. ж – жы, жі, ыж, іж; 9. з – зы, зі, ыз, із; 10. й – й; 11. к –
кы, кі, ык, ік; 12. қ – қы, ық; 13. л – ыл, лы, іл, лі; 14. м – ым, мы, ім,
мі; 15. н - ын, ны, ін, ні; 16. ң – ың, ің; 17. о – о; 18. ө - ө; 19. п –
пы, ып, пі, іп; 20. р – ыр, ры, ір, рі; 21. с – сы, ыс, сі, іс; 22. т – ты,
ыт, ті, іт; 23. у – ұу, іу; 24. ұ – ұ; 25. ү – ү; 26. х – хы,ых; 27. ш –
шы,ыш,ші,іш; 28. ы- ы; 29. і – і. Әліпбидегі дауыссыз дыбыстарға қосарланып
тұрған ы және і дыбыстары бұл жағдайда дауыссыздарды жуандату не жіңішкерту
қабілетінде бой көрсетіп тұр. Тілдің жазылым тұрқы Оқырманның көріп
отырғанындай, әдеттегі қазақ әліпбиінің айтылу бағанында дыбыстар орналасып
тұр және дыбыстар санын көбейтіп тұрған дауыссыз дыбыстар мен ы, і
дауыстыларының бірігуінен шыққан қосарлы дыбыстар. Егер бұл жайтты ескеру
арқылы қазақ тілінде қанша әріп болса, сонша дыбыс бар деген тұрғы
(принцип) тіліміздің табиғатына кереғар екеніне кезігеміз. Сонымен бірге
қазақ тілінің ежелгі жазба үлгісінің тұрғысын қайта түлетіп пайдалануға
мүмкіндік беретін және оның дыбыс санын әріп санына байламастан, тынысын
кеңітетін мүмкіндікке тап боламыз. Бұл жөнінде профессор Сейдін Бизақов
Емле ережесін жетілдіру (Туған тіл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz