Сарыарқа самалы


әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
журналистика факультеті
РЕФЕРАТ
«САРЫАРҚА САМАЛЫ» газеті
Тексерген: Шыңғысова Н.
Орындаған: Шайкенова А.
Алматы
2007
Бұрынғы “Қызыл ту” қазіргі “Сарыарқа самалы” газетінің алғашқы редакторларының бірі Ә. Аяпбергенов. Ол 1939 жылы жазықсыз жазаланып, қуғын сүргіннің құрбаны болды. Алғашқы журналистің қолынан шыққан асыл мұралары сақталмай өртелді, мұрағаттан аластатылды. Ә. Аяпбергенов еңбек жолын Ертіс ауданында тұңғыш шыққан “Колхоз тілі” газетінің редакторы болып бастайды. Ең алғаш газет редакциясы ұжымын құрған да, баспахана ұйымдастырған да осы Ә. Аяпбергенов еді. 1938 жылы Павлодар жеке облыс болыр құрылғанда, облыстық газет “Қызыл ту” деп аталды. Міне, сол алғашқы облыстық газеттің редакторы болып, облыстық бірінші партия конференциясында Ә. Аяпбергенов сайланды. Әдебиетшi Төлеутай Ақшолақов, Әнуар Әукенов, Атығай Шанин, Зейнолла Мақанов, Сыздық Смағұловтар басқарып тұрған газет күн сайын шығып тұрды, оның уақытымен шығуына, ауданның алдына қойған мiндеттерге және газет оқырмандарының талабына сай болуына редакцияның аз қызметкерлерi барлық күшiн ынта - жiгерiн, қабiлетiн аямай жұмсады, олар ауыл селоларға, совхоздар мен колхоздарға, кәсiпорындарына, мектептерге жиi барып, тыңғылықты материалдар жариялап отырды. Сонымен қоса газеттiң белсендi тiлшiлерi болды. Олардың iшiнде фельетонды үзбей жазып отырған тәжiрибелi мұғалiм, кейiн Ленин орденiмен наградталған Ғабдуахит Нұрғожин, сол кезде, ауылсовет қызметкерлерi (кейiнен партия орнында басшы қызметте болған) Қапан Әбдiрахманов, Кәйкен Шамкин, Жүнiс Мұстафин, Құбаш Жақин және басқалары бар едi. Мектеп оқушыларының материалдары да жиi шығып тұрған. Оларға арналып арнайы ұйымдастырылған бет «Жастар үнi» деп аталған. Онда жастар сол кездегi өзектi проблемаларды жазып, оларды шешу жолдарын iздестiрген. «Әлемдегi алуан жаңалықты бiз алдымен «Қызыл тудан» оқитынбыз. Қолымызға тез тиетiндiгiне ғана емес, бiлсем дейтiн, бiлiм терсек дейтiн жасқа да, жасамысқа да газеттiң берерi мол болатын. Газеттiң бас мақаласынан бастап ең соңғы беттегi құлақтандыруға дейiн түгел оқитын едiк. «Қызыл ту» өткен замандар ерлерiнiң өшпес атын да, халыққа сiңiрген ғаламат қызметiн де, өз замандастарымыздың қадыр-қасиетiн де жақсы ұқтырды. », - дейдi осы газетте тырнақ алды туындылары жарық көрген қазақтың көрнектi жазушысы Мұзафар Әлiмбаев («Сарыарқа самалы» газетi, № 13, 1979ж) .
«Қызыл ту» - тiл тазалығын сақтағыш, стилистикалық сымбаттылық шеберлiгiне бой ұрғыш газеттерiнiң бiрi болып қалыптасты. Бүгiн де бұл дәстүр жалғасын табуда. «Қызыл ту» талай-талай талантты адамдарды тәрбиелеп шығарды. Газет беттерiнде жарияланған сан алуан еңбектер кiтап болып та басылды, ортақ томдарға ендi… Мәселен Қалижан Бекхожин поэмалары, жазушы Әзiлхан Нұршайықов прозасы, ақындар Қабдыкәрiм Ыдырысов, Аманжол Шамкенов жырлары.
Барлық басқа да, ресми басылымдар сияқты “Сарыарқа самалы” газетінде де, осы жылдары жарияланған мақалалар бірсарынды құрғақ насихат түрінде болған. Мысалы, партия ұйымдарының есеп беру, сайлау жиналыстарының есептері берілген.
Шынайы өмір көрінісін боямасыз көрсетуден гөрі құрғақ мақтау басым болған.
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алуына үн қосқан газеттердің бірі. Редакция осы дәстүрді мұрат етіп, тіл тазалығы, ой тереңдігін қадір тұтып, “Туған тіл” айдарын ашып, тіл проблемасын көтеріп тұрады. Жаңа экономикалық мәселелерге арналған мақалалардың ішінен ауқымды проблемалар да газеттте жиі көтерілді. Оқырман қауым да үнсіз қалмай, ой пікірлерін бұл орайда ортаға салады.
Газет беттерін парақтай отырып, сан қилы ауқымды мәселелерді көтерген, басқа да тақырыптарды жиі кездестіреміз. Қазақтың салт дәстүр, әдет ғұрып, тарихы, мәдени, әдеби өмірінен мол деректер беретін материалдарды да жиі кездестіруге болады.
Газет көтерген мәселелер өте көп, мәселен, интернационалдық, патриоттық тәрбие, халыққа білім беру, саяси және экономикалық оқу, тұрымыстық қызмет, мәдени өмір, спорт, денешынықтыру, экономика.
Ал, басылымның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерінің бірі бұрынғыша жалаң фактілерді тіркеу әдісінен арыла бастаған. “Сарыарқа самалы” газетінің өмірдің өзекті мәселелерін саралап, ой елегінен өткізіп, зерттеп жазуға талап жасағанын аңғаруға болады.
Газет өмір ағымына, заман талабына орай өз мазмұнына өзгерістер мен жаңалықтар енгізіп отыруды негізгі бір мақсатына айналдырған. Осыған байланысты газеттің мазмұны үнемі өсіп өркендеп отырады.
Қоғамдағы қайта құрудың нәтижесінде жариялылық пен демократия күш алып, ескі жүйенің тас қамалы бұзылды. Қоғамдық ойдың қозғаушысы, жаңалықтың жаршысы атанған “Сарыарқа самалы” халықтың мақсат мүддесіне қызмет етіп, мұң мұқтажын жеткізуші, белгілі бір саяси көзқарас, пікір қалыптастырушы міндетін де жылдар бойы атқарып келеді.
Газет күнделікті жаңалықтар жаршысы ғана емес, рухани байлықтың көзі. “Сарыарқа самалы” газетінен ауыл халқы үлкен рухани көмек іздеп ел ішіндегі шешімін күткен проблемалар, нарық заманында тіршіліктің көзін таба білген адамдардың еңбегі газеттің тұрақты тақырыптарына айналған.
М. Әуезов “Әр газеттің өз мінезі болуы керек, өзіндік беті, мінезі жоқ газетті жұрт сүйіп оқымайды” деген ғой. Халқымыздың, әсіресе жастарымыздың өтпелі кезеңде рухани тұрғыдан азып тозбауы үшін оларды жоғары мәдениеттілікке, парасаттылыққа тәрбиелеуде газет өз тарапынан ат салысты. Халық мүддесі, мұң, мұқтажы, газеттің қай кезде де негізгі тақырыбына айналды. .
Елiмiзде тәуелсiздiктiң туы көтерiлгенiне он жылдам астам уақыт өттi. Осы тарихи кезең өзге бұқаралық ақпарат құралдары сияқты Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетiне үлкен өзгерiс әкелдi. Осы орайда қадап айтар тұс - басылымның шығармашылық ахуалының кеңiп, нығаюында.
Газеттегі басты ерекшелік - сол кезде болған оқиғалар, өмірде орын алған фактілер қысқа түрде хабарланып отырады, ағымдағы оқиғалардың жедел жеткізілетін хроникалық сипаты бар. Сол сияқты көлемді мақала эссе, очерктер газет бетінде шығып тұрады. Жанрлық тұрғыдан заметканың үлесі басым. Әр нөмірінде шетелдерде шығатын басылымдарға шолу жасалып тұрады. Газет өнеркәсіп, транспорт, экономика, саясат, өнер, білім, мәдениет сияқты тақырыптарға материалдар жариялайды.
Бұл басылымда оқырмандар арасында кең танылған арнаулы, тақырыптық беттер мен айдарлар кеңiнен берiледi. Газеттің алғашқы бетінде аптаның басты жаңалықтары “Жер жерден” айдарымен беріледі. Газеттің екінші беті әдетте “Қазақ ақпарат агенттігі”, “Билік тынысы”, “Әлем тынысы” деген айдарлардан тұрады. “Денсаулық” бетінің “Тағзым”, “Алғыс иесі”, “Маман мінбері” деген тұрақты айдарлары бар.
Публицистика қашан да сол кезеңдегі ең өзекті мәселелерге үн қатуы керек. Мұндай да публицист өз ойын газет бетінде жайып салады. Өз пікірін батыл білдіріп қана қоймайды, өз ұсыныстарын айтумен бірге, басқа да азаматтарды маңызды бір мәселе төңірегінде толғануға шақырады. Оқырмандарға арналған “Оқырман хаттары” арнайы беті де бар. “Оқырман хаттары” беті “Ұсыныс”, “Ізгілік”, “парыз”, “Пікір”, “Дабыл”, “Айтпаса болмас” деген тақырыпшалармен шығады.
Қай заманда, қандай қоғамда болса да, баспасөздің басты міндеттерінің бірі - өз дәуірінің талап мұқтаждарын ашып көрсету арқылы оның ішкі мән мағынасын танып білуге, сөйтіп, дәуірінің көкейкесті мәселелерін шешуге көмектесу екені мәлім. “Сарыарқа самалы” газеті алуан ауқымды, кең тынысты газет. Газеттің “Ауыл” атты тұрақты беті ауылдың әлеуметтік жағдайы, проблемаларына арналған. “Кәсібің - нәсібің”, “Су шаруашылығы”, “Маман мінбері”, “Айтайын дегенім”, “Тәжірибе” “Игі хабарлар” атты айдарлары бар.
Бүлдiршiндерге арналған «Айналайын», жеткіншектерге «Жас дәурен», әдет-ғұрып, тұрмыстық бағыттағы «Ақ босаға» секiлдi беттер бар.
Әр қоғамның өзіне тән идеологиясы болатындығын ескерсек, біздің әлі күнге дейін қол жеткізе алмай келе жатқынымыз - дүниетанымы мен көзқарасы өзгерген жастар қауымын жетелеп, дұрыс жолға салып жіберетіндей жаңа тәрбие бағыты. Жастар арасындағы тәлім тәрбиеге өзіндік үлес қосатын «Сарыарқа самалының» «Жас дәурен» беті дер едім. «Жас дәурен» бетінен жастардың шығармашылығы, олардың әлеуметтік жағдайлары, рухани тәрбие аясындағы мақалалар толастаған емес. Г. Кафизованың «Білікті жастар бас қосты» (2004 жыл, №97, 17 тамыз), Г. Қамалованың «Белсенділікпен танылсын деп. . », А. Бижанованың «Мен жастарға сенемін», «Қазақ жігіттерінде намыс жоқ па?», А. Құсайынованың «Ұлт мүддесіне туған дүние - мәңгілік» атты мақалалары облыс жастарының үні дер едім.
«Ақ босағаның» жас ұрпақ қыздарды ата-баба дәстүрімен ибалыққа, имандылыққа баулуда, рухани тәрбие беруде рөлі зор. беттің негізгі тақырыбы - екі жастың бір бірімен табысуы, армандаған өз отауларын тігіп, шаңырақ көтеру мәселелері, ене мен келін қарым қатынасы, қазақтың салт дәстүлері. Ж. Ерғалиеваның «Қыздың теңін таба білуі және әдептілігі», «Жігіттің жар таңдауы және әдептілігі» атты мақалаларынан ауыз әдебиетінен, жыраулар поэзиясынан еркін сусындағандығы, ой еркіндігі, тақырыпты тауып қоюдағы, романтикалық асқақ сезімді тақырыптың өзіне сіңіре білу ерекшелігі, философиялық толғау тереңдігі, таза ұлттық табиғаты, ұлттық бояудың қанықтығы, қиял кеңдігі байқалады.
Өзге беттер мен айдарлар да бағдарламада өзiнiң нақты орнын алған. Мiне, осындай реттiлiк оқырмандарды газеттiң әр нөмiрiнде, әр бетiнде қандай тақырыптағы материалдар шығып тұратындығын айқын бiлiп отыруына мүмкiндiк бередi. Бұл оқырманмен тығыз байланысқа себепкер болатын тәжiрибе.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz