Қ.Жұмаділовтің романдарының тарихилығы



Ғылымда тарихи тамырластық, тарихи сабақтастық деген ұғымдар бар. Егер "қай дәуір туралы қалам сілтемесін, жазушы – қашанда тарихшы. Әдебиеттің басты парызы – адамзат естелігінің үзік-үзік болмауына күш салу. Шежіре арқауы жалғанбаған жерде, адамзат санасынан ғасырлар ғайып болып, тіпті мыңжылдық жеңістер мен жеңілістер трагедиясы ұмыт қалады. Ал, жазушы адамзат зердесінің бірден-бір жоқтаушысы болғандықтан да тарихтың әлгіндей жыртықтарын романмен, поэмамен жамайды” [1. 256] деген пікірге ден қойсақ, Қ.Жұмаділовтің бүкіл романдары тарихи немесе фольклорлық дәстүрлерге бай тарихи сипаттағы туындылар деп кесіп-пішіп айтуға болатын сияқты. Жалпы, сүйекті туындыны тарихи немесе тарихи емес роман деп баяғыдан келе жатқан даулы пікірлерге төрелік айтпай-ақ қояйық, олай болудың өзі шартты нәрсе, бірақ Қ.Жұмаділовтің "Дарабозы” – ХVІІІ ғасырдағы қазақтың Отан соғысының "Тағдыр” мен "Прометей алауы” – сәл бертініректегі оқиғалардың, "Соңғы көш” – ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы оқиғалардың тарихи шежіресі екендігіне ешкім де дау айта қоймас. Сонда оқырман алдынан үш дәуірдің, үш кезеңнің алапат оқиғаларының панорамасы ашылады. Үш романның үшеуі де халық тарихының, дәуір шындығының айнасы іспеттес. Қ.Жұмаділов аталмыш туындыларында жеке тұлғаларды даралай білді, егер тарихтың қозғаушы күші – халық екені рас болса, сол халықты бастайтын серкесі бар емес пе? Қаламгерді толғантқан осы жайттар еді, нәтижесінде Қабанбай, сондай-ақ қазақтың ұлы ханы Абылай, батыры Бөгенбайлар тұлғасы оқырманға жол тартты. Бірде ойлантқан, бірде толғантқан, бірде мұңайтқан, бірде қиялыңды шарықтатқан нәрсе – жазушы бойындағы дала табиғатының, сол даланың еркін перзенттерінің қайсар мінезі… Жазушы тағылымы әр жұмыр басты пендені өзін-өзі тануға итермелейді, мынау жалпақ жер бетіндегі Адам деп аталатын тіршілік иесі өзін-өзі таныса, өз іс-әрекетіне есеп беріп отырса, «зұлымдық қайдан келеді?» деген сауал төңірегінде толғаныс жасауға шақырады.
Жазушы өз уақытының, өзі ғұмыр кешкен дәуірдің шын мәніндегі жаршысына айналды. Неге екенін қайдам, бізге оның шығармаларының ішінде, өзгелеріне қара¬ғанда, еңселілеу, шоқтығы биіктеу көрінетіні – "Соңғы көш” және "Таңғажайып дүние”.
1. Майтанов Б. Сөз сыны. (ХХ ғасыр әдебиеттерінің көріністері). Зерттеулер, мақалалар, портреттер. – Алматы: Ғылым, 2002. – 344 бет
2. Зайкенова Р. Қазақ романдарындағы тәуелсіздік идеясы //Жалын, 2010 – 112 бет.
3. Жұмаділов Қ. «Соңғы көш» осылай туған // Қазақ әдебиеті, 1981. – 11 бет
4. Жұмаділов Қ. 8 томдық шығармалар жинағы. 5-том. – Алматы: Қазығұрт,2005. 536 бет
5. Ибрагимова Ұ. Қ. Жұмаділов әңгімелеріндегі кейіпкерлер әлемі // ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, №5-6 (121-122).2009
6. Жұмаділов Қ. 8 томдық шығармалар жинағы. 4-том. – Алматы: Қазығұрт,2005. 504 бет

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Азизова Айнұр
әл Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
магистранты

Қ.Жұмаділовтің романдарының тарихилығы

Ғылымда тарихи тамырластық, тарихи сабақтастық деген ұғымдар бар. Егер "қай дәуір туралы қалам сілтемесін, жазушы – қашанда тарихшы. Әдебиеттің басты парызы – адамзат естелігінің үзік-үзік болмауына күш салу. Шежіре арқауы жалғанбаған жерде, адамзат санасынан ғасырлар ғайып болып, тіпті мыңжылдық жеңістер мен жеңілістер трагедиясы ұмыт қалады. Ал, жазушы адамзат зердесінің бірден-бір жоқтаушысы болғандықтан да тарихтың әлгіндей жыртықтарын романмен, поэмамен жамайды” [1. 256] деген пікірге ден қойсақ, Қ.Жұмаділовтің бүкіл романдары тарихи немесе фольклорлық дәстүрлерге бай тарихи сипаттағы туындылар деп кесіп-пішіп айтуға болатын сияқты. Жалпы, сүйекті туындыны тарихи немесе тарихи емес роман деп баяғыдан келе жатқан даулы пікірлерге төрелік айтпай-ақ қояйық, олай болудың өзі шартты нәрсе, бірақ Қ.Жұмаділовтің "Дарабозы” – ХVІІІ ғасырдағы қазақтың Отан соғысының "Тағдыр” мен "Прометей алауы” – сәл бертініректегі оқиғалардың, "Соңғы көш” – ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы оқиғалардың тарихи шежіресі екендігіне ешкім де дау айта қоймас. Сонда оқырман алдынан үш дәуірдің, үш кезеңнің алапат оқиғаларының панорамасы ашылады. Үш романның үшеуі де халық тарихының, дәуір шындығының айнасы іспеттес. Қ.Жұмаділов аталмыш туындыларында жеке тұлғаларды даралай білді, егер тарихтың қозғаушы күші – халық екені рас болса, сол халықты бастайтын серкесі бар емес пе? Қаламгерді толғантқан осы жайттар еді, нәтижесінде Қабанбай, сондай-ақ қазақтың ұлы ханы Абылай, батыры Бөгенбайлар тұлғасы оқырманға жол тартты. Бірде ойлантқан, бірде толғантқан, бірде мұңайтқан, бірде қиялыңды шарықтатқан нәрсе – жазушы бойындағы дала табиғатының, сол даланың еркін перзенттерінің қайсар мінезі... Жазушы тағылымы әр жұмыр басты пендені өзін-өзі тануға итермелейді, мынау жалпақ жер бетіндегі Адам деп аталатын тіршілік иесі өзін-өзі таныса, өз іс-әрекетіне есеп беріп отырса, зұлымдық қайдан келеді? деген сауал төңірегінде толғаныс жасауға шақырады.
Жазушы өз уақытының, өзі ғұмыр кешкен дәуірдің шын мәніндегі жаршысына айналды. Неге екенін қайдам, бізге оның шығармаларының ішінде, өзгелеріне қарағанда, еңселілеу, шоқтығы биіктеу көрінетіні – "Соңғы көш” және "Таңғажайып дүние”.
"Соңғы көш” – адамзат баласы жылап келіп, жылап кетіп жататын мына жарық дүниедегі қазақ деген халықтың бүкіл болмыс-бітімінің, кескін-келбетінің шежіресі. "Соңғы көш” – ғасырлар бойы аузынан "тәубасы” мен "қанағаты” түспеген, ешкімге ұқсамас төлтума мәдениет жасаған, мына жарық дүниеде барша жұртқа гуманизм мен шынайы демократияның жарқын үлгісін көрсеткен, өмірге адамның қонақ екенін терең түйсінген, "қонып бір өтер сай үшін, арам өлер тай үшін” бет жыртыспауға үндеген, жаны жайсаң, жүрегі мәрт жұрттың шынайы тарихы; "Соңғы көш” – қазіргі таңда жаһандану процесі адамзат қоғамына дендеп еніп, материалдық игіліктер бірінші кезекке шығып, руханият әлемі кейінге ысырылған, рухани азғындау, экспансия элементтері қоғамға ене бастаған сәтке қарағанда, рухы биік, өзін табиғатты бағындырушы емес, керісінше, сол табиғаттың бір бөлшегі ретінде түйсінген ұлы дала тұрғындарының айнасы. "Соңғы көш” – табиғи тазалығын, кәусар бұлақтай мөлдірлігін сақтап қалған көшпелі жұрттың өмір атты керуен – көштегі соңғы бұлқынысы, алапат арпалысы.
Расында Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығында Соңғы көш дилогиясының алатын орны ерекше. Бұл шығарма – шынайы толғақтан, нағыз жан мен тәннің жарасынан туған асыл дүние. Жазушының жаны мен тәніне түскен жаралардың тыртығы ақ қағаздың бетін ғана тырнап қойған жоқ, оқырманның жүрегін де осқылады. Дилогияны оқыңыз, қайталап оқыңыз, сонда сіз Қадештің талантына ғана бас иіп қоймайсыз, оның төтенше тағдырына да тәнті боласыз. Соншалықты алапат, сұрапыл сәттерді автордың өз басынан кешіргеніне күмәніңіз қалмайды. Соңғы көшті қазақ әдебиетінің мәуелі бағында оқыстан бой көтерген, бізге бейтаныс та құнарлы топырақтан нәр алған зәулім шынар деп қабылдаймыз. Бұл дилогия – тек автор талантының ғана өресін танытатын шығарма емес, бүгінгі әдебиетіміздің төбелер, жоталар, таулар жүйесіндегі беделді ориентир шыңдардың бірі.
1960-1980 жылдардағы қазақ прозасы тұрғысынан алғанда Қабдеш Жұмаділовтің Соңғы көш романындағы көтерілген мәселе бір табан жақын келетін шығарма – Ақан Нұрмановтың Құланның ажалы романы. Соңғы аталған романдағы негізгі бас кейіпкер Құлан батыр бейнесі болса, Соңғы көштегі Нартай батыр – бас кейіпкер болмаса да, Шығыс Түркістан ұлт-азаттық көтерілісінің көсемі Оспан батырдың бағытындағы негізгі тұлға. Десе де күрес алаңы, уақыт өлшемі, уақыттың ызғары, билік жүйесі бөлек-бөлек болғанымен, арман, тілек, мүдде, көзқарас тұрғысынан алғанда екі романдағы батыр бейнесі бір-біріне жақын. Екі автор да болған оқиғаны негізге идеяға, кесімді айтар ойға бағындыра алған. Мұндағы Құлан – сауаты жоқ, қара танымайтын адам. Оның арманы – рулы он шақты үйімен бірге ешкімге тәуелсіз өз алдына бөлек ауыл болып отыру. Қайталанбас өнері – оғы жерге түспес мергендігі. Ал Нартай – оған қарағанда ұлттық санасы әлдеқашан оянған, оқыған –тоқығаны бар, соғыс алаңында, ел басқаруды да басынан кешкен ұлт қаһарманы. Түркістан өкіметін сталиндік саясатпен қолдан құлатып, Қытайдың жаңа өкіметін орнықтырар кездегі жиында кесек тұлғалы Нартай Мыңбек еденді солқылдата мінбеге шығып, ұлттық көзқарасын ақтара салады. Өз қолыңнан келмесе маған бұйрық бер, - дейді, Үш аймақ көтерілісі кезіндегі командирі Жағыпарға: Келімсек қонақтарды мен Қарғайтыдан тосайын. Қонақтар деп отырғаны – Шәуешекке бет алып келе жатқан қытай армиясы. Осы сөз бара-бара сол кездегі дүрмектің сойылын соғушы белсенділердің арандатуымен ұштасып, ақыры Нартайдың түбіне жетеді.
Екі автордың да айтайын деген ойы осы арада ұштасады. Қуатты ірі империялардың құрығы ұзын, сондықтан да олар жасаған кейіпкерлердің барар жер, басар тауы жоқ. Десе де, ел ынтымағы берік болса, күнкөрістің де айла-тәсілі табылар-ау, бірақ шолақ белсенділер тұрғанда бұл мүмкін емес еді. Өйткені құлқын үшін, азын-аулақ пайда үшін, мансап үшін қандастарына жала жауып, күйе жағатын тексіз тобырдың қолтығына су бүркіп, оларды елім деген ерлерге немесе қазақ қоғамының күнелту дағдысын ұйымдастырып отыратын ауқатты адамдарға қайрап салу арқылы діттеген жеріне жететін қуатты, саяси күш сырттан бақылады. Сондықтан тапқа бөлу деген сылтаумен ессіз, санасыз тобырды ел қамын ойлайтын ер-азаматқа айдап салды, солардың қолымен өз ойындағысын жүзеге асырып отырды. Олар өздігінен істемейді, сынақтан өткен азаматқа қайрап салып, әр-бірден соң өзін-өзімен құрту деген жымысқы саясаттың негізгі түбірі, міне, осыған саяды.
Қабдеш Жұмаділов шығармашылығының жалпы жүйесіне шолу жасағанда, қазақтың ұлт болып қалыптасқан көшпелі қоғамынан бастап, ХХ ғасыр басында жетекші орынға шыққан Алаш зиялыларының күрескерлік идеясына дейінгі ел мен жер тағдырының рухани көрінісін түгел қарастырып шығуға тура келеді. Сондықтан да жазушының тақырып таңдаудағы талғамы, өзіндік көзқарасы, таным-түсінігі тұрғысынан көзіміз жеткен бір шындық, ең алдымен оның шығармаға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҒҰМЫРНАМА ЖАНРЫ ТУРАЛЫ
Қабдеш Жұмаділовтің «Таңғажайып дүние» романының жанрлық сипаты
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ МЕМУАРЛЫҚ РОМАН ЖАНРЫ
Ғұмырнамалық романдардың жанрлық ерекшелігі
Қырғыздың даңқты жазушысы
Қазақ әдебиетіндегі мемуарлық шығармалардың басым бөлігі - романдар
Қазақ әдебиеті тарихындағы мемуарлық шығармалар - ұлттық тарихтың көркем шежіресі
Қабдеш әңгімелеріндегі қазақы тәрбие мәселесі
ҚАБДЕШ ЖҰМАДІЛОВТІҢ СОҢҒЫ КӨШ РОМАНЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ИДЕЯЛЫҚ СИПАТЫ
Қабдеш Жұмаділов өмірі
Пәндер