Қазақстанның шипалы жерлері


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстанның шипалы жерлері

Орыстар Беловодье (жерұйық), ескі діндегі кержақтар Шамбала (Жердегі жұмақ мекен), ал қазақтар жер жәннаты деп атап кеткен Төр Алтайдағы Катонқарағай өңірінің ғажайып көркі алғаш көргенде кімге де болсын үлкен әсер етері анық. Сондықтан сөз құдіретін танытуда Алланың ерекше шапағатына бөленген аруақты ақындар бұл өңірдің сұлулығын жырға қосқанда ештемеден аянып қалмаған. Ақындық асқақ көңілдерін басын бұлтқа ғана сипатқан айбарлы Алтайдың биік шыңдарымен таластырып, шалқар шабытын Бұқтырманың теңізіндей тасытып, сыршыл сезімдерін бетегелі белдердің көкмайсасымен бөлеп, жел болып гулеп, шер болып толқып, сел болып құяды. Қазақтың сондай жыр тұлпарларының бірі Ғафу Қайырбеков Төр Алтайды алғаш көргенде “Ардағым Алтай, даламның асқан төрі екен, Таудың да тарлан таланттысы екен, сері екен. Тау емес, мынау кілең бір алтын баспалдақ, Алланың өзі аспаннан түскен жер екен” - деп ерекше тебіренген екен.

Ал өзі Сырдың бойында туып өсіп, 1945 жылы немістердің тұтқынында қаза болған Мәжит Айтбаев ақын алыста жүріп, Алтайдың сұлу көркін аңсайды.

“Алтайдың аты сұлу, қалпы сұлу,

Алтайдың заты сұлу, салты сұлу.

Алтайдың аспан сүйген асқарында,

Алаңсыз астам өскен халқы сұлу . . .

Әй, Алтай, әттең Алтай, көркем Алтай,

Кір жуып, кіндік кескен өлкем Алтай.

Армансыз бұл дүниеден өтер едім,

Бір иіскеп топырағыңды өлсем, Алтай!” - деп Төр Алтайға деген махаббатын анық танытады.

Катонқарағай жерінде дүниеге келген Оралхан Бөкей осы өңірдің табиғаты мен адамдарының жан дүниесін жырлай-жырлай қасиетті Алтайдың бөлінбес бір бөлшегіне айналып кетті. Қазақтың қабырғалы қаламгерлері Қалихан Ысқақов, Әлібек Асқаров, Дидахмет Әшімхановтар, жазушы-журналистер Қайырды Назырбаев, Әлібек Қаңтарбаев, Мира Алипинова, Төлеген Рахымжанов, Жәнібек Қызыр және басқалар өздері туған өңірдің келісті табиғатын өз шығармашылықтарының алтын арқауы етіп келеді. Қазіргі қазақ қауымы Катон өңірінің ақ басты асқар таулары, төбесі көк тіреген Мұзтауы, буырқанған Бұқтырмасы, ақ көбігі аспанға шапшыған Көккөл сарқырамасы, көрген жан таңдай қағатын Шабанбайдай жазиралы жайлауы, тауды тіліп, тасты бұзып аққан асау өзендері, балығы тайдай тулаған мөлдіреген көлдері, ит тұмсығы өтпес қалың орманы, масатыдай құлпырған жасыл белдері, Қызыл кітапқа енген емдік шөптері мен аң-құстары, ешбір туристі бейжай қалдырмайтын керемет омарташылық өнімдері мен марал пантысы туралы осы қаламгерлердің кітаптары, публицистикалық дүниелері, жолжазба очерктері арқылы таныс.

Міне, осындай жер жәннатында орналасқан Катонқарағай ауданының құрылғанына сексен жыл толды. Осы жылдарда аудан әр кезеңнің алдына қойған міндетіне сәйкес бірқатар өзгерістерді бастан кешті. 1935 жылы Катонқарағай және Зырян аудандарының құрамынан Большенарым және Бұхтарма аудандары бөлініп шықса, 1963 жылғы 1 қаңтарда Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауданымен біріктіріліп, аудан орталығы болып Үлкен Нарын селосы белгіленді. 1970 жылы 4 желтоқсанда Катонқарағай ауданы орталығы Катонқарағай селосы болып қайтадан құрылды. 1997 жылы 23 наурызда Большенарым ауданы жойылып, Катонқарағай ауданының әкімшілік орталығы Үлкен Нарын селосына көшірілді. Бұл соңғы сексен жылдың бедерінде аудан бастан кешкен өзгерістердің бір сыдырғысы ғана.

Дегенмен біздің төменде қозғамақ әңгімеміз ауданның өткеніне емес, бүгіні мен болашағына көбірек қатысты болып отыр. Біз ауданға соңғы жиырма жылдың ішінде талай бара жүріп, осыдан бір ай бұрын болған соңғы сапарымызда оның бойынан үлкен бір өзгерісті байқадық. Оны жәй өзгеріс емес, Катонқарағай ауданының үстіміздегі ғасырдағы бет бейнесін, даму болашағын айқындайтын дәуірлік сипаты бар тағдырлы өзгеріс пе деп қалдық. Оны түсіндіріп айту үшін әңгімеміздің әлқиссасына қайта бір соғуға тура келеді.

Жердің астынан 32-37 градус ыстықта қайнап шығып жатқан емдік қасиеті мол суы бар бұл санаторийға адамдар көбінесе Одақтың әр жерлерінен келіп демалып, емделіп қайтып жататын. Қалған жолдамалар көбінесе облыстың өз ішінде бөлінетін. Сондықтан Кеңес одағы жылдарында Катонқарағай жері көптеген қазақстандықтар үшін бейтаныс қалпында қала берген еді. Оның үстіне шекаралық өңір болып саналып, тиісті құжаттарды қажет ететіндіктен былайғы халық бұл жерге өздері де батылдық жасап бара бермейтін.

Бұл жердегі ең бір өкініштісі, Катонқарағай өңірінің керім сұлулығы, ғажайып көркі сол Катонқарағайдың өз халқы үшін де айтақаларлықтай қызмет етпегендігі. Алтайдың ұзаққа созылатын ауыр қысы мен ақырған аязы мұнда қашан да болсын табиғаттың көркіне қарағанда тұрмысқа тән ауыртпалықтарды алдыңғы қатарға шығарып келді. Негізгі кәсіп табиғат көркіне негізделген туризм емес, атам қазақтың мал шаруашылығына қатысты болғандықтан жаздың жылт еткен қысқа күні тек қана бейнетті тірлікке арналатын. Кеңес одағы жылдарында жазықтау жердегі шабындықтардың барлығы тек кеңшарларға ғана тиесілі болғандықтан былайғы халық меншік малдарына шөп қамдау үшін Алтайдың биігіне қарай көтеріліп, шөп мәшинелері жүре алмайтын қолат-қуыстарды шарлап кететін. Сөйтіп, Алтай қысының ұзақтығы мен кеңшарлар малының көптігінен туындайтын шабындық жерлердің тапшылығы жеке меншік малы үшін жаз айларында шөп дайындау проблемасын барынша асқындыра түсетін.

Есесіне Катон жазы қысқа болса да өте берекелі. Шөп жақсы шығатындықтан мұнда жазда малды көптеп өсірудің мол мүмкіндігі бар. Тек ұзақ қысқа үлкен әзірлік керек. Сөйтіп бар тіршілік төрт түлік мал үстінде болып келгендіктен жаз айларында ала таңнан қара кешке дейін жұмыс істейтін жергілікті халықтың туған жердің көркіне сұқтанып жатуға да көп мұршалары жоқ.

Осындай жағдайларға байланысты табиғат ананың өзі берген Алтайдың көптеген емдік шөптері іске жаратыла бермеді. Халықтың бұл кәсіппен шұғылдануға қолы тимеді. Сондай-ақ халыққа Қазақстанның басқа жерінде өсірілмейтіндіктен, Катонқарағай өңірінің өзіндік бір ерекшелігі болып есептелетін мұндағы бұғы мен марал мүйізінің де пайдасы көп тие қойған жоқ. Олар орталыққа әкетіліп, валюта түсіру үшін шетелге ғана шығарылатын. Тек тәуелсіздік қолға тиген алғашқы жылдары ғана содан түскен қаржыға мәшине мініп, бағалы жиһаздар алып, бір жырғай бастаған өң мен түстей кезең болды. Артынан панты бағасы бірнеше есе құлдырап, ол да көзден бұлбұл ұшты.

Сөйтіп, Алланың шапағатымен дарыған Катонқарағай өңірінің ғажайып сұлулығы көрген жанның көзін суырғанымен, сол өңірдің халқы үшін көп пайдасын тигізбей, адамдар үшін ашылмаған қалпы қала берді. Бойына тірі жанды дарытпайтын тәкаппар сұлу қыз секілді табиғат пен адамдар арасындағы осы бір салқын қарым-қатынас қашаннан бері қалыптасқандығы туралы төрелік айта алмаспыз.

Тасжарған

Ежелгі Қызылқум шөлі қазақ халқының мыңдаған жылғы тарихы мен мың сан сырларын ішіне бүгіп жатыр. Бұл киелі жерлерге ұлы бабаларымыздың қасиетті қаны мен ару аналарымыздың көз жасы талай рет төгілген. Ұлы Даланы жауламақ болып келгендерге бір қадам да жерімізді бермей, өшпес ерліктің үлгісін көрсетіп, Ескендір Зұлқарнайынның қолына «қу қабырға ұстатып», Ұлы Далаға қайтып келмейтін еткен, дінді қылышпен таратамыз деп келген араб жаулаушылары мен қызыл дүниеге қызыққан, «Жихад» жариялап жерімізге лап қойған қызылбас, парсы дирхемдерді де тәубасына келтірген ұлы бабаларымыз бұл жерлерді маңдайына тәу етіп, жорыққа шығарда бір уыс топырағын да тұмар ретінде өздерімен бірге ала кеткен. Кешегі Ресейдің отарлау заманынының соңғы тұстары, әсіресе советтік кезеңде ядролық жарылыстар жасап, жерімізді аяқ асты етіп, киемізді таптап, халқымыздың рухын жасытпақ болған отарлық жүйе енді мәңгілікке келмеске кетіп жоқ болды.

Жүздеген жылдар бойы азаттықты аңсай күткен қазақ халқының өз алдымызға ел болғанда шаттанып, ақсарбас айтып, көз жасы қуаныштан көл болып, өз мемлекетін басқарғандардан үлкен үміт күткен еді. Алайда еліміз тәуелсіздік алған соңғы жылдары жоғарғы билік басындағылар тәуелсіз мемлекеттің мүддесі мен отаршылдық жүйенің табанында езілген халқының әлеуметтік жағдайлары мен рухын көтеріп, сындарлы да парасатты басшылық жасаудың орнына жеке мүддені жоғары қойып, қасиетті де киелі жерлерімізді жатжұрттықтар мен олигархтарға советтік науқаншылдық әдетпен жаппай сатып, жан жарасы жазылып болмаған, көңіл шері тарқап болмаған қазақтың сағын тағы да сындырды. Сансыз қателерді бірінен соң бірін жіберіп жатқан билік пен халықтың арасында күн өткен сайын өткел беруінің кесірінен қиын терең құздар мен асулар пайда болуда.

Сол қателіктің бірден-бір бірегейі - мемлекеттің діңгегіне құрт түсіріп, келешек еліміздің біртұтастығына қауіп төндіретін шетелдерден түрлі мақсатпен келіп жатқан неше түрлі діндер мен сенімдерді уағыздаған секталар мен алаяқтарға шекараны ашып қойып, қазақ жеріне ай мен күннің аманында олардың жауларын қара шегірткедей қаптатқаны. Діліміз бен дініміз, тіліміз бен ар-намысымыз тапталып жатқан осындай ауыр кезеңде қазақ үкіметі есірген араб шейхтарына Отырар ауданы арқылы өтетін Сырдария өзенінің сол жағалауынан ойып тұрып 4, 5 мың гектар жерді сатып жіберді.

Емдік қасиетімен атақты болған «Сарыағаш» шипажайынан кем түспейтін, жер астынан атылып шығып жатқан ыстық шипалы сулары бар 104 орынды «Божбансу» санаторийі совет өкіметінің соңғы жылдары жергілікті халыққа мінсіз қызмет көрсетіп келген болса, дайын тұрған жанға жайлы бұл санаторийді тұрған жерімен қоса арабтар сатып алып, одан жоғары деңгейдегі аңшылыққа келген шетелдік байлар тынығатын соңғы техника, сәулет жетістіктерімен жарақталған, барлық жағдайлар жасалған коттедждер салып алады.

Мемлекет ішіндегі мемлекетке айналған бұл резиденция биіктігі 4, 5 метр, қалыңдығы 1, 5 метр, ұзындығы 2 шақырым, ені жарты шақырым келетін өте берік, оқ өтпейтін бетондармен құйылып, қоршалған. Оны қазіргі заманғы әскери қарулармен, техникамен қаруланған, жан-жақты дайындықтан өткен шетелдік арнайы әскерилер күзеті күні-түні қарауылдап тұратын ірі әскери бекініске айналдырып та үлгеріпті. Бұл араб шейхтарының бір оқ шығармай, биліктегілерді ақшаға жығып сатып алған жеріне арабтар әуежай салып алған. Арабия жақтан, елдің оңтүстік шекарасы жақтан ұшып келіп жатқан араб ұшақтары емін-еркін қонып, емін-еркін ұшып кетеді. Тамағы мен ішетін суына дейін өздерімен әкеледі. Бұл жерлерде олар өздерін аз жерінен де еркін сезінеді. Бұл арабтарға шекара жоқ. Киелі қазақ жері олардың отарлап алған жері сияқты. Бұлар тәуелсіз мемлекеттің заңына пысқырып та қарамайды. Бұл келіп-кетіп жатқан ұшақтарды тексеріп жатқан шекарашы жоқ, рәсімдеп жатқан кеденші жоқ. Ешкім тексермейді және тексере де алмайды. Не әкеліп жатыр, қандай қоқыс әкеліп (мүмкін, радиоактивті) көміп жатыр, не әкетіп (алтын мен платина шығар) жатыр, оны ешкім білмейді. Жергілікті өкімет орындары немесе құқық қорғау орындарының оларға тісі батпайды.

Оларды барып тексерген мемлекеттік қызметкер қызметтен шаң-тозаң сияқты сол сәтте-ақ жоқ болады. Себебі, Астанадағы «дәулер» арабтарды тексеруге қатаң түрде тыйым салған!!! Жылына 300-ден астам ауыр «Джиптерге» отырып, 300-ден астам ителгі тұқымдас аңшы құстарын күтуші құсбегілері бар шейхтар бір жағы сонау Шардара, Арыс ауданы жеріндегі «Мұрынқарақ» тауы мен «Көксарай» елді мекендерін баса өтіп, Қызылорданың Шиелі ауданы (шамамен 400 шақ. х 250 шақ. = 100 000 шаршы шақырым) арасын шиырлап, заңды аяққа таптай отырып, бұл жерлерден аң мен құс аулап, тез жараланатын шөлейтті жерлердің табиғатын қайтып қалпына келместей етіп бүлдіруде!

Оның үстіне спутниктік байланыс орнатылған, бес қаруы сай, автомат, оқшашар, гранатаметпен қаруланған бұл ауыр «Джиптерге» оннан астам 12 тонналық бензин тасушы жүк автомобильдері мен жылжымалы шеберханалар, салмағы 40-50 тонналық ауыр жүк автомобильдеріне орналастырылған жылжымалы мейманханалар қызмет көрсетуде. Бұл байларға Қызыл кітапқа енген аң мен құстарды аулауға рұқсат Астанадан беріліп қойылған! Бұл арабтар осы жерлерге келер алдында Түрікмен жерлері мен Маңқыстау облысының шекараға жақын жерлерінің онсыз да кедей өсімдік дүниесін қайтарымсыз бүлдіріп, жоқ қылып жіберген.

Ол жерлерден түрікмендер мен біздің адай бауырларымыз бұл еріккен шейхтарды ит қосып, таяқтап қуып шыққасын, жоғарғы биліктің арқасында қазір «әй дейтін әже де жоқ, қой дейтін қожа да жоқ» киелі Отырар алқабы жерлерінде ойларына келгенін істеуде. Заңды құжаттар арқылы 4, 5 мың гектар жерде ғана аң аулауға тиіс болса да, есіріп, еріккен жатжұрттықтар билік басындағылармен ымырашылдықпен сыбайласып, халықаралық синдикат құрып алған.

Осы халықаралық синдикаттың мына істеріде назар аударарлық. Бұл арабтар қазір Қызылқұмға алты теміржол платформаларына салып, жерді бұрғылайтын қондырғылар әкеліп, жыл сайын шейхтар аңға келген қыркүйек, қазан, қараша айларында жұмыс жасайды екен. Таңғаларлық жағдай! Қай бастық екен оларға жерімізді тексеруге, бұрғылауға рұқсат беріп жүрген? Арабтар жерімізден не іздеп жүр? Халқымыздың «Алтын ғасыр» заманы келгенде табылатын құпия қоймаларын ба, әлде Шыңғысханның, Отырардың алтынын биліктің рұқсатымен бірге іздеп жүр ме?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Су - табиғатта ең көп таралған зат
Қазақстанның көрнектілік жерлері және туризмнің индустриясы
Шығыс Қазақстанның туристік-рекреациалық ресутстары
Қазақстанның туристік жерлері
Қазақстанның климаты, биологиялық сулары және рекриациялық аудандар
Қазақстандағы туризм түрлері
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИСТІК МАҚСАТЫНДА КӨРНЕКІЛІК ЖЕРЛЕРІН ДАМЫТУ
Қазақстанда курорт қызметтері нарығын қалыптастыру
Қазақстан Республикасының емдік-сауықтыру орындарына баға беру
Емдік туризмнің түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz