2 – сынып математика сабақтарында оқытудың тәрбиелік функциясын жүзеге асыру


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Исаева Алия
«2 - сынып математика сабақтарында оқытудың тәрбиелік функциясын жүзеге асыру»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
050102 - «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша
Алматы, 2010
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
«Қорғауға жіберілді»
Мектепке дейінгі және бастауыш
білім беру теориясы мен әдістемесі
кафедрасының меңгерушісі
Ә. Е. Жұмабаева
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: 2 - сынып математика сабақтарында оқытудың тәрбиелік функциясын жүзеге асыру
050102 - «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша
Орындаған: Исаева А. Б.
Ғылыми жетекшісі:
Аға оқытушы Астамбаева Ж. Қ.
Алматы, 2010
Мазмұны
Кіріспе . . .
І. Бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үдерісінде оқытудің тәрбиелік функциясын жүзеге асырудың педагогикалық негіздері . . .
1. 1. Оқытудың функциялары туралы түсінік . . .
1. 2. Педагогика теориясындағы тәрбиенің түрлері және бастауыш сыныптарда оқытудың тәрбиелік функциясын жүзеге асырудың мүмкіндіктері . . .
ІІ. Математика сабақтарында оқытудың тәрбиелік функциясын жүзеге асырудың теориясы мен тәжірибесі . . .
2. 1. 2-сыныптың математика сабақтарында оқытудың тәрбиелік функциясын жүзеге асырудың әдістемесі . . .
2. 2. Педагогикалық тәжірибе және оның нәтижелері . . .
Қорытынды . . .
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: «Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында» (1994), «Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңында» (1999, 2007) мемлекеттік тұрғыдан қазақ тілінің мәртебесі биіктетіліп, тәрбие мен білімнің құндылығын арттыратын бағыт-бағдарлар айқындалды. [1, 2]
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» атты Қазақстан халқына жолдауында « . . . біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтыны . . . » баса атап көрсетілген болатын. [3, ]
Қазақстан Республикасының 2007 жылы қабылданған «Білім туралы» заңында: жас ұрпақты азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу қажеттігі айқын көрсетілген [4, 27] .
Бүгінгі күнде бала тәрбиесі айрықша мәнге ие. ХХІ тасқындаған толассыз ақпараттар, қоғамдағы күрделі өзгерістер аясында өмір сүріп жатқан жас ұрпақты тәрбиелеудің күрмеуі қиын күрделі мәселелері жеткілікті. Ғаламдану өріс алған қазіргі заманның тәрбие жүйесіне ұлттық тәрбиені дарыту одан өзекті болып отыр. Осы тұрғыдан алғанда өткен тәрбие тәжірибесінің ауқымды бір саласын ұлттық дәстүрлер жүйесі құрайды.
Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. «Жас бала - жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді»- дейді халқымыз. Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді.
Тәрбие кездейсоқ оқиға емес, ол қоғамның пайда болуына тән қасиет. Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал. [5, 7]
Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым-қатынасын, өмірге көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру құралы.
Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлау, оларға қоғамды - тарихи тәжірибені үйрету үдерісі. [6, 21]
Тәрбие баланың өздігінен табиғи және еркін дамуы үшін жасалатын жағдай деп айтамыз. Тәрбие арқылы жеке адамның дүниеге ғылыми - материалистік көзқарасы, мінез-құлықтық, эстетикалық және осы сияқты қасиеттері қалыптасады, ол еңбек етуге ынталы қоғамның белсенді мүшесіне айналады.
Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты- әрбір тұлғаны жан-жақты және жарасымды етіп тәрбиелеу. Адам - жер бетіндегі тірі организмнің жоғарғы сатысы, қоғамдық-тарихи іс-әрекеті мен мәдениет субъектісі. [7, 68]
Аса көрнекті чех педагогы Ян Амос Коменскийдің еңбектерінде, оның теориялық идеялары дүние жүзіне кең танымал да, әрі осы күнге дейін өз маңызын жойған емес. Я. А. Коменскийдің әйгілі «Ұлы дидактика» атты еңбегінде балаларды оқытудың негізгі теориялық мәселелері мен оларды ұйымдастырудың жолдары баяндалды. Англияда Джон Локк (1632-1704), Францияда Жан-Жак Руссо (1712-1781), Швейцарияда Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827) . [5, 105]
Ұлттық педагогикалық теориямыз бен тәрбие мәселелері А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов сынды және т. б. кемеңгер ағартушы-педагогтардың еңбектерінде өз көрінісін тауып, біздің дәуірімізге дейін жетіп, егеменді ел ұрпағын тәрбиелеуде таптырмас құралға айналып отыр. Сондай-ақ, осы мәселе жөнінде құнды пікірлер айтып, жастар, әсіресе бастауыш сыныптар оқушыларын тәрбиелеу мәселелері жөнінде қазіргі заманғы педагог және әдіскер-ғалымдар Т. С. Сабыров, Р. М. Қоянбаев, С. Рахметова, Ә. Жұмабаева, Т. Оспанов және т. б. атап айтуға болады,
Адам баласының жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне тәуелді. Мектепте тәрбиенің басты міндеттері - теориялық білімді еңбекпен, өмірмен байланыстыра жүргізу, оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулу, оларды экономикалық, экологиялық біліммен қаруландыру, кәсіптік бағдар беруге тәрбиелеу.
«Бастауыш мектеп мұғалімдері өз сабақтарында оқытудың тәрбиелік функциясын жүзеге асыра ма? Оны қалай жүзеге асыруда? Әлде жоспарға енгізілгенімен, тәрбиелік мәні ашылмай қала ма?» сұрақтарына жауап іздеу мақсатымен зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «2-сыныптың математика сабақтарында тәрбие функцияларын жүзеге асыру» деп алдық.
Зерттеудің объектісі: Бастауыш сыныптағы оқыту үдерісі.
Зерттеудің пәні: 2-сынып математика сабағында оқытудың тәрбиелік функциясын жүзеге асыру барысы.
Зерттеудің мақсаты: 2-сынып математика сабақтарында оқытудың тәрбиелік функциясын жүзеге асырудың дидактикалық және әдістемелік жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеті: 1. Оқытудың тәрбиелік функциясының атқаратын қызметін анықтау.
2. Математика сабақтарында оқытудың тәрбиелік функциясын жүзеге асырудың әдістемелік жолдарын айқындау.
3. Зерттеу мәселесіне байланысты озық педагогикалық тәжірибені жинақтау, талдау және өз тәжірибемізде қолданып көру.
Зерттеудің болжамы: Егер оқытудың тәрбиелік функциясы бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үдерісінде дұрыс әрі орынды жоспарланып, тиімді түрде іске асырылатын болса, онда оқушыларын теориялық білімді еңбекпен, өмірмен байланыстыра жүргізуіне, оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулуға, оларды экономикалық, экологиялық біліммен қаруландыруға, кәсіптік бағдар беруге тәрбиелеуге мүмкіндік туады. .
Зерттеу жұмысының жаңалығы: математика сабақтарында оқытудың тәрбиелік функцияларын жүзеге асырудың дидактикалық және әдістемелік ерекшеліктерін зерттеу, тәрбиелік функцияны жүзеге асырудың әдістемесін ұсыну.
Зерттеу әдістері:
- Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді оқып талдау;
- Бақылау;
- Әңгімелесу;
- Озат тәжірибесінен оқып танысу және оны жинақтау.
Практикалық маңыздылығы: жоғары оқу орнының әдістемелік курсында, бастауыш сыныптардың математика және өзге де пәндерін оқыту барысында қолдануға болады.
Теориялық және әдіснамалық негіздері: Жеке тұлға және іс-әрекет туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық теориялар; тәрбие мен білім берудің педагогикалық негіздері туралы ғылыми-зерттеу еңбектері; Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңы мен тұжырымдамалары және т. б.
Диплом жұмысы құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.
І. Бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үдерісінде оқытудың тәрбиелік функциясын жүзеге асырудың педагогикалық негіздері .
1. 1. Оқытудың функциялары туралы түсінік
Оқыту - қоғамдық құбылыс. Оның міндеттері мен мақсаттары және мазмұны қоғам қажеттеріне байланысты өзгеріп отырады. Жастарға берілетін білім мазмұны мен тәсілдерін белгілеуде шешуші роль атқаратын нәрсе - жеке баланың мүддесі емес, қоғамдық мүдделер мен қажеттіліктер.
Оқыту тәрбиенің басты құралы болып табылады. Оқыту арқылы жастарға біліммен қатар, белгілі бағытта тәрбие де беріледі. Оқытудан тыс балалар мен жас өспірімдердің жан-жақты дамуы мүмкін емес. Оқыту процесінде балалардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, олардың рухани дамуын жетілдіру - мұғалімдердің басты міндеттерінің бірі.
Оқытудың тәрбиелік сипатын күшейту, ең алдымен, оны өмірмен, еңбекпен ойдағыдай байланыстыруды керек етеді. Оқу - бала үшін еңбек, оның тәрбиелік мәні зор. Ол баланы жүйелі түрде ой еңбегімен шұғылдануға дағдыландырып, оның жігері мен мінезін тәрбиелейді. Оқыту барысында ғылым негіздерін оқып үйрену, ғылымның тарихымен және оның әдістерімен, ұлы ғалымдардың өмірімен және қызметімен танысу, мұғалімнің білімі, мәдени дәрежесінің жоғары болуы оқушыларға тәрбиелік жағынан үлкен ықпал етеді. [9, 7]
Оқыту - таным процесі. Өйткені онда ілгері қарай қозғалыс болады, оқушы білмеуден білуге қарай жүгіріп отырады. Оқытудағы міндет - оқушыны табиғат, қоғам және адам дамуының жалпы және негізгі заңдарымен қаруландыру.
Баланың оқуы - жалпы адамның дұрыс дүние тану процесінің өзгеше бір формасы. Дүниетану заңдары барлық адамдарға (балаларға да, ересектерге де, ғалымдарға да), бірдей ортақ болады. Адамның дүние тану әрекеті біріңғай, бір сатылы емес, диалектикалық сипатта болатындығын және оның белсенді әрекет екенін есте сақтау керек.
Оқушылардың таным процесі өзіне тән ерекшелігі бар күрделі психикалық процесс екенін де ұмытпау керек. Оқушының таным әрекеті мұғалімнің басшылығымен іске асырылып отырады. Оқушы білімді қысқартылған, педагогикалық тұрғыдан өзгертілген жолмен мұғалімнің және арнайы жазылған оқулықтардың көмегіне сүйене отырып алады. Дүние тануда оқушы ғалым адамдармен салыстырғанда өзі жаңадан ғылыми жаңалықтар ашпайды, ол - ғылымда бұрын ашылған, зерттелінген фактілерді, заңдылықтарды ұғынуға міндетті.
Оқушының нәтижелі оқуына әсер ететін сыртқы және ішкі күштер немесе себептер болады. Оқушының білім алуда ілгері қарай басуына себепкер болатын негізгі күш - түрлі қайшылықтар. Бала білмеуден білуге қарай қадам басқанда әр түрлі қайшылықтар мен қиындықтарға кездеседі, оларды шешу, жеңу нәтижесінде оқу міндеттері жүзеге асырылады. Оқыту процесіндегі ең негізгі қайшылық: ол - педагогикалық міндет - талаптар мен оқушының мүмкіндіктерінің (білім мен дағдысының және дамуының қазіргі деңгейі) арасындағы қайшылық. Бұған тағы да оқушының теориялық білі мен репродуктивтік ойлауы арасындағы қайшылықтар жатады. Осындай қайшылықтарды шешу оқушының саналы түрде күш-жігері жұмсауын керек етеді және оның дамуына үлкен әсер болады.
Баланың оқуына күшті әсер ететін себептердің бірі - мотивтер. Мотивтер деп белгілі әрекетке итермелейтін, бағыттайтын себепті айтады.
Оқушының мотивтері оның қажеттері мен қызығуларына байланысты болады. Бала жақсы оқу үшін білімнің өмірде керек екенін түсінуі және сол білімге қызығуы қажет. Мотивтер баланың оқуға деген жағымды сезімдері мен эмоцияларын тудырады.
Мысалы, оқушының жақсы оқуы мұғалімді жақсы көруіне немесе оның сабақты қызғылықты жүргізуіне байланысты болуы мүмкін. Оқытудың сапасын арттыруда балалардың білімге деген қоғамдық мәні бар, перспективалық және интеллектік мотивтер қалыптастырудың маңызы зор. Бала мұғалімнен немесе ата - анадан қорыққандықтан емес, болашақта жақсы маман болу қажетінен, Отан үшін қызмет ету, сол сияқты ақыл-ой еңбегіне сүйіспеншілік, ғылымға әуесқойшылық сезімнен туатын мотивтердің әсерінен оқуға ынталануы, талаптануы тиіс. Осыған орай, оқыту процесінде оқушылардың білімге деген қызығуларын қалыптастыру өте маңызды міндет болып табылады. Педагогика ғылымының докторы, профессор Г. И. Щукина орта мектеп оқушыларының білімге деген қызығуларын үш топқа бөледі:
- Қызығудың анық емес түрі (аморфный интерес)
- Кең тарапты қызығу.
- Негізгі, тұрақты қызығу.
Қызығуды осылайша жіктеп қараудың дұрыстығы шүбә келтірмес.
Оқыту үдерісі оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен құралатын күрделі әрекет. Оқыту - мұғалімнің білім берудегі жетекші әрекеті болса, оқу - баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті. Оқыту қалай болса солай жүрмейді, ұйымдасқан түрде жүзеге асырылады. [10, 201]
Оқытудың мазмұны, өзіне тән әдістері, ұйымдастыру формалары мен нәтижесі болады. Ол - жастарға білім беру мен дағдыны меңгеруді көздейді. Оқушы білім алу үшін оқу процесінде өзінің танымдық қабілеттерін арттырады. Кейбір авторлар оқытуға анықтама бергенде, оны оқушының ойлау әрекетін басқару деп қарайды. Мұндай анықтама дұрыс та сияқты, өйткені шынында да, оқушының танымдық әрекеттері ішінде ойлау әрекеті жетекші роль атқарады. Бірақ бұл көзқарас толықтыруды қажет етеді. Оқушының танымдық әрекеті тек ойлаумен ғана шектелмейді. Оқыту баладан ойлау әрекетімен қатар, басқа да, психикалық процестерді: сезімдер мен эмоцияларын, мотивтері мен қызығуларын, жігері мен қабілеттерін т. б. жеке бастық қасиеттерін керек етеді.
Л. В. Занков оқыту оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуі қажет дейді.
Жоғарыда айтылғандар ойдағыдай ұштасса, баладан оқуға деген белгілі жағымды бейім - оқу әрекетінің стилі қалыптасады. Мысалы, үздік оқитын бала мен үлгермейтін баланың оқу әрекетінде елеулі психологиялық айырмашылықтар бар. Үздік оқитын балалар оқу міндеттерін шешуге белсене кірісіп, қалайда мақсатқа жетудің тиімді тәсілдерін іздеуге тырысса, үлгермейтін балалар мұндай жағдайда өздерін енжар ұстап, қиындықтардан жалтаруға даяр тұрады, оларды шешуге күш жұмсамай, жеңіл құтылғысы келеді. Оқуға үлгермейтіндердің бәріне тән ортақ қасиеттер де бар: олар өздігінен оқу әрекетін және жалпы психикалық процестерін (зейін, есте қалдыру, ойлау т. б. ) дұрыс ұйымдастыра және басқара алмайды.
Оқыту үдерісінде бала мұғалімнің әсерін қабылдаушы ретінде объект болса, ал оқу әрекетін және барлық психикалық процестерін басқару, ұйымдастыра білу (іс-әрекетін жоспарлай білуі, бақылауы, бағалауы, өзін - өзі тәрбиелеу) жағынан алғанда, оқушыны субъект деп қараймыз. Оқыту процесінде бала логикалық ойлау әрекетінің жалпы тәсілдерін қолдануға және дербес творчестволық әрекет жасауға үйренеді. Бұдан шығатын қорытынды: оқыту баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді деген сөз. Оқыту бала дамуының негізі болып табылады. Сондықтан оқыту мен дамудың арасында тығыз байланыс болады. Бұл ретте көрнекті кеңес психологы Л. С. Выготскийдің мына сөздерін еске алған жөн. «Жақсы оқыту -, деп ол, - бала дамуынан ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқытуды» айтады.
Л. С. Выготский баланың кешегі күнгі дамуына емес, ертеңгі күнгі дамуына қарау керек деп ескертеді, осыған орай, ол бала дамуының «екі зонасы» болатынын айтады. «Бірінші зона» - бала дамуының қазіргі қол жеткен сатысы, осыған қанағаттанып қоймай, мұғалім оқушыларды болашақтағы дамудың ең жақын сатысына («екінші зонаға») жеткізуге міндетті, -дейді.
Бұл орайда мұғалім бала дамуының мынадай негізгі белгілерін (дербестігін, шығармашылық іс - әрекетін, диалектикалық ойлауы т. б. ) байқап, оқушылармен жеке - дара жұмыстар жүргізуі қажет. Сонымен, сайып келгенде оқытудың атқаратын негізінен үш функциясын атап кету керек:
Бірінші - білімдік (ғылым негіздерімен қаруландыру) ;
Екінші - тәрбиелік (адамгершілік, имандылық қасиеттерді қалыптастыру) ;
Үшінші - дамытушылық (баланың таным қабілеттерін арттыру) ;
Оқушының білім дағдыны меңгеру жолы - өте күрделі және уақытты керек ететін үдеріс. Ол - мұғалім мен оқушы тарапынан әр алуан, жан - жақты әрекет жасауды талап етеді. Білім алу - оқу материалын есте қалдыру ғана емес. Білім мен дағдыны меңгеру үшін оқушы жан - жақты ойлау және практикалық әрекет жасайды.
Білім деп адамның табиғат пен қоғам заңдарын тануының нәтижесін, басқаша айтқанда, әрбір ғылым саласында жиналған фактілер мен ұғымдар, заңдылықтар жүйесін айтамыз.
Білімнің практикалық тәжірибеде қолданылуы икемділік немесе іскерлікпен және дағдымен байланысты болады. Икемділік деп - білім негізінде оқушының белгілі әрекетті орындай алу бейімділігін айтамыз. Икемділік қандай да бір іске деген шеберліктің негізі болып табылады. Дағды деп - әрекеттің саналы түрде автоматтану дәрежесіне жетуін айтады, яғни автоматтанған әрекет. Жаттығу нәтижесінде әрекеттер үйреншікті іске айналады да, оны орындау жеңіл, жылдам іске асады. Икемділік пен дағды білім мен тәжірибеге негізделеді. Оқу жұмысында олардың маңызы өте зор. Өйткені икемділік пен дағды оқушының алған білімінің қаншалықты берік екендігінің белгісі болып табылады. Оқу пәндерінің ерекшеліктеріне қарай оқушыларда түрлі икемділік пен дағды пайда болады. Ол бірнеше топқа бөлінеді:
- интеллектік пен дағды (оқу, жазу, есептеу, картамен, кітаппен жұмыс істей білу т. б. ) ;
- еңбекке икемділік пен дағды (сызба, оқи білу, еңбек құралдарымен жұмыс істей білу т. б. ) ;
- спорттық икемділік пен дағды;
- өнерге деген икемділік пен дағдылар т. б.
- Оқыту үдерісінің структурасы (құрылымы)
Оқушылар білім мен дағдыны меңгеру үшін, мұғалім олардың оқу әрекетіне басшылық етуге тиіс. Оқу үдерісінің мақсаттарына сәйкес баланың оқуы белгілі жүйедегі іске айналады. Мұндай жүйені оқу процесінің структурасы немесе құрылымы деп мұғалімнің басшылық ету әрекеті мен оқушылардың таным әрекетінің ерекшеліктеріне байланысты оқытудағы қалыптасқан басшылық жасау жүйесін айтады.
Мектеп тарихының басталуынан қазіргі кезге дейін оқыту үдерісінің, негізінен, үш түрлі структурасы қалыптасқан деуге болады.
Оның біріншісі - догматикалық оқу деп аталады. Мұндай оқытудың структуралық белгілері мыналар: мұғалім білімді түсіндірмей дайын түрде береді, оқушылар білімді түсінбей, ұқпай тек жаттап алады да, сон қайталап айтып береді. Оқушының есте қалдыру қабілеті ғана қалыптасады. Мұндай оқу көбінесе орта ғасырларда басым орын алған.
Екіншісі - түсіндірмелі оқу немесе ақпараттық оқу. Мұндай оқытудың структуралық белгілері мыналар: мұғалім білімді түсінікті де дәйекті етіп айтады. Көрнекілікпен кең түрде жұмыс істелінеді. Оқушылар материалды түсініп, ұққанын есте қалдыруға тырысады.
Оқытудың мұндай сипаты оқушылардың есте қалдыру қабілетінің де дамуына әсер етеді. Оқушылар өткен материалдарын бәрін түгелдей жаттап алмай оның мән - мағынасына түсініп, өз сөздерімен қорытып, еркін айтып беруге үйренеді. Сөйтіп, олар алған білімдерін практикада қолдануға, өздігінен түрлі жұмыстар орындауға (мысалы, жаттығулар, графикалық жұмыстар, шығармалар жазу т. б. ) бейімделеді. Оқудың мұндай жүйесі ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болған.
Үшіншісі - проблемалық оқыту. Проблемалық оқытуды оқытудың жеке түрі, әрі оның бір кезеңі ретінде қарауға болады. Оның оқытудың бір кезеңі болатын себебі: ол жаңа оқу материалын түсіндіру кезінде жиі қолданылады.
Мұндай оқытудың ерекшеліктері: оқушыға дайын білім берілмейді, ол берілген оқу міндеттерін, проблемаларды өзі іздену арқылы шешуге тиіс.
Проблемалық оқытудың артықшылығы - оқушылардың әсіресе логикалық ойлау қабілетін арттырады, оларды жұмыс істеуге тәрбиелейді.
Проблемалық оқытудың - соңғы кездерде кең таралған оқу жүйесінің бірі. Оны ойдағыдай іске асыру үшін ұсынатын проблемалық сұрақтар жүйесін жасап шығу қажет.
Қазіргі мектептерде кейінгі екі түрі (информациялық және проблемалық оқыту жүйесі) кең түрде қолданылады.
Оқыту үдерісінің структурасы дидактикалық белгілі буындардан немесе кезеңдерден құралады:
- оқушыларға берілетін білімнің мақсаты мен қажетін түсіндіру және оларды әрекетке бағыттайтын мотивтерді туғызу. Осыған орай, оқу міндеттерін (тапсырмаларды) анықтау;
- оқушыларға жаңа оқу материалдарын қабылдауға басшылық ету;
- оқушының санасында білімнің қорытылып, ғылым ұғымдар мен тұжырымдардың қалыптасу процесіне басшылық ету;
- берілген білімді бекітуге басшылық ету;
- білімді практикада қолдануға басшылық ету;
- оқушылардың білімі мен дағдысын есепке алу, тексеру және бағалау.
Оқу үдерісінде мұндай басқару жүйесінің болуы оқушылардың білім алудағы таным әрекетінің ерекшеліктеріне байланысты. Олардың оқуына жүйелі басшылық ету нәтижесінде олар білімді меңгереді немесе, басқаша айтқанда ұғыну пайда болады.
Оқу материалын ұғыну үдерісі оқуға ынта қою, оқу материалын қабылдау, ойша қорыту, есте қалдыру, қайталау сияқты бірнеше психикалық процестердің жиынтығынан тұрады. Оқу үдерісінің дидактикалық буындары бір-бірімен өте тығыз байланысты болады. Әр буын оқытудың жалпы және нақты мақсаттарына сәйкес қолданылады. Мысалы, жаңа білімді баяндау кезінде оның мазмұнын қабылдау мен қатар, ойша қорытып, ғылыми тұжырымдар жасайды және оны практикада қолдануы мүмкін.
Сол сияқты білімді бекіту кезеңінде жаңа білімді қайталау, жаттығу, практикада қолдану сияқты оқу процесінің құрамды элементтері бірлестіріліп қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz