Шәкәрім Құдайбердіұлының лирикалық өрнегі



І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ақынның лирикалық өрнегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Шәкәрім лирикаларының тақырыптық, түрлік ерекшеліктері ... .7
3. Шәкәрімнің саяси . әлеуметтік лирикалары ... ... ... ... ... ... ... ... 10
4. Шәкәрімнің философиялық лирикалары ... ... ... ... ... ... ... ... .. 15
5. Ақынның махаббат лирикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
6. Көңіл.күй лирикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27
7. Табиғат лирикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
8. Ақынның қазақ лирикасына қосқан жаңалығы ... ... ... ... ... ...32
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
IV Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ әдебиеті идеялық, тақырыптық және көркемдік жағынан жаңа сипатқа көшіп, соны бағытқа бет бұрды. Бұл бағыт өмір құбылыстарын кестелеудегі шынайылықты, имандылқ пен азаматтық үнді қастерлейтін реалистік бағыт еді. Қандай дап болсын реалистік туындының күш – құдіреті айнала қоршаған ортадағы былайғы көпшілікке беймәлім құбылыстар мен құпия сырларды мейлінше нанымды әрі көркем етіп жеткізе білуінде болса керек. Реалистік әдебиеттің әлеуметтік маңызы мен қоғамдық мәнінің өзі оның өмір құбылыстарын, уақыт пен кеңістік сипатын дәл де шынайы бейнелей білумен өлшенбек.
Төл әдебиетіміздің даму тарихындағы аса маңызды белеске айналған осынау дәуір ұлттық лирикамыздың жан-жақты баюына, нәрленіп, ажарлануына аса мол ықпалын тигізеді. Бұл дәуірде Абайдың ақындық дәстүрі тұтас мектеп е айналып, өзінің ізбасары мен жалғастырушылары арқылы тамырын кең жайды. Осынау ұлағатты дәстүрді нысана тұтқан ақындардың алдында өз заманындағы қазақ даласының әлеуметтік - саяси жағдайынан, рухани мәдени психикалық хал-ахуалынан туындайтын сан тарау тақырыптар бой көтерді. Мұның өзі лирикалық поэзияға аса мол м індеттер жүктеді. Ендігі жерде халықтық лирика бұқараның қоғамдық жағдайы мен эстетикалық таным-түсінігін бейнелеуге ұмтылды. Халық өмірінің әрбір сәтін қалт жібермеуге әзір елгезек лирика жанрының маңызы бұл кезеңде ерекше өсті. Онда айналады болып жатқан оқиғалардан, адамдардың іс - әрекеттерінен туатын қым-қиғаш көңіл күйлері мен сезім сәттерінің біртұтас көркем бейнесі іспетті халықтық болашаққа меңзеген ой-пікірі бүршік жарды.
Осынау заман талабына сай өркен жайған жаңа әдебиеттің, тың өрнектегі лириканың ұлы Абайдан кейінгі алғашқы көрнекті өкілдерінің бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы болды. Ол өзінің алдындағы Абайдың поэзиясынан нәр ала отырып, Ақылбай, Мағауия, Әріп, Әсет, Уәйіс, Көкбай, Нарманбеттер тәрізді талантты замандастарымен бірге ұстаз дәстүрін ілгері дамытты. Абай үлгісіндегі ұлттық лирикамызға Шәкәрімнің қосқан үлесі, әкелген жаңалығы әралуан. Ақын поэзиясының басты қасиеттерін айқындайтын да осы үлес.
Лирика (грекше Іуга — ежелгі гректер үніне қосыльш ән салған музьжа аспабы) — әдебиеттің Аристотель заманынан бері келе жатқан дәстүрлі үш тегінің бірі, шындықты адамның ішкікөңіл-күйіне бөлеп, ойы мен сезіміне астастыра суреттейтін терең психологиялық шығармалардың түрі. Көбіне, елеңмен жазылады.
1. Б. Әбілғазие «Шәкәрімнің лирикалық шығармалары» /оқу құралы/ Алматы: Республибкалық баспа кабинеті 1994 ж. 5-19 бет
2. Б. Әбілғазиев «Асыл арна» Алматы: «Қазақ университеті» 1992 33-65 б.
3. Ш. Сәтбаева «Шәкәрім Құдайбердіұлы» Алматы: «Рауан» 1991 ж. 19-б.
4. С. Ізтілеуова «Шәкәрімнің сырлы сөзі» Алматы: «Арыс баспасы» 2004 ж. 38 –б.
5. Ш. Сәтбаева Ш. Құдайбердіұлы Алматы: «Ғылым» 1993 ж. 15-б,
6. Ш. Құдайбердиевтің шығармалары, өлеңдер, дастандар, қара сөздер Алматы: 1988 ж.
7. «Бес арыс» құрастырған Дидахмет Әшімханов Алматы: 1992 ж.
8. Қ. Мұхаметханов Қазақ әдебиеті 1998 ж. 15 сәуір 4-8 беттер.
9. Бес ғасыр жырлайды. Алматы: «Жазушы» 1989 ж. 235 –бет.
10. Шәкәрім Қазақ айнас ы. Алматы: «Атамұра» 2003 ж.
11. Абайдың ақындық дәстүрі Алматы: 1966 ж. 40-бет.
12. Семей таңы, 1988 ж 3 – тамыз
13. Ш. Құдайбердиев Шығармалары Алматы: 1988, 18- бет.
14. Әр жылдар ойлары Алматы: 1959ж. 11- бет.
15. Абай тағлымы. Алматы: 1986 ж. 114 – бет.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
М а з м ұ н ы
І. Кіріспе ----------------------------------- --------------------
-----------3
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ақынның лирикалық өрнегі ----------------------------------- ---
------ 5
2. Шәкәрім лирикаларының тақырыптық, түрлік ерекшеліктері -----7

3. Шәкәрімнің саяси - әлеуметтік лирикалары ------------------------------
- 10
4. Шәкәрімнің философиялық лирикалары ----------------------------------
15
5. Ақынның махаббат лирикасы ----------------------------------- ----
----- 22
6. Көңіл-күй лирикасы ----------------------------------- --------------
--------- 27

7. Табиғат лирикасы ----------------------------------- -----------------
----------30
8. Ақынның қазақ лирикасына қосқан жаңалығы -----------------------
32
ІІІ. Қорытынды ----------------------------------- ------------------
------33
IV Пайдаланылған әдебиеттер ----------------------------------- ------
34

Кіріспе
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ әдебиеті идеялық,
тақырыптық және көркемдік жағынан жаңа сипатқа көшіп, соны
бағытқа бет бұрды. Бұл бағыт өмір құбылыстарын кестелеудегі
шынайылықты, имандылқ пен азаматтық үнді қастерлейтін реалистік
бағыт еді. Қандай дап болсын реалистік туындының күш – құдіреті
айнала қоршаған ортадағы былайғы көпшілікке беймәлім құбылыстар
мен құпия сырларды мейлінше нанымды әрі көркем етіп жеткізе
білуінде болса керек. Реалистік әдебиеттің әлеуметтік маңызы мен
қоғамдық мәнінің өзі оның өмір құбылыстарын, уақыт пен кеңістік
сипатын дәл де шынайы бейнелей білумен өлшенбек.
Төл әдебиетіміздің даму тарихындағы аса маңызды белеске
айналған осынау дәуір ұлттық лирикамыздың жан-жақты баюына,
нәрленіп, ажарлануына аса мол ықпалын тигізеді. Бұл дәуірде
Абайдың ақындық дәстүрі тұтас мектеп е айналып, өзінің
ізбасары мен жалғастырушылары арқылы тамырын кең жайды. Осынау
ұлағатты дәстүрді нысана тұтқан ақындардың алдында өз
заманындағы қазақ даласының әлеуметтік - саяси жағдайынан, рухани
мәдени психикалық хал-ахуалынан туындайтын сан тарау тақырыптар
бой көтерді. Мұның өзі лирикалық поэзияға аса мол м індеттер
жүктеді. Ендігі жерде халықтық лирика бұқараның қоғамдық жағдайы
мен эстетикалық таным-түсінігін бейнелеуге ұмтылды. Халық өмірінің
әрбір сәтін қалт жібермеуге әзір елгезек лирика жанрының маңызы
бұл кезеңде ерекше өсті. Онда айналады болып жатқан
оқиғалардан, адамдардың іс - әрекеттерінен туатын қым-қиғаш
көңіл күйлері мен сезім сәттерінің біртұтас көркем бейнесі
іспетті халықтық болашаққа меңзеген ой-пікірі бүршік жарды.
Осынау заман талабына сай өркен жайған жаңа әдебиеттің,
тың өрнектегі лириканың ұлы Абайдан кейінгі алғашқы көрнекті
өкілдерінің бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы болды. Ол өзінің алдындағы
Абайдың поэзиясынан нәр ала отырып, Ақылбай, Мағауия, Әріп, Әсет,
Уәйіс, Көкбай, Нарманбеттер тәрізді талантты замандастарымен бірге
ұстаз дәстүрін ілгері дамытты. Абай үлгісіндегі ұлттық
лирикамызға Шәкәрімнің қосқан үлесі, әкелген жаңалығы әралуан. Ақын
поэзиясының басты қасиеттерін айқындайтын да осы үлес.
Лирика (грекше Іуга — ежелгі гректер үніне қосыльш ән салған музьжа аспабы)
— әдебиеттің Аристотель заманынан бері келе жатқан дәстүрлі үш тегінің
бірі, шындықты адамның ішкікөңіл-күйіне бөлеп, ойы мен сезіміне астастыра
суреттейтін терең психологиялық шығармалардың түрі. Көбіне, елеңмен
жазылады.
Лирикалық шығармаға ақынның ішкі дүниесінің сыртқы себептермен, жалпы
ақиқат шындықтың әсерімен аса қатты толқынуы, автордың өз басының алуан-
алуан нәзік түйсіктері, күйініш-сүйшіші тән болып келеді. Ақын басынан
кешкен сезім, ақын басында болған түрлі-түрлі толғаныс — субъективті нәрсе;
бірақ, сонымен қабат кәдімгі объективті дүниенің әсері. Ақынның кеңіл кұйі
әркашан өзі өмір сүрген қоғамдық ортаның хал-жайына байланысты, өзін
қоршаған шындықтың саяси-әлеуметтік сырымен сабақтас. Ол қуана шалқыса да,
жабырқай толғанса да, — лирикада сол өз кезінің шындығы мен сыры жатады.
Оқушы әрбір лирихалық шығармадан оны жазған автор өмір сүрген кездің жай-
жапсарып аңғарып отырады.

1. Ақынның лирикалық өрнегі
Шәкәрімнің бай мұрасында өзі өмір сүрген дәуірдегі қоғамдық
көріністер, ақыл-ой ізденіетері, толғамды тұжырымдар ізін қалдырды.
Шәкәрімнің дүниеге, өмірге, табиғатқа сан-сала құбылыс, көріністерге,
дінге көзқараеында кеібір қайшылықтар кездескенімен, ешқашан оған көзсіз
берілген жоқ; өмірдің қуанып-рақатннан аулақ болуды уағыздаитын тақуа,
бәрін жоққа шығаратын түңілген торыққан адам емес. Дүниеге көзқарасы
жөнінен Шәкәрім көбіне рационализмге деиэмге бе,йім. Бұл философнялық
бағыт дүниені жаратушы бір күй бар дегенді мойындайды оған табиғаттың,
жаратылыстың келісті жарасымдылығы, жүйелі тынысы мен үнемі қозғалысын
дәлел етеді, дүние ісіне құдай араласпайды, адамның болмысты танып білуі
мен өзін-өзі жетілдіру мүмкіншіліктерінде шек жоқ деп қарайды. Қазақтың
ағартушы-демократтары да көбіне осы дүниетанымды, көзқарасты жақтағаны
белгілі. Шәкәрім де солардың ізінде болды.
Ақынның дүниеге, қоғамдық құбылыстарға көзқарастарында үстірт
пікірлер, кейбір қайшылықтар бар, Әсіресе оның ертеректе жазған "Түрік,
қырғыз, қазақ һәм ханлар шежіресі" және "Мұсылманның шарты" атты кітаптары
мен кейбір өлеңдері жөнінде солай айтуға болады. Дүние жаратылысы
"Өлшеусіз ғалам" ғаламаты, "жоқтан бар қылған" ерен күш құдіреті жайындағы
түсінік ақынның дінге көзқарасына, сеніміне негіз болған. Дін тарихы,
теология туралы кітаптарды оқып, ол бір кезде мұсылман дінінің кейбір
шарттарын адам мінез-құлқын жөндеуге пайдаланса деген түсінікке бой ұрады
да, ислам ережелерін түсіндіруге тырысады. Мысалы, "Мұсылмандық шартында"
"Иманның мағынасы", "Аллатағаланың сипаттарын білмек", "Кітаптарда
иланбақ", "Адам жақсы мінезді болмақ", "Әрбір халал іске ұмтылмақ", "Адам
өзін таныса", "Ата-ананың құлы", тағы басқа тараулар бар. "Мұсылмандық
шартын-мұсылмандықты насихаттайтын кітап. Шәкәрім бірыңғай дін жолын ғана
қуып кетпеген сондықтан дін иелерінің, молдалардың өрескел істерін, сұрқия
бейнелерін әшкерелейтін өлеңдер де шығарған.
Шәкәрімнің "Түрік, қырғыз, қазақ һәм ханлар шежірес!" кітабы тарих
қойнауына үңілу негізінде жазылса да, ондағы бірсыпыра пікір-тұжырымдарда
қайшылықтар аз емес. Ол: "Қазақтың түпкі атасының жанын білмек болып, көп
уақыттан бері сол туралы есіткен-білгенімді жазып алып және әр түрлі
жұрттың шежіре кітаптарын оқыдым. Оқыған кітаптарымның мұсылманшасы: Тәбри-
тарих ғүмуми, тарих ғұсмани, тарих антшар аласлам, Нәжип Ғасырбектің түрік
тарихы. Баһадүр ханның язған шежірәй түрік және һәм түрлі кітаптардан
алынған сөздері орысша кітаптардан оқығаным: Радловтың ұйғыр туралы,
Аристовтың түркі нәсілі туралы; дүниедегі һәм түрлі жұрттың шежірелерінен
орысшаға көшірілген сөздері. Оның ішіндегі түріктің ең ескі заманындағы
шежірелері - "Құдатқу білік", "Кошу чидам" деген кітаптардың сөзі және
қытайдың Иуан-Шауу-ми-ши деген жазушысының сөзі және араб-парсы, рум-европа
жазушыларының сөзі",-деп жазды.
Кейбір материалдардан фактілерді. Адам аттарын ғана тізбелеушілік, мән-
мазмұны ашылмауы, ел билеушілерге көптеп көңіл бөлу, кейде өткен күндер
жақсылыққа толы деген үстірт, қате тұжырымдар айтылуы кездеседі. Тарих
қатпарларына терең үңіліп олардың заңдылықтарын, тап-тартыстарын ашу,
әрине, оған әрі қиын да еді әрі мүмкіндіктер де жоқ еді.
Бұл кітаптың жазылуы мен басылуы аралығындағы мерзімінде осы ғасырдың
алғашқы Он жылында қазақ қоғамы да қайшылыққа толы болғаны белгілі. Мұның
өзі жазушы көзқарастарындағы қайшылықтарға да әсер еткені сезіледі.
Шәкәрімнің жан-жақты қаламгер болып қалыптасуына, сөз өнері тарихына
өзіндік ою-өрнекпен зор үлес қосуына көпгеген факторлармен қатар оның
алдында қазақ халқының бай ауыз әдебиеті фольклордан бірте-бірте бөлініп,
жазба әдебиет белгілерін ғасырлар бойы қалыптастырған

2. Шәкәрім лирикаларының тақырыптық, түрлік ерекшеліктері
Ұлы Абайдың сөз өнеріне деген ерекше ықыласын сезіне жүріп қалыптасқан
Шәкәрім о бастан-ақ ақындық өнер жолындағы өзінің биік- нысанасын, асыл
мұратбын жете түсінді, дирикалық поэзияны айрықша қастерлі дүиие деп
есептеді. Оның болашақтағы шығармашылық өсу жолына үзілмес желідей
болған идея да осы сезім туды. Халқының тұңғыш жырлау, бүкіл әлеуметтік
мұратын көздеу, адам бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттерді баралау оның
лирикалық шығармаларының тақырыптық аясын айқындап берді. Әлбетте қандай да
болсын лирикалың поэзияның басты бағытын анықтағанда оның әлеуметтік
тақырыптарды қалай ұсынатыны бірінші шарт болуы әбден заңды.
Абай дәстүріндегі ақындар алдында XIX ғасырдың екінші
жартысындағы қазақ даласының әлеуметтік-саяси жағдайынан, рухани-
психологиялық ахуалынан туындайтын сан алуан тақырыйтар тұр еді. Мұның
өзі лирикалың поэзияға кеп міндет жүктеді. Бұл кездегі халықтық лирика
бұқараның қоғамдағы жағдайы мен эстетикалық таным-түсінігін бейиелруіне
ұмтылды: Халық өмірінің әрбір сәтін қалт жібермеуге ұмтылатын лирика
жанрының маңызы ерекше артты.
Шәкәрім реализміне тән халықтық сипатты да осы әдебиеттің, тың
өрнектегі лириканың алғашқы көрнекті өкілдерінің бірі болды. Ол өзінің
алдындағы Абай поэзиясынан нәр ала отырып, Ақылбай, Мағауия, Әсет, т.б.
тәрізді замандастарымен бірге ұлы ұстаз дәстүрін ілгері дамытты. Абай
дәстүріндегі қазақ лирикасына Шәкәрім қосқан үлес, ол әкелген жаңалық әр
алуан. Ақыл поэзиясының басты қасиетін айңындайтын да осы үлес. В. И.
Ленин тұжырымдап бергендей: Тарихи қайраткерлердің сіңірген тарихи
еңбегі олардың осы күнгі талаптарға қарағанда жаңалық деп түйеді. Тіпті
мынадай ортада өзгеге қиянат жасамаған надандардың өзін Шәкәрім адам
қатарына қосады. Надан болсаң бол, бірақ өзгеге қиянат, кедергі жасама,
соған да шүкіршілік, — дейді ақынның сезімтал жүрегі.
Еріншектен салақтық,
Салақтықтан надандық,
Бірінен-бірі туады,
Жоғалар сүйтігі адамдық,
дес (Еріншек) надандықтың өзі түптің түбінде осында жолдармен
туатунын топшылайды. Осы тәрізді надандың белгілерін көре тұрып, оны
түбірімен жоюға жалғыз өзінің шарасыз екенін сезген ақын:
Жолыққан кісіге соқтық,
Қалжыдға қосып айт боқтық.
Осы ғой сәулесі жоқтық,
Сен күлдің, мен білдім, әйдә! —
деп (Қалжыңшыл қылжақпас) сөзіне әжуа мысқыл араластыра лағынет айтады.
Бұл өлеңдерінің қай-қайсысында да Шәкәрімнің реализміне тән шыншылдық пен
сыншылдық, шынайылық бар. Қандай объектіні нысанаға алмасын, Шәкәрім оны
бір адамның басындағы -кемшілік деп санамайды, оларға типтік сипат бере
сомдайды. Өзінің ақын ретінде өсу эволюциясының барысында ол бұл қасиетті
барынша тиянақтай түседі.
Шәкәрімнің шынайы ақын болып қалыптасуының өзі оның лирикасындағы
осындай реалистік оипаттарға байланысты. Айналадағы құбылыстарды бақылап
көру бір басқа да, оны көркем кестемен, өз мәнінде, бар бояуымен сипаттай,
көпке мәлімдеу бір басқа. Ф. Энгельстің тілімен айтқанда реализм
бөлшектердің шындың болуының үстіне типтік сипаттарды типтік жағдайларда
көрсетуде де шындың болуын көздейді (3, 35). Өзінің бүкіл ақындық
шығармашылығында осы мұратты ұстамай Шәкәрімнің өлеңдері сол себепті де
шыншыл әрі сенімді. Тіпті жоғарыдағы өлеңдерінде келтірілген кейіпкерлер
қазір де маңайымыздан табылатын, күнде кездесіп жүрген жандар секілді.
Бұлардағы ақын ойларының дәлдігі, ақын жүрегінің сезімталдығы мен
көрегендігі оның шығармаларын бүгілгі күнде де осылай жалғастырып,
астастырып жатыр. Оның өз заманында айтқан терең ойлары мел сырлы жырлары
дәл қазір өмірге келгендей сезіледі. Шәкәрімнің бірқатар туындылары осыған
айғақ. Мәселен, оның Епті тышқанаталатын өлеңіндегі мына жолдарды бүгінгі
күннің шындығынан алшақ жатыр дей аламыз ба?
Ойласам, сол тышқандай бұзықтар көп,
Сырты сопы, іші аран қылықтар көп.
Пара алып, не қазынаның ақшасын жеп,
Адалымсыл жүретін үлықтар коп.
Бір ұрты май, бір ұрты қандар да бар,
Қой терісін жамылған жандар да бар,
Жазасызды жалалап атақ алып,
Ақ жүрексіп жүретін паңдар да бар...
Әлбетте айналадағы адамдардың бойында кездесер кемшіліктер қай заманда
да прогресшіл ой-түсінігі - бар азаматтарды толғалдырумен болған. Шәкәрім
болса, сол кемшіліктерді көрумен ғана шектелгеп жоқ. Өз халқының мүддесіп
көздеген ақын оның бойындағы кеселдерін жұртқа жариялаушы ғана емес,
солардың айтушы да бола біледі. Аталған кемшіліктер шын мәнінде адамның ой-
саласын топастандырып, рухани дамуға тұсау боларлық қасисттер еді. Соны
айқыл сезілген ақын ше-дірейіп шекиіп, қасын көріп кекиіп жүрген
сәнқойлар мен ақылын ашуға билеткен ызақорларды, еріншектер мен салақтарды
өзінің Хайуан мен ақымақтар деген өлеңінде ақылсыз мақұлыққа теңейді.
Өленің:
Қылығына қара да сөзімді ойла,
Бұларға бір жолығар кезің бар ғой, —
деп қорыта отырып, Шәкәрім мінез-құлық кемшіліктерін әшкерелеумен қатар, өз
үкімін де айтады, айналасындағыларға астарлы да салмақты ой тастайды,
азаматтық міндеттің ауырлығын тұспалдайды.
Мұндай сипаттар ақынның Ашу мен ынсап, Шаруа мен ысырап, Анық пен
танық, Міндеу мен күндеу сияқты бірқатар лириканың туындыларына
тән. Мұнда да ақын заманының шынайы суреттерін береді. Басты
мақсаты – қоғам мен адам бойындағы кемшілікті әшкереле
3. Шәкәрімнің саяси - әлеуметтік лирикалары
Халық тағдыры - Шәкәрімнің жырындағы көкейкесті тақырып. Бүкіл
шығармашылық жолында ол халық бұқарасынан қол үзбейді. Оның әшкерелейтіні
де халықтың басындағы кеселдер, мақтан тұлпары да халықтық қазына. Өз
өлеңдерінде ол әрдайым халқының басындағы жағ-дайды ұдайы баяндап отырады.
Осы тұста Шәкәрімнің реалистік лирикасының халықтық сипаты аиқын көрінеді.
Бұл — Шәкәрім реализмінің ажырамас қыры.
Қандай қаламгер болсып өзі өмір сүрген тарихи дәуір-мен органикалық
байланыста болатыны ақиқат. Кезінде М. Әуезов Абай шығарыаларының халықтығы
туралы айта келіп, оның екі түрлі сипатта көрінетінің атап көрсеткеп
болатын (18, 429). Яғни, біріншіден, ақын қарапайым шаруа адамының
атынан сөйлей отырып, қанаушы таптың зұлымдық әрекеттерін
әшкерелейді. Ол ауыл кедейінің ауыр халіне жаны ашып, араша түседі,
қазақ әйелінің теңдікке жетуіне тілеулес болады, жастардың жарқын болашаққа
аяқ басуын арман етеді. Ал екінші жағынан, адын осы тәрізді шынайы халықтық
мүддені жырларына өзек ете отырып, халықтың сөз өнеріи барынша мол
пайдаланумен қатар, оны жаңа қырлармен, әрлі бояулармен, соны сипаттармен
байыта түседі. Осыдан келіп Абай шығармаларындағы халықтық қасиеттің
екіпші, қыры көрінеді.
Шәкәрім реализміне тән халықтық сипатты да осы тұрғыдан қарастырған жөн. Ол
да қазақ қоғамындағы көлеңкелі жайларды, ұлт адамдарының психологиясындағы,
рухани-әлеуметтік өміріндегі кемшіліктерді халықтық тұрғыдан зерделеп,
көпшілік бұқараның жоғын жоқтап, мұңын мұңдайды, жастардың қамын жейді.
Барлық үміт келешек ұрпақтарда деген идеяны айтады. Сонымен бірге ол
халықтың санасына ұя салар ой түйіндерін де тап басып, көрегендік танытады.
Сол көргендігінің арқасында болашақты болжам, өз заманының өкінішгі
оңйғаларына жаны ауырады. Мұндай сезім Шәкәрімнің көптегей өлеңдеріне тән.
Атап айтқанда, Ашу мен ынсап, Бай мен қонақ, Партия адамы,
Қазақтың жаманы болмас, Өкінішті өмір тәрізді өлеңдерінде ол халық
басындағы халді шындықпен бейнелейді. Ақын келтірген мысалдар, сынаған
кемшіліктер нанымды. Оларда сол кезеңнің тарихи дамуындағы бүкіл
ерекшеліктер мен сын-сипаттар көрінетін секілді. Мәселен, Қос жұртыматты
өлеңінде ақын халқымен бірге жаоаған өз өміріне кәрілік биігінен көз
жібереді. Бұл кезеңде қазақ даласына жаңа заманның нұры енді-енді сәулесіп
шаша бастағаы. Ақынның жүрегі соғып қуанады. Асарын асап, жасарын жасаған
ақын бір сәт өзіне ендігі мақсатың не? дегі сауал қояды да, соған жауап
іздейді. Әрине, бұл тұстағы ақынның ар-маны шуақты арман, бұдан бұрынғы
өлеңдеріндегідей аса мұңды емес. Ақын революциясының жеңісін, патшаның
тақтан құлаған заманын көрді, енді өлсе де армансыз. Өйткені халқының
өмірінде жаңа өзгерістер туып келе жатқанын көңіліне тоқыды. Алайда
ақынның жүрегін алаңдатарлың жайлар әлі де бар. Соларды айтып,
бағыт берудегі өзінің ролін айқын сезінген ақын:
Қазақтың жайнар даласы,
Жетілер оқып баласы.
Шошытатын мені сол
Олардың күндес, таласы.

Дағдысы сіңген бойына,
Тастаңдар күндес, мақтаның
Көрген соң таңның атқанын,
Ел бастайтын жастарым,
Жен емес жай жатқанын, —
дейді ақын осы өлеңінде. Бұл шумақтан ақынның асқар таудай арманын да,
үкілі үмітін де, көңіл жабырқатар күдігін де көреміз. Бір жағынан туған
жұртының болашақ жақсы күндерін аңсаған асыл арман, екінші жағынан адамдар
бойындағы кері тартар кемшіліктерге төзбестік сезімге толы- осынау
жолдардан ақын реализмінің шынайы халықтық табиғаты танылады.

Реалист суреткер Шәкәрімнің жаңашылдығы оның күнделікті өмірде
ұсақ-түйек көрініп, қалың көпірдің арасында өтіп жататын нәрсенің өзіне
ойлы да терең мән беруінен аңғарылады. Атап айтқанда, ақынның пікірінше,
қазақ қауымын жайлап алған рулық париархалдық ұғымдарын түсініктер қоғамның
ілгері басуы нәтижесінде халық мұрмысына енетін жаңалықтардың қанат жаюына
жағдай туғыза бермейді, қайта керітартпалық сипатта көрінеді. Бұл — Шәкәрім
лирикасыиа тән идеялық-көркемдік ерекшелік. Кері құбылыстарды байыппен
саралау, нақты да әділ; бағалау арқылы Шәкәрім өзінің алдындағы Абай
тәрізді халықтың арман-тілегін білдіріп отырады. Жалпы алғапда, Абай
негізігі қалаған реалистік тәсілдің басты сипаттары да осыған
саяды.
Қаламгерлік кемелденуінің барысында Шәкәрімнің ендігі бір көтерген
идеясы адам мен қоғам арасындағы байланыс. Оның лирикасында өз тұсындағы
қазақ қоғамының шынайы образы сомдалған. Әдетте қоғам өмірі қандай ақынды
болсын ұдайы толғандыратын, оның шығармашылық табиғатын айқындайтын
мәңгілік маңызы бар тақырып болып келеді. Академик жазушы С. Мұқановтың
тілімен айтқанда: Ақынды өсіретін жағдай — қоғам тіршілігі. Оның ой-
пікірінің қазығы — сол тіршілік. Қоғамдық ойдың өресі мен екпіні қаншалыңты
күшті болса, ақын ойы биік деңгейден табылмақ (48, 302).
Шәкәрімнің лирикалық шығармаларының аңғарылатын шығармашылық
ерекшеліктің бірі де осыған саяды. Ақын өлеңдерінің басым көпшілігі XIX
ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамындағы
әлеуметтік - экономикалық,—рухани-мәдениет жағдайды шыншылдықпен суреттеуге
арналған. Алайда ақын оны жеке емес, өзге елдердің өміріндегі игі
нышандарымен салыстыра, сабақтастыра отырып суреттейді, болашақ заманның
мүдделерімен салыстыра жырлайды. Мұнда реалист ақынның көрөгендігі де,
арман-мақсаты да тоғысып жатады. Шәкәрімнің лирикасында қоғам ұғымы жас
келеген адамдар басындағы қасиеттермен оргаиикалық байланыста
ашылады. Бұл ақын лирикасындағы типтік образдардың мол болуына ықпал
еткен қуатты фактор еді.
Түптеп келгенде, адам мен қоғам арасыпдағы қарым-қатынас жайындағы
жаңа тұжырымды қазақ топырағыпа -ең алғаш сіңірген Абай еді. Абай адамды
белгілі қоғамдың өмірдің жемісі, нәтижесі ретінде қарады, оның қимыл-
әрекетін психологиясын, моральдық келбетін өмірге, әлеуметтік тұрмысқа
байланысты көріп, бағалап бейнеледі (7, 45).
Шәкәрім болса, бұл тұжырымды өзіндік ерекшеліктермен байытып,
жалғастырың әкетті. Ол қандай кейіпкерінің бейнесін сомдаса да оның
бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттердің тамырының қоғам өмірінде үнемі
сездіріп отырды. Қандай әлеуметтік кеселді болсын ол уақыт ағымының
барысынап туған, бірақ міндетті түрде түзетуге болатын кемшілік деп білді.
Билік пен байлыққа жету мақсатындағы әлеуметтік психология, адамдар
бойындағы қараңғылық пен надандық, шарасыздық пен жалғаулық түптің
түбінде, қоғамның өміріне де әсер етпей қоймайтынын Шәкәрім жақсы түсінді.
Ал оған қол жеткізудің бірден-бір жолы — халықтың санасын ояту, ел ішіндегі
бай-манаптардың әкімдер-дің бет пердесін ашу деп есептеді. Осы бағытта
сыншыл реалистік, әшкерелеушілік идеядағы өлеңдер жазды. Бұл шығармаларыпда
Шәкәрім елді қапаушылардың, қаріш тойғанын қанағат тұтқан топтастардың
ойын –сауықпен бар өмірін мән-мағынасыз өткбізіп жүрген бос кеуделердің
типтік образдарын жасады.
Шәкәрімнің сыншыл реализмі, ең алдымен, өз қоғамындағы осындай
кеселдерді өткір ~ сынаған өлеңдерінен көрінеді. Ол қазақ қоғамының
кемшіліктөріп жай ғана сынаумен қанағаттанған жоқ. Ең алдымен, сол
кеселдердің әлеуметтік тамырып, объективті, субъективті себептерін
саралауға, сол арқылы патша үкіметінің мүддесін қызғыштай қорғағап
жергілікті әкімшіліктің бедел-бейнесіне әділ баға беруге ұмтылды.
Бұл бағытта да оның шығармашылығынан Абайдың реалистік дәстүрінің ізі
айқьш аңғарылады, Шәкәрім дө Абай тәрізді өз дәуірінің бүкіл кесел-
дерттеріпе жанын ауыртты, содан арылудың емін іздеді.
Партия қуған өңкей қырт,
Жазылыайтын ол қылқұрт.
Мен тартам ел қайғысын,
Әкімі залым, биі мәңгүрт-

Сұрқия тілін жалдайды,
Момын мен аңқауды алдайды.
Қанды қақпан бар құрған,
Түсірер болса қаңдайды,—
деп суреттейді ақып көзімен көріп отырған нақты жағдайды. Мұндағы сурет —
қазақ қоғамының патшалық Ресей жүзеге-асырран әкімшілік реформасынан
кейінгі жағдайы. Ақын сол кезеңдегі қоғамдық психологияны, әлеуметтік жайды
дәлме-дәл бере білген. Мұндағы қоғам жылт еткеп жаңалық атаулының қандайын
болса да қанды қақпанында тұншықтыратын, зұлымдық пен сұрқиялық, адамды
адамның қанауы мен алдауы жазылмайтын қылқұрт кеселге айпалған қасіретті
қоғам. Ондағы өмірдің бар ауыртпалығын момындар мен аңқаулар, кедейлер
арқаласа, қоғам қасіретін, ел қайғысын Шәкәрім сияқты көзі ашық парасатты
азаматтар тартады. Өз мойнындағы осындай жауапкершілікті сезінген ақын
үнсіз қала алмайды, халықтың сөзін сөйлейді, өз сөзін түсінетін сәулесі
бар жап іздейді.

4. Шәкәрімнің философиялық лирикалары
Шәкәрімнің ұғымындағы ғылым — оп-оңай қол жететін жақын нәрсе емес.
Оны меңгеру үшін, ең алдымен, адамға тән бірқатар қасиеттерді бойына
жинақтай білуің шарт. Өзінің бірқатар өлеңдерінде ақын осы қасиеттерді кім
болса да өз табиғатына дарытып, сіңіре білуі қажет дегенді айтады.
Жастардың алдағы өміріне өшпестей ғибрат боларлық жөн сілтейді. Талап пен
ақыл атты өлеңінде ақын:
Тапқыш ой ғой ақылдың мағынасы,
Түбі — жүрек, болады мида басы.
Орынсызға ұмтылтмай тоқтатуға
Талаптың алты түрлі бар ноқтасы,—
дей келіп, талаптың жүйрік тұлпарына мінген жанға ынсап, рақым, ар, ұят,
сабыр, саттық сияқты алты түрлі қасиеттің қажеттігін, соларды бойына
білген адам ғана мұратына жете алатынын айтады. Сондай-ақ бұл қасиеттердің
әрқайсысына жеке-жеке талдау жасап, мәнін түсіндіреді. Шәкәрімнің бұл
өлеңіндегі басты идея Абайдың Ғылым таппай мақтанба деп аталатын әйгілі
туындысындағы даналық ойлардың заңды жалғасы іс-петті.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз, —
деп Абай өсек, өтірік, мақтаншаңтық, еріншектік пен дарақылық сияқты бес
дұшпанын, талап, еңбек, теред ой, қанағат, рақым атты бес асылын атап-атап
береді. Шәкәрімнің мұраты — адамның бойына талаптың нәрін сіңіру. Өйткені
талапты адам бәріне де қол жеткізе алады.
Бұл жолдардың тәрбиелік маңызы айрықша, Тіпті қандай тарихи дәуірде де
өз мәнін жойыайтын ұлы ғибрат. Кемеңгер ақындарды келешек ғасырлармен
жалғастырып жататын да осы қасиеттер.
Шәкәрімнің гуманистік сипаттағы өлеңдерінің тәрбиелік мәні мұнымен
шектелмейді. Оның бірқатар өлеңдерінде адам бойындағы жағымсыз мінез-құлың,
іс-әрекет сыналса, енді біразында жоғарыдағыдай елыейтін ақыл-кеңес
айтылады.
Шәкәрімнің лирикасында ақыл мен талап категорияларына айрықша мән
беріледі, үнемі қайталанып отырады. Адамға тән жақсы қасиеттердің бәрін де
Шәкәрім осы екі ұғымның аясына сыйғызуға тырысады. Бұл екеуі бас қосқан
жерде адам баласынан қашып құтылатын ош нәрсе болмайтынын айтады.
Талап шапса ақылға мініп алып,
Жақсы, жаман бәріне бірдей салып.
Аның ақыл адымын аштырмайды,
Еш нәрсе одан құтылмас жетпей қалып,
деп Талап пен ақыл; атты өлеңінде ол өз пікірін дәлелдей түседі.
Реалист Шәкәрім осылайша, өзінің лирикалық шеберлігі, сыршыл аңындығы
арңылы өз кезінде әділелттілік пен адамгершіліктің ғылым мен өнердің туын
биік көтерді. Оның үндеуі жай ғана ғылым үйрен деуді мақсат тұтқан жоқ.
Шәкәрімнің үндеуі өз заманының талабына сәйкес, туған халқының болашағын
көздеген, жақсылықты аңсаған ақын жүрегінің, ойлы да парасатты
жанның азаматтық үні еді.
Шәкәрімнің сыршыл, реалистік лирикасы арқылы адамтану
мәселесіне қосылған азаматтық идеялардың бірі — еңбек ету идеясы. Оның
лирикасында еңбек пен ғылым мәселелері қатар өріледі. Еңбек тақырыбы —
Шәкәрімнің бүкіл ағартушылық, гуманистік қызметінің дәні, мәнді өзегі.
Орыстың революцияшыл демократтарынан бастап қазақ қоғамындағы Шоқан,
Ыбырай, Абай сынды ойшылдар да бұл мәеелеге айрықша мән берген. Еңбек
туралы Абай көп жазды, — дейді профессор Қ. Жұмалиев, — Жастардың адам
болуы үшін, ең алдымен, еңбек етуі керек. Ғылымға қолы жету де, әлеумет
өміріне пайдалы жұмыс істеу де еңбекпен байланысты деген қорытынды шығарды
(31, 265). Ал Абайды өзінің дана ұстазы деп білген Шәкәрім болса, бұл
идеяны одан әрі дамытты. Шәкәрімнің айтуынша, еңбек — жақсылық атаулының
себепкері. Данышпан. Абай:
Болмасын кекшіл,
Болсайшы көпшіл,
Жан аямай кәсіп қыл,
Орынсыз ыржаң,
Болымсыз қылжаң,
Бола ма дәулет, несіп, бұл?
Еңбек қылсаң ерінбей
Тояды қарның тіленбей, —
деп жырласа, Шәкәрім де Адамдық борышының — халқықа еңбек қыл, — деп,
еңбек етуді адам баласының ең асыл міндеті, қасйетті парызына балады. Қазақ
ағартушыларының прогресшіл идеясының, оның арғы жағындағы бүкіл ағартушылық
философия қағидаларының заңды жалғасы еді бұл. Н. А. Добролюбов: Біз,
мәселен, игіліктің бәрі еңбекте деп есептейміз, сондықтан да еңбегі адамға
тән нәрсе деп санаймыз, — деп (28, 287) еңбектің адам баласына тәң нәрсе
екенін айтса, Шәкәрім ол адамға жай ғана тән нәрсе емес, міндетті нәрсе
екенін шегелей түсіндірді.
Ол әлеуметтік прогреске жетудің үш жолы бар деп есептеді, Оның бірі —
қазақ қоғамының бойындағы сауатсыздықты жойып, адамдардың оқып, білім алуы,
екінші жол адал да пайдалы еңбек ету жолы еді, ал үшін-шісі озық ойлы
елдердің мәдениетінен сусындау жолы болатын. Еңбек мәселесіне қатысты
пайымдауларында ақын еңбектің жекелеген адамдардың өміріндегі ғана емес,
бүкіл адамзат баласының дамуындағы биік ролі мен тарихи маңызына зер
салады. Анық бақ деп айтарлық үш нәрсе дейді- Шәкәрім. Олары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім лирикасы
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармалары
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) өмірі
Шәкәрім Құдайбердіұлы-қазақтың көрнекті ақыны туралы ақпарат
Шәкәрім КҰДАЙБЕРДІҰЛЫ (1858—1931) жайлы ақпарат
Шәкәрім Құдайбердіұлының тәрбие жайлы ойлары
Абай көтерген адам болу, азамат болу идеясы
Ш. Құдайбердіұлының «Әділ-Мария» романындағы басты кейіпкерлер бейнесінің сомдалуы және оны орта мектепте оқыту
Шәкәрім поэтикасы
Пәндер