«ормандарға антропогенді әсер»



1. Ормандардың экологиялық маңызы
2. Антропогенді қысым жағдайында ормандардың тұрақтылығын сақтау мәселесі
3. Ормандарға рекреациялық қысымның әсері
Ормандардың экологиялық қызметін бағалауда олардың қоршаған ортаға әсерінің екі түрін атап көрсетуге болады: биогеохимиялық (Вернадский бойынша, тірі заттың бірінші ретті қызметі) және механикалық немесе физикалық (тірі заттың екінші ретті қызметі). Биогеохимиялық қызмет әр түрлі физиологиялық процестердің (фотосинтез, минералдық қоректену, транспирация, қоршаған ортаға әр түрлі ұшқыш заттарды бөліп шығару және т.б.) жүзеге асуы арқылы көрінеді. Механикалық қызметі биомасса, оның көлемі арқылы, сонымен қатар алып жатқан ауданы және негізінен бірлестіктің іші мен одан тыс территорияда арнайы экоклиматты түзу, ауадағы заттарды тұндыру қызметі арқылы көрінеді.
Бірінші қызметі органикалық заттың түзілу жылдамдығына (өнімділік) байланысты. Ұзақ өмір сүретін ағашты өсімдіктер көп мөлшердегі бимассаны түзуге қабілеттілігіне байланысты, ортаға әсер ететін фактор болып табылады.
1. Сағымбаев Ғ. Экология негіздері. Оқулық. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1995 ж.
2. Оспанова Г.С., Бозшошаева Г.Т. Экология. Оқулық. – Алматы: Экономика, 2002 ж.
3. ҚР Заңы «Қоршаған ортаны қорғау» туралы. //Егемен Қазақстан, 05.08.1997 ж.
4. ҚР Заңы «Атмосфераны қорғау туралы //Егемен Қазақстан, 12.06.1981 ж.
5. Конвенция о сохранение биоразообразия – М: 1993 г.

Лекция тақырыбы: Ормандарға антропогенді әсер

Сұрақтар:
1. Ормандардың экологиялық маңызы
2. Антропогенді қысым жағдайында ормандардың тұрақтылығын сақтау
мәселесі
3. Ормандарға рекреациялық қысымның әсері

Әдебиеттер

1. Сағымбаев Ғ. Экология негіздері. Оқулық. – Алматы: Республикалық баспа
кабинеті, 1995 ж.
2. Оспанова Г.С., Бозшошаева Г.Т. Экология. Оқулық. – Алматы: Экономика,
2002 ж.
3. ҚР Заңы Қоршаған ортаны қорғау туралы. Егемен Қазақстан,
05.08.1997 ж.
4. ҚР Заңы Атмосфераны қорғау туралы Егемен Қазақстан,
12.06.1981 ж.
5. Конвенция о сохранение биоразообразия – М: 1993 г.

1. Ормандардың экологиялық маңызы.
Ормандардың экологиялық қызметін бағалауда олардың қоршаған ортаға
әсерінің екі түрін атап көрсетуге болады: биогеохимиялық (Вернадский
бойынша, тірі заттың бірінші ретті қызметі) және механикалық немесе
физикалық (тірі заттың екінші ретті қызметі). Биогеохимиялық қызмет әр
түрлі физиологиялық процестердің (фотосинтез, минералдық қоректену,
транспирация, қоршаған ортаға әр түрлі ұшқыш заттарды бөліп шығару және
т.б.) жүзеге асуы арқылы көрінеді. Механикалық қызметі биомасса, оның
көлемі арқылы, сонымен қатар алып жатқан ауданы және негізінен бірлестіктің
іші мен одан тыс территорияда арнайы экоклиматты түзу, ауадағы заттарды
тұндыру қызметі арқылы көрінеді.
Бірінші қызметі органикалық заттың түзілу жылдамдығына (өнімділік)
байланысты. Ұзақ өмір сүретін ағашты өсімдіктер көп мөлшердегі бимассаны
түзуге қабілеттілігіне байланысты, ортаға әсер ететін фактор болып
табылады.
Ормандардың көміртегіне қатысты қызметі. Атмосферадағы көміртегінің
артық мөлшерін шығару арқылы парниктік эффект мәселесін шешуде адамдар
орман экожүйелерінен үміттенеді. 1 т (абсалюттік құрғақ салмақ) өсімдік
өнімі түзілуі үшін 1,5 - 1,8 т көмірқышқыл газы сіңіріліп, 1,1 - 1,3 т
оттегінің бөлініп шығатыны белгілі. Өнімділігі орташа орманға есептесек, 1
га орман жылына 6 - 7 т көмірқышқыл газын сіңіріп, 5 - 6 т оттегін бөліп
шығарады.
Ормандардағы көмірқышқыл газының орасан көп мөлшерінің концентрациясы
ағаштардың биомассаның үлкен болуына байланысты. Жер шарының өсімдіктерінде
жиналған көміртегінің бүкіл массасының 92% орман экожүйелерінде жиналған.
Құрлықтың басқа жүйелерінде көміртегінің тек шамамен 7%, ал мұхиттың
өсімдік ағзаларында - 1%-дан кемі шоғырланған. Көміртегінің көп мөлшері
ормандардың өлі органикалық затында (детрит), топырақ гумусында және орман
батпақтарының торфтық қабатында сақталған. Сондықтан, көміртегінің
байланыстыру процестерін жылдамдату үшін ормандардың ауданын кеңейту мен
өнімділігін арттыру шаралары қолға алуы қажет.
Өкінішке орай қазер жер шарында ормандардың ауданы мен биомассасының
кемуі адамзатты толғандырып отыр. Бұл олардың тек көміртектік функциясын
ғана емес, басқа да көптеген функцияларының орындалуына әсер етеді.
Ормандардың ауа тазартудағы қызметі. Атмосферадағы көміртегі балансына
әсер етумен қатар, ормандар ауадағы басқа да бөгде заттарды жоюға
қабілетті. Ауаны ластаушы заттардан тазарту оларды сіңіру арқылы да
(бірінші ретті), физикалық тұндыру (екінші ретті) арқылы да жүзеге
асырылады.
Өсімдіктердің бірінші ретті қызметі ластаушы заттарды, соның ішінде улы
заттарды (күкіртті ангидрид (SO2)) денесінде жинауы арқылы көрінеді. Улы
заттар кейін топыраққа түскен жапырақтармен немесе басқа жолмен ағзадан
шығарылады. Мәліметтер бойынша 1 кг жапырақ маусымда 50 - 70 г күкіртті
газ, 40 - 50 гш хлор жэне 15 - 20 мг қорғасынды сіңіре алады. Азоттың қос
оксиді жэне аммоний тұздары түріндегі қосылыстары аз мөлшерде сіңіріледі
де, тамырдан тыс үстеме қоректендіру (жапырақ арқылы) факторы болып
табылады. Бірақ бұл заттардың артық мөлшері, басқа да ластаушы заттар
тэрізді өсімдіктердің тұрақтылығын төмендетіп, оларды уландырады.
Екінші ретті қызметімен негізінен ауадағы бөлшектерді тұндыру
байланысты. Бұл процесс құрғақ күйде де (ауырлық күшінің әсерінен), ылғылды
атмосфералық жауын-шашында немесе су буында еріген күйде де жүруі мүмкін.
Орман алабында орманды емес жермен салыстырғанда ауаны тазарту
интенсивтілігі 20-30 есе жоғары болады. Ауа жоғары дәрежеде шаңданған
кезде, 1 га орман жылына 50-60 т шаңды сіңіріп, тұнбаға түсіре алады. Танап
қорғайтын орман белдеуі ауаны топырақтың жел эрозиясының өнімдерінен
тазартуында осы эффект қолданылады.
Орман шуды кемітеді, дыбыстың таралу қашықтығын төмендетеді.
Өсімдіктердің ластаушыларды нейтралдауы мен олардың өсімдіктердің
тіршілік қызметіне зиянды әсер етуі қатар жүреді.
Ормандардың климаттық және метеорологиялық қызметі. Ормандар
метеорологиялық факторларға да әсер етеді. Олар атмосфералық құбылыстарға
әсер ете отырып, өзіне тән ерекше ортасын түзеді. Метеорологиялық
көрсеткіштердің өзгеруі орманнан тыс жерлерге де таралады. Осы қасиетіне
байланысты ормандарды топырақты, егіс танабын, жолдарды, тұрғылықты
жерлерді қорғауға пайдаланылады.
Орман мен ашық жерлердегі ауаның температурасы мен ылғалдығы арасында
айтарлықтай айырмашылықтар жоқ. Тек жазда ашық ауа райы кезінде ған
ормандар 2-5 С төмен болуы мүмкін. Орташа алғанда жазда орманда 1-20С ғана
салқын. Қыста орманда едәуір жылы болады.
Ормандар күн радиациясына көп әсер етеді. Ашық жердегі күн радиациясын
100% деп алсақ, онда орманның жарық сүйгіш өсімдіктер (қарағай, қайың және
т.б.) белдеуіне 10-15%, ал көлеңке сүйгіш ағаш түрлерінен тұратын (шырша,
самырсын) орман белдеуіне тек 3-5% ғана жарық түседі.
Орманда ауа мен топырақтың жоғары қабатында ылғалдылық жоғары болады.
Орман астындағы топырақтың терең қабаттары болса, шөптесін өсімдіктер
бірлестігімен салыстырғанда құрғақ.
Орман өзінен алшақ жатқан жерлерге де әсер етеді. Орман белдеуінің
шекаралас жатқан территорияларға әсер ету дәрежесі ағаштардың биіктігіне,
тығыздығына байланысты.
Адамдар ерте кездердің өзінде өзен суының және құдықтағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орман ресурстарын пайдалану мәселелері туралы
БИОТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАР
Орман ресурстарын пайдалану мәселелері жайында
Адамдардың жануарларға тигізетін әсері
Орман ресурстарын пайдалану мәселелері және олардың маңызы
Орман ресурстарын пайдалану мәселелері және олардың маңызы туралы
Атмосфералық ауаның ластануы туралы
Табиғи орта экономикалық дамудың негізі ретінде
Аймақтық экологиялық қауіпсіздіктің теориялық негіздерін зерделеу
Климаттың өзгеруі жайында
Пәндер