1917 жылғы Қазан төңкерісі және қазақ шаруалары


І тарау. 1917 жылғы Қазан төңкерісі және қазақ шаруалары
1. 1. Кеңес өкіметінің орнауының алғашқы
жылдарындағы өлкедегі қоғамдық-саяси жағдай
Большевиктердің шынайы тәуелсіздік пен демократия жолы деп келген Қазақстандағы кеңес өкіметінің жеңісі, іс жүзінде патшалық Ресейдегіден де күшті диктатураға, бюрократиялық жүйені орнатуға апаратын жол болып шықты. Мемлекеттік түрге оранған революциялық зорлық-зомбылық жаңа қоғамдық қарым-қатынасты енгізіп, қолдап отырды, ал олар үшін Қазақстанда объективті жағдайлар орныққан жоқ болатын.
Ресейде ұлттық мәселе бойынша «маманң болып есептелетін Сталин 1919 жылы: «Шығыс жақтар, татарлар мен башқұрттар, қырғыздар мен өзбектер, тәжіктер, ең ақыры бірқатар этникалық топтар мәдени жағынан артта қалған, немесе орта ғасырлық заманнан әлі шықпаған не жақында ғана капиталистік даму аумағына түскен халықтарң деп жазды. Алайда, ол ұлттық шеткері жақтардың мұндай артта «қалушылығың орыс диктатурасын орнатуға бөгет емес деп есептеді. Орыс «марксистерініңң «логикасың бойынша орталықта басталған революция өзінің тар шеңберінде ұзақ қалмауы тиіс. Орталықта жеңген соң, ол сөзсіз шеткері жақтарға таралуы керекң.
Шынында да, Петербордағы және Мәскеудегі төңкерістен кейін, революциялық оқиғалар ұлттық шет жақтарға тарай бастады. Бірақ бұл жердегі, әсіресе Қазақстандағы оқиғалар жергілікті халықтың революциялық белсенділігі емес, сырттан әкелінген факторлардың жемісі болды. Халықтың көпшілігін құрайтын, шексіз далада шашылып жатқан және қатал отаршылық езіп-жаншудан басылып қалған қазақ шаруалары 1917 жылғы оқиғалардан шет қалды. Олардың көңіл-күйінде саяси апатия мен енжарлық басым болды, көптері үшін қаладағы болшевиктердің үндеген қазан революциясының мақсаттары мен міндеттері түсініксіз болды. Кеңес өкіметінің «орыс мінезің туралы айта келіп, белгілі большевик қайраткері Г. Сафаров: «Түркістандағы Октябрь жергілікті халық үшін түсініксіз және жат құбылыс болдың деп жазды.
1917 жылғы оқиғаларға қазақтардың белсенді қатысы туралы Қазақстан тарихнамасында орныққан болжам ешқандай репрезентативтік факторлармен расталмайды және жекелеген, өзара байланыспаған кездейсоқ мысалдар мен оқиғалар негізінде жалпы ресейлік революциялық үдерістің бүтіндігі туралы лениндік тұжырымдаманы растауға тырысу болып табылады. Сонымен бірге, сол Сафаровтың куәландыруы бойынша «еңбек диханшыларының үштен төртін құрайтын қаладан тыс және теміржол бойында орналасқан миллиондаған жабайылар тобыры революциялық қозғалыстан тыс қалып жаттың.
Тіптен 20-жылдардың ортасында Қазақстанның жекелеген қайраткерлері «Октябрь дауылы ауылдарға соқпай, оны аз жанап өттің деп мойындады.
Ақпан революциясынан кейін аз ғана қазақ жұмысшылары мен ұлттық интеллегенция саяси белсенділік көрсетті. Өлкеде “Верный қаласының мұсылман жұмысшыларының біріккен одағы” (“Қара жұмысшылар одағы”), Жаркентте “Жұмысшылар одағы”, сол кезде Түркістан өлкесіне кіретін Қазақстанның оңтүстік облыстарында “Мұсылман еңбекшілерінің одағы” (“Иттифаки”) секілді ұйымдар пайда болды. Қазақстанның жиырмаға жуық қалалары мен ірі елді мекендерінде әр түрлі аттармен қазақ жастарының: “Жастардың демократиялық оқушылары кеңесі” (Омбы), “Жас қазақ” (Ақмола), “Талап” (Петропавл), “Жанар” (Семей), “Қазақ жастарының революциялық одағы” (Мерке ауылы) және де тағы басқа ұйымдар пайда болды. Алайда олардың басым көпшілігі мәдени-ағарту сипатында болды.
Ал қазақ-болшевиктерінің саны саусақпен санарлықтай болды (А. Әйтиев, Т. Бокин, Н. Нұрмақов, Б. Өтепов, С. Сейфуллин, С. Ғаббасов және т. б. ), олар қазақ шаруалары арасында болшевизм идеясын таратты, кеңес өкіметінің бағдарламалық мақсаттарын түсіндірді. Сондықтан да, авторлардың “Қазақстанның барлық болыстықтарында 60-70 пайыз қызмет еткен Советтердің едәуір ықпал етуімен ауылдар мен деревняларда қоғамдық-саяси өмір дамыды” дегені шындыққа сай келе қоймайды. Бұл 1918 жылы да, 1917 жылы да болған жоқ. Сонымен қатар зерттеушілер кеңес өкіметі органдарына қазақ шаруаларын тартудың дәрежесін және Кеңестердің өкедегі қоғамдық-саяси өмірдегі рөлін де көрсетпеді. Бұл осы үдерістің аз ғана көлемде жүрілгендігін көрсетеді. (1925 жылы Голощекиннің “ауылды кеңестендіру” ұранын шығаруы кездейсоқ емес) .
Қазақстандағы кеңес өкіметінің органдары әрбір қалада, ірі елді мекендерде, теміржол стансыларында болатын қызылгвардияшылар мен жұмысшы әскери жасақтарының қылышына сүйене отырып құрылды. 1917 жылдың желтоқсан айының аяғында жекелеген Қызыл гвардия жасақтары құрамының саны туралы мынадай мәлімет бар: Ақбұлақта - 60 адам, Ақтөбеде - 185-200, Атбасарда -35, Әулие-Атада - 200-220, Қазалыда - 70-120, Қарқаралыда - 50, Павлодарда - 250, Перовскийде - 250-350, Петропавлда - 100, Семейде - 250, Түркістанда - 109, Шымкентте - 120, Шиеліде - 80, Ембіде - 75-100 адамнан тұратын жасақ болды.
Сонымен, Қазақстанның 14 елді мекені бойынша Қызыл гвардияда екі мыңдай адам болды. Оларға большевиктер жағына тартылған жергілікті гарнизондардың солдаттары көмектесті. Сол сияқты Ақмола, Торғай, Семей, Жетісу облыстық, уездік орталықтарында және басқа жерлерде де осылай болды.
Жергілікті гарнизондар мен орыс шаруа жер ауғандарынан қолдау тапқан Қызыл гвардия жасақтары өлкеде кеңес өкіметінің жеңісі “бейбіт” немесе қарулы жолмен орнатылған-орнатылмағанына қарамастан, шешуші фактор болды. 1918 жылдың көктемінде Қазақстан қызылгвардияшылар құрылымдарында 6 мыңнан астам адам болды. Ал бұл жасақтардағы қазақтардың қатысы аз ғана болды. Бұл туралы кейбір мәліметтер П. И. Варламовтың естеліктері мен К. Н. Нұрпейісовтың еңбектерінде кездеседі.
Өзінің бір еңбектерінде М. К. Қозыбаев Қазақстандағы кеңес өкіметін орнату тарихын зерттеудегі басымдық бағытын анықтай келіп: “Зерттеушілердің міндеті - іздестіру жұмыстарының ауқымын кеңейту, социалистік революцияның қарулы күрескерлері қатарына жұмысшы-қазақтарды белсенді түрде тартуды байқататын құжаттарды мұрағаттардан іздеп табу керек. Мұндай зерттеу түрін айыра бағалау өте қиын”- деп көрсетеді.
Тарихшылар 1917 жылғы оқиғалардан жұмысшы қазақтар мен тылдағылардың қатысуының жеке мысалдарын табады, алайда, өлкедегі революциялық оқиғалардың барысына олардың шешуші рөлі болды деуге болмайды. Кеңес өкіметі негізінде большевистік эмиссарлар басқаратын солдаттардармен толықтырылды.
“Заңдылық” деп аталатын Қазақстандағы кеңес өкіметінің жеңісін зерттеушілер қаншалықты тезисті негіздейін деп тырысса да, ол қандай да бір объективтік немесе субъективтік факторлармен әсіреленіп көрінбейді. Қазақ халқының өз жұмысшы табының жоқтығын ресей пролетариаты “орнын толдырды-мыс”деген, оның басшылық рөлі туралы тақырыпты абстракты пайымдау, шын мәнінде тарихы істердің шынайы болмысын теріске апарып соқтырады. Жұмысшылары аз, әрі қаруланбаған, ал Қызыл гвардия жасақтары әлі жасақталмаған Қазақстан мен Түркістан жағдайларында, тек солдаттар ғана революцияның қарулы қорғанышы болғанын мойындауымыз керек, тек солардың қолдауы ғана жеңіске жетудің шешуші факторы болды.
Солдаттар өз кезегінде, жоғарыда айтып өткендей, орыстың жер ауған шаруа-колонистеріне сүйенді. 1916 жылғы қазақтардың көтерілісі кезінде-ақ өкімет күшімен өлкедегі “барлық христиан дініндегі адамдар” жеделдете қаруландырылды. 1916 жылғы қараша айындағы деректер бойынша тек Сырдария облысының жер ауған орыстарында 1 038 винтовка болды.
1917 жылы қаңтар және ақпан айларында Түркістан әскери округінің қоймаларынан құпия түрде орыстар мен “христиан” жер ауғандарына: Сырдария уезіне - 500, Черняевке - 250, Қазалыға - 200, Перовскіге - 100, Амудария учаскесіне - 150, барлығы 1200 винтовка таратылып берілді.
Түркістан округі қолбасшысының бұйрығы бойынша Әулие-Атаға жер ауғандарға - 500, Черняевскіге - 250, Перовскіге - 75, Қазалыға - 75, Амудария учаскесіне - 100 винтовка берілді.
Қарулы жер ауғандар мен казактар қазақ ауылдарына шабуыл жасады. 1917 жылғы 26 мамырдағы Прежевальск Кеңес депутаттарының Ташкент өлкелік Кеңесіне жазған хатында (№1057) : “Қарулы шаруалар егістікте жұмыс істеп жатқан қазақтар мен қырғыздарды өлімші ғып сабағанындарына қанағаттанбай, оларға облава жасап, өлтірді”-деп көрсетті. Әсіресе, демалыста жүрген Жетісу әскерилері қазақ және қырғыз ауылдарына аса қатыгездікпен қарулы шабуылдар жасап, оларды өлтіріп, малдарын айдап кетіп отырды.
Казактар болса қазақтарды батыста да, шығыста да қысымшылық жасап отырды. Калмыково поселкесінде (Орал облысы) казактар ауыл қазақтарына өз малдарын Орал сыртына алып кетуін талап етті, яғни бұл олардың көшіп кетуін талап ету деген сөз. 1917 жылғы 7 мамырдағы Уақытша үкімет төрағасының атына жазылған жеделхатта казактардан қысым көрген Бердібеков, Түлешев және басқалары: “Ресей мемлекетінде орнаған жаңа құрылысқа байланысты тәртіп пен әділеттік көбірек болуы тиіс және мұндай заңсыз әрекеттерге орын болмау керек” деп жазды
1917 жылы тамыз айында “Известия Петроградского Совета рабочих и солдатских депутатов” газеті шаруалар мен казактардың қазақтармен әр жердегі қақтығысы туралы хабарлады. Онда газет былай деп жазды: “Қазақтардың жағдайы мүшкіл. Әр пунктер бойынша демонстрацияны басуы үшін казактар жіберіледі. Семей облысы Өскемен уезінің Букониінде қырғыздарды күштеп көшіруде, ол үшін 25 маусым күні казактардың жүздігі арнайы жіберілді. Көшіру аумағы 29 мың десятинді алып жатыр. Алаңдарды қазыналық пайдалану болжануда. Қырғыздарды көшірудің себебі - қырғыз малдарының құмдарды қопаруы, соның салдарынан құмдар орыс тұрғындарының егістігіне қарай жылжиды-мыс. Маусымның аяқ шенінде осы мақсатпен казактар Павлодар уезіне жіберілді”.
Сонымен бірге өкімет жергілікті халықтың қарусыз болғанына барлық күшін салды. 1917 жылы 5 қарашада Әулие Ата уездік комитеті былай деп қаулы қабылдады: “…1) жедел түрде қазақтардағы барлық қару алынсын; 2) уездік комиссариатқа винтовкалар мен патрондар берілсін. Ал қазақтар жағынан қандай да бір тәртіпсіздік болса, орыстарға қару берілсін”.
Бір жағында өкімет органдары, қарулы жер ауғандар мен солдаттар, екінші жағында қарусыз жергілікті халық болған жағдайда, екі аража бір біріне деген сенімсіздіктің терең шұңқыры жатты, ал еңбекшілердің өз әлеуметтік бостандығы үшін бірлескен қимылы мүмкін болмады. Бұл жөнінде көптеген фактілер куә. Мысалы, Петропавл қаласы мен уезінде кеңес өкіметін орнатумен айналысып жатқан Уақытша революциялық комитетте тек орыстар мен украиндер болды. Комитет төрағасы И. Дубинин, мүшелері: Жұмысшы және солдаттар депутаттары кеңесінің атқару комитеті атынан - К. Хоха, В. Тарцевский; Кәсіподақтар кеңесі атынан - Курнаков, Павленко; гарнизон атынан - Быстрицкий, Демин, сондай-ақ большевиктер атынан - Я. Побелянский, П. Калюжная болды. Комитет құрамына революциялық комитеттің іс-қызметіне әсерін тигізе алмайтын Мусылман және Қырғыз кеңесінің өкілдері Г. Ыдырысов пен К. Сүтішев кірді. 1917 жылдың аяғында Петропавл Кеңесінде 10 мың жұмысшыдан және 5 мың солдаттан тұратын 13 мың сайлаушы болды, алайда оның ішінде бірде бір қазақ шаруасы болған жоқ. 1917 жылы желтоқсанда Уақытшы революциялық комитет Петропавл қалалық жұмысшы мен солдаттар депутаттарының атқару комитеті болып қайта құрылды. Ондағы барлық маңызы бар бөлімдерді (азық-түлік, пошта, телеграф, денсаулық сақтау, еңбек, әскери және т. б. ) орыстар басқарды. Г. Ыдырысов пен К. Сүтішев тек Кеңес жанынан құрылған қазақ және татар еңбекшілері арасындағы жұмыс жөніндегі секцияны ғана басқарды.
Қазан революциясының өлкедегі жергілікті халықты көрсететін әлеуметтік базасы болмағандығын большевиктердің жетекшілері де мойындады. В. В. Кубыешев 20-жылдары былай деп жазды: “ Түркістандағы революциялық үдеріс жалпы қозғалыстың нәтижесінен болған жоқ; революция жеделхатпен, формалды түрде алынды және үстірт сипатта болды. Партия жетекшілері әлеуметтік базаны іздеумен басын ауыртқан жоқ. Біз мұсылман тұрғындарына сүйене алмадық, олар мемлекеттік және мәдени құрылысқа дайындалмаған болатын. Сондықтан орыс кулактарына сүйендік. Осы әлеуметтік сүйеніштің арқасында партия патшалықтың отаршылық саясатын жүргізіп жатты”.
Қазан төңкерісінің алғашқы күндерінен бастап әр түрлі сылтаулармен жергілікті халықты билік органдарына қатыстырмады. 1917 жылы қазан айында Ташкентте құрылған Өлкелік халық комиссириаты Кеңесінде бірде де бір жергілікті халықтың өкілі болмады, оның барлық 14 мүшесі европалық еді. Сондықтар да жергілікті халық өкілдері Қоқан қаласында өткен Бүкілтүркістандық ІV съезінде Түркістан автономиясы атынан өлкелік халық өкіметін құруға мәжбүр болды. Бүкілмұсылмандық төтенше съез Тұркістанның көп ұлтты тұрғынарына «Бірлік, Теңдік және Туысқандық қағидаларың негізінде күш біріктіруге үндеу тастады. Өйткені, съезд демократиялық қағидаларды ұстанды және оның саяси тұғырнамасын клерикалды идеялар белгілеген жоқ. Осыған қарамастан, кеңес өкіметі Қоқан автономиясын талқандады. 1918 жылы ақпанда Ташкент Кеңесі Қоқанға жазалаушы экспедицияны жіберді, оның құрамында қызылгвардияшылармен қатар мусылмандар десе патологиялық ксенофобиясы туатын «Дашнакцутюнненң армян ұлтшылдары болды. Қала басып алынып, үш күн шабыс, тонаудан кейін өртелініп жіберілді. Егер 1897 жылы Қоқанда 120 мың адам тұрса, 1926 жылы қалада 69 мың 300 адамдай ғана қалды.
Дәл осындай күйге Алаш автономиясы да түсті. Оған қатысты алғашқы кезде ғана кеңес өкіметі жайбарақат болғанмен, кейін рақымшылықты «ұмытыпң, оның басшыларын жоюға кірісті. Алаш қозғалысының әлеуметтік базасын, негізінде, қазақ шаруалары, біраз бөлігін интеллигенция мен қазақ жұмысшылары құрады.
Сонымен, кеңес өкіметі славян халқы басым Қазақстанның қалалары мен ірі елді мекендерінде орнады, ал сол кезде ауылдар мен селолардың негізгі бөлігі саяси жағынан бейтарап болып қала берді. Бұл кеңес өкіметінің революциялық террор арқылы орныққанын көрсетеді.
Бұдан әрі өлке екі қарама-қарсы күштер арасындағы шиелініскен күрестің сахнасына айналды. Сөйтіп жергілікті халық қызыл мен ақтардың қанды қақтығысының екі ортасында қалды. Ауыл тонау мен зорлықтың нысаны болды: қызылдар болсын, мейлі ақтар болсын олардың малдарын тартып алып, азық-түліктерін алып кетті. Ал Анненковтың баскесерлері Знаменка селосының (Семей облысы) барлық тұрғындарын шауып, Аягөздің 800 адамын атып, асып өлтірді. Дутовшы ақказактар мен «толстовшыларң Батыс Қазақстанның селолары мен ауылдарына көптеген тонаушылық шабуылдарын жасады.
Азамат соғысынан кейін де даладағы жағдай өзгермеді. Бұл соғыста жеңіске жеткен большевиктер аймақтағы қазақ халқы мен басқа халықтардың ұлттық мұң-мұқтажын қанағаттандыруға асыға қойған жоқ. Тіптен Сталин сыртқы істер комиссары В. Чичериннің “бос былшыл сөзге айналып кеткен ұлттық автономия туралы көп айтатындығын” сынға алды. Алайда, сонымен қатар Сталин кенес өкіметі шет жерлерде орыстардың билігі ретінде “қабылданғанын”, орыс пролетариатының диктатурасы жергілікті халық мүдделері үшін жат екендігін мойындады. Ресми құжат - РКП(б) Кироблбюроның “Қырғыздар арасындағы партиялық жұмыс” атты нұсқаулығында (4 қаңтар 1920 ж. ) : “Қырғыз халқы Ресейден келіп жатқан барлық іс-шараларды әлі күнге дейін мақұлдамайды”-деп жазды.
“Отаршылық революция” (Г. Сафаровтың анықтамасы) кейін жергілікті халықтың наразылығын тудырды. Қазалы уезінің бір топ қазақтарының хатында: “Революциядан кейін біздің жағдайымыз жақсарады деп үміттендік. Алайда билік басына келген жұмысшылар мен солдаттар бізге зорлық-зомбылық жасады, олар үйді тінтіп, революция мен оның құрбандарына деп салық салып қойды. Бізге азық-түлік берілмейді. Теміржол арқылы келген барлық заттар (ұн, тары, күріш және т. б. ) орыстарға тарату үшін қоймаларда сақталады. Біз өлім халіндеміз”- деп жазған болатын.
Азамат соғысынан кейін деколонизациялау күресі қоғамдық өмірдің барлық аясын қамтыды. Бұл мәселе Әулие Атада болған (1921 жылдың 31 қаңтарынан ерте емес) қазақ және қырғыз кедейлерінің съезінде өткір қойылды. Б. Алмановтың баяндаухатында былай делінді: “Жасампаз Қазан төңкерісі туды, орыс пролетариаты өзінің диктатурасын орнатты, билікті өзінің қолына алды. Түркістанда бұл төңкеріс биліктің сыртқы атының өзгеруімен жасалды. Сол шенеуіктер - аудармашылар, приставтар, полицейлер Кеңес өкіметінің бет пердесін жамылып алып, отаршылық пен тонаудың бұрыңғы саясатын жалғастырды. Яғни бұл тартып алынған қырғыз жерлерін қайтармау, разверстка ауырлығын қырғыз кедейлерінің мойнына қою болып табылады”.
Азамат соғысы аяқталғаннан соң кеңес өкіметі Далаға өзінің әсер етуін кеңейтуге тырысты. 1921 жылдың қаңтар-ақпан айларында ҚАССР-дің бүкіл аумағында Кеңестер сайлауы өткізілді, ол “Жер - шаруаларға!” ұранымен өтті. Алайда сайлау кампаниясы қысқы мезгілде болғандықтан, оған алыстағы қыстаудағы көптеген шаруа ауылдарының өкілдері қатыса алмады. Тіптен асыра көрсетілген деректер бойынша сайлауға қазақ ауылдарының 50 пайызынан аз сайлаушылары қатысты.
Ауылдағы кеңес өкіметінің әлеуметтік базасын кеңейту мәселесін большевиктер қазақ шаруаларын жікке бөлу және оларды ұлттық интеллигенция әсерінен оқшаулау арқылы шешуге тырысты. 1920 жылы 28 қыркүйекте болып өткен партия мәжілісінде Қыроблбюро саясихатшысы И. А. Акулов “қырғыздар арасында таптық дифференцианың болмауы экономикалық артта қалушылықтың нәтижесі” деп айтқан болатын. Ол “қырғыз еңбекшілерінің мемлекеттен нан, азық-түлік саясатын, ақша мен заттарды көмек алу негізінде кедейшілікті біріктіру және ұйымдастыру ретіндегі әдіс жолын” ұсынды.
Өзінің өмірлік мүдделерін қанағаттандыру, отаршылық мұрагерлікті жоюдағы күресте қазақ шаруаларын жұмылдыруға ұмтылған ұлттық интеллигенция қазақтардың дәстүрлі қоғамын тұрақсыздандыру мен бұзу жолымен жаңа биліктің әлеуметтік базасын біріктіруге бағытталған партия стратегиясымен қарама-қайшылыққа түсті. Атап айтқанда, осы партия курсынан шыға отырып, осы мәжілісте И. А. Акулов “партияның алдыңғы қатардағы міндеті - қырғыздарға әсерін тигізетін қырғыз интеллигенциясымен күрес” деп мәлімдеді. Осыған байланысты ең өзекті мәселе болып мына төмендегі шешім қабылданды: облбюро қырғыз инттелегенциясы көбінде жасанды құрылған, буржуазиялық ұлттық көзқарасы бар топ (үштен төрті - бұрыңғы алашордашылар) деп есептейді.
Бұдан әрі кеңес өкіметінің ұлттық интеллигенциямен күресі Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірдің негізгі бағыттарын, мәні мен мазмұнын анықтап берді. Ұлттық интеллигенция басшыларының басшылығымен отаршылықтың қалдықтарын жоюдағы күреске қазақ шаруалары қаншалықты белсенді тартылса, соншалықты саяси мінбелерден оларды ұлтшылдыққа айыптау қатты естіле бастады. 1922 жылы маусым айының ортасында ҚАССР коммунистеріне Сталин қол қойған РКП(б) ОК-нің циркуляр хаты жіберілді. Онда: “Орталық Комитет Киргизия партия ұйымдарының ұлттық саясаттың негіздерін игермегендерін және практикада теріске айналдыратынын мәлімдейді. Отаршылар тарапынан, сондай-ақ ұлтшылдық бағыттағы элементтердің күшті топтары тарапынан күрес жалғасуда”- деп айтылған.
Республикадағы қоғамдық-саяси өмірдің осы екі бағытын “заңдастырып алып”, орталық билік қазақ шаруаларының шын мүдделерін қорғайтындардан оларды бөліп алу үшін, осылардың қарама-қайшы күресін шебер пайдаланды.
Өлкенің көпшілік тұрғындарының жаңа билікке деген келеңсіз көзқарасының себептерін большевиктік эмиссарлар алашордашылар көтерген бір “қазақ ұлтшылдығынан” көруге ыңғай танытты.
1925-1926 жылдарға дейін орталық партия органдарына құпия түрде хабарламалар келіп жатты, онда кеңес өкіметінің ықпалының жоқтығы айтылды. Мысалы, Семей губерниялық партия комитеті РКП(б) Қыроблбюросына: “губерниядағы жалпы халыққа тұрмақ, қалалардағы жұмысшы табының ықпалы сезілмейді деп жазды”. Әрі қарай губком былай деп хабарлайды: “Ең көп топтар қырғыз мал өсіруші тұрғындар болып табылады…, алайда бұл топ тұрғындарының өте төмен мәдени деңгейі мен өзіндік патриархалдық-рулық қатынастары даладағы біздің ықпалымызды кеңейту мен тереңдетуде және қырғыз тұрғындарын партия мен кеңес өкіметінің берік әрі мықты сүйенішіне айналдыруда қиындық тудырады”. Есепте кеңес өкіметінің қандай әлеуметтік топтарға сүйенгендігі анық көрсетіледі. Олар көбінде Ресейдің түпкірінен жаңадан жер ауып және қайткен күнде шаруашылық пен жер учаскелерін алып қалғысы келгендер болатын, бұл құжатта: “Ең революциялық және біздің ықпалымызға жүретін топтар жекеленген… жер ауып келген топтар. Экономикалық жағынан әлсіз, шаруашылығы қалыптаспаған, тұрақталмаған бұл топтар… партия мен Кеңес өкіметінің ең жаңашарлары болып табылады”, - деп жазылды.
Ал губернияның өз партия ұйымы да тек көшіп келгендерден тұрды. Қазақтар барлық тұрғындардың 54 пайызын құрайтындығына қарамастан, олардың партия ұйымындағы өзіндік үлесі небәрі 11, 2 пайызға әрең жетті.
Біз әдейі Семей губерниясына тоқталып өтпекшіміз, өйткені сол кезде онда бір миллионнан астам (1 049 068) адам тұрған, губернияға Семей, Павлодар, Өскемен, Бұқтарма, Зайсан, Қарқаралы уездері кірген болатын. Бұл губерниядағы жағдай Қазақстанның басқа аудандарына да тән болатын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz