Қазақстандағы лизингті жетілдіру


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАР ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Лизингтің мәні, міндеттері және ерекшелігі . . . 6

1. 2 Лизингтік операциялардың түрлері . . . 14

1. 3 Лизингті қолданудың шетелдік тәжірибесі . . . 23

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГТІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

2. 1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердегі лизингтік

қызметтер жағдайын талдау . . . 28

2. 2 Коммерциялық банктердегі лизингтік төлемдерді есептеуді талдау . . . 41

2. 3 Лизингті дамыту мәселелері . . . 48

3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЛИЗИНГТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ

3. 1 Лизинг қызметіндегі тәуекелділіктерді басқару . . . 51

3. 2 Қазақстандағы лизинг дамуының келешегі . . . 57

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 65

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 67

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Өндіріс секторындағы негізгі құралдарды жаңарту және дамыту Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму стратегиясының міндеті болып табылады. Бұл қойылған міндеттерді шешудегу негізгі қол жеткізерлік механизм болып шағын және орта бизнестегі лизингті дамыту айқындалады /1/.

Лизинг нарығының қалыптасуын қоса, Қазақстандағы лизинг дамуының өзектілігі, алдын-ала, жабдықтар паркінің жағымсыз жағдайымен сипатталады: моральды ескірген жабдықтардың үлес салмағының көптігі, оларды қолданудағы тиімділіктің төмендігі, қажетті қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етілмеу және т. б. Бұл мәселелердің шешуін табудың амалы ретінде, өзіне сыртқы саудалық, несиелік және инвестициялық операциялардың барлық элементтерін қамтитын, лизинг болуы мүмкін.

Қазіргі таңда, қазақстандық кәсіпорыдардың көп бөлігінде айналым құралдарының жетіспеушілігі байқалады. Олар өз негізгі қорларын жаңарта алмайды, ғылыми-теникалық прогресс жетістіктерін енгізе алмайды және несие алуға мұқтаж болады. Жалпы несиелендірудің көп түрлері анықталған: ипотекалық, бағалы қағаздарды кепілдендіру, тауарлар партияларын, жылжымайтын мүлікті кепілдендіру сияқты. Бірақ өзінің негізгі құралдарын жаңартуға шешім қабылдаған кәсіпорын үшін жабдықты лизингке алу тиімдірек болады. Бұл жағдайда негізгі құралдарды сатып алуға бағытталған жай кредитпен салыстырғанда лизингтің толық мерзімі, көбінесе, ол бір жылдан бес жыл аралығы, ішінде жабдық құнының 10%-на дейін кәсіпорын үшін үнемделеді. ҚР-ғы қазіргі экономикалық жағдай лизинг үшін қолайлы деп саналады. Модернизацияға мүмкіндігі жоқ кәсіпорын мен инвестициялатын қаражаттардың қайтарылуына кепілдігі толық еместігі есебінен, бұл кәсіпорынға несиені толғанулармен беретін банк арасындағы қарама-қайшылықтарды қарастыратын нысан лизинг болады. Лизингтік операция барлық қатысушыларына тиімді: бір жағына кезең бойынша өтелетін несие мен керекті жабдығына қол жеткізу мүмкіндігі; басқа қатысушысы - несиенің өтелуіне кепілдік алады, өйткені лизинг объектісі лизинг берушінің немесе соңғы төлемнің өтелуіне дейін лизингтік операцияны қаржыландырушысы, банктің меншігі болып табылады. Қазақстандағы жабдықтардың 80% ескірген, негізгі құралдарды инвестицияландыруды көздейтін кәсіпорындарды қаржыландырудың құралы ретінде лизингті дамытудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру қажет деп санаймын /2/.

Өтпелі экономикалы, сондай-ақ экономикасы дамыған мемлекеттерде лизинг кәсіпорындарды орта мерзімді және ұзақ мерзімді қаржыландырудың негізгі қайнар көзі болып табылады. Ол лизинг алушыға активтерін ұлғайтудың тиімді тәсілі ретінде ерекшеленеді, әсіресе бұл мемлекеттегі шағын, орта, сондай-ақ жұмысбастылықты қамтамасыз ететін, инновацияларды енгізу және бәсекелестікті дамыту сұрақтарында басты орынды иеленетін қайта құрылған кәсіпорындар үшін қолайлы /3/.

Лизингтің ерекшелігі ұзақ мерзімді жалға алудың дәстүрлі нысаны ретінде еместігінде, оның болашақта жұмыс атқарудағы ерекше нысаны екенінде.

Лизингтік қызмет, нарықтық қатынастар жағдайында қалыптасатын, қаржыландыру бойынша, меншікті қолдану мен сәйкес пайда табу, сақтандыру және т. б. қоса күрделі азаматтық-құқықтық қатынастарды кешені.

Лизинг - анықталған өндірістік күштердің арақатынасын өзара тығыз байланыстағы өндірістік қатынастарын сипаттайтын меншік қатынасын жүзеге асырудың тәсілі /4/.

Лизингтік қарекеттің ерекше экономикалық ролі, оның жеке меншіктің өндірістік құралдарға өтуіне жағдай жасайды, ал басқа жағынан меншік иесінің және орындаушының ауысуына әкеледі. Лизинг процесі кезінде мемлекеттік меншіктің өздігінен дамуы байқалады.

Лизинг мәселесі посткеңестік кеңістікте әрі жаңа және өте актуалды болып саналады. Инвестициялық саясаттың тиімді құралы ретінде, лизингтің тоқырау кезінде өндірісті дамытуда маңыздылығы сезіледі. Экономикалық дағдарыстар, өндірістің тоқтап тұруынан, сатып алу қабілетінің төмендігі себеп болған, ауқымды жұмыссыздық кезінде өзінің ерекше экономикалық табиғатына байланысты бұл қызметтің түрі ұлттық экономиканың «емделуіне» және әрі қарай дамуына, ал халықаралық деңгейде жаңа шетелдік инвесторлармен қатынастарды бастап, олардың нығаюына ықпал етеді /5/.

Әлемдік тәжірибеде лизинг экономиканы ынталандырудың механизмі ретінде қарастырылады.

Лизингтің теориялық және практикалық мәселеріне келесі экономист ғалымдардың еңбектері жарық көрген: В. Беловтың, Е. Кабатованың, В. Амташовтың, Г. Уварованың, Е. Чекмареваның, В. Богаровтың, В. Часовойдың, С. Медведковтың, В. Голощаповтың, В. Евстратов, Л. Гехтгтың, А. Смирновтың, К. Сусанянның және т. б.

ҚР-ндағы лизинг дамуының мәселері С. А. Абельдиннің, Т. А. Есиркепов, А. Сатыбалдиннің, К. А. Сагадиевтің, А. С. Смагуловтың, А. И. Мырзахметовтың, Т. И. Есполовтың және т. б. еңбектерінде зерттеліп қарастырылған.

Бірақ, қазіргі Қазақстанның экономикалық жағдайына сай әлі лизинг қызметі нарығының дамуының кейбір аспектілерінің зерттелмей қалуы, дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауыма әсерін тигізді.

Дипломық жұмыстың мақсаты ҚР-ндағы лизингтің стратегиялық дамуының мүмкіндіктерін зерттеу болып табылады.

Жұмыстың мақсатына сәйкес жұмысқа келесі міндеттер қойылады:

  • қазіргі замаңғы жағжайдағы лизинг дамуының теориялық негізін танып білу;
  • республикамыздағы лизинг дамуының жағдайына талдау жасау; лизинг дамуының мәселелерін анықтау; лизинг дамуын жетілдіру бойынша тұжырымдар ұсыну.

Зерттеу пәні коммерциялық келісімді жүзеге асыру барысында пайда

болатын лизингтік қатынастар.

Зерттеу объектісі Қазақстандағы лизингтік бизнес нарығындағы жұмыс атқаратын лизингтік компаниялардың қызметі.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы:

  • лизингтің инвестициялық нысаны арқылы, нарық жағдайындағы

лизингтің негізі және мәні анықталды;

  • макроэкономикалық жағдай призмасы арқылы ҚР-ндағы лизинг дамуының талдауы жасалынды, мұның негізінде лизинг дамуын тежеуші себептер анықталды; заңнаманы жетілдіру мен инфрақұрылымды дамыту есебінен республикамыздағы лизинг дамуының стратегиялық аспектілері анықталды.

Дипломдық зерттеулер нәтижелерінің практикалық маңыздылығы:

Қазақстандағы лизингтік биснестің дамуын жетілдіру бойынша ұсынылған нұсқауларды қолдану мүмкіндігі.

Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады. 68 бетте орындалған, құрамында: 6 кесте және 9 сурет.

1 ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАР ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Лизингтің мәні, міндеттері және ерекшелігі

«Лизинг» ұғымы шетелдік және отандық әдебиеттерінде және кәсіпкерлік қызмет тәжірибесінде жеткілікті көлемде қарастырылады. Лизингтің қаржылық-коммерциялық, құқықтық және техникалық аспектілерін иеленеді. Орташа есеппен алғанда, қазіргі уақытта, экономикалық және заң бойынша әдебиеттерде лизингтің жүзден аса анықтамасы бар. Бұл «лизинг» ұғымының тар, аралық және жалпы мағынасы есебінен келесі қасиеттерін көрсетуге болады (Кесте-1) :

  • лизингтік келісім-шарттың экономикалық мазмұны және құқықтық нысаны;
  • келісім мерзімі; лизингтік келісім объектілерінің шеңбері; келісімге қатысушылардың саны және құрамы.

Отандық әдебиеттерде, көп жағдайларда, лизингті машиналарды, құрал-жабдықтарды, транспорттық құралдарды және өндірістік сипаттағы ғимпараттарды жалға алу немесе ұзақ мерзімді жалға алу деп көрсетеді. Бірақ бұл жағдайда мазмұны жағынан «лизинг» ұғымының тар мағынасын ашады және шаруашылық қатынастар нысанының мағынасын толықтай көрсете алмайды.

Лизингтің жалға беруден айтарлықтай айырмашылықтары бар. Жалға алушылардан гөрі лизинг алушы, тек объектіні ұзақ мерзімге қолдануға ғана алмай, оған меншік құқығымен байланысты болатын, сатып алушының дәстүрлі міндеттері жатқызылады, оның ішінде: меншік ақысын төлеу, меншіктің кездейсоқ жойылу салдарынан туындайтын жоғалтулардың орнын толтыру, оны сақтандыру және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ жөндеу жүргізу /6/.

Кесте-1

«Лизинг» ұғымының негізгі қасиеттері бойынша мағынасы

Негізгі қасиеттері
«лизинг» ұғымының мағынасы
тар
аралық
кең
Негізгі қасиеттері: 1
«лизинг» ұғымының мағынасы: 2
3
4
Негізгі қасиеттері: 1. Лизингтік келісім-шарттың экономикалық мазмұны және құқықтық нысаны.
«лизинг» ұғымының мағынасы:

Бір мағыналы анықтамалар:

а) жалға алу нысаны;

ә) ұзақ мерзімді жалға алудың нысаны;

б) қаржылық жалға алу;

в) мүліктік жалдаудың нысаны;

г) капитал салымдарын, инвестицияларды қаржыландырудың нысаны;

д) өнімді өткізу нысаны;

е) сыртқы сауда нысаны.

Екі мағыналы анықтамалар:

а) лизинг-несие;

ә) несие-жалға алу;

б) жалға алу-сату;

в) жалға алу-амортизация;

Немесе операциясы:

а) қаржы-коммерциялық;

ә) несие-жалға алушылық;

б) сауда-жалға алушылық, сатып алу опционы құқығын қоса.

Көп мағыналы анықтамалар:

а) жалға алу нысаны, капитал салымдары мен өткізуді ынталандыруды қаржыландыру;

ә) жалға алумен, сатып алу-сатумен, қарыз алумен, сатып алу немесе бұл құқықсыз опционды қосатын мүліктік қатынастардың кешені.

Негізгі қасиеттері:

2. Лизингтік келісімнің мерзімі:

2. 1 Сапалық мінездемесі.

2. 2 Сандық мінездемесі.

«лизинг» ұғымының мағынасы:

Ұзақ мерзімді келісім:

а) 3 жылдан жоғары;

ә) 40/90 ережесі (амортизациялық периодтың 40 пен 90% аралығында) ;

б) жабдық қызмет етуінің 75% жоғары;

в) жалға алудың базалық периоды, алғашқы, негізгі мерзімі;

г) амортизацияны есептеу үшін әртүрлі мемлекеттердегі салық заңнамасында тіркелген, өнімнің өмірлік циклы.

Орта және ұзақ мерзімді келісімдер:

а) 2 жылдан жоғары;

ә) 2 жылдан 3 жылға дейін.

Қысқа, орта және ұзақ мерзімді келісімдер:

а) бір жылдан жоғары;

ә) алты айдан жоғары;

б) бірнеше сағаттар, тәуліктерден жоғары;

в) жабдықтың пайдалы қызмет етуінің толық мерзіміне.

Негізгі қасиеттері:

3. Лизингтік келісім объектілерінің шеңбері:

3. 1 Топтық мінездемесі.

3. 2 Детальдық мінездемесі.

«лизинг» ұғымының мағынасы:

а) жылжымалы мүлік;

ә) техникалық құралдар.

а) машиналар, жабдықтар;

ә) өндірістік жабдықтар.

а) жылжымалы және жылжымайтын мүліктер;

ә) негізгі өндірістік қорлар;

б) өндірістің негізгі құралдары;

в) инвестициялық тауарлар.

а) машиналар, жабдықтар, транспорттық құралдар және өндірістік мақсаттағы құрылыстар,

ә) машиналар, жабдықтар, ЭЕМ, транспорттық құралдар, қоймалық орындар.

а) мүліктер;

ә) материалдық құндылықтар;

б) инвестициялық тауарлар және ұзақ қолданылатын тұтынушылық тауарлар.

а) жер, ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар, транспорттық құралдар;

ә) ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар, зауыттар, фабрикалар, электр станциялары;

б) машиналар, жабдықтар, ноу-хау.

Негізгі қасиеттері: 4. Келісімге қатысушылардың саны және құрамы.
«лизинг» ұғымының мағынасы:

Екі жақты келісімдер:

а) өндірушімен қатыса (жабдықтаушы-жалға алушы) және жалға алушы (лизинг алушы), жай сөзбен тура лизинг;

ә) лизинг алушы-сатып алушы және лизинг алушы-мүлікті сатушы ның қатысуымен немесе жай сөзбен «қайтармалы лизинг».

Үш жақты келісімдер:

а) өндірушінің (жабдықтаушының), лизинг берушінің және лизинг алушының қатысуымен;

б) лизинг берушінің, лизинг алушының және қаржыландырушы жақтың қатысуымен (бөлек лизингтің қарапайым нысаны) ;

Көп жақты келісімдер:

а) бес жақтың қатысуымен:

1. брокер (тәуелсіз лизингтік компания) ;

2. тресттің құрылтайшылары;

3. меншік иесі (жалға беруші де ол) ;

4. қаржыландырушы мекеме;

5. жалға алушы.

б) алты және одан көп жақтың қатысуымен:

1. өндіруші;

2. жалға алушы;

3. акционерлер-лизинг берушілер;

4. лизинг берушілердің сенімді тұлғасы;

5. несиелендірушілер-заим берушілер;

6. несиелендірушілер-дің сенімді тұлғасы.

Бірақ меншіктің иесі болып лизинг беруші қалады. Лизинг алушы жалға алушыдан гөрі лизинг берушіге объектіні пайдалану құқығы үшін айлық төлемді емес, оның толық құнын төлейді: лизингтік келісімнің объектісін жойылуы немесе қолдану мүмкіндігі болмаса да оны қарызды толық өтеуден босатпайды. Лизингтік келісім объектісінің ақауы анықталған жағдайда, лизинг беруші барлық гарантиялық міндеттерден бас тартады және лизинг алушы барлық келіспеушіліктерін тікелей жабдықтаушылармен шешеді.

Бұл көзқарас толық тұйықталған, өйткені лизинг беруші объектіні лизинг алушының өтініші мен қызығұшылығы есебінен сатып алатындығында. Сондай-ақ, міндеттердің осылай бөлінуінің себебі объектіні ұқыптау кепілдігі соңғы жақтың иелігінде екендігінде.

Сондай-ақ бұл жағдайда келесіні естен шығармау қажет, жалға беру тек жалға беруші мен жалға алушы арасындағы екі жақты келісім-шарт болатын болса, ал лизингтік келісімдердің көбі екі жақты, үш жақты және көп жақты сипатты иеленеді.

Экономикалық қатастарда лизингті көбінесе қаржылық операциялардың жаңа нысаны, капиталды салуды жүзеге асыру тәсілі. Егер лизингті мерзімділік шартында, құндылықтарды уақытша қолдану деп түсінетін деп түсінетін болсақ, онда оны негізгі қорларға бағытталған тауарлық несие ретінде мамандандыруға болады. Бұл көзқарас тұрғысынан, лизинг, банктің дәстүрлі ссудасына балама, машиналар мен жабдықтарды сатып алуға бағытталатын несиенің бір нысаны ретінде жатқызылады /7/.

Кезкелген лизингтің келісімнің негізі қаржылық, нақтылайтын болсақ, несиелік операция болады. Меншік иесі (лизинг беруші) пайдаланушыға (лизинг алушыға) қаржылық қызметін көрсетеді, ол толық құнын өтеп өз меншігіне құндылықты сатып алады және лизинг алушының кезеңдік төлемдері арқылы бұл соманы және үстіндегі пайдасын қоса қайтарып алады.

Сондықтан, экономикалық мағынасында лизингті лизинг берушінің лизинг алушыға құндылықты пайдалануға беру нысанындағы несие деп түсіндіріледі. Несиелік қатынастың субъектілері: қарыз беруші ретінде лизинг беруші және қарыз алушы тұлға ретінде лизинг алушы болады, ал ссуда объектілеріне машиналар, жабдықтар, транспорт құралдары және т. б. негізгі құралдардың элементтері жатқызылады.

Бірақ лизинг, банктік операция сөзінің тар мағынасы болып табылмайды. Ол сауда-саттық кәсіпорынның жанама операциясы ретінде жүзеге асырылатын, банктік қаржыландыру нысанына жақын мағынаны білдіреді. Ең алдымен бұл лизингтік қоғамдардың арнайы жасаған құзырлықтары. Сондықтан, бұл кездейсоқ жағдай емес, лизинг пен ұқсас қаржыландырудың нысандары - жалға алу, сатып алушыға берілетін несие, қаржылық немесе коммерциялық несие арасындағы сәйкес келмейтін ерекшеліктерін экономистер қатары қарастырады. Яғни құнының азаюы нысанының қалыптасуына байланысты лизинг сыртынан коммерциялық несиемен ұқсас, бірақ арасында да міндетті ерекшеліктері бар.

Ең алдымен бұл коммерциялық несие және лизингтік қатынастағы меншіктерді қамтиды. Коммерциялық несие кезінде тауарларды уақытша қолдануға берілген кезде, сонымен қатар келісім объектісіне, яғни тауарға байланысты меншік құқықтары беріледі. Меншіктегі тауарлар тұтыну құны бойынша өткізіледі, олардың құнын бұл мезгілде төлеу мүмкіндігі жоқ болатындықтан, оны өтеу кейінге қалдырылады /8/.

Лизинг банктік несиеден ерекшеленеді, банк қарыз алушының меншігін ссуда кепілі ретінде өз меншігіне алу құқығы бар болады. Қарызды өтеуден кейін ғана мүлік қарыз алуның меншігіне қайтарылады. Лизингтік қатынастарда жалға алу мерзімі аяқталғаннан кейін және жалға лу төлемі толық өтелгеннен кейін объект лизинг берушінің меншігінде қалады. Әрине, лизингтік келісім бойнша лизинг объектісінің қалдық құны бойынша сатып алынуы және оның лизинг алушының меншігіне өту мүмкіндігі қарастырылады.

Жалпы алғанда лизингті қаржыландырудың бір әдісі екені келісіден көруге болады. Лизинг беруші лизинг алушыға жабдықтарды қолдану мүмкіндігін береді және оның құнын, яғни соңғыны нақты несиелендіру арқылы, бөлшектеп төлеуді ұсынады.

Басқалар лизингті, шаруашылық практикаға енген, өндірілген өнімді өткізу құралы және инвестициялық процестің ерекше каналы ретіндегі, іскерлік қатынастардың жаңа нысаны деп санайды. Оны сондай-ақ ұзақ мерзімді пайдалану тауарларының экспорттың несиелендіру нысанының бірі ретінде де қарастырады /9/.

Тар және бір мағыналы анықтамалармен қатар - жалға алу, қаржыландыру нысаны, несиелендіру нысаны, тауарларды өткізу нысаны сияқты лизингтің көпқырлы табиғи және күрделі конструктивті «лизинг-несие», «несие-жалға алу», «жалға алу-сату», «лизинг-сатып алу», «жалдау-сатып алу», «сату-қарсы лизинг», «сатып алу-лизинг» сияқты қос сөздерді дүниеге әкелді. Сондай-ақ, кейбір жағдайда лизинг сауда-қаржылық немесе қаржы-саудалық операция деп түсіндірілсе, басқа жағдайларда сауда-жалға алушылық, ал үшіншіден несие-жалға алушылық келісім ретінде түсіндіріледі.

«Лизинг» ұғымының аралық мағынасын жақтаушылар, Е. Кабатованың, Е. Чекмарева, Ю. Свядосц сияқтылар, лизингті күрделі келісім-шарттық қатынастарды кешенді қамтитын екі және одан да көп келісім-шарттардың базасында, ең алдымен сатып алу-сату келісім-шарты және құндылықты жалдау келісім-шарты негізінде жузеге асырылады деп түсіндіреді.

Бұл қатынастардың негізі(ұйытқысы) - уақытша пайдалану, ал көмекші орында құндылықты сатып алу-сату қатынасы. Е. Чекмарева былай баяндайды: «бұл қатынастар, тек құндылықты қолдануға беру емес, сондай-ақ көп жағдайда лизинг келісім-шарты аяқталғаннан кейін құндылықтың меншікке сатып алынуымен лизингтік қатынас кешені аяқталады» /10/.

Бұл көзқарас 1988 жылы Отава қаласында, Халықаралық қаржылық лизинг конвенциясында тіркелкі, оның мәні: «Халықаралық тәжірибеде лизинг деп үш жақты қатынас кешенін қарастырады, яғни лизингтік компания(лизинг беруші) клиенттің өтініші мен сұрауы бойынша оған, бұл мақсатта өндірушіден жабдықтарды сатып алып, өндірістік жабдықтарды уақытша қолдануға береді, сондай-ақ келісім-шарт мерзімі аяқталғаннан кейін тұтынушы(лизинг алушы) қолданыстағы жабдықтарды өз меншігіне сатып лау мүмкіндігін сақтайды».

Экономистердің басқа тобы лизингтің басты түсінігі ретінде өзге жалға алушылық және несиелік жұбын айқындайды. Сонымен қатар, бұлардың кейбіреулері қатынас кешенінің негізі ретінде қаржылық-несиелік операцияны алдыңғы орынға шығарады. Осының негізінде, К. Сусанян лизингті мамандырылған компанияның делдалдық қызметі арқылы, оның үшінші тұлғаға белгілі тауарды меншікке алып және оны қысқа, орта және ұзақ мерзімге жалға беруді қолдану, негізгі қорларға салынатын капитал салымдарының қаржылық арнайы нысаны ретінде түсіндіріледі.

Және де Франция, Белгия, Италияның лизингке қатысты заңнамалық актілерде, «лизинг» ұғымымен қатар «несие-жалға алу», «қаржылық жалға алу бойынша операциялар» ұғымы қолданылады.

Экономисттердің үшінші тобы лизингті сауда-қаржылық немесе қаржы-коммерциялық операциялардың күрделі жүйесі, халықаралық және ішкі сауда нысына машина-техникалық өнімді өткізу, өнімді өткізу мәселелерінің қатынастарының жүйесін бірінші орынға қойып, маркетингте қолданылатын өндірістік-техникалық тауарларды өткізу каналдарының бірі деп көрсетеді /6/.

Біздің көзқарасымыз бойынша, «лизинг» ұғымының ауқымды мағынасы «Основы внешнеэкономических знаний» тілашар-анықтамалықта ашылған, онда «лизинг - машиналар мен жабдықтардың ұзақ мерзімді жалға алу, жалға берушінің тауарға меншік құқығының сақталуына негізделген, және өткізуді активтендіру және инвестицияларды қаржыландырудың жаңа әдісі». Лизинг лизингтік компания машиналарды, жабдықтарды, ЭВМ-ы, транспорттық құралдарды, оймалық орындарды жалға алушының өндірістік мақсатындағы қолданысы үшін сатып алады да, олар бойынша келісімнің соңына дейін меншік құқығы сақталады.

«Лизинг» ұғымының кең мағынасы: лизингтік келісім-шартының экономикалық мазмұны мен құқықтық нысаны арқылы ашылады, яғни құндылытарды уақытша пайдалануға беру арқылы қалыптасатын, құндылықтар қатынастарының кешені. Бұл кешен құндылықтарды жалға алу келісім-шартымен қатар, сондай-ақ сатып алу-сату келісім-шартын және қарыздық келісім-шарты өзіне қосады. Лизинг үшін тек бұл кеісім-шарттардың күрделі арақатынасы және оларды қалыптастыру барысында өзара байланысқан қатынастар пайда болады, оларды лизингтік келісімнің типтік схемасы (Сурет 1) мысалында көруге болады.

Қазіргі замаңғы лизингтік қызметтер нарығы лизинг нысандарының, лизингтік келіісмдер модельдерінің және бұл операцияны басқаратын заңнамалық нормалардың көптүрлілігі және әртүрлілігімен сипатталады. Әлемдік тәжірибеді лизингтік келісім нұсқаларының көптеген түрлері дамыған. Олар бір-бірінен нақты шекаралармен ерекшеленбейді және бірін-бірі байланыстырып, бірігуі мүмкін. Сондай-ақ, лизингтің танымал түріне сәл өзгертулер енгізі арқылы, оның жаңа типін алуымызға болады /8/.

Қолданылатын принциптеріне қарай, лизинг сыныптамасының топтары арасынан, біздің көзқарасымыз бойынша, келісілерін айқындауға болады:

  • сызықтық, «жалпақ» сыныптама, бұнда тек бөлек сипаттары бойынша лизингтің түрлері көрсетіледі;
  • көлемді, баспалдақты сыныптама, бұнда әуелі лизинг типтері (түрлері), одан кейін нысандары бойынша бұл операциялардың әртүрлілігі көрсетіледі.

Сыныптаудың сызықтық принипін жақтаушылардың басты жетістігі,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы лизингтік несиелеудің жүргізілу барысын талдау
Лизингтік операциялар туралы ақпарат
«Лизинг- инвестицияның қысқа мерзімді қаржыландырудың әдісі ретінде»
Лизингтік операцияларды ұйымдастыру
Лизингтік қызмет көрсетудің теория-әдістемелік негіздері
Қазақстандағы лизингтік қызмет жағдайын талдау және бағалау
Банктік лизинг кезеңі
Лизингтің теориялық негіздері. Қазақстандағы лизинг бизнесі
Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының теорилық негізі
Коммерциялық банктердің лизингтік қызметінің тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz