Туристік аудандардың қалыптасуының алғы шарттары. аумаққа рекреациялық баға берудің әдістемесі



Туристік – рекреациялық ресурстар дегеніміз туристік-экскурсиялық қыжметке және емдеу, спорттық-сауықтыру, танымдық туризмге жарайтын, табиғаттың және адамдардың күшімен салынған объектілер мен қоршаған ортаның құбылыстарының жиынтығы. Барлық туристік-рекреациялық ресурстардың жинағын үлкен екі топқа бөлуге болады; табиғи және әлеуметтік-экономикалық (мәдени-тарихи).
Л.Н. Багрова, Н.В. Багров, В.С. Преображенскийлердің (1977) /8/ анықтамасы бойынша, «табиғи-рекреациялық ресурстар – бұл рекраециялық іс-әрекеттер үшін комфорттық қасиеттерге толы, белгілі бір уақыттарда демалыс және сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға болатын табиғи және табиғи-техникалық геожүйелер, денелер мен табиғаттың құбылыстары». «Әлеуметтік-экономикалық рекреациялық ресурстарға» тарихи-мәдени объектілері (ескерткіштер және атақты жерлер, мұражайлар т.б.) және құбылыстар (этнографиялық, саяси, өндірістік т.б.) жатады. Бұл ресурстар бір жағынан материалдық және рухани болып жіктелсе, екінші жағынан қозғалатын және қозғалмайтын болып жіктеледі.
Материалдық жағы өндірістік әдістерді және басқа да қоғамның материалдық бағалы заттарының жинағын, оның тарихи даму сатысын қамтыса, рухани жағы – қоғамның жетістіктерін білім, ғылым, өнер, әдебиет жағынан қамтиды.
Қозғалмайтын ресурстар тобын құрайтындар мыналар; тарихи ескерткіштер, қалалар және сәулет өнерінің нышандары, археология және монументтік өнер.
Қозғалмалы ресурстар тобына жататындар; өнер ескерткіштері, археологиялық ізденістен табылған заттар, минералогиялық, ботаникалық және зоологиялық коллекциялар, деректі ескерткіштер және басқа заттар – оңай қозғауға болатын қандай да бір объектілер.
Тарихи және мәдени ескерткіштер негізгі белгілеріне байланысты бес негізгі түрге жіктеледі; тарих, археология, сәулет өнері және қала құрылыстары, өнер, деректі ескерткіштер.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
2 ТУРИСТІК АУДАНДАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ. АУМАҚҚА РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ
БАҒА БЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Туристік – рекреациялық ресурстар туралы түсінік

Туристік – рекреациялық ресурстар дегеніміз туристік-экскурсиялық
қыжметке және емдеу, спорттық-сауықтыру, танымдық туризмге жарайтын,
табиғаттың және адамдардың күшімен салынған объектілер мен қоршаған ортаның
құбылыстарының жиынтығы. Барлық туристік-рекреациялық ресурстардың жинағын
үлкен екі топқа бөлуге болады; табиғи және әлеуметтік-экономикалық (мәдени-
тарихи).
Л.Н. Багрова, Н.В. Багров, В.С. Преображенскийлердің (1977) 8
анықтамасы бойынша, табиғи-рекреациялық ресурстар – бұл рекраециялық іс-
әрекеттер үшін комфорттық қасиеттерге толы, белгілі бір уақыттарда демалыс
және сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға болатын табиғи және табиғи-
техникалық геожүйелер, денелер мен табиғаттың құбылыстары. Әлеуметтік-
экономикалық рекреациялық ресурстарға тарихи-мәдени объектілері
(ескерткіштер және атақты жерлер, мұражайлар т.б.) және құбылыстар
(этнографиялық, саяси, өндірістік т.б.) жатады. Бұл ресурстар бір жағынан
материалдық және рухани болып жіктелсе, екінші жағынан қозғалатын және
қозғалмайтын болып жіктеледі.
Материалдық жағы өндірістік әдістерді және басқа да қоғамның
материалдық бағалы заттарының жинағын, оның тарихи даму сатысын қамтыса,
рухани жағы – қоғамның жетістіктерін білім, ғылым, өнер, әдебиет жағынан
қамтиды.
Қозғалмайтын ресурстар тобын құрайтындар мыналар; тарихи ескерткіштер,
қалалар және сәулет өнерінің нышандары, археология және монументтік өнер.
Қозғалмалы ресурстар тобына жататындар; өнер ескерткіштері,
археологиялық ізденістен табылған заттар, минералогиялық, ботаникалық және
зоологиялық коллекциялар, деректі ескерткіштер және басқа заттар – оңай
қозғауға болатын қандай да бір объектілер.
Тарихи және мәдени ескерткіштер негізгі белгілеріне байланысты бес
негізгі түрге жіктеледі; тарих, археология, сәулет өнері және қала
құрылыстары, өнер, деректі ескерткіштер.
Тарихи ескерткіштерге үйлер, құрылыстар, қоғам мен мемлекеттің дамуына
байланысты ескерткіш орындары мен заттар жатады.
Археологиялық ескерткіштері – ескі қаланың орны, төбелер, ескі
үйлердің орны, бекіністер, өндіріс, су құбырлары, жол, ескі молалардың
орны, тасты мүсіндер, тастағы бейнелер.
Сәулет өнері және қала құрылыстары ескерткіштеріне жататындар; сәулет
ансамбльдері мен кешендері, тарихи орталықтар.
Өнер ескерткіштеріне монументтерді бейнелеу, декаративті қолданбалы
шығармалар және басқа да өнер түрлері жатады.
Деректі ескерткіштер – мемлекет биліктерінің актілері, бейне,
фотоқұжаттар және таспа жазулар, сондай-ақ көне және басқа қолжазбалар мен
архивтер, фольклор мен музыка жазбалары, сирек кездесетін баспалар.
Әлеуметтік-экономикалық ресурстарға тарихпен, мәдениетпен және қазіргі
адамдардың іс-әрекетімен байланысты басқа да объектілерді жатқызуға болады.
Мысалы, тамаша салынған спорт кешені, хайуанат паркі, ботаникалық бақтар,
ғылыми мекемелер, жоғары оқу орындары, өндірістік мекемелер, театрлар,
этнографиялық және фольклорлық көз тартарлық көрнекті орындар, халықтық
әдет-ғұрып және т.б.
Еске сақтау керек; аумақ табиғи және әлеуметтік-экономикалық жағынан
өзінен-өзі туризмге қолайлы туристік ресурс бола алмайды. Егер оған сұраныс
болса және рны игеруге туристік шаруашылық мүмкіндіктері табылса, онда олар
туристік ресурстарға айналады.
Табиғи кешендер туристік-рекреациялық ресурстар класына мынадай үлгі
бойынша өте алады; 1) табиғи кешендер жаратылыс бойынша өмір сүре береді,
бірақ туристік сұраныс болмаса, ресурстық сипаттама ала алмайды; 2)
туристік сұраныстың болуы табиғи кешендерді тексеріп бағалауды қажет етеді;
3) қоғамдық қажеттіліктің арқасында өте бағалы табиғи кешендер ресурстарға
айналады; 4) туристік сұраныстардың көбеюінің арқасында нашар табиғи
кешендер де өңдеуден өткізіліп, туристік ресурстар класына енгізіле
бастайды.
Нақ осындай процестердің арқасында әлеуметтік-экономикалық объектілер
экскурсиялық рекреациялық ресурстар класына өтеді. Туристік сұраныстың
арқасында мәдени және этнографиялық объектілер тексеріліп, экскурсиялық
туризмге жарамдылығы туралы баға беріледі.
Туристік-рекреациялық ресурстардың маңызды сипаттамалары төмендегідей;
1) ТРЖ – нің потенциалдық сыйымдылығын анықтайтын қордың мөлшері;

2) ресурстардың таралу ауданы (су шектерінің көлемі,
жағажайлар,аумақтың суланғандығы,ормандар);

3) пайдалануға болатын кезең (климаты жайлы кезеңнің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іле алатауының ландшафтарына физикалық географиялық сипаттама
Қазақстанды рекреацилық аудандарға аудандастыру
Рекреация ұғымы сұрақ-жауап түрінде
Территориялық рекреациялық жүйе (ТРЖ), оның шағын жүйелері, олардың өзара байланыстары
Туристік - рекреациялық ресурстар туралы түсінік
Демалыс пен туризм мақсаты үшін территорияны аудандастыру
Демалыс пен туризм мақсаты үшін территорияны аудандастыру туралы
Қорғалатын табиғи територияларды экотуризм дамыту ерекшеліктерін таңдау
Қазақстандағы шағын көлдердің туристік рекреациялық мүмкіндіктерінің қазіргі жағдайы мен даму болашағы
Аумаққа рекреациялық баға берудің әдістемесі
Пәндер