Аумаққа рекреациялық баға берудің әдістемесі



Демалыс пен туризм үшін табиғи ортаның ресурстарына баға беріп, жарамдылығын анықтау – туризм географиясының ең басты мақсаты. Мәдениет пен тарих объектілерінің туристік – рекреациялық ресурстардағы маңыздылығына қарамай, табиғи жағдайлардың алатын орындары да ерекше, себебі рекреация мен туризмнің дамуына негізгі алғышарттар жасайды. Сондықтан, отандық және шетелдік зерттеушілер ертеден-ақ географиялық әдебиеттерде туристік-рекреациялық ресурстардың табиғи жағына пайда берген.
Рекреациялық табиғи алғышарттары деп ең алдымен табиғи-аумақтық және аквальды кешендердің әр түрлі дәрежелеріне айтатын болсақ, олардың компоненттері мен жеке қасиеттерін, оның ішінде – аттрактивтік, қоюлық пен ландшафт ырғағы, кедергілерді жою мүмкіндігі, географиялық ерекшеліктерін және т.б. атап көрсетуге болады.
Демалыс пен туризм үшін табиғи жағдайларға баға беру өте қиын. Емдеу ресурстарына баға берудің айырмашылығы, бұл жерде келесі факторлар арқылы айқындалады: табиғи ландшафтардың тартымдылығы, олардың күтпегенділігі, экзотикалығы, қайталанбайтындығы.
Баға субъекті мен объектінің өзара қатынасын көрсетсе, онда баға беру реті төмендегідей міндетті кезеңдерден тұрады /8/:
1) объектіні бөлу, табиғи кешендердің компоненттері мен қасиеттерін бағалау;
2) субъектіні бөлу, соның позициясы бойынша бағалау. Рекреациялық ресурстардың баға беру субъектісі ретінде туризм жиі алға шығады;
3) бағалау өлшемін құрастыру, масштабы мен зерттеу мақсатын, сондай-ақ субъект қасиеттерін анықтайды;
4) градациялық баға беру шкалаларының параметрлерін жасау. Бұл градация синтетикалық сипатқа ие, себебі осы шкалалар бағалаудың өзі. Шкалалар субъектімен объектінің өзара қатынасының бағасын көрсетеді. Бұндайда шкаланың сатысының саны жөнінде сұрақтар туады. Көбінесе 3-4 немесе 5-6 сатылар қолданылады. Әрбір саты берілген объектінің қасиеті мен субъектінің жағдайы арасындағы өзара әсерлесу қарқындылығының көрсеткіші болып табылады. Өзара әсерлесу күші аздан күштіге дейін өзгеруі мүмкін.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
2.2 Аумаққа рекреациялық баға берудің әдістемесі

Демалыс пен туризм үшін табиғи ортаның ресурстарына баға беріп,
жарамдылығын анықтау – туризм географиясының ең басты мақсаты. Мәдениет пен
тарих объектілерінің туристік – рекреациялық ресурстардағы маңыздылығына
қарамай, табиғи жағдайлардың алатын орындары да ерекше, себебі рекреация
мен туризмнің дамуына негізгі алғышарттар жасайды. Сондықтан, отандық және
шетелдік зерттеушілер ертеден-ақ географиялық әдебиеттерде туристік-
рекреациялық ресурстардың табиғи жағына пайда берген.
Рекреациялық табиғи алғышарттары деп ең алдымен табиғи-аумақтық және
аквальды кешендердің әр түрлі дәрежелеріне айтатын болсақ, олардың
компоненттері мен жеке қасиеттерін, оның ішінде – аттрактивтік, қоюлық пен
ландшафт ырғағы, кедергілерді жою мүмкіндігі, географиялық ерекшеліктерін
және т.б. атап көрсетуге болады.
Демалыс пен туризм үшін табиғи жағдайларға баға беру өте қиын. Емдеу
ресурстарына баға берудің айырмашылығы, бұл жерде келесі факторлар арқылы
айқындалады: табиғи ландшафтардың тартымдылығы, олардың күтпегенділігі,
экзотикалығы, қайталанбайтындығы.
Баға субъекті мен объектінің өзара қатынасын көрсетсе, онда баға беру
реті төмендегідей міндетті кезеңдерден тұрады 8:
1) объектіні бөлу, табиғи кешендердің компоненттері мен қасиеттерін
бағалау;
2) субъектіні бөлу, соның позициясы бойынша бағалау. Рекреациялық
ресурстардың баға беру субъектісі ретінде туризм жиі алға шығады;
3) бағалау өлшемін құрастыру, масштабы мен зерттеу мақсатын, сондай-ақ
субъект қасиеттерін анықтайды;
4) градациялық баға беру шкалаларының параметрлерін жасау. Бұл градация
синтетикалық сипатқа ие, себебі осы шкалалар бағалаудың өзі. Шкалалар
субъектімен объектінің өзара қатынасының бағасын көрсетеді. Бұндайда
шкаланың сатысының саны жөнінде сұрақтар туады. Көбінесе 3-4 немесе 5-6
сатылар қолданылады. Әрбір саты берілген объектінің қасиеті мен субъектінің
жағдайы арасындағы өзара әсерлесу қарқындылығының көрсеткіші болып
табылады. Өзара әсерлесу күші аздан күштіге дейін өзгеруі мүмкін.
Бес сатылы баға шкаласы рекреация үшін келесідей градацияны қосады; 1
– ең қолайлы; 2 – қолайлы; 3 – біршама қолайлы; 4 – аз қолайлы; 5 –
қолайсыз.
Туристік ресурстарға баға берудің негізгі үш түрі бар 8:
1. Медико-биологиялық (физиологиялық) – демалысты ұйымдастыру үшін
табиғи ландшафты ортаның комфорттық дәрежесін табу;
2. Психолого-эстетикалық – табиғи ортаның табиғаттың және мәдени-
тарихи объектілердің демалушыларға аттрактивтік эмоциялық әсерлеріне талдау
жасау;
3. Технологиялық – арнайы және кешенді ТРЖ – құрудың мүмкіндіктерін,
туризмнің әр түрлі түрлерін ұйымдастыру үшін ресурстардың жарамдылығын
анықтайды. Ресурстардың жалпы бағалылығын анықтау үшін рекреациялық
ресурстардың кешендік түрі барлық үш түрлі бағаның үйлесімді болуын керек
етеді.
Баға берудің медико-биологиялық түрі табиғи факторлардың адам
организміне әсерін көрсетеді. Бұл жағдайда рекреанттың организм үшін
комфорттылығы бағаланады. Медико-биологиялық баға бергенде климат басты рөл
атқарады. Климатологтар мен курортологтар демалушылар мен туристердің
климаттық ресурстарына баға беруге толық жүйеде сипатталған әдістер берген
(Чубуков, 1975). Климат дегеніміз белгілі бір аудандарға лайықты ауа
райының көп жылдық режимі. Оның адамға әсері нақтылы ауа райы арқылы
беріледі.
Ауа райының кешенді әсеріне жауап ретінде басты баға адам
организмінің жағдайы болу керек. Сондықтан, климатқа рекреациялық баға беру
адам организмінің метеорологиялық факторларға байланысын тексеру болмақ.
Шартты температура ілімінен комфорт зонасы байланысты, көптеген
адамдар үшін 170 пен 230 арасында болады. Белсенді рекреанттар үшін
комфорт зонасы 120 пен 160 арасындағы эквивалентті-әсерлі температурада
болады.
Адам организмінің жақсы күйде болуы келесідей температура мен ауа
ылғалдылығының үйлесімінде болатындығы анықталған (кесте 5) 8.

Кесте 5 - Температура мен ауа ылғалдылығының үйлесімі

Температура, Шартты ылғалдылық,
0С %
20 85
25 60
30 44
35 33

Комфорттық жағдай – денеге өте жағымды 31-330 температурадағы жылы
сезім, бұл жағдайда адам ыстықты да, суықты да сезбейді. Оның белгілі бір
мөлшерге төмендеуі адам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік аудандардың қалыптасуының алғы шарттары. аумаққа рекреациялық баға берудің әдістемесі
Қазақстанды рекреацилық аудандарға аудандастыру
Іле алатауының ландшафтарына физикалық географиялық сипаттама
Территориялық рекреациялық жүйе (ТРЖ), оның шағын жүйелері, олардың өзара байланыстары
Рекреация ұғымы сұрақ-жауап түрінде
Туристік - рекреациялық ресурстар туралы түсінік
Қазақстандағы шағын көлдердің туристік рекреациялық мүмкіндіктерінің қазіргі жағдайы мен даму болашағы
Орман саябақтарына бөлінген аумақтарды жобалау алдындағы бағалау
Территорияға рекреациялық баға берудің әдістемесі және критерийлері
Демалыс пен туризм мақсаты үшін территорияны аудандастыру
Пәндер