Жоғары мектепте оқытудың ерекшеліктері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоғары мектепте оқытудың ерекшеліктері

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында əлем қауымдастығының басқа да елдеріндегідей білім жүйесін жаңарту жəне дамыту мақсаттарында ұланғайыр реформалау шаралары қолға алынып жатыр. Осы заманның білім жүйесін реформалаудың басты бағыттары төмендегідей:

- білімді адамиластыру(гуманизациялау) ;

- оқуды үздіксіз жүргізу бағыт-бағдары;

-білім технологиясындағы пəн аралық бірігім-байланыстарды (инеграция) іске асыру;

- оқу процесін компьютерлестіру жəне технологизациялау;

- білім берудің ақпараттандыру формасынан проблемдік, ғылыми ізденіс, оқушылардың өзіндік жұмыстарын кең қамтитын оқудың белсенді əдістері мен формаларына өту;

- оқу желісінде мұғалімнің оқыту жұмыстарынан гөрі оқушылардың танымдық іс-əрекеттеріне көбірек мəн беру;

- оқу-танымдық процесін ұйымдастыру мен сол процесті басқаруда жоспарлы қадағалау, қатаң бағдарластыру тəсілдері орнына оқудың дамытушылық, белсенділік көтеру, жеделдестіру мүмкіндіктерін мейлінше тиімді пайдалану;

- білімнің дамытушылық жəне азаматтық баулу қызметтерін назарда ұстау. Қазақстан мектебінің 2005-2010 жылдардағы даму бағдарламаларында белгіленген аса маңызды мəселе- азаматтық, дербестік, жеке жауапкершілік, қоғамға қызмет ету құндылығын түсіну, демократиялық қоғам құру проблемаларын шешуде ынтымақ сезімін тəрбиелеу.

Қазақстан білім кеңістігінде қалыптасып жатқан осы заман білімін реформалау бағыттары жалпы əлемдік бағдар мен үндес келіп, іске асырылуда.

Осы заман мектебіндегі ғылыми басқарым мəні

Күрделі педагогикалық жүйе ретінде танылған осы заман мектебін басқару əрбір басшыдан біртұтас басқару жүйесін түзіп, оны даму жолына бағыттауда жоғары ғылыми дайындықты талап етеді. Бұл үшін түрлі деңгейдегі мектеп жетекшілері төмендегілерді білуі міндетті:

- мектеп түрі мен мақсаты;

- ақпараттық жабдықталуы( оқушылар қызығулары мен мүмкіндіктері, ата-аналар тапсырыстары) ;

- мамандар, материалдық-техникалық, психологиялық жағдайлар (анықталған қажеттіктерді қамтамасыз ету үшін) ;

- оқу жоспарының мектептік баламасы;

- оқу жүйесі жеке-дара, сынып-сабақтық, дəрісбаян-тəжірибелік, мектептің əрқилы сатылары мен оқушы топтарына арналған циклды-ағымдық жəне т. б. ) ;

- оқу-тəрбие жұмыстарын ұйымдастырудың мерзімдік тəртібі (бес-алты күндік, апта, түске дейінгі не күннің екінші жартысында) ;

- мектептің белгілеген мақсаттарға жетудегі басты шарттары (мамандар, материалды-техникалық, қаржылық, ғылыми-əдістемелік, əлеуметтік-психологиялық) .

Педагогикалық жүйе ретінде мектепті басқару барысында, бір жағынан, оның тұтастығын сақтауға, екінші жағынан- ондағы жүйе бірліктерінің əрекеттеріне ықпал жасаумен оларды өзгертіп, реттеуге мүмкіндік беруі қажет. Педагогикалық жүйенің өзіндік қызметтері қоғам қажетінен туындаған мақсаттардың дəл мезетінде орындалып баруына бағытталуы қажет. Мақсаттар мектептің педагогикалық жүйесінің мазмұнын айқындайды, ал сол мазмұнның іске асырылуы, өз кезегінде көптеген, əрқилы əдістер мен формаларды ойластыруды керек етеді.

Мектептегі педагогикалық жүйенің негізгі құрылымдық бірліктерін анықтайтын жағдаяттар - педагогикалық ұжым жəне оның басшыларының қызметтік іс-əрекеттері (В. А. Сластенин) . Мектептердің көбі төрт деңгейлі басқару құрылымын қолдануда:

Бірінші деңгей - мемлекеттік орган бекіткен не ұжым сайлаған мектеп директоры; мектеп кеңесі, оқушылар комитеті, қоғамдық бірлестіктер басшылары. Бұл деңгейде мектептің стратегиялық даму бағыты анықталады.

Екінші деңгей - мектеп директорының орынбасарлары, мектеп психологы; əлеуметтік педагог, қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруға жауапкер, əкімшілік-шаруашылық бойынша директор көмекшісі; өзіндік басқаруға қатысты органдар мен бірлестіктер басшылары.

Үшінші деңгей - оқу барысында жəне оқудан тыс білім-тəрбие жұмыстарына байланысты оқушыларға басшылық қызметтерді атқарушы мұғалімдер, тəрбиешілер, сынып жетекшілері. Бұл деңгейге қоғамдық басқару органдары мен өзіндік басқару, қосымша білім беру мекемелерімен байланыс жүргізуші педагогтарды да енгізуге болады.

Төртінші деңгей - сыныптық жəне жалпы мектептік өзіндік басқару қызметтері тапсырылған оқушылар. Бұл деңгейдің назарға алынуы мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қатынастың «субъект-субъектті» сипатын баса танытады. Мұндай қатынаста оқушы өзара ықпал нысаны болумен бірге өз дамуының қозғаушы күші - субъект ролін де атқарады.

Сатысына қарай əрбір басқару субъекті бір уақытта жоғары деңгейлі басқарудың объекті - нысаны болып есептеледі.

Басқарымды жүйеде оқушылар ұжымы маңызды орынға ие. Бұл ұжымда басқару екі деңгейде жүргізіледі: біріншісі - жалпы мектептік жəне сынып ұжымы; екіншісі - оқушылардың қоғамдық ұйымдары, спорттық бөлімдер, шығармашыл бірлестіктер, үйірмелер, оқу-үйрену топтары (бригадалары) жəне т. б. Педагогикалық жəне оқушылар ұжымдарының өзара бірлестік іс-əрекеттері Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мен жалпы білім беруші мекемелер Жарғысы негізінде реттеліп барады.

Басқару қызметтері, əдістері жəне формалары

Басқару іс-əрекеттері процесінде төмендегідей қызметтер орындалады:

- мақсаттар айқындау (бүкіл жүйенің, сонымен бірге əр кезеңінің соңғы нəтижесін болжастырып, ой-санада нақтылау) ;

- жоспарлау (мектеп жұмыстарының барша бағыттары бойынша ұзақты болашақ пен əр жылға жоспар түзу) ;

- ұйымдастыру (қызметтік міндеттерді сауатты бөлістіру жəне бағыну мен жауапкершілік жүйесін қалыптастыру) ;

- реттеу (қабылданған шешімдерді іске асыру мақсатында əрқилы бағыттағы түрлі қызмет жүйелерінің іс-əрекеттерін үйлестіру) ;

- ынталандыру (шығармашылық істерге, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, инновациялық жобаларға қатыстыру үшін жағдайлар жасау; мұғалімдердің рухани бірлік сезімін қалыптастыру, олардың

əлеуметтік белсенділігіне дем беру; жетістіктеріне орай бағалау жəне мадақтау) ;

- қадағалау (талдау жəне жаңа міндеттерді белгілеу үшін көзделген жоспарлардың орындалуы жөнінде уақтылы ақпараттар алып тұру) ;

- педагогикалық талдау (оқу процесін, тəрбие жұмыстарын, білім мекемесінің материалдық қорын, қаржы-экономикалық жағдайын педагогикалық мамандар мен тəрбиеленушілер құрамын жетілдіруге байланысты зерттеулер жəне талдаулар, нақты қорытындылар жасап, ұсыныстар беру) .

Жоғарыда аталған қызметтер жөнін талдау арқылы басқару мазмұнын екі жікке келтіруге болады: 1) ұйымдастыру- бақылау жұмыстары (басқарымдағылардың іс-əрекеттеріне жетекшілік: тапсырма беру, талаптар қою, күштерін біріктіру, жұмыс барысын қадағалау, марапаттау жəне т. б. ) жəне 2) басқарушылар іс-əрекеттері (мақсаттар айқындау, ынталандыру, қаржы көздерін табу, ұжым құрылымын жүйелеу, іс-əрекеттердің технологиялық негізін қалау) .

Педагогикалық басқару əдістері көзделген мақсаттарға жету жəне басқару қызметтерін іске асыру құралдары ретінде қарастырылады. Басқару əдістерінің негізгі топтары төмендегідей:

- педагогикалық қызметкерлерді экономикалық тұрғыдан қызықтыру (еңбек саны жəне сапасына орай, категориялары мен атақ-дəрежелеріне сəйкес жалақы беру) ;

- əкімшілік - ұйымдастыру əдістері (орындаушылар қызметтерінің шек-өлшемін белгілеу, көрсетпелер, нұсқаулар, бұйрықтар беру жəне т. б. ) ;

- психологиялық - педагогикалық ықпал жасау (кеңес, өтініш, тілек білдіру, алғыстар жариялау) жəне əсерлендіру (шуақты психологиялық климат қалыптастыру, шығармашылық пен ынталылық сезімдерін көтеру, білім мекемесінің əлеуметтік даму болашағы жөніндегі болжамдармен таныстыру) ;

- қоғамдық ықпалдарды пайдалану (педагогтар мен оқушыларды білім мекемесін басқаруға араластыру) ;

- қоғамдық əсер əдістері (ұжымда демократияны нығайтып, басқалармен қатынаста шыдамдылық сақтау, мекеме қызметкерлерінің беделі мен мəртебесін ұлықтау) .

Соңғы жылдары мектепте психологиялық қызметтің қалыптасуымен жаңа басқару əдістері пайда бола бастады. Оқу-тəрбие ақпараттарымен жұмыс жүргізуші қызметкер оларды жинау, өңдеу, сақтау жəне пайдалану тəсілдерін жақсы білгені жөн. Мектеп басшысы, менеджер өз қызметінде бақылау, анкетті сауалнама жүргізу, тестілеу, нұсқау жəне əдістемелік материалдармен жұмыс жасау əдістерін белсенді қолдана білуі шарт. Мектеп əкімшілігінің күш-

қуаты басқарудың мектепішілік ақпараттық технологиясын нақтылап, тəжірибеге ендіруге жұмсалуы тиіс. Бұл технологиялар басшыларға да, əр мұғалімге де таныс болуы міндетті.

Басқаруды ұйымдастыру формалары əрқилы құрылым жəне бағыттарда болуы мүмкін: нұсқау-əдістемелік, теориялық семинар, оқушылар ұжымының отырыстары, педагогикалық кеңестер, əдістемелік бірлестіктер, ұстаздық, мектеп конференциялары, педагогикалық оқулар, ата-аналарды педагогикалық жаппай сауаттандыру. Əлеуметтік -психологиялық əдістерді іске асыру формалары мектептің ішкі тəртіп Ережелерінде көрсетіледі немесе мектеп Жарғысына ендіріледі.

Сонымен, мектеп басқарымын ұйымдастырудағы маңызды жағдай - педагогикалық басқару жүйесінің қалыпты күйге келіп, əрекетшеңдік жағдайында болуы жəне оны іске асыру жолдарын əрбір басшының жіті білуі.

Инновациялық процестерді басқару

«Инновация» термині жаңашылдық, өзгеріс, қандай да жаңалық ендіру дегенді аңдатады. Педагогикалық процеске байланысты бұл түсінік оқу жəне тəрбие жұмыстарымен мұғалім жəне оқушының бірлікті іс-əрекеттерін ұйымдастыру мақсаттарына, мазмұнына, əдістері мен формаларына енген, енетін жаңалықтардан хабар береді (ғылыми рəміз ретінде бұл терминді аудармасыз, өз күйінде қолданғанды жөн көрдік) .

Инновация , сонымен, жаңалық жеткізуші, жаңаланып жатқан жүйеге өзгеріс беретін құрал. Жаңалығы болмаған инновация мəнсіз. Инновациялық маңызға ие болмаған жаңалық іс-əрекет қалпын жақсартудың дерексіз (абстракт), болмысқа жарасымы жоқ құрғақ теория. Басқарудағы жаңалықтар мен инновациялар əрқилы даму, тіршілік сатылары мен қисынды құрылымдарды қамтиды. Өз даму айналымында инновация белгілі кезеңдерден өтеді: идеяның туындауы, мақсат белгілеу, жаңалық идеясын ойластыру жəне əрекет бабына келтіру, жаңалықты іске асыру, тарату жəне тоқырау (жойылу) . Инновациялардың іске асып бару кезеңдері жаңалықты қабылдап, игеруші ұжымның даму кезеңдерімен тығыз байланыста.

Жекеленген басқарым инновацияларының жиынтығы мектепті басқарудың жалпы инновациялық процесін құрайды, ал ол өз кезегінде аудан, аймақ, республикалық білім жүйесінде жүріп жатқан кең ауқымды инновациялық кешендердің құрамынан орын алады.

Инновациялық процесс - бұл күнделікті тəжірибеде өз алдына бөлек жаңалық ретінде танылған нақты да соны ауқымды бірлігі. Мектеп басшысының айналысатыны да осы үлкен, кең шеңберлі процесс.

Инновациялық тəртіп пен кейіп өріс алған жағдайларда оқушылардың да, педагогтардың да тұлғалық бой тіктеуге, өз мүмкіндіктерін іске асыруға болған ынта-ықыласы белсенді даму арнасына түседі. Бұл педагогикалық процесс қатысушыларының өзара қатынасында көрініс береді. Инновациялық процесс нəтижесі - қолданымға енген теориялық та, практикалық та жаңа идеялар. Мұғалім бұл орайда жаңалық авторы, дайындаушысы, зерттеушісі,

пайдаланушысы жəне насихаттаушысы сипаттарын бірдей алады. Ал бұл қызметтерге қатысты басқару жұмыстары соны тұжырым, теория, идея, технология, əдістеме жəне озат педагогикалық тəжірибелерді қандай да мақсатқа орай бағалауды жəне кəсіби іс-əрекетте пайдалануды қамтамасыз етеді.

Қоғам, мəдениет жəне білімнің бүгінгі даму жағдайында педагогикалық іс-əрекеттегі инновациялық бағыттардың қажеттігі бірнеше шарттардан туындап отыр. Олар:

- əр текті оқу орындарындағы білім беру жүйесінің, əдіснамасының жəне оқу-тəрбие процесін ұйымдастыру технологияларының жаңалануы;

- білім мазмұнының күшті адамилық (гуманитаризация) сипат алуы;

- оқу пəндері көлемінің үздіксіз өзгеріп баруы;

- оқудың жаңа ұйымдастыру формалары мен технологияларын ұдайы іздестіруді қажет ететін жаңа оқу пəндерінің енгізілуі;

- мұғалімдердің педагогикалық жаңалықтарды меңгеруі мен қолдануының өзіне болған қатынастар сипатының өзгеруі;

- жалпы білімдік оқу мекемелерінің нарықтық экономикаға бет бұруы;

- жаңа оқу орындары, олардың арасында мемлекеттік емес білім ордаларының құрылуы;

Күнделікті тəжірибеде инновациялық процестер сипаты күтілген нəтижелер мазмұнымен, енгізілудегі ұсыныстардың күрделілік жəне тыңғылық дəрежесімен, сондай-ақ мектеп мұғалімдерінің инновациялық іс-əрекетке дайындық дəрежесімен анықталады.

Соңғы нəтижеге болжам жасай отырып, мектептегі инновациялық процесті басқаруда осы қызметтің негізгі бөлімі ұжымдық талқыға түседі. Бағдарламалы инновацияға байланысты өте ірі шаралар топтық əдіспен дайындалады.

Нақты бағдарлама түзіліп, онда ұжымдағы əрбір мүше іс-əрекетінің бастау бағыты көрсетіледі, соңғы нəтиже болжамы түзіледі, көзделген мақсаттың іске асу мерзімі айқындалады, бар жағдай- шарттардың жақсылана түсуі қамтамасыз етіледі.

Инновациялық процестерді басқаруда нəтижеге бақылау жасау үлкен маңызға ие. Бақылаудағы міндеттер:

- жеткен нəтижелерді бағамдық талдауға салу, білімдік іс-əрекет процестерін реттеуге байланысты жұмыстар жүргізу үшін қажетті тұжырымдар жасау;

- ұжым кейпі мен іс-əрекеттеріне түзетулер енгізу мақсатында инновациялық процестің барша қатысушыларының қызметтері мен жұмыс нəтижелеріне баға беру; қорытындылар шығару;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқыту практикумы
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Қазақстанның білім беру жүйесін 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшірудің негіздемесі
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы
Мектепте тарихты оқыту әдістемесінің орны мен рөлі
12 жылдық жалпы орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Математиканы оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты және оқыту әдістері
Инклюзивті білім берудің ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz