Қазақ әдет - ғұрып құқығы жүйесіндегі өзара көмек, ағайынгершілік институтының құрылымы және жүйесі


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

мемлекет және құқық теориясы мен тарихы

кафедрасының аға оқытушысы

Тұрсынқұлова Д.

Қазақ әдет - ғұрып құқығы жүйесіндегі өзара көмек, ағайынгершілік институтының құрылымы және жүйесі

Қазақ әдет-ғұрып құқығы жүйесінде ерекше маңызы бар белгілі құқықтық институттар көптеп саналады. Сондай белгілі құқықтық құрылымның бірі ағайынгершілік (өзара көмек институты) болып табылады. ағайынгершілік институты қазақ қоғамының сан ғасырлық даму тәжірибесінің жетістігі болып табылады. Ағайынгершілік институты қоғам дамуының бірнеше кезеңінде түрленіп, толыға дамыған жүйеге айналған күрделі құрылым. Ағайынгершілік институты өзінің ішінде бірнеше түрлерге бөлінеді. Ағайынгершілік институтын құрайтын құрылымдық жүйелер тұтастай осы инститтуттың бейнесін көрсетеді. Ағайынгершілік институтының ішкі құрылымы өзара байланыста, тарихи тәжірибеге негізделген, жеке-жеке құрылымдық бөліктердің жиынтығынан құралады. Ағайынгершілік институтының құрылым жүйесіне мына төмендегілер кіреді:

  1. Аманат мал;
  2. Жылу;
  3. Жұртшылық;
  4. Асар;
  5. Қызыл көтеру;
  6. Ағайынгершілік;
  7. Қонақжайлылық;
  8. Шүлен тарату т. б.

Әдебиеттерде шүлен тарату мен қонақжайлылықты ағайынгершілік немесе өзара көмек жүйесінің ішіне кіргізбейтін де көзқарастар жүйесін көруге болады. Біздің ойымызша, бұл кеңестік кезеңде қалыптасқан таптың танымның негізінде қалыптасқан рулық өзара көмек институты деген түсініктің негізінде қалыптасты. Қазіргі кезеңде бұл институтты өзара көмек институты емес, жалпы ағайынгершілік институты деп бағалау қажет. Себебі, дәстүрлі қазақ қоғамы өзара туысқан ағайындардың бірге тұрып, бір аймақты мекендеу негізінде өмір сүрген болатын. Сондықтан ауылдастың барлығы негізінен бір рудың, бір атаның балаларынан құралды. Екіншіден, қонақжайлық қағидасы келген адамға сый құрмет көрсетумен қатар, ағайынгершілік ілтипатын да білдірді. Шүлен тарату да сондай.

Енді қазақ қоғамында қалыптасқан ағайынгершілік өзара туысқандық жүйенің құрылымының элементтерін жеке-жеке қысқаша талдап өтейік. Олардың қатарына жұртшылық жүйесі жатады. Жұртшылық туралы мынандай пікір қалыптасқан: «Обычай журтшылык устанавливал для родственников и родичей несостоятельного договорного или деликтного должника обязанность оказать ему помощь в уплате долга путем раскладки его между ними. Отказавшийся от участия в такой помощи терял право на получение ее в случае необходимости» [1. С. 69] .

Жұртшылық пен өзара жақын жүйенің бірі жылу болып табылады. Жылу жүйесі дәстүрлі қазақ қоғамында кең тараған институттың бірі. Қоғам дамуы әр түрлі тосын жағдайларды тудыратыны белгілі. Олардың қатарына бас иесінен айырылып, отбасының қарызға белшесінен батуы, әр түрлі табиғи зұламаттар т. б. жатады. Жылу институтының маңызын былай түйіндеуге болады: «Обычай жылу устанавливал для членов родовой и аульной общины обязанность оказывать помощь родичу скотом в случае джута или какого-либо другого стихийного бедствия, следствием которого являлась потеря скота. Родич, отказавший в такой помощи, терял право на ее получение сам, если наступала в ней необходимость» [2. С. 69] .

Қазақ ішінде кең тараған тағы бір ағайынгершілік институтының бірі асар болып табылады. Асар ру аралық көмектің қазақ қоғамында кеңінен қолданылған түрі. Асардың мақсаты ағайындар жиналып бір туысқанның көпшілікпен шешетін ісін жұмыла көтеру болып табылады. Асар көбінесе үй салуда, қора көтеру т. б. қолданады. Қазіргі кезеңде асардың анықтамасы оқулықтарда былай тұжырымдалған: «Асар - одно из распространенных обязательств, заключавшееся в помощи однообщиннику в проведении различных сельскохозяйственных работ-строительстве зимовок, сенокошении, рытье колодца, стрижке овец и т. п. Тот, кому оказывалась помощь, должен был только накормит участников асара» [3. С. 125-126] .

Қазақ қоғамындағы шүлен тарату институты ежелгі дәуірден келе жатқан ағайынгершілік жүйесінің бір элементі болып табылады. Шүлен тарату ежелгі ғұн, үйсін дәуірлерінде қалыптасып эволюциялық дамудан өткен күрделі құрылым. Алғашқы кезеңде щүлен таратуды хандар ғана жүзеге асырған болса, кейіннен рудың ірі байлары да шүлен тарататын болған. Шүлен таратудың классикалық үлгілерінің бірі Ілияс Есенберлиннің көшпенділер романына да атап өтілген болатын.

Өзара көмек институтының тағы бір түрі қонақжайлық болып табылады. Қонақжайлық ескіден келе жатқан дәстүр. Қонақжайлықтың мәнін жоғарыда сөз еттік. Қонақжайлық қағидасын бұзғаны үшін қазақ қоғамында ауыр айып түрі қолданылатын. Қонақтың қазақ қоғамында бірнеше түрлері болған: арнайы қонақ, яғни шақырумен келетін қонақ, құдайы қонақ, яғни шақырылмай жолаушылап жүретін қонақ т. б.

Жоғарыда біз қазақ қоғамындағы дәстүрлі қалыптасқан қонақжайлық институтының негізгі элементтерін қысқаша талдап көрсеттік. Қорыта келгенде қонақжайлық өзара туысқандық жүйесі кеңінен тамыр жайған, ежелден келе жатқан бірнеше күрделі механизмдерден тұратын құрылым болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. «История государства и права Казахской ССР». Часть 1 (под ред. С. С. Сартаева) Алма - ата: Мектеп, 1982.
  2. Сонда.
  3. Абиль Е. А. «История государства и права Казахстана». Караганда: Учебная книга, 2005.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдет – ғұрып құқығындағы келісім-шарт институты
Әдеттегі құқықтың көздері
«қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша мүліктік қатынастарды құқықтық реттеудің ерекшеліктері»
Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша меншік қатынастары
Еліміздің тарихи-құқықтық дамуының жалпы заңдылықтарының көрсеткіші ретіндегі дәстүрлі қазақ қоғамындағы меншік институтының қалыптасу тарихын және әртүрлі кезеңдердегі оның дамуын зерттеу
Құқықтық жүйе және Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі
Құқықтық әдет, оның құқықтың бастау көзі ретіндегі орны
Қазақ қоғамындағы “билер институтының” құқықтық қызметi, бұл институттың қалыптасу кезеңдерi және құқықтық қатынастардағы орны, сондай-ақ, билердiң билiк шешiмдерiне ғылыми тұрғыда талдау жасау, оның құқықтық табиғатын айқындау және мән-мазмұнын ашып көрсету
ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНГЕН СОТ ШЕШІМДЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ
Әдет-ғұрып заңдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz