Xvii ғасырдың екінші жартысы мен xviii ғасырдың аралығындағы қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік хал-ахуал жайлы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.

Қазақстан Республикасы өзі тәуелсіздігінің “сындарлы он жылын” артқа тастады. Аталған он жылдан астам уақыт аралығында жас тәуелсіз мемлекетіміз өзі тәуелсіздігін баянды етуге және мемлекетің болашақтағы жылжитын негізгі бағыттарын айқындауға бар күшін жұмылдырған болатын. Мемлекетіміздің болашақтағы асатын негізгі демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекеттілікті жатқызамыз. Мемлекеттің көрсетілген бағыттары Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған қолданыстағы Конституциясында көрініс тауып, бекіген болатын [1, 4 б. ] .

Сонымен қатар бұл асқақ мұраттарды еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің әр жылғы халыққа Жолдауында негізгі бағыт ретінде әрқашан атап көрсетіп отырды. Президент соңғы халыққа Жолдауында ойын былай түйіндеген болатын: “Біз үш принципті элементке: азаматтық қоғам институттарын дамытуға, орталықсыздандыруға, тұрақты саяси-партиялық жүйе құруға ден қоюға тиіспіз. Тұрақтылықты, демократияландыруды және азаматтардың құқықтарын қорғауды нығайту жөніндегі қадамдар жасау қажет” [2, 2 б. ] .

Еліміздің Конституциясында белгіленген және Елбасының жыл сайынғы Жолдауында көрініс табатын бұл мақсаттарға өткеніміздің тарихи тәжірибесінен сабақ алып, оның ізгілікті жақтарын бойымызға сіңіре отырып жетеміз. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, әлемдік демократиялық дамуға үлкен үлес қосқан мемлекеттік үлгілерді көптеп кездестіруге болады. Біздің жас мемлекетіміз де бұл істен кемде емес. Сондықтан да біздің қазіргі міндетіміз еліміздің өткен күндеріндегі тарихи тәжірибесінің жеткен жетістіктерімен игіліктерін бойымызға жаңа лебізбен сіңіру болып табылады.

Қазақстан Республикасы болашақта Орта Азияның ең беделді де алдыңғы қатарлы мемлекетерінің деңгейіне көтерілуді мақсат етіпотыр. Бұл “Қазақстан - 2030” бағдарламасында [3] өзінің толық және айқын көрінісін тапқан болатын. Сонымен бірге Қазақстанның 2030 жылдары Орталық азиялық барыстардың қатарына ілігуі халықтың ұлттық санасын жаңғыртуға тікелей байланысты. Халқымыздың ұлттық санасын қайта түлету жолында боларлық өткен күндеріміздің қатпарында тасалап жатқан рухани жәдігерлеріміз баршылық. Солардың ғылыми объективті бет-бейнесін жасап, санамызда тәуелсіздік мұраттары аясында қайталап орнықтыру қажет деп ойлаймыз.

Елді елдікке, ынтымаққа, бірлікке бастайтын және сол жолда жанын сала күрескен саяси қайраткерлерді туғызатын - заман. Қазақ халқы өзінің бұрыңғы-соңғы тарихында небір қилы замандарды өткізген. Тарихтың терең-терең қатпарларына көз жіберер болсақ, елдің есі мен санасында ұзақ уақыттан бері сақталып келе жатқан небір орасан оқиғалардың салиқалы соқпақтарынан аңғарамыз. Сол соқпақтардың бойында еліне елеулі еңбек сіңіріп, қаһармандық қызмет атқарған ірі-ірі тұлғалардың өмірі мен тарихта қалдырған іздері әлгі күнге дейін сайрап жатыр. Халық өз басына қатер төнген шақтарда, тағдыры таразы басына түскен алмағайып сәттерде бар күш-қйратын, әлін зобалаңға қарсы қойып, ақыл-парасатымен, білімімен, білегінің күшімен арашаға түсіп, сол жолда шыбын жанын аямаған, ұлтының тәуелсіздігін, бостандығын қорғаған нар тұлғалы, алып азаматтардың ерлігін де, есімін де еш уақытта ұмытпайды. Қайта уақыт өткен сайын қадыр-қасиетін арттырып, асқақтата түседі.

Көп жылдар бойы ұлтымыздың тамыры тереңге кеткен тарихы және елдің бостандығы тәуелсіздігі үшін күрескен аяулы тұлғалардың есімін атауға комунистік-тоталитарлық жүйе тиым салды. Керісінше, комунистік-тоталитарлық идеологияның үстемдік етуімен басылған әдебиеттерде пролетариаттың ұр да жық әрекеттерімен көрінген адамдары дәріптелінді, оларды зерттеп, насихаттауға мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлінді.

Тек тәуелсіздікке жеткеннен кейін ғана тарихымызға деген құштарлық арта түсіп, мемлекетіміздің өткенін тану, сол тарихта ғұмыр кешкен саяси-құқықтық ой-пікірдің қайраткерлерін зерттеу мүмкіндігі туып отыр.

Осыған байланысты біртуар тұлғаларымыздың өмірі мен қызметін және саяси-құқықтық көзқарастарын ғылыми тұрғыдан зерттеу және оларды халық арасында насихаттау, әлемге идеялық ой-пікірлерін паш ету, мақтан тұту - бүгінгі күн мұраты. Неге десек, саяси-құқықтық ой-пікір қайраткерлерінің азаттық пен тәуелсіздікке, ағартушылық пен әлеуметтік прогреске, реформаторлық қимыл-әрекеттеріне деген көзқарастарын зерттей отырып, бүкіл тарихи процесті, эволюциялық және революциялық даму барысын жете түсінуге болады.

Тарихи тұлғаларды терең зерттеу және насихаттау ұлттық сананы оятудың ең негізгі факторы болып, келер ұрпақты патриотизм рухындамтәрбиелеуде өлшеусіз роль атқаратын тарихтың дамуымен ғасырлар бойы дәлелденген құбылыс. Тәрбиенің басы - тарих, сол арқылы патриотизмді күшейту - бүгінгі күн мұраты. Патриотизмі жоқ ұлттың ұлт қауіпсіздігі өте осал, әлсіз. Міне, сондықтан да “Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптасуының тұжырымдамасында” тарихтын сан қырлы салаларын терең зерттеумен қоса “тамаша адамдар өмірі”… әдебиеттерін көптеп шығару да аса қажет іс” /1/, - деп атап көрсетілген. Бұл талап көп мәселені аңғартқандай және зерттеу тақырыбымыздың көкейтестілігін арттыра түсетінін айқын байқатады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі.

Бұқар жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы деректер тым шағын. Ең ақыры туған, өлген жылдары да әр зерттеушіде әр қилы түсіндіріліп келеді. Тек жыраудың жыр-толғаулары ақын әрі жинаушы М. Ж. Көпеевтің жазып қалдыруымен бізге жетуінің өзі аса елеулі жәйт. Соңғы жылдары Пекин қаласының кітапханасынан табылған отыз алты толғау да (тапқан тарихшы М. Оразбай, жариялаушы әдебиетші-ғалым А. Сейдімбеков) үлкен үлес болып қосылды. Бұдан тыс әйгілі жазушымыз С. Мұқановтың “Қазақтың XVІІІ-XІX ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер” (Алматы, 1942) атты кітабындағы мән-мағынасы зор бір топ жырлары да жыраудың жаңа бір қырларын ашуға септігін тигізері сөзсіз. Сондай-ақ Бұқар жыраудың туған, өлген жылдары жөнінде де тың талпыныс, ізденістер бар.

Бұқар жырау шығармашылығы ертеден бері үздіксіз зерттеліп келеді. Бұған М. Әуезов, С. Мұқанов, Ә. Марғұлан, Е. Ысмайылов, Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев, Х. Сүйінішәлиев, М. Мағауин, Ы. Дүйсенбаев, Қ. Мұхамедханов, М. Жармұхамедов секілді зерттеушілер айтарлықтай үлес қосты. Аталған зерттеушілердің тобы жырауды өзі айтқан тоқсан үште қайтыс болды деп көрсетсе, енді бір тобы жүзден асып өлді деп жазады, алайда бұлардан өзгешелеу тұрған бір дерек Е. Ысмайылов кітабында келтірілген. Бұл бойынша жыраудың туған жылы 1685 деп, ал қайтыс болған мерзімі 1777 жыл деп көрсетілген. Дәл осы деректің дұрыстығын әдебиетші Қ. Мұхамедхановтың “Семей таңы” газетінде (13 май 1977ж. ) жарияланған мақаласы да дәлелдеп берді. Бұл мәліметті Бұқар жырау ұрпағы Қабыкен Қазиевтен жазып алған А. Сейдімбеков деректері де толық растайды. Сол себепті жыраудың туған, өлген жылдары туралы айтқанда осы мәліметтерді негізге алған жөн сияқты.

Бұқар жырау тек қазақ әдебиеті мен шешендік өнер тарихында із қалдырып қана қойған тұлға емес, ол сонымен қатар қазақ философиясында, саяси және құқықтық ой тарихында және т. б. ой орталардында ерекше орын алады. Бұқар жыраудың философиялық дүниетанымдық мұраларын зерттеушілердің қатарына А. Қасабековтің, Ж. Алтаевтардың, Сегізбаевтің жатқызуға болады.

Сонымен қатар Бұқар жырау қазақтың билік айту үрдісіне және қоғамдық-саяси ойының дамуына еңбек сіңірген. Бізге жеткен Бұқардың артында қалған өлең сөзімен өлең шумақтары көбінесе билік ісінде туып, артына мұра болып қалып жатқан. Қазақстанның заң ғылымында Бұқардың қоғамдық-саяси және құқықтық көзқарастарына алғашқылардың бірі болып А. Н. Тәуекелев өткен ғасырдың 60 жылдарында зейін қойған болатын. Бұқардың саяси-құқықтық мұрасын қазіргі кезде зерттеушілердің бірі елімізге белгілі ғалымдардың бірі С. Өзбекұлы болып табылады. Бірақта бұл айтылғандардың барлығы Бұқар жыраудың қазақтың билік айту ісінде алатын орны мен атқаратын қызметін айқындауға жеткіліксіз. Себебі, Бұқар телегей теңіздей қоғамдық ойдың өкілі. Оның қазақ еліндегі би ретіндегі қызметі мен билік-шешімдерін қоғамдық-саяси оймен телімдестіре зерттеу қажет болып тұр. Бұл еңбек сол үлкен істегі алғашқы қадамдары.

Зерттеу объектісі:

Магистрлік жұмыстың объектісі Бұқар жыраудың қазақ қоғамындағы саяси-құқықтық ойдағы орны мен рөлі және оның билік шешімдері болып табылады.

Зерттеу пәні:

Зерттеудің нақты пәнін Бұқардың би ретіндегі қызметі, оның өскен ортасы, құн дауы, мал-мүлік дауына қатысты билік шешімдері және оның қазақ еліндегі билік жүргізуге, сыртқы саясат мәселесіне қатысты көзқарастары құрайды.

Диссертацияның мақсаты мен міндеттері:

Магистрлік диссертеацияның негізгі мақсаты Бұқар жыраудың саяси-құқықтық көзқарастары мен билік шешімдерін кешенді түрде жан-жақты зерттеу және оның Қазақстанның саяси-құқықтық дамуында алатын орнын айқындау.

Осы мақсатқа жету үшін біз төмендегі міндеттерді шешуді өзіміздің алдымызға қойып отырық:

  • Бұқар жырау дәуіріндегі қазақ қоғамындағы қоғамдық-саяси жағдайды және сол кезеңдегі мемлекеттік құрылымдағы ерекшеліктерді айқындай;
  • Бұқар жыраудың өмірі мен өскен ортасына қатысты қалыптасқан пікірлерді саралау;
  • Бұқар жыраудың хан кеңесшісі ретінде қызметін жеке алып зерделеу;
  • Бұқар жыраудың мал-мүлік және құн дауларына қатысты билік шешімдерін талдау;
  • Бұқар жыраудың қоғамдық-саяси көзқарастарын саралау;

Зерттеу жұмысының метадалогиясы:

Магистрлік зерттеуде жалпы қоғамдық ғылымдарға ортақ және арнайы танымдық әдістер: диалектикалық, синтездеу, тарихи салыстырмалы, функционалды т. б. қолданылды.

Зерттеу жұмысының деректік көздерін жалпы және тақырыпқа қатысты нақты әдебиеттердің және Қазақстан Республикасының Әдебиет және өнер институтының қорларындағы деректер құрайды.

Диссертацияны жазу барысында ізденуші заң ғылымының белгілі өкілдері Т. А. Ағдарбековтың, Н. С. Ахметованың, Т. М. Баймахановтың, Қ. А. Жиреншинің, С. З. Зимановтың, З. Ж. Кенжеалиевтің, Т. М. Күлтелеевтің, Ғ. С. Сапарғалиевтің, С. С. Сартаевтің, С. Өзбекұлының, М. Өсеровтің т. б. еңбектерінің теориялық тұжырымдарын басшылыққа алды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

Зерттеу жұмысында алғаш рет қазақтың белгілі жырауы Бұқардың қоғамдық-саяси және құқықтық көзқарастары, билік шешімдері талданып, белгілі деңгейде өз бағасын алуға ұмтылыстар жасап отыр.

Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар:

  • Бұқар жыраудың қалыптасуына оның өскен ортасының тигізген ықпалы көп болып табылады. Бұқар жырау жүз жастан аса жасаған тұлға;
  • Бұқар жырау Абылай ханның бас кеңесшісі болып табылған және оның кеңестері қазақ елінің елдігін сақтауға ерекше ықпал етті;
  • Бұқар жыраудың мал-мүлік және құн дауына байланысты билік шешімдері жалпы қазақ қоғамындағы билік айту дәстүрін белгілі дәрежеге көтере алған құбылыс;

Магистрлік жұмыстың құрылымы мен көлемі:

Магистрлік диссертацияның алдына қойған міндеттері оның мақсатына сәйкес келеді және логикалық біртұтастықпен үндесіп жатыр.

Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, жеті бөлімшеден, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. 1. XVІІ ғасырдың екінші жартысы мен XVІІІ ғасырдың аралығындағы қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік хал-ахуал

Қандай да болмасын тарихи тұлғаның белгілі кезең аралығында өмір сүретіндігі мәлім. Сондықтан да ол өзі өмір кешіп жатқан тұста болатын қоғамдағы саяси-әлеуметтік өзгерістердің әсерінен шет қалуы мүмкін емес. Ол өзгерістер оның ой-өрісінің дамуына, саяси қызметі мен өмірлік ұстанымдарының қалыптасуында өзіндік із таңбасын қалдырмай қоймайтыны айқын. Олай болса тұлғаның өмір жолын, елі үшін еткен еңбегін, саяси-әлеуметтік және құқықтық ой-иірімдерін зерделеуде, ол өмір сүрген үақыттағы саяси-әлеуметтік жағдайларға зер салмай, ой тезінен өткізбей, оның көзқарастарының астарына терең дендеп бойлап, бағалау мүмкін емес. Бұл туралы ғұлама ғалым, академик С. Зиманов былай дейді: “Өткен дәуірде өмір сүрген қайраткерлердің саяси көзқарастарын зерттеудің өзіне тән қиыншылықтары бар. Қиындық - қайраткер өмір сүрген және туындылар жасаған сол дәуір мен кезеңнің біртұтастық көрінісін азды-көпті болса да қалпына келтіру, өзіне қоғам дамуының бағытын және қажеттілігін ұғыну, атап айтқанда, әлеуметтік қатынастар саласында, саясатта және идеологияда. Сомдап айтқанда, зерттеуші тарихқа кіруі қажет. Бұл оңай міндет емес. Бірақ мұндай түсініксіз өткен құбылысты нақтылы-тарихи ыңғай туралы айту қиын-ақ. Кейде бізден алшақта қалған қоғамдық-саяси қайраткерлерге баға беруде сол кезеңнің тарихын және жағдайларын зерттемей, білмей ынта білдіретін фактілермен де кездесіп қаламыз. осыдан мәселелерді ашуда субъективизм және догматика туындайды” [1. 25б. 5б. ] . Міне, бұл Әйтеке Бәйбекұлындай заңғар, кең масштабтағы қоғам қайраткерін зерттеуде де бағана тұтар қағида. Әйтекедей бәйтеректің өмір сүрген және қызмет атқарған уақыты қазақ қоғамындағы бір ұрымтал, ел тағдыры таразы басына түскен және безбеннің қай басының басарын болжап білу қиын уақытпен тұспа-тұс келді.

Осы кезеңде елдің сыртқы жағдайында өте шыңырауға жеткен қауіп те бой көрсеткен еді. Шығыста қазақ еліне өзінің тырнағын батырудың жаңа фазасына көшкен жоңғар қоңтайшылары шабуылын үдете түссе, ал батыста бір бүкпесі әр уақытта ішінде тұратын орыс патшалығы өзінің жымысқы саясатында тың қарқын қосуға ұмтылған болатын Ал діні бір Орта Азия хандықтарының достық сыңайы белгілі-тұғын. Қытай елі де қазақ жұртымен қатынаста түрлі саяси әдістерге көшуге сыңай таныта бастаған болатын.

Қазақ-жоңғар жанжалының бастауы әріден тамыр тартады. Бұл екі халық бірімен-бірі әр уақытта жаугершілікте болған. жоқ. Тағдыр қосқан көрші болғандықтан ара-кідік құдалықтың жолын жасап, ауық-ауық біріне-бірі қонаққа барып мамыржай бейбіт өмір кешкен тұстары да болған. Және де екі ел арасындағы текетіресте біреуінің жеңісімен аяқталып отырмаған. Бірде біреуінің мерейі үстем болса, ал енді бірде екіншісі жеңіс тойын тойлап жататын. Екі елдің қарым-қатынасын сипаттайтын бізге жеткен мағлұматтарды саралап қарайтын болсақ, екі ел арасындағы қатынастар Батыр қонтайшы, Халдан Бошақты және Сыбан Рабтан тұсында өте үлкен текетіреске, бітпес жаулыққа ұласқанын көреміз. Жалпы “жоңғар” деген сөз монғол тілінде “сол қанат”, “сол қол” деген мағына береді. Бұл батыс Монғолияны мекен еткен тайпалардың атауы. Ойрат тайпалары туралы деректер бізге XІІІ ғасырдан белгілі. Кезінде осы ойрат тайпалары Шыңғыс ханның әскерінің құрамына кіріп, оның сол қанатын құраған. Міне, “жоңғар” сөзі осы уақыттан бастап тарих сахнасына шығады. Әрине оларды барлығы дерлік бұлай атамаған. Ойраттар түрікше “қалмақ” деген атпен белгілі болатын. Ал қытайлықтар оларды “элюттар” деген көрінеді.

XІV ғасырда бірнеше монғол тайпалары “ойрат одағының” құрамына біріге бастайды. Бұл одақтың негізін батыс монғолдық - торғауыт, шорыс, құшыт, дербіт тайпалары құраған. Ал жоңғар хандығы XVІІ ғасырдың бірінші жартысында өмірге келеді.

Жоңғар хандығының нақты өмірге келуін ғылымда 1635 жыл деп есептейді. Осы тұста билік басына Қара-Құл тайшының баласы Батыр қонтайшы келеді. Бұл қазақ-жоңғар кикілжіңінің жаңа дәуірінің басталғанын білдіреді. Өйткені ол уақытқа дейінгі қазақ-жоңғар арасындағы талас-тартыс бір жүйелілікке, мақсаттылық сипатқа ие болмаған еді. Батыр қонтайшының қазақ еліне деген көз алартуы мақсатты, соңғы ниеті әбден айқын, тіс батырудың бастауы болатын. Батырдың тұсында жоңғарлар қазақ еліне бірнеше мәрте шапқыншылықтар жасайды. Оның біріншісі 1635 жылы болды. [2. 271б. ] . Бұл шайқасты толыққанды сипаттайтын, оның соңы немен аяқталғандығы туралы толық дерек жоқ. Бірақ та оның аяғы жоңғарлардың мерейінің үстем болғандығын аңғартатындай. Осы 1635 жылдары басталған жоңғар шабуылы кейін де жалғасып отырған. 1640 жылғы Батырдың қалың қолына Жалаңтөс Баһадүр 30 мың әскермен күйрете соққы береді[3. 432б. ] . Кезінде Жалаңтөске “Аталық” атағы осы жоңғарлармен ұрыста көзге түскені үшін берілген болатын. Батыр қонтайшы тұсындағы екінші бір жойқын соғыс 1643 жылы болды. Батыр бұл жорыққа 50 мыңдай әскер жиыстырған. Жәңгір мен қонтайшы арасындағы бұл шайқас аңызға сүйенсек жоңғар Алатауындағы Орбұлақ деген жерде болғанға ұқсайды. Осы шайқаста қара құрым жоңғар қолына Жәңгірдің арқасында қазақ қолы төтеп беріп, жеңіске жетеді. Неге десеңіз Жәңгір сұлтанда небәрі 600 қарулы атты әскер ғана болған[Сонда. 433б. ] және де олардың арасында Ағынтай, Қарасай сияқты дүлдүлдер жанқиярлықпен соғысқан болатын. Бұл оқиғаны тарихшы Ә. Хасенов қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің алғашқы ерлік беттері ретінде бағалайды. Батыр қазақтардан әбүйірі айрандай төгілген бұл жеңілісінің есесін қайтармақ ниетпен, 1646 жылы қайтадан қазақтарға жорық жасайды[4. 52 б. ] . Осы соғыстан кейін қазақ пен жоңғар арасында қысқа уақыт бейбітшілік орнағандай болады. Бірақ бұл көпке созылмайды. 1652 жылы ол қазақ еліне қайта соғыс бастайды. Бұл жолы Батыр қазақтарды жеңген, бірақ бұл оның қазақтарды ақырғы рет жеңуі еді. Осы шайқастан кейін бір жыл өткен соң олқайтыс болады. Оның орнын баласы Сеңген басады. Көп ұзамай ол да ел ішіндегі билікке таластың құрбаны болып кетеді. Орнына інісі Қалдан-Бошақты ел тізгінін ұстайды. Қалдан Бошақтының тұсында Қазақстанның оңтүстік аумағындағы керуен жолындағы қалалар дүркін-дүркін шабуылдарға ұшырайды. Әйтеке бидің Қалдан-Бошақтымен жекпе-жекке шығып сөз сайыстыратын тұсы да осы кез.

Бірде қазақ елі онымен бітімге келуге ниет танытып, елші де жібереді. Сол Тайкелтір бастап баратын қазақ елшілігінің құрамында қазақтың атақты билерінің бірі Қазыбек те болып елшіліктен еліне ораларда “Қаз дауысыты” атанып қайтады. Осы сапарында Қазыбек би қалмақ қонтайшысына былай деген екен: “Біз қазақ… мал баққан елміз… ешкімге соқтықпай жай жатқан елшміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Еш дүшпан басынбаған елміщ, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзымызды ақтай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды. ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен темір де, біз көмір еріткелі келгенбіз. Екі еліктің лағын, теліткелі келгенбіз. Сен қабылан да, біз арыстан, алысқалы келгенбіз. Тұтқыр сары желімбіз, жабысқалы келгенбіз. Берсең жөндеп бітім айт, бермесең тұратын жеріңді айт”. [5. 3б. ] . Міне, Қазыбектің сөзінен сол кездегі қазақ хандығының айбарының қаншалықты асқақ болғандығын көруге болады және жоңғармен арадағы қарым-қатынас та қандай бағыт ұстайтындығын, елдікке елдік, жаулыққа жаулық танытатынын бүкпесіз ашып салып отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XVІІ ғасырдың екінші жартысы мен XVІІІ ғасырдың аралығындағы қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік хал-ахуал
Әйтеке Бәйбекұлының өмірі және XVІІ ғасырдың екінші жартысы мен XVІІІ ғасырдың бірінші ширегі аралығындағы қазақ қоғамындағы саяси жағдай
Қазақ мәдениетінің саяси құрылымы және оның рухани -құқықтық дамуының ерекшеліктері
Батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны (Бөкенбай батыр әулетінің негізінде)
Қалмақ хандығының мемлекеттік құрылысы және құқықтық жүйесі (1664-1771 ж.ж.)
Қазақ қоғамындағы батырлар институты
Ертедегі көшпенділер өркениеті
Көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері
Қазақ мемлекетінің құрылысы және оның дамуындағы ерекшеліктер
Дәстүрлі қоғамның саяси-әлеуметтік құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz