Жаратылыстану - табиғат туралы біртұтас ғылым



Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім
1. Қазіргі жаратылыстану дамуының тенденциялары
2. Математика . дәл жаратылыстанудың әмбебап тілі
3. Қазіргі жаратылыстанудың құрамдас бөліктері
4. Әлемнің жаратылысты.ғылыми бейнесі

Қорытынды

Әдебиет
Қазіргі жаратылыстану дамуының тенденциялары
Ғылымдардың "кірігуі" (интеграциясы), жаратылыстануда жаңа шектес пәндердің пайда болуы - осының бәрі ғылымның дамуының қазіргі кезеңінің белгілерін көрсетеді. Адамзат (ғылым тарихы тұрғысынан қарағанда) өзінің Табиғатты танып білу барысында барлығы үш сатыдан өтіп, төртіншісіне кіріп отыр. Бірінші сатысында (VII-V ғғ. б.э.д.) қоршаған дүниенің бүтін, біртұтас нәрсе екені туралы жалпы түсініктер қалыптасты. Идеялар мен болжамдардан тұратын натурфилософия деген ілім пайда болды. Бұл саты XV ғасырға дейін созылып, жаратылыстану ғылымдарының алғашқы негіздерін жасады.
XV-XVI ғасырлардан талдау (аналитикалық) сатысы басталды, басқаша айтқанда жаратылыстанудағы қол жеткен жетістіктерді бөлшектеу және ерекшеліктерді бөлу - бұлар ақырында физиканың химия мен биологияның, сонымен қатар басқада жеке жаратылыстық ғылымдардың пайда болуына (ғылымның дифференцияциялану процесі), оның ары қарай дамуына әкелді. Осы сатының екінші бір ерекшелігі-эмпирикалық (тәжірибелік) жолмен алынған білімнің теориялық білімдерден көбірек болуы. Талдау сатысының тағы да бір ерекшелігі Табиғаттың жеке заттарын зерттеудің оның табиғи құбылыстарын зерттеуге қарағанда өте көп болуы. Бұл ерекшеліктер кейінірек адамзат үшінші синтетикалық сатыға көтерілген кезде де сақталып, ары қарай даму жолында болды.
Ақырында, қазіргі кезде барлық жаратылыстанудың принципті тұтастығын дәлелдеп, неге тек физика, химия, биология мен психология Табиғат туралы ғылымның негізгі және өзінше дербес болімдері болып отыр деген сұраққа жауап беру әрекеттері жасалуда.
Сонымен қатар ғылымды дифференциялау, басқаша айтқанда, қайсыбір ғылымның тар салаларын жасау орын алуда, дегенмен, жалпы тенденция ғылымының кірігуіне (интеграциясына) қарай бет алуда. Сондықтан да жүзеге асырылуы басталып отырған ақырғы (төртінші) сатыны интегралды-дифференциалдық деп атайды.
Әдебиет

1. С.Д.Фазылов, З.М.Молдахметов, А.М. Ғазалиев. Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциялары, Алматы 2003 ж.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Биологияны оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасы

Тақырыбы: ЖАРАТЫЛЫСТАНУ - ТАБИҒАТ ТУРАЛЫ БІРТҰТАС ҒЫЛЫМ

Орындаған:
Қабылдаған:

Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қазіргі жаратылыстану дамуының тенденциялары
2. Математика - дәл жаратылыстанудың әмбебап тілі
3. Қазіргі жаратылыстанудың құрамдас бөліктері
4. Әлемнің жаратылысты-ғылыми бейнесі
Қорытынды
Әдебиет

Қазіргі жаратылыстану дамуының тенденциялары
Ғылымдардың "кірігуі" (интеграциясы), жаратылыстануда жаңа шектес
пәндердің пайда болуы - осының бәрі ғылымның дамуының қазіргі кезеңінің
белгілерін көрсетеді. Адамзат (ғылым тарихы тұрғысынан қарағанда) өзінің
Табиғатты танып білу барысында барлығы үш сатыдан өтіп, төртіншісіне кіріп
отыр. Бірінші сатысында (VII-V ғғ. б.э.д.) қоршаған дүниенің бүтін,
біртұтас нәрсе екені туралы жалпы түсініктер қалыптасты. Идеялар мен
болжамдардан тұратын натурфилософия деген ілім пайда болды. Бұл саты XV
ғасырға дейін созылып, жаратылыстану ғылымдарының алғашқы негіздерін
жасады.
XV-XVI ғасырлардан талдау (аналитикалық) сатысы басталды, басқаша
айтқанда жаратылыстанудағы қол жеткен жетістіктерді бөлшектеу және
ерекшеліктерді бөлу - бұлар ақырында физиканың химия мен биологияның,
сонымен қатар басқада жеке жаратылыстық ғылымдардың пайда болуына (ғылымның
дифференцияциялану процесі), оның ары қарай дамуына әкелді. Осы сатының
екінші бір ерекшелігі-эмпирикалық (тәжірибелік) жолмен алынған білімнің
теориялық білімдерден көбірек болуы. Талдау сатысының тағы да бір
ерекшелігі Табиғаттың жеке заттарын зерттеудің оның табиғи құбылыстарын
зерттеуге қарағанда өте көп болуы. Бұл ерекшеліктер кейінірек адамзат
үшінші синтетикалық сатыға көтерілген кезде де сақталып, ары қарай даму
жолында болды.
Ақырында, қазіргі кезде барлық жаратылыстанудың принципті тұтастығын
дәлелдеп, неге тек физика, химия, биология мен психология Табиғат туралы
ғылымның негізгі және өзінше дербес болімдері болып отыр деген сұраққа
жауап беру әрекеттері жасалуда.
Сонымен қатар ғылымды дифференциялау, басқаша айтқанда, қайсыбір
ғылымның тар салаларын жасау орын алуда, дегенмен, жалпы тенденция
ғылымының кірігуіне (интеграциясына) қарай бет алуда. Сондықтан да жүзеге
асырылуы басталып отырған ақырғы (төртінші) сатыны интегралды-
дифференциалдық деп атайды.
Қазіргі уақытта таза түрінде тек қана физикаға, химияға немесе
биологияға жататын жаратылыстық-ғылыми зерттеулердің бір де бір саласы жоқ.
Бұл ғылымдардың барлығы да оларға ортақ Табиғат заңдарына жүгінеді.
Табиғатты толық танып білудің негізгі жолы жаңа білімдерді синтездеу мен
ғылымдардың бірігуінде (интеграциясында) жатыр.
Бірақ бүкіл әртекті Табиғатты (Ғалам, Тіршілік және Ақыл) біз
зерттеудің біртұтас обьектісі түрінде қалай алып қарауымыз мүмкін?
Ізделініп отырған осы бірлік неде жатыр? Мұны біз егер мынадай - барлық
жаратылыстану не нәрсеге негізделген немесе негізделуі керек деген сұраққа
жауап беруге талпынсақ жақсырақ түсінеміз. Барлық арнайы ғылымдарға ортақ
бірдеңе бар ма?

Математика - дәл жаратылыстанудың әмбебап тілі
Итальяндық көрнекті физик және астроном, дәл жаратылыстануды
жасаушылардың бірі Галилео Галилей (1564-1642) былай деген: "Кім де кім
жаратылыстану ғылымдарының мәселелерін математиканың көмегінсіз шешкісі
келсе, ол өзінің алдына шешілмейтін міндет қояды. Өлшенетін затты өлшеу
керек жөне өлшенбейтінді өлшеуге келтіру керек".
Дәл жаратылыстануға қажетті математика қарапайым санау мен әр түрлі
қарапайым өлшемдерден басталады (мысалы Евклидтың геометриясынан). Өз
дамуына қарай дәл жаратылыстану бірте-бірте жоғары математиканың жетілген
арсеналын қолданады.
Математика қисындық түйін және Табиғатты танып-білу құралы ретінде -
ежелгі гректердің туындысы. Математикамен олар біздің заманымызға дейін
алты ғасыр бұрын шындап шұғылдана бастаған. Б. з. дейінгі VI ғасырдан
бастап гректерде Табиғаттың ұтымды құрылғаны жөнінде ұғым қалыптасты, ал
барлық құбылыстар дәл "математикалық" жоспар бойынша өтеді деп есептеді.
Табиғат философиясының негізін салушылардың бірі Платон (б.з.д. 428-384)
өзінің философиялық мектебінің маңдайшасына ұран ретінде мына сөздерді
жазды: "Геометрияны білмесең - кірме". Галилео Галилей өз шығармаларының
бірінде оппоненттерінің бірінің келтірген түкке тұрмайтын дәлелдерін
салмақтай отырып, оларға нағыз философияны, тек қана математика тілін
білетін адамға түсінікті, Табиғаттың ашық кітабы ретінде қарсы қояды.
Неміс философы Иммануил Кант (1724-1804) өзінің "Жаратылыстанудың
метафизикалық бастауларында" былай дейді: "Табиғат туралы кез келген жеке
ілімде ідын ғылымды онда математиканың қаншалықты барлығына (қолданылуына)
қарап табуға болады". Осы жерде Карл Маркстың (1818-1883) мына сөздерін де
келтіруге болады: "Математиканы қолдану сәтті болғанда ғана ғылым өз
кемеліне жетеді".
Салыстырмалылықтың жалпы теориясымен жұмыс жасау кезінде, одан кейін
де А. Эйнштейн (1879-1955) математиканы, тіпті, оның ең жаңа және күрделі
бөлімдерін зерттеп қолдануда 40 өзінің білімдерін жетілдіріп отырды.
Ұлы адамдардың барлық айтқандарынан (мұндай пікірлерді өте көп
келтіруге болады) математиканы жаратылыстануға кіретін ғылымдарды
тұтастырып біріктіретін және оған біртұтас ғылым ретінде қарауға мүмкіндік
беретін "іргетас" деуге болады.

Қазіргі жаратылыстанудың құрамдас бөліктері
Жүйелер туралы ілімге сәйкес күрделі құрылымды жүйелердің маңызды
қасиеті - иерархиялық принцип (hierarchia деген грек сөзінен - өзара
бағыну), сонымен қатар оларда құрылыстың немесе ұйымдастырудың бірнеше
деңгейінің барлығы болып табылады. Жоғары ұйымдастырылған жүйелерде
олардың жүйешелерінің немесе құрылымдық деңгейлерінің иерархиялық принципі
толығырақ, айқынырақ корінеді. Мұндай жүйеде енді жүйешелердің тең құқықтық
принципі емес (немесе үйлестік, келісімдік принципі), керісінше, өзара
бағыну, басқаша айтсақ, субординация принципі жүзеге асырылады.
Иерархиялық принцип жаратылыстық ғылымдарда бар. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаратылыстану негіздері
Ғылыми білімнің дифференциясы мен интеграциясы
“Қазіргі жаратылыстану концепциялары” пәні және оның әлеуметтік маңызы
Бастауыш сыныптарда жаратылыстануды оқытудың тиімді әдістері
Жаратылыстанудың даму кезеңдері
Биология ғылымының жетістіктері
Ғылыми білімнің құрылымы
Ғылым
ГЕОГРАФИЯ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША МАГИСТРАНТТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ
Әлеуметтік экологияның мәні
Пәндер