Ақшаның қажеттілігі, экономикалық мазмұны, ұдайы өндірістегі атқарымы мен маңызы. ақшаның даму кезеңдері


Мол акша табу - батырлык;
оларды саюпай білу - акылдылык,
ал тиісінше жүмсай білу - өнер.
Б. Ауэрбах
КІРІСПЕ
Ақша - адамзаттың ойлап тапқан керемет өнертапқыштығының бір куәсі деуге болады. Біздің заманымызда ақша көптеген адамдар үшін өмірдің негізгі мәні болып отыр. Адамдар ақшалай табыс табу ушін өзінің барлық уақытын сарп етуге дайын.
Ақша - бәріміздің де сұранымдарымызды қанағаттандырудың ортақ символы іспеттес қоғамдағы әмбебап құрал. Сондықтан көпшілігіміздің бай болғымыз немесе қолдағы ақшамыз нені қажет етсек соған жететіндей болса деген арманымыз бар. Ауызекі тілмен айтар болсақ «бай» болғымыз келеді.
Егерде адам өзінің ақшаға деген көзқарасын белгілі бір ретке келтірмесе ақшаның қажеттілігі мүлде орасан зор болуы мүмкін. Ақшасы жоқ адамның қолы да қысқа болып өз бойындағы қасиеттерді, мүмкіндіктерді, өмірге деген құштарлықты мейлінше жетілдіре алмайды. Адамның ойын, мақсатын іске асыруға қыруар қаражаты болуы шарт. Ақша деген өлшемі болмаса, ақшаны қажетті мөлшермен алмаса, онда адам біртіндеп ақшаның құлына айналады да, өз келбетін жоғалтады.
Бай мен кедей адамның көзге ұратындай айырмашылығы жоқ. Бай адамдарға Құдай берген бас, екі қол мен екі аяқ біздің бәрімізде де бар. Бірақ олардың негізгі басымдылығы екі құлақтың ортасында орналасқан мида жатыр. Олар қаншалықты ұтылып, өмірден тепкі көріп жатса да мойынсынбайды, өйткені олар өте рухты жандар. Қайтпас қайсарлық пен тәуекелге бейім болуы байларды көпшіліктен оқшауландыра түседі. Әрине бұл кунделікті күйдең өмірде тырбанып еңбек етіп, ақшасын айлықтан айлыққа әрең жеткізіп жүргендерге ұнай қоймайтыны бесенеден белгілі.
Біреулері бай болуды мақсат етіп іске кіріссе, енді біреулері тәуелсіздік пен еркіндікті мақсат түтып ақшалы болуға тырысады. Бұлардың барлығы қаражатты көбейтіп, пайда табуды көздейтіні
анық, дегенмен тупкі мақсаттары әрқайсысында әртүрлі.
Айтпақшы, реті келгенде бай адам мен дәулетті адамның айырмашылығы жөнінде айта кеткен жөн. Дәулетті адам айналасындағы адамдарға шапағаты тиіп, көпшілікпен араласып, әрдайым беделі жоғары деңгейде болады. Олар ақшаның ғана қадірін біліп қана қоймай, адамдар ара-қатынасына аса көп көңіл бөледі. Байлар жомарт болады. Алу үшін беру керек, бермесең ештеңе де ала алмайсың. Эндрю Карнеги: «Қайырсыз байлық - қорлық өліммен тең», - деп өзінің қалған өмірін байлығын үлестіруге арнады . . .
Ал ендігі мәселені осынау байлықтың көзі болып табылатын ақша ұғымы жөнінде жалғастырайық.
I тарау. АҚШАНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ, ҰДАЙЫ ӨНДІРІСТЕГІ АТҚАРЫМЫ МЕН МАҢЫЗЫ.АҚШАНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
1. 1. Ақша жүйесінің сипаттамасы және оның даму тарихы
Әр елдің тарихы қалыптасқан және тиісті заңмен бекітілген ақша айналымын үйымдастыру нысанын ақша жүйесі деп түсіну керек.
Ақша жүйесі - Бұл әрбір елде тарихи қалыптасқан және мемлекетпен заң бойынша белгіленген ақша айналысын үмымдастырудың формасы.
Негізінде ақша жүйесі көпшілік елдерде 16-17 ғасырларда қалыптасты, ал қайсыбір елдерде, ақша кейбір элементтері бүрынырақ кездескен. Металл ақша айналатын ақша металын, оның бірлігін анықтау, монета соғу және эмиссия тәртіптері ақша жүйесінің элементтері болып табылған. Осы кезенде әр елде, жалпыға балама ретінде және ақша айналымның базасы болып, қандай металл қолдануына байланыеты, ақша жүйесінің екі түрі қалыптасты:
Биметалды ақша жүйесі. Бұл жүйеде валюталық метал болып екі метал: алтын және күміс қолданылған. Бірақ, неғұрлым жоғары құндылығының салдарынан және тасымалдауға қолайлылығына байланысты алтын ақша атқарымдарын орындауға көбірек бейімделген болғандықтан ол бара-бара күміс монеталарды ығыстырып, ІХ-ғасырдың аяғына қарай ең басым валюталық метал болып қалды.
Монометалдык ақша жүйесі. Бұл жүйеде валюталық металл ретінде бірақ металл шықты (алтын) . Сонымен қатар айналымда алтынға айырбастала алатын басқа да қүнның өкілдері жүре алатын болды. Бұлар: банкноттар, қазына билеттері, ұсақ монеталар.
Алтын монометалдық ақша жүйесінің үш түрі болды:
алтын - монеталық стандарт. Бұл стандартта алтың ақшаның барлық атқарымдарын орындайды. Алтын монеталармен қатар айналымда көрсетулі қүнымен алтынға айырбастала алатын алтынның белгілері жүретін болды;
алтын - қүйма стандарты. Бұл стандарт бойынша банкноттар (ақша билеттері) алтын күймаға айырбастала алады;
алтын - девиздік стандарт. Бұл стандартта жеке елдердің банкноттарын (ақша билеттерін) басқа елдің алтынға айырбастала алатын валютасына ауыстыруға болатын.
Бұл жерде айта кететін маңызды нерсе - алтын монометалдық ақша жүйесінің дәл осы түрі кейің 1922 ж. қүрылған халықаралық валюталық жүйесінің негізі болды. Бұл жүйе 1976 жылға дейін СДРІ мен ауыстырылғанға дейін жүмыс істеді. Оның үстіне алтын-девиздік стандарт экономика жағынан әлсіз елдердің, неғұрлым -экономикасы күшті елдерден тәуелділігін баянды етті.
Өткен ХХ-ғасырдың отызыншы жылдарының басында дүние жүзінде айырбасталмайтын несие ақша жүйесі қалыптасты. Бұл жүйенің табиғаты қағаз ақшаға жақын және жалпыға бірдем экономикалық заңның, еңбекті және айналым шығындарын үнемдеу талаптарына дәлдеу келетін.
Кейінгі кезеңдерде, несиелік ақша белгілерінің айналымы негізінде, екі түрлі ақша жүйесі қалыптасты. Оның біреуі шаруашылық жүргізудің әкімшілік-тарату жүйесіне сәйкес болса, екіншісі нарық экономикасына сәйкес келеді.
1 СДР - арнаулы өзара қарыз қүқықтары 1969 жылы үйымдастырылған ұжымдық валюта. Осы екі жүйе арасындағы ерекшеліктер төмендегі кестеде көрсетілген.
Тек, әшейін көзбен салыстырғанның өзінде, келтірілген айырмашылықтар, осы екі жүйенің арасының қаншылықты алыс екендігін, тіпті кей жағдайда, қарама-қарсы екендігінін байқатады.
1. 2. Ақшаның пайда бодуы және оның тауар айырбасындағы маңызы мен даму кезеңдері.
Экономикалық санат ретінде ақша натуралдық шаруашылықтан тауарлы шаруашылыққа ауысу кезеңінде пайда болды. Шығарылған өнімнің түгелімен өндірушінің жеке басының керегіне жаратылған кезең натуралды шаруашылық болып есептелетіні белгілі. Бара-бара өндіріс құралдарының жетілуіне байланысты, ал кейде табиғаттың өзі туғызған жағдайына байланысты (мысалы, бір жерде егін салу пайдалы болса, екінші жерде мал өсіру пайдалы, ал басқа жерде, балық аулау пайдалы) адамдардың шығарған өнімдерінің саны (көлемі) олардың жеке басының керегіне, жарататын саннан (көлемнен) артық болатын жағдам туды. Сейтіп, адамдар өндірілген өнімді, өздеріне керек, басқа өнімге айырбастап алуына мүмкіншілік алды. Осының нәтижесінде "айырбастау" деп аталатын процесс шықты. Айырбастау ушін өндірілген өнімнің "тауар" деп аталатын болған соң, натуралдық өңдірістің орнына тауарлы өндіріс пайда болды.
Осымен байланысты жоғарыда көрсетілген қозғаушы күштердің (факторлары) салдарынан өнім өндірушілер өздерін бір түрлі (болмаса бірнеше түрлі) өнім шығаруға бейімдейтін болды. Ал, өздеріне керек басқа өнімдерді өздері шығарған өнімнің (өнімдердің) артығына ауыстырып алатын болды.
Сонымен ақшаның пайда болуына алдын ала екі экономикалық жағдай туғызылды:
- натуралдық шаруашылықтың орнына тауарлық шаруашылық қелді. Осыған байланысты айырбастау операциясы өріс алды.
Өнім өндірушілердің арасында бір жағынан мүліктік жекеленушілік пайда болды, екінші жағынан белгілі, бір түрлі тауар өндіруге мамандандырушылық туды.
Сонымен қатар бір тауарды, екінші тауарға тікелей ауыстырудың бірқатар қиыншылықтары болды. Олар:
Бір тауарды екінші тауарға ауыстыру үшін қолында осы өндірушінің іздеп жүрген тауары бар өндіруші табылуы керек. Және, сол екінші өндірушіге, бірінші өндірушінің қолындағы тауар керек болуы шарт. Мысалы, егін егуші адам өзінің өндірген бидайың теріге аустырғысы келсе, қолында терісі бар адамға, бидай керек болуы қажет. Басқаша айтқанда, тауар ауыстыру екі жақтың да қолында өзара керекті тауарлар болғанда ғана мүмкін. Мұнсыз тауар ауыстырылмайды. Ал, мұндай сәйкестік, өмірде жиі кездесе бермейді.
- Бір тауарды екінші тауарға ауыстыру процесінде олардың қунын ескеру керек. Басқаша айтқанда, ауыстырылатын екі тауардың өзіндік құны баламалы болуы шарт. Мысалы, бір өгізді бір қап бидайға ауыстыруға болмайды. Өйткені, өгіздің құны бір қап бидайдан әлде қайда артық. Сондықтан бір қап бидайға, оның кұнына баламалы тауар іздеу керек. Бұл да оңай іс емес.
Міне, сондықтан да, бара-бара тауар өндіру молайған сайын соған байланысты, баламалық негізінде, айырбастау операциясының да дамуы, көптеген түрлі-түрлі тауардың ішінен бір тауарды бөліп алуды керек етті. Мұндай тауар өзінің ішкі және сыртқы мазмүнымең ішкі және сыртқы саудаға өте керекті тауар болуы тиіс. Басқа тауарлардың құнын осы тауардың құнымен баламалап айырбастайтын болған. Мысалы: бір балтаның қүны екі кило бидай болса, бір өгіздің құны - бес қап бидай т. с. с. Бұл мысалда. ақшаның міндетін бидай атқарады.
Сөйтіп, айырбастаудың тауарлық нысаны ақшалай нысанға көшті. Оның үстіне әртүрлі тайпаларда, ақшаның міндетін атқарған тауарлар әр түрлі. Мысалы: Ежелгі Гректер, Римдіктер, Славяндар ақша орнына мал пайдаланған; Скандинав елдерінде, ежелгі орыстар - аңның, болмаса малдың терісін пайдаланған; Қытайда - түз. Моңғолияда - шай, тағы сол сияқты. Ал Ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген елдерде мал, оның ішінде ірі қара (жылқы) осы мақсатта пайдаланылған. Мұның айғағы ретінде:
«Тәуекелсіз, талапсыз мал табылмас,
Еңбек қылмас еріншек адам болмас.
Есек к . . . тін жусаң да, мал тауып кел,
Қолға жүқпас, еш адам кеміте алмас», - деген Абай атамыздың өлеңін келтіруге болады.
Бірақ, осының өзінде де айырбастауда көптеген қиыншылықтар кездесті. Айтылған заттарды санау, (есептеу) өлшеу, оларды бір жерден екінші жерге тасу, сақтау, іріктеу деген сияқты қияметтері көп болды. Міне, осы жағдайлар және тауар өндіру мен оны айырбастаудың көлемінің өсуі, ақшаның міндетін атқаратын тауардың біртектідігін, оңам бөдшектенетінін, сақтағанда бұзылмайтын және тасымалдауға қолайлы болуын талап етті. Ал, мұндай қасиеттер кейбір түсті және құнды металдарға ғана тәлім болатын. Адамзат дүниесінің даму жолының әр кезеңінде, ақшаның міндетін әртүрлі металдар атқарады: қола, мыс, куміс, алтын.
Ақшаның пайда болуы айырбастау процесіне де бірқатар өзгерістер енгізді. Біріншідең ақша шыққаннан кемін тікелей тауар айырбастаудың тар шегі біраз кеңейтілді, яғни базар пайда болды, ал ол базарда екі ғана кісі емес, бірнеше тауар иелері қатынасады.
Екіншіден, ақша пайдаланудың арқасында бір ғана әрекетпен бітетін айырбастау процесі (бір тауарды беріп, екінші тауарды алу Т-Т), әр уақытта, әр жерде істелетін екі әрекетке айналды.
- бірінші әрекет, тауарды ақшаға сату (Т-А)
- екінші әрекет, алған ақшаға басқа жерде, басқа уақытта, басқатауар сатып алу (А-Т) .
Үшіншіден, тауар өндірушілер сатқан тауардан алған ақшасын енді, керекті тауар сатып алғанға дейін сақтауға мумкіншілік алды. Ал, муның өзі, ақшаны жинауға және оны басқаларға қарызға беруге болады деген сөз. Яғни, бұл несиенің (кредит) пайда болуына әсер етті.
Осындай өзгерістердің нәтижесінде ақшаның қозғалыс жолы тауардың қозғалыс жадынан бөлініп шықты. Басқаша айтқанда, бұрын ақшаның міндетін атқарған тауарды беріп, соған балама басқа тауар алынатын. Яғни, тауар-ақшаның козғалыс жолы, айырбасталып алынған тауардың қозғалыс жолымен тығыз байланысты еді. Тек олар қарама-қарсы қозғалатын. Енді, ақша шыққаннан кейін ақша өз аддына, тауар өз алдына, айналатын болды.
Ақшаның осыдай дербес айналуы өзіндік қүны бар ақшаны (алтын монетаны) қүны жоқ, қағаз ақшаға ауыстырғанда күшейе түсті. 1976 жылдың қаңтарында Ямайкада өткізілген Халықаралық Валюта қорына мүше-елдердің келісімі бойынша әрбір елдің ақшасының Алтынмен салыстырғандағы құны жойылды (алтын тепе-теңдігі) . Осының бәрі қазіргі жағдайда ақша айналымының өз алдына ететінін, сөйтіп, ақшаның өз алдына зкономикалық санат болып шыққанына айқын дәлел бодып табылады.
Ақша - бұл жалпы эквивалент ролін атқаратын ерекше тауар.
Бірнеше жүз жыддықтар бойы көптеген халықта ақшаның ролін мүйізді ірі қара мал атқарды. Біртіндеп жалпы эквивадент ролін алтын атқарды. Оған оның мынадай қасиеттері әсер етті:
- сапалық біртектілік;
- сандық (еркін) бөлінуі;
3) қолайлылығы (алтынның аз мөлшеріне көп жұмыс күші
кетеді) ;4) сақталуы.
Алтын - еңбек сыйымды және сирек металл. Әлемдегі ерте заманнан қазіргі кезге дейінгі қазылып алынған алтынның мөлшері 100 мың тоннаға бағаланады.
Әдеттегі тауар ретінде алтын тұтыну құнына және құнға ме. Алтынның тұтыну құны өнеркәсіпте әшекейлі заттар, алтын жалату үшін қолданылады және т. б. Алтынның құны еңбек қун теориясына сәйкес алтынды өндіруге кеткен қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады.
Алтын жалпы эквивалент ретінде мынадай қасиеттерге, ерекше тұтыну құны мен құнның ерекше формасына ие. Ерекше тұтыну құнын оның басқа тауарлардың құнын өзінің құнына теңестіру қасиетінен көруге болады. Алтын құнының ақшалық матермал ретіндегі ерекшелігін тікелей жалпы айырбасталу формасына ие болуынан көрінеді.
Ақшаның осы заманғы концегхциялары ХҮІІ-ХУШ ғасырларда пайда болған теориялардан туындайды. Ең алдымен бұл ақшаның металдық, номиналдық және сандық теорияларына байланысты.
Бірақ, алдыңғы теориялар жаңа жағдайға сәйкес басқа формада дамиды. Егер бұрын негізгі назар ақшаның пайда болуына, мәніне, қүнының қалыптасуына бөлінее, осы заманғы ақшаның теормялары сол концепциялардың рыноктық экономиканың дамуына қалам әсер етуін зерттеу саласына көңіл бөледі.
Ақшаның металдық теориясы капиталдың алғашқы қорлану кезеңінде пайда болды. Оның өкілдері меркантилистер, яғни У. Стаффорд, Т. Ман, Д. Норс және т. б. Олар ақшаның қызметтерін қазына ретінде және әлемдік ақша ретінде абсолюттеді және осының негізінде ақшаны асыл металдармен теңестірді. Мемлекеттің монетаны бұзуына қарсы шықты. Ақшаны әлеуметтік қатынастар емес, зат ретінде қарастырды.
Ақшаның номиналды теориясын құрушылар римдік және ортағасырлық юристер (заңгерлер) болып табылады. Кейінірек оны Дж. Беркли (Англия) мен Дж. Стюарт (Шотландмя) дамытты. "Металлистерге" сын айта отырып, олар ақшаның басқа қызметтерін -айналыс құралы мен төлем құралын абсолюттеді. "Номиналмстер" ақшаны тауарлар айырбасына қызмет ететін шартты белгі, есеп бірлігі ретінде көрсетті және ол мемлекеттік биліктің өнімі болып табылады деп есептеді.
Ақшаның сандық теориясының негізін қалаушылар Дж. Локк (XVII ғ. соңы), Ш. Монтескье, Д. Юм, Д. Рикардо (XVIII ғ. соңы) болды. Олар ақшаның құндық негізін қорғады. Ақшаның сандық теориясының жақтаушылары ақша бірлігінің құны мен тауар бағаларының деңгейі айналыстағы ақшаның мөлшерімен байланысты анықталады деп есептеді. Сандық теорияның модернизациясына И. Фишер (XX ғ. басы), АС. Пигу (XX ғ. ортасы) және т. б. елеулі үлес қосты.
1. 3. Ақшаның экономикалық мазмұны, атқарымдары
Жоғарыда айтылғандай, бір тауарды екінші тауарға айырбастау мумкін болмаған кезде, оның иесі өз тауарын басқа бір, көбірек тараған, құндырырақ тауарға айырбастады, сонан соң 7 сол тауарды өзіне керек тауарға айырбастайтын болды.
Осылайша бір тауардың құнын екініні бір тауардың кұнымен баламалап анықтайтын құнның жалпыға бірдем нысаны пайда болды. Алғашқы кезде жалпы құнның баламасының міндетін әртүрлі тауарлар орьшдады. Бара-бара, ол міндетті орындау үшін көбірек пайдаланатын бірақ тауар іріктеліп алынды.
Бұл жөнінде К. Маркс былай деген: "Натуралдық нысаны балама нысанымен қоғам бойынша, тутасып кеткен ерекше тауар, ақшалай тауар болып табылады, яғни ол ақша болып жұмыс істейді". Осыған байланысты ақшаның мәнін былай деп келтіруге болады. Ақша ерекше тауар, жалпыға бірдей балама, яғни, басқа тауарлардың жалпыға бірдей баламалық құнының нысаны.
Ақша - тауардың ерекше қасиеті, оның кез келген басқа тауарлардың Қүнын көрсете алатындығы, оның жалпыға бірдей балама болып жұмыс істейтіндігі, яғни, алмастырудың жалпыға бірдей құралы екендігінде. Ақшаның тағы бір ерекше қасиеті құнның сақталуын қамтамасыз ететін күші болып табылады. Мысалы, құнды товарға салса, оның ақшалай көлемі күн санап азая береді. Өйткені, ол тауарды сақтау үшін белгілі көлемде шығын шығарылады. Ал, егер, қүн ақшаға салынса, ондай шығын болмамды.
Ақшаның мәнін көрсетуші оның атқарымы болып есептеледі.
Экономиканың кез келген үлгісінде ақшаның атқарымы өзгермей, бір қалыпта қалады. Қазіргі жағдамда да (Нарық жағдайында да) ақшаның атқарымдары бұрынғыдай:
- Ақша құнды өлшеуші ретінде.
- Ақша, айналым қүралы ретінде.
- Ақша төлем қүралы ретінде.
- Ақша қорлану қүралы ретінде.
- Дүниежүзілік ақша атқарымы ретінде,
Айта кететін нәрсе, көрсетілген атқарымдарды тек ақша ғана орындай алады.
Ақша құн өлшемі ретінде. Ақшаның бұл атқарымы оның көлемі мен тауардың өзіндік қүны анықталған кезде байқалады. Бұл жерде тауардың өзіндік құны, оны өндіру жолындағы, қоғамдық қажетті шығынмен тең. Олай болса, тауар өндіру, болмаса басқаша қызмет көрсету үшін алдымен еңбек бүйымдарын табу керек, тек содан кейің солардын көмегімең керекті өнім шығарылады, болмаса, қызмет көрсетіледі. Осыған байланысты жаңадан шығарылған тауардың (көрсетілген қызметтің) өзіндік құны екі элементтен турады. Біріншісі, жоғарыдағы айтылған еңбек құралдары мен еңбек бүйымдарының қүны. Өйткені, ол түгелімең жанадан шығарылған өнімнің (көрсетілген қызметтің) өзіндік қүнына ауысады. Екіншісі, осы өнімді өндіру жолындағы жұмсалатын тірі еңбек күшінің қүны. Сонымен қатар, жаңа өнімнің өзіндік қүнына қосылатың еңбек қүралдарының және еңбек бұйымдарының қүны да, тірі еңбек күшінің қүны да әрбір тауар өндірушілерде бірдем болмайды. Өйткені, барлық тауар өндірушілердің техника мен жабдықтандырылуы, мамандық дәрежесі және үнемшілдігі әр түрлі. Сондықтан әрбір өндірушінің өндірген бір түрлі тауарларының, өзіндік құны әртүрлі болады. Алайда, кез келген тауар, тек қоғамдық қажетті шығынға байланысты бағаға сатылады.
Осыдан біз ақшаның құн құралы ретіндегі атқарымын көреміз.
Ақша айналым құралы ретіңде. Барлық тауарлар, қай жерде шығарылғанына қарамастан, қандай меншіктің шығарғанына қарамастан, керекті уақытында сатылуы керек. Яғни, қүнның тауарлық нысаны ақшалық нысанға ауысуға тиісті. Сонымен қатар, әрбір тауар өндіруші, сатылған тауардан түскен ақшаға жаңадан қүрал саймандар мен еңбек бұйымдарын сатып алады, еңбек ақы төлейді, және басқа да шаруашылықтың қажеттерін қанағаттандырады. Сөйтіп, өндіру мен өткізу процесін үздіксіз жалғастырады (ұдайы өндіріс) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz